«піл» десе, ортадағы қатысушы пілдің тұмсығын, ал екі жағындағылар оның екі құлағын көрсетеді. «Бұқа»



жүктеу 20.52 Kb.
бет1/4
Дата26.05.2022
өлшемі20.52 Kb.
#20266
  1   2   3   4
Ширату (1)

«Піл, бұқа, пальма» ширатуы.
Шарты: тренингке қатысушылар дөңгеленіп тұрады. Жүргізуші ортаға шығып, нұсқау береді. Оның нұсқауын қатысушылардың үшеуі қатар орындайды. Мысалы: егер, жүргізуші «піл» десе, ортадағы қатысушы пілдің тұмсығын, ал екі жағындағылар оның екі құлағын көрсетеді. «Бұқа» дегенде ортадағы қатысушы оның мүйізін, екі жағындағы қатысушы аяғын тебінуі керек. Ал «пальма» деп нұсқаса, ортадағы адам екі қолын тіке жоғары көтеріп, екі жағындағылар қолдарын екі жаққа иіп, жоғары көтереді. Осылайша тренинг жалғаса береді. Жүргізушінің тапсырмасын орындай алмаған адам ортаға шығып, ширатуды жалғастырады.


«Менің қасиеттерім қандай?» ширатуы.
Аң-жануарларды тігінен жазады: қасқыр, ит, мысық, тышқан.
Бірінші жолға осылардың ішінен ең ұнайтынын жазып, екінші және үшінші жолдарға азырақ ұнайтындарын келтіріп, төртінші жолға осылардың ішінен ең ұнамайтынын жазу керек. Осылайша тізімді тігінен келтірген соң, әр аң-жануарлардың тұсына олардың қандай бір қасиетінің ұнайтындығын немесе ұнамайтындығын жазу керек.
Мысалы:
Мысық-әдемі
ит-адалдық
қасқыр-батылдық
тышқан-ұсақтық
Осыдан кейін бұл психологиялық тестін жауабы келтіріледі. Жоғары жолға жазған қасиет-өзімізге жетіспейтін қасиет, біз оны өзіміздің тұла бойымызда арттыруға жетілдіруге ұмтыламыз. Екінші жолға жазылған қасиет –өзімізде бар деп есептейтін қасиетіміз, біз өзімізді осылайша түйсінеміз. Үшінші жолдағы қасиет басқа адамдардың бізді қалай қабылдайтындығымызды білдіреді, ел көзіне біз осылайша көрінеміз. Ал ең төменгі жолға жазылған қасиет біздің неден қашқактайтындығымызды көрсетеді, біз тұла бойымызды бұл қасиеттен арылтуға ұмтыламыз.


«Комплименттердің бұрқасыны» ширатуы.
Бір парақ қағазға өздерінің сүйікті адамдарынан естігісі келген комплиментті жазады. Толық сөйлем болу керек. Жазып болған соң, бұл парақтарды умалақтап, домалақ қармен атқыласқандай оларды бір-біріне лақтыру керек. Содан соң «қар домалағын» ашып, оларды оқу керек.



жүктеу 20.52 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет