Педагогикалық білімдідамытудағы дене тәрбиесі мен дене мәдениетінің маңыздылығы м. Х. Темиргалиева, Е. У. Акмуханов



жүктеу 48.49 Kb.
Pdf просмотр
Дата18.05.2017
өлшемі48.49 Kb.
#9506

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ БІЛІМДІДАМЫТУДАҒЫ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ 

МЕН ДЕНЕ МӘДЕНИЕТІНІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

М.Х. Темиргалиева, Е. У.Акмуханов

Орал ц.

«Педагогика»  термині  көне  грек  тілінен  шыққан,  ол  балаларды  ертіп  жүру,  баланы  жетектеп 

мектепке  апару деген сөз.  Аныгырақ айтатын болсақ,  "Педагогика"  термині гректің екі  сөзінен:  "пайс" 

-   балалар  жэне  "эгейн"  -   баланы  басқару,  тәрбиелеу,  жетектеу,  багу  үғымдарынан  шыққан  [1]. 

Педагогика -  бала жайындагы гылым,  олай болса ол үрпак тэрбиесі жайындагы ілім.  Адам  баласының 

ұрпағы  үнемі  жаңарып,  өзгеріп  отыргандықтан,  педагогика  ілімі  де  үнемі  өзгеріп  отырады.  Қазіргі 

кезде  тәрбиенің  ықпал  жасау  аясы  кеңейе  түсуде.  Сондықтан  "педагогика  -   бала  тәрбиесі  жайындагы 

гылым",  -деп  шек  қоюга  болмайды.  Педагогиканың  гылыми  таным  саласы  -   тэрбие.  Педагогика 

қогамдық өмірдегі тэрбиенің мэні мен рөлін анықтайды.  Педагогика -  жалпы адам тәрбиесі жайындагы 

гылым.  Ал  тэрбие  -   жастарды  әлеуметтік  өмірге  жэне  еңбекке  даярлап,  оларга  қогамдық  тарихи 

тәжірибені  үйрету  процесі.  Педагогика  пэнін  (зерттейтін)  толық  түсіну  үшін  ең  алдымен  негізгі 

педагогикалық  үгымдарды  қарастырайық.  Ол  -   "тэрбие",  "білім  беру",  "оқыту"  болып  табылады  [2]. 

Педагогикалық  үгымдар  арқылы  педагогикалық  қүбылыстарды,  олардың  байланысын  танимыз. 

Педагогикалық үгымдардың бірі -  тэрбие.  Тэрбие дегеніміз -  адамдарды қогамдық өмірге жэне  өнімді 

еңбекке  дайындау  мақсатын  көздеп,  жаңа  үрпаққа  қогамдық-тарихи  тэжірибені  беру  процесі.  Тэрбие 

үгымы  кең  магынада  элеуметтік  қогамдагы  қүбылыс  ретінде  барлық  тэрбие  салаларын,  атап  айтсақ: 

отбасы,  мектепке  дейінгі  мекеме,  оқу-тэрбие  орындары,  еңбек  үжымы,  ақпарат  қүралдары,  баспа 

орындарын қамтиды.  Педагогика түлганың жан-жақты  дамып,  жетілуі үшін  барлық қоршаган  ортамен 

жэне гылымның түрлі  салаларымен байланысады.  Мэселен,  дене тэрбиесімен жэне дене  мэдениетімен 

де  тыгыз  байланысты. 

Мектептегі  білім  жэне  тэрбие  беру  жүйесінің  негізі  жас  ерекшелік 

физиологиясы  гылымына  байланысты.  Мүгалім  балалар  агзасындагы  жогары  жүйке  қызметін,  тыныс 

алу  жэне  қан  жэне  жүрек-тамыр  жүйесінің  физиологиялық  ерекшеліктерін  жете  білуі  қажет.  Ол  осы 

мэліметтерге  сүйеніп,  тэрбие мен оқу процесін,  эсіресе,  дене тэрбиесінің практикалық жэне теориялық 

мэселелерін  дүрыс  шешу  жолдарын  іздестіреді.  Жас  агзаның  дамуы  барысындагы  анатомиялық- 

физиологиялық  ерекшеліктерді,  эсіресе  жогары  жүйке  қызметінің  негізгі  заңдылықтарын  (қозу, 

тежелу) жете түсіну педагогикалық процесті ойдагыдай басқарудың негізі болады.  Педагогика гылымы 

мектеп  гигиенасымен  тікелей  байланысты.  Мектеп  гигиенасы  -   жас  үрпақтың  денсаулыгын  сақтау, 

ныгайту  жэне  дамыту  жайындагы  гылым.  Оқушылардың  денсаулыгы  дүрыс  болуы  үшін  олар 

таңертеңгі  гимнастикамен  шүгылданып,  дүрыс  тыныс  алу  жаттыгуларын  орындап,  көзге  арналган 

жаттыгулар  жасаса  жэне  спортпен уақытылы  шүгылданып түрса,  олардың тамаққа  деген тэбеттері  де 

ашылып, уақытылы тамақтанатын болады, сонымен қатар олардың бойларындагы селқостық жойылып, 

сабақ оқыганда да зейіндері ашылып,  ойлау қабілеттері де жогарылайды.  Сондықтан да дене мэдениеті 

мен дене тэрбиесінің  адам  өмірінде  де,  педагогиканың дамуында да алар  орыны  ерекше.  Ендеше  дене 

мэдениеті  мен  дене  тэрбиесінің  арасындагы  ерекшеліктері  мен  өзара  байланыстылыгына  тоқталып 

өтейік.


Дене  мэдениеті  мен  спорттың  педагогикалық  негіздері  дене  мэдениеті  теориясының  бөлімі 

болып  табылады.  Бүл  -   дене  мэдениеті  мен  спорт  міндеттерін  педагогикалық  түргыдан 

үйымдастырылган процестер ретінде шешу жолдары туралы білім жүйесі.

Балалардың  қүрылымы,  сэйкестенген  жагдайларга  сабақ  пэндер  мен  орындалатын  міндеттерге 

байланысты  алга  қойган  міндеттерге  жету  үшін  пайдалануга  қажетті  қүралдар  мен  эдістер,  сабақ 

жүргізу түрлері, педагогикалық басқару ерекшеліктері де  өзгеріп отырады.  Сондықтан мамандыгы мен 

дэрежесі  бірдей,  бір  жарысқа  дайындалып  жатқан  екі  спортшының  сабагында  да  ерекшелік  болады. 

Бүлармен  қатар  дене  мэдениеті  мен  спорт  сабақтарының  барлық  түрлеріне  тең  дэрежеде  таралатын 

жалпы ережелерде  бар  [3].

Қазіргі  таңда  дене  мэдениеті  мен  спорт  денсаулықты  ныгайтудың,  өміршеңдік  пен  еңбекке 

қабілеттілікті  арттырудың,  шығармашылық  жолды  үзартудың  жэне  жеке  түлганың  үйлесімді  дамып 

қалыптасуы  мен  басқа  да  элеуметтік  мэселелерді  шешудің  тиімді  қүралы  болып  табылады.  Осыган 

байланысты  дене  тэрбиесі  мен  спорт  проблемаларына  жарық  түсіретін  гылыми  білімдерге  көп  назар 

аударылып отыр.

Адамды дамыту мен қалыптастырудың негізгі факторлары қоршаган орта, іс-эрекет, тэрбие жэне 

мүрагерлік  болып  саналады.  Адамды  дамыту  мен  қалыптастырудагы  іс-эрекеттің  маңыздылыгын 

гылымның  көрнекті  өкілдері  -   И.М.Сеченов,  И.П.Павлов,  П.Ф.Лесгафт,  т.б.  атап  көрсетті.  Олар 

адамньщ  жаны  мен  тэні  өзара  бірлікте  жэне  байланыста  көрінетінін  дэлелдеді,  сондықтан  іс-эрекетті 

сэйкес үйымдастыру түлганы бүтіндей қалыптастыру факторы бола алады [4].


Гигиеналық  білім  беру  жэне  тәрбие  беру  міндеттерін  шешуге  арналған  тарихи  қалыптасқан 

немесе  арнайы  үйымдастырылған  іс-эрекет  дене  жаттығулары  деп  аталады.  Оларды  негізгі  төрт 

бөлімге  бөліп  қарастырады:  спорт  жаттығулары,  гимнастикалық  жаттығулар,  ойындар  жэне  туристік 

іс-шаралар.  Дене  тәрбиесі  оның  міндеттерін  орындаудың  басты  күралы  дене  жаттығуларымен 

ерекшеленеді.  Осыған байланысты, педагогикалыц ңұбылыс ретіндегі дене тәрбиесі -  бүл  гигиеналық, 

білім  беру жэне  тәрбиелеу  міндеттерін  дене  жаттығуларын  қолдану жолымен шешуге  бағытталған іс- 

әрекет.

Дене  тэрбиесінің  гигиеналық  міндеттеріне  дене  дамуын  жақсарту  мен  денсаулықты  нығайту, 



білім  беруге  -   білімді  меңгеру  мен  қимыл  қабілеттерін  жетілдіру,  тәрбие  беруге  -   түлғаны  бүтіндей 

қалыптастыру жатады.  Осыған орай дене тәрбиесінің міндеттері  мыналалар:  1)  денсаулықты  нығайту; 

2)  дене  дамуын  жақсарту;  3)  қимыл  қабілетін  жетілдіру;  4)  білімді  меңгеру;  5)  түлғаны  толық 

қалыптастыру.

Дене  тәрбиесі  ақыл-ой,  адамгершілік  эстетикалық  жэне  еңбек  тэрбиесімен  біріге  отырып, 

адамның жан-жақты дамуына жағдай жасайды.

Дене  тәрбиесі  міндеттері  педагогикалық  процесстерді  үйымдастырудың  негізгі  екі  түрі  -   дене 

мәдениеті сабақтары мен спорт сабақтарының бірігуімен шешіледі.

Дене  мәдениеті  сабақтары  («дене  мэдениеті»)  -   бүл  дене  тэрбиесі  міндеттерін  спорттық  жэне 

гимнастикалық  жаттығуларды,  ойындар  мен  туристік  іс-шараларды  үйлестіру  жолымен  шешуге 

бағытталған іс-әрекет.

Спорт сабақтары («спорт») -  бүл дене тэрбиесі міндеттерін бір ғана спорт жаттыгуларын қолдану 

жолымен шешуге бағытталған іс-әрекет.

«Дене  мәдениеті»  мен  «спорт»  түсініктері,  мэн-мағыналары  жағынан  бірдей  педагогикалық 

қүбылыс  ретінде  қарастырылады.  Алайда,  бүл  түсініктер  арасында  айырмашылықтар  да  бар,  олар: 

оның  бағыттары  мен  қолданылатын  қүралдарының  ерекшеліктері.  Дене  мәдениеті  сабақтарының 

негізгі  мақсаты  жалпы  дене  дайындығы  болса,  ал  спорт  сабақтарының  мақсаты  -   іс-әрекет  қабілетін 

дамытуда  жоғары  деңгейге  жету  үшін  бір  немесе  бірнеше  спорт жаттыгуларын  орындауды  жетілдіру 

болып  табылады.  Бағыттарындағы  айырмашылық  осы.  Сондай-ақ  дене  мәдениеті  сабақтарында  бір 

ғана немесе топтама сабақтарға сәйкестендірілген көптеген спорттық жэне гимнастикалық жаттығулар, 

ойындар  мен  туристік  іс-шаралар  пайдаланылса,  ал  спорт  сабақтарында  -   нақты  спорт  жаттыгулары 

қолданылады.  Бүл пайдаланылатын қүралдар айырмашылығы болып табылады  [5].

Спорт  жарыстарына  қатысуға  дайындық  басты  мақсаты  болып  саналатын  спорт  сабақтары 

спорттық  жаттықтыру  деп  аталады.  Жаттықтыру  сөзі  ағылшынның  (тренировка)  «train»  сөзінен 

шыққан,  яғни,  үйрену,  жаттығу,  тәрбиелеу  деген  мағынаны  береді.  Жаттықтыру  мақсаты  -  

дайындалушының  белгілі  бір  іс-әрекет  түріне  деген  қабілетін  жетілдіру  болып  табылады.  Спорттық 

жаттықтыру -  бүл жарысқа қатысуға дайындалу мақсатында психиканың кейбір жақтарын дамыту мен 

іс-әрекет  қабілетін  дамытуды  ең  биік  деңгейге  жеткізуге,  таңдаған  спорт  түрінің  әдіс-тәсілдерін 

меңгеруге бағытталған спорт сабақтарының бір түрі.

Спорт  жаттықтыруларында  дене  тәрбиесі  мен  спорт  сабақтарындағы  міндеттер  толық 

орындалады.  Алайда  онда  бүл  міндеттердің  әрқайсысы  оның  биік  спорт  нәтижелеріне  жету  мен 

жарыстарда жеңу сияқты мақсаттарына жетуді қамтамасыз ететін сипатқа ие болады.

Спорт  жаттықтыруы  спортшының  жарысқа  қатысуға  дайындығын  қамтамасыз  ететін  бір  ғана 

фактор  болып  табылады.  Спортшының  жарысқа  қатысуына  дайындығын  қамтамасыз  ететін  шаралар 

кешенін  спорт дайындығы  деп  атайды.  Ол  дене,  тәсілдік,  тактикалық,  теориялық жэне психологиялық 

тэрізді  сэйкес  дайындық  түрлерін  жүзеге  асыруды  немесе  дайындық:  түрлерін  қамтамасыз  етуді 

қарастырады.  Дене  дайындығы  -  

ағзаның  вегетативті  қызметін,  түлғаның  іс-әрекет  сапасы  мен 

пішінін,  сондай-ақ адамның игерген іс-әрекет дағдысының байлығын дамыту деңгейімен сипатталады. 

Тэсілдік  дайындық  -  таңдаған  спорт  түрі  барысында  іс-әрекетті  орындауды  жетілдіру  деңгейімен 

сипатталады.  Тактикалық  дайындық  спорт  жекпе-жегінің  жағдайлары  мен  талаптарына  сай  мінез- 

қүлықты,  қимыл  мен іс-әрекетті  өзгерту  қабілеттілігімен  сипатталады.  Теориялық  дайындық таңдаған 

спорт  жарыстарына  қатысу  сабақтарының  табыстылығы  үшін  қажетті  алынған  білімдер  көлемімен 

сипатталады.  Психологиялық  дайындық  -   адамның  спорт  жаттықтыру  мен  жарыстардағы  табысын 

айқындайтын  интелектуалдық,  ерік  пен  көңіл-күй  жақтарының  дамуымен  жэне  жағдайымен 

сипатталады.

Спорт  дайындығының  аталған  барлық  түрлері  өзара  бірлік  пен  байланыста  көрінеді,  бірақ 

олардың  әрқайсының  айырмашылығы  спорттық  мамандандырылу  пэніне  байланысты  болады. 

Мысалы,  гимнастикада,  конькимен  мәнерлеп  сырғанауда,  суға  секіру  мен  басқа  да  спорт  түрлерінде 

басты міндет тәсілдік міндет, яғни қимыл өнерін меңгеру болып табылады, ал ауыр  атлетика мен түрлі 

қашықтықтарға  жүгіруде  дене  дайындығы  (сәйкес  қимыл  сапасын  дамыту),  спорт  ойындары  мен 

бірсайыс  тэрізді  спорт  түрлерінде  тәсілдік-тактикалық  дайындық  басты  міндет  болып  саналады  т.б.



аталған даиындық түрлерінщ маңызы мен қарым-қатынасы жаттықтыру кезеңіне, даиындық деңгеиіне, 

спортшының мамандығына сәйкес өзгеріп отырады.

Дене  тәрбиесі  жэне  спорт  сабақтары  әсерінен  пайда  болатын  жэне  қимыл-қозғалыс 

көрсеткіштерін жақсартуда көрінетін ағзадағы  өзгерістер жаттықтырылу жағдайы ретінде  анықталады. 

Спорт сабақтарындағы жаттықтырылудың жоғарғы деңгейі спорт пішіні деп аталады.

Спорттық пішін  белгілі  бір  спорт түрінің талаптарына сәйкес  денелік,  тәсілдік-тактикалық жэне 

психологиялық  дайындықты  қамтамасыз  ету  нәтижесі  болып  табылады.  Бүл  спортшының  барынша 

жоғары нэтижелерге жетуге қабілетті жаттықтыру жағдайы болып табылады.

Жаттығуға  қойылған  талаптар  ағзаның  икемделіп,  бейімделуінен  туындайды,  яғни  ағзаның 

жаттығуы  нэтижесі жалпы  биологиялық қүбылыс  болып саналады.  Адамның жаттығуы  шексіз жүйелі 

жаттығулар нэтижесінде адам кейде өз қозғалыс мүмкіндігін бірнеше есе үлғайта алады.

Сабақтардағы  дене  мәдениеті  мен  спорттың  педагогикалық  принциптерінің  бүзылуы  кері 

эсерлерге экелуі мүмкін,  кейде жүйелі жаттығулар нэтижесінде  ағзада  болатын ілгерішіл  өзгерістердің 

күрт бүзылуымен көрінетін артық жаттықтырылу жағдайы туындайды.

Дене  тәрбиесі  мен  спорттың  педагогикалық  принциптерін  сақтаған  жағдайда  бірдей  түрдегі 

спорт  сабақтарындағы  жаттықтыруды  дамытудағы  ілгерілеушілік  орындалатын  қимыл  күрделілігіне 

байланысты болады.  Шағын бүлшықет тобының қатысуымен жасалған қимылдар күрделі шоғырланған 

қимылдарға  қарағанда  тез  нәтижеге  жетеді.  Дене  мәдениеті  мен  спортпен  жүйелі  айналысу 

сабақтарында жаттыгуды үлғайту шегі жас шамасына байланысты.  Өз  сипаты жағынан төзімділік пен 

ептілікті  қажет  ететін  спорт  түрлеріне  қарағанда,  жылдамдықты  талап  ететін  спорт  түрлерінде  жас 

шамасы көп жағдайда жаттықтырудың дамуын шектейді.

Қазақстанның  эрбір  азаматы  дені  сау,  қоғамнан  толыққанды  түлға  ретінде  қалыптасуы  үшін 

педагогиканың  заманауи  жетістіктерін  меңгеріп,  дене  тәрбиесінің  адам  өміріндегі  маңыздылығын 

үғынғаны жөн.

Педагогикалық  білімді  дамытудағы  дене  тәрбиесі  мен  дене  мэдениетінің  маңыздылығы  сол  -  

түлғаның физиологиялық қалыптауын реттей отырып,  ақыл-ойының сапалы дамуына ықпалын тигізуі.



Пайдаланылган әдебиеттер тізімі:

1 Бержанов Қ.,  Сусин С.  Педагогика тарихы. Алматы, 1991

2 Бабаев С.,  Қриярова А.  Педагогика. Алматы,  2004

3 Егемен Қазацстан -  2009,  №230-238

4 Райханов Ш. Дене тәрбиесі мен спорттың цазіргі промлемалары.  Қостанай,  2010

5  Уанбаев Е. Дене тәрбиесі жэне спорттың теориялъщ негіздері. Алматы,  2001

Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы
dmdocuments -> Айса байтабынов эпик жыршы
dmdocuments -> Мүхамбетқалиев С., Ахметов К.Ғ, Ғабдуллин Х. А. Байүлы мен Жетіру және Төре, Төлеңгіт
dmdocuments -> Көпбаева М. Р. ф.ғ. к., М. Әуезов атындағы Оңтүстік
dmdocuments -> Н. С. Тілеуханов
dmdocuments -> Т.ӘЛімқҰловтың «Қараой» ӘҢгімесіндегі махамбет тұЛҒасы акбулатова С. Б
dmdocuments -> Батыс қазақстандық КҮй дәСТҮрін әлемге мойындатқан қҰрманғазы рухы с. Ә. Күзембай
dmdocuments -> Кафедрасының отырысы шешімімен бекітілген. Педагогикалық жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған. Орал, 2011

жүктеу 48.49 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет