ПОӘК 042-18. 39 06/01-2013 10. 09. 2013 ж. №1 басылым



жүктеу 4.3 Mb.
Pdf просмотр
бет23/44
Дата30.04.2017
өлшемі4.3 Mb.
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   44

10.09.2013 ж.  № 1 басылым  

410 беттің 203 

 

 

203 



Қашықтан  оқытудың  білім  саласындағы  мақсаты:  Білім  берудің 

біртұтас  ақпараттың  жүйесін  құру  арқылы  оқушылар  мен 

студенттердің білім деңгейін көтеру.  

 

Қашықтан оқытудың білім саласындағы міндеттері: 

 

бір-бірімен  тығыз  байланысты  бола  отырып.  мемлекеттік  (республикалық) 



деңгейіндегі қашықтықтан оқытудың құрамына енуі;  

 



құру кезінде мемлекеттің стандарт талаптарын сақтау;  

Қашықтықтан  оқытудың  жергілікті  жүйесі  белгілі  бір  білім  және  жекелеген 

қала  (университет)  шеңберінде  жұмыс  атқарады,  оның  құрамына  тек  жоғары 

оқу  орындары  ғана  емес,  мектептер,  гимназиялар  мен  колледждер  де  кіреді. 



Осындай  жүйенің  аясында  жұмыс  жасаудың  алғашқы  сатысында 

зиялылық  потенциялын,  компьютерлік 

техниканы  ұтымды  пайдалана 

отырьш

,  үздіксіз  білім  беру  принциптерін  ойдағыдай  іске  асыру  қажет. 

Осыған  орай,  мектептер  мен  жоғары  оқу  орындары  жергілікті  және 

аймактық  желіні  пайдаланып,  шығармашылық  жұмыстарын  таратып, 

оқыту үрдісінде әдістеме бойынша тәжірибе алмасуы қажет.  

 

Үлгі №3   

Оқытудың  ауқымды  және  жергілікті  жүйелерін  ойдағыдай  пайдалана 

білудің нәтижесінде білімнің базалық және деректердің банкілік мәліметтеріне, 

клиент  -  сервер,  мультимедиа,  компьютерді  оқып-үйренуші  жүйелерге, 

электрондык оқулыктарға, оку-әдістемелік материалдарға, қашықтықтан оқыту 

жүйесінің  технологиясымен  үйлесімді  болып  келетін,  алдағы  уақытта  оқыту 

тәсілдерінің ішінде кең тараған бес аспап әрі өміршең түрлері бола алатындай 

жайлы окулыктарға, бағдарламаларға еркін кіруге болады. 

Осындай  сан  қырлы,  әрі  күрделі  мәселелерді  жүзеге  асыруда 

оқытушының  атқарар  рөлі  орасан.  Оған  әрі  ауыр,  әрі  жауапты  міндет  жүгі 

жүктеледі:  ол  курстың  бағдарламасының  құрылымын  дайындап,  оны 

қашықтықтан  білім  беру  жүйесімен  астастырып  бейімдейді,  оқу  үрдісінің 

барысын  қадағалап,  тапсырмаларды  орындау  барысында,  өз  бетімен  бақылау-

пысықтау  жұмыстарын  орындау  жөнінде  ұсыныстар  береді.  Бұл  ретте 

қашықтықтан  оқыту    жүйесінің  әдістерінде  көрсетілгеніндей,  көңіл-күй, 

психологиялық  қарым-қатынас  бой  көрсетеді.  Қашықтықтан  оқыту  тәсілі 

бойынша  жұмыс  істейтін  оқытушы  оқытудың  жаңа  технологиясын,  оқытудың 

компьютерлі  және  тораптық  жүйелерін  жетік  біліп,  олармен      іс  жүргізу    ісін 

орындау шарт. 



Шрифт параметрлері: 

Шрифт түрі-Times New Roman 

Шрифт өлшемі-16, қарайтылған, курсив 

Шрифт түсі- қызыл 

 

 

ПОӘК 042-18.39.1.06/01-2013 

10.09.2013 ж.  № 1 басылым  

410 беттің 204 

 

 

204 



3-тапсырма 

Даңкымыз шықты ғой.  

Қазағым мықты ғой!  

Ерліктің дастаны,  

Ежелден ер деген,  

Алтын дән даласы,  

Намысын бермеген,  

Алтын күн аспаны, 

Еліме қарашы!  

Қайырмасы:  

Туған жерім менің – Қазақстаным!  

Гүлің болып егілемін,  

Менің елім, менің елім

Жырың болып төгілемін, елім!  

 

Біздің ел бақытты,  

Тәуелсіз елім бар.  

Кең байтақ жерім бар.  

Бірлігі жарасқан,  

Мәңгілік досындай.  

Ұрпаққа жол ашқан,  

Қарсы алған уақытты,  

Біздің ел осындай!  

 

 

Ұсынылатын әдебиеттер:  

 

1

 



Информатика: Базовый курс Учебник/ под ред. Н.В. Макаровой. – СПб, 

Питер, 2001 г. 

2

 

Информатика: Практикум по технологии работы на компьютере. 3-е изд./ 



под ред.  Н.В. Макаровой. – М.: Финансы и статистика, 2002 

3

 



Балапанов Е.К., Бөрібаев Б.Б., Дәулеткулов А. 30 сабақ информатикадан. 

Алматы: Жағамбек, 1999  

4

 

Основы  работы  с  компьютером.  руководство  пользователя.  корпорация 



Microsoft, 2004 

5

 



Основы  работы  с  Microsoft  Office  и  Internet.  руководство  пользователя. 

корпорация Microsoft, 2004 

6

 

Практикум по курсу «Информатика» В. Т. Безручко. М. 2002, «Финансы 



и статистика» 

7

 



Лабораторный  практикум  по  информатике.  Под  ред.  Острейковского  В. 

А., М., ВШ, 2003  



 

 

 

ПОӘК 042-18.39.1.06/01-2013 

10.09.2013 ж.  № 1 басылым  

410 беттің 205 

 

 

205 



Студенттің оқытушымен бірге орындайтын өздік жұмысы №10 

 

Тақырыбы: Абзацтармен жұмыс. Бағаналар, колонтитулдармен жұмыс 

 

Мақсаты:  Парақ  шетіндегі  өрістер  мен  абзацтарды  форматтау,  қатар 

арасындағы  интервал,  абзац  аралығы,  кестелеу  позицияларының 

орналасуы,  сол  жақ  және  оң  жақ  шегіністі  сызғыштың  көмегімен 

қондыру,  жолдың  сол  жақ  шетіне  ұмтыла  орналасқан  мәтіндерді 

жазуды, мәтінді бағаналарға бөлуді, колонтитулдар қоюды үйрену 

 

Тапсырмалар:   



1-тапсырма 

Жаңа  құжат  құрыңыз.  Өз  есіміңізбен  сақтаңыз.  Таратпа  материалда 

көрсетілген  мәтінді  теріңіз  және  сол  үлгіге  абзацты  форматтаудың  әртүрлі 

параметрлерін  пайдаланып,  болған  өзгерістерді  СОӨЖ  дәптеріңізге  жазыңыз. 

Құжатты қайта сақтаңыз. Файлды жабыңыз.  

2-тапсырма 

Жаңа  құжат  құрыңыз.  «Форматтау»  деген  атпен  сақтаңыз.  Таратпа 

материалда  көрсетілген  мәтінді  теріңіз.  Көрсетілген  абзац  парамерлерін 

тағайындаңыз.  сақтаңыз.  Терілген  мәтінді  екі  бағанға  бөліңіз.  Төменгі 

колонтитулды құрыңыз. Колонтитулда уақыт пен парақ номері көрсетілсің 

 

Сұрақтар:  

1

 

Word мәтіндік редакторында абзацқа анықтама беріңіз 



2

 

Мәтінді бағанға бөлу жолын айтыңыз 



3

 

Шегініс, ұмтылыс терминдерінің мағынасын түсіндіріңіз 



4

 

Абзацты сызғыштың көмегімен форматтаудың тәсілдерін атыңыз 



5

 

Колонтитул терминіне анықтама беріңіз 



 

Тапсыру  формасы:  Тапсырманы әдістемелік  нұсқаға сүйене отырып,  таратпа 

материалда ұсынылған өз нұсқаңызды таңдап орындаңыз. 

Орындалған  жұмысты  баспадан  шығарып,  оқытушыға 

өткізіңіз.  Орындалу  жолын  СОӨЖ  дәптеріңізге  жазып, 

оқытушыға  түсіндіріңіз.  Сұрақтарға  жауапты  СОӨЖ 

дәптеріңізге жазыңыз. Ауызша қорғау.  



 

Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқаулар: 

 

Тапсырманы  Зертханалық  жұмыс  №12-де  көрсетілген  әдістемелік 



нұсқауға сүйене отырып орындаңыз 

 

Таратпа материалдар:  

1-тапсырма 

 

ПОӘК 042-18.39.1.06/01-2013 

10.09.2013 ж.  № 1 басылым  

410 беттің 206 

 

 

206 



Бүгінде,  информация  өңдеу  мен  халықаралық  деңгейде  еңбек  түрлерін 

бөлу  әлемдік  әкономиканың  ең  негізгі  ерекшеліктері  болып  отырған  кезде, 

білім алу кез келген маманның жеке және кәсіби табысының негізгі көзі болып 

қала береді. Білімнің адамнын жұмысқа түру мен өмір сүру деңгейіне тигізетін 

әсері  бұрынғыға  қарағанда  анағұрлым  күшейе  бастады.  Әрине,  білімге 

қойылатын  талаптар  да  өзгеріске  ұшырады:  әрбір  жанның  негізгі  білімі  мен 

оның  тұрақты  жаңарып  отыруымен  қатар  қазіргі  маман  информациялық 

қорларды  табысты  пайдаланып,  заң  және  әкономика  негіздерін  де  игеруі  тиіс. 

Қазіргі  мамандардан  шығармашылық  тұрғыдан  ойлай  білуі,  соның  негізінде 

шешім қабылдауы және өмір бойы оқып үйренуі талап етіледі. 

Функциональдық  дайындау  тұжырымдамасынан  жеке  тұлғаны  дамыту 

тұжырымдамасына ауысу.  Бұл  ауысудың негізі  тек приоритеттер  ауысуы  ғана 

емес,  мұнда  мамандарды  мемлекетгік  тапсырыс  бойынша  дайындаудан  жеке 

тұлғаның  талаптарын  қанағаттандыруға  көшу  жүзеге  асырылады.  Жаңа 

түжырымдама әрбір нақты адамның өз мүмкіндіктерін есепке ала отырып, соны 

іс жүзінде көрсету мен жетілдіру арқылы білім беруді жекелеп жүргізудің сипат 

алғанын  көрсетеді.  Бұл  оқушылардың  және  мүғалімдердің  өздерінің  әртүрлі 

жеке  мүмкіндіктеріне  сәйкес  алуан  түрлі  білім  беру  бағдарламаларын  жасау  

арқылы іске асырылады. Білім беруді жетілдірудің осы бағытындағы маңызды 

фактор  болып  оқушылардың  қазіргі  және  болашакта  қолданылатын 

информациялық коммуникациялық технологияларды (ИКТ) пайдалану арқылы 

оқуға  деген  өз  ынтасын  (мүмкіндігін),  өздерінің  жеке  басының  когнитивті  іс-

әрекет жасауға икемділігін қалыптастыру ісі саналады. 

Бұдан  бұрынырақ  көркем  етіп  қолмен  жаза  білудің  өзі  қартайғанша  қам 

жемей  тыныш  өмір  сүруге  кепілдік  бере  алатын  еді.  Соңғы  онжылдықта  әр 

түрлі  қызмет  салаларында  технологиялар  мен  білім  түрлерінің  жаңаруының 

жылдам  үрдіс  ала  бастағаны  байқалды.  Мектептен,  тіпті  жоғары  оку  орнынан 

алған білімнің өзі ұзақ уақыт өмірге тірек бола алмайды. 

Үздіксіз  білім  беру  тұжырымдамасы,  оның  іс  жүзінде  пайдалануға 

ұмтылу қоғамдағы ересек адамдардың білім алу мәселесін қиындатып жіберді. 

Ересек  жандардың  білім  алуына  деген  көзқарас  және  оның  қазіргі  замандағы 

рөлі түбегейлі өзгеріске ұшырады. Ол қазіргі білім беру жүйесі кризисін аттап 

өтудің және жаңа заманға сәйкес білім жүйесін қалыптастырудың тікелей жолы 

ретінде қарастырылып отыр. 

Білімді  негізгі  қоғамдық  капиталға  айналдыру  және  білім  алуға 

байланысты  табыстың  өсуі  осы  тауарды  пайдаланатын  адамның,  жалпы 

қоғамның  және  накты  бір  мекеменің  пайда  табуына  байланысты  болып  отыр. 

Осыдан барып білім беру саласын аралас түрде қаржыландыруға, осы саладағы 

нарықтық  қатынастарды  дамытуға  негіз  болатын  мүмкіндіктер  пайда  бола 

бастайды. 



2-тапсырма 

Мектептегі информациялық  технологиялар  және  информация  курстарын 

бағдарламалау  тілдерінің  әлементтері  бар  компьютер  құралы  алғашқы  білім 


 

ПОӘК 042-18.39.1.06/01-2013 

10.09.2013 ж.  № 1 басылым  

410 беттің 207 

 

 

207 



түрлері  ретінде  қарастыру  -  кейіннен  зиян  тигізетін  өте  қарапайым  көзқарас 

Компьютерлік  ғылымдар  пәндерін  инженерлік  білім  негіздерсіз  (жоғары  оку 

орындарына  емес)  нашар  техникалық  жабдықталған  ортада  үстірт  оқып 

үйренуге талпыну - мектеп түлегінің көзі алдында ИКТ мүмкіндіктерінің рөлін 

төмен  түсіру  деген  сөз.  Балалардың  мұндайда  Компьютерге  байланысты  теріс 

көзқарасы  қалыптасып,  кейіннен  оларды  көптеген  қиындықтарға  душар  етуі 

мүмкін. 

Орта мектеп өмірге білікті программалаушылар беруі тиісті емес (оларды 

университеттер  дайындауы  керек),  оның  атқаратын  қызметі  де  ондай  емес. 

Балаларды оларға қызыкты, әрі өмірде керек болатын нәрселерге үйрету қажет. 

Оның үстіне дәл осы сәттегі мәселелер жалпы жеке адамның жан-жақты және 

гармониялық  түрде  дамуымен  қайшы  келмеуі  тиіс.  Менделеев  атап  өткендей 

"орта білімнің негізгі мақсаты оқушыларды жеке жетілдіру, олардың қоршаған 

ортаға  деген  дұрыс  көзқарасын  қалыптастыру  және  жеке  қасиеттерін 

(байқампаздық, ой таластыра білу, еңбек сүйгіштік, т.б.) дамыту". 

Абзац параметрлері: 

Туралау- ені бойынша 

Шегініс-Сол жақтан-0 см, бірінші жол- 1,27 см 

Интервал- жоларалық-1,2 

 

Ұсынылатын әдебиеттер:  

1

 



Информатика: Базовый курс Учебник/ под ред. Н.В. Макаровой. – СПб, 

Питер, 2001 г. 

2

 

Информатика: Практикум по технологии работы на компьютере. 3-е изд./ 



под ред.  Н.В. Макаровой. – М.: Финансы и статистика, 2002 

3

 



Балапанов Е.К., Бөрібаев Б.Б., Дәулеткулов А. 30 сабақ информатикадан. 

Алматы: Жағамбек, 1999  

4

 

Основы  работы  с  компьютером.  руководство  пользователя.  корпорация 



Microsoft, 2004 

5

 



Основы  работы  с  Microsoft  Office  и  Internet.  руководство  пользователя. 

корпорация Microsoft, 2004 

6

 

Практикум по курсу «Информатика» В. Т. Безручко. М. 2002, «Финансы 



и статистика» 

7

 



Лабораторный  практикум  по  информатике.  Под  ред.  Острейковского  В. 

А., М., ВШ, 2003  



 

 

ПОӘК 042-18.39.1.06/01-2013 

10.09.2013 ж.  № 1 басылым  

410 беттің 208 

 

 

208 



Студенттің оқытушымен бірге орындайтын өздік жұмысы №11 

 

Тақырыбы: Табуляциямен жұмыс  

 

Мақсаты:  Tab    пернесінің  мәтін  теру  барысындағы  қызметі,сол  сияқты 

табуляцияны  параллель  бағандар  жасау  мен  құжат  ішіндегі  мәтінді 

көлденеңінен тегістеу үшін (выравнивания) қолдануды меңгерту. 

 

Тапсырма:   

Таратпа  материалда  берілген  тапсырмаларды  әдістемелік  нұсқаулықты 

пайдаланып орында 



 

Сұрақтар:  

1

 



Tab пернесінің қызметі 

2

 



Табуляция позициялары не үшін қажет? 

3

 



Табуляция позицияларын қандай тәсілдермен орнатуға болады? Әр 

тәсілге тоқталып, айтып бер. 



 

Тапсыру  формасы:  Тапсырманы  орындап,  баспаға  шығарып  оқытушыға 

тексертіңіз,  орындалу  жолын  СОӨЖ  дәптеріне  жазыңыз.  Сұрақтарға  жауапты 

СОӨЖ дәптеріңізге жазыңыз. Ауызша қорғау 

 

Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқаулар: 

Табуляция  позициялары  құжаттың  ені  бойынша  1,25  см  үнсіз  келісіммен 

қойылған  маркерлер  болып  табылады.  Tab  пернесін  басу  курсорды 

табуляцияның  келесі  позициясына  жылжытады.  Табуляцияны  пайдаланудың 

көптеп  кездесетін  жері  абзацтың  бірінші  жолының  алға  жылжуы  (отступ 

первой строки). 

 

Табуляцияны  сол  сияқты  паралель  бағандар  жасау  мен  құжат  ішіндегі 



мәтінді  көлденеңінен  тегістеу  үшін  (выравнивания)  қолданады..  Табуляция 

позицияларының  орналасуын  сызғыштың  көмегімен  өзгертуге  болады  немесе 

Формат  менюінен  ашылатын  Табуляция  сұхбат  терезесінің  көмегімен  жүзеге 

асырады.  

 

1-мысал: 

 


 

ПОӘК 042-18.39.1.06/01-2013 

10.09.2013 ж.  № 1 басылым  

410 беттің 209 

 

 

209 



 Табуляцияның негізгі типтері: 

 



Сол  жағы  бойынша(Left  Tab).  Табуляцияның  бұл  типі  үнсіз  келісім 

бойынша берілген. Мәтін табуляция позициясының оң жағынан көрінеді.  

 

Ортасына  (Center  Tab).  Табуляцияның  бұл  типінде  мәтін  табуляция 



позициясына  қатысты  ортаға,  яғни  оң  жағына  да,  сол  жағына  да 

орналасады. 

 

Оң  жағы  бойынша  (Right  Tab).  Табуляцияның  бұл  типінде  мәтін 



табуляция позициясының сол жағынан көрінеді. 

 



Бөлгіш  бойынша  (Decimal  Tab).  Табуляцияның  бұл  типі  сандық 

жазбаларда қолданылады. Мәтін ондық нүкте бойынша тегістеледі. 

 

Сызықпен (Bar). Табуляцияның бұл типі сызық қою үшін қолданылады. 



 

Табуляция позициясын сызғыштың көмегімен орнату 

Сызғыштың  сол  жақ  шетінде  табуляция  типін  таңдау  батырмасы  орналасқан. 

Үнсіз  келісім  бойынша  сол  жағы  бойынша  (Left  Tab)  табуляция  орналасқан. 

Осы батырмаға шерту арқылы көрсетілген табуляция типтенірінің кезкелгенін 

таңдауға болады. 

Қажетті  табуляция  типін  таңдаған  соң  сызғыштың  табуляция  позициясын 

орнататын жерін шерту керек. Табуляция позициясының маркері пайда болады. 

Маркерді жылжыту үшін тышқанның көмегімен оған басып тұрып, тартамыз.  

Табуляцияны  орналастыру  курсор  тұрған  абзацқа  қатысты  ғана  орындалады. 

Егер  жаңа  құжатқа  мәтін  енгізбес  бұрын  табуляция  позицияларын 

орналастырып  алған  болсаңыз,  бұл  жағдайда  табуляторлардың  орналасуы 

барлық мәтін үшін бір келкі болады.  



Табуляция позициясын және толтырғыш типін Табуляция сұхбат 

терезесінің көмегімен орнату. 

Табуляция  позицияларын  Табуляция  сұхбат  терезесінің  көмегімен  орнатуға 

болады.  Формат-Табуляция  командасын  таңда  Табуляция  сұхбат  терезесі 

ашылады(Сурет-1):  Табуляция  позициясының  өрісінде  жаңа  табуляция 

позициясын  енгізу  керек.  Тегістеу  (выравнивания)  тобына  табуляцияның 

қажетті типін таңдау керек.  

Толтырғыш  (заполнитель)  табуляция  позициясының  сол  жағындағы  бос 

орынды толтыруға мүмкіндік береді.  

 

 


 

ПОӘК 042-18.39.1.06/01-2013 

10.09.2013 ж.  № 1 басылым  

410 беттің 210 

 

 

210 



 

Сурет-1. Табуляция сұхбат терезесі. 

Табуляция  позициясы,  типі  және  толтырғыш  орнатылған кезде  Орнату 

(Установить)  батырмасын  шерту  керек.  Тізімдегі  табуляция  позицияларының 

типін  өзгерту  үшін  Табуляция  сұхбат  терезесін  ашып,  тізімдегі  позицияны 

таңдап  алып,  табуляция  типін,  толтырғышын  өзгерткеннен  кейін 

Орнату(Установить) батырмасын шертеміз. 

 

Таратпа материалдар:  

1-тапсырма 

Төмендегі мәтінді тер. Мәтіннің өлшемі-14 пт 



 

Мазмұны 

Кіріспе............................................................................................................ 2 

Сабақ №1........................................................................................................ 23 

Сабақ №2....................................................................................................... 25 

Сабақ №3....................................................................................................... 45 

Сабақ №4........................................................................................................49 

Сабақ №5........................................................................................................50 

Сабақ №6........................................................................................................60 

Сабақ №7........................................................................................................78 

Сабақ №8........................................................................................................89 

 

2-тапсырма 

Сабақ кестесін табуляция позицияларын пайдаланып жаса: 

Күн, Сабақ, Уақыт, Апта, Оқытушы өрістері болсын. Осы өрістерге сәйкес 

табуляция позициялары төмендегідей: 



 

ПОӘК 042-18.39.1.06/01-2013 

10.09.2013 ж.  № 1 басылым  

410 беттің 211 

 

 

211 



Күн- 1 орнында, сол жаққа тураланған, 

Сабақ- 5 орнында, оң жаққа тураланған, 

Уақыт- 9 орнында, ортаға тураланған, 

Апта- 11 орнында, сол жаққа тураланған, 

Оқытушы- 13 орнында, сызықпен тураланған тураланған 

 

Ұсынылатын әдебиеттер:  



 

1

 



Информатика: Базовый курс Учебник/ под ред. Н.В. Макаровой. – СПб, 

Питер, 2001 г. 

2

 

Информатика: Практикум по технологии работы на компьютере. 3-е изд./ 



под ред.  Н.В. Макаровой. – М.: Финансы и статистика, 2002 

3

 



Балапанов Е.К., Бөрібаев Б.Б., Дәулеткулов А. 30 сабақ информатикадан. 

Алматы: Жағамбек, 1999  

4

 

Основы  работы  с  компьютером.  руководство  пользователя.  корпорация 



Microsoft, 2004 

5

 



Основы  работы  с  Microsoft  Office  и  Internet.  руководство  пользователя. 

корпорация Microsoft, 2004 

6

 

Практикум по курсу «Информатика» В. Т. Безручко. М. 2002, «Финансы 



и статистика» 

7

 



Лабораторный  практикум  по  информатике.  Под  ред.  Острейковского  В. 

А., М., ВШ, 2003  



 

ПОӘК 042-18.39.1.06/01-2013 

10.09.2013 ж.  № 1 басылым  

410 беттің 212 

 

 

212 



Студенттің оқытушымен бірге орындайтын өздік жұмысы №12 

 

Тақырыбы: Тізімдермен жұмыс: маркерленген, номерленген, көпдеңгейлі.  

 

Мақсаты: Тізімдер құруды үйрену 

 

Тапсырмалар:   

 

1-тапсырма 

Жаңа құжат құрыңыз. Таратпа материалда көрсетілген маркерленген тізімді 

теріп, жазыңыз. «Список» деген атпен сақтаңыз. Мәтінге шрифт параметрлерін 

қалауыңыз бойынша тағайындаңыз. Құжатты сақтаңыз. Файлды жабыңыз.  



Каталог: ebook -> umkd
umkd -> ПОӘК 042-18. 39 119/01-2013 10. 09. 2013 ж. №1 басылым 107 беттің 1
umkd -> Математиканы оқыту теориясы 5B010900-Математика мамандығына арналған студенттерге арналған пәннің ОҚу бағдарламасы
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі семей қаласының ШӘКӘрім атындағы мемлекеттік
umkd -> 3 деңгейлі смж құжаты поәК Е поәК 042-14-4-05. 20. 24/03- 2009 ж. ПoәК ««Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар»
umkd -> Оқу-әдістемелік материалдар «Математиканы оқыту теориясы және әдістемесі»
umkd -> Бағдарламасы «Дискретті математикалық логика»
umkd -> ПОӘК 042-18. 39 113/01-2013 10. 09. 2013 ж. №1 басылым 107 беттің 1
umkd -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі семей қаласының ШӘКӘрім атындағы
umkd -> «тіршілік қауіпсіздігінің негіздері» ПӘнінің

жүктеу 4.3 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   44




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет