Педагогикалық білім жүйесіндегі информатика курсын оқытудың әдістемелік жүйесі бес түрлі өзара иерархиалық түрде байланысқан компоненттерден тұрады



жүктеу 38.97 Kb.
бет1/8
Дата03.08.2022
өлшемі38.97 Kb.
#20882
  1   2   3   4   5   6   7   8
11111111

11111111
1.4. Информатиканы оқыту әдістемелік жүйесі
Педагогикалық білім жүйесіндегі информатика курсын оқытудың әдістемелік жүйесі бес түрлі өзара иерархиалық түрде байланысқан компоненттерден тұрады.
Олар : пәнді оқыту мақсаты, мазмұны, әдістері, түрлері мен құралдары (1.2-сурет).
Мақсат
Мазмұны
Оқыту
құралдары
Әдістері
Ұйымдастыру
түрлері
1.2-сурет. Оқыту жүйесі компонененттерінің өзара байланысы
Оқытудың әдістемелік жүйесі дегеніміз – оқушыны оқытудың тиімділігін арттыруға бағытталған, оқу процесінің өзара байланысқан және бір-біріне себепші болатын оқыту түрлерінің, формаларының және жоспарлау мен өткізу құралдарының, бақылау мен сараптаудың, түзетулерінің реттелген жиынтығы [23, 322-б.].
Информатканы оқыту әдістемелік жүйесі – оқыту тәсілдерін алгоритмдеу, жүйелеу, мақсатты анық тұжырымдау негізінде мұғалім мен оқушылардың өзара әр алуан әрекеттестіктерін қамтиды. Сондықтан жүйеде үйретуші (мұғалім) – сабақтардың жетекшісі, ал, үйренуші (оқушы) – оқу объектісі болып табылады (1.3-сурет).
Информатиканы қазіргі оқыту әдістемелік жүйесінің өзіндік сипаттамалары [27]:
оқу процесін ғылыми негізде жоспарлау;
теория мен практикалық дайындықтың бірлігі;
оқу материалын оқытудың жоғарғы деңгейдегі қиындығы мен оны жеделдете оқытылуы;
оқушылардың белсенділігі мен өз бетінше ізденімпаздығы;
жеке және ұжымды іс-әрекетерді бірлестіру;
оқу процесін техникалық оқыту құралдарымен жабдықтау; - әртүрлі пәндерді кешенді түрде оқыту тәсілдері.
Информатиканы оқытып, үйретудің мақсаттары жалпы білім беретін орта және кәсіптік бағдар беретін мектептерде тәрбиелеу мен білім берудің жалпы мақсаттарымен, сонымен бірге ғылыми өзгешелігі, қазіргі қоғамдағы және ғылымдар жүйесіндегі алатын орнымен анықталады.

3-сурет. Оқытудың әдістемелік жүйесі


Құралда информатиканы оқыту осы ұстанымдардың негізінде қарастырылады. Информатиканың әдістемелік жүйесінің негізгі компоненттерінің мазмұны мен өзара байланысы айқыналады.

жүктеу 38.97 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет