Перспективалары



жүктеу 81.4 Kb.

Дата19.02.2017
өлшемі81.4 Kb.

ШЕТЕЛ ТІЛІН ОҚЫТУДЫ ИНТЕРАКТИВТІ ӘДІСТЕР 

АРҚЫЛЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ: ҚАЗІРГІ АХУАЛЫ МЕН 

ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ 

 

А.У. Өтешева  

№22 ЖОББМ, Орал қаласы 

 

Қазіргі  кездегі  білім  беру  саласындағы  мемлекеттік  саясаттың 



басты  ұстанымы  заман  талабына  сай    инновациялық  оқыту 

технологиялары  мен  оқытудың  әр  түрлі  техникалық  құралдарын 

қолдану арқылы келер ұрпаққа сапалы білім беру. Адамның үнемі 

ізденіске,  жаңалыққа  ұмтылуы  ол  физиологиялық  құбылыс,  ал 

заманауи  технологиялардың  қоғамымыздың  түрлі  салаларында 

орын  алып,  дамуы  бүгінгі  күннің  талабы.  Мемлекеттіміздің 

болашағы – бүгінгі мектеп оқушылары. Оларға бірдей талап қойып, 

олардың табиғи қабілеттерін, нақты мүмкіндіктерін анықтап, соған 

негіздеп  оқыту  –  біздің  негізгі  мәселеміз.  Инновациялық  үрдістің 

негізгі  –  жаңалықтары  қалыптастыру,  қолдану,  жүзеге  асырудың 

тұтастық  қызметі.  Оқушылардың  ой  -өрісін,  дүниетанымын,  сана-

сезімін дамытады. 

Білім  беру  жүйесін  ақпараттандыру  мәселелері  педагог 

ғалымдардың  үнемі  назарында  болып  келеді.  Мысалы,  білім 

саласын 

ақпараттандырудың, 

компьтерлендірудің 

әртүрлі 


аспектілері  В.С.  Гершунский,  В.М.  Монахов,  А.П.  Ершов 

еңбектерінде,  оқыту  процесінде  компьютерлік  технологияларды 

қолданудың  теориясы  мен  әдістемесі  В.А.  Каймин,  Ю.С.  Брановский, 

Н.В.  Василенко  еңбектерінде  қарастырылған.  Ал  Қазақстанда  бұл 

мәселелерге  Ж.А.  Қараев,  К.А.  Таңатаров,  К.З.  Халықова,               

К.Т.  Искакова,  Б.А.  Досжанов,  Н.И.  Аманжолова,  т.б.  зерттеулер 

жүргізді. 

Оқу  үрдісінде  жаңа  ақпараттық  –  коммуникациялық 

технологияларды  қолдану,  әлемдік  білім  кеңістігіне  толығымен 

еніп,  халықаралық  деңгейге  көтерілуде  білім  беру  үрдісіне 

ақпараттық  –  коммуникация  технологияларының  жетістіктерін 

енгізу  қоғамды  дамытудың  жоғарғы  тиімді  технологияларына 

сүйенген жаңа білім стратегиясына көшу болып табылады  

Заман    талабына  сай  технологияларды  ауқымы  кең,  түрлеріде 

күн  өткен  сайын  дамып,  өзгеріп  отырады.  Ең  бастысы 

технологияларды  тиімді,  жүйелі  қолдану  керек.  Инновациялық 



технологияларды 

қолдану 


барысында 

жеткен 


нәтижелер 

төмендегідей:  түрлі  техникалық  құралдарды  пайдалану  сабақтың 

нақты  мәнін  терең  ашуға  көмектеседі;  оқушылардың    барлығын 

сабаққа  белсенді  қатыстыруға  мүмкіндік  туды;  олардың 

әрқайсысының  деңгейін  анықтай  аласың;  оқушылардың  көбін 

бағалауға  мүмкіндік  аласың;  оқушыларды  ізденіске  баулып,  өз 

бетінше жұмыс істеуге үйретеді. Сонымен білім беру жүйесін жаңа 

технологиялардың алатын орны орасан зор. Осы технологиялардың 

көмегімен мұғалім аз күш жұмсап, көп сапалы нәтижелерге жетуге 

мүмкіндік  алды.  Ол  үшін  мұғалім  жаңа  технологиялардың 

мүмкіншіліктерін    шебер,  жүйелі  қолдана  біліп,  өз  білімділігімен, 

шеберлігімен  бала жүрегінің  кілт  таба білу керек. 

Осы жаңа инновациялық технологиялардың ішінде шетел тілін 

оқытуда  интерактивті  әдістерді  пайдаланудың  қазіргі  кездегі 

ахуалы  мен  болашағы  қандай  ?  –деген  сұрақ  төңірегінде  өз 

пікірімді білдіргім келеді. 

«Интерактив»  сөзі  ағылшынның  «interact»  сөзінен  шыққан, 

«inter»  -  өзара,  «act»  -  іс  –  қимыл  жасау.  Интерактивті  –  біреумен 

(мұғаліммен, сыныптас жолдастармен, т.б.) диалог,  әңгіме кезінде 

бір – бірімен өзара іс-әрекет жасауға қабілеттілікті білдіреді немесе 

компьютер  арқылы,  интерактивті  тақтаны  колданып  электронды 

оқулықпен оқыту болып табылады  

Интерактивтік әдіс – топтағы оқушылардың барлығын оқытуға 

және оқытушы жаңа материалды өте қызықты және қарқынды етіп 

түсіндіруге көмектесетін, көзге көрінетін құнды әдіс. Оқытушылар 

өздерінің жаңа ойларын, идеяларын әсерлі, тартымды етіп көрсету 

үшін  осы  әдісті  қолданса  мақсаттарына  жетеді.  Интерактивті  әдіс 

дұрыс жұмыс жасаса, оқушылардың білімдерін тексере де алады, ал 

егер  де  керекті  материалдардың  барлығы  алдын  ала  дайындалып, 

түсінуге  оңай  болса,  сабақтың  жақсы  қарқынды  өтуін  қамтамасыз 

етеді.  

Қашанда  ұлағатты  ұстаз  шәкіртінің  өзінен  озғанын  қалаған. 

Ақпараттандырылған  жаңа ғасыр білімін арттырамын деген әр бір 

оқушы  мен  мұғалімге  жағдай  тудырып  отыр.  Сол  себепті  де 

интерактивті  әдіспен  айналысатын  мұғалім  қасындағы  әріптестері 

арасында  өз  білімі  мен  тәжірибесін  таратуға,  оқушылардың  ата-

аналарымен  және  әр  түрлі  әлеуметтік  топ  өкілдерімен  жұмыс 

жүргізуге дайын болуы керек. Ол үнемі өзінің жас танымпаздарына 

тәжірибе  жасауға  ыңғайлы  жағдай  жасап,  олардың  өз  көзқарасын 


өздері айқындап, белгілі бір қорытындыға келуіне мүмкіндік беруі 

тиіс.  

Оқытудың интерактивті әдістері үлгілері: «Ми шабуылы»,  «ми 

штурмы»  («дельфи»  әдісі)  –  бұл  әдіс,  берілген  сұраққа  кез-келген 

оқушы  жауап  бере  алатын  әдіс.  Маңыздысы  айтылған  көзқарасқа 

бірден  баға  қоймау  керек,  барлығын  қабылдау  қажет  және 

әрқайсысының пікірін тақтаға немесе парақ қағазға жазған дұрыс..  

«Ми  шабуылы»  хабарландыруды  анықтау  керек  болғанда 

және/немесе  қатысушылардың  белгілі  сұраққа  қатынасы  кезінде 

қолданылады.  Жұмыстың  бұл  нысанын  кері  байланыс  алу  үшін 

қолдануға болады. 

Шағын  топтардағы  жұмыс.Алдын  ала  сақтандыру  оқуы 

процесін  оқушыларға  шамамен  жобалап  құру  қажет.  Аталған 

жағдайда  ең  тиімдісі  топтарда  жұмыс  істеу.  Мұндай  жағдайда 

оқытушы  диагностика  мен  мониторингті  қамтамасыз  етеді,  оқу-

жаттығу  ортасын  ұйымдастырады,  алғашқыда  басқа  ресурстар 

болмаса қолдау (кеңес, нұсқаулар береді) көрсетеді. 

Тест  сынағы.Тест  сұрақтарын  ала  отырып  оқушылар  оларды 

назар  сала  оқулары  және  тиісті  графада  өздерінің  жауап 

нұсқаларын: «дұрыс», «дұрыс емес», «білмеймін» деп белгілеулері 

тиіс. 

Рөлдік  ойын.  Рөлдік  ойын  -  бұл  өмірлік  жағдайлардың  белгілі 

бір мінез-құлық немесе эмоционалдық жақтарын меңгеру ниетінде 

алдын-ала бөлінген рөлдер арқылы қатысушы топтардың сахналап 

ойнауы. 

Шағын  лекциялар  теориялық  материалды  ұсынудың  тиімді 

материалдарының  бірі  болып  табылады.  Оны  бастар  алдында 

алдыда  тұрған  тақырыппен  байланысты,  ми  штурмын  немесе 

рөлдік ойынды өткізу қажет, ол қатысушылар үшін оның маңызын 

арттырады,  оларды  ақпараттандыру  дәрежесі  мен  тақырыпқа 

қатынасын анықтайды. 

Жобаны 


әзірлеу.Бұл 

әдіс 


қатысушыларға 

ойша 


аудиториялардан  шығып,  талқыланатын  мәселе  бойынша  өз 

әрекетінің  жобасын  жасауға  мүмкіндік  береді.  Ең  бастысы,  топ 

немесе  жекелеген  бөлімшелердің  өз  жобасын  қорғайтын, 

басқалардың  алдындағы  өзінің  артықшылығын  дәлелдейтін  және 

достарының пікірін білуге  мүмкіндігі болады. 

Бейнефильмдерді  көру  және  талқылау..  Фильмді  көрсетер 

алдында оқушылардың алдына бірнеше (3-5) шешуші сұрақтар қою 


керек.  Бұл  келесі  талқылауға  салудың  негізі  болады.  Алдын  ала 

таңдалып  алынған  кадрлармен  фильмді  тоқтатып,  пікір  сайыс 

өткізуге болады. 

ТренингОқудың 

интерактивті 

әдістерін 

пайдаланумен 

өткізілетін сабақ тренинг деп аталады. 

Тренинг  дегеніміз  не?  Тренинг  сөзі  (ағылшын  тілінен  train  – 

тәрбиелеу, оқыту, үйрету, машықтандыру) – бұл жұмыс нәтижесіне 

және  қажетті  машықты  дамытуға  қол  жеткізуге  бағытталған, 

машықтану  және  қандай  да  бір  саладағы  жүйелі  тапсырмаларды, 

әрекеттерді немесе ойындарды орындай білу.  

Күнделікті  сабақ  үнемі  оқушылардың  онысыз  да  білетін 

жағдайларынан басталады. Мысалы, шетел тілін оқыту барысында 

мұғалім  сабақ  түсіндіруден  бұрын  оқушылардан  өтілетін 

тақырыптары жайлы кім не білетіндігін ортаға салуларын сұрайды. 

Оқушылар  тақырып  туралы  әдеби  кітаптан  оқығанын,  ал  біразы 

теледидардан  көргенін,  естігендерін  немесе  алдын  ала  оқулықтан 

қарап келгендерін, т.б. жағдайда алған мәліметтерін «миға шабуыл» 

әдісі арқылы ортаға салады. 

Бұл сәт – диагностика сәті.  

Мұғалім  азғантай  уақыттың  ішінде  алдында  отырған 

оқушылардың  осы  тақырып  төңірегінде  не  білетіндігін  немесе 

білмейтіндігін аңғара алады. Одан кейін – ізденіс тенденциясы сәті. 

Мұнда балалар жұппен немесе топпен жұмыс істей отырып, «миға 

шабуыл»  әдісі  арқылы  тізген  сөздерді  кеңейтіп  түсіндіру  үшін  өз 

беттерінше  оқулықпен  немесе  басқа  қосымша  әдебиеттермен 

жұмыс  істейді,  10-15  минут  өткеннен  кейін  «тұсау  кесер»  сәтінде 

әбір  топ  белгілі  бір  сұрақтар  бойынша  өз  мәліметтерін  қорғайды. 

Осыдан  кейін  барып  мұғалім  әліде  жеткіліксіз  жатқан 

жағдайлардан ақпарат береді. Ал жаңа тақырып толық түсіндіріліп 

біткеннен  кейін  пікір-сайыс,  рөлдік  ойын,  казус  шешу,  т.б. 

интерактивті әдістер арқылы сабақты бекітіп, пысықтауға болады. 

Нәтижесінде  мұғалім  45  минуттың  5-7  минут  уақытын  ғана 

алып,  қалған  уақыттың  бәрінде  оқушылардың  өздері  ізденіп, 

танымдарын  арттыруына  жағдай  туады.  Тіпті,  керек  десеңіз, 

интерактивті әдіс арқылы оқушылар өз білімін өздері бағалайды да. 

Олар  алған  білім,  білік,  дағдылары  бойынша  бағаланады. 

Әсіресе  өзін-өзі  бақылау,  жұптық  өзара  бақылау,  топтық  өзара 

бақылау кезеңдері сабақты бекітуде біршама көмегін тигізеді.  


Бұл бақылауларды мына бағалау белгілері арқылы іске асыруға 

болады.  Оқушының  өзін–өзі  бағалауы.(Бұл  бағалауды  жұптың 

өзара бақылауына да пайдалануға болады). 

1.

 



Менің  бүгінгі  тақырыпқа  өз  бетімше  дайындығым:  төмен, 

орта, жоғары. 

2.

 

Бүгінгі жаңа тақырыпты игеруім: төмен, орта, жоғары. 



3.

 

Бүгінгі сабаққа қатысуым: төмен, орта, жоғары, т.б. 



Топтың өзара бағалауы (топтар бір-бірін бағалайды).  

1.

 



Топ  ұжымының  татулығы,  белсенділігі,  өзара  әрекет  әдебі, 

топтық араласу стилі: төмен, орта, жоғары. 

2.

 

Жаңа  тақырыпты  өмір  мен  байланыстыра  айтуы  (қосымша 



материалдар, БАҚ жаңалықтары): төмен, орта, жоғары. 

3.

 



Сөйлеу шешендігі, мәдениеті, т.б. төмен, орта, жоғары. 

Бұл  бақылаулар  оқушыларды  өздеріне  және  өзгеге  сын 

тұрғысында  қарауға  үйретеді.  Онда  біреуді  бағалау  үшін  өзінде 

тиісті білім болуы қажеттігі туады.  

Бұл  бақылау  мен  бағалау  баланың  бойында  мына  қасиеттерді 

қалыптастырады:  еріктілік,  еңбексүйгіштік,  өз  күшіне  сенуі, 

қабілеттілігі,  жауапкершілікті  сезінуі,  адалдық,  жолдастық 

қасиеттер,  сөз  қоры,  ғылыми  ақпараттарды  ақтаруы,  өзінше  түйін 

жасауы, сөйлеу мәдениеті, т.б. 

Осындай  қасиеттерді  игерген  балада,  әрине,  пәнге  деген 

сүйіспеншілік,  қызығу  туады.  Нәтижесінде  сабақтың  сапасы 

артады. Бала өзін тұлға деп сезінеді. Мұғалім де, оқушы да тұлғаны 

тану және таныту жолында қызмет жасайды. 

  Қазіргі  кезде  интерактивті  оқыту  2  бағытта  жүзеге  асырылып 

жүр. 

1.

 



«Қарым-қатынас  мәдениеті»,  «Риторика»,  «Біз  адамдар 

арасында өмір сүреміз», т.б. арнайы оқу курстарын ендіру. 

2.

 

Оқу  жағдаяттарын  барынша  пайдалану,  оқушылар  үшін 



«қарым-қатынас алаңын» құру.  

Интерактивті  оқыту  үрдісінде  оқу  диалогының  сөздік  емес 

және сөздік тәсілдерін қарастырып көрелік. 

Сөздік  емес  оқыту  тәсілдері  төмендегідей  жағдайлармен 

анықталады:  

-визуальды; 

-акустикалық және т.б. 

Интерактивті оқытудың сөздік тәсілдеріне мыналар жатады:  



-ашық  сұрақтарды  қою  іскерлігі  (біріккен  «дұрыс»  жауапқа 

алдын  ала  бағытталған  жауаптар  емес,  мәселе  бойынша  әр  түрлі 

көзқарастарды айту); 

-мұғалімнің өз тұғырын өзара әрекеттесуде анықтаушы ретінде 

емес,  сонымен  қатар  оқушыларға  сабақ  барысында  «дұрыс»  және 

«бұрыс»  көзқарастарды  ешқандай  қорқынышсыз  айтуларына 

мүмкіндік беретін бейтарап ретінде анықтауы; 

-сабақтың  қалай  және  неге  жүзеге  асатынын  түсінуге  көмек 

беретін  сабақты  өзіндік  талдауға  дайындық,  қай  жерде  өзара 

әрекеттесу  «тоқырап»  қалды,  бұл  қандай  жағдаймен  байланысты 

болды, келешекте қалай шешуге болады; 

-сабақтың  өту  жағдайын,  оның  нәтижелігін  қадағалауға 

мүмкіндік беретін ескертулерді тіркеу. 

Интерактивті оқыту әдістерінің түрлері: топтармен жұмыс; оқу 

пікір  сайысы;  «Сократтық  диалогтар»;  ойындық  жобалау;  ми 

шабуылы;  пікірталас;  дөңгелек  үстел.  Енді  осы  әдістерді 

қолданудың әдістемесін қарастырайық..  

Топтағы  жұмыс».  Топ  төрт  адамнан  тұратын  топшаларға 

бөлінеді. Әрбір топша аудиторияда өздерінің тиесілі орнын табады.  

1-кезең.  Жеке  жұмыс.  Педагог  көлемі  жағынан  кең  тапсырма 

береді,  яғни,  оқушылар  оқулықтың  3-4  тақырыпшадан  тұратын 

материалын  оқып,  қысқаша  мазмұнын  жазады.  Бұл  тапсырманы 

дайындауға және өткізуге 15-20 минут уақыт беріледі. 

2-кезең.  Жұппен  жұмыс.  Әрбір  топша  мүшесін  өзіндік  шартты 

белгімен бейнелейміз: төрт адам – алфавиттің төрт әрпімен А,В,С,Д 

деп  белгіленеді.  Екінші  кезеңде  әрбір  қатысушы  өзіне  серіктес 

таңдайды. Мысалы, А-Д, В-С Тапсырма мазмұны өзгермейді. Бірақ, 

бұл  кезеңнің  мақсаты  топша  ішіндегі  жұптардың  ортақ  шешімге 

келуіне әкелу. Уақыты - 10 минут. 

3-кезең.  Жұп  болып  жұмыс  жасауды  жалғастыру.  Төрттіктегі 

жұптар  тағы  да  алмасады.  Мазмұны  өзгермейді.  Бұрынғы 

жұптардың  өкілдері  әріптестеріне  мәселені  өзіндік  шешудің 

жолдарын  және  жаңарту  мүмкіндіктерін  іздестіреді.  Уақыты  –  10 

минут. Осылайша топтың әрбір мүшесі басқаның пікірін тыңдауға 

мүмкіндік алады, мәселені қалай түсінгендігін білдіреді, мәселенің 

табылған шешімін қорғай білуге үйренеді. 

4-кезең.  Топтық  шешімді  қабылдау.  Әрбір  төрттік  жиналады. 

Топ  мүшелерінің  мәселені  шешу  әдістерінен  хабары  болса  да,  бұл 

кезеңнің  мақсаты  –  ортақ  жағдайды  жасау.  Бұл  жағдайда  тек 


мазмұнына  ғана  емес,  сонымен  қатар  орындау  формасына 

(топшалар  жазба,  сурет,  кесте,  өлең  түрінде  өз  шешімдерін 

ұсынулары  мүмкін)  назар  аударылады.  Ізденуге  10  минут  уақыт 

беріледі. 

Жұмыстың  бұл  формасы,  яғни,  ақпаратты  белсенді  меңгеруге 

бағытталған  біріккен  іс-әрекет  дағдысын  қалыптастыруға  мүмкін 

береді. Әсіресе, бұл өзгелерден қысылатын оқушыларға көмектесіп, 

оқушылардың  өзін-өзі  бағалауына  жағымды  әсер  етеді.  Бірақ, 

барлық  әдістер  сияқты  бұл  әдістің    де  өзіндік  кемшіліктері  бар. 

Мәселен,  оқушылар  шағын  топтың  пікірімен  ғана  санасып, 

тұйықталып  қалуы  мүмкін.  Сондықтан  өзара  әрекеттесудің  жаңа 

фомасы  «Мозайкаға»  көшуге  болады.  Бұл  әдістің  мәні  топтардың 

бірігіп  шешім  табуы  емес,  ұжымның  ортақ  пікірді  ортаға 

шығаруынан  тұрады.  Бұл  әдістің  мазмұны  алдынғы  әдістермен 

бірдей.  Алайда  бұл  әдістің  ерекшелігі  мәселенің  шешімін  топ 

ішінде емес, шағын топтың сыртында шешуге тырысады.  

1-кезең.  Шеңбер  ішінде  мәселені  шешу.  Кезеңнің  аты  айтып 

тұрғандай,  мәселе  төрт  адамнан  тұратын  кіші  топтардың  ішінде 

шешіледі.  Әрбір  қатысушы  талқылаудың  (15-20  минут)  соңында 

сол топтың ортақ шешімінің жоспарын білуі керек. 

2-кезең.  Адамдар  арасында  мәселені  шешу.  Бұл  жағдайда  да 

кезеңнің  аты  кейінгі  әрекеттерді  көрсетеді.  Алдыңғы  топтар 

уақытша  таралып,  жаңадан  «әріптік  бірлік»  қағидасы  бойынша 

құралған  топтар  (А-А-А-А)  келеді.  Әрбір  жаңа  топтың 

қатысушылары  өзінің  мәселені  шешу  жолдарын  ұсынып  өзге 

топтардың  пікірлерімен  танысады.  Ортақ  және  тиімді  шешім 

таңдалады.  

3-кезең.  Жаңа  шешімді  іздестіру.  Алғашқы  топтар  қайта 

құрылып  бірігеді.  Бұл  біріккен  ізденісте  бір  оқшауланған  топтың 

жұмысымен  салыстырғанда  объективті  шешім  анықталады. 

Уақыты  –  15-20  минут.  Бұл  өзара  әрекетте  әрбір  жеке  топтардың 

шешімі барлық ұжымның бірдей шешіміне жақын келеді. 

Сабақты интерактивті түрде өткізген кезде оқушылар тек қана 

бақылаушы  болып  қатыспай,  қиын  мәселелерді  де  өз  бетінше 

шешуге ұмтылады.  

Интерактивті технология әдістеріне мыналар жатады: 

1) эвристикалық әңгіме, 

2) пікірсайыс әдісі,  

3) “миды шабуылдау” әдісі, 


4) “дөңгелек үстел” әдіс,  

5) “іскерлік ойын” әдісі және т.б. 

Интерактивті  әдісті  қолдана  отырып  көптеген  қызықты 

тапсырмалар  беруге  болады.  Мысалы,  «Мақалды  тап»,  мақалды 

екіге  бөліп  орналастырып,  екінші  бөлігін  тақта  бетінен  тауып 

әлектронды  маркермен  жылжытып,  мақалды  құрастырып,  қазақша 

баламасын  сұрауға  болады  .  Өзі  құрастырған  мақалды  бала  есіне 

сақтап қалады. Мысалы, There is no place, like home 

   

           Better late than never 



   

           There is no smoke without fire 

   

           To make a mountain out of molehill 



Интерактивті  тақтаға  сөзі  анық  жазылған  ағылшын  тіліндегі 

видеороликтерді, 

аудио 

дискідегі 



өлеңдерді, 

электронды 

оқулықтарды  компьютер  арқылы  енгізіп,  тақырыбы  бойынша 

сабақта  қолданамын.  Бұл  көрнекі  құралдар  тақырыпты  ашуға, 

оқушыға жеткізуге көп көмегін тигізеді.  

Оқытудың  жаңа  технологиясы-интерактивті  әдістерді  шетел 

тілін  оқу  процесінде  пайдалану  нәтижесі  төмендегідей  деген 

қорытынды  жасауға  болады:  оқушыларға  тақырып  шеңберінде 

мәліметтер  көлемі  ұлғайды;  оқушының  пәнге  қызығушылығы 

артады,  дағды,  зейін  дамиды;  дидактикалық  материалдар  қоры 

ұлғайды;  өткен  материалды  қайталау  мүмкіндігі  туды;  сурет, 

сызбалар дыбыстық әсерлер, қимыл анимациялары іске асырылды; 

сабақтан  тыс  жұмыстарда  қолданылды;  электрондық  оқулықты, 

интернет желісін сабақта қолданды.  

Сабақ  -  мұғалімнің  ізденісінің  нәтижесі.  Күнделікті  сабақтағы 

бір  сарындылық  оқу  –  оқушының  пәнге  деген  қызығушылығын 

жоғалтады.  Баланың  қызығушылығы  мен    ынтасының  жоғалуы 

дегеннің  мұғалім  үшін  үлкен  мәселе.  Осы  мәселені  шешу  үшін, 

мұндай  мәселе  болдырмау  үшін      мұғалім  бар  күш  -  жігерін, 

шеберлігін салып сабақ өтеді. 

Интерактивті 

әдісті 


пайдалануда 

оқушылардың 

жас 

ерекшеліктеріне  қарай  әртүрлі  тақырыпта  материалдар  енгізіп 



қоюға болады, кез-келген керек уақытта сол материалды ойланбай 

қолдануға болады. Ағылшын тілін үйрету барысында интерактивті 

әдіс  оқу  процесін  жекешелендіреді  және  ерекшелендіреді; 

оқушылардың  ойлау  қабілетін  дамытады;  оқып  жатқан  тілде 

мәліметтерді  тыңдау  арқылы  сол  тілде  сөйлеушілермен  қарым-


қатынас жасауға мүмкіндік береді; сабақта әртүрлі тиімді әдістерді 

қолдануға мүмкіндіктер ашылады. 

Интерактивті әдіс белсенділік танытып тапсырмаларды ұқыпты 

орындаған  оқушылардың  ой-өрісін  жетілдіруіне,  шығармашылық 

қабілетін  арттыруына, белсенділігін  дамытуына ықпалы зор. ХХІ 

ғасыр  –  озық  технологиялар  ғасыры.  Сондықтан,  білім  беру 

жүйесінде  жаңа  интерактивті  оқыту  технологиясын  тиімді 

пайдалану - заман талабы. Алдағы уақытта ұстаздар қауымы білім 

беру  жүйесінің  қай  саласы  болмасын  осы  жаңа  технологияларды 

кеңінен  қолдануда  көптеген  сапалы  нәтижелерге  қол  жеткізе 



беретіндігіне сенеді. 

 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал