Пікір‌ ‌жазғандар:‌ ‌ ‌ ‌ ‌ ‌ ‌ ‌ ‌ С


ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС №1. ДЕРБЕС КОМПЬЮТЕРДЕ ЭЛЕКТРЛІК СХЕМАНЫ МОДЕЛДЕЙТІН ЖҮЙЕМЕН ТАНЫСУ



жүктеу 2.5 Mb.
бет2/17
Дата27.07.2022
өлшемі2.5 Mb.
#20847
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
treatise192533
ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС №1. ДЕРБЕС КОМПЬЮТЕРДЕ ЭЛЕКТРЛІК СХЕМАНЫ МОДЕЛДЕЙТІН ЖҮЙЕМЕН ТАНЫСУ
Жұмыстың мақсаты:
Зертханалық жұмыстың мақсаты MATLAB жүйесінде схемаларды тұрғызып, олардың жұмысын моделдеу принциптерімен танысу.

Қысқаша теориялық ақпарат
MATLAB - бұл техникалық есептерді модельдеуге, визуализациялауға және бағдарламалауды жүргізуге мүмкіндік беретін өнімділігі жоғары бағдарламалау тілі болып табылады. Сонымен қатар МАТЛАБ берілген элементтері массив болып табылатын интерактивті жүйе болып табылады.

MATLAB ортасымен танысу.
Matlab бағдарламалау ортасын іске қосу 1.1-суретте көрсетілген жұмыс ортасының ашылуынан басталады.
Жұмыс ортасы келесідей элементтерді қамтиды:

  • меню;

  • батырмалары және ашылатын тізімі бар аспаптар тақтасы;

  • ToolBox-тың әр түрлі модульдерінде дәне жұмыс ортасының мазмұнына өте оңай кіруге болатындай Launch Pad және Workspace ішкі терезелері бар терезе;

  • ағымдағы буманы іске қосуға болатын, сонымен қатар алдын-ала енгізіленін командаларды қайта қарауға болатын Command History және Current Directory ішкі терезелері бар терезе;

  • командалық терезе;

  • қалып-күй жолы.

Барлық командаларды командалар жолына теру керек. Matlab программасы барлық командаларды орындап, өрнектерді есептеу үшін, әр команда соңына пернесі басылуы керек.



1.1-сурет. Матлаб бағдарламалау ортасының бастапқы беті
Matlab ортасында қарапайым операциялардың орындалуымен танысу.
Matlab- та айнымалылармен жұмыс істеу мүмкіндігі қарастырылған. Мысал келтірейік:
>>a=3.67
a=
3.67
Matlab бағдарламасында командаларды немесе айнымалыларды енгізгенде нүктелі-үтірмен аяқтауға болады. Бұл жағдайда енгізілген айнымалыларда арифметикалық амалдар орындалғанымен, оның нәтижесі экранға шығарылмайды.
Matlab-та векторларға жасалатын әрекеттер екі топқа бөлінеді: математикадағы векторлық есептеулер, вектор элементтерін түрлендіретін әрекеттер.
Векторларды санға көбейту, қосу, азайту жолдар мен бағандарын ауыстырып түрлендіру, векторларды өзара көбейту арифметикалық амалдардың таңбалары арқылы жүзеге асады.
Мысалы:
>> x= [8 9 13]; y = [15;27;48];
>>v=x*y
v=нәтиже
Matlab бағдарламалау ортасында векторлардың барлық элементтерінің мәні есептеу мүмкіндігі қарастырылған.
Мысалы:
>>с=векторының мәні;
>>d=sin(c)
d=
нәтижесі
Matlab бағдарламалау ортасында векторлар мен оның элементтері бойынша жұмыс істеу мүмкіндік беріледі. Сонымен қатар графиктерді құруға және функция мәндерін есептеуге мүмкіндік береді.
Мысалы: Екі вектор-жол енгізіңіз:
>>v1=[5 -7 10 1];
>>v2=[17 19 -6 39];
.*(нүкте мен жұлдызша арасында бос орын қалдырмаңыз) операциясы бірдей ұзындықтағы векторлармен оның әрбір элементтері бойынша арифметикалық амалдарды қолдануға мүмкіндік береді. Нәтижесінде элементтері берілген вектор элементтерінің қосындысына тең болатын вектор шығады.
>>u=v1.*v2
u=
нәтиже
.^ амалының көмегімен векторларды элементтері бойынша дәрежеге шығару орындалады:
>>p=v1.^2
p=
нәтиже
Дәреже көрсеткіші ретінде ұзындығы дәрежеге шығарылатын вектордың ұзындығына тең вектор алынады. Бұл кезде, бірінші вектордың әрбір элементі, оған сәйкес екінші вектордың элементіне тең дәрежеге шығарылады:
>>p=v1.^v2
p=
нәтиже
Ұзындықтары бірдей екі вектордың сәйкес элементтерін бөлу үшін ./ амалы қолданылады.
>>d=v1./v2
d=
нәтиже
Элементтері бойынша кері бөлу (екінші вектор элементтерін сәйкесінше бірінші вектор элементтеріне бөлу) .\ амалының көмегімен жүзеге асады.
>>dinv=v1.\v2
dinv=
нәтиже
Matlab бағдарламалау ортасында элементтердің арасына нүкте белгісін қою ондық бөлшектерді енгізу үшін ғана емес, сонымен қатар бірдей өлшемді массивтерді көбейту немесе бөлу олардың элементтері бойынша орындалу керектігін білдіреді.
/ таңбасының көмегімен векторларды санға бөлуге болады.
>>p=v/2
p=
нәтиже
Егер санды вектордың әрбір элементіне бөліп, оның нәтижесін жаңа векторға жазу керек болса, онда ./ амалы қолданылады:
>>w=[4 2 6];
>>d=12./w
d=
3 6 2

жүктеу 2.5 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет