Пән бойынша оқыту



жүктеу 375.37 Kb.
Pdf просмотр
бет1/3
Дата02.06.2017
өлшемі375.37 Kb.
  1   2   3

          

Пән бойынша оқыту

бағдарламасының

(Syllabus) титулдық

парағы 

Нысан


ПМУ ҰС Н 7.18.3/37

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті

Гуманитарлық-педагогикалық факультет

Қазақ филологиясы  кафедрасы

6М020500-«Филология (қазақ) » мамандығының магистранттарына арналған

«Тіл білімінің (әдебиеттанудың) қазақ тіл білімінің (қазақ әдебиеттанудың)

жаңа бағыттары»



ПӘНІ БОЙЫНША ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ

(Syllabus)

Павлодар


Пән бойынша оқыту

бағдарламасын

(Syllabus) бекіту

парағы


Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/38



БЕКІТЕМІН

 

ГП факультетінің деканы

_________       Ж.Т.Сарбалаев

 

«  ___»   ___________2013 жыл



Құрастырушы: ф.ғ.к., доцент Г.Т.Кәріпжанова__________

Қазақ филологиясы кафедрасы

6М020500-«Филология:қазақ филологиясы» мамандығының  күндізгі

бөлім студенттеріне «Тіл білімінің (әдебиеттанудың) қазақ тіл білімінің (қазақ

әдебиеттанудың) жаңа бағыттары»



пәні бойынша оқыту бағдарламасы (Syllabus)

Бағдарлама 2013 ж. «___» _________бекітілген жұмыс оқу бағдарламасының

негізінде әзірленді.

Кафедра отырысында ұсынылды 2013 ж. «___»____________№_____ Хаттама

Кафедра меңгерушісі  ______________     Жүсіпов Н.Қ.   2013 ж. «__»

(қолы)


      (аты-жөні)

Гуманитарлық-педагогикалық  факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен

мақұлданды  2013 ж. «_____»____________ №____ Хаттама

ОӘК төрайымы _________    Ксембаева С.К  2013 ж. «_____»________

(қолы)

    (аты-жөні)



1. Оқу пәнінің паспорты

         Пәннің атауы « Тіл білімінің (әдебиеттанудың) қазақ тіл білімінің (қазақ

әдебиеттанудың) жаңа бағыттары»

ЖОО-лық компонент пәні

Кредит саны мен оқу мерзімі

Барлығы – 3 кредит

Курс: 1

Семестр: 1

Аудиториялық сабақтар – 45 сағат

Дәрістер – 30 сағат

Тәжірибелік – 15 сағат

МӨЖ – 90

Соның ішінде МӨЖМ -  4,5

Еңбек сыйымдылығы барлығы –   135 сағат

Пререквизиттер

- Қазіргі қазақ тілі

- Тіл біліміне кіріспе

- Жалпы тіл білімі 

- Этнолингвистика

- Мәдениеттану



Постреквизиттер

- Тіл білімінің/әдебиеттанудың/ өзекті мәселелері

-Тіл білімінің, әдебиеттанудың философиялық мәселелері

2. Оқытушылар туралы мәліметтер және байланысу ақпараттары 

Аты-жөні: Кәріпжанова Гүлназ Төкенқызы

Ғылыми дәрежесі, атағы, қызметі: ф.ғ.к., доценті

«Қазақ   филологиясы»   кафедрасында   «А»   корпусында   (Ломов   к-сі,   64)   356

аудиторияда орналасқан. 

Байланысу телефоны: Тел. (12-55) 356 кабинет



3.Пәннің мақсаты мен міндеттері

Пән:  «Тіл   білімінің   (әдебиеттанудың)   қазақ   тіл   білімінің   (қазақ

әдебиеттанудың) жаңа бағыттары»



Пәнді оқыту мақсаты:

Әр түрлі дәуірдегі ағымдар мен көзқарастар, қазақ әліпбиіндегі тарихи

өзгерістерге   шолу   жасалады.   Фонетика,   лексикология,   сөзжасамдағы   түрлі

көзқарастар   талданып,   сараланып,   магистранттардың   теориялық   білімдері

жетілдіріледі.   Әсіресе   сөзжасамдағы   түрлі   мәселелер,   зерттеудегі   бағыттар,

түрлі көзқарастар басты назарда болады. Қазақ тіл біліміндегі грамматикалық

зерттеулердегі   түрлі   қайшылықтар,   грамматика   салаларында   орын   алған

көзқарастар  қамтылып, теориялық,   тәжірибелік  тұрғыдан   зерделенеді.   Жаңа

лингвистикалық   бағыттар,   олар   туралы   ағымдар   мен   көзқарастарға   түсінік

беріліп,   баса   назар   аударылады.   Тіл   білімінің   жаңа   бағыттар:

прагмалингвистика,   психолингвистика,   паралингвистика,   әлеуметтік

лингвистика,   этнолингвистика,   когнитивтік   лингвистика     т.б.   ғылыми

зерттеулерді зерделеу.



Пәннің міндеттері:

             Қазақ тілінің морфологиясы мен   синтаксисіне қатысты әр түрлі жаңа

көзқарастарды бағалау;

 - Теориялық білімге қажетті ағымдар мен көзқарастарды сұрыптау;

 - Теориялық білімді жаттығулар орындау арқылы тәжірибемен ұштастыру;

 - Танымдық және этнолингвистикалық зерттеулер жүргізу;

-   Прагмалингвистика,   мәтін   лингвистикасы   салалары   бойынша   (дискурс,

концепт, прагматика, мәтін) т.б. зерттеулерді қарасытру;

-   Тіл   мен   таным   байланысына   негізделген   мәселелердің   әдіснамалық

белгілерін,   әлеуметтік,   психологиялық   және   халықтық-мәдени   негіздермен

айқындалуын,   когнитивтік   лингвистиканың   әлемдік   деңгейдегі   тәжірибесін,

тілтанымдық мәселелерді зерделеп меңгерту аталмыш пәннің мақсаты болып

табылады.

3. Білім, икемділік және дағды-машықтарға қойылатын талаптар: 

- концептуалдық талдай білу;

-этнолингвистика, прагмастилистика, мәтін лингвистикасы салаларының

теориялық мәселелерін меңгеру

-тілдік   бірліктерді   қолданысқа   түсіру,   оларға   функциялық   қызмет

атқарту талдау;

-прагматика, дискурс зерттеулер нысанын айқындау.

-көркем   туындыдан   контекстік   қолданымдарды   біртұтас   тұлға   ретінде

бөліп алып, ондағы құрылымдық-композициялық элементтерді түрлі деңгейде

(дыбыстық,   семантикалық,   лексика-фразеологиялық,   морфологиялық,

грамматикалық) талдай алу;

- ұлттық болмыстың тілдегі көрінісін зерделей отыра, ұлттық тіл және

тілдік   процестер   арқылы   тіл   иесінің   материалдық   және   рухани   мәдениетін

таныту, мәдениеттің тілдік жүйеге әсерін, яғни мәдени факторлар мен адам

бойындағы тілдік факторлардың байланысын таныту.


4. Пәнді оқудың тақырыптық жоспары

р/с№


Тақырып

Сағат саны

Дәріс

Тәжіри


белік

МОӨЖ


МӨЖ

1

Когнитивтік лингвистика –



жеке ғылым саласы

Қазақ тіл біліміндегі 

когнитивтік теорияның 

дамуы


Когнитивтік 

лингвистиканың зерттеу 

нысаны, мақсат-міндеттері

2

1



6

2

Тіл біліміндегі 



парадигма-теория-

тұжырым арақатынасы 

«Тіл тану» 

парадигмасының 

қалыптасуы.

2

1



6

3

Тілтанымдық 



қағидалардың жалпы 

теориялық парадигмасы 

Тілдік интеграция мен 

дифференциация – 

танымдық даму нәтижесі 

2

1



1

6

4



Қазақ тіл біліміндегі 

қазіргі когнитивтік 

парадигмалар. Тілтаным 

теориясының 

концептологиялық негізі

2

1



6

5

Мәтін туралы ұғым



Мәтін   түрлері.   Мәтін

типологииясы

лингвистикасының

зерттелуі

2

1

1



6

6

Мәтін құрылымы



Мәтін сегментациясы.

Мәтіннің


1

6


интерпретациялануы

Мәтін   мен   абзац

арасындағы байланыс. 

2

7



Этнолингвистиканың

лингвистикалық

пәндермен   арақатынасы

және өзара байланысы

2

1

6



8

Этнолингвистикалық

бірліктер.

Этнолингвистиканың

базалық ұғымдары

2

1



6

9

Тіл



 

біліміндегі

салыстырмалы-

салғастырмалы

парадигма.

 

Тіл



біліміндегі

антроцентристік

парадигма.

2

1



1

6

10



Қазақ

этнолингвистикасындағ

ы   жүйелілік   прниципі,

індете зерттеу принципі

2

1

6



11

Лингвомәдениеттанудың

зерттеу   нысаны,   әдіс-

тәсілдері,

 

мақсат-


міндеттері 

2

1



0,5

6

12



Лингвомәдениеттанудың

базалық   –   үғымдық

аппараты.

2

1



6

13

Прагмастилистика   –



стилистиканың

жаңа бағыты  

Паралингвистика.

2

1

6



14

Лингвистикалық

прагматика

2

1



6

15

Дискурс-   көп   мағыналы

термин

Дискурс   және   оның



тілдік белгілері

Дикурс. Диалог. Мәтін

2

1

6



Барлығы: 

30

15



4,5

90

6 Дәріс сабақтарының мазмұны 



1-тақырып. Когнитивтік лингвистика – жеке ғылым саласы

Жоспар

1Когнитивтік лингвистика – жеке ғылым саласы

2Қазақ тіл біліміндегі когнитивтік теорияның дамуы

3Когнитивтік лингвистиканың зерттеу нысаны, мақсат-міндеттері 

Бүгінгі таңдағы танымдық (когнитивтік) ғылым өзінің бастауын ежелгі дәуірден

алатындығы белгілі, себебі танымдық ғылымның нысаны болып саналатын таным

мен ақыл, олардың өзара қатынасы сонау ерте заманалардан пікірталас тудырып

келген   түсініктер.   Бұл   дегеніміз,танымдық   ғылымның   ең   маңызды   да,   басты

мәселесі классикалық мәселе - тіл мен ойлау екендігін анықтай түседі.

        Поэтикалық мәтіндегі тіл мен ойлаудың өзара қатынасы ертеде философтарды

бірден-бір ойландырған мәселе болса да, бүгінгі таңда осы мәселе де күн тәртібінде

тұрғандығын көруге болады.          Когнитивтік лингвистика тіл арқылы қоршаған

ортаны,   адамзат   қасиеттерін,   қоғамдық   құбылыстар   мен   жаратылысты   танып-

білудің   ғылыми-теориялық   негіздерін   қарастырады.   Сондықтан   когнитивті

лингвистика тіл білімінің танымдық бағыттары мен аспектілерін әр түрлі қырынан

ғылыми негіздейді және адамның таным процесіне қатысты білімін тереңдетіп,

тәжірибесін молайтады.

     Когнитивтік лингвистика пәнінің мақсаты - тіл біліміндегі танымдық теорияның

ғылыми негіздерін меңгерту, оның басты тұжырымдары мен негізгі қағидалары

арқылы студенттердің ой өрісін кеңейту.

    Негізгі мақсаттың жүзеге асуы үшін орындалатын міндеттер:

-

тіл білімі мен когнитивті лингвистиканың бір-бірімен байланысын көрсете білу:



-

тіл   біліміне   қатысты   таным   теориясының   негізгі   қағидаларын   игертіп,   оны

дұрыс қолдана білуге үйрету;

студенттердің ойлау қабілетін, қоршаған ортаны зерттеп, тану қасиетін, өзіндік ой-

пікірін дәлелдеп жеткізе білу дағдысын жетілдіру, олардың дүниетанымын кеңейту.

Ұсынылатын әдебиет: [6], 1-22 беттер; [4], 1-47 беттер.



2-тақырып. Тіл біліміндегі парадигма

Жоспар

1Тіл біліміндегі парадигма-теория-тұжырым арақатынасы 

2«Тіл тану» парадигмасының қалыптасуы. 

Когнитивтік   лингвистика   ғылымның   өзектілігі   мен   оның   күрделі



проблемаларын шешу мәселесі ресейлік ғалымдардың  назарынан тыс қалған емес.

Орыс тіл білімінде когнитивтік лингвистикасының өзекті мәселелері ЮА.Сорокин,

Е.С.Яковлева,   Е.С.Кубрякова,   В.Н.Телия,   А.Вежбицкая,   .П.Бабушкин,

С.А.Аскольдов,   А.Н.Баранов,Д.О.Добровольский,   Н.Д.Арутюнова,   Н.Н.Болдырев,

Э.Д.Попова,   И.А.Стернин,   Ю.Н.Караулов,   В.А.Маслова   сияқты   зерттеушілердің

еңбектерінен   көрініс   табады.   Аталған   зерттеу   еңбектерінде   когнитология

ғылымының нысаны, бағыт-бағдары, зерттелуі, негізгі ұғымдары сөз етіледі. Бұл

еңбектерден танымдық ғылымдар ішінде тілдің атқаратын функциясының жоғары

екендігін көруге болады.  Когнитивті лингвистика ғылымы бүгінгі таңда орыс тіл

білімінде бір жүйеге түскен ғылым саласы болып табылады.  

Ресейлік   зерттеулердің   бастамасын   1985   жылы   В.И.Герасимов   ұсынған

шолу,   1988   жылы   баспадан   шыққан,   тілдің   когнитивті   аспектілеріне   арналған

«Шетел тіл біліміндегі жаңалық» атты жинақтың XXIII томын құрды. 1995 жылы

жазылған орыс тіліндегі аудармалардың топтамасы да «Тіл және интеллект» деп

атала отырып, тіларалық ғылыми байланыстың дамуына септігін тигізгендігіне де

көз   жеткізуге   болады.   Танымдық   тіл   білімінің   дамуына   ерекше   үлес   қосқан

еңбектердің   қатарында   В.А.Маслова,   Ю.С.Степановтың   1997   жылы   шыққан

«Константтар:   орыс   мәдениетінің   сөздігі»   зерттеулері   көпке   үлгі   болғандығын

айтуға болады. «Бұл орыс мәдениетінің құндылықтарын жинақтаған алғашқы еңбек

бола   тұра,   концепт,   констант   ұғымдарының   да   мәдени   негіздерін   талдауға

бағытталған   аса   қажет   зерттеулер   қатарын   құрады.   Мұнда   «Шындық»,   «Заң»,

«Махаббат», «Сөз», «Жан», «Ғылым»... константтарының сипаттамасы нақтыланып

берілді»   дей   келе,   автор   маңызды   лексикографиялық   жұмыстарға   1996ж.

Е.С.Кубрякованың   редакциясымен   жарық   көрген   «Когнитивті   терминдердің

қысқаша сөздігін» жатқызады.

Ұсынылатын әдебиет: [6], 1-22 беттер; [4], 1-47 беттер.



3-тақырып. Тілтанымдық қағидалар

Жоспар

1Тілтанымдық қағидалардың жалпы теориялық парадигмасы 

2Тілдік интеграция мен дифференциация – танымдық даму нәтижесі

Адамзат баласының бітім-болмысының универсалды сипатын айқындау тіл

мен танымның да жалпыға ортақ өзгеше мүмкіндіктерін сұрыптауға көмектесті.

Барша адам баласына тән биоанатомиялық негіз оның ми мен жүйке, сана мен жады

құрылыстарының   жұмыс   істеу   принциптерін   айқындауға,   адамзат   атаулының

ерекше қабілеттерін жүйелі зерттеуге әрі табиғи болмыс-бітімнің әлеуметтік-мәдени

ұстанымдар негізінде даму, өзгеру, толығу бағыттарын талдап көрсетуге себепкер

болар маңызды факторлардың қатарына жатады. Сол себептен де жалпы тіл білімі

көлемінде ғалымдар адамның ерекше жаратылысын оған қызмет ететін тіл, сана,

таным, қоғам ұғымдары арқылы зерделеуді, олардың ішкі-сыртқы сабақтастығын

әрқайсысының   динамикалы   қозғалысынан   өрбітуді,   сол   арқылы   жеке   мен

жалпының байланысы негізінде диалектиканың даму заңдарын сұрыптауды мақсат

еткендігін   де   аңғаруға   болады.   Бүгінгі   жербетіндегі   қоғамдық   құбылыстардағы


интеграция   процесі   тіл   ғылымы   ғылымдар   тоғысында,   олардың   аса   маңызды

жетістіктері негізінде күрделі ғылыми мәселелерді шешуге талпыныс жасауда, ең

бастысы,   лингвистика   адамның   барша   әрекетінің   көзі   ретінде   тіл   мен   оның

құралдарын қарастыру қажеттігін дәйіктеп көрсетуде. Тіл адамның сыртқы ортамен

байланысынан   туындайтын,   соған   ұқсастыра   әрекет   еткен   адам   қабылдауынан

сусындайтын өзгеше құбылыс екенін ғалымдар ерте кезден байқағандығын бүгінгі

күні   тарихи   еңбектерден   көруге   болады.   Негізінен   олар   сөз   табиғатын   зерттей

отырып,   оның   номинативтік   қызметін   түсіндіруде   тіл   пәлсапасының   маңызды

тұжырымдарын басшылыққа алған болатын.

Ұсынылатын әдебиет: [6], 1-22 беттер; [4], 1-47 беттер.



4-тақырып 

Жоспар

1.Қазақ тіл біліміндегі қазіргі когнитивтік парадигмалар.

2. Тілтаным теориясының концептологиялық негізі

Концептуалды   метафора   –   адам   танымында   ұқсату   заңдылықтарының

нәтижесінде     туындаған     деректі,     дерексіз      ұғымдардың      атауы,      жаңа

лексикалық     мағына.     Метофораның     когнитивтік   теориясы     туралы     Эрл

Маккормак: «Метафораны танымдық үрдіс ретінде суреттеуді тілді жасаушы адам

санасының терең құрылымдық сипатын түсінуіміз керек» дейді. Ғалым когнитивтік

лингвистикада   метафораның   зат-мағына-таңба   үштігі   шеңберінде

қарастырылуына   көңіл   бөледі.   Метафораның   когнитивтік бағыттағы танымдық

құралы екендігі турасында зерттеушілер мынадай қызметтеріне тоқталады:

- болмыстағы бар заттармен теңестіру, ұқсату арқылы затқа атау беру; 

- абстрактілік мағынаны білдіретін жаңа ұғымдарды қалыптастыру. Мұндай

метафоралар   ғылымда   концептуалды   метафора   деп   аталып   жүр.   Қазіргі   тіл

білімінде метафораны танымдық сипатта қарау оның бағалауыштық, біртұтастық,

эмбебаптық қасиеттерін анықтауға негіз болады;

-   метафораның   бағалауыш   бейне   тудыру   қасиеті,   бағаның   кейіптелуі.

Метафораның бағалауыштық мәнге ие болып, жаңа мағына тудыру қасиеті Абай

мен   Шәкәрім   шығармаларындағы   тілдік   дәстүр   жалғастығы   мен   ондағы

құбылыстар   мен   заттардың   бағалары,   олардың   бағалауыштық   қасиеттері   адами

құндылықтарды   тану   (ар,   иман,   мінез,   жақсылық,   махаббат,   тағдыр   т.б.)

нәтижесінде көрінеді; 

- метафораның индивидуальды - авторлық дүниетануды қалыптастыратын

көркем   сөз   атрибуты   екендігін   Абай   мен   Шәкәрім   шығармалары   негізінде   де

дәлелдеуге болады. Мәселен, қос ақынның шығармаларындағы ызалы жүрек долы

қол; бес нәрсеге асық болу; үйренуге болма намыс, үйретуге болма кер; сынды

метафоралар   авторлық   қолданыстан   туған   концептуалды   метафоралар.  Фрейм,

концепт,   гештальт,   ұлттық-мәдени   кеңістік   және   этномәдени  белгілер,

прототип  Когнитивтік   ғылымда   қабылдау   тек   қоршаған   әлемді   еш

әрекетсіз   тану   емес,   онымен   үздіксіз   байланыста   болу,   оның   негізгі

зандылықтарына бейімделу, келіп түскен хабарлар тізбегінен өзіңе қажет

мәліметті бөліп алу қабілетіне ие болу негіздері.  Фрейм.  Лингвистикада



фрейм ұғымының негізін қалаған   ғалым — Ч.Филлмор. Ол өзінің   ойын

екі мәселе сабақтастығы  негізінде  тұжырымдап көрсетті:

-   сөз   мағынасы   жіктеуге   келетін   бөлшектер   жиынтығы

түрінде   ғана   емес,   сөйлеуші   мен   тыңдаушыға   әсер   ететін   таныс

деректерден   жинақталған   тұжырымды   құрылым   не   пайыммен

топталған тәжірибе үлгісі ретінде қарастырылуы керек;

-   фреймдер   белгілі   бір   «сценарий»   үлгісі   бойынша,   соның

баламасы   ретінде   дүниеге   келетін   лингвистикалық   нұсқалар   жиынтығы

болуы қажет.

Гештальт  адамның   шынайы   болмысты   қабылдауына   негізделіп,

танымдық процестерді бағыттап отыратын қызмет атқарады. 



Ұлттық-мәдени   кеңістік   және   этномәдени  белгілер.  Аталмыш

ұғымның аясы мен негізгі айырым белгілері өзге мәдени құбылыстармен

бетпе-бет   келгенде   ғана   айқындалатындықтан,   оның     мағыналық

ерекшелігін   ақпараттар     мен  эмоциялар  тізбегі,   адам   өмір   сүретін   және

қызмет ететін виртуалды әрі шынайы шарттар құрайды.

    Мәдениет   константтары   деген  «мәдениеттің  қалыпты   ұстанымы»

деген тұжырымды білдіреді.   



Прототип   ұғымы

 —   белгілі   бір   өлшемдермен   немесе

параметрлермен тығыз байланысты анықталатын танымдық көрсеткіш.

Ұсынылатын әдебиет: [6], 1-22 беттер; [4], 1-47 беттер.

5-тақырып. 

Жоспар

1.Мәтін туралы ұғым

2.Мәтін түрлері.

3.Мәтін типологииясы лингвистикасының зерттелуі

Мәтін   теориясына   қатысты   мәселелерді   тіл   білімі   тарихында   алғаш

зерттеушілердің бірі – А.А.Потебня. Мәтін құрылымы, мәтін түзуші бірліктер

және   олардың   бір-бірімен   байланысуы   сияқты   мәселелер   орыс   лингвистері

А.М.Пешковский,   Н.С.Поспелов,   И.О.Москальская,   И.Гальперин,

Г.Я.Солганик, Л.Ельмслев, т.б. ғалымдар еңбектерінде қарастырылады. 

    Қазақ тіл біліміндегі мәтін теориясы жөніндегі зерттеулер кейінгі жылдары

кеңірек қолға алына бастады. Алайда, мәтін лингвистикасына қатысты, кейбір

ойлар   қазақ   тіл   білімінің   негізін   қалаушылар   Ахмет   Байтұрсынұлы   мен

Құдайберген   Жұбанов   еңбектерінде   де   кездеседі.   А.Байтұрсынұлы   20-шы

жылдардың   өзінде-ақ   мәтіннің   мүшеленуі   туралы   құнды   пікірлер   айтқан.

Ғалым мәтінді «шығарма сөз» деп атайды: «Сөз өнерінен жасалып шығатын

нәрсенің жалпы аты шығарма сөз, ол аты қысқартылып шығарма деп аталады.

Ауыз   шығарған   сөз   болсын,   жазып   шығарған   сөз   болсын   бәрі   шығарма

болады»/1,344/

     Құдайберген Жұбанов мәтінді «сөз бұйымы» деп атайды.


     Мәтін - өте күрделі жүйелі құрылған тілдік құбылыс. Мәтін лингвистикасы

ширек ғасырға жуық тарихы болса да, үздіксіз даму үстінде. Қазіргі қазақ тіл

біліміндегі мәтін лингвистикасы саласындағы зерттеулер қатарында Р.Сыздық,

Б.Шалабай,   С.Құнанбаева,   С.Мұстафина,   А.Жұбанов,   Ж.Қайшығұлова,

З.Ерназарова,   М.Ахметова,   А.Тілембекова,   Ж.Кеншінбаева   еңбектерін   атай

кеткен   жөн.   Мәтін   лингвистикасына   қатысты   зерттеулердің   көптігіне

қарамастан, қазақ мәтінінің құрылымдық ерекшеліктері бүгінгі таңда әлі де

зерттеуді қажет ететін күрделі мәселелердің бірі.

      Мәтіннің құрылымы мен мәтін түзуші мағыналық-құрылымдық бірліктер,

олардың   өзара   байласым   ерекшеліктерін   мәтін   лингвистикасының   бүгінгі

таңдағы   өзекті   мәселелері.   Ғалым   Б.Шалабай:   «Мәтінді   зерттеу   тұрақты

күйдегі тілді емес, әрекетті тілді зерттеуден барып пайда болады» /4,130,132/

-дейді.

        Т.Қордабаев,   Р.Сыздық,   Б.Шалабай,   Ж.Жақыпов,   А.Жұбанов   т.б.



ғалымдардың   еңбектерінде   мәтіннің   мүшеленуіне   қатысты   бірталай   құнды

ойлар айтылған. Мәтіннің зерттелуі, қазақ мәтінінің құрылымындағы логика-

семантикалық   қатынастардың   эксплицитті   құрамдары,   тілдің   түрлі

деңгейлеріндегі   бірліктердің   мәтінтүзімдік   қызметі   және   т.б.   мәселелер

С.Мұстафинаның зерттеуінде қарастырылады. Мәтінге байланысты қазақ тіл

білімінде сан алуан анықтамалар беріліп жүр. Солардың бірқатарында мәтін

тек жазба формадағы сөз туындысы ретінде сипатталады.Алайда, мәтін деп

кез   келген   форма   түріндегі   ауызша   және   жазбаша   айтылымдарды   айтамыз.

Мәтінде   айтушының   ойы   ашылады.   Мәтін   сөзжұмсам   қызметінің  нәтижесі.

Сөз қызметінің себебі мен мақсаты бар. Оның тақырыбы мақсат пен себепті

айқындайды. 

          Қазіргі уақытта мәтін әр қырынан, әр түрлі бағытта жан-жақты зерттелу

үстінде.   Онтологиялық   тұрғыда   –   мәтіннің   болмысы,   алатын   орны,   ауызекі

сөйлеуден айырмашылығы қарастырылса, гносеологиялық тұрғыда мәтіндегі

объективті шындық бейнесінің берілуі сипатталады. Лингвистикалық тұрғыда

– мәтіннің тілдік ұйымдасуы, психологиялық тұрғыда – мәтіннің қабылдануы,

прагматикалық   тұрғыда   –   мәтін   авторының   объективті   болмысқа   және

мазмұнға деген қатысы анықталады.

       Мәтін лингвистикасының қарастыратын басты мәселелері – мәтін түзуші

бірліктерді   айқындау,   мәтіннің   негізгі   категорияларын   сипаттау,   әр   түрлі

деңгейдегі тілдік бірліктердің мәтін бойындағы ерекшеліктерін көрсету.

     Мәтін лингвистикасы мәтінді тұтасымдық және байласымдық қасиетке ие

жоғары деңгейдегі жүйе ретінде зерттейді.

Ұсынылатын әдебиет: [6], 1-22 беттер; [4], 1-47 беттер.



Каталог: arm -> upload -> umk pdf
umk pdf -> Нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы Нысан пму ұс н 18. 3/40
umk pdf -> Нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы Нысан пму ұс н 18. 3/40
umk pdf -> ЖҰмыс бағдарламасы павлодар Мамандық бойынша
umk pdf -> ЖҰмыс бағдарламасы павлодар Лист утверждения к рабочей Форма программе дисциплины
umk pdf -> БАҒдарламасы павлодар Мамандықтың элективті пәндер
umk pdf -> Бағдарламасының ( Syllabus) титулдық парағы Нысан пму ұс н 18. 3/37
umk pdf -> Ж. Т. Сарбалаев 2010 ж
umk pdf -> Тәжірибешілік сабақтардың мазмұны 1 – тақырып. Кіріспе. Қазақ хандығының құрылуы
umk pdf -> Бағдарламасының ( Syllabus) титулдық парағы Нысан пму ұс н 18. 3/37 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

жүктеу 375.37 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет