Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Ғылыми- зерттеулердің әдіснамалық негіздері мен әдістері»


Теориялық және тарихи ғылыми педагогикалық



жүктеу 0.64 Mb.
Pdf просмотр
бет45/46
Дата15.02.2022
өлшемі0.64 Mb.
#17255
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   46
UMK KAZ Magister gilimi zertteu
Теориялық және тарихи ғылыми педагогикалық 

зерттеулердің әдістері  

Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары): 

1.  Ғылыми танымның екінші деңгейі. 

2.  Теориялық деңгей әдістері 

3.  Талдау мен синтез. 



Дәрістің қысқаша мазмұны: 

Ғылыми  танымның  екінші  деңгейі-теориялық  деңгей.  Ол  зерттеушігі  зерттеу 

әдістері  мен  ғылыми  нәтижелер  арасындағы  себеп  –  салдарлық  тәуелділікті 

айқындауға,  эмпирикалық  деректерден  теориялық  қорытындыларға  кӛшу 

барысындағы педагогикалық заңдылықтарды анықтауға кӛмектеседі. 

Теориялық деңгей әдістері: 

1.  Әдебиет  кӛздерін  зерттеу  зерттеудің  бастапқы  құрамды  бӛлігі  болып 

табылады.  Бұл  кез-  келген  ғылыми  іс-  әрекеттің  алғашқы  кезеңі.  Зерттеуші 

ғылымның осы саласында оған дейін қандай мәселелер зерттелгенін анықтау үшін, 

зерттеу  мәселесінің  бұрынғы  мен  қазіргі  жай-  күйін  және  оған  қатысы  бар  барлық 

мәселелерді  түсіну  үшін  таңдап  алған  тақырыбы  бойынша  әдебиеттермен  тасыуы 

қажет. 


Зерттеу  мәселесі  бойынша  әдебиеттерді  білу  зерттеушіні  мәдениетінің,  оның 

ғылыми  адалдығы  мен  зерттеу  нәтижелерінің  құндылығының  шарты  болып 

табылады. Ғылымның зерттеліп отырған саласының жай-күйі мен дамуын тану үшін 

зерттеуші  әр  түрлі  педагогикалық  бағыттар,  кӛзқарастар,  ғылыми  мектептер, 

отандық және шетелдік баспалардың арасынан ӛзіне коректі әдебиетті таңдап альп, 

кӛптеген авторларға ортақ және білім беру процесіндегі заманға сай тенденцияларды 

анықтайтын жалпыны табуы қажет. 

Әдебиеттерді  зерттеу  кезінде  оларға  талдау  жасау,  оларды  салыстыру, 

теңестіру,  жалпыға  ортақ  ғылыми  әдістерді  анықтау  сияқты  жұмыстар  жүргізіледі, 

ол  қоршаған  болмысты  тануда  алкен  рол  атқарады.  Әдебиет  кӛздерін  зерттеу  әдісі 

ғылыми  танымның  белгілі  бір  кезеңіндегі  зерттеудің  нақты  мақсаттар  мен 

міндеттерімен  анықталады.  Бұл  әдістің  қажетті  әдебиеттерді  іздеу,  әдебиет 

материалдарына  алдын-ала  талдау  жасау,  оқу  мен  жазып  алу  техникасын  ескеру, 

тақырыптық  белгілері  бойынша  жеке  картотеканы  құру,  әдебиеттерді  бір  жүйеге 

келтіріп қолдану, әдебиеттерді зерттеу сияқты сатылары бар. 

Талдау  мен  синтез.  Талдаудың  эмпирикалық  материалы  механикалық  бөлу; 

тұтастың құрамындағы элементтерін ӛзара қатынасы  формаларын анықтау; білім 

құрылысын  ашу;  зерттеу  объектісінің  сипати  мен  динамикасын  айқындау  сияқты 

түрлері  бар.  Талдау  элементарлы  сипатта  болуы  мүмкін,  бұндай  талдауда 

элементтерінің бір-біріне және тұтастай бастапқы жүйеге қатынасы айқындалмайды. 

 

2

 




Ф КазНПУ 0703-03-15 (1). Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Екінші  басылым.  

Сондай  –ақ  ол  қатыстық-қисынды  сипатта  болуы  мүмкін,  мұндай  талдауда 

элементтерінің бір- біріне қатынасы кӛрініс табады.  

 Абстракциялаудың (дерексіздендіру) екі түрі бар: талап қорыту және жекелеп 

бӛлу. Талап қорыту  - кӛптеген бірыңғай заттар мен құбылыстардың жалпы, бірдей 

белгілерін  анықтау.  Жекелеп  бӛлу  -  бір  затты  немесе  құбылысты  зерттеп,  талдау 

үшін 


зерттеушіге 

қажетті 


бір 

қасиетін 

бӛліп 

алупроцесі. 



     Дәріптеушілік-  дерексіздендірудің  бір  түрі,  оны  ғылыми  танымның  жеке  тәсілі 

ретінде қарастыруға болады. Дәріптеушілік процесі барысында зерттеуші ой жүзінде 

заттың  барлық  шынайы  қасиеттерінен  бас  тартып,  оның  мазмұнына  іс  жүзінде 

мүмкін немесе жаңа түсінік пен белгі береді. 



 Тұжырым  жасаудың  индуктивті  және  дедуктивні  әдістері;  Бұл  әдістің 

кӛмегімен  эмпирикалық  деректер  қорытындыланып,  жекеден  жалпыға  қарай  және 

керісінше жалпыдан жекеге қарай қисынды салдарлар айқындалады. 

 Ұқсастыру  әдісі  заттар  мен  құбылыстардың  жалпылығын  айқындау  үшін 

қолданылады. 

Теория жүзінде мүмкін жағдайдың, құбылыстың немесе заттың моделі жасау 

әдісі.  Модельдеу-  зерттеу  объектісінің  ӛзімен  ұқсастық  қатынастығы  басқа  бір 

объектімен алмастыратын зерттеу әдісі. Бірінші объект топ нұсқа болады да екінші 

объект  оның  моделі  болады.  Зерттеуші  модельді  зерттеп,  алған  нәтижелерін 

ұқсастық және үйлестік заңы ойынша тұпнұсқаға кӛшірілді. Модель және модельдеу 

әдісі  түпнұсқаны  зерттеу  қиын  немесе  мүмкін  емес  болғанда  немесе  түпнұсқаны 

зерттеу  қиын  немесе  мүмкін  емес  болғанда  немесе  түпнұсқаны  зерттеу  алкен 

қаражат  шығынын  талап  еткен  жағдайда  қолданады.  Модельдің  түп  нұсқадан 

айырмашылығы оны зерттеу оңай, слайда оның бойында модельне де, түпнұсқаға да 

тән  негізгі  сипаттары  мен  ӛлшемдері  болуы  қажет.  Модель  ұқсасқық  ретінде 

түпнұсқа,  оны  жетілдіру,  байта  құру  және  оны  басқару  туралы  білімді  зерттеу, 

сақтау және кеңейту үшін қолданылды. 

Модельдеу  –  ауызша,  логикалық,  физикалық,  математикалық,  заттық. 

Белгілік  болады.  модельдің  түрін  таңдау  таным  зерттеу  огбъектісінің  күрделілігіне 

байланысты. 



Болжау әдісі: зерттеушінің қаысынсыз педагогикалық жүйе немесе білім белу 

жүйесінің  қозғалысын  кӛрсету  үшін  қолданылды.  Зерттеу  нәтижесінде  алынған 

нақты  ғылыми  деректерді  сандық  кӛрсеткіштерге,  кестелерге,  графиктерге, 

сызбаларға,  диаграммаларға,  формулаларға,  түсініктер  мен  заңдарға  айналдыру 

зерттеушінің ойлау абстракциясының жоғары деңгейі мен дәрежесі қажет. Осының 

бәріне  бүгінде  болашақтағы  білім  беру  жүйесінің  даму  заңдылықтары  мен 

тенденцияларын түсіну үшін теориялық жағынан терең талдау жасалуда. 

Математикалық  және  статистикалық  әдіс  педагогикалық  құбылыстар  мен 

олардың  сапалық  ӛзгерістері  арасындағы  сандық  тәуелділікті  анықтау  үшін 

қолданылады.  Бұл  әдіс  зерттеу  жиынтығын  ӛңдеу  үшін,  байланыс  пен  ықпал  ету 

кӛрсеткіштерін  есепке  алу  үшін,  ӛзара  тәуелділікті  айқындау  үшін,  орташа 

арифметикалық  қате  мен  оның  мӛлшерін  айқындап,  осы  мӛлшерді  бӛлу  дәрежесін 

(диспрессия),  орташа  арифметикалық  қате  мен  оның  мӛлшерін  айқындап,  осы 

мӛлшерді бӛлу дәрежесін (дисперссия), орташа квадраттық ауытқуларды, әртүрлілік 

коэфиценттерін есептеу үін қолданылады. 


жүктеу 0.64 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   46




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет