Пәннің мақсаты мен міндеттері



жүктеу 5.88 Kb.

бет9/15
Дата13.09.2017
өлшемі5.88 Kb.
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15

Өзін-өзі бақылау сұрақтары: 
1.
 
999 жылға дейін билік еткен әулиет? 
2.
 
Сельжуктар бүкіл Иранды басып алған жылдар? 
         
 
 
 
 
 
 
 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
7 Дәріс. ХІ – ХҮ ғасырлардағы Индия. 
Негізгі сұрақтары: 
1.
 
ХІ – ХІҮ ғасырлардағы Индия, Дели сұлтандығының құрылуы.  
2.
 
ХІІІ – ХҮ ғ. Дели сұлтандығының ішкі, сыртқы саясаты. 
3.
 
Ала-ут-дин Хилжаның патшалық құруы. 
4.
 
Мұхаммед Тоғалақ империясы. 
5.
 
ХІҮ – ХҮ ғғ. Дели. Бахмани және Виджаянагар мемлекеттері. 
ХІ  ғасырдың  аяғына  қарай  Индия  экономикасы  өз  дамуында  елеулі 
жетістіктерге жетті. Ауыл шаруашылығында әртүрлі дақылдар өсірілді. Ганг 
өзенінің шығысында негізінен күріш егілді. Бенгалия мен Вихардан батысқа 
қарай  күріш  орнына  бидай  өсіру  кең  өріс  алды.  Раджастхандағы  негізгі 
дақылдар  қара  бидай  мен  тары  болды.  Дәнді  дақылдармен  қоса  бір  жерде 
бұршақ тұқымдастар да егілетін. Шағын учаскелер май алатын зығыр, сезам  
/кунжут/сияқты  өсімдіктерге  бөлінетін.  Бенгалияда  кендір  мен  мақта  да 
өсірілді.  Ылғалды  жерлерде  қант  құрақтары,  бояу  алынатын  өсімдіктер 
өсірілді.  Ганг  алқабының  ылғалды  жерлерінен  жылына  екі  мәрте  өнім 
жиналып  отырды.  Ал  батыстағы  ылғалы  жеткіліксіз,  суғару  жүйесі  жоқ 
жерлерден өнім бір-ақ рет жиналды. 
Раджастхан,  Пенджаб,  Синд  және  Белуджистан  аудандарында  мал 
шаруашылығы  басым  болды.  Өзен,  көлдері  жоқ  жерлерде  қауым  мүшелері 
қолдан құдықтар қазып, байламалар жасады. Су оңай шығатын жерлерде әр 
үйдің немесе екі-үш үйдің жеке меншік құдықтары болды. Су тереңнен қиын 
шығатын жерде құдықтар  аз қазылды: ондай жердегі құдықты бүкіл қауым 
бірлесе қазып, бірлесе пайдаланған. Ал байламалар оны тұрғызған қауымның 
немесе феодалдың меншігі болды. 
ХІІ ғасырға қарай Солтүстік Индияда бұрыннан келе жатқан қалалар өсіп, 
кеңейіп  қана  қойған  жоқ,  сонымен  қатар  көптеген  жаңа  қалалар  да  пайда 
болды.  Бұл  қалалар  бұрынғысынша  негізінен  Индияның  феодалдық 
княздерінің  астанасы  болды.  Олардың  ішіндегі  ірілері  өзен-көлдердің 
жағасындағы,  үлкен  жолдың  бойындағы,  теңіз  жағалауларындағы  қалалар 
болды.  Ол  қалалар  қол  өнерінің  және  сауданың  орталықтары  болды, 
жергілікті  феодалға,  сондай-ақ  қалаға  жақын  жердегі  феодалдарға  қызмет 
көрсетті. 

Солтүстік Индия бірнеше княздықтарға бөлінді. Олардың ішіндегі ірілері 
Джамна-Ганга  өзендерінің  Канаудждан  Бенареске  дейінгі  жерінің  иесі 
Раджпуттық  Ғахарварлар  әулеті,  Аджер  мен  Делиді  иемденген  Чаухандар 
әулеті,  Банделкханды  иемденген  Манделдер  әулеті,  Бихардағы  Палдар, 
Бенгалиядағы  Сендер  әулеті  болды.  ХІІ  ғасырдың  екінші  жартысында 
олардың арасында Ганг өзенінің алқабы үшін ұзақ күрес жүргізді. ХІІ ғасыр- 
дың 80-жылдарында Притхва князі Чаухан Чанделдер әулетіне соққы беріп, 
Канаудждың билеушісі Гахарварға қауіп төндірді. Бірақ бұл қырқысуды шет 
ел басқыншылығы тоқтатты. 
Солтүстік Индияның саяси бытыраңқылығы мен Раджпут княздерінің жиі 
өзара  қырқысуларын  Газни  мемлекетінің  басшысы  Махмуд  пайдаланып 
қалды.  Бұл  мемлекет  Иранның  шығысында,  Индияның  батыс  шекарасында 
құрылған болатын. 1001 жылы Махмуд Индияға жорық жасады. Оның әскері 
Джамна-Ганг  өзендерінің  алқабын,  бай  Анхилвар  княздігін  талқандап 
тонады.  Индияға  жасалған  әр  жорық  Газни  мемлекетіне  әжептәуір  табыс 
түсіріп  тұрды:  храмдар  мен  княздердің  сарайларында  ғасырлар  бойы 
жиналған  қазыналар,  мыңдаған  құлдар  әкелінетін.  Газни  мемлекетінің 
астанасы  Газни  қаласы  Индиядан  әкелінген  құлдардың  қолымен  салынған 
зәулім сарайларда тұратын. Ол сарайларды асыл тастармен, қымбат металмен 
безендіріп,  салтанатқа  бөлеген  де  сол  құлдыққа  салынған  Үнді  қолөнерші 
тұтқындары  болатын.  Газни  патшалығының  Индияға  жорықтарының 
нәтижесінде Канаудж мемлекеті жойылды. 
1175  жылы  Шихаб-ат-дин  Мұхамед  сұлтанның  әскері  Пенджабқа  басып 
кірді.  Қалған  Үнді  княздері  алауыздықты  тастап,  бірігуге  мәжбүр  болды. 
1191 жылы біріккен Үнді әскерлерін басқарған князь Притхви Раджа Шихаб-
ат-дин  Гуридің  әскерлерін  жеңді.  Бірақ  келесі  1192  жылы  жеңіліп  қалды. 
Притхви  Раджа  соғыста  қаза  тапты.  Шихаб-ат-дин  Аджимирді  басып  алды. 
Бірақ Притхви Раджаның баласы князь болып қала берді. Ол тек Шихаб-ат-
динге  тәуелді  екендігін  мойындап,  вассалы  ретінде  салық  төлеп  тұратын 
болды.  Өзі  Газниге  қайтып,  Шихаб-ад-дин  Гури  түркі  тұқымынан  шыққан 
әскери қолбасшы Кутуб Ад-дин Айбекті Индияға наместник етіп қалдырды. 
Айбек Солтүстік Индияны жаулап алуды одан әрі жалғастырды. 1193 жылы 
ол Делиді алды, оны өзінің астанасына айналдырды. 90-жылдардың аяғында 
Айбек  Бихар  мен  Бенгалияны  да  басып  алды.  Бұл  жақтағы  Палдар  мен 
Сендер княздықтары жойылды. Бүкіл Солтүстік Индияда түрік, ауған, тәжік 
феодалдарының билігі орнады.  
1206  жылы  Шахаб-ад-дин  өлген  соң  оның  Солтүстік  Индиядағы 
наместниктері Газнидің жаңа патшасын мойындаудан  бас тартты. Солтүстік 
Индиядағы  наместниктер  Кутуб-Ад-дин Айбектің қол астына бірігіп, соның 
билігін  ғана  мойындады.  Газни  мемлекетінен  бөлінген  мұсылман 
феодалдары  Дели  сұлтанатын  құрды.  Айбектің  қол  астына  біріккен 
наместниктер  бара-бара  бір-бірімен  соғысып,  сұлтанат  әлсіреді.  Осы 
жағдайды  Үнді  княздері  пайдалануға  тырысты.  Олар  тәуелсіздіктерін 
қалпына келтіре бастады. Осындай жағдайда мұсылман наместниктердің көбі 
қайтадан  Айбектің  төңірегіне  топтасып,  біріккісі  келмеген  облыстарды 

күшпен қосып алды. Сөйтіп, Дели сұлтандығы нығая түсті. Бірақ, 1221 жылы 
Пенджабқа  Хорезм  шахы  Джелал-ад-динді  қуып  келген  монғолдар  басып 
кірді.  Шыңғыс  ханның  әскері  батыс  Пенджабты  талан-таражға  ұшыратып, 
кейін қайтты. 
1241  жылы  монғолдар  тағы  да  Шығыс  Пенджабқа  басып  кірді.  Осы 
жерден  Делиге  шабуыл  ұйымдастыра  бастады.  Монғол  шапқыншылығына 
қарсы  жергілікті  феодалдар  бір  орталыққа  бағындырылған  мемлекетті 
нығайтуға бет бұрды. Дели сұлтандығы 1206-1526 жылдары өмір сүрді. Оны 
ХҮ  ғасырдың  ортасына  дейін  түрік  халқының  өкілдері,  ХҮ  ғасырдың 
ортасынан – ауғандық Лоди әулеті басқарды. 
Феодалдық  меншік  түрлері.  Дели  сұлтандығында  жер  мемлекеттің 
меншігі  болып  табылды.  Жерді  беру,  оның  салық  мөлшерін  анықтау 
мәселелері сұлтан билігінде болды. Әрбір жеке феодалға сұлтан мемлекеттік 
рентадан  үлес  алуға  грамота  беретін.  Сұлтанның  жекелеген  феодалдарға 
рента салық үлесін алып беретін жерлері үш категорияға бөлінді. 
1.Ихта.  Бұл  әскер  басыларына  берілетін  жер  үлесі.  Ол  үлес  уақытша 
берілді.  Үлес  әкеден  балаға  мұра  ретінде  берілмеді.  Үлестің  мөлшері  әскер 
басының  атақ  лауазымына,  соған  сай  ұстайтын  әскерінің  санына  сай 
белгіленді. Үлестен түскен табыстың оннан бірі немесе ең азы – жиырмадан 
бірі  әскер  басына  қалатын.  Сол  табысқа  әскер  басы  –  феодал  атты  әскер 
ұстауы тиіс болды. Сұлтан шақыра қалған кезде өзі қаруландырған әскерімен 
келуі  тиіс  болды.  Ихтаның  мөлшері  әскери  феодалдың  атағы  өскен  сайын 
артты. 
2.Инам  және  вакф.  Инам  дін  басыларының,  оқымыстыларының, 
молдаларының  жер  үлесі.  Ол  әкеден  балаға  мұра  ретінде  қалды.  Вакф  – 
мешіттер мен медреселердің жері болды. Ол мекемелер жабылып қалса, жер 
қайта мемлекет қарамағына көшті. 
3.Заминдарлар.  Заминдар  деген  жергілікті  үнді  феодалдары.  Олар  өз 
қарамағындағы шаруалардан жер салығын жинап алып үкіметке өткізетін. Өз 
жалақысы  ретінде  жиналған  салықтың  белгілі  бір  мөлшерін  алып  қалатын. 
Заминдарлар  әскери  міндеткерлік  атқарған  жоқ.  Олар  өз  қарамағындағы 
жерлерді  басқа  біреулерге  сыйлауға,  үлестіруге,  кеңейтуге  құқылы  болды. 
Заминдарлар  жері  де  мұра  ретінде  қалды.  Бірақ  мемлекеттің  қажет  болған 
жағдайда жерді алып қоюға құқы болды. 
Бірақ  үкімет  ешқашан  Заминдарлар  жерін  тартып  алмаған.  Феодалдарға 
таратылып бермеген жерлер тікелей мемлекет меншігі болып қала берді, ол 
жерлер  «халисэ»  деп  аталды.  Сонымен  қатар  «мүлік»  деп  аталған 
жекеменшік жерлер де болған.  
Илтутмыш  өлген  соң  Дели  сұлтандығында  төңкерістер  кезеңі  басталды. 
Үкімет билігі үшін күшті ақсүйектер арасында күрес қыза түсті. Бұл күресте 
1245  жылы  талантты  ел  басшысы  Илтутмыштың  қызы  Разия  қаза  тапты. 
Одан  кейін  екі  сұлан  бірінен  соң  бірі  өлді.  Ақыры  1245  жылы  маликтер 
үкімет басына Илтутмыштың немересін отырғызды. Бұл әлсіз сұлтан кезінде 
іс жүзіндегі үкімет басшысы Гияс-уд-дин Балбан болды. Ол ақыры кәмелетке 

жетпеген  жас  сұлтанды  у  беріп  өлтірді.  Өзін  сұлтан  деп  жариялап, 
мемлекетті 1265 жылдан 1287 жылға дейін басқарды. 
Ол  өлген  соң  қайта  сарай  төңкерістері  басталды.  Ол  төңкерістер  үкімет 
басына Ала-уд-дин Хильжа сұлтан келген соң ғана тоқтады. Бұл сұлтан 1296-
1316  жылдар  аралығында  билік  құрды.  Үкімет  билігін  қолына  алысымен 
Ала-уд-дин  күшті  әскер  құрды.  Тек  өзінің  жеке  басын  қорғайтын  жетпіс 
мыңдық  атты  әскері  болды.  Сол  әскердің  күшімен  феодалдар  арасындағы 
алауыздықты, олардың үкіметке қарсы шығу пиғылдарын су сепкендей жым 
қылды. 
Ол  әскермен  қатар  бір-бірінен  тәуелсіз  үш  түрлі  тыңшылар  мен 
жазалаушылар  мекемелерін  құрды.  Ірі  ақсүйектердің,  княздердің  бір-біріне 
қонаққа  баруына  тыйым  салды.  Үкіметке  қарсы  пікір  айтушылар  қатаң 
жазаланды.  Тіпті  өлім  жазасына  кесілді.  Ала-уд-дин  өлген  соң  түрмелерден 
он  жеті  мыңнан  астам  жазықсыз  адамдар  босатылды.  Ала-уд-дин  арпа-
бидайға,  күріш  пен  бұршақ  дақылдарына  тұрақты  баға  енгізді.  Нанның 
бағасын  үкімет  өзі  белгіледі.  Ол  өте  төмен  баға  болды.  Бірақ  барлық  жерде 
тек  сол  бағамен  сатылды.  Қазынаға  түсімді  көбейту  үшін  егістік  жер  қайта 
есепке  алынды.  Ал  жер  салығының  мөлшері  жерден  түсетін  өнімнің 
жартысына  дейін  ұлғайды.  Тарихи  хрониканың  авторы  Барани  салық 
жинаушылардың қаталдығын ашына жазады.  
Оның айтуынша үкімет халықтың артық азық-түлігін өзі белгілеген арзан 
бағамен сыпырып  алып отырған. Бұл арзан бағамен тартып алынатын астық 
үлкен  армияны  ұстау  үшін  жұмсалып  жатты.  Ала-уд-дин  енгізген  тәртіптер 
экономиканы  құлдыратты.  Бірақ  біраз  уақыт  алдағы  мақсатқа  жету  үшін 
пайдалы  болды.  Мемлекеттің  барлық  ресурстарын  қорғаныс  қабілетін 
нығайтуға жұмсау алғаш өзін-өзі ақтады.  
1308  жылы  Деканға  жорық  басталды.  Бұл  жорықтың  басшысы  Малик 
Гафур  ерекше  ерлік  көрсетті.  Ол  барлық  Декан  жарты  аралын  басып  алды. 
Жаулап  алынған  жердің  елдері  контрибуция  ретінде  патша  қоймаларында 
жинақталған байлықтарын, үш жүз жауынгер пілдерін, жиырма мың жылқы 
беріп,  салық  төлеп  тұруға  міндеттенді.  Ала-уд-дин  ихта  иелерінің  әскери 
міндеткерлеріне  қатаң  бақылау  орнатты.  Жауынгерлерді  қаруландыру 
соншалықты  қиын  іс  болған  жоқ.  Ол  кездегі  қару-жарақ  қарапайым  еді. 
Қылыш,  семсер,  найза,  қалқан,  оққа  толы  дорбасымен  садақ.  Олар  әркімге 
болуға тиіс еді.  
Ең  басты  шығын  ат  болды.  Атты  әскер  сол  кездегі  соғыстың  құдіретті 
күші  болды.  Ал  Индия  жағдайында  жылқы  жасы  тұқым  бермейді.  Ондағы 
туған жылқылар бірте-бірте жылқылық қасиетін жоғалтады. Сол себепті Үнді 
мемлекеттері  әскери  соғыс  қажеттіктері  үшін  Орта  Азия  мен  Арабиядан, 
Ауғанстан  мен  Ираннан  жыл  сайын  он  мың  жылқы  сатып  алды.  Бірақ 
соғыстың  бұл  негізгі  күші  өте  қымбатқа  түсетін.  Сондықтан  ихта  иелері 
мүмкіндігінше жылқы сатып алмай, әскери мекемені алдап соғуға тырысты. 
Бұл  зиянкестікпен  күресу  үшін  Ала-уд-дин  Үнді  тарихында  бірінші  рет 
жылқыны таңбалауды енгізді.  

Ала-уд-дин  тұсында  үкімет  билігінің  орталықтандырылуы  өзінің  ең 
жоғарғы  шыңына  жетті.  Әрбір  ірі  феодалдардың  өзімсінуі  түбірімен 
жоғалды.  Орталық  үкіметтің  рұқсатынсыз  жергілікті  басшылар  өз 
еріктерімен  әрекет  ете  алмады.  Ала-уд-дин  өте  қу,  айлакер,  іскер 
ұйымдастырушы, батыр да тапқыр қолбасшы болды.  
Оның  мұндай  қатал  орталықтандыру  саясаты  алғаш  біраз  тиімді 
болғанымен  оның  ақырғы  жемісі  өте  ащы  болды.  Экономика  ауыр 
дағдарысқа  ұшырады.  Сондықтан  да  Ала-уд-дин  өлісімен  оның  орнатқан 
тәртібі толығымен жойылды. 
Сұлтанаттың  экономикалық  жандануы  Мұхамет  Тоғалақтың  /1325-1351/ 
патшалық құруы кезінде басталды. Ол таққа өз әкесі Гияс-уд-дин Тоғалақты 
өлтірген  соң  отырды.  Бенгалияға  сәтті  жорықтан  соң  әскердің  салтанатты 
шеруі өткізілді. Сол шеруде жауынгер пілдер Гияс-уд-дин отырған шатырды 
құлатып  кетеді.  Ол  құлаған  шатыр  астында  қалып,  қаза  табады.  Бұл  кезге 
қарай  Мұхамет  Тоғалақ  тәжірибелі  қолбасшы,  саясаткер  болып  қалыптаса 
бастаған  еді.  Ол  тарихта  екінші  Ескендір,  яғни  А.Македонский  ретінде 
қалуды  армандады.  Алғаш  оның  бұл  арманы  орындалатын  сияқты  болып 
көрінді.  Ала-уд-дин  өлген  соң  сұлтанаттан  бөлініп  кеткен  жерлерді  ол 
бірінен  соң  бірін  қайтадан  қосып  ала  бастады.  Ол  Ала-уд-дин  тұсындағы 
Дели сұлтандығын онан сайын кеңейтіп, бүкіл Индияны дерлік өз қол астына 
бағындырды. Бұл Дели сұлтандығының аумағының ең үлкен кезі болды. Бұл 
жеңісті жорықтар басып алынған жерлерді бағыныштылықта ұстау үшін көп 
қаржы  мен  әскерді  қажет  етті.  Сондықтан  Мұхамет  Тоғалақ  Ала-уд-диннің 
салық саясатын қайталауға мәжбүр болды. 
Ол саясат шаруаларды, жалпы халық шаруашылығын күйзеліске ұщырата 
бастады.  Салықты  ұлғайтумен  қатар  Мұхамет  Тоғалақ  ихта  иелерін 
нығайтуға  тырысты.  Олар  қайтадан  қатал  бақылауға  алынды.  Өз 
иеліктеріндегі жерлерден түсетін табыстың оннан бірін өздеріне алуға рұқсат 
берілді.  Соғыс  тоқталысымен  феодалдар  ол  жаңа  тәртіптерге  бағынбауға 
тырысты.  
Тоғалақтың  патшалық  құруындағы  сәтсіздіктің  негізгі  екі  себебі  болды. 
Біріншісі:  астананы  елдің  дәл  ортасына  орналасқан  Девагири  деген  қалаға 
көшіруі  болды.  Ол  қаланың  атын  Дәулет-Абад  деп  өзгертті.  Қаншы  қаржы 
шығындап,  зәулім  сарайлар  салғанымен  жаңа  қала  саяси  өмір  орталығына 
айналмады.  Ақыры  Тоғалақ  Бірнеше  жылдан  соң  Делиге  қайта  көшуге 
мәжбүр болды.  
Екінші сәтсіздігі – ақша реформасына байланысты болды. Ол алтын-күміс 
монеталарды  мыстан  жасалған  монетамен  ауыстырды.  Алтын  монетаның 
құны  мыстан  жасалған  монетада  көрсетілетін:  «он  алтындық»,  «жүз 
алтындық»  деп.  Мұндай  монеталар  көбейіп  кетті.  Әр  үй  монета  сарайына 
айналды.  Кейін  оның  құны  балшықтың  құнымен  бірдей  болып  қалды. 
Мемлекеттік  қазына  қаңырап  бос  қалды.  Қазынаны  қайта  толтыру  үшін  ол 
алым-салықты өсірді. 
Ол  халық  наразылығын  туғызып,  көтерілістер  басталды.  1339  жылы 
Бенгалия,  бір  –  екі  жылдан  соң  Декан  жарты  аралы  Дели  сұлтандығынан 

бөлініп шығып, тәуелсіздігін жариялады. Осындай қиын кезде таққа Фироз-
Шах  Тоғалақ  /1351-1398/  отырды.  Ол  ихта  иеліктерін  жекеменшікке 
айналдыруға  рұқсат  беріп,  феодалдарға  біраз  жеңілдіктер  жасауға  мәжбүр 
болды. Шаруалардың жағдайын жақсартуға да көңіл бөлді. Әскерге бөлінетін 
қаржы  қысқартылды.  Делидің  солтүстік-батысында  Джамна  мен  Сатледж 
арқасында  канал  салына  бастады.  Жылына  екі  рет  егін  егіп,  жинауға 
мүмкіндік  туды.  Бір  қарыс  жер  бос  қалмайтын  болды.  Сөйтіп  ауыл 
шаруашылығы жандана бастады.  
ХІҮ ғасырдың аяғында феодалдық  өзара қырқысулар жаңа қарқын  алды. 
Сұлтанаттан Мальва,  Гуджарат,  Хандеш бөлініп шықты. Осындай жағдайда 
1398 жылы Солтүстік Индияда Тимур әскерлері басып кірді. Ол Делиді алды. 
Қаланы  талқандап,  талан-таражға  салып,  олжаларын  алып,  Тимур  Орта 
Азияға қайтып кетті. Осыдан соң Дели сұлтандығы қайтадан оңала алмады. 
Сейіттер  тұқымы  сұлтандық  құрған  /1414-1451/  жылдары  Дели  сұлтандығы 
Делидің  өзінен  басқа  шығыс  Пенджабты  ғана  қамтыды.  ХҮ  ғасырдың 
ортасында  Делидегі  үкімет  билігін  Афғандық  Лоди  Бахлул  кландары  басып 
алды. 
Оның  арғы  аталары  Индияға  ХІҮ  ғасырдың  аяғында  қоныс  аударған 
болатын.  Оның  жиырма  мыңдық  әскері  ауғандықтардан  құрылған.  Бахлул 
Лоди  1451-1489  жылдар  аралығында  патшалық  құрды.  Ал  оның  тұқымы 
Делиде 1526 жылға дейін билік құрды. Соңғы сұлтан Ибрайым Лоди орталық 
өкіметті  нығайтуға  тырысты.  1526  жылы  Индияны  Бабыр  басып  алып,  ұлы 
моғолдар тұқымының билігін орнатты. 
Бахмани  мемлекеті.  /ХІҮ-ХҮІ  ғасырлар/.  1347  жылы  деканда  Бахмани 
мемлекеті  құрылды.  Оны  иқтадарлар  мен  сұлтанат  наместниктері  құрды. 
Олар  Бахмани  деген  жергілікті  ірі  иқтадарды  шах  деп  жариялады.  Бұл 
мемлекетте, феодалдық жер иеленудің екі түрі болды. Бірі әскери бенефиций, 
екіншісі  –  мемлекеттік  қызметке  байланысты  емес  бұрынғы  индус  
феодалдарының  мұрагерлік  жекеменшігі.  Бахмани  шахтарының  ең 
күштілерінің  өзі  де  жеке  дара  билеуші  бола  алмады.  Билік  негізінен  ірі 
иқтадарлар мен облыс бастықтары – тарафдарлар қолында болды.  
Бахмани мемлекетіндегі саяси жағдайдың бір ерекшелігі – ескі феодалдар 
мен  Деканға  кейін  көшіп  келген  жаңа  феодалдар  арасындағы  күрес.  Бұл 
шииттік  бағыт  ұстанушы  келімсектер,  әсіресе  басты  министр  Махмуд 
Гаванның тұсында күшейді. Бахманиге Ираннан көпес ретінде келген Гаван 
ХҮ  ғасырдың  50  жылдарының  аяғында  сұлтанның  жақын  ақылшысының 
біріне айналып, біртіндеп барлық билікті өз қолына алды. Бахмани мемлекеті 
1336  жылы  құрылған  Виджаянагар  мемлекетімен  соғыс  жүргізіп  отырды. 
Бахманидтердің    соғыс  жеңістері  Махмұд  Гаванның  есімімен  байланысты 
болды.  Ол  солтүстіктегі  көршісі  Мальваға  соққы  беріп,  Мальваның 
Ориссамен және Теленганамен одағын ыдыратты.  
Махмуд  Гаван  Виджаянагар  мемлекетіне  де  соққы  беріп,  Малабар 
жағалауындағы  маңызды  порт  Гоаны  тартып  алды.  Наместниктер  ықпалын 
әлсірету  мақсатымен  Махмуд  Гаван  облыстардағы  әскер  басыларын 
тағайындау құқығын өз қолына алды.  

Осыған  байланысты  жыл  сайын  әскери  байқау  –  санақтар  өткізіліп 
отырды. Бұл шаралар феодалдар наразылығын туғызды. Мухамед Гаванның 
дұшпандары  оның  атынан  мөр  басылған,  қол  қойылған  жалған  хат 
ұйымдастырып,  сатқын,  опсыз  деп  айыптады.  Жалған  хатқа  сенген  сұлтан 
ашуға булығып, Махмуд Гаванды өлтіруге бұйрық берді. Ол бұйрық бірден 
орындалды. Ол 1481 жылы  болды. Ол өлтірілген  соң  сұлтан феодалдар  мен 
ірі ақсүйектердің билік тізгіні үшін жанталаса жүргізген өзара қырқысының 
ортасында қалды. Наместниктер өздерін тәуелсіз сұлтандар деп жариялады.  
1489-1490  жылдары  Биджапурда,  Бидар  мен  Ахмаднагарда,  1512  жылы 
Голкондода дербес сұлтандықтар құрылды. ХҮ ғасырда астана болған Бидар 
қаласында  отарған  Бахмани  династиясының  сұлтандары  олардың  қол 
астында болып саналған иеліктерді басқаруда айтарлықтай рөл атқарған жоқ. 
Олардың  билігі  сараймен,  гаремменшектелді.  1525  жылы  ең  соңғы 
бахмандық  сұлтан  Бидардан  қашты.  1526  жылы  Бахманидтің  ең  соңғы 
шахының  уәзірі  Қасым  Барид  өзін  Бидар  княздігінің  шахы  деп  жариялады. 
Сөйтіп  билік  жаңа  әулеттің  қолына  көшті.  Бахмандар  мемлекетінің  тарихы 
осылай аяқталды.  
Виджаянагар мемлекеті. Бахмани әулеті ыдыраған соң, Декандағы ең ірі 
держава  Виджаянагар  болды.  Бұл  мемлекеттің  негізін  Мұхамед  Тоғалақтың 
қол  астына  оңтүстік  Индиядан  келіп  қосылып,  ислам  дінін  қабылдаған 
ағайында Буки мен Харихара қалады.  
1336 жылыМұхамед Тоғалақтың империясынан Кришна өзенінің оңтүстік 
жағы  бөліне  бастады.  Бұл  жақты  басқарып  отырған  ағайында  Буки  мен 
Харихара  жақсы  қоршалған  Виджаянагар    қамалын  салды.  Бұл  қамал 
күшейіп  төңірегіндегі  феодалдар  иеліктерін  бағындырып,  жеке  мемлекетке 
айнала бастады. ХІҮ ғасырдың аяғына қарай Виджаянагар басшылары бүкіл 
дерлік  Оңтүстік  Индияны  бағындырып,  Бахмани  сұлтандарымен  күрес 
бастады. Бұл күрестің себебі Кришна мен Тунгабхарда өзендерінің аралығы 
және үндістанның батысындағы теңіз жағалауы мен Гоапорты болды. 
Виджаянагар  махараджалары  1356,  1391,  1417  жылдары  сәтті  жорықтар 
жасады.  Виджаянагар  1391  жылы  Гоаны  басып  алды.  Империя  әсіресе  11-
Деверайя  /1424-1446  жылдары/  билік  құрған  кезде  өз  күшеюінің  шыққау 
шегіне  жетті.  Ол  Цейлонға  табысты  жорық  жасады.  Оған  Куилок,  Пегу, 
Тенассерим салық төлеп отырды. Кейде өздері де жеңіліп отырды. Ондайда 
ол солтүстіктегі көршісіне көп сыйлық-салық төлеп, әрең құтылатын. 
ХҮ ғасырдың аяғында күшті феодалдар Салювтер бастаған күрес күшейіп, 
бұл  әулеттің  өкілі  Нарасимха  1485  жылы  өкімет  билігін  басып  алды.  Бірақ 
жаңа әулет билікті ұзақ ұстап тұра алмады. Көп ұзамай Виджаянагарда жаңа 
әулет – Тулувтар патшалық құра бастады. 
Виджаянагар  мемлекетінің  құрамына  кірген  кейбір  жерлер  вассалдық 
княздер  билігінде  болды.  Княздардың  белгілі  бір  мөлшерде  дербестіктері 
болды.  Олар  кейде  бір-бірімен  соғысып  та  отырды.  Бірақ  жердің  көпшілік 
бөлігі  үкіметтің  қарамағында  болды.  Ол  жерлер  провинцияға  бөлініп, 
орталық 
үкімет 
тағайындайтын 
губернаторлар 
билігінде 
қалды. 
Губернаторлардың  міндеті  –  алым-салықтар  есебін  жүргізіп,  оны  уақытылы 

жинап,  өткізіп  отыру,  өз  провинциясының  қауіпсіздігін  қамтамасыз  ету, 
вассалдар  бүлігін  басып  отыру  болды.  Үкімет  губернаторлардың  күшейіп 
кетуінен  қауіптеніп,  оларды  әр  2-3  жыл  сайын  басқа  жұмысқа  ауыстырып 
отырды. 
Феодалдық  жер  иеленудің  басты  түрі  амаран  болды.  Бұл  ихтаға  ұқсас 
уақытша  шартты  иелік  болды.  Амаран  иесі  әскери  отряд  ұстады,  патша 
шақырғанда  отрядымен  армияға  барып  қосылуы  керек  болды.  Жиналатын 
салықтың біраз бөлігін қазынаға өткізіп отырды. Иелік өмір бойына берілетін 
де,  феодал  өлген  кезде  мемлекет  қарамағына  қайта  көшетін.  Бірақ  иелік 
негізінен  әкеден  балаға  қала  беретін.  Ол  үшін  өлген  феодалдың  баласының 
бірауыз  өтініш  білдіруі  жеткілікті.  Бара-бара  иелік  ешбір  рұқсатсыз  мұраға 
қала  беретін  болды.  Иеліктен  түсетін  табыс  қазынаға  бөлінуді  қоя  бастады. 
Отрядтағы  жасақшылар  саны  азайды.  Әсіресе  жылқы  үндістер  үшін 
қымбатқа түсетін, ол тек шет елдерден сатып алынатын. 
Храмдар  мен  брахмандардың  да  ірі  жер  иеліктері  болды.  Ірі  храмдар  – 
патшаның,  шағын  храмдар  –  жергілікті  княздердің  вассалдары  болып 
есептелді.  Храмдар  мен  брахмандардың  жерлерін  тартып  алу  үлкен, 
кешірілмес күнә болып табылды. 
Виджаянагар  армиясы  императордың  өзінің  жалдамалы  әскерінен, 
амаранаяктар мен вассалдардың отрядтарынан құралды. Ол әскердің үш түрі 
болды:  жаяу,  атты  және  жауынгер  пілдер.  Ең  бастысы  –  жаяу  әскер  болды. 
Атты  әскер  аз,  әрі  қымбат  саналды.  Себебі  Индияда  жылқы  өсірілмейтін. 
Үнділіктер  атпен  жүріп  соғысуға  басқа  Азия  елдеріндегі  жауынгерлерге 
қарағанда  осал  болатын.  Сондықтан  Виджаянагар  императоры  көбінесе 
мұсылмандардың атты әскерін жалдайтын.  
ХҮ ғасырдың екінші жартысында феодалдар дербестігі күшейіп, орталық 
үкімет  әлсірей  бастады.  Амаранаяктар  өздерінің  өкімет  пен  мемлекет 
алдындағы  міндеттерін  жөнді  атқармады,  ал  өкімет  басшысы  билікті 
босаңсытып,  көңіл  көтеруге  көп  көңіл  бөле  бастады.  Осындай  себептер    
1555 жылы империяның құлауына әкеліп соқты. 
 

1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал