Пәні: Автоматтандырылған ақпараттық жүйелер Күні


Кестеден мәліметті таңдау. Select операторының негізгі сипаттамалары



жүктеу 35.08 Kb.
бет4/5
Дата18.02.2022
өлшемі35.08 Kb.
#17369
түріПрограмма
1   2   3   4   5
27.09.21.Sql функциялары
Кестеден мәліметті таңдау. Select операторының негізгі сипаттамалары.
        • Мәліметтерді таңдау берілген шарттарды қанағаттандыратын өрістерді және жазбаларды алуды білдіреді. Мәліметтерді бір немесе бірнеше кестеден таңдап алуға болады. Ол SELECT инструкциясының көмегімен орындалады. SELECT - SQL тілінің негізгі операторы.



        • Жазылу форматы:

        • SELECT [DISTINCT] <өрістер тізімі> немесе * FROM <Кестелер тізімі>

        • [Where < таңдау шарты >]

        • [ORDER BY <сұрыпталатын өрістер тізімі>] [GROUP BY <топталатын өрістер тізімі>]

        • [HAYING <топтау шарты> ]
          89

        • [UNION <Іштестірілген SELECT операторы>.]


        • Мәліметтер жиынында жазбалар қайталанбас үшін DISTINCT сипаттаушысы қолданылады. Егер мәліметтер жиынына барлық өрістерді қосу керек болса, онда тек «*» символын көрсетуге болады

        • SELECT операторында FROM операндысы мен өрістер тізімі міндетті түрде болады. FROM операндында жазбалар таңдалатын кесте аттары көрсетіледі.

        • Егер тізімде бірнеше кестеден алынған өрістер болсы, онда құрама ат қолданады. Яғни,

        • <Кесте аты>. <өріс аты> .

        • WHERE операндысында мәліметтер жиынының нәтижесін таңдау шарты жазылады. Таңдау шарты сипатталатын өрнек логикалық өрнек болып табылады. Оның элементтері өріс аттары, салыстыру амалдары, арифметикалық және логикалық амалдар, жақшалар, LIKE, NULL, BETWEEN, IN және басқа да арнайы функциялар болуы мүмкін.

        • ORDER BY операндысы мәліметтер жиынының нәтижесінде жазбаларды сұрыптау ретін анықтайтын өрістер тізімінен тұрады. Келісім бойынша әрбір өріс бойынша мәндерінің өсу ретімен орындалады. Кему ретімен сұрыптау үшін DESC сипаттаушысы қатар қолданылады.

        • GROUP BY операндасы нәтижелік мәліметтер жиынтығынжа жазбалар тобын бөліп көрсету үшін қолданылады, топта барлық өрістері мәндері бірдей жазбалар қарастырылады.

        • HAVING операндысы GROUP BY операндысымен бірге қолданылады және топтың ішіндегі жазбаларды таңдау үшін пайдаланылады.

        • SELECT инструкциясы күрделі құрылымнан тұруы және бірінің үшіне бірі орналасуы мүмкін. Инструкцияларды біріктіру UNION операндысының көмегімен орындалады. Мәліметтер жиынының нәтижесі екі инструкцияның WHERE операндысында берілген таңдау шарты орындалу барысында таңдалған жазбалардан тұрады.






    1. жүктеу 35.08 Kb.

      Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет