Педагогика факультеті Педагогика жəне психология кафедрасы «Балалар əдебиеті»



жүктеу 0.59 Mb.
Pdf просмотр
бет2/7
Дата23.03.2017
өлшемі0.59 Mb.
1   2   3   4   5   6   7

ОЖСӨЖ мазмұны: 1.М.Өтемісұлының патриоттық өлеңдері, оның тəрбиелік мəні. 

2. Ш.Құдайбердиевтің азаматтық жəне табиғат лирикасы, поэмалары. 



СӨЖ  мазмұны:  Бастауыш  сыныптың  Əдебиеттік  оқу  құралында  берілген  Ы. 

Алтынсарин, А.Құнанбаев, Ш.Құдайбердиевтің шығармаларын  талдау жұмысы. 

Шығарманың тақырыбы мен идеясы. 

 

Кредит сағат - 14 

Тақырып: ХІХ ғасырдың ІІ жартысындағы саяси əлеуметтік жағдай, оның қазақ  балалар 

əдебиетінің дамуына ықпалы. 



Практикалық сабақ  мазмұны: 1. Ы.Алтынсарин – Балалар əдебиетінің атасы. 

2.Қазақ балалар əдебиетіндегі Абай шығармаларының рөлі мен тəрбиелік мəні. 



Пайдаланылатын əдебиеттер :  

1. 


Ахметов Ш. Қазақ балалар əдебиеті. Алматы, 1974. 

2. 


 Ахметов Ш. Қазақ совет балалар əдебиеті. Алматы, 1976 

3. 

Сүйіншалиев Х. ХІХ ғасыр əдебиеті. Алматы, 1992. 

4. 

Ақшолақов Т.Көркем шығарманың эстетикалық талғамын таныту. А., 1975. 



5. 

Аманшин Б. Махамбеттің тағдыры. – А., 1991. 

6. 

Əуезов М. Əдебиет тарихы. Алматы, 1991. 



7. 

Бітібаева Қ. Абай шығармаларын оқыту. –А., 2003. 



8. 

Бітібаева Қ. Əдебиетті тереңдетіп оқыту. – А., 2003. 

9. 

Қоңыратбав Ə. Қазақ əдебиетінің тарихы. Алматы, 1994 



10. 

Қазақ əдебиетінің тарихы. Т.ІІІ т. Алматы, 1967. 

11. 

Құнанбаев А. Шығармалары. 2томдық. –А., 1986. 



12. 

Кенжбаев Б.ХХ ғасыр басындағы қазақ əдебиеті.-А., 1976. 

13. 

Сүйіншалиев Х. Қазақ əдебиетінің қалыптасу кезеңдері.-А., 1967. 



14. 

Сəтбаев Ш.Шəкəрім Құдайбердиев.-А., 1990. 

15. 

Ыбырайым Б. Сырлы əлем. (Қазіргі қазақ балалар прозасы.А., 1997.) 



ОЖСӨЖ  мазмұны:    Бастауыш  сынып  ана  тілі  оқулықтарындағы  Ы.  Алтынсарин, 

А.Құнанбаев шығармаларының оқытылуы.  



СӨЖ  мазмұны:  Бастауыш  сыныптың  Əдебиеттік  оқу  құралында  берілген  Ы. 

Алтынсарин, А.Құнанбаев шығармаларын  талдау жұмысы. 

Шығарманың композициясы мен сюжеті. 

 

8- апта  



кредит –сағат 15 

Тақырып:  ХХ  ғасырдың  бас  кезіндегі  саяси  əлеуметтік  жағдай,  оның  қазақ    балалар 

əдебиетінің дамуына ықпалы. 



Дəріс  мазмұны:    А.Байтұрсынов,  М.Жұмабаев,  Ж.Аймауытов,  М.Дулатов  шығармалары, 

олардың тəрбиелік мəні.  



Пайдаланылатын əдебиеттер :  

1. 


А.Байтұрсынов шығармалары 

2. 


М..Жұмабаев шығармалары 

3. 


Ж.Аймауытов шығармалары 

4. 


М.Дулатов шығармалары 

5. 


Ақшолақов Т.Көркем шығарманың эстетикалық талғамын таныту. А., 1975. 

6. 


Əуезов М. Əдебиет тарихы. Алматы, 1991. 

7. 


Бітібаева Қ. Əдебиетті тереңдетіп оқыту. – А., 2003. 

8. 


Қоңыратбав Ə. Қазақ əдебиетінің тарихы. Алматы, 1994 

9. 


Кенжебаев Б.ХХ ғасыр басындағы қазақ əдебиеті.-А., 1976. 

10. 


Ыбырайым Б. Сырлы əлем. (Қазіргі қазақ балалар прозасы.А., 1997.) 

ОЖСӨЖ мазмұны: А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, М.Дулатов 

шығармалары, олардың тəрбиелік мəні.  



СӨЖ  мазмұны:  Бастауыш  сыныптың  Əдебиеттік  оқу  құралында  бес  арыс 

шығармаларының оқытылуы. 

 Теңеу, эпитет, образ. 

 

4.  Негізгі жəне қосымша əдебиеттер тізімі, Интернет желісіндегі Web-сайт адрестері  

1.Ахметов Ш. Қазақ балалар əдебиеті. Алматы, 1974. 

2. Ахметов Ш. Қазақ совет балалар əдебиеті. Алматы, 1976 

3.Ахметов З. Өлең – сөздің теориясы. - А., 1973. 

4.Ақшолақов Т.Көркем шығарманың эстетикалық талғамын таныту. А., 1975. 

5.Əуезов М. Əдебиет тарихы. Алматы, 1991. 

6.Бітібаева Қ. Əдебиетті тереңдетіп оқыту. – А., 2003. 

7.Қоңыратбав Ə. Қазақ əдебиетінің тарихы. Алматы, 1994 

8.Қазақ əдебиетінің тарихы. Т.ІІІ т. Алматы, 1967. 

9.Кенжебаев Б.ХХ ғасыр басындағы қазақ əдебиеті.-А., 1976. 

10.Сүйіншалиев Х. Қазақ əдебиетінің қалыптасу кезеңдері.-А., 1967. 

11.Ыбырайым Б. Сырлы əлем. (Қазіргі қазақ балалар прозасы.А., 1997.) 

12.Ергөбек Қ. ХХ ғ.басындағы əдебиет.А., 1994 

13Сөз өнерінің сырлары. Əдебиеттану. Құраст:Дайыров Ə.,т.б.-А., 2003. 

14. abai.kz 


15. kazaktili.kz 

16. schooI.ov.kz 

17. anatili. Kz 

18. studentochka.kz 

19. inform.kz 

20. kitaphana.kz 



 

 

 

5. «Балалар əдебиеті» пəні бойынша тапсырмаларды орындау жəне  тапсыру кестесі 

 

№  Жұмыс 

түрі 

Тапсырманың   

мақсаты мен 

мазмұны 

Ұсыныла-

тын əде-

биеттер 

Орындау мерзімі 

жəне тапсыру 

уақыты (аптасы) 

Балл  

Бақылау 

түрі 

ОЖСӨЖ 



тапсырма-

ларын 


орындау 

(барлығы ) 

 

Жоғарыда 



көрсетілді 

ОЖСӨЖ 


кестесі 

бойынша 


берілген 

уақыт шеңберінде  

Тақырып 

бойынша 


15% дейін  

Тапсырма


лардың 

орындалу


ын, 

сұрақтарғ

а  жауап 

беру 


қабілетін 

тексеру 


СӨЖ 


тапсырма-

ларын 


орындау 

(барлығы ) 

Ойлау 

қабілеттерін 



шыңдап, 

шығармашы-

лықтарын 

дамыту 


Жоғарыда 

көрсетілді 

СӨЖ 

кестесі 


бойынша 

берілген 

уақыт шеңберінде  

Барлығы 


8% балл 

Өз  


беттеріме

н 

жұмыстан



уға 

үйрету 


Жазба 


жұмыс 

(реферат) 

түрінде 

аралық 


бақылау 

Студенттерге 

реферат 

бере 


отырып, 

олардың 


іздендіру, 

білімдерін 

тереңдету.   

Жоғарыда 

көрсетілді 

 

Барлығы 



8% балл 

 



Емтихан  

Білімді  кешенді 

тексеру 

 

 



100 

Тест 


 

6.  Мəтіндік оқу құралы, авторлық дəрістер 

1. Ахметов Ш. Қазақ совет балалар əдебиеті. Алматы, 1986 

2.Ыбырайым Б. Сырлы əлем. (Қазіргі қазақ балалар прозасы.А., 1997.) 

3. Хабиева Д.Г. Балалар əдебиеті. Орал. 2011. 



 

ОƏК  педагогика  жəне  психология  кафедрасыныың  оқытушылары  құрастырған 

дəрістер жинағы арқылы авторлық құқыққа ие. Олар ГОСО талаптарына жəне жұмыс оқу 

бағдарламаларына сəйкес дайындалған, кафедра отырысында бекітілген. 



 

 

Пəн бойынша дəрістік кешен: 

1- дəріс 

Тақырып:   

Мақсаты:  

Дəріс мазмұны: 

Пайдаланылатын əдебиеттер :  

                  Тақырып:  Балалар əдебиеті – сөз өнерінің жеке бір өзекті саласы.  

                   Дəріс мазмұны:  



1.  Балалар əдебиеті туралы түсінік.  

2.  Балалар əдебиеті жөніндегі ұлы адамдардың ой - пікірлері.  

Балалар  əдебиетінің  алға  қойған  міндеттері  -  жасөспірімдерді  патриотизмге,  бірлікке, 

еңбекке,  қоғамдық  көзқарасқа  жəне  адамгершілікке  деген  ізгі  қасиетке  баулу.  Балалар 

əдебиеті шығармаларының ықпалы, тəрбиелік күші жағымдық кейіпкерлер образын жасау 

проблемаларына  байланысты  шешіледі.  Жақсыны  үлгі  етіп  көрсету,  олардың  Отаны, 

халқы  алдындағы  қызметін  өрсөту,  типтік  образын  жасау,  жасөспірімдердің  еліктеуіне, 

солардай болуына, талаптануына жол ашады.  

"Өнер  алды  -  қызыл  тіл",  -  деп  Абай  айтқандай  балалар  əдебиетінің  басты 

проблемасының  бір  түрі  -  тіл.  "Əдебиет  сөз  арқылы  сұлу  суреттелетін  өнер"  деді 

М.Горький.  Сондықтан  балаларға  lрналған  шығармалардың  тілі,  ең  алдымен  өзінің  ана 

тілін  жетік  білуге,  сөздік  қорын  байытуға  жүйелі  түрде  қисынды  сөйлеуге  баулитын 

көркем  құрал  болуға  тиіс.  Əрбір  сөз  өз  орнында  өз  міндетін  атқара  тұрып,  балалардың 

уылжыған  жас  жанына  қозғау  салып,  сұлу  суреттерімен  эстетикалық  жағынан  əсер 

ететіндей болуы керек.  

Балаларға  арналған  өлеңдер  ойнақы,  жинақы, тілі  балалардың  жанындай  мөлдір  де 

тұнық, қызықты да қарапайым болуы шарт. Октябрь революциясынан кейін қазақ балалар 

əдебиеті  сыншылар  мен  зерттеушілер,  ғалымдар  мен  ақын  жазушылардың  ықыласы 

арқылы  дамыды.  Балалар  əдебиетінің  ерекшеліктері  туралы  С.Сейфуллин  .Жүмбақ 

айтысу" деген еңбегінде: .Жүмбақ айтысу - хат жаза білмеген көшпелі ел жастарының өз 

əлінше зейіндерін тапқыштыққа үйретіп тілін шеберлейтін, сөзді үйлестіріп, ұйқастырып 

айтуға  жаттықтыратын  сабақ  тəрізді  болған"  дейді.Сөкен  балалар  əдебиеті  нұсқаларын 

жинаушы, əрі зерттеуші. Ал І.Жансүгіров "Өтірік" атты жинақта жазған алғы сөзінде "Ел 

өтірігі  үлкендерден  гөрі  балалардікі,  балалар  əдебиетіне  жатады"  деп  жазды.  М.Əуезов 

"Əр  жылдар  ойлары",  "Ертегілер"  деген  ғылыми  еңбектерінде  балалар  əдебиетінің  түп  - 

төркіні  халықтық  шығармалар  екенін  дəлелдеді.  Жас  жеткіншектердің  өз  араларында 

үлкен ерекшеліктері бар, сондықтан да балалар əдебиеті бірнеше салаға жіктеледі:  

1.  Мектепке дейінгі балалар əдебиеті.  

2.  Бастауыш сынып оқушыларына арналған əдебиет.  

3.  9 жылдық мектеп оқушыларына арналған əдебиет.  

4.  Жоғары сынып оқушыларына арналған əдебиет.  

1. Мектеп жасындағы балалар, олар оқырман емес. Оларға арналған шығармалар 

қысқа  да,  ықшам  жазылған  суретті  кітаптар  түрінде  беріледі.  Тақырыбы  табиғат,  өзін 

қоршаған ортадан алынады. Тілі жеңіл де ықшам келеді. Бас бармақ, шылдыр шүмек т.б. 

сияқты күлдіртіп ойнату. Бұл жастағы балаларға əсіресе өлең сөздер ерекше əсер етеді.  

2. Бұл 7 - 1 О жастың арасын қамтиды. Бұл жастағы балалар мектеп бағдарламасымен 

тығыз байланыста  

 Адам баласы тарихында ауыз əдебиетінің алтын қоры жыр өлеңдерінің бірінші 

бастамасы-бесік жыры. Бұл жырда қазақ қауымының балаға деген ең ізгі сүйіспеншілігі, 

тілегі, халықтың шешендігі, арманы, эстетикалық идеалы бейнеленген. Оның сөз 

жүйесінің ырғағы, мəн-мағынасы аса ұқыпты. Бесік жырында дүниеге келген жас 

нəрестенің болашағын ойлап, қолдан келген мүмкіндігін соның жолына бағыштауға 

тырысады. Халық тəрбиесі баланы жастай көпшіл, ынтымақшыл.сый-сыйапат көрсете 

білетін өнегелі азамат болуын көздеген. Баладан адамгершілік қасу.етті талап еткен.  


Баланы  күту,  бағу,мəпелеу,  тəрбиелеу,  əлпештеп  ақ  бесікке  салу,  оның  мəңгілік 

қамқоршысы  болу-ата-ананың  борышы.  Бала  туғанда  шілдехана  жасау,  жас  нəрестенің 

дүниеге  келуін  өздеріне  бақыт  санау  жалпыхалықтық  салтқа,  əдет-ғұрыпқа,  эстетикалық 

идеалға айналған:  

 

Бармақтарың майысып,  



  

Ұста болар ма екенсің,-  

деп, бала халыққа əр жақты өнерімен,білімімен,игі істерімен танылса деп арман еткен:  

Таңдайларың тақылдап, 

Сөйлегенде сөз бермей, Шешен 

болар ма екенсің,-  

деп, бесікте жатқан нəрестенің болашағын ойлаған. қай іске,қай өнерге болса да икемі бар 

сегіз қырлы, бір сырлы азамат болуын көздейді. Сондықтан да өз сəбиін өнердің, еңбектің 

қай  түріне  болса  да  баули  беруді,  ынталандыра  беруді  мақсат  еткен.  Бесік  жырында 

адамның  басынан  кешірген  тағдыры,  қайғысы  мен  қуанышы,  рахаты  жырланады.  Бесік 

жырының  əсем  де  жеңіл  айтылуы  оның  сазды  əуенге  қосылып,  сондайлық  баппен 

шырқалуы  баланың.  көңіл  күйін  ашып,  оны  көңілдендіреді.  Бесіктің  тербелуі  мен  əн 

ырғағының бір шығуы бала тербеткен ананың да, бесікте жатқан баланың да жүректерінің 

бірге  соққандай  əсері  сезіледі.  Бесік  жыры  ғасырлар  бойы  ұзақ  өмір  сүріп,  ұрпақтан 

ұрпаққа  ұласуымен  қатар  оған  бала  тəрбиелеуде  заманы  қойған  талап,  мақсатқа  қарай 

жаңа  мазмұнда,  жаңа  түрде  айтылатын  шумақтар  қосыла  берген.  Бұл  жыр  оларды  алға 

қарай  талпынуға,  ілгері  ұмтылуға,  жігер  -  қайратының  шыңдалуына  бастайды.  Бесікте 

жатқан баланы тəрбиелеу ісінде халық осыларға зор мəн берген.  



Пайдаланылатын əдебиеттер :  

8. 


Ахметов Ш. Қазақ балалар əдебиеті. Алматы, 1974. 

9. 


Ахметов Ш. Қазақ совет балалар əдебиеті. Алматы, 1976 

10. 


Əуезов М. Əдебиет тарихы. Алматы, 1991. 

11. 


Ғабдуллин М. Қазақ халқының ауыз əдебиеті. Алматы, 1974. 

12. 


Қоңыратбав Ə. Қазақ əдебиетінің тарихы. Алматы, 1994 

13. 


Сүйіншалиев Х. ХІХ ғасыр əдебиеті. Алматы, 1992.  

14. 


Қазақ əдебиетінің тарихы. Т.ІІІ т. Алматы, 1967. 

2- дəріс 

Тақырып:  Балалар ауыз əдебиеті – балалар əдебиетінің алтын қоры. 

                 Дəріс  мазмұны:    Ы.Алтынсарин  -  қазақ  балалар  əдебиетінің  атасы.    Ол  қазақ 

халқынан шыққан халық ағартушыларының бірі ірі педагог, жазушы қ.б.ə. атасы. Ол 1841 

жылы,  20  қазанда  Қостанай  облысы,  Затабол  ауданында  туған.  Ыбырай  өз  əкесі 

Алтынсарыдан 4 жасында жетім қалады.  Əкесі қайтыс болғандықтан, атасы  Балғожаның 

тəрбиесінде  болады.  Ыбырай  Алтынсаринді  1850  жылы  Орынбор  қаласында  жаңадан 

ашылған  мектепке  жібереді.  Ыбырай  сабаққа  зерек  болып,  уздік  оқиды.  Атасы 

Балғожанын өсиет сөздерін бұлжытпай орындайды.  

Үміт еткен көзімнің нұры балам, 

 Жаныңа жəрдем берсін хақ тағалам. 

 Атаң мұнда анаңмен есен-аман,  

Суйіп сəлем жазады бугін саған.  

Шырағым мұнда журсең не етер едің, 

 қолыңа құрық алып кетер едіІ/, 

 Тентіреп екі ауьтдың арасында. 

 Жургенмен не мұратқа жетер едің?  

Атаңды сағындым деп асығарсың,  



Оқуға көңіл бөлсең басьтарсың.  

Ата - анадцы өнер білсең асырарсың.  

Надан боп білмей қалсаң аҺ ұрарсың - дейді .  

 Жас  жігітті  осылай  өлең  жолдары  арқылы  білімге  тəрбиелейді.Атасының  өсиетін 

немересі бұлжытпай орындайды. Ыбырай бүл мектепте 7 жыл оқып, 1857 жылы бітіреді. 

Мектеп  бітірісімен  халық  ағарту  ісімен  айналысады.  Ел  ішінде  мектеп  ашады.  қазақ 

балаларын  жииап,  оқытады,  қыздар  мектебін  ұйымдастырады.  Мектепке  керекті  оқу 

құралдарын  жинайды.  Тұңғыш  рет  орыс  алфавитімен  оқу  кітаптарын  жазады. 

Хрестомагия құрастырып шығарады.  

Ы.Алтынсарин  «Хрестоматия»  оқулығын  алғаш  рет  1870  жылы  жазады,  оны  іс 

жүзінде  өзі  қолдап,  қазақ  балаларын  оқыта  бастайды.  Ы.Алтынсарин  халық  ағарту 

саласында  істеген  жұмыстарына  кесел  келтірушілерге  қарсы  тұрып,  аяусыз  курес 

жүргізеді. Надан жатқан, бірақ əлі надан жолына түспеген, пайдалы заттарға жаны құмар 

халыкка  қолымыздан  келгенше  қызмет  ету  əрқайсымыздың  борышымыз"  деп  үндеу 

салады. Ы.Алтынсарин "ƏЙ, жігіттер" өлеңінде:  

ƏЙ, жігіттер үлгі алмаңыз  

Азған елдің ішінен  

 

Алыс - алыс қашыңыз,  



.  

Зиян ойды кісіден - деп, ел ішіндегі халықты улап отырған бақсы - 

балгер, молда қазіреттер арандатып алмай, өнер білімге, жаңа мəдениетке шақыру 

қажеттігін айтады.  

Ыбырай  қазақ  халқының  өнер  -  білім,  жаңа  мəдениетке  деген  ынтасын, 

дарындылығын  жоғары  бағалаған.  Халықтың  ілгері  дамуына  өз  үлесін  косып,  қазақ 

даласында орыс - қазақ мектебін ашқан.  

Пайдаланылатын əдебиеттер :  

1.Ахметов Ш. Қазақ балалар əдебиеті. Алматы, 1974. 

2.Əуезов М. Əдебиет тарихы. Алматы, 1991. 

3.Ғабдуллин М. Қазақ халқының ауыз əдебиеті. Алматы, 1974. 

4.Қоңыратбав Ə. Қазақ əдебиетінің тарихы. Алматы, 1994 

5.Сүйіншалиев Х. ХІХ ғасыр əдебиеті. Алматы, 1992.  

6.Қазақ əдебиетінің тарихы. Т.ІІІ т. Алматы, 1967. 

 

3- дəріс 

Тақырып:  Балалар ауыз əдебиеті – балалар əдебиетінің алтын қоры. 

Дəріс  мазмұны:  Мақал-мəтелдер,  жұмбақтар,  жаңылтпаштар  мен  өтірік  өлеңдердің  бала 

дамуында алатын орны мен рөлі.  

 Өтірік əңгімелермен қатар қазақта өтірік өлеңдер де бар. Оның туп нұсқасы əзіл 

-  оспаққа,  өтірік  сынға  құрылған.  Өгірікте  қиыннан  қиыстырған  ойдың  өткірлігі, 

логиканың  күштілігі  басым.  Өгірік  өлеңдер  өте  шеберлікпен,  тілдің  орамдьтығымен 

өзгеше  өңделген  сөз.  Өтірік  өлеңде  өмір  бар,  салыстыру  бар,  сықақ  бар,  өмірге  тікелей 

байланысты  болып  келеді.  Мақал  -  мəтел  мағынасы  терең,  сөзі  ықшам,  көркем,  еске 

сақтауға  жеңіл  болғандықтан  жəне  бала  тəрбиелеу  ісінде  ерекше  роль  атқаратындықтан 

балалар  əдебиетінде  орны  ерекше.  Мақал  -  мəтел  балаларға  терең  ой  салады,  оларды 

көркем  де  образды  сөйлеуге  жаттықтырады.  Сөз  байлығын,  сөздік  қорын  дамытады. 

Мақал  -  мəтелдердің  тақырыбы  кең:  еңбек,  оқу,  білім,  жолдастық,  адамдық  қасиет, 

табиғат т.б. Мысалы: Ата балаға  сыншы, Бала адамның бауыр еті,  Білім - өмір шырағы, 

Балаға байқап сөйлесең ақылыңа  

көнер, байқамай сөйлесең көп ішінде өлер.  

  


Балалар фольклорында үлкен орын алатын тағы бір жанр - жұмбақтар.  

Олар балалардың зейінін, ықыласын арттырады. Жұмбақты ойдың гимнастикасы деп 

атайды.  

Пайдаланылатын əдебиеттер :  

Ахметов Ш. Қазақ балалар əдебиеті. Алматы, 1974. 

Ахметов Ш. Қазақ совет балалар əдебиеті. Алматы, 1976 

Əуезов М. Əдебиет тарихы. Алматы, 1991. 

Ғабдуллин М. Қазақ халқының ауыз əдебиеті. Алматы, 1974. 

Қоңыратбав Ə. Қазақ əдебиетінің тарихы. Алматы, 1994 

Сүйіншалиев Х. ХІХ ғасыр əдебиеті. Алматы, 1992.  

Қазақ əдебиетінің тарихы. Т.ІІІ т. Алматы, 1967. 



 

4- дəріс 

Тақырып:  Балалар ауыз əдебиеті – балалар əдебиетінің алтын қоры. 

Дəріс  мазмұны:  1.Ертегілер  мен  аңыздардың  танымдық,  тəрбиелік,  дамытушылық 

сипаты. 


                            2.Бастауыш сынып ана тілі оқулықтарындағы ертегілер мен аңыздар.  

Айтыс өлеңдер, олардың тəрбиелік мəні.  

1. Айтыс жəне оның түрлері.  

Айтыс - халық өмірін бейнелейтін ауыз əдебиетінің бір саласы. ХІХ ғ. айтысын 

жасаушы  ақындардың  көпшілігі  тарихтан  белгілі.  Мысалы:  Орынбай,  Шортанбай, 

Шөже,  Сүйінбай,  Біржан,  Ақан  сері,  Жамбьіл,  Сара,  Т.б.  қазақ  əдебиетінің 

тарихына  көз  салсақ  ақындар  айтысы  іштей  бірнеше  түрге  бөлінеді:  Жар  -  жар  - 

айтыстың  көне  түрі.  Ол  қызды  ұзатар  алдында  болатын  айтыс.  Той  тарқар  кезде 

бозбалалар ұзатылар қыз отырған үйге келіп, өлеңмен қоштасады. Бозбаланың қоштасып 

айтқан  əрбір  ауыз  өлеңіне  үзатылатын  қыз  жауап  береді.  Олардың  қоштасу  өлеңі  (жар  - 

жар) былай келеді:  

Бозбала:  

қыз:  

қара насар замандас,  



Есік алды қара су,  

қара насар жар - жар - ау!  

Майдан болсын жар - жар - ау!  

қара мақпал сəукеле,  

Ақ жүзімді көргендей,  

Шашың басар жар - жар- ау!  

Айнrolболсын жар - жар - ау!  

Мұнда əкем қалды деһ;:  

қайын атасы бар дейді,  

қам жемеңіз жар - жар- ау!  

Бозбалалар жар - жар - ау!  

Жақсы болса қайын атаң,  

Айналайын əкемдей ,  

Орнын басар жар - жар - ау!  

қайдан болсын ~ap - жар - ау!  

Қайымдасу. Айтыстың бұл түрі - қыз бен бозбаланың өлеңмен əзілдесуі. Бұл түрлі 

айтыста  көбіне  бұрын  ел  аузында  айтылып  жүрген  өлеңдерден  құралып,  айтыс  үстінде 

тақырыбына қарай кейбір шумақтары, не жолдары жаңадан шығарылып, өзгеріп отырады. 

Қайымдасу  айтысының  басы  қыз  -  бозбаланың  əзілінен  басталғанмен  аяғы  əлеуметтік 

маңызы  бар  мəселеге  айналып  кететін  кезі  жиі  кездеседі.  Мысалы:  Омарқұл  ақын  мен 

Тəбия қыздың айтысы. Бұл айтыстың басы əзілден басталғанмен біраздан кейін қалынмал 

бар замандағы əйел теңдігі, əйелдің ауыр тіршілігі, əйел үйдің күңі екендігі айтылады.  

Жұмбақ айтыс. Айтыстардың ішіндегі қиын түрінің бірі. Мұнда жалғыз ақындық 

қана емес, білгірлікті, тапқырлықты талап етеді. Сондықтан да екі ақын айтысып отырып, 

өзге  сөзден  бірін  -  бірі  жеңе  алмағанда,  жұмбақ  айтысына  көшіп,  ақылдылығын, 

тапқырлығын  сынасады.  Мəселен,  Əсет  ақын  мен  Рысжан  қыздың  айтысында,  Рысжан 

Əсетке  төрт  түрлі  жұмбақ  айтады.  Оның  бəрін  де  Əсет  шешеді.  Жұмбақ  айтысын 

дамытуда айрықша еңбек еткендер - Нұржан Наушабаев пен Сапарғали болды. Бұлардың 

жұмбақтарындағы  бір  өзгешелік  -  мұнда  айтыс  жұмбақпен  басталып,  жұмбақпен 

аяқталады. Өзге айтыстардай мұнда жұмбақтан басқа айтыстың саласы араласпайды. Бұл 



айтыста жұмбақтың стилі түгел сақталады.  

Дін айтысы. Шаман дінінің əсері қазақ əдебиетіне ерекше əсер етті.  

Мəселен  бақсының  сарыны,  тістің  ауруын  (құртын)  өлеңмен  шақыру,  жылан  шаққанда 

өлеңмен емдеу, бəдік айтысу, өлікпен сөйлесу т.б. Осы негізде діни ұғымдарды үгіттейтін 

айтыстар  туды,  соның  бірі  -  бəдік.  Бəдік  шаман  дінін  қолданып  жүрген  адамдар  малға, 

адамға тиетін індет ауруының иесі, құдайы  

Пайдаланылатын əдебиеттер :  

7. 


Ахметов Ш. Қазақ балалар əдебиеті. Алматы, 1974. 

8. 


Əуезов М. Əдебиет тарихы. Алматы, 1991. 

9. 


Ғабдуллин М. Қазақ халқының ауыз əдебиеті. Алматы, 1974. 

10. 


Қоңыратбав Ə. Қазақ əдебиетінің тарихы. Алматы, 1994 

11. 


Қазақ əдебиетінің тарихы. Т.ІІІ т. Алматы, 1967. 

12. 


Ертегілер. Қазақ халық əдебиеті көп томдық.-А., 1958. 

 

5- дəріс 

Тақырып:  Балаларға арналған эпостық жырлар мен оның тəрбиелік мəні.  

Дəріс  мазмұны:  1.  Қобыланды,  Алпамыс,  Ер  Тарғын  жырларының  мазмұны,  көркемдік 

ерекшеліктері. 

2. 

«Батыр бала Бөген» жырындағы Шұбар аттың шабысы. 



Балаларға арналған эпостық жырлар жəне оның тəрбиелік мəні.  

Ертегілер,  өлеңдер,  мақал-мəтелдерден  басқа  ауыз  əдебиетінде  ерлік  істерді  дəріптейтін 

эпос  немесе  батырлар  жыры  бар.  Халықтық  шығармалардың  ішінде  мазмұны  мол,  ұзақ 

жырланатыны осы- батырлар жыры. Батырлар жырының оқиғасы, желісі халықтың өткен 

өмірін,  ерлік  істерін  баяндайды,  батырлықты,  ерлікті  жыр  етеді.  Ал  батырлар  образы 

патриоттықтың үлгісін көрсетеді. Ондағы кейіпкерлер қайтпас ер, жауына қатал, өз еліне 

мейірімді,  ар-намысқа  берік,  ұстамды,өнегелі  ісі  бар  адамдар  ретінде  суреттеледі. 

Сондықтан  батырлар  жырын  балалар  да  сүйсініп  оқиды.  Іріктеліп  алынып  балалардың 

оқуына  лайықталған  эпостық  жырлар  ерлік  істерге,  табандылыққа,  өділеттілікке, 

парасаггьиықка тəрбиелейді.  

.Қобыланды батыр" жырындағы Тайбурылдың шабысы.  

ЪІ.Алтынсарин өзінің 1879 жылы бастырып шығарған .Киргизская хрестоматия" еңбегіне 

 

 

Тайбурылдың шабысын ёнгізген. Бұл ұлы ағартушының көшпелі қазақ 



ауылы балаларының ұғымына жеңіл тиетін, кəсібіне, мал шаруашылығына байланысты 

алғандығы еді. Батырлар жырындағы гиперболалық күшті суреттемелер балаларды қатты 

əсерлендіріп, олардың жігер-қайратын шыңдап отырады. М: "Қобыланды батыр" 

жырында қобыланды қазан шаhарына аттанғанда Тайбурылдьщ шабысы өте əсерлі 

суреттелген. Ондағы аттың шабысын көз алдыңа келтіреді, өзің шауып келе жатқандай 

сезім пайда болады.  

 

Шырағым бурыл шу деді,  



Тер шыққан соң өрледі  

 

құбылып бурыл гуледі  



Асқарды көзі көрмеді  

 

Табаны жерге тимеді  



Көлденең жатқан көк тасты  

 

Тау мен тасты өрледі  



Тіктеп түйген тұяғы  

 

Төрт аяқты сермеді  



Саз балшықтай иледі.  

құлақтың түбі терледі  

Міне, "Ер қанаты- ат" дегендей қобыландының серігі, Қүртканын мəпелеп, 

баптаған Тайбурылы осылай суреттеледі.  

,,Алпамыс батыр" жыры. қазақ эпосының інжу - маржаны саналытын жырпардың ішіндегі 

ең көнесі - Алпамыс батыр. Зерттеушілер оны УІІ - УІІІ ғ. пайда болып, тараған жыр деп 

есептейді. Жырдың нұсқасы қазақ, өзбек, татар, башқұрт, қарақалпақ халықтарында осы 

уақытқа  дейін  сақталған.  Олардың  ішінде  қазақ  нұсқасының  композициялық  түзілісі 

мынадай: Алдымен Байбөрі бай мен Аналық бəйбішенің баласыздық зарынан əулие кезіп, 


азап  шегуі.  Ақырында  тілегі  қабыл  болып,  Алпамыстъщ,  сосын  қарлығаштың  дүниеге 

келуі  айтылады.  Осыдан  кейін  Алпамыстың  қалыңдығы  Гүлбаршынды  іздеп  барып, 

қалмақтың ханы қараманмен шайқасы, оны жеңіп, қайын атасы Сарыбайды сол елге хан 

көтеріп, Гүлбаршынды алып қайтуы сөз болады ... Жырдағы кейіпкерлерді қарама - қарсы 

екі  топқа  бөлуге  болады.  Бірі  -  адалдықты,  əділдікті,  тыныштықты  жақтайтын  ұнамды 

кейіпкерлер,  екіншісі  -  ел  тонаушы,  зорлықшыл  жауыздар  тобы.  Жырдағы  басты  тұлға 

Алпамыс.  Ол  елдің  тыныштығын,  бірлігін  сақтау,  жаудың  шапқыншылығына,  зорлық  -

зомбылығына жол бермеу идеясынан туған образ.  

Ер Тарғын. Мұнда басқа жырлардағыдай ата - ананың бала зарын тартуы, қартайғанда 

перзент көруі, болашақ батырдың тез ер жетіп өсуі, қалыңдық іздеп жолға шығуы 

баяндалып жатпайды. Жыр Тарғынның торғауыттардың қамалын алуда ерен ерлік 

көрсетіп, көзге түсуінен басталады. Бір ерекшелігі Тарғын мұнда өз елінің емес, туыстас 

Kөp~i Ақшахан елінің намысын қорғайды. Кейіннен :::анның қызы Ақжуністі алып 

қашып, Еділ бойындағы ноғайлыға барады. Сөйтіп, бұл елдің де жауына (қалмақтарға) 

қарсы аттанып, кегін қайтарады. Бұдан ел қорғау идеясымен қатар, халықтар достығының 

да нышаны байқалады. Халық "Ел ушін туған батыр, ерегісте мыңға татыр" деп 

Тарғындай ерді айтса керек. Тарғын бейнесі осындай 'халықтық ұғымның көрінісі. 

Жырдағы жағымды образдың бірі - Ақжүніс. Ол ханның қызы болса да қарадан шыққан 

жігітті сүйеді. Онъщ ерлігін, адамгершілігін өзгеден бұрын бағалайды. Ата - анасының 

еркінен тыс Ер Тарғынға ілесіп, елінен қашып шығады. Кейін оған адал жар, ақылшы дос, 

сенімді серік болады. Жазатайым қартқожақтың қолына түскенде де ақылымен айла 

тауып, одан құтылады. Батыр қайда жүрсе де оның қасында болып, намысын қорғап, 

абыройын көтеруге күш салады.  

Тарғынның Тарлан аты өзге жырлардағы сияқты батырдың сүйген жары баққан 

тұлпар'  емес,  оны  өсірген  Тарғынның  өзі.  Ол  батырдың  қолғанаты,  серігі,  қамқоршысы, 

сырлас  досы.  Тарланның  ғажайып  тұрпаты  Тарғынның  "От  орнындай  тұяқтым"  деп 

басталатын арнау сөзімен келісті суретгеледі.  

Қамбар батыр" жырының халықтық сипаты. Қамбардың ерлік істері, еңбегі балаларды 

өжет іске бастайды, олардың патриоттық рухын көтереді. қамбар - тоқсан үйлі тобырды, 

алпыс үйлі арғынды жалғыз бағады, қайырымды істер істейді, өзінің батырлығын мақтан 

етпейді, сатылмайды. Жырдағы барлық оқиға тілге жеңіл тиіп отырады. қамбар жарлы - 

жақыбайларды аң аулап асырайды. Ол қыз Назымның көркіне де, байлығына да 

қызықпайды. Артында халқы барын ұмытпайды. Өз намысын қорғай білетін азамат.  


Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы
dmdocuments -> Айса байтабынов эпик жыршы
dmdocuments -> Мүхамбетқалиев С., Ахметов К.Ғ, Ғабдуллин Х. А. Байүлы мен Жетіру және Төре, Төлеңгіт
dmdocuments -> Көпбаева М. Р. ф.ғ. к., М. Әуезов атындағы Оңтүстік
dmdocuments -> Н. С. Тілеуханов
dmdocuments -> Т.ӘЛімқҰловтың «Қараой» ӘҢгімесіндегі махамбет тұЛҒасы акбулатова С. Б
dmdocuments -> Батыс қазақстандық КҮй дәСТҮрін әлемге мойындатқан қҰрманғазы рухы с. Ә. Күзембай
dmdocuments -> Кафедрасының отырысы шешімімен бекітілген. Педагогикалық жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған. Орал, 2011

жүктеу 0.59 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет