20. Материалдық емес активтерге не жатады?
а) дайын өнім,тауарлар ,бағалы қағаздар, акциялар, облигациялар,жолдағы ақша қаражаты
б) лицензиялық келісімдер, бағдарламалық қамтамасыз ету, патенттер, ұйымдастыру шығындары, гудвилл, сауда маркалары, авторлық құқықтар
в) ғимараттар мен үйлер, машиналар мен жабдықтар, өлшеу және реттеу аспаптары мен қондырғылары,есептеу машиналары мен техникалары
г) өндірістік қорлар (шикізаттар, материалдар, отын, саймандар),құрылыс материалдары, бордақылауға байланған және өсіруге арналған жануарлар
21. Айналым құралдары қалай жіктеледі?
а) өндірістік,айналымдағы
б) өндірістік қорлар, тауарлар
в) айналымдағы, материалдық
г) есеп айырысу қаражаты, материалдық өндіріс
22. Дебиторлық қарыз дегеніміз не?
а) қандай да бір құнмен бағалануына байланысты ұйымның негізгі қызмет барысында алынатын сомасы
б) бір өндірістік кезең шегінде толық қолданылатын және сонымен қатар айналымға ұшырайтын құралдардың сомасы
в) кәсіпорынға тиесілі және уақытша кәсіпорынға тиесілі емес тауарлы материалдық құндылықтардың сомасы
г) жеке немесе заңды тұлғалармен өзара шаруашылық қатынастардың нәтижесінде олардан кәсіпорынға тиесілі борыштардың сомасы
23. Кәсіпорын құралдарын құрылу көздері бойынша қалай жіктеледі?
а) меншікті капитал, міндеттемелер
б) резервті капитал, жарғылық капитал
в) таратылмған табыс, меншікті капитал
г) міндеттемелер, резервті капитал
24. Меншікті капиталдың құрамын көрсетіңіз?
а) жарғылық капитал, резервті капитал, қарызға арналған қор көздері
б) қарызға арналған қор көздері, кредиторлық берешек
в) жарғылық капитал, резервті капитал, таратылмаған табыс, мемлекеттік бюджетпен мақсатты қаржыландыру
г) таратылмаған табыс, кредиторлық берешек, жарғылық капитал
25. Жарғылық капитал дегеніміз не?
а) есепті жылдың немесе өткен жалдың таратылмаған таза табысын айтады
б) таза табыстан заңға сәйкес аударымдар жасау жолымен құрылады
в) қайтарымсыз негізінде қандай да бір шараларды қаржыландыруға арналған қаражат
г) кәсіпорынның меншікті қаражат көздерінің негізгі қайнар көзі болып табылады
Поделитесь с Вашими друзьями: |