Педагогикалық білім жүйесіндегі информатика курсын оқытудың әдістемелік жүйесі бес түрлі өзара иерархиалық түрде байланысқан компоненттерден тұрады


Компьютерлік сауаттылықтың компоненттері



жүктеу 38.97 Kb.
бет4/8
Дата03.08.2022
өлшемі38.97 Kb.
#20882
1   2   3   4   5   6   7   8
11111111
Компьютерлік сауаттылықтың компоненттері:
Компъютермен «сұхбаттасу» икемділігі. Компьютермен «пайдаланушы деңгейінде» қарым-қатынас жасау – бұл компьютерді жұмысқа дайындау, оны іске қосу және сөндіру шеберлігі, дисплеймен жұмыс істеу шеберлігі, яғни пернетақтамен жұмысты меңгеру, сандар мен айнымалыларды енгізу, алу, енгізілген мәліметтерді түзету, бағдарламаны енгізу, іске қосу және түзету болып табылады. Бұған оқушылардың мәтіндік және графикалық редакторлармен, электрондық кестелермен, әртүрлі ойын бағдарламалары сияқты қарапайым сервистік бағдарламалармен жұмыс істеу, сонымен қатар, компьютермен сұхбаттық режімде жұмыс істеу сияқты дағдылары мен икемділіктері жатуы мүмкін. Бұл бағытта білім, біліктілік және дағды – өз ерекшеліктеріне байланысты төменгі сыныптарға, мектепке дейінгі жастағы балаларға да пайдалы болуы мүмкін.
Компьютер үшін қарапайым бағдарламалар кұру. Жалпы орта білім беретін мектептердің мақсаты бағдарламалаушылар дайындау болып табылмайды, сондықтан ЭЕМ үшін бағдарламалаудың негізгі принциптерін түсіну жалпы білім беру жүйесіне кіруі тиіс.
Бұл процестің жүзеге асырылуы бірте-бірте және ұзақ уақытқа созылуы мүмкін. Дербес бағдарламалар жазудың, әсіресе тармақталу мен циклдерді ұйымдастыруға енетін окушылардың алғашқы икемділіктері, бағдарламалауға дейінгі қарапайым және көрнекілік құралдардан тұратын алгоритмдік мәдениеттің компоненттеріне негізделеді.
Білім берудің жоғары сатыларында пәнді тереңдетіп оқыту мақсатында бірнеше бағдарламалау тілдерімен таныстыруға болады. Бұл деңгейде, дегенмен, бағдарлама жазылатын тілді таңдаудың қажеттілігіне қарағанда бағдарламалаудың негізіне жататын алгоритмдерді құра білу үшін қажетті білім, біліктілік және дағдылардың қажеттілігі басым болып келеді.
ЭЕМ-нің құрылысы мен жұмыс істеу принципі туралы түсінік. Компьютерлік сауаттылықтың бұл компоненті екі негізгі құраушы бөліктен тұрады:
а) компьютердің құрылысы және оның негізгі құрылғыларының
атқаратын қызметі;
ә) компьютердің негізгі әлементтерінің физикалық негіздері
және жұмыс істеу принциптері.
Бұл компоненттің оқушылардың меңгеруіне қиын болса да, маңызды дүниетанымдық мағынасы бар. Алғашында бұл туралы мәліметтер информатика курсында қолданбалы сипатта болуы, ең алдымен қолданушының қажетіне жарауы, оған жеке машинаның мүмкіндіктерін бағалауға немесе әртүрлі компьютерлі салыстыруға кемектесуі тиіс деп есептелінген.
ЭЕМ-нің мүмкіндігін және қолдану ауқымын, компьютерлендірудің әлеуметтік әсерін елестету.
Компьютерлік сауаттылықтың бұл компонентін қалыптастыру информатика курсының негізгі міндеті болып табылмайды, себебі ол оның шегінен шығып кетеді. Оқушыларға бірқатар оқу пәндерінен әртүрлі мәселелерді шешуде компьютерді практикалық қолдану процесінде, еңбектің ұтымдылығын арттырудағы ЭЕМ-нің қолданылу ауқымы мен рөлі туралы ашып айту мақсатқа сай келеді. Мектеп компьютерін оқушылар математика, физика, химия пәндерінде есептеу жұмыстары, оқу эксперименті мәліметтерін талдауда және зертханалық жұмыстарды жүргізудегі заңдылықтарды іздеуде, алгебра курсында функцияны зерттеуде, математикалық модельдерді, физикалық, химиялық, биологиялық және басқа құбылыстар мен процестерді құру мен талдауда қолдануы мүмкін. Оқушылар арнайы ЭЕМ-ді география, тарих және басқа да гуманитарлық пәндерде ақпараттық жүйе, мәліметтер қоры, автоматты анықтама ретінде қолдануларына болады [2].
Пәнді мектепке енгізудің алғашқы кезеңінде пайда болған компьютерлік сауаттылық түсінігі бұл күнде де әдістемелік әдебиеттерде белсенділігін жойған жоқ. Жоғарыда айтылған қысқартылған төрт компоненттен тұратын компьютерлік сауаттылықтың құрылымы белгілі төрт, яғни қарым-қатынас, багдарламалау, құрылғы, қолдану сөздердің жиынтығы ретінде көрсетілуі мүмкін. Компьютерлік сауаттылықтың барлық компоненттері сақталғанның өзінде олардың біріне аса көп көңіл аудару информатика пәнін оқытудың мақсатын елеулі өзгеріске ұшыратады. Мәселен, егер қарым-қатынаста болу компоненті үстем бола бастаса, онда курс айрықша қолданбалы болады да, компьютерлік технологияларды меңгеруге бағытталады. Бағдарламалау компоненті үстем болғанда курстың мақсаты бағдарламалаушылар дайындауға алып келеді және т.с.с.

жүктеу 38.97 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет