Пікір‌ ‌жазғандар:‌ ‌ ‌ ‌ ‌ ‌ ‌ ‌ ‌ С


Зертханалық жұмыстың тапсырмалары



жүктеу 2.5 Mb.
бет6/17
Дата27.07.2022
өлшемі2.5 Mb.
#20847
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
treatise192533
Зертханалық жұмыстың тапсырмалары
1. Асинхронды RS триггерлерінің жұмысын модельдеу үшін 3.2 суреттегі схеманы Матлаб бағдарламалау ортасында Simulink пакетінде жинаңыз. RS-триггерінің блогы (RS Flip Flop) Simulink\Blocksets&Toolboxes\Simulink Extras\Flip Flops\ кітапханасында орналасқан. Осы жерден схемадағы периодтты кіріс сигналын моделдеу үшін синхроимпульс (Clock) блогын табуға болады. Осцилограф (Scope) блогында алынған RS-триггерлерінің кіріс және шығыс сигналдарын бақылау арқылы олардың жұмысының дұрыстығына көз жеткізіңіз.

Сурет 3.2. Асинхронды RS триггерлерінің жұмысын модельдеу схемасы.

2. Т-тригерінің жұмысын модельдеу үшін 3.3 суретке сәйкес схеманы жинаңыз. Т-тригері ретінде J, K кірістеріне логикалық бірлік сигналы берілетін әмбебап JK-триггерлерін (JK Flip Flop) қолданыңыз. JK триггерлері Simulink\Block-set&Toolboxes\Simulink Extras\ Flip Flops\ кітапханасында орналасқан.Осы жерден схемадағы периодтты кіріс сигналын моделдеу үшін синхроимпульс (Clock) блогын табуға болады. Осцилограф (Scope) блогында алынған Т-триггерлерінің кіріс және шығыс сигналдарын бақылау арқылы олардың жұмысының дұрыстығына көз жеткізіңіз.



Cурет 3.3. Т-триггерінің жұмысын модельдеу схемаcы.

3. D-триггерінің жұмысын модельдеу үшін 3.4 суретке сәйкес схеманы жинаңыз. D-триггері ретінде J, K кірістеріне қарама қарсы таңбамен ақпараттық сигналы берілетін әмбебап JK-триггерлерін (JK Flip Flop) қолданыңыз. Осцилограф (Scope) блогында алынған Т-триггерлерінің кіріс және шығыс сигналдарын бақылау арқылы олардың жұмысының дұрыстығына көз жеткізіңіз.



Cурет 3.4. D-триггерінің жұмысын модельдеу схемасы.

Бақылау сұрақтары.

  1. Триггердің негізгі анықтамасын айтыңыз.

  2. Триггерлер қалай жіктеледі?

  3. Триггердің функционалдық сұлбада белгіленуі.

  4. Триггердің уақыттық диаграммаларын анықтаңыз.

  5. RS-триггерінің жұмысын түсіндіріңіз.

  6. Асинхрондық пен синхрондық RS-триггерлерді салыстырыңыз.




жүктеу 2.5 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет