Педагогика факультеті Педагогика жəне психология кафедрасы



жүктеу 0.88 Mb.
Pdf просмотр
бет10/10
Дата30.03.2017
өлшемі0.88 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

      Студенттердің  өздік жұмысында берілген материалдар бойынша қосымша жинақталған  материалдарды, 

тақырып бойынша берілген арнайы тапсырмаларды (хабарлама, сызба кестелер, таблица, тест сұрақтары 



т.б.) талдау жəне қосымша практикалық жаттығуларды тексеру жұмыстары жүргізіледі.  

Қазіргі қазақ тілі бойынша СӨЖ кестесі 

 

№ 

Жұмыс түрі 

Орындау 

мерзімі 

Бақылау түрі 

Тапсыру 

уақыты 

Балл 

макс 

 



Қазіргі қазақ тілі фонетикасындағы 

өзекті мəселелер 

1 - апта 

 Ауызша əңгімелеу 

3-апта 

 

 



Шығыс тюркологтары, ұлы ғұламалар 

қазақ тілі жөнінде 

1-апта 

Реферат, схема - 

таблица 

3-апта 

 

 

 



Қазақ тіліндегі буын түрлері, буын 

құрамы. Буынның алмасуы мен 

жылысуы. 

2-апта 

Жаттығу 

жұмыстары 

2-3-апта 

 

 



Интонация жəне оның компонентері 

2-апта 

Реферат 

Схема - таблица 

4-5-апта 

 

 

 



Дауысты дыбыс əріптерінің емлесі    (2 

сағ) 

3-апта 

Жаттығу 

жұмыстары 

4-5-апта 

 

 



Ь,Ъ белгілерінің қолданылуы. Қосарлы 

дауыссыздардың емлесі 

3-апта 

Жаттығу 

жұмыстары 

6-апта 

 

 



Сингорманизм заңдылығы бойынша өз 

бетімен жұмыс жасау 

4-апта 

Жаттығу 

жұмыстары 

7-апта 

 

 



Омоним, синоним, антонимдердің 

стильдік реңктері, қолданылуы 

бойынша жұмыс. 

5-апта 

Тапсырмамен, 

сөздіктермен жұмыс. 

Лексикалық талдау 

7-8-апта 

 

 



Мақал – мəтелдер, олардың мəні (2 сағ) 

6-апта 

Тапсырмамен 

жұмыс.  

7-апта 

 

 

10 

Тілдің пассив лексикасы, оның түрлері, 

жасалу жолдары, ұқсастықтары мен 

6-апта 

Реферат 

Сөздікпен жұмыс, 

7-8-апта 

 

 

 

айырмашылықтары. 

жаттығула, схема 

таблицалар 

11 

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтармен 

жұмыс. 

8 - апта 

Ғылыми 

əдебиеттермен 

жұмыс. 

8 - апта 

 

 

12 

Жоспарда көрсетілген тақырып 

бойынша өз бетімен жұмыс. 

9-10 апта 

Ғылыми 

əдебиеттермен 

жұмыс; жаттығу, 

талдау жұмыстары 

9-10 апта 

 

 

13 

Грамматикалық категориялар бойынша 

өзіндік жұмыс. 

10 - апта 

Грамматикалық 

категориялардың 

ерекшелігіне сүйене 

отырып, схема – 

таблицалар жасау. 

10 – апта 

 

 

14 

2 – 4 класс бағдарламасында сөзжасам 

саласының, сөз таптарының көрінуі. 

8, 14 - апта 

Реферат. 

15 - апта 

 

 

15 

Грамматикалық талдау жаттығу 

жұмыстары. 

10-15 апта 

Грамматикалық 

талдау, жаттығулар 

10–15-апта 

 

 

 

11.   Курс бойынша жазба жұмыстарының тақырыптары (реферат, баяндама) 

1.  Шығыс тюркологтары: 

а) В. В. Радлов. , П. М. Мелиоранский. 

б) Қазақ  тілі білімінің негізін салушылардың бірі – Қ.Қ. Жұбанов. 

в) Қазақ  тілі білімінің реформаторы - А. Байтұрсынов. 

2.  Интонация жəне оның компоненттері. 

3.  Грамматиканың лексикологияның фонетика,  стилистикамен байланысы. 

4.  Шырай категориясының зерттелуі, ғалымдар көзқарастары, талас пікірлер. 

5.  Рай категориясының етістіктің категорияларына ара қатысы. 

6.  Күрделі сөздер жəне олардың түрлері. 

7.  Түрік изафеті жəне оның ерекшелігі.  

8.  Нөльдік форманың зерттелуі, ерекшелігі 

9.  Болымды  –  болымсыздық  категориясы  туралы  түсінік,  сөз  таптарындлағы  көрінісі  мен  олардың 

ерекшелігі. 

10.  Етістіктің шақ категориясын классификациялау мəселесі.   

11.  Сөзжасамның зерттелуі, қалыптасуы. 



12.  Оқу,  өндірістік  жəне  дипломалды  сараманды  өткізу  жөнінде  əдістемелік  нұсқаулар  жəне  есеп 

құжаттарының түрі (егер пəн бойынша қажет болса) жоспарланбаған. 

 

1-6 апталардағы тақырыптар бойынша тексеру сұрақтары.  

1.  Фонетика  қандай ғылым? 

2.  Ол қандай ғылым салаларымен байланысады? 

3.  Фонетика ғылымының зерттелу кезеңдері қандай? 

4.  Дыбыстау мүшелері, олардың тіл дыбыстарын жасаудағы қызметі қандай? 

5.  Тіл дыбыстары дегеніміз не? Олардың өзіне тəн белгілері қандай? 

6.  Фонема деген не? Дыбыс пен фонемалардың байланысы қандай? 

7.  Дауыссыз дыбыстар, олардың өзіне тəн белгілері, түрлері.  

8.  Дыбыс,үн, салдыр деген ұғымдардың бір- бірінен айырмашылығы қандай? 

9.  Дауысты дыбыстарды дауыссыздардан қалай, қай белгілері бойынша ажыратуға болады? 

10.  Дауыстылардың монофтонг, дифтонг болып бөіну себебі, олардың ерекшеліктері қандай? 

11.  Үндестік заңы деген не? 

12.  Қазақ тіліндегі дыбыстар үндесуі дегенді қалай түсінесіз? 

13.  Сингормонизм дегеніміз не? 

14.  Аккомодация дегеніміз не? 

15.  Ассимиляция деген не? Олар қандай орындарда кездеседі? 

16.  Орфография құрамы қандай бөлімдерден тұрады? 

17.  Орфографиядағы жазу принциптері қандай? 

18.  Фонетикалық принцип дегеніміз не? Мысалмен дəлелдеңіз. 

19.  Морфологиялық принцип дегеніміз не? Мысалмен дəлелдеңіз. 

20.  Тарихи –дəстүрлі принцип дегеніміз не? Мысалмен дəлелдеңіз. 

21.  Дұрыс сөйлеу нормасы деген не? 

22.  Лексикология қандай ғылым? Оның зерттеу объектісі не? 

23.  Лексиканың өзге ғылымдармен байланысы қандай? 

24.  Сөздің өзіне тəн қандай белгілері бар? 


25.  Семасиологияның негізгі объектісі не? 

26.  Сөздің мағынасына қарай қандай түрлері бар? 

27.  Сөздің лексикалық мағынасы дегенді қалай түсінесіз? 

28.  Ал грамматикалық мағынасы дегеніміз не? 

29.  Сөздер қандай жағдайда ауыспалы мағынаға ие болады? 

30.  Ауыспалы мағына қандай тəсілдер арқылы беріледі? 

31.  Метафора дегеніміз не? 

32.  Метонимия дегеніміз не? 

33.  Синекдоха дегеніміз не? 

34.  Омонимдерді көп мағыналы сөздерден айырудың қиындығы неде жəне оларды қандай белгілеріне 

қарап айыруға болады? 

35.  Омонимдер дегеніміз не? Омонимдік құбылыстарды атап, дəлелдеңіз.  

36.  Синонимдер дегеніміз не? 

37.  Синонимдік қатар дегенді қалай түсінесіз? 

38.  Қазақ тіліндегі антонимдер қалай жасалады? 

39.  Əдеби тіл лексикасының ерекшелігі неде? Оның қандай стильдік түрлерін білесіз? 

40.  Мақал –мəтел дегеніміз не? Оны тұрақты тіркестен қалай ажыратамыз? 

41.  Фразеологизмдердің өзіне тəн белгілері қандай? 

42.  Тұрақты тіркестің жасалу жолдары қандай? 

43.  Сөздік қор мен сөздік құрам дегеніміз не? 

44.  Сөздік құрамның тарихи арналары қандай? 

45.  Тілдің актив лексикасы дегеніміз не? 

46.  Актив лексикаға қандай сөздер жатады? 

47.  Тілдің пассив лексикасы дегеніміз не? 

48.  Пассив лексикаға қандай сөздер жатады? 

49.  Лексикография қандай ғылым? 

50.  Сөздіктердің қызметі қандай? 

51.  Əрбір сөздіктің ерекшелігі, құрылымы қандай? 



 

Емтиханға дайындық сұрақтары. 

1.  Қазіргі қазақ тілі фонетикасы. 

2.  Фонетиканың зерттейтін объектісі, зерттелу жайы. 

3.  Фонетиканың өзге ғылымдармен байланысы. 

4.  Тіл дыбыстары туралы ұғым. 

5.  Дыбыстау мүшелері, олардың қызметі. 

6.  Тіл дыбыстарының жасалу жолдары. 

7.  Дыбыс, фонема, əріп. 

8.  Вокализмдер, олардың өзіне тəн белгілері, жасалу жолдары, түрлері. 

9.  Жалаң жəне дифтонгонд дауыстылар. 

10.  Дауыссыздар, олардың өзіне тəн белгілері, жасалу жолдары, түрлері. 

11.  Дауыссыздардың түрлері. 

12.  Дауысты дыбыс əріптерінің емлесі. 

13.  Дауыссыз дыбыс əріптерінің емлесі. 

14.  Қосарлы дауыссыздардың емлелік ерекшеліктері. 

15.  Ъ, Ь белгілерінің қолданылуы. 

16.  Буын, түрлері, құрамы. 

17.  Буынның алмасуы, жылысуы. 

18.  Екпін, оның түрлері. Екпін қабылдамайтын қосымшалар. 

19.  Қазақ тіліндегі дыбыстар үндесуі. Дыбыс   үндестігі кездесетін орындар, түрлері. 

20.  Сингармонизм. 

21.  Аккомодация. 

22.  Ассимиляция. 

23.  Орфография мен орфоэпия. 

24.  Орфоографиядағы жазу принциптері, түрлері. 

25.  Тіліміздегі түрлі фонетикалық құбылыстар. 

26.  Қазіргі қазақ тілі лексикологиясы- пəні, оның зерттелуі. 

27.  Лексикология, оның тіл білімінің басқа салалармен байланысы. 

28.  Лексика туралы түсінік, сөзге тəн белгілер. 

29.  Сөздің лексикалық жəне грамматикалық мағынасы. 

30.  Семасиология,оның негізгі объектісі. 

31.  Сөз мағынасы туралы түсінік, сөз мағыналарын классификациялау. 

32.  Сөздің тура жəне ауыспалы мағынасы 

33.  Сөзді ауыспалы мағынада қолдану тəсілдері, өзіндік сипат беолгілері. 


34.  Полисемия. 

35.  Омонимдер.  Олардың жасалу жолдары, түрлері. Омонимдік құбылыстар. 

36.  Синонимдер. Синонимдік қатар. Синонимдердің стильдік реңктері. 

37.  Антонимдер. 

38.  Фразеология, оның негізгі объектісі, зерттелуі. 

39.  Фразеологизмдер, оған тəн белгілер, түрлері. 

40.  Мақал- мəтелдер, олардың ТСТ-нен айырмашылықтары. 

41.  Табу, эвфемизм, десфемизмдер.  

42.  Сөздік қор мен сөздік құрам. 

43.  Сөздік құрамның толығу жолдары. 

44.  Тілдің актив жəне пассиф лексикасы. 

45.  Кірме сөздер. 

46.  Неологизмдер, олардың жасалу жолдары. 

47.  Көнерген сөздер, түрлері. 

48.  Диалект сөздер, ерекшеліктері, зерттелуі 

49.  Кəсіби сөздер, олардың топталуы. 

50.  Терминдер, түрлері, жасалуы, өзіне тəн белгілері. 

51.  Қазіргі қазақ тілінің лексикографиясы 

52.  Сөдіктер, жасалу принциптері. 

53.  Сөдіктердің негізгі түрлері, өзіндік сипаттары, атқаратын қызметі. 

54.  Қазақ тілінің түркологиялық сөздігі 

55.  Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі 

56.  Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі 

57.  Қазақ тілінің синонимдер сөздігі 

58.  Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі 

59.  Сөздік құрамды байыту тəсілдері 

60.  Морфологиялық тəсіл 

61.  Сөз тудырудың лексика- семантикалық тəсілі. 

62.  Сөз тудырудың синтаксистік тəсілі. 

63.  Морфология синтетикалық тəсіл, түрлері 

64.  Синтаксистік аналитикалық тəсіл, түрлері. 

65.  Сөздің морфологиялық құрылымы. 

66.  .Жұрнақ , жалғау түрлері 

67.  Көптік категориясының берілуі. 

68.  .Көптік жалғаулар, ерекшелігі. 

69.  Сөз таптары туралы түсінік. 

70.  Сөзді таптастыру принцптері.. 

71.  Қазіргі қазақ тіліндегі сөз таптары. 

72.  Түрік изафеті жəне оның ерекшелігі.  

73.  Қазақ тіліндегі жақ категориясы 

74.  Жіктік жалғауларының ерекшелігі. 

75.  Нөльдік форманың зерттелуі, ерекшелігі 

76.  Зат есімнің категориялары жəне ерекшеліктері. 

77.  Септік категориясы оның ерекшелігі 

78.  Тəуелдік жəне көптік категориялары. 

79.  Зат есімнің жасалу жолдары. 

80.  Зат есімнің басқа сөз таптарынан ерекшелігі. 

81.  Сан есімнің түрлері, ерекшеліктері. 

82.  Сын есімнің жасалуы, ерекшелігі, түрлері. 

83.  Сын есімнің семантикалық сипаты. 

84.  Сын есімнің  құрылымдық түрлері. 

85.  Күрделі сөздер жəне олардың түрлері. 

86.  1/Қысқарған жəне қос сөздер, айырмашылықтары мен ұқсастықтары. 

87.  2/Біріккен жəне кіріккен сөздер олардың айырмашылықтары мен ерекшеліктері. 

88.  Сын есімнің шырай категориясы жəне түрлері 

89.  Шырай категориясының зерттелуі, ғалымдар көзқарастары, талас пікірлер. 

90.  Есімдік жасалуы, ерекшеліктері, синтаксистік қызметі. 

91.  Есімдік, прономиалдану процесі. 

92.  Есімдіктің түрлері, айырмашылықтары. 

93.  Етістік туралы түсінік. 

94.  Етістіктің есім сөздерден айырмашылығы. 

95.  Етістіктің морфологиялық сипаты. 

96.  Етістіктің категорияларына жалпы сипаттама, түрлері мен ерекшеліктері. 


97.  Болымды  –  болымсыздық  категориясы  туралы  түсінік,  сөз  таптарындлағы  көрінісі  мен  олардың 

ерекшелігі. 

98.  Салт – сабақтылық категориясы оның етіс категориясына қатысы. 

99.  Етіс категориясы туралы түсінік. 

100. Етістіктің етіс категориясының салт сабақтылық категориясына қатысы. 

 

Білімді бағалауға арналған материалдар (сұрақ, тестілер) үлгілері. 



Өзбетімен даярлануға арналған сұрақтар мен тестілер: 

1. Сөзді, сөздің тиісті бөлшектерін, олардың мағыналары мен қызметтерін қарастыратын ғылым? 

а) морфология     в) синтаксис    с) лексикология       д) грамматика 

2.Сөздің нақтылы лексикалық мағынасымен жарыса отырып, оны айқындай, саралай түсетін я сөйлемдегі 

басқа сөздермен қарым-қатынасқа  түсу нəтижесінде туатын жалпы мағынасы? 

а) грамматикалық мағына  в) лексикалық мағына        с) ауыспалы мағына     д) ішкі мағына. 

3. Мыналардың қайсысы грамматикалық тəсілге жатпайды? 

а) сөздердің қыстырма сөзбен айтылуы        с) сөздердің қосарлану тəсілі 

в) сөздерге қосымшалар қосылу тəсілі          д) сөздердің бірігу тəсілі. 

4. Синтетика деген грек сөзінің түп мағынасы? 

А) құрау, бірігу   в) жасау, құрастыру    с)өзгерту, ауыстыру         д) бөлу, айыру. 

5. Аналитикалық сөзінің мағынасы? 

а) талданған    в) бөлшектенген      с) құрастырылған       д) өзгертілген. 

6.Жалпы грамматикалық категориялар ішінара қандай категорияларға бөлінеді? 

 а) морфологиялық, синтаксистік      в) синтаксистік, грамматикалық    

 с) морфологиялық, лексикалық        д) грамматикалық, лексикалық 

7. Жеке сөздердің өзгерілуі арқылы туатын жалпы грамматикалық мағына 

а) морфологиялық категория             в) синтаксистік катнгория   

с) грамматикалық категория             д) лексикалық категория 

8. Тілдегі өзіне тəн грамматикалық формасы бар жалпы грамматикалық мағына? 

 а) грамматикалық категория            в) синтаксистік категория   

 с) лексикалық категория                  д) морфологиялық категория 

9. Морфологияның негізгі міндеті 

а) сөздің грамматикалық құрылысын тексеру      в) сөз мағыналарын зерттеу 

с) тіл дыбыстарын зерттеу                                      д) сөйлем мүшелерін зерттеу 

10 . Сөздің өзіне тəн мағынасы бар, ең ұсақ бөлшегі? 

а) морфема    в) түбір        с) жұрнақ                д) жалғау 

11. Морфема неше салаға бөлінеді? 

а) 2      в) 3         с) 4     д) 5 

12.Мағынасы мен қызметіне қарай, жұрнақтарды неше салаға бөлеміз? 

а) 2      в) 3         с) 4     д) 5 

13. Қазақ тілінің сөз тудыру жүйесі үлкен-үлкен негізгі екі саладан тұрады. Қандай салалар? 

а) морфологиялық, синтаксистік     в) синтаксистік, грамматикалық 

с) грамматикалық, морфология       д) синтаксистік, лексикалық  

14. Морфологиялық тəсіл дегеніміз ? 

а) түбір сөзге я туынды сөзге қосымшалар қосу ар қылы жаңа сөз тудыру тəсілі 

в) түбір сөздердің бірігуі, қосарлануы, тіркесуі арқылы сөз, тудыру  тəсілі  

с) түбір сөздердің қайталануы арқылы сөз тудыру тəсəлə 

д) түбірлердің өз ішінен өзгеріске түсу арқылы сөз тудыру тəсілі 

15. Заттану,  зат есімге  айналу дегеніміз 

а) субстантивтену    в) адъективтену        с) прономиналдану      д) адвербиалдану 

16. Вербалдану құбылысы  : 

а) етістікке айналу    в) сын есімге айналу    с) есімдікке айналу     д) үстеуге айналу 

17. Мыналардың қайсысы грамматикалық жолмен сөз тудыру тəсіліне жатпайды? 

а) аналитикалық  тəсіл                           с) синтаксистік тəсіл 

 в) морфологиялық тəсіл                        д) морфологиялық-синтаксистік тəсіл 

18. Төмендегілердің қайсысы күрделі сөзге жатпайды? 

а) туынды сөз   в) біріккен сөз    с) қос сөз     д) қысқарған сөз 

19. Мына сөздердің қайсысы түбірлес сөздерге жатпайды? 

а) көр, көрме, көзе             в) біл, білгір, білін 

с) айт, айтқыш, айтыс       д) сөз, сөзшең, сөздік 

20. Морфемаларға мүшеленбейтін, нақтылы бір зат я құбылыс жайындағы  немесе я əрекет жайындағы 

ұғымды білдіретін белгілі бір дыбысты я дыбыстық құрамды қалай атайды? 

а) түбір    в) сөз        с) сөз тіркесі            д) морфема 

21. Түрлі жұрнақтар арқылы негізгі түбірлерден өрбіген сөздер? 

а) туынды сөздер                     в) біріккен сөздер 



с) кіріккен сөздер                    д) күрделі сөздер 

22. Бір алуан сөздерге жаппай жалғаныла беретін жұрнақтар? 

а) тірі жұрнақтар         в) өлі жұрнақтар 

с) көне жұрнақтар       д) сөз тудырушы жұрнақтар 

23. Күрделі сөзге тəн  емес? 

а) сөз тудыру    в) тіркесу           с) қайталану           д) қосарлану 

24.Қос сөздерді екі түрге бөлген ғалым? 

а/ Ысқақов;    в/ Маманов;     с/ Сарыбаев;          д/ Сауранбаев. 

25. Компоненттері мағыналы қосарлама сөздер түріне жатпайды? 

а)  сыңарлары қайталанған қосарланған сөздер 

в) қайшы мəндес сыңарлардан қосарланған сөздер 

с) мəндес сыңарлардан қосарланған сөздер 

д) ұштас мəнді сыңарлардан қосарланған сөздер 

26. Компоненттері мағынасыз қосарлама сөздерді тап: 

а) абыр-сабыр, елең-алаң, ескі-құсқы. 

в) шек-қарын, қат-қабат, сауық-сайран 

с) сəн-салтанат, жата-жастана, шəк-шүбə 

д) аяқ-қол, арба-шана, ат-жөн 

27. Ысқақов қос сөздерді қандай топтарға бөледі? 

а) қайталама, қосарлама     в) біріккен, кіріккен       с) қысқарған, қосарлама      д)құрама, қайталама 

28. Кемінде екі сөздің тіркесінен жасалып, күрделі ойды білдіретін сөздер тобы. 

а) күрделі сөздер    в) қос сөздер     с)  біріккен сөздер      д) түбір сөздер 

29. Күрделі атау сөздер неше түрлі жолмен қысқарады? 

а)  4     в)  2    с)  5       д)  3 

30. Ықшамдау процесін түркологияға тұңғыш рет енгізген ғалым? 

а) В.А. Богородицкий     в) Н.Ф. Катанов           с) М.Қашғари           д) Г.И.Раметедт 

31. Сөздер семантикалық жəне морфологиялық белгілеріне қарай неше үлкен топқа бөлінеді? 

а) 3         в) 4         с) 2        д) 5 

32.Сөйлем мүшесі болмайтын одағай сөздің мағынасы? 

Жүрегім, ойбай, соқпа енді. 

Бүгінгі дос- ертең жау, мен не қылдым, япырау! 

а/ қапалану           в/ тамсану 

с/ өкіну                 д/ қуану 

33.Одағай сөз сөйлемінің басында келсе.... 

а/Алдынан сызықша немесе тырнақша қойылып, одан кейін үтір қойылады. 

в/Одан кейін үтір қойылады. 

с/екі жағынан үтір қойылады. 

д/Алдынан сызықша  немесе тырнақша қойылып, одан кейін нүкте қойылады. 

34.Адамның əр алуан көңіл-күйі мен əр қилы сезім райларын білдіру үшін қолданатын сөздер? 

а/ одағай сөздер;        в/ атаушы сөздер;   с/ көмекші сөздер;        д/ қос сөздер; 

35. Көңіл –күй одағайын табыңыз 

а/ Уа, шіркін, əн деп осыны айт. 

в/ Көп, тегі, сол кісінің атымен аталған ғой. 

с/ Тəйт, əке тұрып ұл сөйлемес болар. 

д/ Құрау- құрау,-деді шопан астауға су құя бере. 

36.Туынды еліктеу сөзді табыңыз 

а/ жылтың    в/ қыңқ    с/ тарс   д/ сылаң 

37.Еліктеуіш сөз қатысқан  сөйлемді табыңыз 

а/сол бір жабыр-жұбыр үн есіне түскенде əлі күнге миы зеңгіп қоя береді. 

в/ Сыртқы жылтырауық, қалтырауық жалған сұлулық көңілді арбап тұрды 

с/Туған жерді сүюге келгенде ақын шіркін алдына жан сала ма? 

д/ Арналы ауылынан қазақтың жері тұйықталады. 

38.Жылтырағанның бəрі сұлу емес, ең басты сұлулық-жан сұлулығы. 

Асты сызылған сөз қай сөз табынан  жасалған 

а/ еліктеуіш сөз    в/ етістік     с/ зат есім         д/ үстеу 

39.Туынды зат есімді тап: 

а/ киім, тарақ;      в/ баста, ақта;       с/ бас, көз;          д/ отыр, тұр; жүр 

40.Көптік  жалғаулы сөзді көрсетіңіз? 

а/ жүктер      в/ кептер         с/ дəптер            д/ сүттер 

 

12. Оқу сабақтарының бағдарламалық жəне мультмедийлік қамтамасыздандырылған. 



13. Арнаулы аудитория, кабинет жəне лабораториялар тізімі.  № 7 оқу ғимараты, 212 аудитория.  

 


 

 

 



 

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы
dmdocuments -> Айса байтабынов эпик жыршы
dmdocuments -> Мүхамбетқалиев С., Ахметов К.Ғ, Ғабдуллин Х. А. Байүлы мен Жетіру және Төре, Төлеңгіт
dmdocuments -> Көпбаева М. Р. ф.ғ. к., М. Әуезов атындағы Оңтүстік
dmdocuments -> Н. С. Тілеуханов
dmdocuments -> Т.ӘЛімқҰловтың «Қараой» ӘҢгімесіндегі махамбет тұЛҒасы акбулатова С. Б
dmdocuments -> Батыс қазақстандық КҮй дәСТҮрін әлемге мойындатқан қҰрманғазы рухы с. Ә. Күзембай
dmdocuments -> Кафедрасының отырысы шешімімен бекітілген. Педагогикалық жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған. Орал, 2011

жүктеу 0.88 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет