ПƏннің ОҚУ Əдістемелік кешені



жүктеу 0.74 Mb.
Pdf просмотр
бет5/9
Дата30.03.2017
өлшемі0.74 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9

№18 дəріс 

Тақырып: Ши орау. 

Дəрістің мазмұны: 

1. Ши орау жұмысының жұмыс орны. 

2. Ши тоқу технологиясы. 

Мақсат: Ши  түрлеріне жалпы сипаттама.  

1. 

Ши орау   жұмысының жұмыс орны. 

        Қазақ  халқының  қолөнерінің  бірі  –  ши  тоқу  өнер  туралы  түсінік  беру.  Балаларға 

тəрбие  беру  негізінде  өз  ұлтының  ғасырлар  бойы  жинақтаған  құнды  тəжірибесін, 

адамгершілік  қағидалары  бойына  сіңіріп  отырып,  өнер  мен  мəдениетін,  тілін,  əдет  –   



ғұрпын, ата салтын, халықтың қалпын жоғалтпау мақстатында ши тоқу əдісін балаларға 

үйрету.  

Жаңа  сабақты  түсіндіру  барысында  көрнекілік  ретінде  жеке  тал  ши  сабағы 

көрсетіледі.Ши астық тұқымдасына жататын өсімдік. Биіктігі 50 – 250 см, сабағы көп, тік 

өсді,  түсі  көкшіл.  Ши  ұзындығы  15  –  50    см  маусым,  шілдеде  гүлдейді.  Əдетте  суға 

жақын  жерде  өседі.  Иран,  Қытай,  Монғолия,  Орта  Азия,  Оңтүстік  Қазақстанда  өсетіні 

картадан  көрсетіледі.  Ши  ұлттық  үй  жиһазы.  Ши  екіге  «ақ  ши»    жəне  «шым  ши» 

бөлінеді.  Ақ  ши  күнделікті  жұмысқа,  киіз  басуға,  құрт  –  ірімшік  кептіруге 

пайдаланылған. Шым ши деп ою - өрнек салынған шиді атаймыз. Ол өте бағалы болған.  

                            2.Ши тоқу технологиясы  

1.  Шиді дайындау. Тазаланғанда қолды қиып кетпес үшін, қауіпсіздік ережесін ескеру.  

2.  Ши тоқу қондырғысын дайындау (екі қада басында ашасы бар, оған белағаш қойылады).  

3.  Белағаш 15 см кертіктер түсіру. 

4.  Кертіктерге  жіп  байланады,  оны  арқау  жіп  дейді  Ал  жіп  ұштарына  саламақ  тас 

байланады.  

5.  Тас байланған жіпті айқастырып бірі – бірлеп тоқылады.  

6.  Тоқылған ши бастары тегістеліп қиылады.  

Сарамандық жұмыс Оқушылар ши орайды. 



Кілттік сөздер:  жіп,  

Бақылау сұрақтары: 

1. Бұйымдарды жалғаудың қандай түрлерін білесіз? 

2. Шимен қандай жұмыстар жасадады? 

Əдебиет: 1.С.Қасиманов ƏƏ «Қазақ халқының қол өнері» Алматы: Қазақстан 1995. 

№19 дəріс 

Тақырып: Сүйек пен мүйізді ұйқастау өнері 

Дəрістің мазмұны: 

1.Сүйекпен мүйізден  жасалған мүліктер жұмысының негізгі түрлері.  

2.Сүйекпен мүйізден жасалатын мүліктердің технологиясы. 

Мақсат: Сүйектердің негізгі түрлеріне жалпы сипаттама.  

1. Сүйек пен мүйізден   жасалатын мүліктер. 

Сүйекпен мүйізден жасалатын  мүліктер:  айна қойғыш,  алқа,  астау,  біз,домбыра,  есік, 

инеі  кесте  біз,  кереге,  қамшы  сап,  қалам  сап,  қарғы,  ожау,ойыншықтар,  сүргі,  табақ, 

түйреуш, түрлі ыдыстар. 

Мүйізден  жасалатын  мүліктен:  айшық,  айбалта  сабы,  бал  қасық,  білезік,  домбыра, 

есік, кесте біздің сабы, қармақ сап, нота қойғыш, ожау, ою, тарақ, шкаф. 



2. Сүйек пен мүйіз ден жасалатын мүліктердің технологиясы.. 

Сүйекті  кесіп,  тесіп  жонып өңдеу  мүмкіндігі  туды.  Сүйек пен  мүйіз  енді  өз  алдына 

құрал  жабдық  болумен  қатар,  басқа  құрал  жабдықтарды  да  өңдейтін  ою-  өрнек,  əшекей 

мүліктеріне айналады.. Əр халықта сүйекті əрқилы ұқсату əдістері, мəнерлері дами түсті. 

Сүйекті  жону,  өрнектеу,  шегелеу,  сүйекке  күміс  қақтау  сияқты  жұмыстар  өте  нəзік 

болумен  қатар  аса шеберлікті  талап  етеді.  Сүйекті  ағартып  немесе  сарғылт  мөлдір  түсті 

етіп  өңдеуге  болады.  Сүйекті  аппақ  қардай  ету  үшін  оны  қайнатып,  ыстық  қоламтаға 

көміп кептіреді, ал сарғылт түске келтіру үшін май жағып, шоптің түтініне ұстайды  



Кілттік сөздер:  мүйіз, сүйек, күміс, қамшы,  

Бақылау сұрақтары: 

1.Бұйымдардыңқандай түрлерін білесіз? 

2.Қандай сүйектерді зеңгерлер қадірлейді? 

Əдебиет: 1.С.Қасиманов ƏƏ «Қазақ халқының қол өнері» Алматы: Қазақстан 1995. 

№20 дəріс 

Тақырып: Ағаш бұйымдары. 


Дəрістің мазмұны: 

1.Ағаштан жасалатын  мүліктер жұмысының жұмыс орны. 

2.Ағаш  мүліктер жұмысының негізгі түрлері.  

Мақсат: Ағаштан жасалатын бұйымдарға  негізгі түрлеріне жалпы сипаттама.  

1. Ағаштан жасалатын мүліктер жұмысының жұмыс орны. 

Ағаштен  бұйым  жасайтын  шеберлер:  емен,  қайың,самырсын,  үйеңкі,  қызыл  қарағай, 

шынар,  қара  шғаш, ырғай,  шырғай,  тасжарған,  мойыл,  қайыңның  түбірі.  Жаңғақ  ағашы, 

май қарағай сияқтыларды,пайдаланады. Бұлардың бірі қатты, бірі жонуға оңай, жылтыр, 

ал  кейбіреуі  жарылмайтын,  қаңсымайтын  болса,енді  кейбіреуі  иілгіш,  жеңіл,  су 

сіңбейтін, бірақ бояу сіңгіш, желім ұстағыш болады. 



2. Ағаш мүліктер жұмысының негізгі түрлері. 

Ағаштан тағы басқа да заттар жасалады. 

 Ағаш  ұстасы  стол,  шкаф,  орындық,  кебеже,  асалал,  рамалар  жасайды.Ағаш 

оюшылар оны жонып күйдіреді де бояулап өрнектейді. 



Кілттік сөздер:  желімді, балқытылған, бекітпе, жұмыс орнының дұрыс орналасуы. 

Бақылау сұрақтары: 

1.Бұйымдарды жалғаудың қандай түрлерін білесіз? 

2.Машина  мен  жұмыс  жасаған  кезде  жұмысшы  машинадан  қандай  қашықтықта  отыру 

керек? 


Əдебиет: 1.С.Қасиманов ƏƏ «Қазақ халқының қол өнері» Алматы: Қазақстан 1995. 

№21 дəріс 

Тақырып: Ер қосу. 

Дəрістің мазмұны: 

5.  Ер қосу мүліктер жұмысының жұмыс орны. 

6.  Ер қосу  мүліктер жұмысының негізгі түрлері.  

Мақсат: Ер қосу түрлеріне жалпы сипаттама.  

1. Ер қосу  мүліктер жұмысының жұмыс орны. 

Аттың таулы жерлерде мінуге, аңшылық пен мал шаруашылығы үшін де өте қолайлы 

көлік екені белгілі Сондықтан атты міну үшін оның арқасына батпайтын, жүрісіне бөгет 

болмайтын,  мінген  адамға  жайлы  ер-  тоқым  керек.  Дұрыс  жасалмаған  ер  атты  жауыр 

етіп, мінегн адамды шаршатады.Ер қосу өнері аса қиын да, қажетті өнер екенін белгілі.. 

2. Ерге қолданылатын мүліктер жұмысының негізгі түрлері. 

Ерге  өте  жақсы  ағашты  қолданады.  Мұндай  ағаш  қайыңның,  үйеңкінің,  қара 

мойылдың  түбірінен  немесе  сол  ағаштардың  жуан  ортасынан  алынып,    мұқият 

кептіріледі.Ер  қосу  деп  ердің  бөлшектерін  жонып,  қиюластырып  қосуды  айтады.  Ердің 

«қазақ  ері»,  «қоқан  ері»,  «құранды  ері»,  «ашамай  ер»,  «қазақ  бас  ер»,  «орыс  ері»  деп 

аталатын түрлері бар. 



Кілттік сөздер: Ер, күміс ер, қоқан, құранды ер, орс ер. 

Бақылау сұрақтары: 

1.Ерлердің  қандай түрлерін білесіз? 

2.Ерлердің жасалу техникасы? 

Əдебиет: 1.С.Қасиманов ƏƏ «Қазақ халқының қол өнері» Алматы: Қазақстан 1995. 

№22 дəріс 

Тақырып: Зергілік өнерінің басты- басты үлгілері. 

Дəрістің мазмұны: 

1.Зергілік мүліктер жұмысының жұмыс орны. 

2.Зергілік жасау жұмысының негізгі түрлері.  

Мақсат: Зергілік жұмыс түрлеріне жалпы сипаттама.  

1. Зергілік өнерінің үлгілері.. 


Білезік.  Қазақ  зергерлері  жасап  жүрген  білезіктердің:  қос  білезік,  бес  білезік,  жұмыр 

білезік,  орама  білезік,    бұрама  білезік,  кавказ  білезік,  көзді  білезік.  өрме  білезік,  үзбелі 

білезік,  топсалы  білезік,    қолқа,  (қуыс)  білезік  деген  түрлері  бар.Бұлардың  үлкен  - 

кішілігі,  ауыр-  жеңілдігі  əркімнің  қалауынша  бола  береді.Білезіктердің  аталуына  қарай, 

олардың бетіне 

2. Киізден басылатын мүліктер жұмысының негізгі түрлері. 

Киізден тағы басқа да заттар жасалады. 

Киіз  етік.  Бима  басу.  Текемет  басу.Ақ  киіз,  ақ  сырмақ,ақ  текемет,  ақ  қалпақ,  ат  жабу, 

аауыт,  аяққап,  байпақ,  балшық,  белдемше,  бел  киіз,  есік  киіз,  жер  төсек,  жер  жастық, 

жаға, жамылғы т.б. 

Кілттік сөздер:  желімді, балқытылған, бекітпе, жұмыс орнының дұрыс орналасуы. 

Бақылау сұрақтары: 

1.Бұйымдарды жалғаудың қандай түрлерін білесіз? 

2.Машина  мен  жұмыс  жасаған  кезде  жұмысшы  машинадан  қандай  қашықтықта  отыру 

керек? 


Əдебиет: 1.С.Қасиманов ƏƏ «Қазақ халқының қол өнері» Алматы: Қазақстан 1995.128-137. 

бет. 


№23 дəріс 

Тақырып: Кесте жəне көркемдеп тігу. 

Дəрістің мазмұны: 

1.Кесте көркемдеп тігу мүліктер жұмысының жұмыс орны. 

2.Кесте бұйымдарының негізгі түрлері.  

Мақсат: Машина тігісінің негізгі түрлеріне жалпы сипаттама.  

1. Киізден басылатын мүліктер жұмысының жұмыс орны. 

Кесте  жəне  көркемдеп  тігу  ою-  өрнекті  əшекейлеудің  ертеден  жатқан  элементтерінің 

басты түрі. Кестені бізбен жəне жай инемен əшекейлеп тігу барлық халықтарға да ортақ 

өнер.  Бізбен,    машинамен  жəне  инемен  көркемдеп  тігілген  кестені  əшекейлеп  кестелеу 

(художественная вышивка ) деп аталады. 

2. Кесте  мүліктер жұмысының негізгі түрлері. 

Біз  кесте,  шым  кесте,  айқас  креспен  тігу  кестесі,  тесіп  торлау,  кестені  түкпен 

тігуалтындап тігу.  

Кілттік сөздер:  Кесте, біз, шым кесте, айқас, тесу, торлау, кестені түкпен тігу, алтындап 

тігу 


Бақылау сұрақтары: 

1Кесте тоқу қандай түрлерін білесіз? 

2.Кестені қайда қолдануға болады? 

Əдебиет: 1.С.Қасиманов ƏƏ «Қазақ халқының қол өнері» Алматы: Қазақстан 1995.138-150  

бет. 


№24  дəріс 

Тақырып: Қол тігісінің түрлерін үйрену. 

Дəрістің мазмұны: 

1.Қол тігістерінің жұмысының жұмыс орны. 

2.Қол тігістерінің негізгі түрлері.  

Мақсат: Қол  тігісінің негізгі түрлеріне жалпы сипаттама.  

1. Қол тігістерінің жұмысының жұмыс орны. 

Жіңішке  инемен  жібек,  торғын  сияқты  жұқа  материалдарды,  оларға  салынатын 

кестелерді тігеді. Қол тігістерін жайға отырып стол мен отырғыш , немесе сакиге отырып 

жұмыс жасалады.Сол жағынан жарық түсіп тұруы өте қажет. 



2. Қол тігістерінің негізгі түрлері. 

Қол тігістері: жормау, саба тігісі, бүгіс, қаю, теншеу, жамап тігу, қабу, көктеу, қабырға 

тігіс, таңдай тігіс, бүрме тігіс, есіп жөрмеу, жара тігіс, маржан тігіс, шалып тігу т.б. 



Кілттік сөздер: жормау, саба тігісі, бүгіс, қаю, теншеу, жамап тігу, қабу, көктеу, қабырға 

тігіс, таңдай тігіс, бүрме тігіс, есіп 



Бақылау сұрақтары: 

1.Біз кестенің қандай түрлерін білесіз? 

2.Ең көп қолданылатын тігіс? 

Əдебиет: 1.С.Қасиманов ƏƏ «Қазақ халқының қол өнері» Алматы: Қазақстан 1995.138-150   

бет. 


№25 дəріс 

Тақырып: Тас өңдеу өнері. 

Дəрістің мазмұны: 

1.Тастан  басылатын мүліктер жұмысының пайдалануы? 

2.Тас мүліктер жұмысының негізгі түрлері.  

Мақсат: Тастың  негізгі түрлеріне жалпы сипаттама.  

1. Тастан басылатын мүліктер жұмысының жұмыс орны. 

Тасқа  паналау,  тас  қалау,  тасты  құрал-  жабдық  ретінде  пайдалану  жəне  өрнектеу, 

таспен  басқа  затты  өрнектеу,  тастан  мүсін  жасау  өнерлерінің  ертеден  пайда  болғаны 

мəлім.Тас қашаудың ең ертедегі кезеңі жартастарға түсірілген суреттерде де кездеседі.  



2. Тастан басылатын мүліктер жұмысының негізгі түрлері. 

Тастан  салынған  сымбаттар:  скульптуралар,Үй,  қора,  мешіт,    зират,  мұнара  салуға, 

құдық  шегендеуге  пайдаланады.Тасты  əшекейлеу  бірнеше  əдіспен  істеледі.  Мысалы: 

діңгек, карниз, мүсін, құлпы тас, жазу жабдығы сияқты. Ал алтын күміс сияқты заттардан 

бұйым жасағанда оларды асыл тастармен əшекейлейді. 

Кілттік сөздер: тас, күміс, алтын, карниз, мүсін, құлпы тас, жазу жабдығы. 

Бақылау сұрақтары: 

1,Бұйымдардың қандай түрлерін білесіз? 

2.Тастардың , асыл тастардың сипаттамасы? 

Əдебиет: 1. С.Қасиманов ƏƏ «Қазақ халқының қол өнері» Алматы: Қазақстан 1995.151-154. 

бет. 


№26 дəріс 

Тақырып: Қазақтың ұлттық киімдері. Əйел киімдері Ер адам киімдері. 

Дəрістің мазмұны: 

1.Атауларымен мен киімдердің түрлеті. 

2.Киімдердің топтары.  

Мақсат: Машина тігісінің негізгі түрлеріне жалпы сипаттама.  

1. Атауларымен мен киімдердің түрлеті. 

Шапан,  польто,  кимешек,  шалбар,  дамбал,  бау  дамбал,  спортпен  шұғыалатын  киім, 

қысқы киім, көйлек, жазғы тұры киетін полто, майка, сулық киім- шекпен, қатпал шапан, 

желетка, камзол, кəзекей, тон, шидем, шапан, күпі (театральное) 



2.Киімдердің топтары

Киімдердің  іштік  ,  сырттық,  сулық,  бір  киер  делініп  төрт  топқа  бөлінеді.  Іштік 

киімдерге  -  көйлек,  дамбал,  желетке,  камзол,  кəзекей,  сырттық  киімдерге-  шапан,  күпі, 

тон,  шидем,  сулық  киімдерге  -  шекпен,  қаптал  шапан,  брезент,  кебенек,  кенеп,  сырттық 

жатады. 

Кілттік сөздер:  Шапан, казол, кимешек, саукеле, кəзекей- ұлттық киімдер, 

Бақылау сұрақтары: 

1.Ұлттық киімдердің  қандай түрлерін білесіз? 

2.Кəзіргі кезде ол киімдерді қөайда қолдануға  керек? 


Əдебиет: 1.С.Қасиманов ƏƏ «Қазақ халқының қол өнері» Алматы: Қазақстан 1995.Стр.155-

163. 


№27 дəріс 

Тақырып: Қазақ халқының бас киімдері. 

Дəрістің мазмұны: 

1.Қазақ киімдерінің түрлері, ассортименттері. 

2.Бұйымдарын дайындаудағы негізгі түрлері. 

Мақсат: Бас киім түрлеріне жалпы сипаттама.  

1.Қазақ киімдерінің түрлері, ассортименттері. 

Ерге  тəн  бас  киімдер:  тақия,  бөрік,  тымақ,  құлақты  бөрік,  (құлақшын),  қалпақ,  шалма, 

шыт, дудыға, жыға, қырпу, күлпара (башлық), жалбағай. 

Əйел  бас  киімдері:  кимешек,  жаулық,  күндік,  шаршы,  сəукеле,  желек,  шəлі  бүркеніш, 

бергек.(аң терілерінен тігіледі)  

2.Бұйымдарын дайындаудағы негізгі түрлері. 

Бас киімдерді көріктілік пен сəдділікті,баршылықты білдіретін қасиетті киім саналған. 

Əр  бас  киімнің  атаулары  көп.Оларды  аң  терілерінен,  тыстық  маталардан  сырып  тігеді. 

Дөңгелек  төбелі  тымақтың  төбесі  иықсыз,  милықты,  жатаған  келсе,  шошақ  төбелі 

тымақтың  төбесі  иықсыз,  бірақ  үшкірлене  биік  етіп  сырылады.  Тақия  төрт  қиықтан 

тұады. Сəукеленің негізі оның төбесі. Төбе не талдырма етіп қозы жүнінен ранайы басқан 

ақ  киізден  ,  не  арасына  қыл  салып  сырыған  асыл  матадан  тігеді.  Содан  кейін  төбені 

кестелеген,  шет-  шетіне  құндыз  ұстаған  немесе  алтын,  күміс  оқамен  зерлеген  тыспен 

тыстайды. Сəукеле төбесінің биіктігі екі сүйем болады.Төбенің өң бойын асыл тастармен 

өрнектеп əшекейлейді. 



Кілттік  сөздер:    кимешек,  жаулық,  күндік,  шаршы,  сəукеле,  желек,  шəлі  бүркеніш, 

бергек , тақия, бөрік, тымақ, құлақты бөрік. 



Бақылау сұрақтары: 

1.Бас киімдердің қандай түрлерін білесіз? 

2.Бас киімдерді неше топқа бөледі ? 

Əдебиет: 1.С.Қасиманов ƏƏ «Қазақ халқының қол өнері» Алматы: Қазақстан 1995.162-167. 

бет. 


№28  дəріс 

Тақырып: Бастырмалы түс киіздің жасалу жолдары. 

Дəрістің мазмұны: 

1.Түскиіз  түрлері.  

2.Бұйымдарын дайындаудағы негізгі түрлері. 

Мақсат: Түскиіз  түрлеріне жалпы сипаттама.  

1.Түскиіз  түрлері. 

Түс  киіз-  сəндік жəне  жылылық  үшін,  əрі  төсек  тұсына  тұсына  ілетін үй жихаздарының 

бір  түрі.  Тұскиіздің  екі  түрі  болады,  біріншісі  жүннен  жасалған,  екіншісі  матадан 

жасалған  тұскиіз.  Жүннен  жасалған  тұскиізді  жасау  үшін  күзгі  маусымда  қырқылған 

күзем  жүннен  тығыздап  басылған  жұқа  киіз  дайындалады.  Матадан  жасалған  тұскиізді 

тігу  үшін  түсті  барқыттар,    жібектер,  шұға,  т.б.  маталардың  əр  түрлі  формадағы  үлгіні 

пайдаланып,  неше  түрлі  етіп  алынған  ою-  өрнектер  тігіледі.Тұсқа  айшықты  тұскиіз 

ілініп, төрге оюлы текемет төселеді. 



2.Бұйымдарын дайындаудағы негізгі түрлері. 

Түскиізге  арнап  ою-  өрнек  таңдау.Оюдың  эскизін  қағазға  түсіру,  қию,  қиылған  оюдың 

бүктеуін  жаз.  Ою  ойылатын  матаның  теріс  жағына  қатырманы  үтіктеп  жапсыр,  оюды 

қиып  алып,  машинаның  ирек  тігісімен  тігіп  шығу  керек.  Жан  жағын  бүгіп  ,  үтіктеп  , 

көктеп ,  машинамен ысырып тігіп, сапасын тексеріп ілгіштерін тік. 

Кілттік сөздер:   


Бақылау сұрақтары: 

1. Бұйымдарды қандай түрлерін білесіз? 

2.Тұскиіздің неше түрі бар? 

Əдебиет: 1.С.Қасиманов ƏƏ «Қазақ халқының қол өнері» Алматы: Қазақстан 1995. 

2. Мектептегі технология журналы.№ 2. 2008ж. 



№29 дəріс 

Тақырып: Гобелен тоқу технологиясы.. 

Дəрістің мазмұны: 

1.Гобелен  тоқу.  

2.Бұйымдарын дайындаудағы негізгі түрлері. 

Мақсат: Гобелен  түрлеріне жалпы сипаттама.  

1.Гобелен  тоқу. 

Тоқу  барысында  түкті  клемнің  тоқу  техниканы  қолдана  отырып,  сол  түктерді  кейбір 

жерлерде  10-15  мм  дей  ұзындықта  қалдырып,  кей  жерінде  тықырлай  қысқартып 

үйлестірген  сəттерінде  де  гобеленге  өзіндік  ерекше  бір  тұратыны  сөзсіз.  Əуелі  түрлі 

жобада сансыз эскиз жасалып, тоқыма жіптерді таңдалынып алынады. Жіпті өңдеу, оны 

пісіріпбасу, оған түрлі рең біреудең өзі үлкен жұмыс.  



2.Бұйымдарын дайындаудағы негізгі түрлері. 

Гобелен - қолдан тоқылған түскиіз кілем -панно (шпалера). Шпалера негізінен түрлі түсті 

жібек  немесе  түбіт  жіптерден  тоқылған.  Шпалерде  тарихи,  діни,  филологиялық, 

тұрмыстық композициялар мен пейзаждар бейнеленеді. Ою- өрнектер суретшінің алдын 

қатырма  қағазға  түсірген  үлгісі  бойынша  жасалады.  Жалпы  аталуына  келер  болсақ,  өз 

атауын Гобелендер деген франсуз отбасының фамилиясынан алған. 



Кілттік сөздер:  гобелен, тоқу, қатырма, тықыр. 

Бақылау сұрақтары: 

1. Бұйымдардың қандай түрлерін білесіз? 

2.Гобелен тоқу үшін түсті жіптерді қолданады? 

Əдебиет: 1.С.Қасиманов ƏƏ «Қазақ халқының қол өнері» Алматы: Қазақстан 1995. 

2. Мектеп технология журналы. № 3. 2008ж. 



№30  дəріс 

Тақырып: Бисермен жұмыс. 

Дəрістің мазмұны: 

1. Су моншақтардан жасалатын бұйымдар. 

2.Стекулярус , су моншақ дегеніміз не?  

Мақсат: Бисерг түрлеріне жалпы сипаттама.  

1. Су моншақтардан жасалатын бұйымдар. 

Бисер тоқу ертеден келе жатқан қолөнердің бір түрі. Бұл өнер түрі соңғы кезде қарқынды 

даму  үстінде.  Бисермен  түрлі  киімдер  əшекейлеп,  кестелеуге,  түрлі  сыйға  тартуға 

арналған  бұйым  түрлерін  жасауға,  сондай  -ақ  сəндік  бұйымдарды-  сырға,  білезік,  алқа 

тоқуға  да  болады.  Бисерді  ең  көп  шығаратын  елдер  Жапония,  Ителия,  АҚШ  жəне 

Үндістан. Бисерді таңдау, олардың өлшемдері, түстері. Сан алуан, сондықтан жасалатын 

бұйымға байланысты бисерді мөлшеріне қарай, түс үйлесілімдігінескеріп ұтымды таңдай 

білу қажет. Бисермен əдемі бұйымдар жасау көп уақытты талап етеді, бірақ əдемілік үшін 

уақытты қиюға тура келеді. Гүл шоқтарын, панно, неше түрлі суреттерді тоқып шығаруға 

болады. 


2.Стекулярус , су моншақ дегеніміз не? 

Бисер- деген моншақ ұсақ моншақтарға жатады. Ұсақ домалақ, сопақ, əр түрлі хрусталь. 

Шыны,  металл  керамикалы  материалдан  жасалған  моншақтады  жасайды.Моншақ- 

бисерден үлкенірек кəдімгі моншақ деп айтады.Стеклярустың- бисерден айырмашылығы 

ол ұзындығы 3 мм түтікше тəріздес болып келеді.  


Кілттік сөздер:  стеклярус, бисе, моншақ, панно. 

Бақылау сұрақтары: 

1.Бұйымдарды жалғаудың қандай түрлерін білесіз? 

2.Машина  мен  жұмыс  жасаған  кезде  жұмысшы  машинадан  қандай  қашықтықта  отыру 

керек? 


Əдебиет: 1.С.Қасиманов ƏƏ «Қазақ халқының қол өнері» Алматы: Қазақстан 1995. 

2. Мектеп технология журналы. №6 2007ж. 



№31 дəріс 

Тақырып: Бисер тоқу түрлері 

Дəрістің мазмұны: 

1.Су моншақпен жұмыс істеу.  

2.Бұйымдарының ассортименттері. 

Мақсат: Бисерг түрлеріне жалпы сипаттама.  

1. Су моншақтармен жұмыс істеу. 

Бисер тоқу ертеден келе жатқан қолөнердің бір түрі. Бұл өнер түрі соңғы кезде қарқынды 

даму  үстінде.  Бисермен  түрлі  киімдер  əшекейлеп,  кестелеуге,  түрлі  сыйға  тартуға 

арналған  бұйым  түрлерін  жасауға,  сондай  -ақ  сəндік  бұйымдарды-  сырға,  білезік,  алқа 

тоқуға  да  болады.  Бисерді  ең  көп  шығаратын  елдер  Жапония,  Ителия,  АҚШ  жəне 

Үндістан. Бисерді таңдау, олардың өлшемдері, түстері. Сан алуан, сондықтан жасалатын 

бұйымға байланысты бисерді мөлшеріне қарай, түс үйлесілімдігінескеріп ұтымды таңдай 

білу қажет. Бисермен əдемі бұйымдар жасау көп уақытты талап етеді, бірақ əдемілік үшін 

уақытты қиюға тура келеді. Гүл шоқтарын, панно, неше түрлі суреттерді тоқып шығаруға 

болады. 


2.Бұйымдардың ассортименттері. 

Бисер- деген моншақ ұсақ моншақтарға жатады. Ұсақ домалақ, сопақ, əр түрлі хрусталь. 

Шыны,  металл  керамикалы  материалдан  жасалған  моншақтады  жасайды.Моншақ- 

бисерден үлкенірек кəдімгі моншақ деп айтады.Стеклярустың- бисерден айырмашылығы 

ол ұзындығы 3 мм түтікше тəріздес болып келеді.  

Кілттік сөздер: стеклярус, бисе, моншақ, панно. 

Бақылау сұрақтары: 

1.Бұйымдарды жалғаудың қандай түрлерін білесіз? 

2.Машина  мен  жұмыс  жасаған  кезде  жұмысшы  машинадан  қандай  қашықтықта  отыру 

керек? 


Əдебиет: 1.С.Қасиманов ƏƏ «Қазақ халқының қол өнері» Алматы: Қазақстан 1995. 

2. Мектеп технология журналы. №6 2007ж. 



№32 дəріс 

Тақырып: Аппликация түрлері.Ою-өрнек. 

Дəрістің мазмұны: 

1. «Аққу » оюы.  (аппликация) 

2.Бұйымдарын дайындаудағы негізгі түрлері. 

Мақсат: Аппликация тігісінің негізгі түрлеріне жалпы сипаттама.  

1. «Аққу » оюы.  (аппликация). 

Ою өрнек мəдени шежіре. Халқымыз қай заманда  ой ниетін ою өрнек тілімен тұспалдап 

жеткізген. Құрақ құру барысында (аппликация) түрлі геометриялық фигулаларды игеріп 

біб  біріне  матаны  сəйкес  келтіріп  ,  түс  түспен  жапсыру  қажет.  Пішіндісін  құрастырып  , 

сызып, бояп келтіру қажет. 


Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы
dmdocuments -> Айса байтабынов эпик жыршы
dmdocuments -> Мүхамбетқалиев С., Ахметов К.Ғ, Ғабдуллин Х. А. Байүлы мен Жетіру және Төре, Төлеңгіт
dmdocuments -> Көпбаева М. Р. ф.ғ. к., М. Әуезов атындағы Оңтүстік
dmdocuments -> Н. С. Тілеуханов
dmdocuments -> Т.ӘЛімқҰловтың «Қараой» ӘҢгімесіндегі махамбет тұЛҒасы акбулатова С. Б
dmdocuments -> Батыс қазақстандық КҮй дәСТҮрін әлемге мойындатқан қҰрманғазы рухы с. Ә. Күзембай
dmdocuments -> Кафедрасының отырысы шешімімен бекітілген. Педагогикалық жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған. Орал, 2011

жүктеу 0.74 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет