Пікір‌ ‌жазғандар:‌ ‌ ‌ ‌ ‌ ‌ ‌ ‌ ‌ С



жүктеу 2.5 Mb.
бет1/17
Дата27.07.2022
өлшемі2.5 Mb.
#20847
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
treatise192533

ӘЛ-ФАРАБИ‌ ‌атындағы‌ ‌ҚАЗАҚ‌ ‌ҰЛТТЫҚ‌ ‌УНИВЕРСИТЕТІ‌ ‌




САНДЫҚ ҚҰРЫЛҒЫЛАРДЫҢ ЖҰМЫСЫН SIMULINK ОРТАСЫНДА МОДЕЛЬДЕУ

















Aлмaты‌ ‌
«Қазақ‌ ‌университеті»‌ ‌

2021
ӘОЖ‌ ‌ ‌


КБЖ‌ ‌ ‌
‌ С‌

Баспаға‌ ‌әл-Фараби‌ ‌атындағы‌ ‌Қазақ‌ ‌ұлттық‌ ‌университеті‌ ‌ ‌
факультетінің‌ 
Ғылыми‌ ‌кеңесі‌ ‌және‌ ‌Редакциялық-баспа‌ ‌кеңесі‌ ‌ ‌
шешімімен‌ ‌ұсынылған‌ ‌
(№‌ ‌‌ хаттама‌ ‌2021 ‌жыл)‌ ‌

Пікір‌ ‌жазғандар:‌ ‌







С Сандық құрылғылардың жұмысын Simulink ортасында модельдеу‌‌/ Ж.М. Молдабеков, А.М. Жукешов ‌ ‌–‌ ‌Aлмaты:‌ ‌Қaзaқ‌ ‌университеті‌.‌ ‌–‌ ‌‌‌65 ‌б.‌ ‌


Оқу құралы «Сандық құрылғылар», «Энергетикадағы сандық технология» атты пәндердің оқу жоспары мен элективті пәндер каталогы негізіндегі талаптарға сәйкес құрастырылған. Әдістемелік құрал 8 зертханалық жұмыстан тұрады. Әрбір жұмыста қысқаша теориялық мәліметтер мен зертханалық жұмысты орындауға арналған нұсқаулықтар келтірілген.



КІРІСПЕ
Қазіргі таңда автоматтандыру жүйесінің қарыштап дамуынан адамзаттың сандық техникалардың қолданылу аумағын дамытуға деген құлшынысы күн санап артып келеді. Себебі XXI ғасыр – ақпараттандыру мен энергетикалық, техникалық салаларды интеграциялау ғасыры болып табылады. Аталған оқу құралында сандық қондырғылардың жұмыс істеу принциптері мен олардың негізгі элементтерінің өзара байланысы сипатталады.
Зертханалық әдістемелік оқу құралы сегіз зертханалық жұмыстан тұрады. Әрбір зертханалық жұмыста қысқаша теориялық мәліметтер мен зертханалықты жұмысты орындауға арналған нұсқаулықтар, бақылау сұрақтары келтірілген. Жұмыстардың тақырыптары мен негізгі мазмұны «5B071800 –Электр энергетикасы» мамандығы бойынша жүргізіліп жатқан элективті пәндер каталогындағы CTE 4309 «Энергетикадағы сандық технология», SU3419«Сандық құрылғылар» атты сабақтарының оқу жоспары негізінде жазылып шыққан. Сонымен қатар, әдістемелік оқу құралында студенттердің лекция мен практикалық сабақтардан алған білімдерін зертханалық сабақтарда толықтыру үшін дидактикалық тапсырмалармен толықтырылған. Бұл әдістемелік құралда, сандық қондырғылардың элементтері мен олардың жұмыс барысындағы өзара әрекеттесу мүмкіндіктері де қамтылған. Зертханалық модельдеу жұмыстарында логикалық элементтер, триггерлер, есептеуіштер, сумматорлар, әр түрлі түрлендіргіштер, салыстыру құралдары және коммутациялаушы элементтер және микропроцессорлық жүйелердің арифметикалық-логикалық интерфейстеріне баса назар аударылған.
Зертханалық жұмыстарды орындау, қазіргі таңда энергетика саласында кеңінен қолданылып келе жатқан Matlab бағдарламалау ортасының Simulink пакетінде жүзеге асырылады. Авторлардың ұсынып отырған әдістемелік оқу құралының негізгі мақсаты сандық қондырғылардың жұмыс істеу принциптері мен олардың негізгі элементтерінің өзара байланысын модельдеу арқылы үйренуге бағытталған.
Әдістемелік оқу құралы, энергетика саласында сандық техниканың қолданылуы бойынша қазақ тіліндегі отандық басылымдарды толықтырып, осы сала бойынша білім алып жатқан студенттердің білім алуына көмекші құрал ретінде ұсынылады.
.


жүктеу 2.5 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет