ПӘнді оқытуға арналған әдістемелік ұсыныстар



жүктеу 55.53 Kb.
Pdf просмотр
Дата22.04.2017
өлшемі55.53 Kb.

Қазақстан Республикасы білім және  ғылым министрлігі

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті

Химиялық технология және жаратылыстану факультеті

География және туризм кафедрасы

        

050609 – География мамандығы студенттеріне арналған

География және экология пәндерін оқыту әдістемесі пәнінен

ПӘНДІ ОҚЫТУҒА АРНАЛҒАН 

ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР

Павлодар


Әдістемелік ұсыныстарды

 бекіту парағы             

ПМУ ҰС Н 7.18.1/05

                                                БЕКІТЕМІН

Химиялық технология және 

жаратылыстану факультетінің  деканы

________________ Қ.Қ.Ахметов                                                                        

                                                   «_____»____________2009 ж.

Кұрастырушы:  г.ғ.к., доцент Сапаров К.Т. _____________

 

География және туризм кафедрасы



ПӘНДІ ОҚЫТУҒА АРНАЛҒАН 

ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР

География және экология пәндерін оқыту әдістемесі пәні

050609 – География мамандығы студенттеріне арналған

Кафедра мәжілісінде ұсынылған «___» __________ 2009 ж. №___хаттама

Кафедра меңгерушісі ___________________________ Калиева А.А.

 

      



Химиялық технология және жаратылыстану факультетінің оқу-әдістемелік 

кеңесімен мақұлданған

«___» __________2009 ж. № ___ хаттама

 

ОӘҚ төрайымы_________________________У.Д. Бүркітбаева



Андатпа

География   және   экология   пәндерін   оқыту   әдістемесі   пәні   бойынша

пәнді   оқытуға   арналған   әдістемелік   ұсыныстар   050609   -   География

мамандығы  бойынша бакалавр  дайындауындағы  пәнді оқытуы процессінің

маңызды оқу жұмысының түрі болып табылады. 

География   оқыту   әдістемесі   –   педагогикалық   ғылымның   бір   саласы.

Оның зерттейтін басты мәселесі - өсіп келе жатқан жас ұрпаққа физикалық

және экономикалық географияның негізін геология, экономика, демография

сияқты кейбір жақын ғылымдардың элементтерімен араластыра беру болып

табылады.

Мақсаты:  студенттердің әдістемелік дайындығы,   олардың теориялық

білімдерді   қабылдауы,   мұғалімнің   болашақтағы   жұмысына   қажетті   іс-

тәжірибелік икемділіктер мен дағдыларды қалыптастыру.

Студенттер   осы   оқу   нәтижесінде   білім   беру   әдістемесінің   даму

ерекшелігін,   география   білімнің   мазмұны   мен   құрылымын,   географияны

оқытудың әдістері мен жолдарын, сыныптан тыс жұмыстардың мақсаты мен

маңызын меңгере отырып, алған білімдері мен шеберліктерін географияны

оқытудағы жаңа технологияны іс жүзінде қолдана отырып пайдалана білулері

керек.

Міндеттері: 



             -  білім берудің мақсатын (не үшін оқыту керек?), орта мектептердегі

география   пәнінің   мазмұнын   (нені   оқыту   керек),   білім   берудің   әдісі   мен

формасының ұйымдастырылуын (қалай оқыту керек), география пәнін оқыту

құралдарын (ненің көмегімен оқыту керек):

             - география оқыту барысында оқушылардың білімді қабылдау, ақыл-

ойының   дамуы   мен   тәрбиенің   арасындағы   бірлікке   жетудің   жолдары   мен

байланысын зерттеу:

- география және экологияны оқытудың түрлері мен принциптерін оқу

және тәрбие процесінде қолданылуы;

- тақырыптық жоспарлардың алғашқы дағдыларын алу, жергілікті жерде

табиғатта географияны және экологияны оқыту жұмыстарын, сонымен қатар

әр   түрлі   жұмыстарын,   сонымен   қатар   әр   түрлі   сабақтарды   өткізудің

әдістемесін құру;

-   студенттерді   шығармашылық   ізденуге   бағыттау,   оқытудың   жаңа

тәсілдерін әдістемелік зерттеулерге үйрету.


  

Әдебиет

Негізгі әдебиет:

1. Баранский Н.Н. Методика преподования экономической географии. 

М. Учпедгиз 1960.

2. Герасимова Т.П. Основы методики обучения начальному курсу физической

географии. М. Педагогика. 1978.

3.   Грюнберг   Г.Ю.   Картографические   понятия   в   школьной   географии.   М.

Просвещение. 1979.

4.   Даринский   А.В.   Методика   преподования   географии.   М.   Просвещение.

1975.

5.   Методика   обучения   географии   в   средней   школе.   Под.   Редакцией



Л.М.Панчешниковой. М. Просвещение 1983.

6. Мамирова К.Н. Роль школьного учебника в подготовке учителя географии.

Вест.КазГУ. Сер.географ. 1997№5.

7. Лехто   К.,  Полонский В.  Офинциальное   руководство  Microsoft  по  Front-

Paqe1998

8.   Панченшникова   Л.М.   Основы   методики   обучения   экономической

географии зарубежных стран. М. Педагогика. 1975.

9.   Кушимова   А.Ғ.   Географияны   оқыту   әдістемесі:   Оқу   құралы.   –   Алматы:

Қазақ университеті, 2003.   – 57 бет

Қосымша әдебиеттер:

10. Бунакова Т.М., Родионова И.А., Пособие по географии для поступающих

в вузы. М.Уникум-центр. 1997.

11. Ермаков В.А Казахстан в современном мире. Экономико-географический

очерк. Адматы. Каржы-каражат. 1998

12. Картель Л.М. Дидактические материалы по физической географии. (5-7

классы). М. Просвещение. 1987

13. Кучер Т.В. Экологическое образование учащихся и обучение географии

М. Просвещение. 1990

14.   Климанов   В.В.,   Климанова   О.А.   География   в   таблицах.   Справочное

пособие. М. «Дрофа» 1997

15.   Максаковский   В.П.   Методическое   пособие   по   экономической   и

социальной географии мира. М. Просвещение 1994

16.   Смирнова   В.А.   Дидактические   материалы   по   экономической   и

социальной географии. М. Просвещение . 1996

17. Тесты и практические задания по географии. Уч. Пособие. Под. Ред. И.А.

Родионовой М. 1997

18. Сиротин В.И. Самостоятельные и практические работы по географии. 6-

10 классы. М.Просвещение. 1991

19.   Экзерцева   Е.В.   Кроссворды   для   школьников.   География   Ярославль.

Академия развития. 1998.


Пәннің мазмұны

                   № 1 Тақырып.   Ғылым ретіндегі география және экологияны

оқыту әдістемесі

Кіріспе. Ғылым ретіндегі география және экологияны оқыту әдістемесі.

География және экологияны оқыту әдістемесінің проблемалары. Ғылымның

басқа   географиялық   және   экологиялық   ғылымдармен,   дидактикамен,

психологиямен   байланысы.   Оқыту   әдістемесінің   зерттеу   логикасы   және

әдістері.   Пәндер   туралы   ұғым.   География   және   экология   ғылымдарының

уақыт кеңістіктегі біртұтастығы. Мектеп бағдарламасындағы  география және

экология пәндерінің алатын орны. Қазіргі кездегі экологиялық білім жүйесін

қалыптастыру. 

Ұсынылатын әдебиет: [1],[2],[4],[5],[9].



№   2   Тақырып.   Мектептегі   география   және   экология   білімінің

құрылымы мен мазмұны.

Мектептегі   географияны   оқыту   мақсаттары.   Мектептегі   экологияны

оқыту мақсаттары. Географиялық оқу бағдарламасының негізгі қағидалары.

Мектептегі   география   және   экология   білімінің   құрылымы   мен   мазмұны.

География   және   экологияны   оқыту   мақсаты.   Мектептегі   география   және

экология   пәнінің   мазмұны.   Мектеп   бағдарламасының   сипаттамасы.

География   және   экологияны   оқыту   құрылымы.   Бағдарламаның   мазмұнына

қазіргі уақытта мектепте оқу пәнінің алдына қойылған негізгі талаптары. 

Ұсынылатын әдебиет: [1],[2],[4],[5],[9],[10],[11]

№ 3 Тақырып.  География және экология пәндерін оқыту әдістері

мен тәсілдері.

География және экология пәндерін оқыту әдістері мен тәсілдері.

Оқыту әдістерінің жіктелуі. Түсіндіріп суреттеу, репродуктивті, проблемалық

сипаттама,   ізденіс   және   зерттеу   түрлері.   (картографиялық,   статистикалық,

көрнекі,әдеби   т.б.).

 

Көркем   әдебиетті   таңдап   алуға,   пайдалануға   және



мәңерлеп   оқуға  жаттығу.  Әңгіме  және  сұрақ   құруға  жаттығу.  Тақырыптық

және   күнделікті   сабақ   жоспарын   құрастыру.(ЛКТ)   мектеп   бағдарламасына

талдау жасау.

Ұсынылатын әдебиет: [4],[5],[9],[11],[18],[19]



№   4   Тақырып.

  География   және   экологиялық   білімдер   мен



біліктердің қалыптасуы.

География және экологиялық білімдер мен біліктердің қалыптасуы.

Географиялық   және   экологиялық   түсініктер.   Себеп-салдар   байланыстарын

зерттеу.   Географиялық   заңдылықтар   туралы   білімдердің   қалыптасуы.

Географиялық   және   экологиялық   біліктер.   Сабақ   түрлерін   жіктеп   көрсету,

суреттеу, репродуктивті, проблемалық сипаттама, дәстүрлі сабақтар.

Ұсынылатын әдебиет: [4],[5],[9],[11]


№ 5 Тақырып. География және экология пәнін оқытудағы көрнекі

және техникалық құралдар. Карта, сызбалы көрнекілік әдістер.

  География және экология пәнін оқытудағы көрнекі және техникалық

құралдар. Карта, сызбалы көрнекілік әдістер.

Географиялық   картамен   жұмыс,   сызбалы-көрнекілік   әдістер,   техникалық

құрал жабдықтармен жұмыс. География және экология оқулығын пайдалану.

Географиялық   карта,   сызбалы-көрнекілік   әдістер,   техникалық   құрал

жабдықтармен жұмыс.

Ұсынылатын әдебиет: [3], [4],[5],[6],[9],[12],[14],[18],[19]



№ 6 Тақырып. Оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру формалары.

Оқу-тәрбие   жұмыстарын   ұйымдастыру   формалары.  География

 

және


экология  сабағын   ұйымдастыру.   Тақырыптық   жоспарлар   құрастыру.  Сабақ

түрлері: аралас сабақ жаңа тақырыпты өту, дәрістік, семинарлық сабақ т.б.

оқушылардың   өздік   жұмысы.   Оқытушының   нұсқауы   бойынша   келесі

түсініктемелерді   қалыптастыру:   географиялық   білім,   Географиялық   дағды,

зандылықтар.

   


Көрнекі құрал жабдықтарды; техникалық, сызбалы көрнекілік

әдістерді, карта, глобус т.б. пайдалану.

Ұсынылатын әдебиет: [4],[5],[ 9],[13],[14],[17]

№ 7 Тақырып. География және экология сабағында сыныптан тыс

жұмыстар

География және экология сабағында сыныптан тыс жұмыстар.



 1) Ауызша әдіс (вербальды), лекция, әңгіме, баяндама. 2) Практикалық әдіс.

3) Бақылау әдісі. 4)Тәжірибелік-эксперименттік әдіс. 5) Конструкциялар мен

модельдеу.   6)   Географиялық   нысандар   үлгісі.   7)   Экскурсиялық   әдіс.   8)

Картографиялық әдіс. 9) Үйірме, секция, географиялық қоғам, конференция,

апталық т.б.

 

Лекция, конференция, бақылау, экскурсия, үйірме, географиялық



кешен, апталық, секция сабақтары, географиялық алаң.

Ұсынылатын әдебиет: [3],[4],[5],[ 6],[7],[9],[17],[18]



№   8   Тақырып.  Құрлықтар   және   мұхиттар   география  оқытудың

негізгі әдістемелері.

Құрлықтар және мұхиттар география оқытудың негізгі әдістемелері.

Құрлықтар және мұхиттар география курсы.   Құрлық географиясын оқыту

мақсаты. Курстың оқыту мақсаты мен құрылымы. Курсты өткенде білім мен

біліліктің   қалыптасуы.   Жалпы   зандылықтарды   зерттеу.   Іс-тәжірибелік

жұмыстар өткізу шаралары. Құрлық географиясын оқыту мақсаты.  Курстың

оқыту   мақсаты   мен   құрылымы.   Логикалық   тірек   конспектісін   құрастыру.

Жалпы зандылықтарды зерттеу. 

Ұсынылатын әдебиет: [2],[4],[5],[ 8],[17]

9   Тақырып.

  Физикалық   географияны   оқытудың   негізгі



әдістемелері.

 Физикалық географияны оқытудың негізгі әдістемелері.

Физикалық географияны мектеп курсында оқыту әдістері.  ТТК материктер

мен   мұхиттар   ірі   облыстары.   Жер   бедері,   климаттық   белдеулер,   табиғат

зоналары.   Сонымен   қатар   Қазақстанның   және   туған   өлкеміздің   табиғатын

зерттеу.    Қазақстанның   физикалық   география   курсы.   Қазақстанның

физикалық   географиясын   оқыту   мақсаты.   Курстың   оқыту   құрылымы   мен

маңызы.   Жеке   тарауларды   өткенде   білім   біліктіліктің   қалыптасуы.   Табиғи

кешендер туралы білімдердің қалыптасуы.

Ұсынылатын әдебиет: [2],[4],[5],[15],[17]



№ 10 Тақырып.

 Экономикалық-әлеуметтік географияны оқытудың



негізгі әдістемелері.

Экономикалық-әлеуметтік географияны оқытудың негізгі әдістемелері.

Экология және табиғаттану оқытудың негізгі әдістемелері.

Экономикалық   география   курсындағы   табиғи   жағдайлар   мен   табиғи

ресурстардың   экономикалық   бағасының   әдістері   мен   мазмұны.   Қазақстан,

ТМД   елдері,   дүние   жүзінің   экономикалық   географиясын   оқытуда

статистикалық,   деректер,   кесте,   диаграмма,   сызба   нұсқаларды   қолдану.

Қазақстанның   экономикалық   және   әлеуметтік   география   курсы.   Курсының

оқыту мақсаты. Құрылымы мен мазмұны.   Жеке тарау және жалпы курсты

зерттеу кезінде білімдер мен біліктіліктердің қалыптасуы.

Ұсынылатын әдебиет: [1],[4],[5],[8],[16]

№   11   Тақырып.

  Шет   елдер   экономикалық   және   әлеуметтік



география оқытудың негізгі әдістемелері.

Шет елдер экономикалық және әлеуметтік география  оқытудың негізгі

әдістемелері.  Шет   елдер   экономикалық   және   әлеуметтік   география   курсы.

Курсының  оқыту мақсаты, құрылымы мен мазмұны.  Жеке тарау және жалпы

курсты   зерттеу   кезінде   білім   мен   біліктіліктің   қалыптасуы.

 

Қазақстан



Республикасында   географияны   оқытудағы   жаңа   әдістер   шет   елдердің

тәжірибесін   пайдалану.   Географияны   оқыту   процесінде   жаңа

технологияларды қолдану.

Ұсынылатын әдебиет: [1],[4],[5],[15],[16]

 

№   12   Тақырып.

  География   пәні   бойынша   факультатив   сабағы.



География пәні бойынша оқу экскурсиялары

Экология пәні бойынша факультатив сабағы. География пәні бойынша

факультатив сабағы.  Экология пәні бойынша оқу экскурсиялары. География

пәні   бойынша   оқу   экскурсиялары.   Факультатив   курстың   мақсаты   мен

мазмұны. Оқыту әдістемесі мен ұйымдастыру түрі. География және экология

пәндері   бойынша   оқу   экскурсиялары,   олардың   оқытудағы   маңызы.

Экскурсияны ұйымдастыру

Ұсынылатын әдебиет: [1],[2],[4],[5],[7],[9]



Каталог: arm -> upload -> umk pdf
umk pdf -> Нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы Нысан пму ұс н 18. 3/40
umk pdf -> Нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы Нысан пму ұс н 18. 3/40
umk pdf -> ЖҰмыс бағдарламасы павлодар Мамандық бойынша
umk pdf -> ЖҰмыс бағдарламасы павлодар Лист утверждения к рабочей Форма программе дисциплины
umk pdf -> БАҒдарламасы павлодар Мамандықтың элективті пәндер
umk pdf -> Бағдарламасының ( Syllabus) титулдық парағы Нысан пму ұс н 18. 3/37
umk pdf -> Ж. Т. Сарбалаев 2010 ж
umk pdf -> Тәжірибешілік сабақтардың мазмұны 1 – тақырып. Кіріспе. Қазақ хандығының құрылуы
umk pdf -> Бағдарламасының ( Syllabus) титулдық парағы Нысан пму ұс н 18. 3/37 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

жүктеу 55.53 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет