Педагогикалық білім жүйесіндегі информатика курсын оқытудың әдістемелік жүйесі бес түрлі өзара иерархиалық түрде байланысқан компоненттерден тұрады


Мектепке информатика пәнін енгізудің мақсаттары мен міндеттері



жүктеу 38.97 Kb.
бет2/8
Дата03.08.2022
өлшемі38.97 Kb.
#20882
1   2   3   4   5   6   7   8
11111111
Мектепке информатика пәнін енгізудің мақсаттары мен міндеттері
1.5.1. Жалпы және нақты мақсаттар туралы
Білім берудің жалпы мақсаттарын, оның ішінде мектепте жалпы білім берудің мақсаттарын, өзінің заңды қоры негізінде педагогикалық саясатының жалпы принциптерін қалыптастыратын мемлекет анықтап белгілейді. Бұл бағытта алдымен білім берудің гуманистік сипаты, жалпы адамзаттық құндылықтардың жоғары тұруы, адам өмірі мен денсаулығы, жеке тұлғаның еркін дамуы, азаматтық тәрбие және отанға деген сүйіспеншілік бірінші орында тұрады [2]. Сондықтан, мектеп алдына төмендегідей үш негізгі мақсат қойылады:
1) білім беру; 2) тәрбиелік;
3) практикалық.
Енді мектепке тән осы негізгі мақсаттардың информатиканы оқытудың жалпы мақсаттарына қатысты болатынын көрсетейік.
Мектепте информатиканы оқытудың білім беру мақсаты әрбір оқушыға информатика ғылымы негіздерінің алғашқы іргелі білімін беру, оқушыларға осы білімді мектепте оқытылатын басқа ғылымдардың негіздерін түпкілікті және сапалы түрде меңгеруге қажетті іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыру болып табылады.
Информатика ғылымының жалпы білім берудегі қызметі өте жоғары. Информатикадан білім негіздерін меңгеру оқушылардың жалпы, ақыл-ойын дамытуға, олардың ойлау және шығармашылық қабілеттерін нығайтуға елеулі әсер етеді.
Сонымен, информатиканы оқытудың білім беру дамытушылық мақсаты оқушының шығармашылық қабілетін, жеке тұлғалық қасиетін қалыптастыруға, ақыл-ойын, ойлау өрісін, ынтамен дамытуға, яғни қызмет субъектісі ретінде қалыптастыруға бағытталған.
Мектептегі информатика курсының практикалық мақсаты оқушылардың еңбекке және политехникалық дайындығына үлес қосу, олардың мектеп бітіргеннен кейінгі еңбек етуіне дайындығын қамтамасыз ететін білімдермен, дағдылармен және іскерліктермен қаруландыру.
Курстың мақсаты қолданбалы және теориялық аспектілердің байланысын жүйелі түрде ашып көрсетіп, алгоритмдеудің, бағдарламалаудың, ЭЕМ- нің қазіргі кезеңдегі өндірістегі рөлі мен маңызын айқындау болып табылады. Информатика курсында кәсіптік бағдарлау мақсатында информатикаға және ЭЕМ – ға байланысты мәліметтер, ЭЕМ-ді пайдаланатын басқа ғылымдар жайында мәліметтер берілуі тиіс. Мұнымен қатар, информатиканың практикалық мақсатының «тұрмыстық аспектісі» де бар. Ол күнделікті өмірде, тұрмыста жастарды компьютерлік техниканы сауатты пайдалануға үйретеді.
Қорыта келгенде, информатиканы оқытудың практикалық мақсаты оқушыларды практикалық қызметке, еңбекке, басқа пәндерді оқыту процесінде практикалық есептер шешуге және оны ақпараттық қоғамда өмір сүруге дайындауға бағытталған.
Мектептегі информатика курсының тәрбиелік мақсаты өте зор. Информатиканы оқыту барысында ой еңбегінің мәдениеті жаңа саналы деңгейде қалыптасады, оқушы өзінің жұмысын жоспарлай білу, оны ұтымды орындай білу, бастапқы жоспарды оның орындалуымен байланыстыра білу сияқты жалпы адамзаттық мәні бар қасиеттер де қалыптасады. Информатиканы оқытудағы алгоритмдеу мен бағдарламалар құру, оларды ЭЕМ – де орындау оқушыдан ойлануды және шыдамдылықты арттыруды, көңіл қоя білуді, көз алдына елестете білуді талап етеді. Сонымен қатар, жеке адамның табандылық, алдына мақсат қоя білу, шығармашылық, белсенділік көрсете білу, жұмысына жаупкершілікпен қарау, сенімді, тәртіпті болып, бар мүмкіншілікті қолдана білу сияқты қасиеттерін дамытады. Алгоритмді жазуға дағдылану, жауапкершілікпен қарау, жаңа талап қоюды керек етеді.
Сонымен, информатиканы оқытудағы тәрбиелік мақсат оқушыны азаматтыққа, адамгершілік қасиетке және жоғары саналылыққа баулуға бағытталған.
Информатиканы оқып үйренудің жоғарыда аталған мақсаттары бір-бірімен өте тығыз байланысты, оларды бір-бірінен ажыратуға болмайды. Оқушыларға негізгі жалпы білімді беріп болмай, информатиканың тәрбиелік тиімділігін алуға болмайды.
Мектепте информатиканы оқытудың жалпы мақсаттары нақты оқу процесіне байланысты нақты мақсаттарға, яғни нақты тақырыптарды оқыту мақсатына айналады. Пәнді оқытудың нақты мақсаттарын анықтау жалпы дидактикадан басталады. Қазіргі қоғамның дамуына байланысты дидактиканың көптеген қағидалары өзгеріске ұшырап отыр. Информатика жас ғылым болғандықтан, ол даму үстінде. Оны мектепте оқыту мазмұны да әлі қалыптасуда. Осындай жағдайда ғылыми тұрғыдан негізделген мақсат қана оқыту мазмұнын дәл анықтауға мүмкіндік береді.

жүктеу 38.97 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет