Пәннің ОҚу бағдарламасы (силлабус)



жүктеу 183.5 Kb.
бет1/2
Дата14.02.2022
өлшемі183.5 Kb.
#17236
  1   2
силлабус
Мектеп математика курсында сандар жиынын оқыту, 001, 18,01, 1 РК Калиева А, Konndiz СМк

Силлабус

042-18. 1.575/01 – 2019

№ 1 басылым29.08.2019

12_ беттің беті




ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

«СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы УНИВЕРСИТЕТІ» КеАҚ


СМЖ 3 дәрежелі құжаты

Силлабус

Силлабус

042-_.1.____/01–2020



Пәннің оқу бағдарламасы (силлабус)

№1 басылым ___________ ж.


ПӘННІҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

(СИЛЛАБУС)
Пән атауы: «Параметрден тәуелді интегралдар»

Мамандық атауы: «5В060100-Математика»

Факультет «Жаратылыстану-математика»

Кафедра Физика-математика ғылымдары және информатика оқу кафедрасы

Курс 3

Кредит саны 3

Барлық сағат саны 135

Дәрістер 30

Семинарлық (тәжірибелік) сабақтар 15

Лабораториялық сабақтар жоқ

БӨЖ 90

Курстық жұмыс (жоба) жоқ

Емтихан 6 семестр



Семей 2020
Алғысөз
1. ӘЗІРЛЕГЕН

Құрастырушы

_Кудайбергенова Б.С., Капанова Н.Ж. «_____» 2020 ж.

Аты-жөні, тегі, қолы



ғылыми дәрежесі, атағы, лауазымы
2 .КЕЛІСІЛДІ

2.1 Кафедра отырысында «Физика-математика ғылымдары және информатика оқу кафедрасы»


Хаттама «_28_»____08____ 2020 жыл, №_1__
Кафедра меңгерушісі: Жолымбаев Оралтай Муратканович ___________

Аты-жөні,тегі қолы
2.2 Факультеттің оқу-әдістемелік бюросының отырысында қарастырылды

Хаттама «__»________ 2020 жыл, №_1__


Төраға: ___ ____________ _________

Аты-жөні, тегі қолы
3. БЕКІТІЛДІ

Факультет деканы: Берікханова Гүлназ Еженханқызы ___________



Аты-жөні, тегі қолы


Мазмұны

1.ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

2.ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ САБАҚ ТҮРЛЕРІ БОЙЫНША САҒАТТАРДЫ БӨЛУ

3.КУРС САЯСАТЫ

4.БАҒА ҚОЮ САЯСАТЫ

5.ӘДЕБИЕТ ЖӘНЕ ИНТЕРНЕТ РЕСУРСТАР



1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1.1 Оқытушы және пән туралы жалпы мәліметтер

Оқытушының аты-жөні, тегі: Кудайбергенова Б.С., Капанова Н.Ж.

Ғылыми дәрежесі, атағы, лауазымы: аға оқытушы

Факультет, кафедра: Жаратылыстану-математика факультеті, «Физика-математика ғылымдары және информатика» оқу кафедрасы

Байланыс ақпараты- тел.: 8-778-634-48-48, e-mail: kbs_08@mail.ru, №3 оқу корпусы, кабинет 226
1.2 Пәннің қысқаша анықтамасы

«Параметрден тәуелді интегралдар» пәнінің оқу әдістемелік кешенінің құрамына кіретін пәнінің оқу бағдарламасы 5В060100-Математика мамандықтарда оқитын студенттер үшін ЖОО компонентінің оқу пәндерінің бейіндеуші пәндер циклы блогынан болып табылады. «Параметрден тәуелді интегралдар» пәнінің оқу бағдарламасы (силлабус) білім беру саласындағы уәкілетті органмен бекітілген құжаттардың негізінде әзірленді:



  • Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 ж. 28 тамыздағы №1080 Қаулысымен бекітілген (жаңартылып өзгеріс еңгізілген, 13.05.2016 ж., №292) Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты.

  • Таңдау пәні бойынша Оқу Бағдарламасы, «Параметрден тәуелді интегралдар» пәні ЖОО ОӘК мәжілісінің шешімімен бекітілген.

«Параметрден тәуелді интегралдар» пәнін оқытудың мақсаты болашақ бакалаврларға мамандық пәндерді оқып үйрену үшін арнайы курстарға қажетті жүйелі білім беру, математикалық сезімталдығын дамыту және игерген математикалық әдістерді студенттердің болашақтағы мамандығына байланысты қолданбалы сипаттағы есептерді шығарғанда пайдалана білу; студенттің жеке тұлға болып қалыптасуына, оның ой өрісі мен логикалық және алгоритмдік ойлау қабілетінің дамуына ықпал ету; жоғары деңгейде математикалық мәдениетін тәрбиелеу.

Бұл пәнді оқытудың міндеті табиғат заңдылықтарын әрекеттің математикалық ұғымдар мен әдістеріне мысал келтіре отырып студенттерге жеткізу, ғылыми тұрғыдағы мәнін, математиканың ерекшелігі және ғылыми техникалық дамуды жүзеге асырудағы оның алатын орны. Студенттерге зерттеу тәсілдерімен математикалық есептерді шешуді үйрету; студенттерді алған нәтижені талдау шеберлігіне жаттықтыру, математика және оның қолданылуы жайлы әдебиеттермен өздігімен жұмыс жасауға оларды дағдыландыру.


1.3 Пәнді оқыту мақсаты

Қарапайым теория, интегралдардың бірқалыпты жинақталуы, интегралдардың бірқалыпты жинақталуын пайдалану, Эйлер интегралдардың негізгі әдістері мен нәтижелерін жүйелеп баяндау. Логикалық және алгоритмдік ойлауды жетілдіру. Математикалық есептерді шешу мен зерттеудің негізгі әдістерін меңгеру. Болашақ мұгалімдердің кәсіптік педагогикалық дайындығын беріктеп, алған теориялық білімнің аясын кеңейту. Математикалық ұғымдарды қалыптастыру мен математикадағы жалпы заңдардың мазмұнын ашып, оны есептер шығаруда тиімді қолдану.


1.4 Пәнді оқытудың міндеттері

Табиғат заңдылықтарын әрекетін, математикалық ұғымдар мен әдістеріне мысал келтіре отырып студенттерге жеткізу, ғылыми тұрғыдағы мәнін, математиканың ерекшелігі және техникалық дамуды жүзеге асырудағы оның алатын орнын түсіндіру. Студенттерге зерттеу тәсілдері мен математикалық есептерді шешуді үйрету; студенттерде алынған нәтижені талдау шеберлігіне жаттықтыру, математика және оның қолданылуы жайлы әдебиеттермен өздігімен жұмыс жасауға оларды дағдыландыру.

Пәнді оқып-білудің негізгі міндеті – осы әзірленіп отырған жұмыс бағдарламасында көрсетілген барлық тақырыптарды, онымен байланысты түгел теориялық және практикалық мәселелерді оқып үйрену, сөйтіп жоғары да көрсетілген мақсатқа қол жеткізу болып табылады.
1.5 Құзыреті (оқыту нәтижелері)

Пәнді оқыту нәтижесінде студент білу керек:



білімі:

- курсты толық оқыған студенттердің міндеттері: параметрге байланысты интегралдарды есептеудің теориялық негіздерін және әдістерін;



іскерлігі:

- курста қарастырылатын теоремаларды, дәлелдеу, формулаларды қорыту, ұсынылған әдебиеттерді пайдалану, параметрге байланысты интегралдарды есептеудің негізгі түсініктері мен әдістерін қолдана білу;



дағдысы:

- анықтамалар мен теоремаларды есептерді шешуде қолдану дағдыларын меңгеруі керек; объектілер арасындағы сандық және сапалық арақатынастарды өрнектеу үшін математикалық белгілерді қолдануда тәжрибесі болуы; нақтылы процесстерді және құбылыстарды қарастырғанда математикалық аппаратты пайдалана біліп, қарапайым аналитикалық есептерді шешу дағдысы болуы;



құзыреттілігі: параметрге байланысты интегралдар аумағынды базалық білімді көрсетіп, оларды әртүрлі есептерді шығарғанда қолдану.
1.6 Курстың пререквизиті: Математикалық талдау 3
1.7 Курстың постреквизиті: Анықталған, еселі және қисық сызықты интегралдардың геометриялық қосымшалары


жүктеу 183.5 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет