Педагогические науки



жүктеу 81.52 Kb.

Дата20.05.2017
өлшемі81.52 Kb.

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР 

ПЕДАГОГИЧЕСКИЕ НАУКИ 

   

ӘОЖ 37.036 



 

ҚАЗАҚ ЭТНОПЕДАГОГИКАСЫНЫҢ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ НЕГІЗІНДЕ ЖАС ӨСКІННІҢ 

ЭСТЕТИКАЛЫҚ КӨЗҚАРАСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ 

 

Т.М.Алсатов, А.З.Әліпбек 

М.Әуезов атындағы ОҚМУ, Шымкент қ. 

 

            Қазақ этнопедагогикасы қазіргі таңда ұлттық тәлім-тәрбиенің негізгі тірегі болуда. Әсіресе 

ұлттық ғылым ретінде қалыптасып, ерекше қарқынмен дамуда. Халық педагогикасының мұралары 

жан-жақты талданып, тұтастай зерттелуде. 

             Халықтық  педагогиканың  талай  ғасырдан  бері  жинақталған  құндылықтарын  пайдалана 

отырып,  жас  өскіннің  бойында  көптеген  көңілге  қонарлық  тәлім-тәрбиенің  қалыптасуына  бүгінгі 

педагог ғалымдарымыз ерекше көңіл бөлуде. 

             Бүгінгі  жас  өскіннің  эстетикалық  талғамын  қалыптастыру  тәрбие  факторларының  бірі 

ретінде  қарастырылып,  оның  мазмұны  мен  құралдары,  міндеттері  мен  әдістері  этнопедагог-

ғалымдардың (Қ.Жарықбаев, С.Қалиев, С.Ұзақбаева, Қ.Бөлеев, К.Қожахметова, Ә.Табылдиев т.б.) 

еңбектерінде анықталды [1]. 

             Қазақтың  халық  педагогикасында  ерекше  орын  алған  сыр-сымбат  (эстетикалық) 

тәрбиесінің  негізгі  мақсаты  -  баланы  қоршаған  ортадағы  материалдық  және  рухани 

құндылықтарды  бағалай біліп, сонымен қатар сол құндылықтарды тудыруға өз үлесін  қоса білу. 

Мәселен, өлең жазу, ән айту, сурет салу мен қолданбалы өнер туындыларын жасай білу.  

           Жас  өскін  бойында  осындай  өнер  қасиеттерінің  қалыптасуына  біріншіден,  отбасы  мен 

мектеп  қабырғасындағы  оқу-тәрбие  процесі  негізінде  іске  асады.  Қоршаған  табиғат  пен 

материалдық және рухани құндылықтардың әсемдігін, көркемдік шырайлылығын бағалай білумен 

қатар, эстетикалық тұрғыдан қабылдай алу қабілеттілігі эстетикалық талғамдылық болса ғана іске 

асады.  Әсемдікті  бойына  сіңдіре  біліп,  оны  өз  іс-әрекетінде  дұрыс  пайдалану  –  жас  өскіннің 

эстетикалық тәрбиесінің дұрыс қалыптасуы деп саналады. 

          Белгілі  ғалым  С.Ұзақбаева  «Балаларға  эстетикалық  тәрбие  берудегі  халық  дәстүрі»  атты 

еңбегінде:  баланы  жастайынан  табиғат  сұлулығын  терең  түсінуге  жақсы  ән,  суреттерді  бағалай 

білуге  тәрбиелеуі  дұрыс-ақ,  алайда  қазақ  халқының  этнопедагогикалық  құндылықтарын  оқу-

тәрбие процесінде  орынды пайдалана білсек, онда  баланың эстетикалық көзқарасын  одан әрмен 

дамитындығын алға тұтады [2]. 

         Оқу-тәрбие  процесінде  қазақ  этнопедагогикасы  материалдарын  енгізу  мүмкіндіктерін 

кеңейту  оқушылардың  эстетикалық  талғамын  қалыптастырудың  теориялық-методологиялық 

негіздерін  анықтау  арқылы  жүзеге  асады:  мектептердегі  түрлі  тәрбие  жүйелері  арқылы  қазақ 

этнопедагогикасындағы  сыр-сымбат  тәрбиесінің  негіздерін  қазіргі  уақытта  оқу  мекемелерінің 

тәрбиелік 

потенциалдарын 

күшейту; 

жалпы 


білім 

беретін 


мектептерде 

қазақ 


этнопедагогикасындағы ұлттық, рухани және материалдық құндылық туралы білімдік мазмұнның 

бар  болуы;  халық  педагогикасындағы  эстетикалық  құндылықтарын  тұтас  қабылдау;  адам 

бойындағы сыр-сымбатқа қатысты қасиеттерді құрметтеу және бағалай білу; ұлттық рухани және 

мәдени құндылықтардың жалпы адамзаттық құндылықтармен үйлесімділігін сақтау; жас өскіннің 

эстетикалық  көзқарасын  қалыптастыру  процесінде  оның  жас  ерекшелігін  ескере  отырып,  өзіне, 

басқа адамдарға қатысты жоғары мәдени қатынас қалыптастыру. 

          Оқушылардың  оқу  іс-әрекетін  ұйымдастыру  формалары  оқушылар  мен  мұғалімдер 

арасындағы  өзара  байланыстың  түрлеріне,  олардың  іс-әрекетінің  сипатына  қарай  былайша 

ажыратылады: 

а)  меңгеруді  ұйымдастыру,  эстетикалық  құндылықтарды  бағалай  білу,  эстетикалық 

талғамдылықтың    түрлерін  ажырата  білу  және  оның  формалары:  лекция,  дискуссия,  сабақ 

процесіндегі талдау, доклад; 

б) шеберлік пен шығармашылықтарды бақылау және бағалауды ұйымдастыру формалары: 

шығарма жазу, пікір жазу және емтихан тапсыру, интернет арқылы өз ойын бөлісу; 

в)  оқушылардың  шығармашылық  іс-әрекетін  ұйымдастыру  формалары:  үйірмелер, 

конференциялар, әдеби, музыкалық кештер және шығармашылық қоғамдар; 



г)  оқушылардың  эстетикалық  көзқарасын  қалыптастырудың  басқа  формалары:  экскурсия, 

пікір  алмасу,  газет-журналдарға  хат  жазу,  суретші,  әнші,  композиторлар  мен  дизаинерлер  және 

өнер сыншыларымен кездесу т.б.с.с. 

Осы  аталған  ұйымдастыру  формаларының    басты  бағытын  анықтайық.  Оқушыларға 

эстетикалық  тәрбие  беру  мақсатында  біріншіден,  оқушының  эстетикалық  көзқарасын  одан  кейін 

эстетикалық талғамын қалыптастыру болып табылады. Ал келесі процесс – бұл оқушылардың іс-

әрекетіндегі  эстетикалық  тәлім-тәрбие  көрінісі.  Бұл  оқушының  мінез-құлқындағы,  сөйлеу 

мәнеріндегі, іс-қимылы мен жүріс-тұрысы мен творчествосындағы және айта берсек киім киісі мен 

басқа  адамдармен  қарым-қатынасындағы  көрінісі.  Эстетикалық  көзқарас,  эстетикалық  талғам 

және  эстетикалық  іс-әрекет  қосылып,  эстетикалық  тәрбиенің  компоненттері  болып  табылады. 

Мектеп  оқушыларына  эстетикалық  тәрбие  беру  процесінде  этнопедагогикалық  құндылықтарды 

орынды  пайдалану  мәселесіне  оралсақ,  алдымен  халықтық    шығармалардағы  ән-жыр,  аңыз, 

айтыстардың    эстетикалық  маңызына  тоқтала  отырып,  оның  адам  бойындағы  қабілеттерге 

қатысты  болуына  ерекше  тоқталуымыз  қажет.  Мәселен,  кейбір  жас  өскіннің  жыр  айта  білуі  мен 

айтыс  өнеріне  қатысты  ыңғайы  болуы  мүмкін.  Осыған  орай  жас  өскіндердің,  яғни  оқушылардың 

оқу  жұмысын  ұйымдастыру  формалары  мен  әдістерінің  негізінде  олардың  эстетикалық 

көзқарасын қалыптастыру мүмкіндіктерін қарастырайық. 

           Сабақ  беру  процесінде  қазақ  этнопедагогикасының    құндылықтарын  орынды  ғылыми 

тұрғыдан пайдалану мүмкіндіктерін алып қарасақ, алдымен сол  құндылықтарды жүйелі баяндау, 

ол  демонстрациялық  тәжірибелер  мен  көрнекті  құралдар  арқылы жүргізіледі.  Жүйелі  жүргізілген 

сабақ оқушыларды ғылыми тұрғыдан саралап, одан әрмен   оның мән-мазмұнына тоқталып, оның 

қазіргі кезде қалайша пайдалану мәселесіне тоқталады. Осы арқылы оқушының өз бетінше жұмыс 

істеуіне  бағыт  береді.  Оқылатын  сабақ  арқылы  оқушы  ойлау  мүмкіндігіне  ие  бола  алады.  Бір 

сөзбен 


айтқанда, 

сабақ 


оқушылардың 

 

дүниетанымын 



тәрбиелейді, 

мәдени-рухани 

құндылықтарды  бағалай  білуге  тәрбиелейтін  басты  құрал.  Сабақ  барысында  оқушы  берілген 

тапсырма  арқылы  қазақ  халқының  әсемдікке  қатысты  құндылықтарын  атап  айтсақ,  мәнерлі 

сөйлеуге  және  сыр-сымбат  мәселесіне  ерекше  көңіл  бөлуге  тырысады.  Жақсы  киініп,  қазақ 

халқының әдемі  бұйымдар мен әсемдік қолданбалы мұраларды ажырата  білуге баулиды. Сабақ -  

оқушылардың    дүниетанымын  тәрбиелеп  қоймайды,  сонымен  қатар  олардың  эстетикалық 

талғамын  дамытады,  ол  эстетикалық  талғамының  дамуына    ықпал  жасайды,  олардың  әсемдікті 

түсіне білумен қатар, олардың қызығуы мен сүйіспеншілігін дамытады [3]. 

               Алайда,  сабақ  беру  -  бұл  тұжырымдалған  қорытындылау  өнері  емес,  оқушылардың 

өздерінің  рухани-мәдени  құндылық  потенциалдарын  тани  білумен  қатар,  қазақ  халқының 

этнопедагогикалық  құндылықтарын  өз  көздерімен  көріп  білу  арқылы  эстетикалық  талғамдарын 

дамытуға көмектеседі. Яғни, мұғалімдердің ықпалы арқылы сыр-сымбат тәрбиесіне бой ұсынады.  

          Сабаққа байланысты тапсырма – бұл оқу-әдістемелік сабақтардың  маңызды формасы, оның 

басты  мақсаты  –  нақты  рухани-мәдени  құндылықтарды  оқып  үйренуде  оқушылардың  өз  бетінше 

танымдық  белсенділігін,  дүниеге  көзқарасын  қалыптастыру  және  творчестволық  белсенділігін 

дамыту.  Ендігі  маңызды  процестердің  бірі  оқушының  сабаққа  дайындалу  барысында  баяндама 

жасай білуге ұмтылысы. 

           Қазақ  халқының  әсемдік  бұйымдарын  зерделей  келе,  олардың  рухани  құндылықтарының 

қазіргі  кездегі  орны  мен  маңызына  тоқтала  білу.  Әртүрлі  техникалық  мүмкіндіктермен  көрнекі 

құралдар  пайдалану  арқылы  баяндай  білуге    тәрбиелеу.  Сабаққа  жауап  беру  кезінде  оқушының 

шығармашылық  белсенділігін  дамыту.  Жасаған  баяндамасының  сөз  шеберлігімен  қатар,  оның 

сурет  сала  білуі,  фото  материалдарымен  қатар  өз  қолынан  жасаған  суреттері,  сәндік  қолданбалы 

бұйымдарын  орынды  пайдалана  білуін  ескеру  –  оқушының  эстетикалық  танымын  дамытуға 

ерекше үлес қосарлығы анық. 

          Егер  қазақ  халқының  сыр-сымбат  тәрбиесіне  қатысты  құндылықтарын  пайдалану 

белсенділігін  дамыта  алсақ,  онда  оқушының  эстетикалық  көзқарасын  дамыта  алдық  деп  айта 

аламыз. Оқушылардың эстетикалық көзқарасын қалыптастыру процесінде ерекше айта кететін бір 

жайт  –  бұл  қазақ  халқының  салт-дәстүрін  үйлесімді  пайдалану.  Мұғалімдер  бұл  жағдайда 

оқушыларға  жан-жақты  түсіндірумен  қатар,  оның сыр-сымбат  тәрбиесіне  ықпал  ететіндігіне    көз 

жеткізу.  Қазақ  халқында  үлкенді  силау,  ортада  өзін-өзі  ұстай  білуге  қатысты  небір  үлгілі  нақыл 

сөздер  мақал-мәтелдер  көп.  Мәселен,  «Сыртқы  пішінің,  ішкі  жан  дүниеңе  сай  болсын»,  «Кірсіз 

жүрсең,  мінсіз  жүресің»,  «Сырты  сұлудың  іші  де  сұлу»,  «Өнерлі-  адам  баршаға  үлгі»  т.б.  осы 

іспеттес небір сөздер жетерлік. 



          Оқушыға  сабақтан  тыс  уақыттарында  өз  бетінше  неше  түрлі  сәндік-қолданбалы  бұйымдар 

мен  өлең  жазу,  сурет  салуға  баулу.  Сабақтан  тыс  уақыттарда  тапсырма  берумен  қатар,  оларға  өз 

бетінше  шығармашылық  іс-әрекеттер  жасауға  жүйелі  тұрғыда  тапсырма  беру.  Мәселен,  жалпы 

білім беретін мектеп оқушыларына «Оңтүстік өңіріндегі  рухани-мәдени құндылықтар», «Әшекей 

бұйымдар мен оның тәрбиелік маңызы», «Менің ауылым менің өнерім» атты баяндамалар жазуға  

тапсырмалар  берген.  Қорытындысында,  осы  мектеп  оқушыларының  өнер  кеші,  көрмелер  күні 

ұйымдастырылып  оқушыларды  «Сыр-Сымбат  тәрбиесі»  кешін  ұйымдастырып,  онда  «Жігіт 

сұлтаны»,  «Қыз  аруы»  конкурстарын  өткізген.  Осы  байқаудан  кейін-ақ,  оқушылардың  өнерге, 

рухани-мәдени құндылықтарға қызығушылықтары арта түскені байқалған. 

          Оқушылардың  эстетикалық  талғамын  қалыптастырудың  келесі  бір  формасы  –  олардың 

әсемдік, сыр-сымбат туралы өз ойларын еркін айта білумен қатар рухани-мәдени құндылықтарды 

сипаттап қана қоймай, оларды бағалай білуге үйрету. 

         Қазақ  этнопедагогикасында  салт-сана,  әдет-ғұрып  пен  әдеттің,  дәстүрдің  халық  санасына 

сіңіп, өмірлік заң болып қалыптасуының көрінісі ретінде тәрбие құралы қызметін атқарады. Олай 

дейтініміз,  тұрмыс-салт,  әдет-ғұрып  соған  байланысты  туған  халықтық  қағидалар  -  ғасырлардың 

жемісі.  Егер  қазақ  халқы  болсын,  өзге  халық  болсын,  салт-дәстүрлерін  ұстанбаса,  олардың  жеке 

халық,  жеке  ұлт  ретінде  бүгінгі  күнге  жетуі  неғайбыл  еді.  Біріншіден,  салт-дәстүр  халықты 

тұтастырады,  бүтін  қауым  етіп,  селбесе  өмір  сүрудің  оңтайлы  үлгілерін  қалыптастырады. 



Екіншіден,  сол  халықтың  адами  қалпын  сақтап  келді.  Егер  осындай  адамгершілік  және  одан 

туатын  ізгілік,  мейірімділік,  қайырымдылық,  имандылық,  сыйластық,  кішіпейілділік,  үлкенге 

құрмет, кішіге  ізет көрсету, қамқорлық, рухани мұраларға , әсемдікті бағалай білуге т.с.с. игі, ізгі 

қасиеттерді қалыптастырды. Сондықтан да, халықтық салт-дәстүрлер ұлтты сақтаушы, әлеуметтік 

ұжымның рухани болмысын кейіптеуші үлкен, тіпті ұлы фактор. Үшіншіден, халықтар мен ұлттар 

арасындағы  қақтығыстар  мен  соғыстардан  аман  қалу,  этнос  ретінде  бүгінге  жету  халықтық  салт-

дәстүрлерді  мықтап  ұстанған  ұлттардың  ғана  маңдайына  жазылған.  Яғни,  халықтық  салт-

дәстүрлер ұлтты аман алып қалушы құдіретті күш. 

         Қазақ  халқының  салт-дәстүрі-  талай  ғасырдың  жемісі.  Оның  тамыры  тереңде.  Салт-дәстүр  - 

халқымыздың рухани дүниесі қалай дамығанының басты көрінісі ғана емес, сондай-ақ бүгінгі мен 

кешегіні байланыстырушы алтын көпір. 

      Жас  өскіннің  эстетикалық  талғамын  қалыптастыру  мақсатында,  жасөспірімдер  мен 

бойжеткендер тәрбиесіне қатысты салт-дәстүрлерді пайдалану ерекше орын алады. 

       Халық тәрбиесінде жігітке арнайы талаптар қойылған. Оны «Жігіт сыны», «Ерді бағалау» деп 

атайды. Халықтың түсінігі бойынша нағыз жігіт «Сегіз қырлы, бір сырлы болуы қажет. Мәселен, 

оны төмендегідей мысалдардан көре аламыз: 

а) сырт келбетіне қарай: «ұзын бойлы, өткір көзді, қалың қара қасты, жазық маңдайлы, екі иығына 

екі кісі мінгендей кең иықты, қою мұртты, мығым денелі, маржан тісті, т.б.»   

ә)  жан  дүниесі:  «озық  ойлы,  қызыл  тілді,  қолынан  өнер  келетін,  батыл  жүректі,  арыстандай 

айбатты, қабыландай қайратты, нардай қажырлы, жылқы мінезді, қырандай сақ, түлкідей айлалы, 

наркескен  қайырылмайтын  қылыш  жігіт,  әлсізге  жанашыр  жігіт  т.б.»  болса  дей  келе,  осы 

қасиеттер бойынан табылғанда «жігіттің қыраны, жігіттің лашыны, жігіттің құланы, арыстан жігіт, 

нар жігіт, жігіттің сұлтаны және т.б» деп жатады. 

б)  қабілетіне  қарай:  «басшы  жігіт»  -  ел  тізгінін  қолына  алатын  жігіт;  «шешен  жігіт»  -  ел 

арасындағы  тартыс,  дау-дамайды  ең  басты  қаруы  –тілмен  шешетін  жігіт;  «батыр  жігіт»  -  ел 

іргесіне  жау  шапқанда,  сауыт-сайманын  асынып,  қалқан  болар,  ел  мен  жерді  білектің  күші, 

найзаның  ұшымен  қорғап  алатын  тірек  жігіт;  «сері  жігіт»  -  астына  жүйрік  атты  ерттеп  мініп, 

қасына  құмай  тазысын  ертіп,  қолына  лашын  құсын  қондырып,  күн  көзіне  жарқ-жұрқ  еткен,  қару 

асынған,  жиын-тойға  жиылған  халықтың  көңіл-күйін  құйқылжыған  ән-жырмен  бір  көтеріп, 

мерейін  үстем  етіп,  жанын  жадырататын  жігіт;  «жомарт  жігіт»  -  қолы  ашық,    ақ  көңіл,  жарқын 

жігіт;  «балуан  жігіт»  -  тепсе  темір  үзетін,  бұлшық  еттері  ойнақы,  шапшаң  қимылдайтын  жігіт; 

«үйкүшік жігіт» - үй шаруасын дөңгелетіп, үйдің анау-мынау шаруасымен үйден шықпайтын жігіт 

т.б. 

      Қазақ  халқында  қыз  баласын  әсемдікке  құштарлық,  шыдамдылық  пен  іскерлік  сияқты  адами 



қасиеттерге баулуда қол өнерінің бұл түрінің орны ерекше болған. Әдетте, ою-өрнек арқылы әйел 

қауымы қоршаған ортаға, табиғатқа, белгілі бір құбылысқа деген көзқарасын білдіруге тырысқан, 

соған сәйкес ою-өрнек түрлері мен бояу түсін іріктеп алып отырған. Онда ашық гүл, жұлдыз гүл, 

шыққан  күн,  қошқар  мүйіз  сияқты  космогониялық,  зооморфтық,  өсімдікті  бейнелеу  және 

геометриялық сарындар басым болды. Осы тұста біз Ө.Жәнібековтің «Қазақ ою-өрнегінің көркем 


ойдың және оның икемді баламасы – түрдің ғасырлар бойы белгілі бір тәртіппен дамып келгеніне 

байланысты өзіндігі мен өзгешеліктерін сақтап, бізге жеткені мәлім. Онда елдің тектестік жағынан 

қалыптасу  кезеңіне  меңзейтін  жайттар  да  жоқ  емес.  Мысалға  алсақ,  көне  түркілердің  түсінігі 

бойынша  құс  –  көктің,  балық  –  судың,  ағаш  –жердің  белгісі  болған  екен.  Ал  олардың  қазақ  ою-

өрнегінің  мақлұқаты,  нәубетаты,  ғарыштаты,  тікесызықты,    нышандық,  танымдық  т.б. 

сарындарының  мазмұнын  байыта  түскені  белгілі»  -  деген  пікіріне  сүйеніп,  қолөнердің  айрықша 

түрі  ою-өрнек  арқылы  әйел  қауымында  ертеден-ақ  өз  дүниетанымын  білдіру  мүмкіндігі  болған 

деген негіз жасай аламыз [4]. 

       Қыз баласының эстетикалық даму міндетін шешуші фактордың бірі- қол өнеріне баулу, оның 

бойына  талғампаздық,  іскерлік,  шыдамдылық  сияқты  қасиеттерді  сіңіре  отырып  іске  асырылған. 

Бұл  еңбекті,  іс-әрекетті  ұйымдастыруда  рефлекстік  даму,  өзін-өзі  бақылау,  өз  іс-әрекетіне  ойша 

талдау жасауға үйрету де пайымдалған. Қазақ отбасында қыз баланы рухани мәдениетке ендіру ісі 

қарым-қатынас  арқылы,  басқалардың  іс-әрекеті  мен  өз  іс-әрекетін  салыстыру,    баға  беру  арқылы 

жүзеге  асырылған.  Яғни,  қол  өнеріне  баули  отырып,  еңбекке  тәрбиелеуде  төмендегі  тәсілдер  жиі 

орын алған; 

қыз баланың алдында белгілі бір іс-әрекет жасауға ынталылық туғызатындай міндет қою; 



сол іс-әрекетті шешуге қажетті дағдыны алдын-ала меңгерту; 

іс-әрекетті жаттықтырып, қалыпты жағдайға айналдыру; 



Қазақ  халқының  баспананы  безендіруде  аса  қадірлі  болып  есептелетін  бұйымының  бірі  – 

кілем.  Оны  жасауға  эстетикалық  талғам  деңгейі  сәйкес,  өрнектер  мен  түрлі  түстерді 

сәйкестендіріп  таңдай  білетін  бірнеше  кілемші,  яғни  халық  суретшілері  қатысады.  Қазақтың 

біртуар азаматтарының бірі Ө.Жәнібеков қазақ қоғамының әлеуметтік және эстетикалық тұрғыдан 

игерген  іс-тәжірибесі  тарихына  арналған  «Жаңғырық»  атты  туындысында  қол  өнер 

бұйымдарының жасалу жолдарын жан-жақты талқылап, сипаттай келе, «Қазақстандағы кілем тоқу 

өнерінің тамыры тереңде. Онымен негізінен әйелдер айналысқан» - дейді. 

        Киіз  және  кілем  бұйымдарын  ауылдас,  туыс  қыз-келіншектер  тәжірибелі  шебер 

әйелдердің  басшылығымен  жасайды.  Жас  қыздар  жүн  түтіп,  жүн  бояу,  ою-өрнектердің  түрлерін 

таңдау арқылы эстетикалық талғамдары дами түскен. 

        Оқушыларға  эстетикалық  тәрбие  беруде,  олардың  эстетикалық  көзқарастарын 

қалыптастыруда  әрбір  халық,  ұлт  ғасырлар  бойы  жинақтаған,  уақыт  сұрыптаған  халық  ауыз 

әдебиеті  шығармаларының  орны  ерекше.  Сол  себепті  этнопедагогиканы  халық  ауыз  әдебиетінсіз 

елестету мүмкін емес. 

Ресейдің белгілі педагог-ғалымы Г. Н. Волков, - «Этнопедагогиканың негізгі тірегінің бірі – 

ауыз әдебиеті. Жас балаға тәрбие беру процесінде халық ауыз әдебиеті үздіксіз пайдаланылады» - 

деген сөзінің астарына көз салсақ көп нәрсеге ой салатыны сөзсіз [5]. 

        Этнопедагогика  құралы  ретінде  халық  ауыз  әдебиетінің  шығармаларын  пайдаланудың 

мынадай  басты  шарттары  бар.  Біріншіден,  жазу-сызу,  қалалық  мәдениет  қалыптаспай  тұрған 

кезеңде сол ғасырлар бойы халықтың ауызша шығарып, ұрпақтан ұрпаққа жетіп отырған әдебиеті 

өз  бойына  өмірден  алынған  халық  даналығын  жинаған.  Бұл  жөнінде  талай-талай  ғұламалар, 

ойшылдар, оқымыстылар ой толғаған.  

       Қазақ халқының  эпостық жырлары мен ауыз әдебиетіндегі небір жанрларды оқу-тәрбие 

барысында    орынды  қолдану  оқушылардың  рухани    дүниесін  кеңейтіп  қана  қоймайды,  олардың 

эстетикалық талғамын дамыта түседі. 

Қазақ  халқының  «Қыз  Жібек  пен  Төлеген»,  «Қозы  көрпеш  Баян  сұлу»  жырларындағы  адам 

бойындағы  жағымды  қылықтары  жайлы  сипаттай  отырып  дискуссия  өткізу  құптарлық  іс. 

Шымкент  қаласының  №65  гуманитарлық  эстетикалық  гимназия  мектебінің  6-сынып  оқушылары 

«Қазақ  эпосындағы  сыр-сымбат»  -  жайлы  тақырыпта  кеш  өткізіп  жан-жақты  талдау  жасады.  Сол 

кеште  қыз  бойындағы  қасиеттер  мен  қатар  ер  жігіттің  мінез-құлқы,  әдебі,  киінуі  жайлы  айтыла 

келіп,  кеш  соңында  қазақ  жігіттері  мен  қыздарының  ұлттық  киімдерін  көрсету  шеруін  өткізген. 

Міне  осындай  тәрбиелік  әсері  бар  іс-әрекеттер  оқушылардың  дүниетанымын  кеңейтіп, 

эстетикалық талғамдарының дамуына ықпал етеді.  

Қазақ  этнопедагогикасының  қазіргі  жастарға  берері  көп.  Оны  дәл  қазір  пайдалана  білсек 

келешек  жастарымыздың  қоғамымыздың  белсенді  мүшелері  болары  айдан  анық  –  дейді, 

З.Әбілқызы [6]. 

Мәселен,  мектеп  қабырғасында  өтетін  «Қыз  сыны»,  «Жігіт  сұлтаны»  кештерінде  айтыс 

жанрларын пайдалануға болады. Қыз бен жігіт айтысында адам бойындағы ізгі қасиеттер, әртүрлі 

өнер түрлерінің болуы, киім киісі және өз ортасында өзін-өзі ұстай білуі жөнінде талдай келе «Қыз 


өссе  елдің  көркі»,  «Жігіт  сұлтаны»  іспеттес  тақырыптар  төңірегінде  өткізу  құба-құп.  Оқу-тәрбие 

процесінің  нәтижелі  болуы  ой-өрісінің  кең  болуы,  жаңашылдығы  мен  эстетикалық  талғамының 

жоғары болуына да байланысты. Жоғарыда біз атап көрсеткен этнопедагогикалық құндылықтарды 

жүйелі  түрде  пайдалану  оқушылардың  эстетикалық  талғамын  қалыптастырып  қана  қоймайды, 

сондай-ақ олардың эстетикалық тәрбиесіне ерекше ықпал етеді.     

 

Әдебиет 

 

1  Жарықбаев Қ., Қалиев С. Қазақ тәлім-тәрбиесі: оқу құралы. – Алматы: Санат, 1995. – 352 б.   

2  Ұзақбаева С.А. Балаларға эстетикалық  тәрбие берудегі халық дәстүрі. - Алматы, 1990.- 5 б. 

3  Әбенбаев С. Ш. Оқушы жастарға эстетикалық тәрбие беруді жетілдіру. - Алматы: Мектеп, 1992. - 13б. 

4  Жәнібеков Ө. Ж. Жолайрықта. - Алматы: Өнер, 1995.- 13б. 

5  Волков Т. Н. Этнопедагогика: учебное пособие. - М.: Наука, 2000. -139 с.  

6  Әбілқызы З. Қазақ халқының этнопедагогикасы // Қазақстан мектебі.- 1990. - №2.- 25 б. 

 

Резюме  



 

 В  данной  статье  рассматриваются  цели,  задачи  и  методы  формирования  эстетических 

взглядов школьников подросткового возраста с помощью элементов казахской народной педагогики. 

Особое  место  в  народной  педагогике  отведено  эстетическому  воспитанию.  Задача  эстетического 

воспитания  –  научить  детей  ценить  материальные  и  духовные  ценности  окружающего  мира. 

Отмечено,  что  в  процессе    формирования  эстетических  взглядов  школьников-подростков 

использование  казахских  народных  традиций  играет  большую  роль  в  воспитании  подрастающего 

поколения.   



 

Summary 

 

 In given clause the purposes, tasks and methods of formation of aesthetic sights of the schoolboys of 

teenage  age  with  the  help  of  elements  of  the  Kazakh  national  pedagogics  are  considered(examin ed).  The 

special  place  in  national  pedagogics  is  removed(allocated)  to  aesthetic  education.  A  task  of  aesthetic 

education  -  to  learn  children  to  appreciate  material  and  spiritual  values  of  the  environmental  world.  Is 

marked, that during formation  of aesthetic sights  of the schoolboys  - teenagers  use  of the Kazakh national 



traditions plays the large role in education of growing up generation.   

 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал