Павлодар қаласы №2 жалпы орта білім беру мектебі №4



жүктеу 148.27 Kb.

Дата11.09.2017
өлшемі148.27 Kb.

Павлодар қаласы №2 жалпы орта білім беру мектебі 

******

 

№4 

(

басылым 

2016 жылдың 24 қазанынан бастап шығады) 

«Болмасаң да ұқсап бақ...» 

(Абай) 

КӨЗАЙЫМ 

******************************************************************

 

Мектеп газетінің назарында: 

Жағымды жаңалықтар легі... 

Жүлдегерлер анықталды. 

«Қысқы Универсиада-2017» 

Қанатыңды кең серпі, 

Универсиада! 

Іс-шара 

Бірыңғай сынып сағаттары 

өткізілді. 

Жамандықтан жирен, жақсыдан 

үйрен! 

Бәрекелді! 



Шахмат үйірмесі ашылды. 

Семинар-практикум 

 


Жағымды жаңалықтар легі... 

 

ЖҮЛДЕГЕРЛЕР АНЫҚТАЛДЫ 

 

         Мектеп  табалдырығын  білім  саласындағы  бірқатар  тың  жобаларымен  бірге 



аттаған  биылғы  оқу  жылы  жақында  мектеп  ұжымын  жағымды  жаңалықтарымен 

қуантты.  2016  жылдың  күзі  мен  2017  жылдың  алғашқы  жартысы  аралығында  

облыстық,  республикалық  және  халықаралық  байқауларға  қатысқан  дарынды 

оқушыларымыз 

жүлдегер 

атанды.          

          Сондай-ақ,  талапты  шәкірттерін 

аламанға  қыран  құстай  баптап  қосқан 

тәлімгер  ұстаздар  да  әр  түрлі  марапат 

иелері 

атанып, 


еңбектерінің 

еш 


кетпегеніне риза болысты. Мектебіміздің 

намысын қорғаған жүлдегерлермен таныс 

болыңыздар: 

-

 



 «Пони» халықаралық байқауында 

Достов Айзат, Мағзум Мансур, Сұраған 

Аружан,  Балташев  Қобыланды  жүлдегер 

атанды. 


-

 

Жас агрономдардың «Жұлдыздар 



жарқырайды» облыстық слетінде Қаратай 

Диас 


 

ІІІ 


дәрежелі 

Дипломмен 

марапатталды; 

-

 



Желілік қоғамдастық қызметін 

жүзеге  асыру  мақсатында  облыстық 

зияткерлік  математикалық  «Гонка  за 

лидером»  ойынында  №2  жалпы  орта 

білім  беру  мектебінің  құрама  тобы  ІІІ 

дәрежелі  Дипломмен,  информатика  және 

компьютерлік  ойлау  бойынша  өткен 

ойын-байқауда Дамира Байжанқызы ІІІ  

 

орынға ие болып, Дипломмен  марапат- 



талды. 

-

 



Мадина Қажмағамбетова теогра- 

фия 


бойынша 

ұстаздарға 

арналған 

республикалық 

дистанциондық 

олимпиадасында  жеңімпаз  атанып,  ІІІ 

дәрежелі Дипломмен марапатталды. 

-

 



Дариға Қапсалямова «А.С.Пушкин 

 глазами детей» ХІІ балалар суретінің 

халықаралық 

байқауына 

қатысып, 

Дипломмен марапатталды. 

-

 

Жас агрономдардың «Жұлдыздар 



жарқырайды» 

облыстық 

слетіне 

оқушыларды  дайындағаны  үшін  Алғыс 

хатымен Естаева Алтын Уахитқызы және 

«Пони» 


халықаралық 

байқауында 

Жапарова 

Айгүл 


Муслимқызы, 

Қазанғапова  Манар  Шакуовна,  Смағұл 

Жангерім Дипломмен марапатталды. 

 

Қорлығайын ТАБУЛОВА,  

№ 2 ЖОББМ оқу-тәрбие 

 жұмысы жөніндегі  

директордың орынбасары. 

******************************************************************************************************** 

«Қысқы Универсиада - 2017» жарысы 

 

ҚАНАТЫҢДЫ КЕҢ СЕРПІ, УНИВЕРСИАДА!  

 

-

 



ХХVІІІ 

Дүниежүзілік 

Қысқы 

Универсиада  қайда  және  неше  күнге 

жоспарланған? 

-

 



Алматы қаласында ағымдағы жылдың 29 

қаңтарынан 8 ақпан аралығын қамтиды.  

-

 

Универсиадаға кімдер қатысады? 



-

 

17-ден 



28 

жас 


аралығындағы 

студенттер, аспиранттар 

және 

ЖОО 


түлектері. 

-

 



Оған 

шетелдік 

қанша 

спортшы 

қатысты?  

-

 



(FISU) альянсына кіретін 50 елден 5 000-

нан астам студент қатысты. 

-

 

Жарыста  қандай  спорттық  ойындар 



ойналады? 

-

 



Спорттың  13  түрінен  (8  міндетті  және  5 

қосымша). 



-

 

Қазақстан спортшыларының алғашқы жетістіктері қандай? 

-

 

Бүгінге  дейін  Қазақстан  қоржы  2  алтын,  екі  күміс,  төрт  қола  медальдармен  толығып, 



алғашқы жарыс қорытындысы бойынша ІІ орынды иеленді.  

-

 



Универсиада тарихын білгің келе ме? 

-

 



Студенттік  спорт  тарихы  1905  жылы  басталды.  Осы  жылы  АҚШ-та  студент  жастардың 

алғашқы халықаралық жарысы өтті. Бірінші Дүниежүзілік студенттік ойындар 1923 жылы 

Парижде  ұйымдастырылды.  Универсиада  әлемдегі  ең  айшықты  халықаралық  бұқаралық 

спорт және мәдени оқиғалардың біріне айналды. 

      Универсиаданы  Алматыда  өткізу  туралы  ресми  шешім  2011  жылғы  29  қарашада 

Брюссельде Халықаралық университеттік спорт федерациясында (FISU) өткен дауыс беру 

нәтижесінде  қабылданды.  Универсиада  жалауын  Алматы  қаласына  беру  салтанатты 

рәсімі2015 жылғы 15 ақпанда Испанияның Гранада қаласында өтті. 

                                                                                                                           www.akorda.kz. 

Іс-шара 

БІРЫҢҒАЙ СЫНЫП САҒАТТАРЫ ӨТКІЗІЛДІ 

 

 

         Қаңтардың 25-і күні 1-11 сыныптар аралығында  Алматы қаласында XXVIII 

қысқы  Универсиаданың  өткізілуіне  байланысты  «Қанатыңды  кең  серпі»  атты 

бірыңғай сынып сағаттары өткізілді. 

.  

 

 

       ЖАМАННАН ЖИРЕН, ЖАҚСЫДАН ҮЙРЕН! 

 

         Жақында №2 жалпы орта білім беру мектебінде «ЖТБО технологиясы арқылы 

сабақ  үстіндегі  оқушылардың  жұмысын  ұйымдастыру»  әдістемесі  бойынша 

семинар-практикум өтті.  Оған қала мектептерінің бастауыш  сынып мұғалімдері де 

қатысты.         

         Бұл 

күні 

аталған 


технология 

негіздерін  толық  меңгеріп,  тиімділігін  іс 

жүзінде 

бағамдай 

білген 



«г» 



сыныбының  мұғалімі  Еркасова  Алия 

Шаймұратқызы  және  3  «в»  сыныбының 

мұғалімі Бушумбаева Нұргүл Хамитқызы 

өз тәжірибелерімен бөлісті.  

        Олар  математика  және  қазақ  тілі 

пәндерінен  ашық  сабақтар  өткізді. 

Оқушылар 

сабақ 


барысында 

жаңа 


тақырыпты  үйреніп  қана  қоймай,  өз 

білімдерін 

өздері 

әділ 


бағалай 

алатындарын да көрсетті. 

       Ал  ұстаздар  болса,  жаңа  әдістеме 

негізінде  өткізілген  сабақтар  жөнінде  өз 

ұсыныс-пікірлерін 

ортаға 


салып, 

жаңашыл  жобаның  оқушылардың  білім 

сапасын  көтерудегі  маңыздылығына  ден 

қойды.  


Айгүл МОЛДАШ. 

**************************************************************************** 

Бәрекелді! 

ШАХМАТ ҮЙІРМЕСІ АШЫЛДЫ 

 

Жақында  мектебіміздің  екінші  қабатында  шахмат  үйірмесі  ашылып,  екі 

ауысым негізінде жұмысын бастады. Аталмыш спорт «шеберханасы» үйренуге ниет 

білдірген  кез  келген  сынып  оқушыларын  қабылдайды.  Үйірме  жетекшісі  Қанағат 

Ерғалиев  азғана  уақыт  ішінде  үйірме  қатысушыларының  саны  50-ді  еңсергенін 

айтады. 

  

 



 

******************************* 

Гүлжан ЖАМЕНКЕНОВА, 

 ДТЖжО. 

Семинар-практикум 

 

ТИІМДІ САБАҚ - МҰҒАЛІМНІҢ КӘСІБИ ТҰРҒЫДАН 

ӨСУ КЕПІЛІ 

 

Таяуда 



«ЖТБО  технологиясы  арқылы  сабақ  үстіндегі  оқушылардың 

жұмысын  ұйымдастыру»  әдістемесіне  сүйене  отырып,  «Ұзындық.  Масса.  Көлем» 

тақырыбы  бойынша  1  сынып  оқушыларымен  семинар-практикум  өткіздім.  Сабақ 

ашық сабақ түрінде өтті.  

Мақсатым:  оқушылардың  білім,  білік, 

дағды деңгейлерін қалыптастыра отырып, 

белсенділігін  арттыру  болды.  Бірінші 

сынып 

оқушылары 



оқуға 

жаңа 


бейімделіп  келе  жатқандықтан,  ЖТБО 

технологиясын 

пайдалануда 

біраз 


қиындықтар кездесті. Сондықтан  

олардың сабаққа деген  

қызығушылықтарын  арттыру  үшін  әр 

түрлі:  «Сұхбат»,  «Жол»  сияқты қозғалыс 

ойындарын пайдалануға тура келді.  

Білімді  меңгерту  сатысында  түрлі 

флипчартта 

жасалған 

тапсырмалар 

тараттым. 

Бұл 

оқушылардың 



белсенділігін 

арттыруға 

көмектесті. 

Оқушылар 

жеке 

тұлғаға 


арналған 

парақтағы 

тапсырмаларды 

орындай 


отырып,  өз  бетінше  жұмыс  істеуге 

бейімделіп  келе  жатқанын  байқадым. 

Оқушылардың  білімі  дифференциалды 

қарым-қатынаста  жүзеге  асты.  Ал,  сәл 

күрделірек  тапсырмаларды  оқушылар 

алгоритмге  қарап  жасады.  Олар  сабақ 

соңында  тапсырма    кілттері  арқылы  өз 

жұмыстарына баға берді. 



 

Әлия ЕРКАСОВА, 

1 «г» сыныбының мұғалімі. 

***************************************************************************** 



Мектепішілік байқау 

ДӘСТҮРГЕ АЙНАЛҒАН ТАҒЫЛЫМДЫ ШАРА 

 

Кеше, №2 жалпы орта білім беру мектебінде 4 гимназия сыныптары арасында 

«Қалижан Бекхожин оқуларынан» сайыс өтті. 

         Байқауға  6  оқушы  қатысты.  Байқау 

екінші дүниежүзілік соғысының ардагері, 

Қазақстанның 

халық 

жазушысы, 



Қазақстан 

мемлекеттік 

сыйлығының 

лауреаты, ақын, драматург, аудармашы  

Қалижан 

Нұрғожаұлы 

Бекхожиннің 

шығармашылығына 

арналды. 

Сайыс 


ақын 

туындыларын 

жас 

ұрпақтар 



арасында  насихаттау,  олардың  туған 

еліне,  жеріне  деген  патриоттық  сезімін 

қанаттандыру  мақсатында  жүзеге  асты.          

Қ.Бекхожин 

1910 

жылы 


Баянауыл 

өлкесінде  әулиелі  Қызылтауда  дүниеге 

келген.  Азан  шақырып  қойған  аты  Қали-

Мұхаммед.  

      Қалижан  Нұрғожаұлы  60-тан  астам 

ғылыми мақала және «Қазақ баспа сөзінің 

даму  тарихы»  атты  монографиялық 

кітаптың  авторы.  Байқауда  қатысушылар 

ақынның 

өздері 


таңдаған 

бірқатар 

шығармаларын жатқа оқыды.

  

       Қазылар 



алқасы 

оқушылардың 

білімдері  мен  таланттарын  жаттаған 

өлеңдерінің 

көлеміне, 

санына 


қарай  және  шығарма  көркемдігін  сақтай 

отырып,  ақын  қиялын  толғандырған 

жағдайларды 

нақышына 

келтіре 

мәнерлеп,  жатқа  оқу  шеберліктеріне  ден 

қойды.  

     Тағлымы  мол  әдеби  іс-шара  алдағы 

уақытта ынталы қатысушыларымен әлі де 

толыға  түсер деген үміттеміз. 



А.МОЛДАШ.

 

 «КӨЗАЙЫМ» қоржынынан... 

 

ҚЫСҚЫ УНИВЕРСИАДАНЫ ТАМАШАЛАҒЫМ КЕЛЕДІ... 

 

Мен  №2  орта  мектептің  4  «ә» 

сыныбында  оқимын.  Үлгерімім  өте 

жақсы.  Сабақтан  кейін  воллейбол,  таэк-

вондо 

үйірмелеріне 



қатысамын. 

Жетістіктерім  де  жоқ  емес.  Ата-анам  да, 

ұстазым  да,  достарым  да  мені  мақтан 

етеді.  


Жақында 

сыныбымызда 

«Қанатыңды  кең  серпі,  Универсиада-

2017»  тақырыбында  сынып  сағаты  өтті. 

Мұғаліміміз  Айгүл  Тұрсынқызы  спорт 

тарихында  алғаш  өткелі  жатқан  қысқы 

ойындардың  29-қаңтар  мен  8  ақпан 

аралығында  Алматы  қаласында  өтетінін 

айтты.  Онда  көптеген  шет  елдерден 

мықты  спортшылар  келіп,  спорттың  12 

түрінен  бақтарын  сынамақшы  екен.  Ал, 

Қазақстанның  намысын  ең  үздік  171 

спортшы қорғамақ. Мұғалім тақтаға  

қысқы  жарыстың  логотипі  мен  жарысқа 

қатысуға  келіп  жатқан  спортшылардың, 

олардың 


орналасып 

жатқан 


қалашығының суреттерін ілді. Мен қатты 

қызықтым! 

Алматыға 

барып, 


сол 

ойындарды 

өз 

көзіммен 



көріп, 

тамашалағым келді...  

Спортты  жақсы  көргендіктен  бе  шығар, 

ер  жеткенде  Мұстафа  Өзтүрік  ағамыздай 

қазақтың  намысын  қорғайтын  мықты 

спортшы  болсам  деймін.  Ағам  маған: 

«армандар  міндетті  түрде  орындалады, 

тек  ол  үшін  көп  тер  төгу  керек»  дейді. 

Енді, бұдан былай мен де көп жаттығып, 

көп 


еңбек 

ететін 


боламын 

және 


болашақта осы арманымның орындалуын 

асыға күтемін!   



Абзал МАМЕТОВ, 

4 «ә» сынып оқушысы.

 

                              ҚЫС КЕЛДІ 

 

         Жылдың  төрт  мезгілінің  ішінде 

маған  қыс  мезгілі  ұнайды.  Осы  қысқы 

демалыста ауылдағы ата-әжемнің үйіне  

 

 

 



 

 

бардым. Олардың ауылы тау бөктерінде  



орналасқан.  Әжем  күнде  пешке  от 

жағады,  су  тасиды,  қорадағы  малға 

қамқор  болады.  Ал,  сиыр,  жылқы,  қой 

жаз  шыққанша  қорада  тұрады.  Әрине, 

қыста жануарларға тамақ тауып жеу оңай 

емес.  Сондықтан,  олар  атам  әзірлеген 

жем-шөпті  жейді.  Мен  онда  сауысқан, 

ала  қарғалар,  торғайларды  көрдім. 

Ауылда  достарым  да  бар.  Біз  бірігіп, 

аққала  жасаймыз,  сырғанақ  тебеміз. 

Қыста  көптеген  мейрамдар  бар.  Маған 

әсіресе, Жаңа жыл мерекесі ұнайды. 



                                                                                                            

 

Нұрай  АРЫСТАНОВА, 

2 «г» сынып оқушысы. 

 

ҚЫС, МЕН СЕНІ ЖАҚСЫ КӨРЕМ..! 

 

             

           Әкем  айтқандай,  әр  мезгілдің 

өзіндік  ерекшелігі  бар.  Бірде  қатты 

ашулы,  бірде  мейірімді  болып  келеді. 

Биыл  біздің  жақта  қыс  аса  қатал  емес, 

бірақ  қар  қалың  түсіп  жатыр.  Көшеде 

асыққан  адамдар,  ағылған  көліктер  көп-

ақ. Қыс мезгілі маған қатты ұнайды. Оны 

өзге  балалар  сияқты  мен  де  асыға 

күтемін.  Себебі,  аққала  жасап,  шанамен 

сырғанап,  Жаңа  жыл  мерекесінде  Аяз 

атаның сыйлығын алғым келеді.  

Мен  таңертеңгілік  таңғы  салқын 

ауаны  жұтып,  серуендегенді  ұнатамын. 

Ол кезде айнала аппақ көрпе жамылып, 

 ұйқысынан жаңа тұрып  жатады. 

Кейде  маған  ауладағы  мына 

ағаштар,  үйлер  –  бәрі-бәрі  керемет  бір 

ертегідегідей, 

өзім 


сол 

ертегінің 

кейіпкеріндей  сезінемін.  Сондай  әдемі! 

Ал,  таңғы  Күн  нұры  аспанға  көтерілген 

шақта  оның  қарға  түскендегі  сәтін 

көрсеңіз... Қардың беті бірден жалт-жұлт 

еткен  сан-түрлі  жылтырақтарға  толып, 

билеп  кетеді.  Әдемілігі  сонша,  тіпті, 

көзіңді  ала  алмайсың.  Өзіңді  бір  сәт 

Күнмен  шағылысқан  жаңағы  жылтырақ 

сәулемен  ойнап  тұрғандай  сезінесің. 

Сондай  әсерлі!  Сол  сәтті  ұзақ  тұрып, 

тамашалаймын.  Мұндайда  менің  көңіл-

күйім  бірден  көтеріліп  кетеді.  Мектепке 

де  қуана-қуана  барамын.  Қыс,  мен  сені 

жақсы көрем..! 

 

Алдияр МҰРАТОВ, 

2 «г» сынып оқушысы.

БҮРКІТ 

 

Қазақ  халқы  құстардың  ішінен 



бүркітті 

тәккапарлықтың 

ерліктің, 

батылдықтың,  қайсарлықтың  белгісі  деп 

таниды.  Олар  ұяларын  биік  таулардың 

ұшар  басына  салады  және  таза  ауа  мен 

тазалықты  ұнатады.  Бар-жоғы  30  жыл 

өмір  сүрсе  де,  аса  қадірлі  құс.  Бүркітті 

«қыран құс» деп те  атайды. Ел арасында 

ерлік  істерімен  көзге  түскен  батырларды 

қыран  құсқа  теңеп,  оларды  мақтан  ету 

дәстүрге 

айналған. 

Жаңа 


туған 

нәрестелерге  де  ермінезді  болсын  деп 

«Бүркіт»  есімін  берген.  Халқымыздың 

оған  деген  ең  үлкен  құрметін  оның 

бейнесін 

мемлекеттік 

Туымыздың 

нышаны  ретінде  қабылдап,  өрнектеуінен 

де  байқауға  болады.  Бүркіт  –  өте  алғыр, 

қырағы 


құс. 

Түр 


келбеті 

суық 


көрінгенмен,  ерекше  сымбатты  құс.  Осы 

уақытқа  дейін  аталарымыз  бүркітті 

баптап,  мәпелеп  өсіріп  келеді.  Ал 

аңшылар  аң  аулауға  шыққанда  сәйгүлік 

ат мініп, тазы мен бүркітті ертіп шығады. 

Мұны – аңнан табысты оралудың белгісі 

деуге болады.  

Нұрхан ТҰРҒАНБЕК, 

4 «ә» сынып оқушысы. 

***************************************************************************** 


САУЫСҚАН ТУРАЛЫ СЕН НЕ БІЛЕСІҢ? 

 

Сауысқан  біздің  өңірдегі  қыстап 

қалатын құстардың бірі. Ол - ала қанатты, 

ұзын құйрықты, мешкей құс.  

 

Олар кез келген тамақты қорек ете 



береді және өте сақ. Мазасыздығы сонша, 

бір  орында  көп  тұра  алмайды.  Ұшып-

қонып,  өз-өзімен  әлек  болады  да  жүреді. 

Олар жылтыраған  

 

нәрселерді 



ұнатады. 

Жолда 


кәмпиттің  жылтырақ  қағазы  жатса,  олар 

соны  көріп  қойып,  тұмсығымен  шоқып 

ұясына  алып  кетеді.  Олар  өзге  құстар 

секілді  балапандарын  өздері  басып 

шығармайды.  Жұмыртқасын  ұрланып 

барып,  өзге  құстардың  ұясына  апарып 

тастайды.  Сөйтіп,  балапандары  да  өзге 

құстың  ұясында  өмірге  келеді.  Үлкендер 

сауысқандарды  «бірлігі  жоқ  құстар»  деп 

те  айтады.  Олардың  бұл  ерекшелігін 

ағашта,  электр  сымдарында  қонақтап 

отырған  отырыстарынан  да  байқауға 

болады. Олар ешқашан бір-бірінің жүзіне 

қарамайды.  Есесіне,  ағаштың  қабығын 

аршып, діңіндегі құрттарды жеуге шебер. 

Осы  әрекетімен  табиғатқа  көп  пайдасын 

тигізеді. 

Олар 


ағаштарды 

зиянды 


насекомдардан тазартады. 

Біз 


оларға 

ұя 


жасап, 

жем 


тастаймыз. 

Нұрия ЕШКЕНОВА, 

4 «ә» сынып оқушысы. 

 

 

МЕНІҢ МЫСЫҒЫМ 

 

          Біздің  үйде  кішкентай  ғана  сұр 

мысық бар. Ол өте сүйкімді. Анамыз үйге 

алып  келгенде,  оның  туғанына  бір-ақ 

апта  болыпты.  Біз  оны  бірден  жақсы 

көріп  кеттік.  Анамнан  мысықтардың  он 

жылға дейін өмір сүретіндерін білдім. Ол 

тек  тышқан  аулай  бермейді,  сүт  ішіп, 

тамақ  та  жейді.  Кейде  еркелеп  тәтті 

қылықтарымен  көңілімізді  де  көтереді. 

Анасын  сағына  ма,  әлде  әлденеге  ренжи 

ме,  кейде  мияулап,  жылайтын  сияқты 

болады.  Ондайда    бәріміз  оны  аяп, 

басынан  сипаймыз.  Маған  бір  тәтей: 

«егер  мысығыңның  түсі  үш  түсті  ала 

болса,  онда  сен  бақыттысың»  деген  еді. 

Менің мысығымның түсі де үш түсті ала.  

        Демек, мен бақытты шығармын, иә?!

 

 

Ақжан ИДРИСОВА, 

4 «ә» сынып оқушысы. 

 

 

 


Тарих және тағлым 

ӨҢІР ТАРИХЫНАН ҮЗІК СЫР 

 

 Ақсу  өңірі  –  қазақтың  талай  асылдарын  өмірге  әкелген  құтты  өңір.  Ол 

қазақтың  халық  композиторы,  әнші,  ақын  Иманжүсіп  Құтпанұлы,  ақын-демократ, 

қаламгер, мұғалім-ағартушы, қоғам қайраткері Сәбит Дөнентаев, Кеңес Одағының 

батыры  Қанаш  Қамзиндердей  дара  тұлғаларды  өмірге  әкелсе,  Орта  жүздің  белгілі 

биі,  асыл  сөздің  шешені  Қазанғап  Сатыбалдыұлының  да  мәңгілік  жай  тапқан 

мекені.  

ТАСТЕНБЕК ӘУЛИЕ ДЕГЕН КІМ? 

 

         Тастенбек Қожаұлы Ақсу қаласы  



Қызылжар  ауылдық  округіне  қарасты 

Сарышығанақ 

ауылының 

(бұрынғы 

Калининский  совхозы)  «Үш  ағаш» 

бөлімшесінде  қазіргі  «Жаңа  шаруа» 

ауылында  дүниеге  келген.  Руы  –  қырбас 

найман.  Жерлестері  оны  «Тастеке»  деп 

атап кетіпті. Бойында ерекше қасиеті бар 

әулие  шамамен,  19-ғасырдың  орта 

кезінде өмірге келіп, 1924-1925 жылдары  

қайтыс 


болған. 

 

 



ТАРИХТЫ ТАНУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

 

Қай  ұлт,  қай  халық  болмасын  өз 



тарихы  мен  мәдениетін  терең  танып, 

құрметтегенде  ғана  келешегін  нақты 

айқындай  алады.  Өткенді  еске  алмай, 

жаңаны құру – мүмкін емес! Бүгінгі өсіп 

келе  жатқан  жас  ұрпақ  алдыңғы  көшке: 

ата-анасына, үлкендерге, танымал  

тұлғаларға,  ұлт  қайраткерлеріне  қарап 

бой  түзейді,  соларға  еліктейді.  Олар 

туралы  мағлұматтарға  неғұрлым  терең 

қаныққан 

сайын 

осындай 


бірегей 

тұлғалар  жаратылған  киелі  топырақты 

қастерлеп,  туған  елге,  жерге  деген 

мақтанышы арта түспек.  

 

ӘУЛИЕНІҢ ҚАСИЕТІ ЖАЙЫНДА ...

 

Бала 


кездерінде 

өз 


аға-

аталарының, 

әкелерінің 

««Тастеке» 

мейірімді,  ақкөңіл,  ғажайып  қасиеті  бар 

адам еді» деген сөздерін ауыл қариялары 

әлі 

де 


естеріне 

алып 


отырады.  

«Тастекенің»  таң  қаларлық  емшілік 

қабілеті  болған.  Ол  адамдар  мен  үйдегі 

төрт  түлікті  ең  ауыр  деген  сырқаттардан 

аман алып қалып, жоғалған малды табуға 

да қолұшын берген. Жыл он екі  ай  бойы 

ақ  көйлек,  ақ  дамбал  мен  жалаң  аяқ 

жүріпті.  Оның  кеңістік  пен  уақыт 

арасында  ауысу  қабілеті  болған.  Бірде, 

қыстың  аяғы  болса  керек,  Қызылжар-

Құрымсы  ауылында  үлкен  той  болыпты. 

Сол тойға құрметті қонақ боп Тастеке де 

шақырылады.  Текене  деп  аталатын 

қырдағы  шалғай  ауылдан  жаяу  шығады. 

Бір  кезде  қос  ат  жеккен  бір  ауқатты 

адамдар 


Тастекені 

ат-шанасына 

отырғызғылары  келмей,  жанынан  зу  етіп 

өт  шығады.  Жаңағы  ат-шаналы  адамдар 

тойға  келсе,  төрде  асықпай  шай  ішіп 

отырған  Тастекені  көреді.  «Оу,  Тасеке, 

пар  ат  жетткен  біздің  өзіміз  жаңа 

келгенде, сен мұнда жаяулап қалайша тез 

жеттің?» деп аң-таң болысады. «Тастеке» 

өзінің  кеңістік  пен  уақыт  арасында 

ауысуын 

түсіндіре 

алмапты. 

Сұрағандарға:  «маған  бір  жерге  жылдам 

жету  керек  болса,  үлкен  ақ  құс  ұшып 

келеді  де:  «Артыма  отыр,  қорықпа»,- 

дейді.  Мен  отырамын.  Сосын  есімді 

жиғанда құс ғайып болады», - дейді екен. 

                                                     *********** 

«Тастеке»  зираты  жанында  тың 

жерлерді  игеру  кезінде  түсініксіз  бір 

жағдай  орын  алыпты.  Бір  тракторшы 

зират  маңында  жер  жыртып  жүргенде, 

тракторы 

істен 

шығып 


қалады. 

Тракторын  жөндеп  болған  соң, 

ағашта 


байланып 

тұрған 


ақтықты 

(шүберекті)  алып,  қолын  сүртеді  де, 

жерге  тастай  салады.  Біршама  уақыттан 

кейін трактор  өз  бетімен  лап  етіп  жанып 

кетеді  де,  тракторшының  бет-аузы 

қисайып  қалады.  Содан  түн  жамыла 

ауылға жеткен ол ауылдастарына болған  

оқиғаны  баяндайды.  Ақсақалдар  оқыс 

оқиғаның  сыры  неде  болғанын  түсініп, 

оған  әулиенің  зиратына  барып  кешірім 

сұрап,  құрбандық  шалуға  кеңес  береді. 

Қатты  қорыққан  тракторшы  көп  ұзамай, 

отбасын алып, Беларуссиясына біржолата 

көшіп кетеді.  

                                                                 ************ 

          Бойына 

тылсым  күш  дарыған 

Тастенбек  Қожаұлы  отбасын  құрмаған, 

баспанасы  да,  балалары  да  болмаған.  Ол 

апай,  найман  ауылдарының  еркесі.  Бар 

ғұмыры  диуаналықпен  өткен.  Елдің 

берген азын-аулақ садақасын, білдіртпей, 

сол  үйде  тастап  кетіп  отырған.  Бірақ,  ол 

балаларды  қатты  жақсы  көріпті,  олармен 

бірге  ойнағанды  ұнатыпты.  Ол  қайтыс 

болған  кезде,  қабірінің  төрт  бұрышынан 

жарық жанып тұрыпты,-дейді жерлестері. 

************************************

******************************************************

   


АРУАҚҚА КӨРСЕТІЛГЕН ҚҰРМЕТ 

          2014  жылдың  9  тамызы  күні 

«Қызылжар-Құрымсы»  ЖШС  директоры 

Мақсат 


Олжабайұлының 

ұйымдастыруымен, Қызылжар,  

Сарышығанақ, 

Суаткөл, 

Барымтал, 

Жолқұдық,  Жетінші  ауылдардың  халқы 

жиналып, Тастенбек Қожаұлы жерленген 

қорым  қоршалды.  Әулиенің  рухына  дұға 

бағышталып, ас берілді..  

 

АУЫЛ АҚСАҚАЛДАРЫНЫҢ 



ЕСІНДЕ... 

       Тастембек  Қожаұлы  туралы  көзі 

көрмегенмен, 

естіп-білгендері 

мол  

Айтмұхамбет  Біләлов,  Зейнолла  Тоқаев, 



Әку  Ахметов,  Жапар  Қибатов,  Қайыр 

Данияров,  Сембай  Темешов,  Тілен 

ақсақал,  Шарапиден  және  Қайниден 

Шақаевтардай  ел  ағаларынан  жазып 

алдым.

НЕ ТЫНДЫРДЫМ? 

 

       Екі  жылдан  бері  Тастеке  әулие 



жайында 

жинақталған 

деректерім 

шыныменен  қызығуға  тұрарлық  дүние. 

Ешбір  емнің  пайдасы  тимеген  кезде 

малшылар  ауруға  шалдыққан  совхоз 

малын  әулиенің  зиратына  түнетіп,  аман 

алып  қалған.  Сөйтіп,  кеңес  билігінің 

қатал  үкімінен  әулиенің  қасиетінің 

күшімен 


аман 

қалған 


екен. 

Мен 


сұрастырып  жүріп,  әулиенің  аталас 

туыстары 

Жапар 

Қибатов, 



Біржан 

Шоқпаровты  іздеп  таптым.  Қызылжар 

ауылдық  мешітінің  имамы  –  Қуандық 

бауырыммен  барып,  әулиенің  қабіріне 

құран 

оқыттық. 



Іле, 

қоғамдық 

ұйымдастыру 

комитетін 

құрып, 

Қызылжар,  Сарышығанақ,  Жолқұдық, 



Жаңа  шаруа  ауылдарында  әулиенің 

басын  көтеру  жөнінде  тұрғындармен 

кездесу өткіздім. Ақсу қаласы қаласының 

әкімі  Қайрат  Нүкеновтің  қабылдауында 

болып,  әулиенің  қабіріне  кесене  орнату 

туралы ұсынысымызды жеткіздім.  

     Ақсулық  демеушілердің  қолдауымен, 

әулие  кесенесінің  сызбалық  жобасы  мен 

сметалық  жоспарын  әзірлеттім.  Сондай-

ақ,  бұйыртса,  Тастеке  бабаның  зәулім 

кесенесінің  құрылысына  куә  болуымыз 

әбден мүмкін...                     А.МОЛДАШ. 



 

ТУҒАН КҮНДЕРІҢІЗБЕН, АЯУЛЫ ҰСТАЗДАР! 

 

                           

 

 

 

 



 

 


***************************************************************************** 

Сақ болыңыз! 

                                  

 

ТҰМАУ – ВИРУСТЫҚ АУРУ 

 

Жедел  респираторлық  инфекция,  оның  ішінде  тұмау  -  ауа  тамшылары 

арқылы  берілетін  және  отит,  тонзиллит,  фарингит,  бронхит,  пневмония,  менингит 

және тағы да басқа түрінде асқынатын кең таралған вирустық аурулар. Ол - тыныс 

алу  жолдарының  ауыр  вирустық  инфекциясы.  Ол  көбінесе,  тұмаумен  ауырған 

адамдардан жұғады. 

ҚАУІПТІ ТОПҚА ЖАТАТЫНДАР: 

-

 



6 айдан 5 жасқа дейінгі балалар

-

 



60 

жастан 


жоғары 

және 


қарттар 

менмүгедектер үйлерінде тұратындар; 

-

 

медициналық  мекемелерде  созылмалы 



аурумен  диспансерлік  есепте  тұратын 

адамдар. 

 

 

-



 

сәбиін күтіп жүрген аналар; 

-

 

денсаулық сақтау қызметкерлері. 



 

БЕЛГІЛЕРІ 

-

 



қалтырау; 

-

 



дене  қызуының  39-40  С-қа  дейін 

көтерілуі; 

-

 

дененің  ауырлауы,  бұлшық  еттер  мен 



буындардың ауыруы; 

-

 



құрғақ  жөтел,  мұрынмен  тыныс  алудың 

қиындауы; 

 

          АУРУДЫҢ АЛДЫН АЛУ 

- ауру белгілері біліне бастағанда жедел 

түрде дәрігерге тексерілу; 

- алақанға емес, шынтаққа бағыттап 

түшкіру қажет; 

- сұйықтықты көп мөлшерде ішу; 

- с дәруменін қабылдау керек. 

- әрдайым тазалық сақта. 



САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ 

 

-

 



екпе алу; 

-

 



қолды үнемі сабынмен жуыңыз; 

-

 



түшкіргенде және жөтелгенде мұрныңыз 

бен аузыңызды бір реттік майлықпен 

жабыңыз; 

-

 



егер тұмаудың белгілері болса, өзіңізді 

айналаңыздағы адамдардан 1 метр 

қашықтықта ұстаңыз; 

-

 



құшақтасып, сүйісу және қол алысып                                                                                    

қоғамдық телефондарды пайдаланбаңыз;  

-

 

амандасудан аулақ болыңыз; 



-

 

бірреттік майлықты пайдаланғаннан 



кейін арнайы қоқыс жәшігіне тастаңыз; 

-

 



тұмау белгілері байқалған сәттен 

медициналық көмекке жүгініңіз; 

-

 

егер тұмау белгілері анықталса, жұмысқа, 



мектепке және адамдар көп жиналатын 

жерлерге бармаңыз; 

-

 

жуылмаған қолмен көзіңізге, мұрныңызға 



және аузыңызға жақындатпағанаыңыз 

жөн. 


 

Лаура АСАНОВА,  

№2 ОМ медбикесі. 

***************************************************************************** 

Мектеп газеті айына бір рет шығады. Бағасы 50 теңге. 

Редакторы: Айгүл МОЛДАШ және «ЖАС ҚАЛАМГЕРЛЕР» алқасы. 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 






©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал