Пікір‌ ‌жазғандар:‌ ‌ ‌ ‌ ‌ ‌ ‌ ‌ ‌ С


Зертханалық жұмысты орындауға арналған тапсырмалар



жүктеу 2.5 Mb.
бет5/17
Дата27.07.2022
өлшемі2.5 Mb.
#20847
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
treatise192533
Зертханалық жұмысты орындауға арналған тапсырмалар

  1. 2.2 суретте көрсетілгендей етіп модельдеу схемасын жинаңыз. Шығыс аргументтер жиынтығын өзгертіп, логикалық элементтердің жұмысын модельдеңіз. Модельдеу мына ЖӘНЕ, НЕМЕСЕ, ЕМЕС, ЖӘНЕ-ЕМЕС, НЕМЕСЕ-ЕМЕС логикалық функциялары үшін жүзеге асырыңыз және алынған барлық аргументтердің мәндерін 2.3 кестеге толтырыңыз.


Cурет 2.2. Сандық элементтерді модельдеу схемасы
Кесте 2.3

x1x2 аргументтердің комбинация

ЖӘНЕ функциясы


НЕМЕСЕ функциясы


ЖӘНЕ-ЕМЕС функциясы


ЕМЕС функциясы

НЕМЕСЕ-ЕМЕС функциясы


00
















01
















10
















11


















  1. 2.4 кестеде келтірілген нұсқаға сәйкес (тізімдегі реттік саны бойынша оқытушының өзі бөліп береді) берілген логикалық элементтер базисіндегі төрт аргументті x3x2x1x0 логикалық функцияны синтездейтін схеманы жинаңыз және олардың жұмысын модельдеңіз. Модельдеу нәтижесін 2.5 кестеге енгізіңіз.

2.4 кесте

Реттік нөмері

Жиынтықтағы функция мәнінің бірегейлігі

Базис

1

0, 1, 4, 5, 8, 9, 10, 11, 12, 14

ЖӘНЕ ЕМЕС

2

0, 1, 2, 3, 8, 9, 10, 11, 12, 14, 15

НЕМЕСЕ ЕМЕС

2.5 кесте



x3x2x1x0 аргументтердің комбинация

y функциясының мәні

0000




0001




0010




0011




0100




0101




0110




0111




1111




1000





Бақылау сұрақтары.
1. Электрондық есептеу құралындағы негізгі сандық элементтердің логикалық функциясын айтып беріңіз.
2. ЖДНФ логикалық схемаға қалай өтеді?
3. Комбинацияланған логикалық схеманы модельдеуде Simulink жүйесіндегі кітапханадан қандай элементті қолдану керек?
4. Ақиқат кестесінен логикалық функцияның аяқталған дизъюнктивті нормалды формасы қалай алады және не үшін қолданылады?

ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС №3. САНДЫҚ ТРИГГЕРЛЕРДІ МОДЕЛЬДЕУ
Жұмыстың мақсаты: Зертханалық жұмыстың мақсаты сандық триггерлердің жұмысын модельдеу болып табылады.
Қысқаша теориялық мәліметтер
Екі орнықты күйі бар және бір күйден келе­сіге ауыстыратын сыртқы әсерді алып тастаған соң ол жағдай­лардың біреуін керекті уақытқа сақтайтын құрылымды триггер деп атайды. Сондықтан триггерлерде зерде бар дейді. Триггер зерде ұясынан кіріс ақпаратты сигнал комбинациясына қайта құра­тын басқару құрылымынан тұрады, ал сол сигнал комбинацисының әсерімен зерде ұясы екіден бір тұрақты жағдайды қабылдайды.
Триггер (және оның негізінде құрылған: тізімдер, есептеуіштер және т.б.) тізбекті қосылысты схемаларға жатады. Тізбекті қосылысты схемаларда шығу сигналдардың көлемі тек кіріс комбинацияларына ғана емес, оның өзгеру жүйе­сіне де тәуелді болады. Сондықтан да тізбекті қосылысты схема­лар­да зерде болуын қажет етеді. Сондай схема­ларда шығу сигналдарының көлемі кірісіндегі өзгеріс комбинация­ларының алдыңғы сәтіндегі шығу сигналдардың көлеміне де тәуелді болады. Тізбекті қосылысты схемаларды, сонымен қатар санды авто­мат деп атайды. Құрылыстық тізбекті қосылысының схемасы 3.1-суретте көрсетілген.



Сурет-3.1. Тізбекті қосылысты схема

Триггерлер сандық құрылғыларда және есептеу техникаларында есте сақтау құрылымдары үшін негізгі элемент түрінде көп қолданылады.


Ақпаратты жазу тәсіліне байланысты триггерлер асинхронды және синхронды триг­гер­­лер болып бөлінеді. Егер ақпаратты сигнал өзі триггерді ауыс­тырып қосса оны асинхронды деп атайды. Синхронды триг­герлерде ақпарат синхронды (рұқсат беретін) импульс әсері­мен жазылады. Синхронды импульсті және по­тен­циалды түрде жү­зе­ге асырылады. Бірінші жағдайда (статикалық бақылау) ақпа­рат­тық кірісіндегі сигналдар синхро импульс болған барлық уақыт­та триггерге ықпал етеді. Екінші жағдайда (динамикалық бақы­лау) ақпараттық сигналдарды синхрондауда кірісіндегі по­тен­циал өзгергендегі сәттерде ғана білінеді, яғни ол 1-ден 0-ге ауысқанда немесе керісінше жағдайда.
Функционалды мүмкіндіктері бойынша триггерлер:

  • R ((англ. Reset) – қондырғының 0 жағдайына бөлінген кіріс) және S ((англ. Set) – қондырғының 1 жағдайындағы кірісі, іске қосылуы) кірістерге бөлінген бақылаулары бар триггерлер (RS-триггерлер);

  • ақпаратты D ((англ. Delay – кідіріс, Data – деректер) – логика дәрежесі бар жағдайға ақпаратты енгізу) кірісіне қабылдайтын триггерлер (D-триггер­лер);

  • есептік кірістері бар T триггерлер (T-триггерлер);

  • J және K ақпараттық кірістері бар әмбебап триггерлер (JK-триггерлер) (K (англ. Kill) – кенет сөндірілуі, нөлді бақылау, J (англ. Jerk) – кенет іске қосылуы, бірді бақылау).




жүктеу 2.5 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет