Қпараттар ғыны А



жүктеу 0.59 Mb.

бет1/6
Дата08.09.2017
өлшемі0.59 Mb.
  1   2   3   4   5   6

қпараттар

 ғыны

А

таңы


Газет 1931 жылғы 7 қыркүйектен шығады

№ 18 (7189)

4 мамыр, 2017 жыл. 

4 май, 2017 год.

Ақжайық ауданының қоғамдық-саяси газеті

Общественно-политическая газета Акжаикского района

Факс 92-3-24.       zhaiktany@mail.ru

www.zhaiktany.kz

жайық


www.facebook.com/zhaiktany

АрмияғА бүгінге 36 өрен АттАнды

Ж

елбірей  бер,  Жеңіс  туы!



 

Қ

ымбатты ағайын!



«бір кітАп – бір сынып»

«ынтымАқ» тАлдАрын 

отырғызды

жАмАн АйтпАй, 

жАқсы жоқ

Қазақстандықтар  міне,  мамыражай  мамыр-

да тұстас келуімен терең символикалық мәні 

бар қос мерекені – Отан қорғаушылар күні мен 

Ұлы Жеңіс күнін қарсылауда.

Сіздерді  ерлікті,  елдікті,  қайсарлықты,  өр-

лікті, ұрпақтар сабақтастығын ұлықтайтын 

осы  аса  қымбат,  аса  қастерлі  мейрамдармен 

қызу құттықтауымды қабыл алыңыздар.

Еңбегі  әлемге  аян  Елбасымыз,  Жоғарғы 

Бас  Қолбасшы  Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаев  адамзат  тарихындағы 

өте  қанқұйлы  Ұлы  Отан  соғысындағы  жұртымыздың  күресі  мен 

жеңісін құрметтеудің ерек үлгісін әрдайым көрсетіп келеді. Сондықтан 

Президенттің  бекем  саясаты  мен  халықтың  өз  азаттығын  сақтап 

қалуға  деген  ниетінің  арқасында  жинақы  да  ұтқыр  армияға  ие  болып 

отырмыз.  Қарулы  Күштеріміздің  құрылғанына  –  25  жыл.  Бұл  біздің 

шежіреміздегі даңқты дата болып табылады. Ұлы Жеңісті әкелген аға 

ұрпақтың  аманатына  сай,  «Мәңгілік  Ел»  идеясы  жүзеге  асып  жатқан 

еліміздің  сарбаздары,  жауынгерлері  бейбіт  еңбегіміздің  қорғанына  ай-

налды.

Иә, алдыңғы толқынның ерен еңбегі мен ерлігінің, қан майданда Отан 

үшін  опат  болғандар  аруағының  шапағатымен  тәуелсіздігіміз  барған 

сайын нығаюда. Мұны бағалап, сақтау – бізге сын!

Ержүрек ұлт екенімізді небір қияметте дәлелдеген аға ұрпаққа – мың 

тағзым!

Батырлықтың, жігердің, зерденің, бірлігіміздің, даңқтың қос мерекесі 

құтты болсын!

Сіздерге,  қадірлі  Жеңіс  сарбаздары,  барлық  отбасына  асыл 

мұраттарыңыздың орындалуын, жас ұрпақтың баянды бақытын, келе-

шекке сергек сенім тілеймін!

Тәуелсіздігіміздің тұғыры әрдайым биік болсын!

Құрметпен – аудан әкімі Әділ ЖОЛАМАНОВ.

Алматы қаласында өткен балалар мен 

жасөспірімдер арасындағы «Ғұмырдария» 

IX Халықаралық ән-би байқауынан Ақжайық 

балалар музыка мектебінің оқушылары үлкен 

жетістікпен оралды. «Аспапта ойнау» аталымы 

бойынша орта топтан домбыра класының 

оқушысы Азат Қадырғали (жетекшісі Халел 

Сапаров) мен бүлдіршін тобынан қобыз 

класының оқушысы Назерке Сарқұлова 

(жетекшісі Арайлым Нетқалиева) гран-приге ие 

болды. Сондай-ақ, Аружан Әділхан (жетекшісі 

Зухра Құсаинова) эстрадалық вокал бойынша 

гран-приге ие болды. «Дәстүрлі ән жанры» 

аталымында жасөспірім тобынан Аружан 

Әділхан (жетекшісі Сұңғат Жанаев) I орынды 

иеленді.

Қанат ЕСҚАЙРОВ,

музыка мектебі директорының 

орынбасары.

Қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің 

мәліметінше, көктемгі шақыру барысында 

бүгінге дейін еліміз Қарулы Күштері қатарына 

36 ақжайықтық өрен аттанды. Осы жолғы 

шақыру кезеңінде 700-ден астам азаматтың 

медициналық комиссиядан өтуі жоспарланса, 

кешеге дейін 400-ден астамы өтті. Қорғаныс 

істері жөніндегі бөлімде бүгінге дейін сондай-ақ 

әскери оқу орындарына 15 үміткер құжаттарын 

қамдауда.

Ерке СӘПИ.

Жасөспірімдердің әдеби 

шығармаларға қызығушылығын 

арттыру мақсатында 

«Бір кітап – бір сынып» 

акциясы ұйымдастырылды. 

Жас ерекшелігіне сай 

шығармалар таңдалып, 

оқырман конференциялары, 

әдеби кештер, қойылымдар

көріністер, үздік оқырмандармен 

кездесу кештер өтті. Барлық 

мектепте ұл-қыздың оқыған 

шығармаларын талдау 

жүргізіліп, бастауыш сынып 

оқушыларының шығармалар 

желісі бойынша сурет 

галереялары талқыланды.



Гүлниса ӘДИЕТОВА,

білім бөлімінің әдіскері.

1 мамыр құрметіне Сарытоғай орта мектебінің 

оқушылары ақсақалдар Төлеу Балғазиев пен 

Ғалым Баетовты қатыстыра отырып, ауылда 

«Ынтымақ» талдарын отырғызды. Алдыңғы 

жылдары отырғызылған ағаштар секілді, мұны 

да күтіп-баптап өсіруді ұл-қыздар өз міндеттеріне 

алды.


М.ОРЫНБАСАРОВА,

Сарытоғай орта мектебінің тәлімгері.

ХАлықАрАлық ән-би 

бАйқАуындА

Көнеккеткендегі жастар ісі жөніндегі 

кеңесші маман Нұргүл Серікқызының 

ұйымдастыруымен «Ардагерім-ардағым» 

акциясы бойынша 9 мамыр құрметіне 

тыл еңбеккерлерімен қездесу өтті. 

Тыл қаһармандары Жандет Сариев, 

Дәмен Хасанова, Жұмағыз Ихсанова, 

Мәриям Әнесова, Шолпан Ихсанова, 

Ғиният Қаратаев, Алмаш Сұлтанова 

жиналғандар алдында өздерінің 

Ұлы Отан соғысынан бермен 

еңбек жолдарынан сыр шертті. 

Жастардың сауалдарына 

жауап бере отырып, емен-

жарқын әңгімелескен 

ата-әжелердің көңілдері 

бір серпіліп қалды. Өздеріне деген 

қошеметке ризашылықтарын арнап, ақ 

баталарын берді. Аштық пен 

жоқшылықты, сұрапыл соғыс 

кезеңін, небір ауыртпалықты 

басынан өткерген ата-әжелер 

осы күнге тәубе деп, «Кейінгі 

ұрпаққа біз көрген қиындықты 

көрсетпесін!»,-деп ақ тілектерін 

арнады.

Үміт ХАЛЕЛҚЫЗЫ,

кітапханашы.

тыл қАһАрмАндАрының әңгімесі

Бірлік,  тұрақтылық,  ұғы-

ныстық  біз  үшін  ең  үлкен 

идея,  идеология  болып 

табылады.  Аудан  ауылда-

рында  1  Мамыр  құрметіне 

өткен  бүкіл  шара  осыны 

әйгіледі.

Чапаевтың 

орталық 

алаңында  “Қазақстан  – 

достықтың киелі бесігі” атты  

мерекеде  жиналғандарды 

аудан  әкімі  Әділ  Жолама-

нов құттықтады. 

-  Жас,  көпұлтты  мемле-

кетімізде  қандай  қиындық 

алдымыздан 

кездессе 

де,  мұны  еңсеріп  келеміз, 

еңсере  береміз  де.  Бірлік-

тің,  қоғамдық  келісімнің 

қайнары 


– 

Қазақстан 

халқының  ортақ  тарихы. 

Ұлы даламыз көптеген ұлт, 

ұлттың  құтты  қонысына 

айналды.  Осындай  рухани 

келбетімізді,  байлығымыз-

ды  сақтау  –  бізге  міндет. 

Елбасымыз  Нұрсұлтан  На-

зарбаев  алға  қойған  рухани 

түлеу  елдің  ұлттық-рухани 

тамырынан нәр алады,- деді 

ол.

Алаңмен  еңбек  ұжым-



дарының,  аудандық  бөлім, 

мекемелер  қызметкерлерінің 

шеруі  өтті.  Оқу  ордалары-

ның, 


құрылысшылардың, 

кәсіпкерлердің, 

Үкіметтік 

емес  ұйымдардың,  жеке-

леген  еңбеккерлердің,  қыз-

меткерлердің, 

спортшы-

лардың  уақыт талабына сай 

ілгері  істері,  қол  жеткізген 

жетістіктері  кеңінен  баян-

далды.  Ақжайықтықтардың 

нәтижелі  жұмыспен  қамту 

және  жаппай  кәсіпкерлікті 

дамытудың 

2017-2021 

жылдарға  арналған  мем-

лекеттік  бағдарламасына, 

барған  сайын  кеңінен  та-

нылып  отырған  “Өрлеу” 

бағдарламасына 

үлесі, 

мәдениет 



ошақтарының 

халықтың  рухани  байлығы 

үшін 

ізденістері, 



ұл-

қыздардың  өнердегі  жетіс-

тіктері  жайында  мерекелік 

шеруді 


тамашалаушылар 

жан-жақты  хабардар  бол-

ды.      Мереке  мінберінен 

сөз  алғандар    ауыл-еліміз-

дегі 

барлық 


жақсылық 

ынтымақтың 

арқасында 

болып 


отырғанын 

атап 


көрсетті.

Мәдениет 

қызметкер-

лері, 


көркемөнерпаздар 

концерт берді.



(өз тілшімізден).

Б

ақ жарасқанға бұйырады

Чапаев орман және жануарлар 

дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік 

мекемесі мен №24 өртке қарсы күрес 

бөлімі жасыл желекті оттан қорғау 

жөнінде оқу-жаттығу өткізді.  

Бұл шара барысында ықтимал  

өртке  жол бермеуге қатысты машықтану 

сабақтары болып, өрт сөндіру 

автокөліктерінің,  

басқа да күш-құралдың дайындығы жан-

жақты байқасталды.  

Өткен жылдар жүзінде орман-тоғайда 

кездескен “тілсіз жауды” ауыздықтауға 

байланысты іс-қимылдар талқыланды. 

Өрт қаупі маусымының бүкіл өн бойында 

тұрғындарға  соны ескертіп отырудың  

маңызы жайында да айтылды.

Сағат МЕКЕН. 


4  мамыр.  2017 жыл.

2

www.zhaikpress.kz

ЖАЙЫҚ 

таңы


* Қыз-жігіттерден ортақ іске деген бастамашылдық, ықылас жиі көрінсе...

күн тәртібі

Чапаевта 

«Жастар. 

Еңбек. 


Жаңғыру»  атты  тақырыппен  об-

лыс  орталығынан,  көршілес  Аты-

рау  облысындағы  Индер  ауда-

нынан 


өкілдер 

қатысуымен 

аудан 

жастарының 



форумы 

ұйымдастырылды.  Осында  Ел-

басы  Нұрсұлтан  Назарбаевтың 

«Болашаққа 

бағдар: 

рухани 


жаңғыру»  атты  мақаласынан  туын-

дайтын  парыз,  міндет  хақында  ба-

яндалды. 

Алдымен  «Дін  және  жастар», 

«Әлеуметтік  желі  және  жастар», 

«Кәсіпкерлік  мүмкіндіктері,  жұмыс-

сыздықтың  алдын  алу  жолда-

ры»  атты  секциялық  отырыстар 

өтті.  Мұның  әрқайсысында  облыс 

орталығынан  келген  мамандар 

жиналғандар алдында сөз сөйледі.

Айталық, Батыс Қазақстан облы-

сы  Дін  мәселелері  басқармасының 

теологы  Наурыз  Ұбаев,  көпке  та-

нымал,  белсенді  блогерлер  Да-

нияр  Уәлиахмет,  «Жайық  Пресс» 

ЖШС  ақпарттық  орталығының  же-

текшісі  Нұрлыбек  Рахманов  діни 

сауаттылықтың  аса  көкейкестілігін, 

әлеуметтік желілердің пайдасы мен 

зиянын жан-жақты саралап берді.

«Атамекен»  Ұлттық  кәсіпкерлер 

палатасының 

бизнес-тренері 

Әсемгүл Қадырхан,  осы палатаның 

жергілікті  филиалы  маманы  Ба-

тыр  Әбдешев,  аудандық  жұмыспен 

қамту  орталығының  маманы  Асы-

лан  Биғалиев  жұмыссыздықпен 

күрес 


жайында 

сөз 


қозғап, 

кәсіпкерліктің қыр-сырын түсіндірді. 

Нәтижелі  жұмыспен  қамту,  жаппай 

кәсіпкерлікті  дамытудың  2017-2021 

жылдарға  арналған  бағдарламасы, 

Ж

арқыраңдар,  жастар!



«Бастау Бизнес» бағдарламасы тура-

лы егжей-тегжейлі айтылды.

Секциялар 

барысында 

қыз-

жігіттердің  көптеген  сұрағына  жауап 



берілді,  олар  өздерін  толғандырып 

жүрген  біраз  мәселені  ортаға  салды. 

Мысалы,  «Дипломмен  –  ауылға!» 

бағдарламасында  жастар  саясаты 

саласындағы  азаматтық  қызметші-

лер  де  қамтылса,  құба-құп.  «Жа-

сыл  ел»  бағдарламасы  бойынша 

орман-тоғайы  жоқ  кейбір  ауылда 

көгалдандыруды  қолға  алуға  бола-

ды,  осы  ескерілсе  жазғы  демалыс-

та  жұмыспен  айналысатын  студент 

жастардың  қатары  көбейер  еді. 

Әлеуметтік  желілердегі  жалған  пікір-

лерге,  жала  жабуларға  тосқауылды 

заңмен  қоятын  уақыт  жеткені  де  ай-

тылды. 


Елбасы 

өзінің 


аталған 

мақаласында  жас  ұрпақ  өкілдеріне: 

«Сынаптай  сырғыған  уақыт  ешкімді 

күтіп тұрмайды, жаңғыру да тарихтың 

өзі сияқты жалғаса беретін процесс... 

Мен барша қазақстандықтар, әсіресе, 

жас ұрпақ жаңғыру жөніндегі осынау 

ұсыныстардың маңызын терең түсінеді 

деп  сенемін»,-деп  қазақстандық 

үлкен-кішіні 

үздіксіз 

қозғалысқа 

шақырды.  Ертеңіміз,  болашағымыз 

туралы  тағдыршешті  сөз  айтылды. 

Бұл  ешкімді  бей-жай  қалдырмауы 

керек.  Форумның  пленарлық  оты-

рысына  жиналғандар  аудан  әкімі 

Әділ  Жоламановтың  сөзінен  осыған 

қаныға  түсті.  Ол  мәселен,  60  шаруа 

қожалығын басқаратын жастың ісінен 

өнеге алуға үндеді. 

-Ауданымызда  ауылдарға  ауыз 

су,  газ  құбырларын  тарту,  құрылыс 

жүргізу  жұмыстары  жүйелі  жүзеге 

асып  келеді.  Мәдениет,  спорттағы 

жетістіктер  жоқ  емес.  Өршілдік  та-

нытып,  елдің  даңқын  асқақтатып 

келе  жатқан  жастарымыз  үшін 

қуанамыз.  Сондай-ақ  ойын  еркін  ай-

тып, ұсыныс білдіре алатын жас буын 

өкілдері  барда,  қоғамның  ілгерілей-

тіні  сөзсіз.  Кәсіпкерлікпен  тұрақты 

айналысып  жүрген  балауса  күштің 

қарасы  қалың.  Сіздер  заманның 

талабына  сай  әрдайым  ұмтылыс 

танытатындарыңызға  сенеміз,-деді 

ол өз сөзінде.

БҚО  жастар  саясаты  мәселелері 

басқармасының 

басшысы 


Аян 

Қажимерұлы  облыс  жастарының 

еңбегінен,  бастамашылдығынан  мы-

салдар  айта  келіп,  «әманда  жалын-

дап, жігер танытсақ, егемен еліміздің 

дамуына  сүбелі  үлес  қосамыз.  Осы 

жолда  ұсыныс-пікірлеріңізді  тыңдап, 

көмек  қолын  ұсынуға  қашанда 

әзірміз»,-деді ол.

Ақжайықтық белсенді жас мұғалім 

Сәнім  Исқалиева,  аудандық  жастар-

мен  жұмыс  жөніндегі  ресурстық 

орталықтың 

басшысы 


Әлия 

Шәрапиева, Индер аудандық жастар-

мен  жұмыс  жөніндегі  ресурстық 

орталықтың 

басшысы 

Әйгерім 


Құспанова  ой-пікірлерімен  бөлісті. 

Ә.Құспанова  Ақжайық  ауданын-

да  атқарылып  жатқан  іс-шараларға 

қызығушылық танытып, тәжірибе ал-

масуды жалғастыратынын айтты.

Шараға  облыстық  жастармен  жұ-

мыс жөніндегі ресурстық орталықтың 

басшысы 


Кенесары 

Нұршинов 

қатысты.

Рахмет ҚАЛИ.

Суреттерді түсірген

Нұрбек ИХСАН.

Өткен  бейсенбіде  аудан  әкімі  Әділ 

Жоламановтың  төрағалығымен  Ча-

паевта  кәсіпкерлікті  қолдау,  дамыту, 

ауыл  шаруашылығы  құрылымдарына 

берілетін  субсидия  және  несие  алу 

мәселелері  бойынша  семинар-кеңес 

ұйымдастырылды.  Шараға  ауылдық 

округ  әкімдері,  облыстық  тиісті  сала 

ұйымдары, 

басқармалар 

өкілдері, 

аудандық 

мекеме 


басшылары, 

кәсіпкерлер,  шаруалар,  ісін  бастағалы 

жүрген  тұрғындар,  ауыл  шаруашылығы 

кооперативтерінің төрағалары қатысты.

Елбасымыздың 

«Қазақстанның 

Үшінші  жаңғыруы:  жаһандық  бәсекеге 

қабілеттілік»  атты  Жолдауынан  туын-

дайтын  басымдықтар  туралы  айта 

келіп,  осында  аудан  басшысы  аталған 

мәселелер  бойынша  таяу  арада  белгі-

леніп отырған міндеттерді саралады.

Батыс 

Қазақстан 



«Атамекен» 

кәсіпкерлер  палатасының  директоры 

Нұрлан  Қайыршин,  ветеринария,  жер 

қатынастары,  «Аграрлық  несие  корпо-

рациясы»  АҚ,  «Ауыл  шаруашылығын 

қаржылай  қолдау  қоры»  АҚ,  «Даму» 

кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ филиалы 

өкілдері жиналғандар алдында түсініктер 

берді.  Шаруа  қожалықтарына  жер 

учаскелері  берілу  тәртібінің  жоғарыда 

пысықталып жатқаны  айтылды.  Шаруа-

лар  екінші  деңгейдегі  банктің  кепілдік 

дүниеге қатысты талабының қатаңдығын 

тағы да әңгімеледі.

Шаруа 

қожалықтарында 



жұмыс 

жасайтындардың  есебін,  санын  нақты-

лау қажеттілігі де қаперге салынды.

Аудандық 

ауыл 

шаруашылығы 



бөлімінің  басшысы  Мұрат  Сердалин 

алда  тұрған  бірқатар  міндеттерге  орай 

сөз сөйледі.

Аудан әкімі Ә.Т.Жоламанов және се-

минар-кеңеске  қатысушылар  осыдан 

кейін  «Бастау  Бизнес»  бағдарламасы 

бойынша  кәсіпкерлікке  оқып  жат-

қандармен  кездесті.  Ауылдарда  кәсіп 

иелерін  көбейтуді,  бизнес  көкжиегін 

кеңейтуді көздейтін бұл бағдарламамен 

білімдерін көтеруге ниет білдірушілер аз 

емес.


Бекем БЕКҰЛЫ.

К

әсіпкерлік



мәселелеріне

арналды


М

әнді дәріс

Көнеккеткенде  Елбасының  «Бола-

шаққа  бағдар:  рухани  жаңғыру»  атты 

бағдарламалық  мақаласы  бойынша 

дәріс  ұйымдастырылды.  Кітапханашы 

Үміт  Халелқызы  бұл  құжаттың  мә- 

ні  туралы  егжей-тегжейлі  баяндады. 

Ауылдық  округ  әкімі  Ұлдаш  Зайда-

ғалиқызы мақалада көрсетілген міндет-

терге  сай  жер-жерде  қолға  алынғалы 

отырған жұмыстарды әңгімеледі.

Рухани жаңғырудың басты факторы 

–  ұлттық  құндылықты,  ұлттық  рухты, 

бойымыздағы қадір-қасиетті заман та-

лабына сай дамыту. Ендігі рухани сер-

піліс келешегіміздің жаңаша дамуының 

жарқын  нышаны  болу  керек.  Жаңа 

тұрпатты  жаңғырудың  рухани  салада 

бой  көрсетуі  –  еліміздегі  біртектілік-

ті  қалыптастырудың  басты  кілті.  Бұл 

ұлттық  сана-сезімнің  көкжиегін  кеңей-

ту  және  ұлттық  болмыстың  өзегін 

сақтай  отырып,  оның  бірқатар  сипат-

тарын өзгерту болып табылады. Міне, 

осындай мәнді әңгіме өтті.



Нұргүл СЕРІКҚЫЗЫ,

жастар ісі жөніндегі

кеңесші маман.

КӨНЕККЕТКЕН.

4  мамыр.  2017 жыл.

3

www.zhaikpress.kz

ЖАЙЫҚ 

таңы


* Қарияларымыз – құтымыз, сүйенішіміз. * Екі үлкен бөлімде – жаңа басшы. 

* Спорттың бірнеше түрінен жарыс ұйымдастырған базаршоландықтар жарады.

күн-керуен

Е

ңбек ардагеріне құрмет

Ақжайық  аудандық 

ішкі істер бөлімінің бас-

шысы  болып  Бекбол 

Сағидоллаұлы  Урта-

ев тағайындалды. 

Ол 


1976 

жылы 


дүниеге  келген.  2000 

жылы  ІІМ  Қостанай 

заң 

институтын 



құқықтану  мамандығы 

бойынша  бітірді.  Өз 

қызметін  ІІМ  Шым-

кент  заң  колледжінің 

тыңдаушысы 

болып 


бастап,  қылмыстық  із-

дестіру 


бөлімшесінің 

басшысы, 

Ақжайық, 

Тасқала, 

Қазталов 

аудандарында  ішкі  істер  бөлімі  басшысының  орын-

басары  қызметтерін  атқарды.  2013  жылдан  осы  кезге 

дейін Қазталов аудандық ішкі істер бөлімінің басшысы 

болып жұмыс жасады. 

Аудан әкімі Әділ Жоламанов осы тағайындауға орай 

Б.С.Уртаевты аудан активімен таныстырды.

Аудан  әкімінің  2017  жылғы 

26  сәуірдегі  өкімімен  Ақжайық 

ауданының  білім  бөлімінің  бас-

шысы болып Бақыт Ілиясқызы 

Абдолова тағайындалды.

Б.І.Абдолова  1976  жылы 

дүниеге  келген.  1997  жылы 

А.С.Пушкин 

атындағы 

Ба-


тыс  Қазақстан  гуманитарлық 

университетін  тарих  пәнінің 

мұғалімі  мамандығы  бойынша 

бітірді.


Орал  қаласындағы  №19 

орта  мектепте  тарих  пәнінің 

мұғалімі, 

Ақжайық 


ауданы 

орталығындағы 

М.Әуезов 

атындағы 

орта 

мектептің 



мұғалімі, 

Абай 


атындағы 

мектеп-гимназия  директорының  оқу  ісі  жөніндегі  орынбаса-

ры,  Ақжайық  аудандық  білім  бөлімі  әдістемелік  кабинетінің 

меңгерушісі  қызметтерін  атқарды.  Сосын  Ақжайық  аудандық 

білім бөлімі басшысының орынбасары болып жұмыс жасады.

Осы тағайындауға байланысты аудан әкімі Әділ Жоламанов 

Б.І.Абдолованы ұжыммен таныстырды.

Тағайындау 

Тағайындау 

Чапаевта  ауданның  Құрметті 

азаматы,  еңбек  ардагері  Ер-

болат 


Нысанбаевтың 

75 


жас  мерейтойына  орай  кеш 

ұйымдастырылды. 

Сондай-

ақ,  еркін  күрестен  және  қазақ 



күресінен 

Батыс 


Қазақстан 

облысының  ашық  турнирі  өтті. 

Бұл  айтулы  шаралардан  бұрын 

аудан  әкімі  Әділ  Жоламанов 

мерейтой 

иесін 


қабылдап, 

құттықтады.

Оның  ауданымызда  бірне-

ше  шаруашылықты  білгірлікпен 

басқарғаны,  жас  ұрпаққа  қам-

қорлығы  жайында  аталған  кеш-

те  кеңінен  әңгімеленді.  Қалың 

көпшілік  алдында  аудан  әкімі 

Ә.Т.Жоламанов 

мерейгердің 

өмір  және  еңбек  жолынан 

құрдастары, 

жұмыстастары, 

шәкірттері  жазған  естеліктер 

топтастырылған,  аудан  тапсы-

рысымен шыққан «Еліне жаққан 

ер»  атты  кітаптың  сүйінші  данала-

рын  табыс етіп, иығына шапан жап-

ты.

– 

Ауданымыз 



ауылдарын-

да  қолтаңбасы  сайрап  жатқан 

Ерболат 

Қапсенұлының 

сара 

жолы  баршамызға  зор  үлгі.  5 



шаруашылықты  басқарған  кезде-

гі  сан-қырлы  ісімен  қатар  білім, 

спорт саласына қосқан сүбелі үлесі 

аймағымызға  мәлім.  Бір  сөзбен 

айтқанда,  Ерболат  Қапсенұлының 

еңбегі нағыз өмір мектебі болып та-

былады,-деді аудан басшысы.

М.Әуезов атындағы орта мектептің 

мұғалімі  Қалампыр  Есенәлиева 

аталған  кітапқа  шолу  жасады.  БҚО 

ардагерлер 

кеңесі 


төрағасының 

орынбасары  Ғибатолла  Тілебалиев, 

Теректі аудандық мәслихатының хат-

шысы  Әлжан  Нұрғалиев,  қазақтың 

ақбас тұқымды малы республикалық 

палатасының БҚО бойынша өкілетті 

өкілі  Мақсот  Балқыбаев  күні  бүгінге 

дейін  «Чапаев»  асыл  тұқымды  мал 

зауыты  жолдастық  серіктестігінің 

төрағасы 

болып 

табылатын 



мерейгердің 

еңбек 


қолтаңбасы 

жайында  әңгімеледі.  Ірі  қараның 

«Шағатай тоқал тұқымы» атты тұқым 

түрінің  9  авторының  бірі  Ерболат 

Қапсенұлының  адами  және  кәсіби 

келбеті хақында айтылды.

Көршілес  Атырау  облысы  және 

өзіміздің облыс ауданда-

ры  мен  Орал  қаласынан 

180  жуық  қатысушы  кел-

ген ашық турнирдің ашы-

лу  салтанатында  аудан 

әкімі  Ә.Т.Жоламанов  сөз 

сөйлеп, 


балуандарға 

сәттілік  тіледі.  Үлкен  жа-

рысты  тамашалаушылар 

арасында спорттың нағыз 

жанашыры  болып  табы-

латын  Е.Нысанбаевтың 

тілекшілері  -  облыстық 

теннис 


орталығының 

директоры 

Қамбарбек 

Сәлімов, 

БҚО 

қазақ 


күресі  федерациясының 

вице-президенті 

Артур 

Шерғалиев,  спорт  арда-



гері  Қамеш  Ысмағұлов 

болды.


Екі  күнге  созылған  тартысты 

белдесулер  қорытындысымен  ер-

кін  күрестен  2000  –  2002  жылда-

ры  туғандар  арасында  І  орынды 

ақжайықтық  балуандар  Кенесары 

Қабдіреш  (46  кг.),  Қуаныш  Саты-

балды  (50  кг.),  Мақсат  Болатов  (54 

кг.),  Құдайберген  Шағидолла  (58 

кг.), 2003 – 2005 жылдары туғандар 

арасында  Нұрдәулет  Сейтекенов 

(33  кг.,  Орал),  Тілеген  Сахыпкере-

ев  (33  кг.  Ақжайық),  Мұхамедияр 

Өрбісінов (39 кг., Атырау) иеленді.

2006  –  2008  жылдары  туғандар 

арасында 

І 

орынды 



Нұралы 

Жалмұхат  (22  кг.,  Қазталов),  Мей-

рам  Сергей  (25  кг.,  Атырау),  Мей-

рамбек Сапыбаев (27 кг.) пен Шәміл 

Бекмұханов  (34  кг.,  Бөрлі),  Алмат 

Сәлімгереев  (39  кг.,  Атырау)  ен-

шіледі.

Қазақ  күресінен  90  кг.  салмақ 



дәрежесіне  дейінгілер  арасында 

өткен сайыстарда сырымдық Темір-

лан  Ғаббасов  «өгіз  балуан»  атан-

са,  90  кг.-дан  жоғарылар  арасында 

өткен  бәсекелерде  осы  ауданнан 

Нұрымжан Ғаббасов «түйе балуан» 

атағын  жеңіп  алды.  Жеңімпаздар 

Нысанбаевтар  отбасынан  ақшалай 

және  бағалы  сыйлықтармен  мара-

патталды.



Бекболат ҚАЛЕНОВ.

«Жайық таңы».

Суреттерді түсірген 

Нұрбек ИХСАН.

Аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру жұмыстары және 

мемлекеттік қызметтер мониторингі бөлімі басшысының мін-

детін  атқарушы  Бауыржан  Бақтыгерейдің  төрағалығымен 

сәулет,  қала  құрылысы  және  құрылыс  бөлімінің  басшысы 

Асылбек  Жаншин,  халыққа  қызмет  көрсету  орталығы  де-

партаменті  бөлімінің  басшысы  Арайлым  Қайырғалиева, 

жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тек-

серу департаменті бөлімшесінің басшысы Айдос Ерғалиев, 

сондай-ақ  мемлекеттік  қызмет  көрсетуге  жауапты  бас 

мамандардың қатысуымен кеңес өтті.

Осында «Елдімекен шегінде объект салу үшін жер учас-

кесін беру туралы» қызмет бойынша атқарылған жұмыстар 

және саладағы өзекті мәселелер туралы аудандық сәулет, 

қала құрылысы және құрылыс бөлімінің бас маманы Әйгерім 

Хайруллина  баяндама  жасады.  Қатысушылар  тарапынан 

ой-пікірлер  айтылып,  іс  сапасын  жетілдіру  мақсатында 

бірқатар нақты ұсыныстар енгізілді.

Бөлім  басшылары  және  мемлекеттік  қызмет  көрсетуге 

жауапты  мамандар  өздерінің  ұсыныс-пікірлерін  ортаға 

салды.  Талқылау  барысында  халыққа  қызмет  көрсету 

орталығы  департаментінің  бөлімімен  бірлесе  жұмыс 

жүргізу, аталған барлық бөлім, бөлімшелердің мемлекеттік 

қызмет  көрсетуге  қатысты  аудан  тұрғындарын  қабылдап, 

«Ашық есік күнін» өткізуді ұйымдастыру тапсырылды.

Бекем БЕКҰЛЫ.

І



  1   2   3   4   5   6


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал