Педагогика факультеті Педагогика жəне психология кафедрасы «Балалар əдебиеті»



жүктеу 0.59 Mb.

бет3/7
Дата23.03.2017
өлшемі0.59 Mb.
1   2   3   4   5   6   7

Пайдаланылатын əдебиеттер :  

9. 


Ахметов Ш. Қазақ балалар əдебиеті. Алматы, 1974. 

10.  Əуезов М. Əдебиет тарихы. Алматы, 1991. 

11.  Батырлар жырлары. Алматы, 1986. 

12.  Ғабдуллин М. Қазақ халқының ауыз əдебиеті. Алматы, 1974. 

13.  Қоңыратбав Ə. Қазақ əдебиетінің тарихы. Алматы, 1994 

14.  Қазақ əдебиетінің тарихы. Т.ІІІ т. Алматы, 1967. 

15.  Ертегілер. Қазақ халық əдебиеті көп томдық.-А., 1958. 

16.  Садырбаев С. Қазақ халқының ауыз əдебиеті.-А., 1977. 



6- дəріс 

Тақырып:  Халық ауыз əдебиеті үлгілері бала тəрбиесінің құралы ретінде. 

Дəріс  мазмұны:  1.  Жыраулық  поэзиядағы  балалар  əдебиетіне  тəн  үлгілер.  Асан  Қайғы, 

Бұқар жырларының тарихи сипаты, тəрбиелік мəні. 

Асан  қайғы  жырау.  ХУ  ғасырдағы  қазақ  ақын  -  жырауларының  көрнекті  көш  басшысы 

Асан қайғы Сəбитұлы. Оның өлеңдері мен өсиет сөздерінен халық қамын жеген ақылгөй, 

қамқоршы  болғандығы  байқалады.  Кейінгі  ұрпақ  əулие  танып,  аты  аңызға  айналған 

Шоқан  Уалиханов  "Көшпелілер  философы"  атаған  Асан  өз  заманының  улкен  ойшылы 



болған.  Ел  қамын  көп  ойлап,  көп  толғанған  қарт  жырау  өзінің  толғау  жырларында  не 

жақсы,  не  жаман,  не  ғаріп  деген  мəселелер  төңірегінде  ой  толғап,  замана  жайында 

философиялық  пікірлерің  сарапқа  салады.  Жырау  халық  мақалында  айтылатын 

.Лындаушысыз  сөз  ғаріп",  «Замацдассыз  қария  ғаріп",  "қаз,  үйрексіз  көл  ғаріп"  деген  ой 

пікірлерді термелей келеді де:  

 

Муритін тауып алмаса  



Өз қолында болмаса  

 

Азғын болса пір ғаріп...  



қанша жақсы болса да  

 

Ата жұрты бұқара  



қайратты туған ер ғаріп, -  

деп  ел  басқарар  көсемнің  азғын  болмай,  əділ  болуын,  қол  бастаған  батырдың  соңынан 

ертер  сарбазы  -  қалың  қолы  -  халқы  болуын  қалайды.  Олардың  халықтан  қол  узбеуін, 

көпке арқа сүйеуі керектігін айта келе:  

 

Арғымаққа міндім деп,  



Fылымым жұрттан асты деп,  

 

Артқы топтпн адаспа.  



Кеңессіз сөз бастама.  

 

Күнінде өзім болдым деп,  



Жеңемін деп біреуді  

 

Кең пейілге таласпа.  



Өтірік сөзбен қостама, -  

деп  "Ұлық  болсаң,  кішік  бол",  .Көптен  қол  узбе,  асып,  таспа,  көпке  топырақ  шашпа, 

қандай  іс  қылсаң  да  көппен  кеңес"  деген  пікірді  уағыздайды.  Ел  қорғаушы  азаматтың 

бойында қандай адамгершілік қасиеттің болуын қалаған Асан қайғы:  

Еділ бол да, Жайық бол,  

 

Ешкім менен ұрыспа,  



Алдына келіп қалған соң,  

 

Жолдасыңа жау тисе,  



қол қусырып барған соң,  

 

Жаныңды аяп тұрыспа.  



Аса кеш те, қоя бер  

 

Ердің құны болса да,  



Бұрынғыны қуыспа, -  

деп көпшіл бол, кешірімді бол, достықты бағалай біл деген үгіт, насихат айтады. Жатса - 

тұрса халық қамын жеген, халықты берекелі бірлікке,  

достыққа шақырып, сөз маржанын тізбектеп, терең ойды топшылап өткен Асан қайғы 

жырау:  

 

Таза мінсіз асыл сөз  



Ой түбінде жатқан сөз  

 

Ой түбінде жатады...  



Шер толқытса шығады, -  

деп  көңілдегі  көрікті  ойдың  адам  сезімімен,  көңіл  -  күймен  байланысты  туатынына 

философиялық  топшылау  жасайды.  Халық  қамын  жеуді,  əзəзілдің  сөзіне  ермеуді, 

құлқынның құлы болмауды адамгершіліктің үлкен парызы деп ұққан жырау:  

 

... Адам əзіз айтар деп  



Нəпсі алдаушы душпанның  

 

Көңіліңді салмағыл.  



Насихатын алмағыл, -  

деп .Атаның баласы болма, адамның баласы бол", "Көпке қызмет ет, халық қамын ойлар 

азамат  бол"  деген  ұлағатты  өсиетті  насихаттайды.  "Ел  қамын  жеуші  ақылды  азаматты 

қарадан  шықса  да  қадірле".  "Кісіге  қарап  сөзін  алма,  сөзіне  қарап  өзін  ал"  деп  ақыл 

айтады.  

ХУІІІ ғасырдың бірінші жартысында өмір сүрген, философиялық -дидактикалық 

толғауларымен ерекше көзге түскен Бұқар жырау ҚалқаманұЛbl (1688-1781) Ол арабша 

өте  сауатты  адам  болған.  Ел  билеу  ісіне  белсене  араласқан.  Абылай  ханның  ақылшысы, 

қабырғалы билерінің бірі. Заманның аумалы- 'төкпелі болып келуін Бұқар заңды құбылыс 

деп  санаған.  Ол  қазақтың  үш  жүзінің  басы  қосылып,  бір  орталыққа  бағынған  күшті 

мемлекет  болуын  аңсаған.  Сондықтан  Абылайды  осы  арманды  жүзеге  асырушы  деп 

есептеп, хандық үкіметтің берік болуы 'жолында бар ақылкеңесін аямайды. Ол Абылай . 



ханның халқы алдындағы рөлін дұрыс бағалайды.  

 

Жан біткен еріп соңынан  



Жусатып тағы өргізіп,  

 

Он сан алаш баласын,  



Жұмсап бір тұрсаң қолыннан-  

Аузыңа құдай қаратып,  

деп, жетім мен жесірге ешбір жамандық қылмадьщ, елдің келешегі бірлікте, бейбіт өмір 

сүруде, көрші елдермен достық қарым- қатынас жасауда да көрегендік көрсеттің дейді.  

Жыраудың өлеңдерінде ел берекесі, халық мүддесі көп сөз болады. М:  

"Тілек" атты өлеңінде шапқыншылыққа ұшырап, қыздың күң, ұлдың құл болуынан, алған 

жардың жесір қалуынан құдай сақтасын деген тілек білдіреді.  

Хан мен халықтың арасын жалғастырып, кейде асып-тасып кететін  

Абылайға ақыл айтып, кеңес берген Бұқар:  

 

Ханның жақсы болмағы  



Алтыннан болар белдігі.  

 

қарашының елдігі,  



Жақсы жігіт ұл туса  

 

Қарашы халық сыйласа  



Патшадан болмас кемдігі,-  

деп ханның ісі халықпен, жақсы туса елдің ырысы, ақылды басшы халықтан  

қол үзбеуі керек дегенді жетесіне жеткізе айтады.  

.  


Бұқардың  көптеген  жырлары  отбасылық  қарым-  қатынас,  адамгершілік  мəселелеріне 

арналған.  Ол  адам  өмірінің  əр  кезеңін  суреттей  келе,  ақыл  мен  қажыр  тасыған  жастық 

шаққа ерекше тоқталады:  

 

Күлдір- күлдір кісінетіп,  



Сұлуды құшқан жиырма бес  

 

Күреңді мінген жиырма бес  



Іздесең де табылмас,-  

Күрек тісін қасқайтып,  



Пайдаланылатын əдебиеттер :  

12. 


Ахметов Ш. Қазақ балалар əдебиеті. Алматы, 1974. 

13. 


Ахметов Ш. Қазақ совет балалар əдебиеті. Алматы, 1976 

14. 


Əуезов М. Əдебиет тарихы. Алматы, 1991. 

15. 


Ғабдуллин М. Қазақ халқының ауыз əдебиеті. Алматы, 1974. 

16. 


Қоңыратбав Ə. Қазақ əдебиетінің тарихы. Алматы, 1994 

17. 


Сүйіншалиев Х. ХІХ ғасыр əдебиеті. Алматы, 1992.  

18. 


Қазақ əдебиетінің тарихы. Т.ІІІ т. Алматы, 1967. 

19. 


Айтыс І том, А., 1965. 

20. 


Айтыс ІІ том, А.,1966. 

21. 


Айтыс ІІІ том, А., 1956. 

22. 


Бес ғасыр жырлайды. –А.,1991. 

 

7- дəріс 

Тақырып: ХІХ ғасырдың І-ІІ жартысындағы саяси əлеуметтік жағдай, оның қазақ  балалар 

əдебиетінің дамуына ықпалы. 



Дəріс мазмұны: М.Өтемісұлының патриоттық өлеңдері 

Қазақтың ардагер ақыны Махамбеттің өмір жолы халық тарихынын елеулі 

кезеңдерімен тығыз байланысты.  

Қазақстанның  батыс  аймағында  он  төрт  жылға  созылған  (1783-1797)  С.Датүлы 

бастаған  көтерілістен  кейін  ел  ішінде  феодалдық  езгі  үлгая  түсті.  Сұлтандар  мен  патша 

укіметінің  əскерлері  елді  тонауды  көбейтті.  Мұндай  қанау  мен  езгі  жəне  1795-1796 

жылдардағы  жұт  əсерінен  мал  саны  күрт  азайып,  бұқара  күйзеле  бастады.Шаруалар  мал 

жаюға  қолайлы  жсрлерді  көкседі. қанауға  ұшыраған  халық  азаттық үшін  куреске  ашына 

кірісті. Осы күрестің басшысы Исатай болса, оның жауынгер жаршысы Махамбет болды.  


Ақын:  

  

Жауды көріп қуанған  

Мен- Өгемістің баласы  

Махамбет атты батырмын,- деп өзін таныстыра келеді де, 

                Хан ұлына қас болу,  

 

қара ұлына бас болу  



.  

Мендей  ерге  жөн  екен!-  дейді.  Күндіз-түні  жорықта  жүру,  аштыққа,  шөлге, 

ұйқыға  мойымау,  ел-жұртың,  туған  халқың  үшін  қандай  қиыншылыққа  болса'  да  төзе 

білсең  ғана  шын  мəніндегі  ер-азаматсың,-  деп  жастарды  патриоттық  сезімге  'баулиды. 

Өзінің  "Желден  де  желгір  ақ  бөкен'  атты  өлеңінде  құралайына  қарайлап  өзін  оққа 

байлайтын ақ бөкепді, қыран бүркіттің де шөжеге керек жем үшін жанын пида етіп торға 

түсетінін  айта  келе,  "туып-өскен  жері  үшін,  жалаулы  найза  қолға  алып,  жарақты  жауды 

тоқтатып,  елі  үшін  құрбан  болған  ердің  арманы  жоқ"  деген  ой-пікірді  былайша 

жырлайды:     

 

Толарсақтан саз кешіп,  



қабырғасын қаусатып.  

 

Тоқтамай тартып шығуға  



Бір-біріндеп сөксе де  

 

қас үлектен туған кəтепті  



қабағын шытпас ер керек  

 

қара нар керек біздің бұл іске.  



Біздің бүйткен бұл іске.  

Махамбет  күрес  барысында  халқы  ушін  қалтқысыз  қимылдайтын  ер  журек, 

батыр  адамдармен  қатар  тек  өз  басының  қамын  ойлап,  жолдастарына  опасыздық  еткен 

адамдардың  психологиясын  алдыңғысына  қарама-қарсы  қойып,  біріншісін  жұртқа  үлгі 

етсе, екіншісінен халықты жнрендіреді.  

 

Жақсыменен дос болсаң,  



Айрылмас күні қос болсаң,  

 

Айрылмас күні қос болсаң,  



Басыңа қиын іс түссе  

 

Басыңа қиын іс туссе  



Басқа кетер бөлек леп  

 

Алдыңнан шығар елеңдеп,  



қолдан берер есептеп  

 

Жаныңа не керек деп...  



Сыртынан жүрер өсектен.  

Жаманменен дос болсаң,  

Жақсы дос сенің намысыңды қорғайды, қолынан келген жердемін аямайды, қиын 

cəтrepдe қол ұшын беріп, сен ушін жанын беруге де өзір тұрады, жақсы дос-жанашыр, 

қамқоршы.Ақын осылайша нағыз достыктын белгісі қандай екенін ашып көрсетіп, жас 

жеткіншектерге жолдастық пен достықты ерекше қастерлейтін адамдардан улгі алу 

қажетrігін айтады. АТа жаумен кескілескен сұрапыл соғыста журегі тітіркеніп, қорқу 

дегсилі білмейтін, ерлік пен батырлықтың символы Исатай батырдьщ бейнесіп жастарға 

улгі етеді.Елім деп еңіреп туған Исатайдай ерлерді ерекше дəріптейді.  

Жастарды тəрбиелеудің келесі бір жолы- оларды жаман адамнап  

жирендіру. Осы айтылғанға орай Махамбет былай дейді:  

Жаманды байқап қарасаң Күндердің 

күні болғанда Өз басына өзі жау.  

Жаман  адамның  өз  басына  жау  болатын  себебі  ол  істі  ойланбай  істейді  де, 

мұнысын  өзімен  қатар  өзгелерге  де  опық  жегізеді.  Біреудін  еңбегін  пайдалануды,  даяр 

асқа ие бола кетуді əдетке айналдырады.  

Жас жеткіншекгерді патриотrық рухта тəрбиелеуде, оларды халқына адал қызмет 

етуге  баулуда  Махамбет  өлеңдерінің  маңызы  ерекше.  Бала  психологиясына  тəн  басты 

ерекшелік-  олардың  ерлікті  дəріптейтін  шығармаларға  өте  əуес  келетіндігі.  Өйткені 

мұндай шығармаларда адамға ерік-жігер, күш- қайрат беретін өнегелі сөздер көп болады. 

Бала  мұндағы  жігерлі  адамдарды  өздеріне  идеал  етіп  алады.  Ел  мүддесін  ерекше 

кастерлейтін  адамға  туған  халқын,  ақ  сүтін  беріп  əлпештеген  жұртын  қорғаудан  артық 

зор бақыт жоқ. Махамбет ақын осы мөселсге жастардың назарын ерекше аударады.  

 

Арманы бар ма жігітrің,  



Жалаулы найза қолға алып,  

 

Қапылыста тап берген,  



Қолақпандай қомданып,  

 

Тайталасты жауымен  



Жау тоқтатып айкаста  

 

Туып-өскен жері ушін  

құрбан болса ел үшін.  

Жастарды патриоттыққа, елін-жұртын, туған халқын жан- тəнімен сүю  

рухында  тəрбиелеу-  Махамбет  өлеңдерінің  өзекті  тақырыбы.  Осы  айт  қанды  паш  ететін 

улгі-өнегеге  негізделген  өлең  жолдары  кейіннен  афоризмге  айналып  кеткен.  м:  Асыл 

ердің  баласы  көзін  салар  қияға,  Ажалдан  бүрын  өлмессің,  жалаңаш  бар  да  жауға  ти! 

Ханнан  қырық  туғанша,  қаралан  бір-ақ  тусайшы,  Халық  кегін  қусайшы,-  деп  келетін, 

кейіннен халық аузында мəтелге айналған қысқа да болса нұсқа аталы сөздер жас буынға 

ерік-жігер,  қажырқайрат,  yытrы  сезім  беретін  өнегелі  өсиет  боларлықтай  құдіретті  сөз 

тіркестері.  

Ақын тұжырым- түйіндерінің бəрін негізінен жастарға бағыштап,  оларды ерлікке, 

атамекенді қастерлеуге, намысты болуға шақырған.  

Махамбетrің  осынау  айтқандарының  қазіргі  жастар  тəрбиесі  ушін  де  мацызы  зор.  Бізге 

ұлтжанды,  халқының  ар-намысын  қызғыштай  қорғайтын,  ел-жұрты  ушін  жанын  пида 

ететін жандар, егемендік пен тəуелсіздікке ие болып жатқаи тұста аса қажет екеНДІГІ хақ.  



Пайдаланылатын əдебиеттер :  

16. 


Ахметов Ш. Қазақ балалар əдебиеті. Алматы, 1974. 

17. 


 Ахметов Ш. Қазақ совет балалар əдебиеті. Алматы, 1976 

18. 

Сүйіншалиев Х. ХІХ ғасыр əдебиеті. Алматы, 1992. 

19. 

Ақшолақов Т.Көркем шығарманың эстетикалық талғамын таныту. А., 1975. 



20. 

Аманшин Б. Махамбеттің тағдыры. – А., 1991. 

21. 

Əуезов М. Əдебиет тарихы. Алматы, 1991. 



22. 

Бітібаева Қ. Абай шығармаларын оқыту. –А., 2003. 

23. 

Бітібаева Қ. Əдебиетті тереңдетіп оқыту. – А., 2003. 



24. 

Қоңыратбав Ə. Қазақ əдебиетінің тарихы. Алматы, 1994 

25. 

Қазақ əдебиетінің тарихы. Т.ІІІ т. Алматы, 1967. 



26. 

Құнанбаев А. Шығармалары. 2томдық. –А., 1986. 

27. 

Кенжбаев Б.ХХ ғасыр басындағы қазақ əдебиеті.-А., 1976. 



28. 

Сүйіншалиев Х. Қазақ əдебиетінің қалыптасу кезеңдері.-А., 1967. 

29. 

Сəтбаев Ш.Шəкəрім Құдайбердиев.-А., 1990. 



30. 

Ыбырайым Б. Сырлы əлем. (Қазіргі қазақ балалар прозасы.А., 1997.) 



 

8- дəріс 

Тақырып:  ХХ  ғасырдың  бас  кезіндегі  саяси  əлеуметтік  жағдай,  оның  қазақ    балалар 

əдебиетінің дамуына ықпалы. 



Дəріс  мазмұны:    А.Байтұрсынов,  М.Жұмабаев,  Ж.Аймауытов,  М.Дулатов  шығармалары, 

олардың тəрбиелік мəні.  

Ахмет  Байтұрсынов  (1873-1938)  ғалым,  тілші,  əдебиетші,  ақын,  аудармашы, 

мемлекет  қайраткері.  Ол  қостанай  облысы,  Торғай  атырабындағы  Сартубек  деген  жерде 

дүниеге  келген.  Əуелі  көзі.  қарақты  адамдардан  өз  үйінде  хат  танып,  ауыл  мектебінен 

сауат ашады да, 1886-91 ж. Торғай қ. екі класты орысша-қазақша училищеде, 1891-95 ж. 

Орынбордағы  мұғалімдік  мектепте  оқып,  білім  алады.  Ауылдық  жерде  мұғалім  бола 

жүріп, қолы бос кездерде өзі ізденіп сан- алуан кітаптар оқиды, əдебиетпен айналысады, 

оқулықтар  жазады,  аударма  жасайды,  өлең-  жыр  тудырады,  фольклор  нұсқаларын 

жинайды.  Негізгі  еңбектері-  қырық  мысал,  Маса  жинақтары,  Əдебиет  танытқыш  (1926) 

теориялық еңбегі бар. Бостандық аңсаған, күреске шақырған өлеңдер жазды. .  

М.Жұмабаев  (1893-1938)  қазақтың  ұлы  ақыны.  Солтүстік  қазақстан  облысы, 

Булаев  ауданының  "Молодежный"  совхозында  дүниеге  келген.  Алдымен  қызылжарда 

медреседе  дəріс  алған  Мағжан  Уфа  қаласына  барып,  медресе  Fалияда  татар  халқының 

ұлы жазушысы F.Ибрагимовтан оқыды. Алғашқы əдеби тəжірибе басталып, тырнақалды 

жырлар тудырды. "Шолпан" (1921 ж. қазан) кітабы шыққан асау жүре.t, жас ақын орысша 



білім  алуға  талаптанып,  Омбы~аласына  келіп,  семинарияға  түседі.  "Педагогика", 

"Сауатты бол" кітаптары, аудармалары басылды.  

Мағжан  поэзиясының  мəңгі  өлмес,  ұрпаққа  жалғасар  алтын  көпір,  асыл  қазына, 

інжу  маржаны  -  сүйіспеншілік,  махаббат,  ,ғашықтық  хақындағы  дүниелері.  қазақ 

лирикасында  үлкен  көркемдік  жаңалық  ашып,  əсіресе  европа,  орыс  əдебиетіндегі 

ізденістерді,  бағыттарды  ұлттық  топыраққа  батыл  да,  еркін  енгізді.  Эпикалық  жанрда 

поэманың  ықшам  түрлерін  қалыптастырды:  "қойлыбайдың  қобызы",  .Қорқыт", 

"Түркістан", "Батыр Баян" - аңызға. тарихи белгілі оқиғаларға, .Жүсіпхан", "Өтірік ертек" 

-  шығыс  сюжетіне,  мысал,  тұспалға  құрылған.  Мағжан  қазақ  поэзиясына  өлмес 

туындылар берген ұлттық ақын.  

Ж.АЙмауытов  (1889  -  1931)  драмашы,  аудармашы,  зерттеуші,  публицист. 

Павлодар  облысы  Баянауыл  ауылында  туған.  Жүсіпбек  өзінің  қысқа  ғұмырында  артына 

аса  бай,  бағалы  əдеби,  ғылыми  мұра  қалдырып  үлгерді.  Ол  В.Шекспир,  В.Гюго, 

А.Пушкин, А.ТолстоЙ шығармаларын, бірқатар ғылыми еңбектерді аударды, педагогика, 

психология,  методика,  эстетикалық  тəрбие  туралы  зерттеулер  тудырды,  сан  алуан 

публицистикалық  мақалалар  жазды:  .Қарткожа",  .Күнікейдің  жазығы",  .Шернияз",  "Ел 

қорғаны",  ;,Мансапқорлар"  пьесалары,  .Комплскстіокыту  жолдары",  "Жан  жүйесі",  "Өнер 

таңдау" еңбектері қазақ əдебиеті тарихындағы өлмейтін орны бар шығармалар.  

М.Дулатов (1885 - 1935). Жазушы, ақын драматург, қоғам қайраткері.  

Торғай  болысының  қызбел  атырабында  дүниеге  келген.  Ерте  жетім  қалған,  екі  жаста 

шешеден,  он  екі  жаста  əкеден  айырылған  Міржақыптың  бүкіл  өмірі  жоқшылықпен, 

азаппен,  əділтсіздікпен  күресумен  өтеді.  Міржақыптың  атын  қазақ  арасына  кеңінен 

таратқан  "Оян  қазақ"  еңбегі.  Бұдан  кейін  "Терме"  (1913),  "Азамат"  (1915)  жинақтары 

жарық  көрді.  Прозадағы  атышулы  шығырмасы  .Бакытсыз  Жамал"  романы  191  О  жылы 

қазанда басылды. Мұның  

 

.  



.  

үспне көптеген оқулықтар аударма КІтаптар жазды.  

А.Құнанбаев-  қазақ  халқының  ұлы  ақыны,  жазба  əдебиетінің  негізін  салушы,  ұлы 

ойшыл.  Оның  поэтикалық  шығармалары  мен  қара  сөздері  философиялық,  этикалық, 

эстетикалық  ой-  пікірлерге  толы.  Ол  1845  жылы  Семей  облысының  Шыңғыстау  деген 

жерінде  дуниеге  келген.  Өз  заманының  асқан  білімпазы  Абай  артына  өшпес  мұра 

қалдырды.  Ұлы  ағартушы  өзінің  көптеген  шығармаларында  қазақ  халқының  ауыр 

тұрмысын жəне надандығын мінеп- шенеді. қара басының қамын ғана ойлайтын, яғни тəн 

қажеттігін  өтеуді  ғана  ескеріп  рухани  қажеттілікті  ойламайтын,  біреуді  алдап,  біреуді 

арбап  күн  көрушілерге,  өзінен  күшті  əкімдер  алдында  жағымпаздықпен  көзге  түсіп 

қалуға тырысушыларға Абай мейлінше қарсы болды. Оқудағы мақсат халыққа  

адал қызмет ету деп ұқты.  



 

Пайда ойлама, ар ойла  

Талап қыл артық білуге.  

Артық білім кітапта  

 

Ерінбей оқып көруге,-  



.  

деп жастарды білім- ғылымды меңгеруге шақырды. Сол кездегі кейбір оқыған жастардың 

білімді шен алу, шекпен кию үшін пайдаланып, парақорлықпен алдап- арбаудың құралы 

етуге тырысқанына ызаланған Абай:  

Ойында жоқ олардың Салтыков пен 


Толстой.  

Я тілмаш, я адвокат, Болсам деген бəрінде 

ой,-  

деп сөкті. Жастарға халық қамын ойлаған ақын-жазушылар мен ғалымдарды үлгі- өнеге 



етіп,  "білімдіден  шыққан  сөз  талаптыға  кез  болса  екен"  деді.  Тіршіліктің  тұтқасы  еңбек 

пен білімде деп ұққан Абай:  

Түбінде баянды еңбек егін салған, Жасынан оқу оқып 

білім алған.  

Би болған, болыс болған мақсат емес, Өнердің бұдан өзге 

бəрі жалған.  

Ел болу үшін қала салып отырықшы болу керек, егіншілікті кəсіп ету, мектеп салып, 

оқу оқып,білім алу қажет, тіршіліктің тұтқасы еңбек пен білімде ғана тұр деп жар салды. 

Өнер- білімсіз қоғамның пайдалы азаматы болудың мүмкін емес екендігін терең түсінген 

ол: .Барыңды салсаң да балаңа ғылымды үйрет" деп кеңес берді.  

 

Кітапты молда теріс оқыр,  



.  

Дағарадай боп сөлдесі ... -  

деп,  Абай  бас  қатыратын  жаттамалы  діни  оқуға  қарсы  болды.  Бұл  жерде  діни  оқу 

жөніндегі  Абайдың  көзқарасы  өзінің  замандасы  Шоқан,  Ыбырайлармен  өзектес  келетіні 

байқалады.  

Абай жастардың белгілі бір мамандықты игеруін уағыздады. Өзінің отыз үшінші қара 

сөзінде "Егер мал керек болса, қолөнерін үйренбек керек.  

Шəкəрім  Құдайбердіұлы  (1858-1931)  ақын,  жазушы,  философ,  тарихшы, 

композитор. Шəкəрімнің əкесі Құдайберді Құнанбайдың Күнке деген бəйбішесінен туған, 

яғни Абайдың туған ағасы. Шəкəрім бес жасында ауыл молдасына оқуға беріледі де онда 

жеті  жасына  дейін  оқиды.  Жеті  жасында  əкеден  жетім  қалған  ол  бұдан  былайғы  кезде 

Абайдың  тікелей  тəрбиесінде  болады.  Өскен  ортасының  аса  бай  дəстүрлері  мен  Абай 

ағасының  тəрбиесі  табиғатынан  зерек  Шəкəрімнің  жетімдік  көрмей  өсуіне  ғана  емес, 

оның  талантты  ақын,  парасатты  ой  иесі  болуына  да  зор  ықпал  жасады.  Араб,  парсы, 

түрік, орыс тілдерін жетік білді.  

Оның  қаламынан  терең  ойлы,  сыршыл  лирикалық  өлеңдер,  "Қалқаман-Мамыр", 

.Енлік-Кебек", ,,Нартайлақ-Айсұлу" сияқты оқиғалы дастандар, "Əділ-Мəрия" жəне басқа 

да  прозалық  туындылар,  аудармалар,  тарихқа,  философияға  қатысты  еңбектер,  сазды 

əндер  туды.  Өз  заманының  көзі  ашық,  көкірегі  ояу  азаматы  ретінде  ол  халқының 

басындағы  нақты  жағдайды  көре  білді.  Осы  бағыттағы  барлық  ой  пайымдарын 

лирикасына  нəр  қылып  құйды.  Ақын  лирикасының  басты  обьектісі-  адам.  "Сəнқойлар", 

.Еріншек",  .Ескіден  қалған  сөз  теріп"  сияқты  өлеңдерінде  ақын  замандастарының 

бойындағы ірілі- уақты кемшіліктер сыналады.Ол надандықтың негізін осылардан көреді. 

Өз  халқының  мүддесін  көздеген  ақын  оның  бойындағы  жағымсыз  қасиеттерді  жұртқа 

жария  етуші  ғана  емес,  солардың  үкімін  айтушы  да  бола  білді.  Əшкерелей  отырып,  өз 

үкімін  айтады,  айналасына  ой  тастай  сөйлейді.  "Ату  мен  ынсап",  "Дүние  мен  өмір", 

"Мақтау  мен  сөгіс"  сияқты  бірқатар  өлеңдерінде  Шəкəрім  айналасына  сын  көзбен  қарай 

отырып,  заманының  шынайы  суретін  жасайды.  Халық  тағдыры  Шəкерім  жырындағы 

арналы  тақырып.АбаЙ  тəрізді  Шəкерім  де  өзінің  насихат  өлеңдері  мен  жеке  өнегесі 

арқылы жұртшылық санасындағы кейбір кері  



 

.  


. ..  

касиеггердің тамырын ШІрІТlП, халықтық ар- намысты оятуға күш салады.  

Ақын əрдайым халықтан қол үзбейді. Оның өшкерелейтіні де халық басындағы кемшілік, 

мақтан тұтары да халықтық қазына.  

Шəкерім-  поэма  жанрында  да  жемісті  еңбек  еткен  қаламгер.  Ол  19  ғасырдың  2-

жартысында  реалистік  үлгідегі  оқиғалы  дастан  дəстүрінің  дамуына  елеулі  үлес  қосты. 

Оның  қаламынан  қазақтың  ертеректегі  өмірінен  алынып  жазылған  "қалқаман-Мамыр", 

"Еңлік- Кебек", .Нартайлак-Айсүлу" атты поэмалар туды.  

Шөкерім-  көркем  проза  саласында  да  елеулі'  мұра  қалдырды."ƏділМəрия"  атты 

роман (1925) жазды. Онда ғасыр басында қазақ ауылында өткен оқиға баяндалады. Əділ 

мен Мəрия атты ғашық жастардың өмірі арқау болады. Ш'Қүдайбердіүлы қазақ əдебиеті 

мен  өнерінің  тарихында  өзіндік  орны  бар  көрнекті  ақын,  тамаша  жазушы,  ойшыл 

философ, білікті аудармашы,  

 

сыршыл сазгер дөрежесіне көтерілді 




1   2   3   4   5   6   7


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал