Пікір‌ ‌жазғандар:‌ ‌ ‌ ‌ ‌ ‌ ‌ ‌ ‌ С


Динамикалық жүйелерді моделдеу



жүктеу 2.5 Mb.
бет3/17
Дата27.07.2022
өлшемі2.5 Mb.
#20847
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
treatise192533
Динамикалық жүйелерді моделдеу.
Динамикалық жүйелерді моделдеу үшін, командалық терезеге Simulink деген команданы жазып Enter пернесін басу керек. Экран бетінде Simulink терезесімен оның негізгі жұмыс істеу элементтері пайда болады (1.2-сурет). File/New жолақшасынан схемаларды жасап оларды редакциялайтын Simulink пакетінің жаңа терезесін ашуға болады.

Сурет 1.2. Simulink модельдеу пакетінің бастапқы беті

Моделдеу үшін өзіңіздің жеке терезеңізді ашып, кез келген атаумен сақтаңыз.




Сурет 1.3. Элементтерді модельдеу терезесі.
Кітапхана Источники (Sources) мәзірінде сигналдарды моделдеуде қолданылатын арнайы жиынтықтан тұрады. Тышқан мәзірінің көрсеткішін Sources белгішісіне апарып сол жағын екі рет басса кітапхана ашылады.
Источники (Sources) және Соединения (Sinks), кітапханасын қолданып 1.3 суретте көрсетілгендей моделдеу терезесінде қажетті элементтерді жалғаңыз. Суреттегі элементтердің қасиетін өзгерту үшін тышқан батымасының сол жағын екі рет басу жеткілікті болады. Постоянная (Constant) немесе тұрақты элементі жүйеге тұрақты сигналды беруге мүмкіндік береді. Бірнеше тұрақты элементтер схеманың әртүрлі нүктелеріндегі бірнеше айнымалы шамаларды бір мезетте бір осциллографта бақылауға мүмкіндік береді. Дисплей (Display) элементі моделденетін схеманың бірнеше нүктелеріндегі сигналдың мәндерін көрсетеді. Дискретный генератор импульсов (Discrete Pulse Generator) элементі периодтты импульсті сигналдарды тудырады. Осцилограф (Scope) элементі моделденетін схемадағы сигналдың уақыттық өзгерісін визуальды түрде анықтауға мүмкіндік береді.

Сурет 1.4. Модельдеу нәтижесінде генераторда пайда болған сигналдар.
Часы (Clock) элементі модельденіп жатқан схемадағы кейбір процестердің синхронды түрде өтетінін бақылау үшін секундомер қызметін атқарады. Буфер элементі (To Workspace) элементі болса жұмыс алаңында вектор түрінде айнымалы мәндердің өзгерісін есте сақтау үшін қажет болады. Меню опциясынан Моделирование/Старт (Simulation/Start) таңдау арқалы немес мәзір жолағындағы қара үшбұрышты басу арқылы моделденіп жатқын схеманы іске қоса аламыз. Алынған нәтижелер арқылы моделдеу нәтижелерін бақылай аламыз.
Моделдеу процесін іске қосу үшін меню опциясынан Моделирование/Параметеры (Simulation/Parameters) таңдаңыз және (Solver options/Type: Fixed-step) орнатыңыз. Дисплей (Display) элементінің кірісіне Постоянная (Constant) элементінің шығысынан кіретін мәндердің шамасын көрсетуі керек. Осциллограф (Scope) элементін тышқанның сол жақ батырмасын екі рет шерту арқылы басу арқылы Генераторда пайда болатын сигналды көруге болады (1.4 сурет). Буфер элементінде айнымалы x және t шамаларының дискретті мәндерін алуға болады.

Сурет 1.5. Синхронды сигналдарды бақылайтын элементер жиынтығы.
Схеманың түрін 1.5 суреттегідей, осциллографта бір мезетте бірнеше сигналды бақылай алатындай етіп түрлендіріңіз. Plot командасы арқылы графикті тұрғызыңыз.

жүктеу 2.5 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет