ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС №4. РЕГИСТРЛЕРДІ МОДЕЛЬДЕУ Жұмыстың мақсаты: Жұмыстың мақсаты сандық регистрлердің жұмысын модельдеу болып табылады.
Қысқаша теориялық ақпарат Ригстрлер-ақпараттарды код (машинаның сөзі) түрінде сақтауға және оларды түрлендіруге арналған ақпараттық сандық құрылғылардың жиыны. регистрдің көмегімен келесідей операцияларды орындауға болады:
параллель екілік кодты тізбектей және керісінше түрлендіре алу.
а
б
Сурет 4.1. екі разрядтты регистрдің (а) шартты белгіленуі және (б) функциональдық схемасы.
Регистр кодттарды 0 немесе 1 ретінде сақтау үшін қызмет ететін өзара байланысқан бірнеше триггерлерден тұрады. Триггерлердің саны регистрлердің разрядттылығымен анықталады.
Атқаратын қызметіне қарай регистрлер паралелльді және қозғалмалы болып бөлінеді. 4.1 а суретте RST-тригерлерде орындалатын қарапайым екі разрядтты параллель регистрдің шартты белгіленуі, ал 4.1 б суретте олардың функционалды схемасы көрсетілген. Ақпараттарды екілік код түрінде жазу үшін, барлық R және S кірістеріне сәйкес сигналдарды беру арқылы триггерлерді нөлдеу операциясын орындау қажет. Одан кейін, S кірісі арқылы триггерлердің күйін ауыстырады ("1" жазу үшін), немесе олардың күйін өзгертпейді ("0" сақтау үшін). Регистрдегі қорытынды ақпаратты оқу, триггерлердің регистрдің Q шығысы арқылы орындалады.
Регистрлардың маңызды көрсеткіші, сандардың разрядтары және қондырғының жылдам іс әрекеті болып табылады. Қондырғының іс әрекетінің төмен болуы, ақпараттардың қарапайым өңделуін, жазылуын, оқылуын және басқару жүйесіндегі тактылық импульстардың максималды жиілігін шектейді.
Жылжыту операциясы, регистрларды жылжыту арқылы ақпараттарды оңға және солға орын ауыстыру жолымен орындалады. Жылжыту операциясы екілік сандарды n= 0, 1, 2 ...n бөлу және көбейту операциялары арқылы орындалады. Регистрларда жылжытуда үш кірісі бар D-триггерлер тізбектей жалғанады: ақпараттық (D-кіріс), жылжытқыш (С-кіріс) және (R-кіріс) бағытталған. Осыдан барлық триггерлердің C және R кірістер барлық қондырғыларды бір уақытта (жылжытуда немесе нольге келтіруде) біріктіріп тұрады.