Парасат мектебінің ұлағатты ұстазы Тілдер күні мерекесі аталып өтті



жүктеу 6.91 Mb.
Pdf просмотр
бет2/4
Дата13.09.2017
өлшемі6.91 Mb.
#15117
1   2   3   4

Н.НАЗАРБАЕВ

б лінетін қаржы соңғы 2 жыл-

да 1,6 есеге ұлғайып, 1,3 трлн.

теңгеден асып отыр. Дәл осындай 

к рсеткіш Қазақстанда бұрын-

соңды болған емес. Бүгінгі таңда 

білім саласын қаржыландыру ішкі 

жалпы  німнің 5 пайызын құрап 

отыр. Бұл к рсеткіш бойынша 

біздің еліміз дамыған елдердің 

деңгейіне жақындап келеді (ІІЖ-

нің 6-8 пайызы). Қазіргі таңда 

Қазақстанда білімнің барлық 

саласын тиімді интеграциялауға 

бағытталған инновациялық білім 

берудің қазақстандық моделін 

ж а с ау д ы ң   н е г і з і   қ а л а н ғ а н . 

Соңғы екі жыл ішінде ғылыми-

ағартушылық салаға 40-тан аса 

жаңалық енгізілді. Олардың 

қатарында дамыған елдерде 

қалыптасып отырған білім беру 

сапасын бақылаудың бірыңғай 

орталықтандырылған жүйесін 

қалыптастыру, жан басына 

қаржыландыру тетігін ендіру, 

«Болашақ кілті» к птілді білім 

берудің жаңа үлгісін енгізу және 

қоғам, жұмыс берушілермен 

зара әрекеттің жаңа жүйесін 

қалыптастыруды атап  туге бо-

лады. Осы бағыттағы атқары-

лып жатқан барлық жұмыстар 

білім беру саласының жаңа 

мүмкіндіктеріне жол ашып, даму 

болашағын қалыптастырады. 

Бүгін бі лім беру са ласы – 

еліміз дің ауқымды әлеуметтік 

қ ұ ры л ы м ы. Бұ л с а л а д а е л 

т ұ р ғ ы н д а ры н ы ң  ү ш т ен  бір 

б лігі яғни, 5 миллионнан астам 

адам білім алып, жұмыс жасай-

ды. Дәрісте осы саланың к пте-

ген қ ұнды лықтарын арттыру 

бағытын да келелі де ж ұ мыр 

ойлар айтылды. Осыған байла-

нысты, Қазақстан Республика-

сы Білім және ғылым министрі 

Бақытжан Жұмағұлов «Елбасы 

дәрісі – білім беру саласының 

жаңа дамуының аралық негізі, 

біз он ы ж арқ ы н бола ша қ та 

бірнеше рет талдайтын боламыз. 

Еліміздің педагогикалық кор-

пусы Елбасымыз қойған күрделі 

алайда жоғары мақсаттарға жету 

үшін бар күшін салады» - деп 

мәлімдеді.

Еліміздегі білім беру ошақ-

та ры заманауи ақпарат тық тех-

нологиялармен  жабдықтал ған  -

дықтан Елба сының дәрісін бұл 

күні рес публикамыздағы жоғары 

және орта білім жүйесіндегі бар-

ша шәкірттер тікелей тыңдауға 

мүмкіндік алды. Осы орайда, мем-

лекет басшысының интерактивті 

дәрісін Қазақ мемлекеттік қыздар 

педагогикалық университетінің 

оқытушы-профессорлар құрамы 

мен студенттері ҚР тұңғыш 

Президентінің аудиториясында 

тікелей тыңдап,  з болашақтары-

на деген сенімдерін ұлғайтқанда-

рын с з етті. Алған әсерлерін 

б ліс кен шәкірттер «Елбасы дәрі-

сі нің білімге, оқып-ізденуге деген 

құлшыныстарын молайтқанын» 

жеткізді. «Ұлт к шбасшысының 

дәрісі – студенттерге ғана емес, 

барша Қазақстан азаматта-

рына берілген бағыт-бағдар 

және тұжырымдамасы биік 

құжат секілді» дейді Қыздар 

университетінің ректоры Динар 

Жүсіпәліқызы.

Заманауи ақпараттық тех-

но 


логияның нәтижесінде рес-

публикадағы барша білім ұйым-

дарында қолжетімді бол ған дәріс 

барысында Елбасы Нұрсұлтан 

Назарбаев білім мен ғылымға 

арналған салалық жаңа «Білім» 

атты телеарнаның тұсауын кесті. 

Аталмыш телеарна  з жұмысын 

дәрісті тікелей трансляциялаудан 

бастады. Оқу-ағарту саласындағы 

бірінші телеарна ның мақсаты – 

білімді насихаттау, дарынды жа-

старды жоғарғы оқу орындары мен 

ғылымның басым бағыттарына 

бағдарлау, білім алуға талпынған 

әрбір жеткіншекке білімнің 

қолжетімді болуын қамтамасыз 

ету.


Интерактивті лекцияны Қа-

зақстан халқы ғана емес, Еуро-

па, Азия мен Америка елдерінің 

тұрғындары к ріп-тыңдау мүм-

кіндігіне ие болды. Тікелей қосылу 

барысында Президентке еліміздің 

барлық аймақтарынан, сондай-

ақ, алыс шет елдерде Елбасының 

тікелей бастамасымен құрылған 

«Болашақ» бағдарламасы арқылы 

білім алып жатқан жастар да  з 

сұрақтарын қойды.

ЕЛБАСЫ ДӘРІСІ ЕЛ ЕРТЕҢІ –

ЖАСТАР ҮШІН АЙҚЫН БАҒДАР

рбір сұраққа жауап бе-

руде зерделі зейінді дамытқан 

Елбасы с з соңында жастарға 

жүрекжарды тілегін білдірді:

– Заманымыздың заңғар жа-

зушысы Мұхтар  уезов «Халық 

пен халықты, адам мен адам-

ды теңестіретін – білім» де-

ген. Біз  рлеуді  мірінің  зегі 

еткен халықпыз. Мына за-

манда « нердің кілтін тапқан 

ғана  рге шабады». Сендер, 

тәуелсіз Қазақстанның келешегі 

үшін тарихи жауапкершілік 

арқалайтын азаматсыңдар. Осы 

жауапкершілікті сезіне біліңдер. 

Мемлекеттің ең ұлы мұраты – 

әрбір азаматының тауқымет к р-

мей, бақуатты тіршілік кешуі. 

Менің «Жалпыға Ортақ Еңбек 

Қоғамына қарай 20 қадам» атты 

мақаламның да түпкі мәні осын-

да. Қазақ «бейнет түбі – зей-

нет» дейді. «Ауырдың үстімен, 

жеңілдің астымен» тіршілік жа-

сау бізге жат қылық болуы тиіс. 

Біздің қоғамда адал еңбекті 

терең біліммен ұштастырған ғана 

табысқа жете алатынын қаперден 

шығармаған абзал. Бұл – заман 

талабы. Сендер Қазақстанның 

з ғылымы мен технологиясын, 

зіндік ұстанымын жасайтын 

ғылым иесі болуларың керек. 

Кез-келген кәсіп иесі  з шаруа-

сын тың тәсілмен, жаңа әдіспен 

істеуге ұмтылса ғана ешкім 

жетпеген табысқа жете алады. 

згелер салған сүрлеуге түсіп, 

б тен іздің шаңын жұту Қазақстан 

жастарының таңдауы емес. Сен-

дер, тәуелсіз қазақ елінің білімді 

жастары,  з соқпақтарыңды са-

лып, оны елді дамуға бастайтын 

даңғылға айналдыруға тиіссіңдер! 

Ел болашағының баянды болмағы 

баста бұлықсыған білім мен қолда 

ойнаған еңбекке байланысты. 

Ендеше, білімдерің толыссын! 

Еңбектерің жансын!



Д.БАЙТҰРҒАНҰЛЫ

(Басы 1-бетте)

Т

анылған мемлекеттік 



еге мендік – бұл аса зор 

және аса қымбат ре-

сурс екенін айтуға тиіспін. Осы 

жылдар бедерінде еліміз осы 

егемендік пен саяси салмақты 

жеңіп алу және мойындату үшін 

жұмыс істеді. 20 жыл  ткенде 

мақсат орындалды. Тәуелсіздік 

жылдарында, яғни тек бір ұрпақ 

шеңберінде, Қазақстан даму-

шы елден табыс деңгейі орташа 

және экономикасы  су үстіндегі 

елге айналды.  мір сапасы есе-

леп жақсарды,  йткені, біз әу 

бастан қазақстандықтар  мірінің 

ж о ғ а р ы   ү л г і - қ а л ы п т а р ы н а 

бағыт алдық. Мәселен, кедейлік 

деңгейі соңғы он жылда 4 есе 

қысқарды. Теңгермелі сыртқы 

саясат Қазақстанға әлемдік аре-

нада үлкен табысқа қол жеткізуге 

мүмкіндік берді. Адам ресурсына 

ұзақ мерзімді және ойластырыл-

ған салымдар бізге талантты 

және, мен сенімдімін, табысты 

жас ұрпақты сыйға тартты. Біз, 

сіздер кәсіпқойлар болып, Жер 

шарының кез келген бұрышында 

сұранысқа ие, Қазақстанға 

ХХІ ғасырда табыс пен игілікті 

қамтамасыз ете алу үшін сіздердің 

оқуларыңыз бен  з- здеріңізді 

жетілдіруге барынша қолайлы 

жағдайлар туғыздық. Бұл, қажет 

деп тапсаңыздар, сіздердің 

болашақ миссияларыңыз және 

сіздердің аға буын алдындағы 

жауапкершіліктеріңіз, – деп 

мемлекеттің болашағы жастардың 

қолында екенін баса айтты.

Соңғы 10 жылда санақ қоры-

тын дысы бойынша жастардың 

жұмыссыздық деңгейі 4 есе-

ге азайып, 11 жыл ішінде жас-

тар ұйымдарының саны 7 есе-

ге артқан. Ал жастар саясатын 

қаржыландыру 7 жыл ішінде 10 

есеге  скен. Бұл жастарға жасап 

отырған мемлекеттің қомқорлығы 

екені айдан анық.

Елбасы  з дәрісінде еліміздің 

жаңа интеллектуалды капита-

лын даярлаудағы стратегиялық 

жоспарды жүзеге асырудың 

бірқатар маңызды тұстарын атап 

тті. Мемлекеттік қолдаудың 

а р қ а с ы н д а   б і л і м   с а л а с ы н а 


4

4

ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ



№6 (95)

28 қыркүйек,

2012 жыл

П І К І Р

Ғылым мен білім заманы

ЛЕКЦИЯ 


ЛИДЕРА

Елдің қуаты – азаматтардың білімінде

Важнейшим фактором глубоких 

перемен становится образование. Вы-

сокообразованные люди являются не 

просто носителями лучших образцов 

национальной культуры, но и особым 

общественным богатством, без кото-

рого общество становится неконку-

рентноспособным. Нынешние студен-

ты, которые займут особую позицию 

в казахстанском обществе, должны 

быть не только профессионально под-

готовленными в избранной области, 

но и социально компетентными людь-

ми, знающими законы социальной 

организации, развития общественных 

перемен, владеющими азами грамот-

ного, успешного общения.

Для работников сферы образо-

вания особенно важны  намечаемые 

меры по модернизации образователь-

ной системы. Они необходимы для 

воспитания современной молодежи в 

духе времени, эпохи. В современном 

Казахстане пришло время создать 

новую социальную модель в образо-

вании и альтернативой является про-

граммная статья Президента страны, 

которая поставила конкретные задачи  

перед  образовательным сообществом.  

Важно устранить перечисленные 

им  недоработки в системе образо-

вания, так как  повышение  качества 

образования является необходимым, 

обязательным условием успешной 

реализации программы социальной 

модернизации страны.  Выполнение 

программных поручений Главы госу-

дарства требует от работников сферы 

образования постоянных усилий, на-

правленных на реализацию данных 

предложений.

Получение образования должно 

быть одной из самых привлекательных 

сторон жизни каждого казахстанца, 

доставляя ему радость, удовлетворе-

ние, ощущение собственного достоин-

ства. Значимость образования опреде-

ляется не только тем, что на его основе 

можно успешно решать различные 

проблемы, стоящие перед человеком 

и обществом. Она важна как неотъем-

лемая составляющая духовной жизни 

каждого из нас, создающая возмож-

ность жить не только в мире вещей, но 

и в мире духовных ценностей, позво-

ляющая познавать весь культурный 

потенциал общества. Выдвинутые 

Президентом предложения продикто-

ваны временем и самой жизнью.



А.А.САТБЕКОВА,

декан филологического 

факультета

Физика-математика факультеті мате-

матика мамандығының оқытушылары 

мен студенттері қатысқан дөңгелек 

үстелде Елбасы дәрісінің маңыздылығы 

айтылып қоймай, онда айтылған өзекті 

мәселелердің түйіні тарқатылды. Ел 

ертеңін білімді азаматтардың қолына 

тапсырып отырған мемлекетіміз үшін 

қай кезде болмасын жастардың орны 

ерекше. Бүгінде ғылым мен техниканың 

дамып, жаңалықтың өрлеген тұсында 

жаңа ақпараттық технологиялардан бей-

хабар жүру мүлде мүмкін емес. Қоғамға 

қажетті, бәсекеге қабілетті тұлға болу 

жастардың басты міндеті. Сондықтан 

жастар саясатына үлкен мән берген Елба-

сы еліміз үшін тапшы болып табылатын 

техникалық мамандықтарға баса назар 

аударылуын айтты. Осы орайда мате-

матика мамандығының студенттері өз 

ойларын ортаға салып, білім көкжиегінде 

алып жатқан мамандықтарының білікті 

иесі болу керек деген тоқтамға келді. Ал 

бұл тарапта мамандық студенттеріне жа-

салынып жатқан жұмыстар аз емес. Фа-

культет мамандықтарының студенттеріне 

Қазақстаннан басқа жоғарғы оқу орында-

рында білімін жетілдіріп, тәжірибе алма-

су мақсатында мамандықтардың арнайы 

пәндерінен білім алуларына мүмкіндіктері 

бар. Осыған байланысты Қырғызстаннан, 

Латвиядан, Жапониядан және Польша-

дан арнайы шақыртылған профессорлар 

біздің студенттерге арнайы пәндерден 

дәріс оқып, білімдерін жетілдіруде. 

Әлемдік білім кеңістігіне толығымен 

енуде, білім беру жүйесін халықаралық 

деңгейге көтеруде білім беру үрдісінде 

ақпараттық-коммуникациялық техно-

логиялардың жетістіктерін енгізу мен 

әлемдік стандарттарға жауап беретін ма-

мандар дайындайтын жоғары дәрежелі 

білім беру жүйесін қалыптастыру ке-

рек, ол үшін ағылшын тілінде дәріс 

жүргізе алатын маман дайындауды 

қолға алған абзал. Осы бағытта біздің 

факультет алғашқылардың бірі бо-

лып, университеттегі ағылшын тілінде 

мамандық бойынша дәріс жүргізе алатын 

мамандар даярлауды қолға алды. 

«Біздің жастарымыз ғылым мен 

білімге ұмтылып, елдің болашағын ой-

лайтын болса, келешегіміз кемел, тәуел-

сіздігіміз баянды болады» – деген Елбасы 

сөзін басты назарда ұстаған математи-

ка мамандығының студенттері қоғамда 

айшықты орны бар, ел игілігіне қызмет 

ете алатын тұлға болуды мақсат тұтады. 

Б.Д. ДЮЗБЕНБЕТОВ,

математика кафедрасының 

меңгерушісі

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев «Қазақ 

баласын ұлтжандылық, отаншылдық 

сезімде тәрбиелеу, білім берудің мек-

тепке дейінгі жүйесінен, бұл жоғары 

оқу орнына дейінгі барлық ұйымдардың 

міндеті. XXI ғасырда өз ұлтын сүйген, 

бірлікте болған халық қана тұтастығын 

сақтап қалады», - деп айтқандай, қазіргі 

уақытта Қазақстанда білім берудің 

өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасты. 

Егемен елдің ертеңі оқу білімнің 

тереңдігімен өлшенеді. Толассыз, үздіксіз 

өзгеріп тұрған әлем адамнан да қабілет 

пен қажеттіліктерді үздіксіз дамытуды та-

лап етеді. Біз қазір транзиттік нарықтық 

қоғамда өмір сүрудеміз. Елімізде 

экономиканың өсіп-өркендеуіне орай, 

білім беру саласында да елеулі өзгерістер 

ж ү р г і з і л у д е .   М ұ н д а й   қ о ғ а м д ы қ -

э к о н о м и к а л ы қ   ө з г е р і с   ж а һ а н д ы қ 

бәсекелестік жағдайындағы үдемелі 

инновациялық даму кезеңіне сәйкес 

келіп отыр. Бұл кезең қоғамымыздың 

барлық салалары бойынша жаңару жо-

лына түсуді, инновациялық серпілісті, 

адам ресурсын арттыруды, әлемдік 

интеллектуалдық деңгейге ұмтылуды 

талап етеді. Қазіргі кезде жоғары оқу 

орындары білім беру сапасын арттыруға, 

оқытудың тиімді әдістерімен түрлерін 

жетілдіруге, білім алушы тұлғасының 

барлық шығармашылық қырлары мен 

ішкі мүмкіншіліктерін ашуға ерекше 

көңіл аударып отыр. Бүгінгі жаһандану 

за манында тек ұлттық мәдени құндылық-

тар тұғырнамасында құрылып, халық тық 

педагогиканың қайнар көзімен, халық 

ғұламалары мен ұлт ұстаздарының құн-

ды мұраларымен байланыстырыл 

ған 

білім ғана орнықты дамып, әлемдегі білім 



кеңістігінің бәсекелестік қабілетіне ие 

бола алады. 

Қазақ мемлекеттік қыздар педаго-

гикалық университетінде студенттердің, 

яғни қазақ қыздарының толыққанды за-

манауи білім алуына, олардың кәсіби 

біліктілігін арттыруына, бәсекеге қа-

білетті азамат болып қалыптасуына 

жағ 

дай жасалынып, игілікті істер 



атқарылуда.

Жастар тәрбиесінде ертеңгі жас 

ұрпақтың, бүгінгі білім алушылардың 

ру хани санасы мен дүниетанымын қа-

лыптастыру, адами парасаттылық құн-

дылықтарды әспеттеу – басты міндет. 

Қа зіргі жаһандану дәуірінде жас азамат 

өз бойына белсенділік, өзгелермен тіл 

табыса білу, шыдамдылық, жақсы мен 

жаманның аражігін ажырататындай 

қасиеттерді сіңіре білу қажет.

Қ а з а қ с т а н н ы ң   и н д у с т р и я л ы қ -

технологиялық дамуын қамтамасыз 

ететін жаңа тұрпатты мамандар даяр-

лау бүгінгі күн талабы. Осы мақсатта 

мемлекеттік білім беру стандарттарының 

құрылымы мен мазмұнын жетілдіру, оқу 

үрдісіне жаңа технологияларды енгізу 

арқылы жас мамандар бойында кәсіби 

құзіреттілікті тәрбиелеу маңызды.

Соңғы кездері елімізде экономи-

каның өсіп-өркендеуіне орай, білім 

беру саласында да елеулі өзгерістер 

жүргізілуде. Оқытудың, тәрбиелеудің 

мазмұнын қоғам дамуының қарышты 

қадамына сәйкестендіріп, оны жоғары 

биіктерге көтеруге бағытталған жаңа 

әдіс-тәсілдер жасалуда. Нәтижесінде 

тұтас педагогикалық үрдістер өзгертіліп, 

білім берудің тиімді деп танылған жаңа 

технологиялары пайда болуда. Кез-

келген оқыту технологиясы білім алушы-

дан терең теориялық, психологиялық, 

педагогикалық, әдістемелік білімді, үлкен 

педагогикалық шеберлікті, шәкірттердің 

жан-дүниесіне терең үңіліп, оны ұғына 

білуді талап етеді. 

Білім беру жүйесінде болып жатқан 

түбегейлі өзгерістер оқу процесін озық 

технологиялармен қамтып жетілдіруді 

талап етеді. Жаңа технологияны жетік 

меңгеру мұғалімнің интелектуалдық, 

кәсіптік адамгершілік, рухани азаматтық 

және басқа да көптеген адами қабілетінің 

қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-

өзі дамытып, оқу-тәрбие үдерісін тиімді 

ұйымдастыруына көмектеседі.

Егеменді Қазақстанның ішкі және 

сыртқы саясатының талаптарына сай 

болашақ мамандарды даярлаудағы 

мақсат-міндеттеріміз – оқу-тәрбие 

ісінде халқымыздың көркем мәдени 

мұраларын тілге тиек ете отырып, 

ұлттық бағытта білім беру. Білім алушы-

ларды ұлттық өнерге баулу үшін және 

олардың қызығушылықтарын арттыру 

үшін педагогқа шебер шығармашылық 

пен іскерлік қажет. Халқымыздың баға 

жетпес мұраларын осындай жаңаша 

әдіс-тәсілдермен жобалап, тәжірибе 

жүзінде оны қолданысқа енгізу үлкен 

жетістігіміз болмақ. Еліміздің тірегі және 

келешегіміздің кепілі болатын болашақ 

мамандарымыздың білім деңгейін 

жаңа педагогикалық және ақпараттық-

коммуникациялық технологияларды 

пайдалану арқылы оқу-тәрбие үдерісін 

өз деңгейінде меңгерте алсақ, үлкен 

жетістіктерге жетеріміз анық. Елбасының 

о қ ы ғ а н   д ә р і с і н і ң   а с т а р ы н а н   о с ы 

құндылықтарды жазбай тануға болады.

К.Н.МАМИРОВА,

география кафедрасының 

меңгерушісі.

М.Е.ТОҚСАБАЕВА,

география магистрі, 

оқытушы 

С наступлением второго тысячелетия во 

всем мире происходят существенные 

изменения во всех сферах жизни. 

Выдвинутые президентом 

Н.Назарбаевым программные 

предложения в статье «Социальная 

модернизация Казахстана: Двадцать 

шагов к обществу всеобщего труда» 

по всем направлениям социальной 

модернизации являются актуальными 

и востребованными. 

Елбасының 5-қыркүйекте «Қазақстан білім қоғамы жолында» атты дәрісін Қазақ 

мемелекеттік қыздар педагогикалық университетінің студенттері зор ықыласпен 

тыңдады. Білектің емес, білімнің сенімімен жүретін заманда бұл оқылған дәріс барлық 

жастар үшін аса маңызды болды. Онда айтылған барлық мәліметтерді аса мұқиятпен 

тыңдаған физика-математика факультеті дөңгелек үстел ұйымдастырып, оқытушылар 

мен студенттер дәріске қатысты ойларын өрбітті. 

Қазақстанның болашағы – білім мен ғылымда екендігі баршамызға аян. Бүгінгі 

заман талабы – бәсекелестік пен жоғары технологиялар, ғылым мен білім заманы. 

Мемлекетімізде болып жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістер білім беру 

жүйесінің алдына үлкен міндеттер қойып отыр, сондықтан  XXI ғасыр білімі мен 

ғылымын жаңа инновациялық технология бағытында дамыту–үлкен үміттің басты 

нышаны.


5

5

ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ



№6 (95)

28 қыркүйек,

2012 жыл

М Е Р Е Й Т О Й



Қазақ қыздарының арасынан шыққан, санаулы педагог-ғалымдар мен қоғам 

қайраткерлерінің арасында өзіне лайық ерекше орын алған Шәмша Көпбайқызы 

Беркімбаева бұл күндері өскелең ұрпаққа өнеге боларлық ұлт мақтанышына айналып отыр. 

Ш.К.Беркімбаеваның өнегелі өмір жолы халқына адал қызмет істеудің дайын тұрған үлгісі 

іспетті. Қатардағы қарапайым мұғалімдіктен білім саласының білікті басшысы министр 

деңгейіне көтерілген, зерделі де зейінді, тынымсыз еңбекқор, мейірлі де парасатты шынайы 

педагог, қажырлы қайраткер Шәмша Көпбайқызының ғұмыры өнеге-үлгі аларлықтай 

ғажайып құбылыс.

1942 


жы л ы  дү ниеге  ке л ген 

Шәмша Беркімбаеваның 

балалық шағы Ұлы Отан соғысынан 

кейінгі ау ыртпа л ыққа тол ы, қиын-

қыстау кезеңге тұспа-тұс келеді. Ағасы 

Төлеген мен әпкесі Сақыптан кейінгі, 

жасы ұлғайған шақта көрген перзенті 

әрі сү т кенжесін аса мейірбан әке 

«қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға 

шоқыттырмай», мектеп табалдырығын 

аттағанша мойнына мінгізіп өсіреді. 

Ш ә м ш а   К ө п б а й қ ы з ы   А л м а т ы 

обл ысы, Қаске лең ауд а н ы, Т ұ рар 

ау ыл ындағы жетіжыл дық а л ғашқы 

түркі тілді мектепте әліппе бетін ашты. 

де iзгi л iктi iздеп ке лем...», «Қазақ 

тәлімінің тарихы», «Тәрбие тағылымы» 

ат т ы  к іта п тард ың  а вторы  Шәмша 

Б е р к і м б а е в а н ы ң   б а с ш ы л ы ғ ы м е н 

авторлық топтың көптеген ғылыми-

педагогика л ық оқул ықтары жарық 

көрді. Тәуелсіздік жыл дары Ұлттық 

Кеңестің мүшесі, Қазақстан Республи-

касы Президенті жанындағы Әйелдер 

және Отбасы жөніндегі Ұлттық Кеңестің 

мүшесі болған ол, бүгінгі таңда «Нұр-

Отан» ХДП Ал маты қалалық филиалы 

саяси Кеңесі нің мүшесі. 

Міне, осындай өмірбаян деректері 

мен өмір жолындағы сан алуан асулар 

мәдениет, өркениет, тарих, т.б. рухани 

салаларда айтқан салиқалы сөздері, 

өнег е л і өс ие т т ері х а л ы қ м үд дес і 

тұрғысынан айтылған тың ойлары – 

ізгі өмірдің, игі қасиеттердің жемісі дер 

едік.


Ұлтымыз әрқашанда осындай ел 

құрметіне бөленіп, ерен еңбек еткен, 

нұрлы ақылы мен айтар ойы айқын 

қайраткерлерімен ерекшеленбек. «...

Өркениетті ұлт ең алдымен, тарихымен, 

мәдениетімен, ұлтын ұлықтаған ұлы 

тұлғаларымен, әлемдік мәдениеттің 

алтын қорына қосқан үлкенді-кішілі 

үлесімен мақтанады...» - деп Елбасы-

мыз Н.Назарбаев айтқандай, әрбір 

игілікті істің басында жүретін, батыл 

әрекетімен түйінді мәселелерді шеше 

білген қайраткер Ш.Беркімбаева өзінің 

ізін басып келе жатқан буынға әрдайым 

үлгі, мақтаныш.

Жаңа заман талабына сай, қазақ 

қызының болмыс-бітімін қалыптас-

т ы ру  ма қсат ы н д а  ора й л аст ы ры л-

ған «Қазақ аруы», «Шешендік өнер» 

сияқты жаңашы л бастама лар ұлт-

тың бірлігі мен тұтастығын, ұлттық 

д ә с т ү р г е   н е г і з д е г е н   б о л м ы с ы н 

қалыптастыруға тікелей атсалысты. 

Университетте еліміздің бірінші ханы-

мы Сара Назарбаеваның бастамасы-

мен енген «Өзін-өзі тану» зертханасы 

жұмысының нәтижесінде ««Өзін-өзі 

тану» пәнінің теориялық-әдіснамалық 

негіздері», ««Өзін-өзі тану» пәнінің 

оқу-әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз 

е т і лу і»,  «И н нова ц и я л ы қ  т ех ноло-

гия лард ы  «Өзін-өзі  тан у»  ку рсын-

да қол дану» сияқты оқу-әдістемелік 

іс-шаралар өткізілгенін білеміз. Дәл 

осындай келелі іске ұйытқы болған 

Шәмша Көпбайқызы қазақ мектебінің 

даму мәселелеріне байланысты өзекті 

де қажетті істердің басында бола білді. 

«Жаһандану аясына ұлт ретінде жой-

ылып кетуге апарып соқтыруы мүмкін 

ру хани мәңгүрттіктен сақтанудың, 

қазақ тілінің шын мәнінде мемлекет-

тік ті л деңгейіне көтері лу інің ба-

сты алғышарттарының бірі – қазақ 

мектебінің нағыз ұлттық мектеп болып 

қалыптасуы. Онсыз білім жүйесінің 

ұлттық моделін жасау мүмкін емес» – 

деген Шәмша Көпбайқызының қазақ 

мектебінің тағдырына алаңдаушылығы 

Қазақтың қайсар қызы Шәмша ханым,

Көрдіңіз креслоның қаншаларын.

Кейбіреу Сіздей абырой жинай алмас,

Салса да қанша дүние, қанша малын!

Қазақтың қайсар қызы Шәмша ханым,

Мен Сізді көрген сайын тамсанамын.

Білімнің қасиетті ордасынан,

Қыздарым алып жатыр аңсағанын.

Қазақтың қайсар қызы Шәмша ханым,

Ай нұрлым, күн келбеттім, таң самалым.

Дәл Сіздей болған шығар, асып кетсе,

Томирис, Айша-бибі-ханшаларым.

Қазақтың қайсар қызы Шәмша ханым,

Әлемге қуаныштан жар саламын:

«Ақылды да сабырлы, әрі сұлу»,

Шәмшадан үлгі алыңдар, баршаларың!

Қазақтың қайсар қызы Шәмша ханым,

Көрдіңіз адамдардың қанша амалын.

Сіздегі төзімге мен теңер едім,

Мың жылдық Алатаудың аршаларын!

Қазақтың қайсар қызы Шәмша ханым,

Көрдіңіз сатқындардың қаншаларын.

Кейбіреу Сіздей абырой жинай алмас,

Салса да қанша дүние, қанша малын!

Қазақтың қайсар қызы Шәмша ханым,

«Мен Сіздей қызды қорғап жар саламын!»

Десем де, батыр мінез қайратыңмен,

Бықсықтардың «өсегін» пәршаладың!

Қазақтың қайсар қызы Шәмша ханым,

Сіздегі жүректе бар қанша жалын!

Сіз – Шыңсыз, тау басында бұлт болады,

Анау – мынау сөздерге шаршамағын!

Қазақтың қайсар қызы Шәмша ханым,

Басқалар - ән, Сіз – вальсі Шәмші ағаның!

Етектегі ессіздер қайдан білсін,

Шыңдағының шөлдеген, тамсағанын!

Қазақтың қайсар қызы Шәмша ханым,

Алла берер адамның аңсағанын.

Айналайын, қазақтың асыл қызы,

Бақыттың мол татыңыз бал шарабын!

Қазақтың қайсар қызы Шәмша ханым,

Батасы бойыңызда барша Ананың!

Сізге қарап түзейді бойын халық

Қыздары өнер, білім, сан-саланың!

Қазақтың қайсар қызы Шәмша ханым,

«Өмірде қиындыққа қарсы ағамын!»

Деп қажып келгеніңде, бір қарай сал,

Мен Сізді осы өлеңмен қарсы аламын!



жүктеу 6.91 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет