Пікір‌ ‌жазғандар:‌ ‌ ‌ ‌ ‌ ‌ ‌ ‌ ‌ С



жүктеу 2.5 Mb.
бет14/17
Дата27.07.2022
өлшемі2.5 Mb.
#20847
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
treatise192533
Бақылау сұрақтары

  1. Дешифратор дегеніміз не және ол не үшін қолданылады?

  2. Шифрлаушы дегеніміз не және ол не үшін қолданылады?

  3. Дешифраторлардың қандай түрлерін білесіз?

  4. Мультиплексор дегеніміз не?

  5. Демультиплексордың қызметін түсіндіріңіз.


ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС 7. ҚОСУ ЖӘНЕ КӨБЕЙТУ ОПЕРАЦИЯЛАРЫН ОРЫНДАУДА АРИФМЕТИКАЛЫҚ-ЛОГИКАЛЫҚ ҚОНДЫРҒЫЛАРДЫҢ ЖҰМЫСЫН МОДЕЛЬДЕУ
Жұмыстың мақсаты
Зертханалық жұмыстың мақсаты қарапайым арифметикалық операцияларды орындауда арифметикалық-логикалық қондырғылардың жұмысын модельдеу болып табылады.

Теориялық ақпарат
Арифметикалық - логикалық құрылғы (Арифметико-логическое устройство; arithmetic and logical unit) — арифметикалық-логикалық операцияны орындайтын процессордың қызметтік бөлігі. Негізгі АЛҚ схемасы функционалды мүмкіндіктерді кеңейтетін және оның қайта құрылуын бір операциядан басқаға өтуді қамтамасыз ететін сумматор. Сумматорлар сандардың арифметикалық қосу мен алу амалын орындайды. Сонымен қатар сумматорлар әртүрлі операциялар қатарын жүзеге асыратын және барлық процессорлардың өте қажет бөлігі болып келетін арифметикалық логикалық құрылғының (АЛҚ) сұлбасының ядросы болып табылады.

АЛҚ схемасы мен шартты белгілері
Көпразрядтты операндалар (сан, әріптер, таңбалар)  Арифметикалық - логикалық құрылғыларға өңдеу үшін ( 7.1 суретті қара) А және В кірістері арқылы түседі. Өңделген операция нәтижелері F шығыстары арқылы шығарылады. АЛҚ орындалатын операцияның түрі S және M кірістеріне берілетін сигналдар арқылы анықталады. Мысалы 2 және 3 сандарын қосу үшін, олардың біреуі А кірісі арқылы екіншісі В кіріс арқылы беріледі. Осы мезетте S және М шиналары арқылы екілік сан, яғни қарапайым тілде "арифметикалық қосуды орында" деген команда беріледі. Қосу нәтижесі F шығысы арқылы 5 саны шығарылады. M және S кірістерінің негізгі міндеті біреу- АЛҚ орындалатын операциялардың түрін анықтау. M(Mode-режим) кірісіне келіп түскен сигнал АЛҚ логикалық (М = 1) немесе арифметикалық (М = 0)операциялардың қайсысы орындалуы керек екенін көрсетеді. Ал G және Н шығыстары АЛҚ көлемін өсіру кезінде паралельді тасымалдауды қамтамасыз ететін, шығыстары айқындылық және генерация функцияларын береді. Со сигналы – шығыс тасымал, ал А = В шығысы ашық коллекторлы тепе-теңдікке салыстыратын шығыс.

7.1 сурет - АЛҚ-ның шартты белгісі
Төртразрядтты қондырғы болып табылатын АЛҚ қарастырайық, яғни әрбір операнд төрт битпен болуы керек:
А = a3а2а1а0 және B= b3b2b1b0. (7.1)
Операндалармен логикалық операция разряд бойынша іске асады яғни жоғары разрядтарда ауысу жүзеге аспайды. Жалпы жағдайда разярд бойынша логикалық операциялардың орындалуын мына түрде жазуға болады:
F = A * B = (a3* b3)...(a0*b0) (7.2)
мұндағы "*" белгісі логикалық операцияларды (дизъюнкция, конъюнкция т.б) білдіреді.
Орындалатын операциялардың түрі төртразрядтты басқарылатын S сигналдармен және қондырғының M (Mode)режимінің сигналымен анықталады.
АЛҚ орындалатын операция келесідей өрнекпен аналитикалық түрде анықталады:
(7.3)
Мұндағы Fi –i разрядтағы АЛҚ шығатын сигналы; Аi және Bi i-разрядындағы шығыс операндының мәні; Si –төртразрядтты басқару сигналы; М-орындалатын операцияның (логикалық немесе арифметикалық) типін анықтайтын сигнал; C0 –кіші разрядттан ауысу.
Егер басқарылатын АЛҚ кірісіне M=1, S3=1, S2=0, S1=1, S0=1 сигнал берілсе, онда АЛҚ мынадай Fi=Ai ˄Bi логикалық көбейту операциясын орындайды.
Егер басқарылатын АЛҚ кірісіне екілік санмен M=0, S3=1, S2=0, S1=0, S0=1 сигнал берілсе, онда АЛҚ A және B шиналарына келіп түскен сандардың арифметикалық қосындысын Fi=Ai+Bi+C0 орындайды.


жүктеу 2.5 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет