14. Кәсіпорынға тиесілі және уақытша кәсіпорынға тиесілі емес тауарлы материалдық құндылықтар мен ақша қаражаттары .................. деп аталады.
а) дебиторлық қарыз
б) негізгі құралдар
в) меншікті капитал
г) кәсіпорынның шаруашылық құралдары
15. Шаруашылық құралдарын бухгалтерия неше жақтан қарайды?
а) орналастырылуы бойынша, құрылу көздері бойынша
б) қаралуы бойынша, тексерілуі бойынша
в) мерзімі бойынша, мақсаты бойынша
г) қаралуы бойынша, мақсаты бойынша
16. Кәсіпорынның шаруашылық құралдары орналастырылуы бойынша қандай түрлерге бөлінеді?
а) жарғылық капитал, резервті капитал, таратылмаған табыс
б) өндірістегі қорлар, айналымдағы қорлар
в) негізгі құралдар, материалдық емес активтер, айналым құралдары
г) міндеттемелер, меншікті капитал
17. Материалдық өндіріс саласында ұзақ уақыт ағымында (бір жылдан көп) қызмет ететін материалдық активтер .................. деп аталады.
а) айналым құралдары
б) материалдық емес активтер
в) негізгі құралдар
г) өндіріс қорлары
18. Негізгі құралдарға не жатады?
а) өндірістік қорлар (шикізаттар, материалдар, отын, саймандар), құрылыс материалдары, бордақылауға байланған және өсіруге арналған жануарлар
б) лицензиялық келісімдер, бағдарламалық қамтамасыз ету, патенттер, ұйымдастыру шығындары, гудвилл, сауда маркалары, авторлық құқықтар
в) ғимараттар мен үйлер, машиналар мен жабдықтар, өлшеу және реттеу аспаптары мен қондырғылары,есептеу машиналары мен техникалары
г) дайын өнім,тауарлар ,бағалы қағаздар, акциялар, облигациялар,жолдағы ақша қаражаты
19. Материалдық емес активтер дегеніміз не?
а) материалдық өндіріс саласында ұзақ уақыт ағымында (бір жылдан көп) қызмет ететін материалдық активтер
б) бір өндірістік кезең шегінде толық қолданылатын және сонымен қатар айналымға ұшырайтын құралдар жатады
в) жеке немесе заңды тұлғалармен өзара шаруашылық қатынастардың нәтижесінде олардан кәсіпорынға (ұйымға‚ мекемеге) тиесілі борыштардың
г) белгілі бір нақтылы пішіні жоқ, тарататын ақшалай немесе зат түрінде нысаны болмайтын, бірақ қандай да бір құнмен бағалануына байланысты ұйымның негізгі қызмет барысында табыс (пайда) әкеліп тұратын активтердің бір түрі.
Поделитесь с Вашими друзьями: |