ПОӘК 042-18. 39 06/01-2013 10. 09. 2013 ж. №1 басылым



жүктеу 4.3 Mb.
Pdf просмотр
бет30/44
Дата30.04.2017
өлшемі4.3 Mb.
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   44

 

Бекіту сұрақтары 

1

 



Сендер қандай графикалық редакторларды білесіндер? 

2

 



Corel Draw не үшін қолданылады? 

3

 



Photoshop-тың қызметі қандай? 

4

 



Графикалық файлдардыц қандай кеңейтiлулері бар? 

5

 



Растрлық графиканың векторлықтан айырмашылығы неде? 

6

 



Word 2003-те қандай векторлық примитивтер бар? 

7

 



Іскерлік графикасы үшін қандай дестелер пайдаланылады? 

 

 

 

8-дәріс.  MS  Power  Point.  Негізгі  түсініктері.  Функционалды 

мүмкіндіктері. 

Жұмыс 

істеу 

технологиясы. 

Терезе 

құрылымы, 

презентация жасау әдістері 

  

Мақсаты:  MS  Power  Point  негізгі  түсініктері  мен  функционалды 



мүмкіндіктері,  оның  жұмыс  істеу  технологияс,  терезе  құрылымы, 

презентация жасау әдістерімен танысу. 

 

PowerPoint  -  презентацияны  дайындау  және  өткізудің  ең  жақсы 



бағдарламаларының  бірі.  Ол  Microsoft  Office  пакетінің  құрауышы  болып 

табылады  және  презентациялық  материалдарды  слайд  түрінде  жасау  және 

оларды  қағазға,  экранға,  мөлдір  пленкаға  (кейін  кодоскопта  пайдалану  үшін) 

немесе 35-миллиметрлік пленкаға шығаруға арналған. 

PowerPoint  презентацияны  жоспарлауға,  жасауға  және  көрсетуге 

мүмкіндік  береді.  Пайдаланушыға  үлгілердің  түрлендірілетін  жиынтығы, 



 

ПОӘК 042-18.39.1.06/01-2013 

10.09.2013 ж.  № 1 басылым  

410 беттің 265 

 

 

265 



слайдтар  редакторы,  схема  құру  құралы  ұсынылады,  Ехсеl,  Lotus  1-2-3  және 

АSСІІ  файлдарынан  импорттаумен  қоса,  көптеген  импорт/экспорт  пішімдері 

қолдау табады. Мәтінмен жұмыс істеу, графиктер құру, презентация схемасын 

жобалау міндеттері және тіркемеге алу механизмі қарастырылған. 

Slide  Master  бағыныңқы  жүйесінің  көмегімен  презентацияның  жалпы 

көрінісін  және  пішімін  басқаруға  болады.  Сұрыптаушы  слайдтардың  тізбегін 

беруге  және  олардың  өте  кішкентай  кескіндерін  қарауға,  сондай-ақ  бір 

презентациядан  басқасына  көшірме  жасауға  мүмкіңдік  береді.  Программа  84 

стильдерінің  бірін  таңдауды  және  екі-үш  өлшемді  графиктерді  тұрғызуды 

қамтамасыз етеді. PowerPoint-қа дыбысты сүйемелдеу (МСІ) және бейне (АVІ) 

кірістірілген  (ОLЕ  2.0  арқылы).  Бұл  өнім  барлық  объектілерді  тамаша 

басқаруды,  яғни  өлшемдерді  өзгертуді,  жоғары  дәлдікпен  айналдыруды, 

жылжытуды және т.б. қамтамасыз етеді. Оның нұскасында Microsoft-тың басқа 

қосымшаларымен  ықпалдастыру  жақсартылған,  сондай-ақ  Visual  Basic  for 

Application қолдауы іске асырылған. 

PowerPoint  презентацияның  барлық  құрауыштарын  экранға  шығаруға 

немесе  басуға,  сондай-ақ  презентацияларды  кейінірек  WEB-серверде  басып 

шығару үшін WEB-бет ретінде сақтауға мүмкіндік береді. 

Презентация  жасау  ыңғайлы  болуы  үшін,  PowerPoint-та  бірқатар 

шеберлер,  үлгілердің  арнайы  құралдары  (үлгілер,  дайындамалар)  бар,  оларда 

мәтінді  пішімдеудің,  түспен  безендірудің  әр  түрлі  элементтері,  графикалық, 

объектілері  мен  клиптер  кітапханасы  бар.  Іс  жүзінде,  презентация  жасағанда 

пайдаланушының лайықты үлгіні таңдап, өз қажетіне үйлестіруі жеткілікті. Бұл 

үлгілерді түсті, кеңістікті, безендірудің пайдалану принциптерін жетік игерген 

кәсіби суретші-дизайнерлер жасайды. 

Презентацияны  көрсету  слайдтарды  белгілі  реттілікте  көрсету  процесі 

болып  табылады  (слайдтардың  нөмірлері  өсуі  ретімен  болуы  шарт  емес),  бұл 

жағдайда  слайдтарды  ауыстыру  қолмен  немесе  автоматты  түрде  жүргізіледі. 

Пайдаланушы  үрдісті  презентацияны  басқару  панелі  немесе  слайдтар 

навигаторының  көмегімен  басқарады.  Сондай-ақ,  ол  гиперсілтемелер 

слайдтарындағы  тапсырмалар  мен  басқарушы  батырмалардың  көмегімен 

интерактивті  презентация  жасай  алады.  Егер  аудитория  өте  үлкен  немесе 

тыңдаушылар  баяндамашыдан  алыс  отырса,  онда  презентацияны,  бейне  мен 

дыбыс  сүйемелдеуімен  қоса,  Интернет  бойынша  компьютерге  қосылған 

проекторды  пайдалану  арқылы  (қосу  үшін  проекторлар  мастері  қолданылады) 

көрсетуге  болады.  Microsoft  Outlook  немесе  басқа  пошталық  программаның 

көмегімен көрсетуді белгілі уақытқа қоюға болады. 

Жазу  кітапшасы  сияқты құралды  қолданса, онда презентацияны  көрсету 

барысында хаттама жүргізуге, жазбалар жазуға немесе презентацияға арналған 

мәселелерді  Outlook  мәселелерінің  тізіміне  қосуға  болады.  Слайдтарға  түсінік 

беретін  жазбаларды  және  жазу  кітапшасының  мазмұнын  басып  шығару 

мүмкіндігі  бар,  бұл  презентация  өткізу  кезінде  тыңдаушылардың  ілеспелі 

материалды зерттеуіне көмектеседі. 


 

ПОӘК 042-18.39.1.06/01-2013 

10.09.2013 ж.  № 1 басылым  

410 беттің 266 

 

 

266 



Яғни,  PowerPoint  презентацияныңWord  құжатына  айналуын  қамтамасыз 

етеді.  Бұл  өз  кезегінде  толық  және  әдемі  есеп  берулер  болып  табылады.  Ал 

керісінше,  Word  құжаттарынан  презентация  жасауға  мүмкіндік  береді.  Слайд 

жасау  үшін  Harvare  Graphics  немесе  Lotus  Freelance  сияқты  кұралдармен 

дайындалған материалдарды қолдану мүмкіндігі бар. 

PowerPoint  желідегі  жеке  компьютерлер  үшін  презентация  өткізуге, 

жиналысқа қатысушыларды оның өткізілетін жеріне бару қажеттігінен босатуға 

мүмкіндік  береді.  Бұл  мүмкіндік  редакцияланып  (дайындалып)  жатқан 

презентацияны  жылдам  қарап  шығуға,  ал  оны  көрсету  кезінде  тіркелген 

қатысушылар  слайдтарда  қаламсаппен  жазуына,  сурет  салуына  болады  және 

бұл  әрекеттер  қалғандарының  бәріне  көрінеді  (бірлескен  жұмыс  тәртібі 

қосылған жағдайда). 

Microsoft  Office-дегі  Microsoft  NetМееtіng  қосымшаның  бірлесуі 

деректерді  бірлесіп  пайдалануға  және  нақты  уақытта  әр  түрлі  қалалардағы 

адамдардың бір бөлмеде отырғандай бір-бірімен алмасуына мүмкіндік береді. 

Желі бойынша жиналысты Office-нің кез келген қосымшасынан бастауға 

болады.  Оны  Microsoft  Outlook  көмегімен  алдын  ала  жоспарлауға  немесе 

бірлесіп  пайдаланылатын  PowerPoint    презентациясынан  әр  уақытта  ашуға 

болады. 

Жиналысқа  шақырылған  пайдаланушы  желі  бойынша  өту  күні  мен 

уақыты  көрсетілген  және  жиналысқа  қатысуға  ұсыныс  жасалған  хабарды 

алады.  Егер  пайдаланушы  шақыруды  қабылдаса,  оның  компьютерінің 

экранында  Собрание  по  сети  инструменттермен  бірлесіп  пайдаланылатын 

презентация пайда болады. 

PowerPoint  менюі  Microsoft  Office-нің  басқа  қосымшаларындағы 

менюлерге  ұқсас.  PowerPoint  батырмаларының  көбі  кескІні  мен  кызметі 

бойынша Microsoft Office-нің басқа косымшаларының сондай батырмаларымен 

сәйкес келетін әр түрлі инструменттер панельдерін ұсынады. 

PowerPoint менюі: 

1

 



Файл.  Microsoft  Office  стандартты  менюі  (пошталық  хабар  жіберу,  оған 

презентациялар  орналастыру,  презентацияны  Word-қа  командаларын  коса 

жіберу); 

2

 



Түзету.  Командалар:  операция  нәтижесін  орындатпау  қиып  алу,  көшіру, 

кірістіру, табу, ауыстыру, басқа файлдармен байланыс жасау және объектіні 

редакциялау. 

3

 



Түр. Презентация түрін тандау, инструменттер панельдерін, сызғыштар мен 

бағыттауыштарды  басқару,  сондай-ақ  слайд  үлгілерін,  тақырыптарды, 

шығарып берулер мен жазбаларды қарау, бейнелеу масштабын өзгерту және 

т.б. командалары; 

4

 

Кірістірме.  Презентацияға  әр  түрлі  объектілерді  кірістіру  командалары 



(күнді, уақытты,  диаграмманы, кестені, дыбысты, фильмді және т.б.); 

5

 



Пішім. Қаріпті, туралауды, мәтін интервалдарын немесе слайд объектілерін, 

тізім маркерінің түрін, фонды, түс схемаларын, безендіру улгілерін және т.б. 



 

ПОӘК 042-18.39.1.06/01-2013 

10.09.2013 ж.  № 1 басылым  

410 беттің 267 

 

 

267 



өзгерту командалары; 

6

 



Сервис. Microsoft Office әдеттегі инструменттері, сондай-ақ PowerPoint-тың 

ерекше командалары (жазу кітапшасымен жұмыс істеу); 

7

 

Слайдтарды  көрсету.  Презентациядағы  объектілермен,  слайдтармен  түрлі 



әрекеттер  жасау  командалары  (анимацияны  баптау,  құрамдас  анимацияны 

қолдану, 

слайдтарды 

алмастыру 

әсерлері, 

проекторлар 

шеберін 

пайдаланумен бірге презентацияны баптау);  

8

 

Терезе  және  анықтама.  Microsoft  Office  қосымшасының  стандартты 



командалары. 

PowerPoint-ті  жүктегеннен  кейін,  презентация  жасау  әдісін  таңдауға 

арналған  диалог  терезесі  пайда  болады  (жаңадан  үйренуші  Мастер 

автосодержанияны  пайдаланғаны  жөн,  тәжірибелі  пайдаланушы  бос 

презентацияға шығуына болады). 



Мастер  автосодержания  (автомазмұн  шебері)  пайдаланушының  жаңа 

презентацияны  кезең-кезеңімен  жасауын  қамтамасыз  етеді.  Оның  көмегімен 

жасалынатын  презентацияның  түрін  (стратегия,  бизнес-жоспар,  өнімдер  сату 

немесе  қызмет  көрсетулерді  сату  жоспары,  оқыту,  есеп  берулер  құрастыру, 

нашар  жаңалықтар  туралы  хабар,  жалпы  баяндама  және  т.б.);  шығару  әдісін 

(экранға, 35-миллиметрлік пленкаға, мөлдір қағазға, түрлі-түсті немесе ақ-қара 

кескін); презентация параметрлерін таңдауға болады. 

Мастер  автосодержания  диалог  терезесінен  іске  қосылады,  сондай-ақ 



Файл-Создать-Презентации  командасының  көмегімен  презентация  түрін 

таңдау диалогтық терезеге кіріп, аталған презентация үлгілерінің бірін тандауға 

болады. 

Презентация  үлгісі  дегеніміз  —  белгілі  жағдайларда  пайдалануға 

арналған слайдтар (мысалы, өнімдер сату мен қызмет көрсетулерді сату, оқыту 

және  т.б.)  жиынтығы,  түс  схемалары  және  слайд  мәтіндерінің  схемалары.  Іс 

жүзінде презентация шаблоны  Мастер автосодержания-мен  жұмыс істегенде 

де  колданылады,  оны  тандау  тиісті  диалог  терезесінде  іске  асырылады 

(үсынылған  тізімнен  немссе  тікелей  көрсетумен  .роі  қажетті  файл  кеңейтілуі 

бар),  яғни  шебер  мен  үлгі  презентация  құруды  автоматтандыру  қызметін 

атқарады, бірақ жұмысты әр түрлі кезеңдерде бастайды. 

Пайдаланушы көрсеткен параметрлер бойынша Мастер автосодержания 

бастапқы  презентацияның  белгіленген  слайдтары  бар  схемасын  құрады. 

Пайдаланушы  бұл  слайдтардың  мазмұнын  өз  қажеттіліктеріне  қарай  өзгертуі 

керек.  Тышқан  шертуден  (мәтін  енгізу  аймағы)  немесе  екі  рет  шертуден 

(графикалық  объект  аймағы)  тиісті  редакциялау  үшін  белгі-толтырулар 

ашылады да, пайдаланушы оларға өзінің мәтінін енгізеді немесе өзіне кажетті 

объектіні кірістіреді. 



Бос  презентация  —  презентацияны  «нөлден»  құрады  және  кәсіби 

пайдаланушының жұмыс істеуіне арналған. 

Презентацияны түрлі тәртіптерде қарап шығуға болады: 

 



әдеттегі  (жалпы  құрылым-жоспарды,  презентация  сценарийін, 

 

ПОӘК 042-18.39.1.06/01-2013 

10.09.2013 ж.  № 1 басылым  

410 беттің 268 

 

 

268 



ағымдағы слайд пен оған арналған жазбаны көрсету); 

 



құрылымның  (жалпы  құрылымды,  слайдтың  кішірейтілген  кескінін  — 

миниатюраны және оған арналған жазбаларды көрсету, бұл слайдтың мәтіндік 

бөлігін жылдам өзгертуге мүмкұндік береді); 

 



слайдтарды  сұрыптау  (слайдтардың  бүкіл  реттілігін  (тізбегін)  және 

презентациядағы олардың орналасу тәртібін өзгертуді қарап шығу); 

 

слайд (ағымдағы слайдтарды қарау немесе өзгерту); 



 

жазба  беттері  (әр  слайдқа  арналған  жазба  бетін  толтыру  немесе  қарау 



үшін). 

Бір  тәртіптен  басқаға  өту  Вид  менюі  командаларының  немесе  бірқатар 

батырмалардың  (презентация  терезесінің  сол  жағында  төменде)  көмегімен 

жүзеге  асырылады.  Бұдан  басқа  PowerPoint  бір  терезеде  презентацияның  әр 

түрлі көрсетілімдерін (слайдтары, құрылымын, жазба беттерін) біріктіре алады. 

Бұл  презентация  жасағанда  слайд  қосу,  мәтінді  редакциялау  және  ескертулер 

енгізу  операцияларын  орындауды,  сондай-ақ  оны  редакциялағанда  құжат 

бойынша жылжытуды жеңілдетеді. 

Презентациялардың  басым  көпшілігі  түспен  көрсетуге  арналған,  бірақ 

таратып  беретін  материалды,  әдетте,  қара-ақ  тәртіпте  басады,  өйткені  экранда 

тамаша  көрінетін  көлеңкелі  құюларды,  боялған  объектілер  мен  фондарды 

пайдалану басылымды оқуға ыңғайсыз етеді. 

Слайдтарды  басылып  шығарылатын  түрінде  бейнелеу  үшін  (сұр  түстің 

градацияларын 

қолданумен), 

слайдтар 

тәртібінде 

Вид-Черно-белый 

командасын  орындау  немесе  оны  контекстік  менюден  таңдап,  безендірудің 

қажетті нұсқасын орнату керек. Мысалы, егер Авто таңдалса, фон жасырылады 

да, слайдта тек мәтін мен графика көрсетіледі. Егер Черный с белой заливкой 

таңдалса,  сұрдың  барлық  реңктері  объектілердің  құюларымен  қоса 

жасырылады да, ақ-қара түсте бәрі басылып шығарылады. 

Ақ-қара  тәртібінде  жұмыс  істеу  кезінде  енгізілетін  өзгерістер  экрандағы 

презентация  түстеріне  әсер  етпейді.  Сондықтан  ең  тиімді нұсқа  —  түрлі  түсті 

презентация жасап, тарататын материалдарды ақ-қара принтерде басып шығару 

керек. 


Презентацияның  кез  келген  құрауышын  басып  шығару  үшін  оны  ашып, 

Файл-Печать  командасын  беріп,  басылатын  объектіні:  слайдтарды,  шығарып 

беретіндерді, жазбалар беттерін нсмесе құрылымды көрсету керек. Содан кейін 

басылуға тиісті слайдтар тобы және басылатын көшірмелер саны белгіленеді. 



 

Бекіту сұрақтары: 

1

 



PowerPoint -тың қызметі қандай? 

2

 



PowerPoint -тың негізгі мүмкіндіктері қандай? 

3

 



Презентацияны көрсету дегеніміз не? 

4

 



PowerPoint -тың менюі неден тұрады? 

 

 



 

ПОӘК 042-18.39.1.06/01-2013 

10.09.2013 ж.  № 1 басылым  

410 беттің 269 

 

 

269 



 

 

9-дәріс. 

Компьютерлік 

желі 

және 

телекоммуникация. 

Телекоммуникация түсінігі 

 

Мақсаты:  Компьютерлік  желі  түрлерімен  танысу  және  олардың 

айырмашылықтарын білу. 

Компьютерлердің немесе басқа құрылымдардың біріктірілген тобын желі 

деп  атайды.  Компьютерлерлік  желілердің  негізгі  қызметі  ресурстарды  ортақ 

пайдалану,  бір  және  немесе  бірнеше  өнеркәсіп  ішінде  және  сырттай  өзара 

интерактивті байланыс орнату. Ресурстар дегеніміз - берілгендер, қосымшалар, 

дискіжетек,  принтер,  манипулятор  тетігі,  модем  сияқты  сыртқы  құрылғылар. 

Интерактивті байланыс түсінігі нақты уақыт аралығында хабарламалар алмасу 

процесін білдіреді. 

 

Компьютерлік желілер түрлері 

Локальды және территорияға бөлшектенген желілер. 

Локальды  желі  (LAN)  бір  ғимараттың  ішінде  орналасқан  дербес 

компьютерлер 

мен 

принтерлерді 



байланыстырады 

(ғимараттардың 

комплексінің). Территорияға бөлшектенген желілер (WAN) алыста орналасқан 

бірнеше локальды желіні біріктіреді. 



Локальды желілер 

Локальды  желілер  (ЛЖ)  желілердің  ішіндегі  ең  қарапайымы  дербес 

компьютерлердің  тобын  қуаты  жоғары  желілік  сервер  деп  аталатын 

компьютермен  қосады  (1-сурет).  Локальды  желідегі  барлық  дербес 

компьютерлер  желілік  серверде  сақталған  арнайы  қосымшаларды  қолдамуы 

және  ортақ  кұрылғыларды  принтерлерді,  факстерді  пайдалануы  мүмкін. 

Локальды  желідегі  әрбір  дербес  компьютер  жұмыс  станциясы  немесе  желілік 

түйін деп аталады. 

 

1-сурет. Клиент-серверлік үлгі 



Локальды  желілер  жеке  қолданушыларға  өзара  жеңіл  және  жылдам 

карым-қатынас жасауға мүмкіндік береді. Локальды желінің кейбір қызметтері: 

 



 



кұжаттармен ортақ жұмыс жасау; 

 



құжат  алмасу  процесін  жеңілдету  арқасында  қолданушы  өз  жұмыс 

орнында  отырып  құжаттарды  көріп  шығуға,  дұрыстауға,  түсініктеме  беруге 



 

ПОӘК 042-18.39.1.06/01-2013 

10.09.2013 ж.  № 1 басылым  

410 беттің 270 

 

 

270 



мүмкіндік алады; 

 



сервердегі өз  жұмысын сақтау және архвтеу; 

 



сервердегі қосымшаларға жеңіл кіру

 



принтерлер,  СD-ROM 

дискіжетектері,  қатты  дискілер 

және 

косымшалар  (мысалы,  мәтіндік  редакторларды,  мәліметтер  корының 



программалық жабдықталуын) сияқты жоғары бағаланатын ресурстарды ортақ 

пайдалану жеңілденеді. 

 

Аймақтық бөлшектенген желілер 

Аймақтық 

бөлшектенген 

желілер 


локальды 

желілер 


сияқты 

артықшылықтар бере отырып үлкен территорияны қамтиды. Көбінесе ол үшін 

жалпылай  қызмет  көрсететін,  модем  істемесе  жоғары  жылдамдығы  цифрлық 

желі  арқылы  коммутацияланған  телефон  желісі  қолданылады  (PSTN,Publik 

Switched  Telephon  Network)  және  комплексті  түрде  қызмет  көрсетеді  (ISDN, 

Intergated  Services  Digigtal  Network).  ISDN  көбінесе  бейне  немесе  дыбыс 

түріндегі үлкен файлдарды тасымалдау қызметін атқарады (2-сурет). 

 

 



 

 

 



 

 

 



2 сурет 

Негізгі локальды желілерге модем немесе жоғары жылдамдықты цифрлік 

желі  арқылы  коммутацияланған  телефон  желісі  арқылы  жасалған  аймактық 

бөлшектенген  желілердің  фукционалдылығын  қосу  арқылы  сыртқы 

коммутациялардың артықшылығын пайдалануға болады, оның ішінде: 

 



хабарламаларды электрондық пошта арқылы қабылдау және жіберу (е- 

mаil); 


 

Іnternet-ке кіру. 



Іnternet 

көпшілікке 

кіру 

мүмкіндігін 



жасайтын 

бүкіл 


әлем 

қолданушыларын  деректер,  дыбыс  және  бейне  қоймаларымен  қосатын 

ауқымды  желі.  Іnternet-тің  негізгі  функциялары  электрондық  пошта  және 

зерттеулер  мен  қызығушылық  орталары  ортақ  топтар  арасында  ақпарат 

алмасуды  қамтамасыз  ету  болып  табылады.  Қазіргі  кезде  Іnternet    қашықтан 

окыту  жүйелері  және  алыстан  емдеу,  диагностика  сияқты  дамушы  дыбыстық 

және бейне қосымшаларын қолдайды. 

Телекоммуникациялық 

есептеуіш 

желілер 

түсінігі. 

Үлкен 


қашықтықты  және  пайдаланушыларды  молынан  қамтитын  есептеуіш  желілер 

телекоммуникациялық есептеуіш желілері деп аталады. Телекоммуникациялық 

желілер 

— 

ақпарат 



алмасу 

және 


оны 

 

ПОӘК 042-18.39.1.06/01-2013 

10.09.2013 ж.  № 1 басылым  

410 беттің 271 

 

 

271 



өндеуді  бөлісу  желісі,  ол  өзара  байланысқан  жергілікті  желілерден  кұралады 

(абоненттік  жүйелер).  Мұндай  масштабтағы  желілер  аппараттық,  ақпараттық, 

программалық сияқты қоғамдық ресурстарды ұжымдаса пайдалану мақсатында 

құрылады. Телекоммуникациялық желіні пайдаланушыларының, өздерінің кай 

жерде

 

орналасқанына  қарамастан  ақпаратты  жедел  түрде  кез  келген 



қашықтыққа  жіберуге,  сонымен  қатар  желіден  қажет  мәліметті  дер  кезінде 

алуға мүмкіндігі бар. 

Телекоммуникациялық желілердің аппараттық қамтамасыз етілуі әр түрлі 

типтегі  компьютер,  байланыс  құрылғылары,  абоненттік  жүйе,  байланыс 

тораптары,  бірдей  немесе  әр  түрлі  деңгейдегі  желілер  жұмысын  үйлестіруге 

арналған адаптерлік құрылғылардан тұрады. Телекоммуникациялық  желілерде 

ақпаратты  жіберу  телефондық,  телеграфтық,  телевизиялық  және  спутниктік 

жүйе  байланыстары  арқылы  жүзеге  асырылады.  Ақпарат  алмасу  барысында 

деректерді аналогтық және цифрлық кодтау қодданылады. 

Телекоммуникациялық желілердің ақпараттық қамтамасыз етілуі — желі 

шешетін  мәселеге  бағытталған  біртұтас  ақпараттық  қор  болып  табылады.  Бұл 

қор  барлық  тұтынушылардың  (абоненттер)  ортақ  пайдалануына  және  жеке 

абоненттерге 

арналған 

деректер 

жиыны. 


Онда 

білім 


базасы, 

автоматтандырылған  деректер  базасы  (жергілікті  және  тарқатылған,  қоғамдық 

және дербес пайдалануға арналған) қамтылған. 

 

Бекіту сұрақтары 

1

 

Компьютерлік желі дегеніміз не? 



2

 

Компьютерлік желінің қандай түрлері бар? 



3

 

Локальді және аймақтық бөлшектенген желілер дегеніміз не? Олардың 



айырмашылықтары неде? 

4

 



Телекоммуникациялық есептеуіш желілер дегеніміз не? 

 

 



10-дәріс.  Жергілікті  желі  және  ауқымды  желі:  принциптері, 

архитектурасы, негізгі компоненттері, олардың міндеттері 

 

МақсатыЖергілікті желі және ауқымды желі: принциптері, 

архитектурасы, негізгі компоненттері, олардың міндеттерімен танысу. 


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> ПОӘК 042-18. 39 119/01-2013 10. 09. 2013 ж. №1 басылым 107 беттің 1
umkd -> Математиканы оқыту теориясы 5B010900-Математика мамандығына арналған студенттерге арналған пәннің ОҚу бағдарламасы
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі семей қаласының ШӘКӘрім атындағы мемлекеттік
umkd -> 3 деңгейлі смж құжаты поәК Е поәК 042-14-4-05. 20. 24/03- 2009 ж. ПoәК ««Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар»
umkd -> Оқу-әдістемелік материалдар «Математиканы оқыту теориясы және әдістемесі»
umkd -> Бағдарламасы «Дискретті математикалық логика»
umkd -> ПОӘК 042-18. 39 113/01-2013 10. 09. 2013 ж. №1 басылым 107 беттің 1
umkd -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі семей қаласының ШӘКӘрім атындағы
umkd -> «тіршілік қауіпсіздігінің негіздері» ПӘнінің

жүктеу 4.3 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   44




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет