ПОӘК 042-18. 39 06/01-2013 10. 09. 2013 ж. №1 басылым


ПОӘК 042-18.39.1.06/01-2013



жүктеу 4.3 Mb.
Pdf просмотр
бет22/44
Дата30.04.2017
өлшемі4.3 Mb.
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   44

ПОӘК 042-18.39.1.06/01-2013 

10.09.2013 ж.  № 1 басылым  

410 беттің 195 

 

 

195 



жүйенiң  аппараттық  бөлiмiндегi  конфигурацияларда  қолданылатын  жұмыс 

үстелiнiң  баптау  параметрлерi  жөнiнде  деректердi  сақтайды.  Осылай 

пайдаланушылар  айқындылығын,  түci,  қағаз  пiшiмi,  екiжақты  баспаға  шығару 

мүмкiндiгi  сияқты  белгiлi  бiр  қасиеттерi  бойынша  принтерлердi  iздей  алады. 

Мысалы,  PowerPoint  программасында  дайындалған  көп  беттен  тұратын 

таныстыру  кiтапшасын  баспаға  шығару  қажет  болса,  активтi  каталог  желiге 

қосылған  жылдам  басатын  түрлi  түcтi  принтердi  iздеу  мүмкiндiгiн  бередi. 

Iздеудi  жылдамдату  үшiн  Active  Directoryде  әрбiр  объектiнiң  бiрқатар 

атрибуттары  кipeтiн  ауқымды  каталог  (Global  Catalog)  к.олданылады.  Желi 

әкiмi  (администратор)  ауқымды  каталогке  сақтау  үшiн  өз  атрибуттарын  бере 

алады.  Атрибуттардың  типтерi  iздеудi  жеделдету  мақсатында  индекстеледi. 

Ауқымды  каталогпен  қатынас  құру  мүмкiндiгi  шектеулi  кезде,  әкім  доменi 

тобына кiрмейтiн пайдаланушылар желiге тiркеле алмайды .  

Үлгі№2 

Қала,  облыс,  ел  iшiнде  орналасқан  желiлер  аймақтық  деп  аталады.  Егер 

олар  қайсы  бiр  ұйымға  немесе  ұйымдар  тобына  қарасты  болса,  онда 

корnоративтiк  деп  аталады.  Мысалы,  Қазақстан  Республикасының  ұлттық 

банкiнiң  желiсi  -  Banknet,  негiзгi  банктiң  компьютерлерiн  оның  барлық 

филиалдарының компьютерлерiмен (аудандық бөлiмшелерiн қоса) бiрiктiредi .  

Одан  үлкен  көлемдегi,  бүкiлелдерге,  құрлықтарға  тapaғaн  желiлер 

ауқымды деп аталады. Олар корпоративтiк те, жалпы да бола алады. Мысалы, 

Интернет  сияқты  олардың  кез  келген  пайдаланушыларға  қызмет  ету 

мүмкiндiктерi бар.  

Компьютерлердi  желiге  олардың  ресурстарын  бiрлесiп  пайдалану  үшiн 

және ақпаратпен алмасу үшiн бiрiктiредi.  



8-нұсқа 

Үлгі№1 

Қала,  облыс,  ел  iшiнде  орналасқан  желiлер  аймақтық  деп  аталады.  Егер 

олар  қайсы  бiр  ұйымға  немесе  ұйымдар  тобына  қарасты  болса,  онда 

корnоративтiк  деп  аталады.  Мысалы,  Қазақстан  Республикасының  ұлттық 

банкiнiң  желiсi  -  Banknet,  негiзгi  банктiң  компьютерлерiн  оның  барлық 

филиалдарының компьютерлерiмен (аудандық бөлiмшелерiн қоса) бiрiктiредi .  

Одан  үлкен  көлемдегi,  бүкiлелдерге,  құрлықтарға  тapaғaн  желiлер 

ауқымды деп аталады. Олар корпоративтiк те, жалпы да бола алады. Мысалы, 

Интернет  сияқты  олардың  кез  келген  пайдаланушыларға  қызмет  ету 

мүмкiндiктерi бар.  

Компьютерлердi  желiге  олардың  ресурстарын  бiрлесiп  пайдалану  үшiн 

және ақпаратпен алмасу үшiн бiрiктiредi.  

Компьютердің  ресурстары  ақпараттық  және  техникалыққа  бөлiнедi. 

Ақnараттық    ресурстарға  программалар  және  деректер  ,  ал  техникалықтарға  - 

nринтерлер, модемдер, сканерлер, график салгыштар кiредi.  Ақпаратты сақтау 

құралдары, CD-ROM, ZIP, DVD сияқтылар ақпараттық pecypcтapғa кiредi. Олар 

программалар және деректерi бар қапшықтар peтiндe қаралады. Оларға қосылу 


 

ПОӘК 042-18.39.1.06/01-2013 

10.09.2013 ж.  № 1 басылым  

410 беттің 196 

 

 

196 



логикалық дискiге жасалғандай жүзеге асырылады. Орналасқан компьютерiнен 

ғанa  қол  жеткiзуге  болатын  ресурстар  жергiлiктi  деп  аталады.  Желiнiң  басқа 

компьютерлерiне  де  ашық  компьютер  ресурстары  оpтақ  немесе  желiлiк  деп 

аталады. Жергiлiктi және ортақ; ресурстар түсініктері шартты. Бұл - жергiлiктi 

ресурсты  ортақ  етуге  болады  және,  керiciнше,  ортақ  ресурсқа  жергiлiктi 

мәртебесiн беруге болады (яғни басқа пайдаланушыларға жолды жауып тастау) 

деген сөз.  

Ортақ  ресурстар  орналасқан  компьютер  сервер  деп  аталады.  Сервердегi 

акқаратқа  жол  ашатын  және  осы  ресурстар  пайдаланылатын  компьютерлер 

клиенттер  немесе  жұмыс  станциялары  деп  аталады.  Есептеу  желiлерi  желілік 

операциялық жүйелер басқаруымен жұмыс істейді. Негiзгi желiлiк операциялық 

жүйелерге Novell NetWare, Windows NT, OS/2 Warp UNIX кiредi. Windows 95, 

98 операциялық жүйелерiнде құрамдас желiлiк құралдар бар.  

Желiлiк  ОЖ  пайдаланушыларға  желiнiң  бiр  компьютерiнен  басқасына 

файлдар  көшiруге,  желiнiң  бiр  компьютерiнен  басқасында  орналасқан 

деректердi  өңдеуге,  ал  кейбiр  жағдайларда  басқа  компьютер  жaдындa 

орналасқан программаны қосуға мүмкiндiк бередi.  

Компьютерлiк  желiлердi  қолдану  мыналарды  жүзеге  aсыруға  мүмкiндiк 

бередi:  

-

 



ақпаратты өңдеу процесiнiң нақты бiр компьютерден тәуелсiздiгi;  

-

 



желiнiң  бiр  ДК  -сында  сақталу  есебiнен  бiр  ақпаратты  қосарлау 

мүмкiндiгiнiң жойылуы;  

-

 

ақпарат сақталуы сенiмдiлiгiнiң жоғарылауы;  



-

 

ақпаратты рұқсат етiлмеген енуден қорғауды жақсарту:  



-

 

ұйымның  бөлiмшелер  және  қызметкерлерi  мен  apacындa  жылдам, 



қағазсыз а қпарат алмасу мүмкiндiгi.  

Үлгі№2 

Компьютер,  телекоммуникациялық  және  желілік  құралдар  ақпараттарды 

қабылдаудағы  әдістерді  өзгертіп,  әртүрлі  әрекеттерге  жаңа  мүмкіндіктерді 

ашып отырып, қазіргі қоғамның даму кезеңіндегі оқыту мақсатының көкейкесті 

және  маңызды  мәселелеріне  қол  жеткізеді.  Білім  берудегі  ақпараттық 

технологиялар  оқытуда  қолданылатын  электронды  құралдар  мен  оларды 

функционалдау 

тәсілдерінің 

жиынтығын 

анықтайды. 

Білім 

беруде 


қолданылатын  бағдарламалық-техникалық  құралдардың  классификациялық 

белгілері ретінде мыналарды айтуға болады: 

-

 

дидактикалық бағыт; 



-

 

бағдарламалық ұсыныс;  



-

 

техникалық ұсыныс; 



-

 

пәндік аумақта қолданылуы. 



 

Дидактикалық бағыт бойынша классификация 

Бағдарламалық-аппараттық  комплекстің  дидактикалық  бағыты  бойынша 

классификация белгілерін кейбір әдебиеттерден кездестіруге болады.  Мысалы, 



 

ПОӘК 042-18.39.1.06/01-2013 

10.09.2013 ж.  № 1 басылым  

410 беттің 197 

 

 

197 



үйренушілерге 

компьютер 

арқылы 

берілетін 



білімді 

келесідей 

классификациялау  керек.  Біріншіден,  білімді  анықыталған  және  анықталмаған 

деп бөлу қажет болып табылады. Ал, кейінірек жасанды интеллект аумағында 

зерттеулердің  дамуымен  бұл  білімдер  артикулденетін  және  артикулденбейтін 

болып аталатын болды.  



9-нұсқа 

Үлгі№1 

Білімнің  артикулденетін  бөлімі  –  бұл  үйренушілерге  ақпараттарды 

(мәтіндік,  графикалық,  бейне,  т.б.)  бірнеше  бөліктерге  бөлу  арқылы  беруге 

болатын және оңай құралатын білімдер.     

Білімнің  артикулденбейтін  бөлімі  –  интуиция,  өтіл  (опыт)  негізінде 

құралған  білімдер.  Бұл  бөлімнің  білімі    үйренушілерге  берілмейтін, 

практикалық  есептерді  шығаруда  жеке  тапсырмаларды  орындау  кезінде  қол 

жеткізуге болатын іскерлікті, тапқырлықты және адам өтілінің басқа бөлімдерін 

қамтиды.  Білімнің  мұндай  классификациясына  сүйене  отырып,  оқыту 

бағдарламалық-аппаратық  комплекстерді  классификациялауға  болады.  Осы 

комплекстер  негізінде  құралған  және  білімнің  артикулденген  бөлімін  оқытуда 

қолданылатын  технологиялар  декларативтік  деп  аталады.  Декларативтік 

технологияларға мыналарды жатқызуға болады: 

-

 



компьютерлік оқулықтар

-

 



оқытылатын мәліметтер қоры; 

-

 



үйренушілерге  белгіленген  ақпаратты  ұсынатын  ,  дұрыс  меңгеруін 

тексеретін, сақтауға мүмкіндік беретін мәтіндік және бақылау бағдарламалары 

мен басқа компьютерлік құралдар.   

Бағдарламалық-аппараттық  комплекстерді  құруда  және  білімнің 

артикулденбеген бөлімін меңгеруде қолданылатын технологиялар процедурлік 

деп  аталады.  Бұл  топтың  компьютерлік  ақпараттық  технологиялары  білімнің 

ақпараттарын  бірнеше  бөліктерге  бөліп  тексермейді  және  ақпарат  бөліктерін 

қамтымайды.  Олар  әртүрлі  модельдер  негізінде  құрылған.  Бұл  жағдайда 

компьютерлік ақпараттық технологияларға мыналар жатады: 

-

 



қолданбалы бағдарламалар пакеті (ҚБП); 

-

 



компьютерлік тренажерлер (КТ); 

-

 



зертханалық практикумдер; 

-

 



ойындардың бағдарламалы; 

-

 



үйренушілерге зерттеу кезінде оқытылатын пән бойынша білім алуына  

(қосуына)  мүмкіндік  беретін  экспертті-үйрену  жүйелері  (ЭҮЖ)  және  басқа  да 

компьютерлік құралдар.     

Үлгі№2 

Қазіргі  заман  жылдам  әрі  терең  өзгерістермен  ерекшеленеді.  Білім  беру 

жүйесі  ауқымды  қоғамдық  жұйенің  бір  саласы  ретінде  өмірде  болып  жатқан 

жаңалықтарды  есепке  ала  отырып  өз  құрылымын  өзгертіп  отыруы  қажет. 

Сондықтан  педагогикалық  инновация  бiлiм  беру  жүйесiн  жaңартудың  қажеттi 

факторы  болып  табылады.  Бұл  мәселеге  көптеген  еңбектер  арнaлған  мәселен, 



 

ПОӘК 042-18.39.1.06/01-2013 

10.09.2013 ж.  № 1 басылым  

410 беттің 198 

 

 

198 



М.С  Бургин  (2),  Н.Д  Молахов,  Н.И,  Лaпин,  А.И.  Пригожин  (5)  «инновация», 

«инновациялық  құбылыс»  түciініктерінің  негiзiн  қарастырса,  К.  Ангеловский 

(1),  В.А.  Сластеннв  (6),  В.С  Лазерев,  С.,Ц  Поляков(4),  М.М  Поташнвк,  от. 

Хомерики  (9)  бiлiм  саласындағы  инновациялық  құбылыстардың  мазмұнын 

анықтайды. 

Инновациялық 

өзгерiстердiң 

әлеуметтiк- 

психологиялық 

кедергілерi туралы В.И Антошок, в.г Зазыкнна., Р.Л. Кричевский, Л.К Маркова, 

Н.Р. Юсуфбекова (10) зерттеулерiнде талдаулар жасaғaн. 

Fылыми 


әдебиеттердегi 

инновациялық 

мәселелердiң 

теориялық 

негiздерiнiң  жеткiлiктi  зерттелуiне  қарамастан  бiлiм  беру  саласын 

ақпараттандыру  iciнe  жасaлған  тандаулар  көрсеткендей,  жаңалық  мектеп 

басшылары  тарапынан  үнемi  түciнicтiк  табыла  бермейдi,  кейде  педагогтар 

тарапынан  табанды  қарсылықтар  да  кездесiп  қалады.  Бiлiм  ұйымдары 

басшылары  педагогтар  тарапынан  қалыптасып  қaлған  кәсптiк  стереотип 

жаңалықты  шеттеушілік,  жаңашылдыққа  ұмтылудың  болмауы  сиякты 

кедергiлердi  кездестірiп  жүp.  Бұл  бағыттa  төмендегідей  көптеген 

қайшылылықтарға тап болуда.  



10-нұсқа 

Үлгі№1 

«Инновация»  терминi  латын  тілінен  алынған,  ол  -  «жаңару,  өзгеру» 

 

дегендi  бiлдiредi.  Бұл  түсінік  XIX  ғасырдағы  зерттеулерде  пайда  болып, 



белгiлi бiр мәдениеттің кейбiр элементтердің бiрiнен екiншісіне енгiзу дсгендi 

бiлдiрдi.  ХХ  ғасырдың  30-жылдарында  Еуропада  ғылымның  жаңа  саласы, 

жаңашылдық  ғылымы  пайда  болып,  ал  50  жыдары  педагогикалық  инноватика 

қалыпасты.  КСРО-да  бұл  термин  ХХ  ғасырдың  70  жылдарынан  бастап 

қолданыла  бастады.  Егер  орыс  тiлiнiң  түсiндiрме  сөздiгiне  қарасақ  онда 

«жаңалық»  сөзiнiң  төркiнiнде  өмiршендiк  немесе  тиiмдiлiк  тyралы  ештеңе 

айтылмайды,  яғни  «жаңа»  деген  жаңадан  жасалған,  таныс  емес,  белгiсiз, 

өткеннің орнына лаық болған деп керсетiлген .  

Мектеп  басшылары  бұл  берiлген  анықтамаларды  сараптай  келе 

жаңалықтың  барлығы  ылғи  да  жағымды  нәтиже  бере  бермейдi  деген 

тұжырымға келдi:  

-

 



кез  келген  жаңа  дүние  мектептiң  көкейкеcтi  мәселесiн  шешуде  басты 

құрал бола бермейдi; 

-

 

әрбiр жаңа дүние белгiлi бiр жағдайда ғана туындайды және нақты бiр 



ғана педагогикалық мәселенi шешуге бағытталады; 

-

 



 жаңалықты  пайдаланушьшар  санының  көбеюi,  жаңа  тәжiрибелердiң 

пайда  болуы  және  оларды  игеру  жаңалықты  меңгерудiң  тиiмдi  жағдайларын 

қиындата түceдi.  

Әрбip жаңа педагогикалық әдiстiң екі жағы болады: технологиялық-әдісті 

пайдаланудың өзіндік ерекшелiктерi және жаңалықты игеруге өзіндiк әсер eтyi. 

Қазiргi педагогикалық  сөздiктер 

педагогикалық 

инноватиканы 

педагогикалық 

ic-әрекеттiң 

жаңару 

үрдiсiн, 



оның 

принциптерiн, 

зандылықтарын,  әдic-тәсiлдерiн  зерттейтiн  сала  ретiнде  қарастырады,  ал 


 

ПОӘК 042-18.39.1.06/01-2013 

10.09.2013 ж.  № 1 басылым  

410 беттің 199 

 

 

199 



педагогикалық  инновация  деп  тәрбие  мен  бiлiм  берудiң  тиiмдiлiгiн  артгыру 

мақсатында педагогикалық ic-әрекетке енгiзiлген жаңалыктар деп түсiндіріледi. 

Бiлiм беру саласында инновациялық үрдiстi жүзеге асыру мұгалiмдерден 

өз  мінез-құлқтарын,  ұстанымдарын  Mүмкіндіктерін  түрлендiрудi  талап  eтедi. 

Инновациялық  ic-әрекет  адамдардың  шығармашылық  жемiстi  қызметiнiң  бip 

түpi және оған мотивациялық, креативтік, технологиялық, шартты компонеттер 

жатады  .  Сонымен  қоса  мотивациялық  компонент  педагогтардың 

педагогикалық  жаңалықтарға  деген  сұранысын,  ол  жаңалықтарды  қабылдау 

дәрежесiн  көрсететін  кәсiби  шығармашылық  бағыттарының  мазмұнын 

анықтайды.  

Креативтiк  компонент  икемделу,  өзгеру,  қайта  өзгеру,  бар  тәжiрибенi 

қайта  жаңарту,  оны  педагогикалық  жағдайларға  ыңғайластыруды  қамтамасыз 

етедi.  Технологиялық  (iс-қимылдық)  компонент  инновациялық  ic-ерскеттiң 

жүзеге  асуымен  байланысты,  яғни  жаңалықты  педагогикалық  үpдіске  енгiзу 

және оның жүру барысын, іске асуын бақылау деген сөз.  

Шартты  компонент  белгiлi  бiр  инновациялық  жүйенi  көптеген  нақты 

зерттеулер  нәтижесiмен  өлшей  отырып,  иновацлиялық  ic-әрекеттiң  мақсатын, 

зерттеу объектiсi мен нәтижесiн түйсiнуге және бағалауға мүмкiндiк бередi. 

Әдiстемелiк  оқудың  соңында  инновацию,  «педогогикалық  инновация 

деген  түсініктерді  зерделей  келе  аудан  мектеперiнiң  басшылары,  оқу  ісінің 

меңгерушiлерi  инновациялық  жағдайда  жұмыс  iстейтiн  бiлiм  беру 

ұйымдарының  басшылары  үшiн  төмендегі  маңызды  шарттар  қажeт  деп 

тоқталды: 

-

 



Педагогтар бiлiктiлiгiн  жетiлдiре отырып   мектептi   басқарудағы  

басымдылықтарды анықтау; 

-

 

өзгертушi күшi бар басқаруды жүзеге асыру; 



-

 

 басқарушылық iс-әрекетте педагогикалық та, басқарушылық та тиiмдi 



технологияларды қалыптастыруға бағыттау.  

Үлгі№2 

Әдістемелік  семинардың  бiр  сабағы  бiлiм  саласындағы  инновациялық 

кедергiлердiң 

басты 


себептерін 

анықтауға 

арналды. 

Ф.М.Русинов, 

В.И.Антонюк  сияқты  зерттеушiлер  психологиялық  кедергiлер  дегенiмiз 

әрекеттердiң,  түнiктердiң,  ой  қорытулардың,  күтудің  жиынтығы  дейдi, 

жаңалықтарға  қарсы  қызметкерлердiң  саналы  немесе  ойланбай,  ашық  немесе 

жасырын,  әдейi  немесе  кездейсоқ  бiлдiретiн  тepic  әлеуметтiк-психологиялық 

көңiл күйлерi деп түсiндiредi.  

Әрекет  ету  және  оны  түciнy  кезіндегi  қиындықтардың  пайда  болуы 

белгiлi  бiр  жағдайларды  объективтендіруге  де  бaйланысты,  өйткенi  ол  жаңа 

ойлардың пaйда болуы мен дамуын тудырушы алғы шарт болып табылады. 

Біздің пайымдауымызша, әрекет кедергiлерi адамның ақыл-ой қызметінің  

жандануына  түрткі  болады,  қалыптасқан  «қиын»  жағдайлардан  шыудың 

әдiстерi мен тәсілдерін табуға әсер етіпжәрдемдеседi. 

 


 

ПОӘК 042-18.39.1.06/01-2013 

10.09.2013 ж.  № 1 басылым  

410 беттің 200 

 

 

200 



 

Ұсынылатын әдебиеттер:  

1

 



Информатика: Базовый курс Учебник/ под ред. Н.В. Макаровой. – СПб, 

Питер, 2001 г. 

2

 

Информатика: Практикум по технологии работы на компьютере. 3-е изд./ 



под ред.  Н.В. Макаровой. – М.: Финансы и статистика, 2002 

3

 



Балапанов Е.К., Бөрібаев Б.Б., Дәулеткулов А. 30 сабақ информатикадан. 

Алматы: Жағамбек, 1999  

4

 

Основы  работы  с  компьютером.  руководство  пользователя.  корпорация 



Microsoft, 2004 

5

 



Основы  работы  с  Microsoft  Office  и  Internet.  руководство  пользователя. 

корпорация Microsoft, 2004 

6

 

Практикум по курсу «Информатика» В. Т. Безручко. М. 2002, «Финансы 



и статистика» 

7

 



Лабораторный  практикум  по  информатике.  Под  ред.  Острейковского  В. 

А., М., ВШ, 2003  



 

 

 

 

 

ПОӘК 042-18.39.1.06/01-2013 

10.09.2013 ж.  № 1 басылым  

410 беттің 201 

 

 

201 



Студенттің оқытушымен бірге орындайтын өздік жұмысы №9 

 

Тақырыбы: Алмастыру буферімен жұмыс. Беттерді форматтау. Шрифтермен 

жұмыс 


 

Мақсаты:  Алмастыру  буберімен  меню  көмегімен  және  пернелер  көмегімен 

жұмыс  істеуді  үйрену.  Беттерді  форматтауды,  мәтін  шрифтін 

өзгертуді үйрену

 

 



 

Тапсырмалар:   

 

1-тапсырма 

Жаңа  құжат  құрыңыз.  Таратпа  материалда  көрсетілген  мәтінді  теріңіз. 

Қайталанатын  сөздерді  жазу  үшін  алмасу  буферін  пайдаланыңыз.  Құжатты  өз 

есіміңізбен Мои документы папкасына өз папкаңызды құрып, сақтаңыз 



 

2-тапсырма 

Жаңа  құжат  құрыңыз.  Таратпа  материалда,  Үлгі№1-де  көрсетілген  бет 

параметрлерін орнатыңыз, Үлгі№2-дегі мәтінді теріңіз, «Алмасу буфері» деген 

атпен, өз папкаңызда сақтаңыз. Бет режимдерін ауыстырып, болған өзгерістерді 

СОӨЖ  дәптеріңізге  жазыңыз.  Үлгідегі  мәтіннің  шрифт  параметрлерін 

анықтаңыз. Құжатты қайта сақтаңыз. Файлды жабыңыз. 

Сақтаған  құжатыңызды  қайта  ашыңыз.  Абзац  соңынан  бастап  Үлгі  №3-  те 

көрсетілген  мәтінді  теріңіз.  Көрсетілген  шрифт  парамерлерін  тағайындаңыз. 

Құжаттың қайта сақтаңыз. 

3-тапсырма 

Жаңа  құжат  құрыңыз.  Таратпа  материалда  көрсетілген  мәтінді  теріңіз. 

Буферге  қиып  алу,  буферден  қою  батырмаларын  пайдаланып,  сөздердің  ретін 

дұрыстаңыз. 

 

Сұрақтар:  

1

 



Алмастыру буферіне анықтама беріңіз 

2

 



Көшіру,  қиып  алу,  қою  командаларын  орындайтын  пернетақталар 

комбинациясын атаңыз 

3

 

Алдын ала көру батырмасы қай құраладар тақтасында орналасады? 



4

 

Бет параметрлерін атаңыз 



5

 

«Шрифт» сұхбат терезесін сипаттаңыз 



 

 

Тапсыру  формасы:  Тапсырманы әдістемелік  нұсқаға сүйене отырып,  таратпа 

материалда ұсынылған өз нұсқаңызды таңдап орындаңыз. 

Нәтижені  баспаға  шығарып  оқытушыға  өткізіңіз. 

Орындалу  жолын  СОӨЖ  дәптеріңізге  жазып,  оқытушыға 



 

ПОӘК 042-18.39.1.06/01-2013 

10.09.2013 ж.  № 1 басылым  

410 беттің 202 

 

 

202 



түсіндіріңіз.  Сұрақтарға  жауапты  СОӨЖ  дәптеріңізге 

жазыңыз. Ауызша қорғау.  



 

Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқаулар: 

 

Тапсырманы Зертханалық жұмыс №12 көрсетілген әдістемелік нұсқауға 



сүйене отырып орындаңыз 

 

Таратпа материалдар:  

 

1-тапсырма 

Алға!!! Алға!!! Алға!!! Алға!!! Алға!!! Алға!!! Алға!!! Алға!!! Алға!!! 

Қазақстан-2030.  Алға!!!  Қазақстан-2030  Алға!!!  Қазақстан-Семей 

Алға!!!  Қазақстан-  Семей  Алға!!!  Қазақстан-2030  Алға!!!    Қазақстан- 

Семей Қазақстан-2030 Алға!!! Қазақстан-2030, Қазақстан-2030, Қазақстан- 

Семей,  Қазақстан-  Семей,  Алға!!!  Алға!!!  Алға!!!  Алға!!!  Алға!!!    Алға!!! 

Алға!!! Алға!!!  

 

2-тапсырма 

Үлгі №1: 

Бет параметрлері: 

Бағытталуы- Альбомды 

Өрістері-Төменнен және жоғарыдан-3 см 

  

    Оң жақтан-2 см 

             Сол жақтан-1,5 см 

Үлгі №2: 



Қашықтан оқытудың білім саласындағы рөлі. 

Соңғы  он-он  бес  жылдан  астам  уақыт  ішінде  Қазақстандағы  білім  беру 

жүйелерінің  кұрылымдарында  елеулі  өзгерістер  болып  жатыр.  Оқу  мен  білім 

технологиясы  қаржы  қорының  байыбына  жетіп  түсінудің,  нарықты  өркендету 

жолында  күресудің  тиімді  құралына  айналып  отыр.  Осы  ретте  қазіргі 

замандағы  технологиялық  жетістіктерге  негізделген  қашықтықтан  білім  беру 

жетекші  рөл  атқарады.  Дүние  жүзі  бойынша  қашықтан  білім  беру  жүйесін 

еркендетудің  басты  мақсаттарынын  бірі  -  оқушылардың  кез  келген 

мектептер,  колледждер  мен  университеттердегі  оқу  бағдарламалары 

бойынша оқып,  білім  алуларына жағдай  туғызу  болмақ.  Осылай  еткенде  ғана 

студенттердің  бір  елден  екінші  елге  орын  ауыстыруларына  ідектеу  қойып, 

кедергілер  туғызудан  гөрі  көзқарастар  жүйелерінің  бір  арнаға  тоғыстырылған 

идеяларымен қаруланып, білім беру ресурстарын өзара алмастыру жағдайында 

болашағы 

зор 


жаңа 

істерді 


өркендете 

түсуге 


мүмкіндік 

туады. 


Коммуникациялық  каналдарды  ауқымды  түрде  тарату  курысы  маңызды 

міндеттерді ойдағыдай іс жүзінде асыруға септігін тигізбек. 


1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   44




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет