Педагогикалық білім жүйесіндегі информатика курсын оқытудың әдістемелік жүйесі бес түрлі өзара иерархиалық түрде байланысқан компоненттерден тұрады



жүктеу 38.97 Kb.
бет7/8
Дата03.08.2022
өлшемі38.97 Kb.
#20882
1   2   3   4   5   6   7   8
11111111
Бірінші кезең (I-VІ) – пропедевтикалық. Бұл кезеңде оқушылар компьютермен алғаш танысады, ойын бағдарламаларын және қарапайым компьютерлік жаттықтырушыларды математика, физикада және т.б. сабақтарда қолдануда ақпараттық мәдениеттің алғашқы әлементтері қалыптасады.
Екінші кезең (VІІ-ІХ) – негізгі курс, оқушылардың информатикадан жалпы білім алуы негізін қамтамасыз етеді. Ол оқушылардың есептерді шешудегі ақпараттық технологияның әдіс- тәсілдерін меңгеруге, кәсіптік, оқу әдістеріне компьютерді тиімді және саналы қолдануға дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.
Үшінші кезең (Х-ХІ) – оқушыларды информатика саласында қызығушылығына байланысты және кәсіптік дайындық бағыттары көлем бойынша кәсіптік сараланған оқыту ретінде білімнің жалғасуы.
Оқушылардың информатиканы ертерек үйренуіне байланысты мектептегі барлық оқу пәндерін оқып-үйренуде жаңа ақпараттық технологияның әдістері мен тәсілдерін жүйелі қолдану мүмкіндігі жоғарылайды.
Міне, бұл фактор информатика саласында оқушыларға білім берудің мақсатын қайта бөлу мәселесін қамтамасыз етеді. Сондықтан кіші сыныптардан бастап компьютерді барлық пәндерді оқытуға қолдану оқушылардың компьютерлік сауаттылық икемділіктері жалпы оқыту сипатына ие болады және ол тек информатика курсында ғана емес, барлық оқу пәндерінде қалыптасады. Айтылғандардан шығатыны, информатика курсы төмендегенде компьютерлік сауаттылықтың көптеген компоненттері ерте, әрі басқа пәндер арқылы қалыптаса бастайды.
Төменде жалпы білім беретін мектептерде информатиканы оқытудың жобаланған мақсаттарының толық сипаттамасы келтірілген [2]: 1. Ғылыми дүниетаным негіздерін қалыптастыру.
Бұл жағдайда, ең алдымен әңгіме: әлемнің қазіргі кездегі ғылыми бейнесі құрылатын, ғылымның үш негізгі ұғымдарының: затәнергияақпараттың біреуі ретіндегі ақпарат туралы түсінікті қалыптастыру туралы; табиғаты әртүрлі өзін-өзі басқару жүйелерінің құрылысы және жұмыс істеуінің ақпараттық принциптерінің бірлігі туралы.

жүктеу 38.97 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет