7. Статистикалық есеп дегеніміз не?
а) жаппай қоғамдық құбылыстарды зерттеу және бақылау жүйесі.
б) барлық обьектілерді сандық және сомалық көрсеткіштермен көрсету жүйесі
в) кәсіпорынға тиесілі ақша қаражаттарын жинақтау жүйесі
г) шаруашылық әрекеттерді қадағалау мен бақылау жүйесі
8. Кәсіпорындардың шаруашылық құралдары, міндеттемелері және олардың қозғалыстары туралы ақпараттарды, барлық шаруашылық әрекеттерін жалпылай, үздіксіз және құжаттандыру арқылы ақшалай бейнеде жинау, тіркеу және қортындылау жүйесі .................... деп аталады.
а) статистикалық есеп
б) жедел немесе оперативті есеп
в) бухгалтерлік есеп
г) қаржылық есеп
9. Бухгалтерлік есеп қандай түрлерге бөлінеді?
а) статистикалық, салық
б) басқару есебі және бақылау есебі
в) қаржылық есеп және басқару есебі
г) қаржы, бухгалтерлік
10. Шаруашылық есепте қандай өлшегіштер пайдаланылады?
а) заттай,еңбек,ақшалай
б) материалдық, заттай, көлемдей
в) ақшалай,еңбек,біркелкі
г) заттай,еңбек,материалдық
11. Заттай өлшегіштерге қандай өлшегіштер жатады?
а) тиын және теңге
б)метр, сантиметр, килограмм, тонна, литр, текше метр
в) сағат,минут,апта
г) жыл,ай,күн
12. Еңбек өлшегіштері қандай мақсатта қолданылады?
а) біркелкі және біртекті бейнеде шаруашылық құбылыстарды есептеу үшін
б) есептеу, салмақтау, санау мәліметтерін алу үшін
в) жұмсалған еңбектің мөлшерін есептеу үшін
г) есеп шаруашылық әрекеттері мен процесстеріне тікелей өздерінің қызметі барысында басшылық жасау мақсатымен, оларды қадағалау мен бақылау үшін
13. Ақшалай өлшегіштерге не жатады?
а) тиын және теңге
б) метр, сантиметр, килограмм, тонна, литр, текше метр
в) сағат,минут,апта
г) жыл,ай,күн
Поделитесь с Вашими друзьями: |