Педагогикалық білім жүйесіндегі информатика курсын оқытудың әдістемелік жүйесі бес түрлі өзара иерархиалық түрде байланысқан компоненттерден тұрады



жүктеу 38.97 Kb.
бет6/8
Дата03.08.2022
өлшемі38.97 Kb.
#20882
1   2   3   4   5   6   7   8
11111111
АлгМКСАқМ?
Тізбектің соңындағы сұрақ белгісінің сақталуы толық түсінікті.
Оқушылардың ақпараттық мәдениетінің бағдарламаның
«машиналық» нұсқасымен бірге енгізілген жаңа түсінік сол уақытта жарияланған компоненттердің қатарына тұйықтала алмады, бұл оқыту мақсатының дидактикалық сипаттамасына қарама қайшы келеді.
Сонымен бірге, «ақпарттық мәдениет» термині мектепте білім берудің информатика саласындағы мақсатымен ұзақ теңестіруге керекті жеткілікті ойдағыдай тұжырымдау тапты.
Ал қазірггі кезеңде ақпараттық мәдениетті қалыптастыру қажет екені белгілі болып отыр.
Ақпараттық мәдениет дегеніміз не ?
Дәл қазіргі уақытта педагогиканың алдында тұрған міндет – оқушыға әлемнің ақпараттық бейнесін түсіндіру. Ақпараттық бейне дегеніміз не? «Ол оқушыға өзін қоршаған ақпараттық сферада бағдар алуға мүмкіндік беретін ақпараттық байланыстар мен сигналдар, белгілер жүйесінің жиынтығы; ақпараттық ағымды пайдаланып, оны мүмкіндігіне қарай басқарып, оның мазмұнын сапалы түрде талдай білу, қоршаған ортаға бейімделу мақсатында тура және кері байланысты жүзеге асыру және оның саяси - әлеуметтік, экономикалық, экологиялық құрылымын жетілдіру» – деп түсіндіреді Н.Ф. Талызина1.
Әрине, бұл міндетті жүзеге асыру оқыту технологиясын өзгерту арқылы шешілетіні белгілі. Олай болса, информатиканы оқытудың мақсаты компьютерлік сауаттылықты қалыптастыру ғана емес, оқушыны ақпараттық қоғамда өмір сүруге дайындау, яғни ақпараттық мәдениетті қалыптастыру болып табылады. Ал бұл мақсатты жүзеге асыру үшін бүкіл педагог - оқушылар қауымы ақпараттық мәдениетпен қарулануы тиіс.
1.5.4. Оқушылардың ақпараттық мәдениеті ұғымының қалыптасуы
Информатикадан орта мектептерге арналған оқу құралдарының [4], [18], [25] бірнеше нұсқаларына өткізілген байқаудан кейін информатика саласынан оқушыларға білім беру мазмұны, мақсаттары кейбір бөлімдерде әртүрлі баяндалғандығын байқадық.
Мысалы, [25] оқу құралы авторларының бағдарламасына түсіндірме хатта «жалпы білім беретін орта мектепте информатиканы оқытудың негізгі мақсаты - оқушылардың алгоритмдік ойлауын дамыту және курстың орталық ұғымы - алгоритмдер, ал оқу іс-әрекетінің негізгі мазмұны алгоритмдерді құру және талдау» деп айтылған [2,38,4-б.].
Сол кездері басқа оқу құралдарының [4] авторлары өздерінің бағдарламаларында «өмірге қажетті есептерді ЭЕМ көмегімен шығаруды оқушыларға оқыту курстың негізгі мақсаты болып табылатындығын» баяндайды [2,38,32-б.].
Сонымен информатиканы оқытудың мақсаттарына әдеттегіден тыс түсінік беріледі - «ол ЭЕМ-де ақпаратпен жұмыс істеу шеберлігі: ақпаратты жазу, оқу, санау және сурет салу, іздеу, жинау және компьютерлік бағдарламалармен жұмыс істеу» [2].
Информатика курсын оқыту тәжірбиелерін таңдау, мектепте информатиканы оқыту мақсатының жаңа түсінігі – мектептегі оқу процесіндегі ақпараттық мәдениетті қалыптастыру мен информатика негіздерін меңгеруді бірнеше кезеңге бөлу қажеттілігін туындатты.
Сонымен орта мектепте информатикадан үздіксіз білім беру мақсатында оны оқыту төменгі сатыларға түсірілді. 11 жылдық мектепте информатиканы оқытудың жаңа мақсатын жүзеге асыру үш кезеңді қамтиды:

жүктеу 38.97 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет