Педагогика факультеті Педагогика жəне психология кафедрасы «Балалар əдебиеті»



жүктеу 0.59 Mb.

бет4/7
Дата23.03.2017
өлшемі0.59 Mb.
1   2   3   4   5   6   7

Пайдаланылатын əдебиеттер :  

11. 


А.Байтұрсынов шығармалары 

12. 


М..Жұмабаев шығармалары 

13. 


Ж.Аймауытов шығармалары 

14. 


М.Дулатов шығармалары 

15. 


Ақшолақов Т.Көркем шығарманың эстетикалық талғамын таныту. А., 1975. 

16. 


Əуезов М. Əдебиет тарихы. Алматы, 1991. 

17. 


Бітібаева Қ. Əдебиетті тереңдетіп оқыту. – А., 2003. 

18. 


Қоңыратбав Ə. Қазақ əдебиетінің тарихы. Алматы, 1994 

19. 


Кенжебаев Б.ХХ ғасыр басындағы қазақ əдебиеті.-А., 1976. 

20. 


Ыбырайым Б. Сырлы əлем. (Қазіргі қазақ балалар прозасы.А., 1997.) 

 

9- дəріс 

Тақырып:  ХХ  ғасырдың  бас  кезіндегі  саяси  əлеуметтік  жағдай,  оның  қазақ    балалар 

əдебиетінің дамуына ықпалы. 



Дəріс  мазмұны:    С.Торайғыровтың,  С.Дөнентаевтың,  С.Көбеевтің  балаларға  арналған 

шығармалары, олардың идеялық мазмұны жəне тəрбиелік мəні. 

1893  жылы  28  қазанда  Омбы  уезі,  Шағырай  облысының  Қарауылшүбар 

ауылында туған. Өзі кедей, 1 жасында шешесі қайтыс балалы, 6 жасында əкесінен оқып, 

хат таниды. Ауыл молдасынан, Троицк, Семей қаласында білім алады. Ауыр азап пен көп 

қиыншылыққа  гөзген,  тұрмыс  өгейлігін  көп  көрген  болашақ  жас  ақын  ауру-  сырқау 

болады.  Бірақ  ол  мойымайды,  жарқын  болашақты  армандайды.  Сауат  ашу,  хат  тану 

барысында  өзінің  ана  тілін  қадірлейді,  жақсысын  мақтан  етеді."Сүйемін  "  деген  өлеңінде 

ана  тілін  құрметтеп,  сол  тілде  сөйлеу,  сауат  ашу,  жазу-  сызу  еп  қасиетті  норсс  деп 

бағалайды:  

Суйемін туған тілді- анам тілін,  

Бесікте жатқанымда берген білім.  

Шыр етіп жерге түскен минутымнан, 

 Құлағыма сіңірген таныс үнім.  

Сол тілмен шешем мені əлдилеген,  

Еркелеткен, құлыным, жаным деген.  

 

Сол тілменен бірінші білгізілген  



.  

.Ана" деген сүйгендік сөз Һам менен. 



 қалжақтап алып- қашып құрлы бөркін  

Сол тілменен ойнадым далада еркін  

Сол тілменен бірінші сыртқа шыққан  

Өмірден ен далада соққан көркін.  

Сол тілменен білгіздім тілегімді  

Бірінші сүйген жарға жүрегімді.  

Маған қарай тығылып, жаным деген,  

Мойнына апарғанда білегімді.  

Сол тілменен үйрендім нəрсе аттарын  

Сол тілменен əдепті мен жаттадым 

 Ең бірінші сол тілмен сыртқа шықты  

Сүйгенім, жек көргенім, ұнатқаным.  

С.ТораЙғыров  .Шығармын  тірі  болсам  адам  болып'  деген  өлеңінде  өз 

мақсатына,  болашағына  тек  оқу  арқылы  жететінін  айқын  суреттейді.  Бұл  өлеңде  "бұл 

өмірде надан боп жургенше көрде жатқан тыныш" дей келе өз өмірін оқуға арнайтынын 

баяндайды:  

Шығармын тірі болсам адам болып, 

Жүрмеймін бұл өмірде надан болып  

 

Жатқаным көрде тыныш жақсы емес пе?  



.  

Жүргенше бұл өмірде жаман болып.  

Мен- балаң, жарық күнде сəуле қуған  

Алуға қүнді барып белді буған  

Жұлдыз болып көрмеймін елдің бетін  

Болмасам толған айдай балқып туған.  



С.Көбеевтің балалар əдебиетіне қосқан үлесі. С.Көбеев Ы.Алтынсарин үлгісіндегі 

педагог жазушы. 0л ұстазына еліктеп ол ағартушылық идеясын педагогтік қызметі арқылы 

жүзеге асырды. Абай мен Ыбырай негізін салған қазақ əдебиетіндегі демокрагтык, 

ағартушылық идеяны əрі қарай жалғастырды жəне жаңа заманға лаііық дамытты. 

Спандияр 1878 ж 14 қазанда бұрынғы Торғай обл. Николай уезі, Обаған болысына 

қарасты N~3 ауылда туған. "Менен бұрын 5 баласы, u КЬПЫ бар ата-ана мен дуниеге 

келгенде сірə, қуана қоймаған болуы керек" жазушы естелігінде. Ес біліп, етек жапқан 

кезде анамыз: "Сен əрі СУЫН:, Эр1 қатты мұқтаждық көрген кезімізде туып едің" деуші еді. 

Əкесі Көбей мұсылманша хат таныған, қолөнерімен кун көрген адам. Ол балаларын оқыту 

жағын көбірек қарастырған. Анасы Айтбоз да өте қайратты жөне есті, ауылдың ортақ 

анасы сияқты қадірлі адам болған. Спандияр мектеп жасына жеткен кезде 

,,ЪІ.Алтынсарин мектеп ашты" деген хабар тарап, əкесі баласын осы мектепке 

орналастыруды армандаған, бірfК. мектеп ашу созылынкырап кетеді де, Көбей 9 жасар 

Спандиярды ескіше оқуға береді. 1887 ж Ыбырай мектебі ашылады да; ұлы ағартушының 

өз көмегімен сол мектепке орналасады. Оны 1892 ж бітіреді. Одан соң Қостанай 

қаласындағы екі класты орыс-қазақ мектебінде (1895-1897) оқиды.  

С.Көбеев  артына  көптеген  мұра  қалдырды.  Крылөвтан  аударма  жасап  1910  ж 

"Үлгілі тəржіма" деген атпен басып шығарады. Бұдан кейін өзінің ұстазы Ы.Алтынсарин 

мен  орыстың  атақты  педагогы  К.Д.УшинскиЙдін  үлгілері  бойынша  өзі  оқытып  жүрген 

балаларға арнап оқу кітабын жазады. Ол 1912 ж "Үлгілі бала" деген атпен басылады. Ал 

атақты "қалын мал" романы 1914 ж басылады.  

Спандиярдың Крьтовтан аударған "Үлгілі тəржіма" жинагында басылған мысал- 

өлеңдері  мыналар:  .Күйеу  таңдаған  сұлу  қыз",  "Маймыл  мен  айна",  .Қүмырсқа  мен 

шегіртке",  "Екі  соқа",  .Қаскыр  мен  кемпір",  Аю  мен  бөрене"  т.б.  Ақын  мысалдарының 



мағынасы терең, ойы ұшқыр. Мысалы, "Б үркіт пен көр тышқан" деген мысалында патша 

мен  бұқараны  сөз  етеді.  Патшаға  уəзірлеріңді  тыңдама,  бұқара  халықтың  үнін  тыңда 

дейді.  Сол  сияқты  "Жұрт  кеңесі"  деген  мысалында  арыстанның  қасқырға  қой 

баккызғанын  айтады.  Зорлықшыл,  жемқор  чиновникке  болысты,  өлкені  билетін  қойған 

патшалықты  мысқыл  етеді.  "Патша  сұраған  бақалар"деген  мысалда  бұрын  бақалардың 

патшасы  дөңбек  болады.Бақалар  оған  риза  болмайды,  жана  патша  сұрайды.  Жаңа  патша 

болып тырна келеді, ол келе бақаларды бытырлатып жей береді. Бақалар зар қағады, бірақ 

жаңа патша сұрауға батылдары бармайды. Бұдан да жаман келер деп, қалың сорға шыдай 

береді.  

С.Көбеевтің "Үлгілі бала" деген оқу кітабында балаларға мектеп, оқытушы, адам 

тіршілігі, қоғам  жөнінде  қысқа  əңгіме,  өлеңдер  берілген.  М:  "қайырымды  бала",  ,,Анасы 

мен немересі", "Əкесі  мен баласы", .Күстын ұясы", "Сауысқан мен қарға",  "Екі шыбын", 

"Балалар  мен  ғалым"  Т.б.  Кітапта  барлығы  алпысқа  жуық  əңгіме,  ертегі,  мысалдар, 

өлеңдер бар.  



Пайдаланылатын əдебиеттер :  

1. 


Ахметов Ш. Қазақ балалар əдебиеті. Алматы, 1974. 

2. 


 Ахметов Ш. Қазақ совет балалар əдебиеті. Алматы, 1976 

3. 


Ақшолақов Т.Көркем шығарманың эстетикалық талғамын таныту. А., 1975. 

4. 


Əуезов М. Əдебиет тарихы. Алматы, 1991. 

5. 


Бітібаева Қ. Əдебиетті тереңдетіп оқыту. – А., 2003. 

6. 


Қоңыратбав Ə. Қазақ əдебиетінің тарихы. Алматы, 1994 

7. 


Қазақ əдебиетінің тарихы. Т.ІІІ т. Алматы, 1967. 

8. 


Кенжбаев Б.ХХ ғасыр басындағы қазақ əдебиеті.-А., 1976. 

9. 


Сүйіншалиев Х. Қазақ əдебиетінің қалыптасу кезеңдері.-А., 1967. 

10. 


Ыбырайым Б. Сырлы əлем. (Қазіргі қазақ балалар прозасы.А., 1997.) 

 

10- дəріс 

Тақырып20-30 жылдардағы қазақ балалар əдебиетінің көрнекті өкілдері 

Дəріс  мазмұны:    С.Сейфуллин,  Б.Майлин,  І.Жансүгіров  шығармаларының  білімдік, 

дамытушылық, тəрбиелік сипаты.  

Сәкен  Сейфуллин  (1894-1938)  Ақмола  уезі,  Нілді  болысында  дүниеге  келген. 

Əкесі Сейфолла серілігі бар домбырашы, саятшы, сөзге шешен кісі екен де, анасы Жамал 

əңгіме, аңыз- ертекті көп білетін салиқалы ана болыпты. Жастайынан оқу- білімге көп ден 

қояды. Ақмолада, Омбыдағы мұғалімдер даярлайтын семинарияда оқиды. 1920 жылдары 

Сəкен  „Асау  тұлпар”,  „Домбыра”,  „Экспресс”  атты  өлеңдер  жинағы  мен  мемуарлық 

романы  „Тар  жол,  тайғақ  кешу”,  „Жер  қазғандар”,  „Бандыны  қуған  Хамит”  повестері, 

„Советстан”, „Қызыл ат”, „Көкшетау”, „Маузер” поэмаларын жазды. Қым қуат дүрбелең 

заман  шындығы  мен  романтикасын  көрсеткен  „Асығып  тез  аттандық”,  „Далада”,  „Кел, 

жігіттер”,  „Сағындым”,  „Қамаудан”,  „Біздің  жақта”,  „Қашқынның    аулы”,  „Жас  қазақ 

марсельезасы” т.б. əсерлі өлеңдері мен „Бақыт жолында” драмасын жазды.  

Сəкеннің балалар əдебиетіне қосқан үлесі. 

С.Сейфуллин балалардың сүйікті жазушысы. Оның Маузер (1929) Бандыны қуған Хамит 

(1922)  Бұлшық  ет  (1923)  Балалар  (1925)  Ананың  хаты  (1925)  деген  өлең-  əңгімелері 

балалардың сүйіп оқитын шығармалары. 

Бейімбет Майлин (1894- 1938)  бұрынғы Торғай облысы, Дамбар болысындағы, 

Ақтөбе  деген  жерде  дүниеге  келген.  Екі  жасында  əкеден  жетім  қалған  Бейімбет  бір 

байдың сауыншысы боп жүрген анасының қолында тəрбиеленеді. Жеті жасқа жеткен соң 

өзі де сол байдың қозысын бағады. Бейнет пен жоқшылықтың ащы дəмін ерте татқан жас 

бала кəрі əжесінің жылы құшағында бұйыға тербеліп отырып, оның: 

Өмірде көргенім күңдік, құлдық, 

Бұл жалғанда бар ма екен  біздей мұңдық? 


деген өлең- зарын жанымен ұғады.Əжесі көне жырларды көп білетін, өзі де аздап 

өлең шығаратын ақынжанды адам екен. Соның əсері болса керек, Бейімбет қаршадайынан 

өнерге құмартып, өлеңге əуестенеді.  

Б.Майлин  алғаш  рет  ауыл  молдасынан  сауат  ашып,  хат  таниды.Содан  соң  өзі 

есігінде  жүрген  бай  үйінде  тұратын  Əбдірахман  Сатыбалдин  деген  татар  мұғалімінен 

дəріс  алады.  Өз  бетінше  кітап  оқып,  көп  ізденеді.  1913-  1914  жж.  Троицкідегі  „Уазифа” 

медресесінде, оны бітірген соң Уфа қаласындағы „Ғалия” медресесінде оқиды. Сол жылы 

медресе  шəкірттерінің  əдеби  үйірмесіне  қатысып,  өзі  секілді  талапкер  жастармен  бірге 

„Садақ” атты қолжазба журнал шығарысады. Садақтың əрі редакторы, əрі белсенді авторы 

болған Бейімбет осы журналдың 1914 жылғы үш нөмірінде өзінің тырнақ алды прозалық 

туындысы „Шұғаның белгісін” жариялайды. 

Ілияс  Жансүгіров  (1894-1938)  Талдықорған  облысы,  Ақсу  ауданында  дүниеге 

келген.  Бала  жасынан  зерек  Ілияс  өлеңге,  өнерге  кішкентай күнінен құмар  болады.  Орта 

мектепті  бітірген  соң  Ташкентке  барып,  мұғалімдер  дайындайтын  қазақ-қырғыз 

институтына  түседі.  Одан  соң  Жетісуға  келіп,  мектепте  мұғалім  болады.  Жастардың 

сауатын  ашуды  алдына  міндет  етіп  қояды.  Оның  „Жастар”,  „Жалпы  жасқа”,  „Жас 

бұлбұлдар”,  „Жастар  ұраны”,  „Жазғытұрым”  т.б.  өлеңдері  өнер-  білімге  шақырады.  Ол 

қазақ  поэзиясының  ірі  ақыны,  проза,  драматургия  саласында  үлкен  еңбек  еткен 

жазушы.Балалар əдебиетінің іргетасын қалаушылардың бірі. Қазақ əдебиетін „Жолдастар” 

атты  роман,  „Кек”,  „Түркісіб”,  „Исатай-  Махамбет”  атты  пьесалармен  байытты,  „Дала”, 

„Күй”, „Күйші”, „Құлагер” сияқты классикалық поэмалар берді. 

Пайдаланылатын əдебиеттер :  

1. 


Ахметов Ш. Қазақ балалар əдебиеті. Алматы, 1974. 

2. 


 Ахметов Ш. Қазақ совет балалар əдебиеті. Алматы, 1976 

3. 


Ахметов З. Өлең – сөздің теориясы. - А., 1973. 

4. 


Ақшолақов Т.Көркем шығарманың эстетикалық талғамын таныту. А., 1975. 

5. 


Əуезов М. Əдебиет тарихы. Алматы, 1991. 

6. 


Бітібаева Қ. Əдебиетті тереңдетіп оқыту. – А., 2003. 

7. 


Қоңыратбав Ə. Қазақ əдебиетінің тарихы. Алматы, 1994 

8. 


Қазақ əдебиетінің тарихы. Т.ІІІ т. Алматы, 1967. 

9. 


Кенжебаев Б.ХХ ғасыр басындағы қазақ əдебиеті.-А., 1976. 

10. 


Сүйіншалиев Х. Қазақ əдебиетінің қалыптасу кезеңдері.-А., 1967. 

11. 


Ыбырайым Б. Сырлы əлем. (Қазіргі қазақ балалар прозасы.А., 1997.) 

12. 


Ергөбек Қ. ХХ ғ.басындағы əдебиет.А., 1994 

13. 


Сөз өнерінің сырлары. Əдебиеттану. Құраст:Дайыров Ə.,т.б.-А., 2003. 

 

11- дəріс 

ТақырыпСоғыс кезеңі мен онан кейінгі жылдардағы балалар əдебиеті. 

Дəріс  мазмұны:    М.Мəметова,  Ə.Молдағұлова,  Б.Момышұлы,  Т.Тоқтаров  т.б.  туралы 

шығармалардың бастауышта оқытылуы.  

1941 жылы 22 маусымда Ұлы Отан соғысы басталды. Совет халқы өзінің   барлық   

күш-жігерін   Отан   қорғауға   бағыттады.  Барлық азаматтармен бірге жазушыларымыз: 

Қ.Əбдіқадыров,  Т.Жароков,  Б.Бұлқышев,  Ə.Сəрсенбаев,  Ж.Саин  т.б.  майданға  аттанды. 

Сол  кезде  жасы  тоқсаннан  асқан  қарт  ақын  Жамбылдың  өзі  де  майданның  алдыңғы 

қатарындамын  деп  есептеді.  Оның  „Ленинградтық  өрендерім”  өлеңі  барлық  Совет 

Армиясына  үлкен  рух  беріп,  неміс  басқыншыларына  қатты  соққы  болып  тигені  əлемге 

аян.  

Отан  соғысы  жылдарында  балалар  əдебиетінің  негізгі тақырыптары  майдандағы 



ерлік  күрестер  мен  тылдағы  азаматтардың  қаһармандық  еңбектері  жайында  болды.  Ұлы 

Отан  соғысы  жылдарында  жазушылар  жасөспірімдерге  рухани  азық  боларлық,  олардың 

жігер  –  қайратын  шыңдай  түсетін  жақсы  шығармалар  берді.  Бұл  жөнінде  жас  жауынгер 

Б.Бұлқышевтің „Өмір мен өлім туралы”, „Шығыс ұлына хат” (1943) əңгімелерін ерекше 



атаймыз.  Баубектің  осы  əңгімелерінің  бəрінен  де  тауы  қайтпаған  жалынды  жастың 

Отанына беріле қызмет ету жайындағы патриоттық сезімдері, ерлік істері көрінеді. „Ұр да 

жық ақымақ фрицтер біздің жастығымызды, болашағымызды құртқысы келеді. Біз, əрине 

бере  алмаймыз  оны!  Өлерміз,  бірақ  бере  алмаспыз!  Бермейміз!”  дейді  Баубек  Бұлқышев 

„Өмір  мен  өлім  туралы”  əңгімесінде.  Олардың  Отан  қорғау  күресіндегі  көздеген  негізгі 

нысаналы мақсаттары да осы еді. Отан соғысы жылдарында балалар əдебиеті тақырыбына 

жазылған  шығармалар  нақтылы  оқиғаның  негізіне  құрылған.  Мұндай  шығармалар 

балаларға  оқиғасының  əрі  қызықты,  əрі  үрейлі  болуымен  əсер  етеді,  неміс  фашистерінің 

хайуандық,  опасыздық  істеріне  жандары  төзбей,  ашу,  ызаларын  төгеді.  Жағымды 

кейіпкерлерге жаны ашып, майданның алдыңғы шебіне кеткендегі оның тағдыры не болар 

екен  деп,  абыройлы  оралуына  тілектестік  білдіріп,  оқырманның  өзін  патриоттық  рух 

билеп отырады.  

Əбдіқадыров  Қалмақанның  „Жетім  құлын”  (1942),  Ғали  Ормановтың  „Бөбек 

жүрегі”  (1944)  деген  өлеңдерінде  майдан  өмірінің  аянышты  халдері  суреттелген.  Адам 

түгіл  қызыл  қанға  боялып  жатқан  туған  жердің  топырағы  да  тым  аянышты  болады. 

Қалмақан  „Жетім құлын”  өлеңінде  арбаға  жегіліп бара  жатқан  майдандағы  қос  жылқыға 

снаряд  түсіп  қирағанын,  соның  біреуінің  құлыны  өліп  жатқан  енесін  иіскеп,  шарқ  ұрып 

шауып, кісінеп жүргенін соншалық əсерлі суреттеген:  

Ой жануар, құлыншақ,  

Майданда аштың көзіңді.       

Туған жерді сен аңсап 

Шарқ ұрғаның сезілді. 

Көзіңді ашқан өрісің  

Қымбат болса сен үшін 

Туған жерім, қонысым, 

Арзан ба еді мен үшін! 

Шұрқыраған үніңе  

Елжірейді жүрегім. 

Сендей жетім елімде 

Аз емесін білемін 

Қырдан астың құтылдың 

Алдың – бейбіт өрісің! 

Мен окопта отырмын 

Зұлымдықтың кегі үшін.   

Қазақ балалар əдебиетінің дамуы тек өлеңдер мен əңгімелер, очерктер көлемінде 

шектеліп  қалған  жоқ. Ол  өзінің  жан  –  жақты  жанрлық табыстарымен  көбейді.  Балаларға 

арналып Отан соғысы тақырыбына көлемді шығармалардан повестер мен поэмалар шыға 

бастады.  Отан  соғысы  тақырыбынан  балаларға  арнап  бірінші  рет  повесть  жазған 

С.Бақбергенов  еді  де,  поэма  жазған  М.Хакімжанова  еді.  Екі  рет  батыр  атағын  алған 

Т.Бигельдиновтың  ерлік  өмірінен  жазылған  С.Бақбергеновтың  „Талғат”,  Жекен 

Жұмақановтың „Əлия Молдағұлова” атты повестері басылып шықта да, Совет Одағының 

Батыры  Мəншүк  Маметова  жайында  М.Хакімжанованың  „Мəншүк”  деген  поэмасы  1945 

жылы  жарияланды.  Одан  кейін  Əди  Шəріповтың  „Партизан  қызы”  атты  повесі  жарық 

көрді. 


Ақын  М.Хакімжанова  өзінің  балаға  деген  аналық  сүйіспеншілігін  ортаға  сала 

отырып,  үлкен  патриоттық  сезіммен  Мəншүк  туралы  адам  жанын  тебірентетін  поэма 

жазды. Поэманың алғашқы бетінде – ақ Мəншүктің сəбилік шағын суреттеген балдырған 

баланың əдемі, сүйкімді кескіні мен қызықты қылықтары көз алдыңа келеді: 

 

Қара шашы қара бұлтпен жуғандай, 



Қара қасы аймен егіз туғандай 

Желмен ойнап, желбіресе кекілі 



Күн шұғыласы маңдайында тұрғандай 

Тұнық көзі төңкеріле қараса 

Ұзын кірпік оқтай тізген жараса 

Қызыл лента желбірейтін төбеде, 

Толқындалған тұлымымен таласа-,  

деп балаға тəн барлық сипатты, оның барлық мінез - өзгешеліктеріне дейін, тіпті көбелек 

қуып, мəз – мейрам болған күйіне дейін суреттейді. Поэманың барлық желісінен ана мен 

бала  арасындағы  өмір  байланысы  көрініп,  Отан  алдындағы  азаматтық  борыштары, 

идеялық  мақсаттары  сөз  болып  отырады.  Кəмелеттікке  жаңа  жеткен  майдандағы  қыз 

баланың дүниені таң қалдырған əрбір ерлік істері біздің өрендеріміздің патриоттық рухын 

көтеріп,  өздерін  де  Отан  алдында  Мəншүктей  қызмет  етуге  əрқашан  əзір  болуға 

тəрбиелейді.  М.Хакімжанованың  „Мəншүк”  атты  поэмасы  балалар  əдебиеті  мұрасына 

қосылған үлкен үлес. 

Майдан  тақырыбына  жазылған  шығармалар  əр  –  алуан.  Олардың  бəрінде  де 

қайсарлықтың  уыттары  көрініп  отырады.  Бірінде  атқыштар,  пулеметчиктер  болса,  енді 

бірқатары  партизандар  өмірін  қамтиды,  біреулері  танкистердің  ерлік  істерін  сипаттаса, 

тағы бірі ұшқыштардың қайсарлығын əсерлі суреттейді. Осының бəрі де жас буындардың 

жігерін  шыңдайды.  Отан  соғысы  жылдарында  жазылған  балалар  əдебиеті  өзінің  идеясы 

жағынан да, көркемдігі жағынан да бұрынғысынан əлдеқайда нығайып, өсе түсті.

       


Пайдаланылатын əдебиеттер :  

1. 


Ахметов Ш. Қазақ балалар əдебиеті. Алматы, 1974. 

2. 


Ахметов Ш. Қазақ совет балалар əдебиеті. Алматы, 1976 

3. 


Ахметов З. Өлең – сөздің теориясы. - А., 1973. 

4. 


Ақшолақов Т.Көркем шығарманың эстетикалық талғамын таныту. А., 1975. 

5. 


Əуезов М. Əдебиет тарихы. Алматы, 1991. 

6. 


Бітібаева Қ. Əдебиетті тереңдетіп оқыту. – А., 2003. 

7. 


Қоңыратбав Ə. Қазақ əдебиетінің тарихы. Алматы, 1994 

8. 


Қазақ əдебиетінің тарихы. Т.ІІІ т. Алматы, 1967. 

9. 


Кенжебаев Б.ХХ ғасыр басындағы қазақ əдебиеті.-А., 1976. 

10. 


Сүйіншалиев Х. Қазақ əдебиетінің қалыптасу кезеңдері.-А., 1967. 

11. 


Ыбырайым Б. Сырлы əлем. (Қазіргі қазақ балалар прозасы.А., 1997.) 

12. 


Ергөбек Қ. ХХ ғ.басындағы əдебиет.А., 1994 

13. 


Сөз өнерінің сырлары. Əдебиеттану. Құраст:Дайыров Ə.,т.б.-А., 2003. 

 

12- дəріс 

Тақырып: М.Əуезов өмірі, балаларға арналған шығармалары. 

Дəріс мазмұны:  М.Əуезовтың балалар əдебиетіне салған жаңа бағыты. 

 

 



Пайдаланылатын əдебиеттер :  

1. 


Ахметов Ш. Қазақ балалар əдебиеті. Алматы, 1974. 

2. 


Ахметов Ш. Қазақ совет балалар əдебиеті. Алматы, 1976 

3. 


Ахметов З. Өлең – сөздің теориясы. - А., 1973. 

4. 


Ақшолақов Т.Көркем шығарманың эстетикалық талғамын таныту. А., 1975. 

5. 


Əуезов М. Əдебиет тарихы. Алматы, 1991. 

6. 


Бітібаева Қ. Əдебиетті тереңдетіп оқыту. – А., 2003. 

7. 


Қоңыратбав Ə. Қазақ əдебиетінің тарихы. Алматы, 1994 

8. 


Қазақ əдебиетінің тарихы. Т.ІІІ т. Алматы, 1967. 

9. 


Кенжебаев Б.ХХ ғасыр басындағы қазақ əдебиеті.-А., 1976. 

10. 


Сүйіншалиев Х. Қазақ əдебиетінің қалыптасу кезеңдері.-А., 1967. 

11. 


Ыбырайым Б. Сырлы əлем. (Қазіргі қазақ балалар прозасы.А., 1997.) 

12. 


Ергөбек Қ. ХХ ғ.басындағы əдебиет.А., 1994 

13. 

Сөз өнерінің сырлары. Əдебиеттану. Құраст:Дайыров Ə.,т.б.-А., 2003. 



 

13- дəріс 

Тақырып: С.Бегалин- балалар жазушысы. 

Дəріс  мазмұны:    «Сəтжан»,  «Бала  Шоқан»,  «Көксегеннің  көргендері»    шығармаларының 

тəрбиелік мəні, тілінің көркемдігі. 

Қазіргі  кезде  қазақ  балалар  əдебиетінің  аға  жазушысы  кім  десе,  алдымен 

Сапарғали  Бегалинді  атауға  болады.  Өйткені  ол-  балалар  əдебиетінде  əңгіме  жанрын 

дамытқан, соның тамаша үлгілерін көрсеткен жазушы. С.Бегалиннің балаларға арналған: 

„Қыран кегі” (1944), „Көксегеннің көргендері” (1947), „Тұңғыш” (1948), „Сəтжан” (1950), 

„Ермектің  алмасы”  (1951),  „Көк  бұтақ”  (1953),  „Ұрпақ”  (1954),  „Бақыт”  (1956)  деген 

шығармалары өз алдына жеке кітап болып басылды.  

С.Бегалиннің балаларға арнап жазған отыздан аса көлемді əңгімелері бар. Соның 

бəрін жинақтап, тақырыбы мен көтерген мəселесіне қарай бес топқа бөлуге болады.  



1.  „Сəтжан”,  „Көксегеннің  көргендері”,  „Бала  мерген”,  „Алданған  жолбарыс” 

деген əңгімелері. Мұның бəрі негізінен аңшылыққа арналған.  



2.  „Шопан  даңқы”  (1947),  „Төл  басылар”  (1947),  „Сұрапылда”  (1946),  „Керкиік” 

(1952), „Будан” (1949), „Қозышы Нұрман” (1952), „Жылқышы” (1945) деген əңгімелерінде 

мектеп  балалары  өз  оқуын  мал  шаруашылығымен  тығыз  байланыстыра  жүріп,  өмір 

танығанын  көрсетеді.  „Малдың  тілін  баққан  біледі,  отынның  тілін  жаққан  біледі”  деген 

сөздің төркіні неге байланысты туғанын жазушы мал шаруашылығына арналған бірнеше 

əңгімелері  арқылы  суреттей  келіп,  тəжірибелі  шопандардың  жұмысын  жасөспірімдерге 

үлгі етіп ұсынады.  

3.  С.Бегалиннің  балалар  əдебиеті  саласында  көтерген  үшінші  күрделі  тақырыбы 

Мичуриндік агробиология ғылымын насихаттайтын əңгімелері. Бұған „Жас бұтақ” (1950), 

„Қант  бұршақ”  (1954),  „Есеннің  кірпісі”  (1951),  „Хат”  (1957),  „Мектеп  бағында”  (1950) 

деген  əңгімелері  жатады.  Мұнда  жолдастық,  достық  мəселесі  де  елеулі  орын  алады.  М. 

„Жас  бұтақ”  деген  əңгімесіндегі  Жұмақанның  апорт  алмасын  өсіріп,  оның  жемісін 

Артекте  достасқан  жолдастарына  жіберуі  немесе  „Қант  бұршақ”  атты  əңгімедегі 

Зуфардың  Артектегі  жолдастары  арқылы  алдырған  қант  бұршақ  ұрығын  Қазақстанда 

өсіріп,  оның  жемісін  алуы  –  балалар  үшін  аса  қызық.  Өйткені  олар  өздері  істеген 

жұмысының жемісін көргеніне қуанады. Жсаөспірімдердің арасында достық, ынтымақтың 

өзі  осындай  игі  істердің  арқасында  ғана  басталып  кететінін  жəне  мұндай  достық  – 

мызғымайтын берік достыққа айналатынын жазушы дəлел ете суреттейді. 



1   2   3   4   5   6   7


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал