Педагогика факультеті Педагогика жəне психология кафедрасы


құрлым;  6.  Нақтылау мəнді демеуліктер : қой/ғой, -ды/-ді, -ты/ті



жүктеу 0.88 Mb.
Pdf просмотр
бет6/10
Дата30.03.2017
өлшемі0.88 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

құрлым; 

6.  Нақтылау мəнді демеуліктер : қой/ғой, -ды/-ді, -ты/ті; 

7.  Қомсыну мəнді демеуліктер : екеш. 

Сұраулық  демеуліктер көбіне баяндауыш құрамында келіп, сұраулық мағына береді. 

а)  ма/ме,  ба/бе,  па/пе  демеуліктері  есім  сөздерге,  үстеуге,  етістіктерге  тіркесіп  қолданылып,  баяндауыш 

қызметіндегі  сөз  құрамында  болады.  Ардақты  атың  шыққан  қан  майданда,  Атамас  атағыңды  таңдай 



барма ? (Жамбыл). Е, сендер ме ? Сендер беріп жібересіңдер ме ? (Əуезов). 

-ған  ба  еді,  -ған  ба  екен,  -а  ма  екен,  -ып  па  еді    тұлғалы  етістіктермен  бірге  жұмсалғанда,  сұраулық  

демеулігі негіз сөз бен көмекші сөз ортасында қолданылады. Бір сорды бір сорға қосқанда ырыс туа маекен 



?  (Мүсірепов).  Көрмеген  құқайым  ба  еді?  (Əуезов).  Тірі  туысқан,  өлі  аруақты  күңіреткен  қылық  осыдан 

шықпап па еді (Сонда). Мынадай тілеу үстінде арман бола ма екен ?!! (Сонда). 

Сұраулық  демеуліктері ма/ме, ба/бе, па/пе  баяндауыш қызметінде жұмсалған  II  жақ жіктік жалғауымен 

қатар келгенде, түбір мен жалғаудың арасына кірігіп кетіп, мы/мі, бы/бі, пы/пі  болып өзгеріп кетеді. Əуелі 

өзің қаруың қатарлық қартаюға жетемісің, жоқ па ? (Абай). Өмірді өкінбестей қылықпен өткізіпсің бе? 

Жоқ, болмаса, не ғып  өткізгеніңді өзің де білмей қалыппысың (Абай). Сен үйден шықсаң, адасып кетем 

деп қорқамысың (Мүсірепов).  

Баяндауыш  қызметінде  жұмсалған  болжалды  келер  шақ  есімшеге  тіркесіп  лепті  сөйлем  құрамында 

кездеседі. Бүгінгі күніқазақ халқы қандай тұрмыста тұратынын, қалай еңбек ететінін көрер ме еді солар  

?! (Мүсірепов). 

Де    көмекші  етістігі  арқылы  жасалған  күрделі  етістік  құрамында  келіп,  ма/ме    сұраулық  демеуліктері 

болжалдық мағына үстейді: келе ме деймін ? болар ма екен деп (дəмеленіп еді). 



Ше  сұраулық  демеулігі  есім  сөздермен,  үстеумен,  етістікпен  тіркесіп  келіп  сұраулық  мəн  береді.  –

Бозбалалар неге өлең айтпайды? –Қыздар ше (Майлин). Билер ше ? Бидің бəрі жемтік емес пе ? (Əуезов). 

Күшейткіш демеуліктердің қатарына –ақ, -ау, -айғ əсіресе, да/де, та/те  шылаулары жатады. Күшейткіш 

демеуліктері  сөйлемге,  айтылған  ойға  күшейту  мəнін  қосу  үшін  қолданылады.  Өлеңге  əркімнің-ақ  бар 

таласы  (Абай).  Жарасбай  əсіресе  ,мол  шығынмен,  əупіріммен  орнында  қалды  (Əуезов).  Тыныштықты 

бұзып  жау  тисе,  Жауға  біз  де  тиеміз  (Жамбыл).  Бай  ауылда  жоқ  мінез  көріп,  таңданып  та  қояды. 

(Мүсірепов). 



-ақ  демеулігі-  тілде  жиі  қолданылатын  шылаулардың  бірі.  Бұл  шылау  өзіне  қатысты,  яғни  есім  сөздерге, 

үстеу сөздерге тіркесіп, олардың мағынасын күшейту немесе ой екпінін түсіру үшін жұмсалады. Күшті-ақ 



екен,  жарықтық!  (Жароков).  Сүйемін  туған  тілді,  анам  тілін,  Бесікте  жатқанымда-ақ  берген  білім  

(Торайғыров). 



 -  ай    демеулігі  адамның  əр  түрлі  көңіл-күйін  білдіру  үшін  қолданылады,  көбіне  аяу,таңырқау  мəнінде 

қолданылады. –ай  демеулігі зат есім мен сын есімдерге тіркесіп, оқшау сөз ретінде қызмет атқарады. Сары 



алтын, сопы меруерт, қарағым-ай  (Ақан Сері). Таласпа, жаным-ай, қолыңнан келмеске (Абай). Жамандар 

өтірікші өсегі көп, Ел-жұрттың іріткі салар арасында-ай(Сүйінбай). 

-ау демеулігі есім сөздермен, етістік, одағай сөздермен тіркесіп, қуану, ренжу, күйіну мағыналарын үстейді. 

Қалай  апарамыз,  қарағым-ау,  біздің  қолымыздан  не  келеді    (Мүсірепов).  Құдай-ау,қайда  сол  жылдар

Махаббат қызық мол жылдар ?! (Абай). 

Əсіресе демеулігі сөйлемге күшейткіш мағына үстейді. Əсіресе қолқабыс ететін адамдарыңызғак риза 

болдым (Мүсірепов). Əсіресе өзінің атын ататтырғысы келмейтін сияқты (Сонда). 

Да/де,  та/те    демеуліктері  өзі  тіркескен  сөздерге  күшейту  мəнін  қосу  үшін  қолданылады.  Бағың 

өскенше,тілеуіңді ел де тілейді, өзің де тіпейсің… (Абай). Арманын да,азабын да, қуаныш, қайғысын да 

əнге сыйдыра білген, айналайын елім-ай  (Мақатаев). Жылататын да, жұбататын да сөз (Момышұлы). 

Шектік (тежеу) демеуліктері-ғана/қана/ тек ақ тіркескен сөздеріне шек қойып тежеу мағынасын үстеу 

үшін  қолданылады.  Ермекбай  тек  түнере  берді    (Əбішев).Абайлар  үй  ішімен  ақырын  ғана  амандасты  

(Əуезов). Тартыспен түскен, бейнетпен келген жақсылық қана шын мəнінде қымбат табыс (Əуезов).  



Ғана демеулігі қайдан? неге? қандай? деген сұрау есімдіктерінің соң, сол сөзге ой екпіннің түсіру, өкіну 

мағынасын  білдіреді.  Ділдəні  айырып,  көшіріп  жібермей,неге  алдым,  неге  ғана  Əйгерімді  алдым?! 

(Əуезов). 

Тек  демеулігі  сөйлемде  тіркескен  сөздеріне  тежеу  мəнін  қосады.  Мысалы:  Қазақ  дəстүрі  тек  ата-

ананы ғана емес , жалпы адамды сылауға баулиды (Мұстафин) . 

Тек  демеулігі  қана  шы  лауымен  де  тіркесіп  қолданылады.  Тек  қана    түс  артынан  болған  жүрек 

құйынын аңғарды (Əуезов). 


-ақ күшейту мағынасымен қоса, тежеу, шек қою мағынасын білдіре алады. Мен тентек пе, түбінде кім 

жасады,  Қайғыны  жіберуші  өзі-  ақ  сыңар    (Абай).  Сол  үшін-ақ  Рақымбай  ұлығының  қасиетін  ұғып 

қадірлей біледі  (Мүсірепов). 

Болжалдық демеуліктеріне –мыс,-міс,-ау  шылаулары жатады. 



-мыс, -міс демеулігі сөйлеушінің айтылғанойға күмəндануын, сенімсіздікті білдіруі үшін қолданылады. 

Сөйлемнің  экспрессивті-эмоционалдық  мəнін  арттырады.  Жас  келіншек  те  ол  десе  жанын  қоярға  жер 



таллайды-мыс    (Есенберлин).Жанынан  өте  берсе,  жаңағы  қарайған  нəрсе  ит  болып  ұлыған-мыс 

(Нəжімеддинов). Осы сөйлемдерде-мыс демеулігі синтаксистік байланысатын сөзінің соңында келіп, ойға 

сөйлеушінің  болжау,  күдіктену  сияқты  көзқарасын  білдіреді.  Қолынан  тарайды-мыс  сайлау-сияз  

(Жансүгіров). 

-ау  демеулігі  болжалдық  келер  шақ  есімшеде  тіркесіп,  сол  мағынаны  басымдау  етіп,көрсету  үшін 

қолданылады.Жиналған халық осыны тілейді-ау деймін (Əуезов). 

Болымсыздық,қарсы  мəнді,  салыстыру  мағынасындағы  демеуліктерге  түгел,  тұрсын,  тұрмақ, 

құрылым  сөздері  жатады.  Түгіл  ,  тұрсын,  тұрмақ  демеуліктері  есім  сөз,  үстеу,  етістіктермен  тіркесте 

келіп,  болжалдық    қарсы  қою  мағынасын  білдіреді.  Бұл  шырақ  өшпес  түгіл    лаулап  жанар  

(Дөнентаев).Байтал    түгіл  бас  қайғы  (мақал).  Ғұрлым    демеулігі  салыстыру  мəнін  білдіру  үшін 

қолданылады.Жанымның сол ғұрлым болғанына өкінемін (Ана тілі). 

Нақтылау мəнді демеуліктеріне қой/ғой, ды/ді, ты/ті шылаулары жатады. 

Қой/ғой  демеулікткрі тіркескен сөздеріне нақтылау тұжырымдау мағынасын үстеу үшін қолданылады. 

Енді  көрісер-көріспесіміз  екіталай  ғой    (Сейфуллин).Боданның  есігі  іштен  жабық-ты  (Жұмаділов). 

Сүйемін  сені  туған  ел-  атамекен,  Абзал  анам  сенсіз  ғой  құшағың  кең  (Аманжолов).Ақылсыз  достан 

ақылды дұшпан артық-ты (Шалкиіз). 

-ды/-ді,  -ты/-ті  демеуліктері  сөйлемде  баяндауыш  болып  тұрған  сөзге  тіркесіп,  оның  мағынасын 

нақтылай түсу үшін қолданылады. Кешегі Ұзақ ауылында болған тінту осы сөздің салдарынан туған-ды 

(Əуезов).  Кешегі  өткен  ер  Əбіш,  елден  бір  асқан  ерек-ті,  Жүрегі  жылы  бойы  құрыш,  Туысы  жаннан 

бөлек-ті (Абай). 

Қомсыну  мəнді  демеулігіне  екеш  шылауы  жатады  .  Бұл  шылау  тіркескен  сөзіне  қомсыну,  менсінбеу 

мағынасын үстейді. 

Тексеруге арналған сұрақтар: 

1.  Шылаудың атқаратын қызметі қандай? 

2.  Басқа көмекші сөздерден қалай ерекшеленеді? 

3.  Шылауларды онымен омоним қосымшалардан қалай ажыратамыз? 

4.  Шылау сөздердің емлесіне мысал келтір. 

 

 Пайдаланылатын əдебиеттер : 



1. Қазақ тілінің грамматикасы. Алматы, 1967.  

2. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Алматы, 1991.  

3. Қалыбаева А., Оралбаева Н. Қазіргі қазақ тілінің морфемалар жүйесі. Алматы, 1986  

4. Аханов К.  Грамматика теориясының негіздері. Алматы, 1996. 

5. Кузнецов П. Ц. О принципах  изучения грамматики. М., 1961. 

6. Смирницкий А.И. Лексическое и грамматическое в слове вопросы грамматического строя.  М. 1955 

7. Шмелев Р. Н. Современный русский язык.  

8. Милославский И. Г. Морфологические категории современного русского языка М. 1981 

9. Төлеуов Ə. Сөз таптары. Алматы,1982. 

13- дəріс 

Тақырып:   Одағай. 

Дəріс мазмұны:   1.  Одағайдың түрлері. 

                    2.  Одағайдың мағыналық ерекшеліктері. 

 Мақсаты: Одағайдың өзіндік ерекшелігін тану. 

1.  Одағайдың түрлері. 

     Одағай сөз табына жататын сөздер адамның көңіл-күйін, сезімін білдіру мақсатымен ғана емес, сонымен 

қатар,  басқа  біреуге  бұйыру,  ишара  білдіру  немесе  малды,  үй  хайуандарын  шақыру,  айдау,  қорғау 

мақсатында да қолданады.Тіліміздегі одағай сөздер осындай мəніне қарай үш топқа бөлінеді 

   а) көңіл-күй одағайлары. 

   ə) императивтік одағайлар. 

   б) тұрмыс-салт одағайлары 

   Сондықтан  да  одағайлар  сөйлемде  белгілі  бір  мақсатпен  қолданылғанымен,  біріншіден,  өз  алдына  жеке-

дара тұрып, лексикалық мағына білдіре алмайды, нақты ұғымдық мəні жоқ, екіншіден, сөйлем ішінде басқа 

сөздермен граматикалық байланысқа түспейді. 

    1.КӨҢІЛ-КҮЙ ОДАҒАЙЛАРЫ. Бұл топтағы одағайлар адамның əр түрлі сезімдерін,көңіл-күйін білдіреді. 

Олар  сан  жағынан  мол,  семантикалық  құбылу  жағынан  əр  қилы,семантикалық  реңкі  өте  бай  топ.  Бұл 

топтағы  одағайлар  əрі  жағымды,  əрі  жағымсыз  көңіл-күйді  білдіреді.  Осы  қасиетіне  қарай  көңіл-күй 

одағайлары үш топқа бөлінеді. 


    а)Жағымды  көңіл-күйді  білдіретін  одағайлар:  Алақай!  Ура!  (қуаныш,  шаттану)  Һа,  Паһ-Паһ!  (сүйсіну, 

таңдану), Бəрекелді! (сүйсіну, қоштау), оһо!(таңдану). 

Мыс: Тракторға теңеу таппай, жұрт абыржып, аузына келгенін айтты. -Паһ-паһ! Күйше күркүреуін қарашы!   

Алақай! Ата! Апа!...Есболсындар келіп қалды! Соғыс бітті!     -Оһо, жолдас болатын болдық. 

     ə)Жағымсыз эмоцияны білдіретін одағайлар: Əттеген-ай Əттең  Қапа!, Тəйірі!, түге! (наразылық, іреніш) 

бай-бай-бай!, піш!, пішту!(жақтырмау, менсінбеу). 

Мыс:  Қап,  Қазекеңе  бақты  суару  керек  деп  айтайын  деп  отырып,  ұмытып  кеткенімді  қарашы!  Уай, 

қайдасыңдар, түге, бар болғырлар! Піш, тапқан екенсің қажырлы кісіні! 

      б)Əрі жағымды, əрі жағымсыз эмоцияны білдіретін одағайлар. Бұл топтағы одағайлар əдетте көп мəнді 

болып  келеді  де,  олардың  мағыналары  контекст  ішінде  не  ситуацияда  анықталады:  Пай-пай!  одағайы 

қарама-қарсы екі мəнде жұмсалады: 

1.таңдану,сүйсіну,таңырқау. Мыс:Кəне, басына киіп көрші. Пай-пай қандай жарасады, ə?! Пай-пай, шіркін, 

Алатау, шандоз едің неткен сен!   

2.  ренжу,  наразылық  мағынасында.  Мыс:  -Пай-пай,  осы  бір  емізіп  тартатының-ай!  Айтпайсың  ба 

сатырлатып! Ал, енді бұлар төбелесті, Пай-пай, аяқтарының астында қаламыз-ау! 

    2.ИМПЕРАТИВТІК ОДАҒАЙЛАР. Бұл топқа адам не хайуанатқа бағышталып айтылатын шақыру, жекіру, 

тыйым салу, бұйыру мақсатымен қолданылатын одағай сөздер жатады. Бұлар бағышталу объектісіне қарай 

үлкен екі топқа бөлінеді. 

а)Адамға бағышталып айтылатын одағайлар: Бұған адамның адресіне бұйыру, жекіру, тыйым салу, бұйыру 

мақсатымен  қолданылатын  Айда!  Тəйт!  Сап-сап!  Стоп!  Кəне!  Жə!  Тек!  Тəк!  Əуп!  Əлди-əлди!  сияқты 

одағайлар жатады. Мыс:Жə,тоқтат, ақсақал Базаралыдан алмаған өшің барма?! Тек, тантымай сөйле Былғама 

Нұрғанымды. 

ə)малға, үй жануарларына бағышталып айтылатын одағайлар. Бұлар: Моһ-моһ, шөре-шөре, сарап-сарап, көс-

көс.  Мəлік  келгір.,  Жамандатқыр  сияқты  үй  жануарларын  шақыру,  айдау,  үркіту,  қорғау  мақсатымен 

қолданатын  сөздер.  Мыс:  Бағаң  алақанын  бір-біріне  ұрып:  моһ-моһ  деп  еді,  етекке  қарай  желе  жөнелді. 

Əукім-əукім,  ақ  бұзау,  ертерек  өс,  құтты  бол!  Қоянның  ышқына  қашқанын  қызық  көріп  "Айтақ,айтақ!"деп 

айқай   салды. 



     3.ТҰРМЫС-САЛТ ОДАҒАЙЛАРЫ. Бұл топ сан жағынан шағындау болғанмен, өмірде жиі қолданылатын 

одағайлар. Бұған одағайлардың амандасу, қоштасу, сыйластық белгісі ретінде  қолданылатын Хош! Хайыр! 

Рахмет! Ассалаумағалейкүм! Құп! Лəббай! жатады. 

Мыс:  Құп!-деді  де,  қоштасып  жүріп  кетті  агроном.  Лəббай,  тақсыр!-деп  Перезат  терезеден  əрі  қараңғы 

бөлмеге кіріп кетті. 

     Одағайлардың  семантикалық  құбылмалығы  əр  түрлі.  Олардың  бірқатары  контексте  бір-ақ  мəнде 

қолданылса,  енді  бірқатары  екі-үш,  не  оданда  көп  мəнде  жұмсалады.  Кейде  олардың  бойынан  бір-біріне 

қарама-қарсы мағына байқалады. Осыған орай, одағайларды екі үлкен топқа бөледі. 



1.БІР МАҒЫНАЛЫ ОДАҒАЙЛАР. Бұл топқа одағайлар қай ситуацияда айтылмасын, қай контексте түспесін, 

қандай  интонациямен  айтылмасын  үнемі  бір-ақ  мəнде  жұмсалады.  Алақай  Ура  сөздері  шаттану,  қуану 

сезімін білдіреді. Қап Əттең сөздері əр уақытта өкіну мағынасында жұмсалады. 

Мыс. Жердің жүзін бейне жұмаққа теңейтін. Алақай-ау, алақай, жаз келді. Əттең, арбасына симай сорлады 

ғой, əйтпесе мұнысын да Қытайына ала кетер еді. 

2.КӨП МƏНДІ ОДАҒАЙЛАР. Бұл топқа екі-үш не одан да көп мəнде жұмсалатын сөздер жатады. Пəлі, бəлі 

одағайы үш түрлі мəнде қолданады. 

а)біреудің  іс-əрекетіне  не  сөзіне  риза  болып,  оны  қоштау  көтермелеу  мақсатымен  айтылатын  шаттық, 

таңдану мəнінде жұмсалады. Мыс:Уа, пəлі нағыз əнші мұннан шықты. 

ə)біреудің  сөзін  жақтырмай,  наразылық  мағынасында  жұмсалады.  Мыс:-Жарайды,  аңшы-ақ  екенсің! 

Осындай тоқ итпен аңға шыға ма екен?! 

б)таңдану,  таңырқау  мəнінде  де  жұмсалады.  Мыс:  Бəлі-ей,  мынау  Əсия  ма,  ей!?  Бəлем,  тұра  тұр,  осының 

бəрін əкеме айтам.  Кейбір одағайлар 7-8 мəнде қолданылады. Мыс:ə!(а!) одағайларын алсақ. 

1.Сұрау мағынасында. -Ол орыс композиторларының ең таланттысы,-дедіРахмет. 

-Ə?-деді қалың ойда отырған Ықылас. 

2.Біреудің шақырған дауысына жауап беру, үн қату мағынасында. 

-Күлəнда! 

-Ə!-деп қатқан қыз жауабы болды оған əкелгендей бір терең сыр. 

3.Бір нəрсе есінен шығып кетіп, кейін еске түскендігін аңғарту мақсатында қолданылады. 

-Хат? Кімнен хат? Ə-ə, бағана мен берген хат екен ғой! 

4.Біреуді өзіне қарату мақсатымен қолданылатын қаратпа сөз мағынасында . 

-Келін, ə, келін!-деді ол шамды тұтатқасын. 

5.Ə! одағайы сөйлем соңында келгенде, сұрау мағынасында жұмсалады. 

Менде тығылып жатқан сұмдық бар екен. Бұл қалай, ə? 

Кейде сөйлем соңында кездесетін ə! одағайының бойында сұрау мағынасымен қатар, əжуа, мысқыл реңкі де 

байқалады. Осы сен қусың-ау деймін, Асқар,ə?  

 2.  Одағайдың мағыналық ерекшеліктері.  

      ОДАҒАЙ  СӨЗДЕРІНІҢ  ИНТОНАЦИЯЛЫҚ  ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.  Одағай  сөздер  басқа  сөз  таптарымен  


салыстырғанда  ырғаққа,  эмоционалдық  құбылмалыққа,  интонацияға  өте  бай.  Олар  көркем  шығармаларда, 

əсіресе диалогтарда көп кездеседі. Тіліміздегі көп мəнді одағайлар əрбіреуі жұмсалатын ыңғайына қарай əр 

түрлі интонациямен айтылады. Біресе созылыңқы, баяу, бірде жұлып алғандай тез, жылдам айтылады. 

Ойбай!одағайы  үрку,  шошыну  мағынасында  жұмсалса  тез  жылдам  айтылады.  Егер  таңырқау,  таңдану 

мағынасында жұмсалса, онда созып айтамыз.(Ой-ба-а-ай) 

 Одағай құрамындағы кейбір дыбыстардың созылыңқы, ерекше интонациямен айтылыуы- сол одағайлардың 

мағынасын күшейту мақсатымен жұмсалады. 

Мыс:Əттеген-е-е-е!Бəрекелде-е-е!   



 ОДАҒАЙЛАРДЫҢ  ГРАММАТИКАЛЫҚ  ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.  Одағай-  негізінде  түрленбейтін  сөздер  тобы. 

Өзіне тəн жұрнақтары жоқ. Олар субстантиптенген кезде болмаса, жалғауды да көп қабылдамайды. Кейбір 

одағайларға  –ла  (ле);  -шыл  (шіл)  жұрнақтары  жалғанады.  Ойбай-лау,  айт-айттап,  аһлеп-үһлеп. 

Мыс:Ой,тəйір-айшыл кер кесек, құлық, сұмдық не өсек. 

    Одағайлар  қосарланып  айтылғанда,  білдірейін  деп  отырған  сезімнің  күштілігін,  бұйрықтың  қаттылығын 

білдіреді. Мыс:Тек-тек-тек!Бай-бай-бай-бай!Һай-һай-һай! 

    Одағайдың қосарланып, қайталанып айтылуында белгілі бір заңдылық бар. Бір топ одағай қосарлап айтуға 

көнбейді.  Тəйірі!Қап!Ту!Бəсе!Астапыралла!  Енді  бір  топ  одағайлар  дара  күйінде  де  қолдана  береді. 

Мыс:Ойбай,ойбай!Тəк,тəк!Жə,жə! 

Одағайлардың енді бір тобы тек қана қосар тұлғасында жұмсалады. Сап-сап!Бай-бай!Əлди-əлди!  

Малға  айтылатын  одағайлардың  басым  көпшілігі  қосар  күйінде  айтылады.  Моһ-моһ,  Кəуіс-кəуіс,Шөре-

шөре! 


  Одағайларды құрамы жағынан екі топқа бөлуге болады. 

1. түбір, негізгі одағайлар бұл топқа əрі қарай бөлшектеуге көнбейтін А! Ə! О! ОЙ! ПАЙ! ҚАП! БƏСЕ! МƏ! 

сияқты одағайлар жатады. 

2.  күрделі  одағайлар,  бұл  топқа  бірнеше  сөзден  біріккен,  қайталанған,  қосарланған  немесе  басқа  тілдерден 

ауысқан сөздер енеді. МƏССАҒАН!АПЫРЫМ-АЙ!ƏТТЕГЕН-АЙ!БƏРЕКЕЛДІ! 

Одағайлар өз алдына сөйлем мүшесі бола алмайды, олар диалогта жеке-дара тұрғанда сөз-сөйлем  қызметін 

атқарады. -Ол қай адам? 

-Кеше біздің үйде отырған ше! 

-Ə-ə-ə! 

 Одағайдың  тіркестік,  я  қатар  келу  қабілетінде  де  біраз  ерекшеліктер  бар.  Қолданылуы  жағынан  екі  топқа 

бөлуге  болады.  а)одағайдың  өзара  тіркесе  қатар  қолданылуы.  Əдетте,  жағымды  эмоция  көңіл  күйді 

білдіретін  одағайлар  қатар  тұрып  қолданылады.  Алақай!Ура!  қатар  тұрған  күйінде  айтылады  да  ,  Əттең! 

Қап! одағайларымен қолданылмайды. 

ə)одағай  етістікпен  тіркеседі.  Етістікпен  тіркескенде  олардың  бір  қатары  одағайлы  тіркес  құрайды  да,  бір 

қатары тұрақты тіркес құрайды. Осыған орай, бұл тіркестерді екіге бөліп қарастырған жөн. 

        1. Одағайлы еркін тіркес. Одағайлар көбінесе  (де) етістігімен тіркесе келе, кейбір жағдайда мағыналық 

жағынан өзгеріске ұшырап, одағай категориясына ауысып кетеді. Мыс:Я деген! Уа деген! Апырай десейші! 

Ой де! Бəсе деймін! Бұл типтес тіркестерді одағайлы тіркес дейміз. 

        2.  Одағайлы  тұрақты  тіркестер.  Бұл  топқа  жататын  тіркестердің  ішінде  одағайлар  болғанмен,  бұл 

тіркестерді  түгелімен  одағайға  жатқызуға  болмайды.  Бұлар  Ай-шай  деспей,  əу  десті,  əу  дейтін  жер,  ойбай 

салды, аһ ұрды, шу дегеннен, ай-шайға қарамай. Олар сөйлеу тілінде оқшауланбай қолданады.         

Тексеруге арналған сұрақтар:   

1.  Одағайдың басқа сөз табынан ерекшелігі неде? 

2.  Одағайдың морфологиялық ерекшелігі.  

3.  Одағайдың мағыналық ерекшеліктері. 

 

Пайдаланылатын əдебиеттер : 

1. Қазақ тілінің грамматикасы. Алматы, 1967.  

2. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Алматы, 1991.  

3. Қалыбаева А., Оралбаева Н. Қазіргі қазақ тілінің морфемалар жүйесі. Алматы, 1986  

4. Аханов К.  Грамматика теориясының негіздері. Алматы, 1996. 

5. Кузнецов П. Ц. О принципах  изучения грамматики. М., 1961. 

6. Смирницкий А.И. Лексическое и грамматическое в слове вопросы грамматического строя.  М. 1955 

7. Шмелев Р. Н. Современный русский язык.  

8. Милославский И. Г. Морфологические категории современного русского языка М. 1981 

9. Төлеуов Ə. Сөз таптары. Алматы,1982. 



14- дəріс 

Тақырып:  Еліктеу сөздер. 

Дəріс мазмұны:  Еліктеу. 

       1.  Еліктеу сөздер туралы жалпы түсінік. 

       2. Еліктеу сөздердің семантикалық сипаты. 

       3. Еліктеу сөздердің фонетика-морфологиялық сипаты. 


Мақсаты:  Еліктеу  сөздердің  семантикалық  ерекшелігін,  қолданыстағы  қызметін,  дыбыстық  құрамын 

меңгерту.    



 1. Еліктеу сөздер туралы жалпы түсінік. 

     Тілімізде  семантикалық  ерекшелігі  жағынан  да,  грамматикалық  сыр-сипаты  жағынан  да,  фонетика-

морфологиялық құрылымы жағынан да өзге сөз таптарынан оқшауланып тұратын, соған сəйкес, өз алдына 

дербес сөз табы ретінде қаралатын бір алуан сөздер еліктеуіш сөздер деп аталады. 

     Еліктеуіш  сөздер  семантикалық  жағынан  алғанда,  біріншіден,  табиғатта  ұшырайтын  сан  алуан 

құбылыстар мен заттардың бір-бірімен қақтығысу я соқтығысуларынан туатын, сондай-ақ, неше түрлі  жан-

жануарлардың дыбыстау мүшелерінен шығатын, əр түрлі əрекет қималдарынан туатын, əрқилы дыбыстарға 

еліктеуден пайда  болған  түсініктерді  білдірсе, екіншіден, сол  табиғатта ұшырайтын сан алуан құбылыстар 

мен заттардың жəне неше түрлі жан-жануарлардың сыртқы сын-сипаты мен қимыл əрекеттерінің де қилы-

қилы көріністерінен пайда болатын түсініктерді білдіреді. 



2. Еліктеу сөздердің семантикалық сипаты.  

    Еліктеу  сөздерінің  бір  тобы  семантикалық  мағыналары  жағынан  табиғатта  ұшырасатын  əр  алуан 

дыбыстарымен  байланысты  болса,  екінші  тобының  семантикалық    мағыналары  сол  табиғаттағы  əрқилы 

табиғи көріністердің бейнелерімен байланысты. Осы себептен бұл сөздер іштей екі салаға бөлінеді, бір тобы 

еліктеуіш сөздер деп, екінші саласы бейнелеуіш сөздер деп аталады. 

Бұл  сөздер  семантикалық  жағынан  ғана  емес,  фонетика-грамматикалық  сыр-сипаттары  жағынан  да  бір-

бірімен  ұқсас,  орайлас  болып  келеді.  Еліктеу  сөздерінің  өзді-өздеріне  тəн  жалқы  ерекшеліктерімен 

барлығына да тəн жалпы қасиеттері төмендегідей. 



Еліктеуіш сөздер.  Еліктеуіш сөздер деп табиғатта ұшырасатын сан алуан құбылыстар мен заттардың бір-

бірінен қақтығысу-соқтығысуларынан туатын дыбыстарды, сондай-ақ, жан-жануарлардың дыбысталу 

мүшелерінен шығатын əр түрлі дыбыстарды есіту қабілеті арқылы белгілі түсініктер ретінде қабылдаудан, 

болған жəне сол түсініктердің атаулары есебінде қалыптасқан сөздерді айтамыз. 

Еліктеуіш сөздердің қайталанған түрінің екінші сыңарындағы ашық  дауысты дыбыс қысаң дауысты еріндік 

дыбысқа айналып өзгерсе, ол сөздің тұлғасында туған осы өзгеріске байланысты мағынасында да сəл өзгеріс 

туады.  Басқа  сөздер  сияқты,  мағына  жағынан  бір-біріне  жақын,  синонимдес,  екі  түрлі  еліктеуіш  сөз 

қосарлана  береді.  Бұл  ерекшелікте  еліктеуіш  сөздердің  қосарлануына  тəн  қалыпты,  заңды  құбылыс.  

Еліктеуіш  сөздердің  түбіндегі  дауысты  дыбыстың  не  ашық  ,  не  қысаң  болуыда  сол  сөздердің  мағынасына 

əсер  етеді.  Мысалы:  есік  сарт  етіп  жабылды  жəне  есік  сырт  етіп  жабылды  деген  сөйлемдерде  құбылыс 

жағынан ешқандай айырма жоқ бола тұрса да, мағына жағынан бір-бірінен сəлде болса ерекшеленіп тұр. Ол 

ерекшелік:  сарт  жəне  сырт  деген  сөздердің  дауысты  дыбыстарына  ғана  байланысты,  демек,  сарт  етіп 

жабылғаннан  есіктің  қатты  жабылғаны,  яғни  құлаққа  естілетін  дыбыстың  қатты  шыққаны,  ал  сырт  етіп 

жабылғаннан  есіктің  дыбысы  ақырын  шыққаны  аңғарылады.  Ал  есіктің  қатты  я  ақырын  жабылғанын 

білдіріп тұрған нəрселер түбірлердің дауысты дыбыстарының я ашық , я қысаң болуына ғана байланысты. 

Екінші  сөзбен  айтқанда  еліктеу  сөздің  түбіріндегі  дауысты  дыбыс  ашық  болса,  құлаққа  келетін  табиғат 

дыбысыда қатты естіледі, қысаң болса, ақырын естіледі. Осыған сəйкес сол сөздің мағынасы да ажырайды. 

   Еліктеуіш сөздердің түбіріндегі дауысты дыбыстардың я жуан, я жіңішке болуыда сөздің мағынасына əсер 

етеді. Мысалы: шыңқ-шыңқ  етеді, шіңк-шіңк етеді дегендердің мағыналарында айырмашылық бар. Шіңк-

шіңк дегендегі дауысты дыбыстың жіңішке болуынан еліктеуіш сөздің мағынасы сəл өзгешерек болып тұр, 

демек, одан дыбыс əлсіз болатыны, соған сəйкес, лажсыздықтан ащы  келетіні аңғарылады.  Ауызекі тілде 

адамның  көңіл  күйіне,  эмоциялық  жайына  байланысты  еліктеуіш  сөздердің  кейбір  дыбыстарының 

айтылуында  ерекшкліктер  болады.  Ашық  дауысты  еліктеуіш  сөздердің  дауысты  дыбыстары  созылып 

айтылады, мысалы, сарт ете түсті дегенді саарт ете деп түбірдегі а дыбысын созып, ал қысаң болса, соңғы 

дауыссыз  дыбыс созылып айтылады, мысалы, тыз ете түсті, тырс ете   түсті деген сияқтыларды ауыз сөзде 

соңғы з,с,ж,р,ң дыбыстарын созып, мысалы, тызз, тырсс деп айтуға болады. Еліктеуіш сөздер ауызекі тілде, 

ауыз    əдебиетінде,  көркем  əдебиетте  өте  жие  қолданылады.    Сөйтіп,  еліктеуіш  сөздер  дегеніміз-өзіне  тəн 

лексика  –симантикалық  мағынасы,  морфологиялық  тұлға-тұрпаты  бар,  дара  түрлеріне  де,  қосарланған 

түрлеріне  декөптік,  тəуелдік,  септік,  жіктік  жалғаулары  тікелей  жалғанбайтын,  сөйлемде  əрқашан  сын-

қимыл  пысықтауыш  болатын  жəне  бастапқы  түбірлерінен  жұрнақтар  арқылы  туынды  есімдер  жəне 

етістіктер жасалатын сөздер. 


Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы
dmdocuments -> Айса байтабынов эпик жыршы
dmdocuments -> Мүхамбетқалиев С., Ахметов К.Ғ, Ғабдуллин Х. А. Байүлы мен Жетіру және Төре, Төлеңгіт
dmdocuments -> Көпбаева М. Р. ф.ғ. к., М. Әуезов атындағы Оңтүстік
dmdocuments -> Н. С. Тілеуханов
dmdocuments -> Т.ӘЛімқҰловтың «Қараой» ӘҢгімесіндегі махамбет тұЛҒасы акбулатова С. Б
dmdocuments -> Батыс қазақстандық КҮй дәСТҮрін әлемге мойындатқан қҰрманғазы рухы с. Ә. Күзембай
dmdocuments -> Кафедрасының отырысы шешімімен бекітілген. Педагогикалық жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған. Орал, 2011

жүктеу 0.88 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет