Парасат мектебінің ұлағатты ұстазы Тілдер күні мерекесі аталып өтті



жүктеу 6.91 Mb.
Pdf просмотр
бет1/4
Дата13.09.2017
өлшемі6.91 Mb.
  1   2   3   4

www.kazmkpu.kz

Республикалық басылым 2003 жылдың сәуірінен бастап шыға бастады

№6 (95)


28 қыркүйек,

2012 жыл


Парасат 

мектебінің 

ұлағатты ұстазы

Тілдер күні 

мерекесі 

аталып өтті

5-бетте

7-бетте

8-бетте

Жастар 

ұйымдарының 

тұсаукесері

Құрметті әріптестер!

Сіздерді 5 қазан – Дүниежү-

зілік мұғалімдер күнімен шын 

жүректен құттықтаймын!

Ұстаз – қазақ халқында 

қашаннан мәртебелі. «Ұстазы 

жақсының ұстамы жақсы» де-

ген нақыл осыдан қалса керек. 

«Мектептің жүрегі» санала-

тын педагог үшін үлкен жүрек 

пен аса зор жауапкершілік 

қажет. Өйткені, білім ордасы-

на «тарыдай болып кіріп, тау-

дай болып шығатын» ертеңгі 

қоғам мүшесінің балаң са-

насына білім нәрін құйып, 

оның еліміздің елдігі мен 

мемлекеттігінде өз үлесі бар 

тұлға ретінде қалыптасуына 

ұстаздар қауымының сіңіретін 

еңбегі ұшан-теңіз.

Қазақстан Республи 

ка-

сының Тұңғыш Президенті-



Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы 

Назарбаев биылғы Қазақстан 

халқына Жолдауында білім 

беру саласына ерекше на-

зар аударғаны белгілі. Бұл 

Елбасының ұстаздар мәртебесін 

арттыру бағытындағы аса зор 

қамқорлығы деуге болады. 

Сондай-ақ алдағы үш жыл-

да білім беру ісіне бөлінетін 

қаржы еселеп арта түспек. 

Мұны ҚР Білім және ғылым 

м и н и ст р л і г і н і ң   қ аж ы р л ы 

еңбегінен байқай аламыз. 

Аталған қадамның барлығы 

мемлекетіміздің ұстаздық ұлы 

қызметке жасап отырған ерен 

ықыласы.


Мемлекеттің қамқорлығы 

ұлт тәрбиеші болып табылатын 

ұстаздар қауымына өз кезегінде 

үлкен міндет жүктеп отыр. Бұл 

атқа біз әрқашанда лайық бо-

ламыз деп сенемін.

Барлық мұғалімдердің, 

оқытушылар мен жалпы білім 

беру саласы қызметкерлерінің 

кәсіби мерекесі – мәртебелі 

істеріңізге бақ-береке әкелсін. 

Отбасыларыңызға амандық, 

дендеріңізге саулық тілеймін!

ҮЛКЕН ЖҮРЕК ПЕН

ЗОР ЖАУАПКЕРШІЛІК

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев-

тың еліміздегі ең беделді ха-

лықаралық университетте студент-

терге оқыған дәрісі қазір қоғамда 

қызу талқыланып жатыр. Дәрісте 

айтылған әрбір мазмұнды ой – 

болашаққа бастар маңызды қадам 

десек болады.  ресі мықтының ел 

тірегі болатынын айтқан мемлекет 

басшысы барлық құндылықтардың 

білім мен ізденісте жатқанын 

жеткізді: 

Ықылым замандардан қалған 

«Білекті бірді жығады, білімді 

мыңды жығады» деген аталы с з 

бар. Қазақтың бұл мақалының 

зектілігі бүгінгі таңда тіптен 

айрықша. Бұл заман білекке 

сенетін емес, білімге сенетін за-

ман. Заманауи әлемде елдің 

қуаты ең алдымен азаматтарының 

білімімен  лшенеді. Сол білімді 

әжетке, тұрмыс игілігіне жара-

та білуімен бағаланады. Инемен 

құдық қазғандай, қиын да күрделі, 

орасан қажыр-қайрат пен ерік-

жігерді талап ететін білімсіз –  мір 

тұл. Терең білім – тәуелсіздігіміздің 

тірегі, ақыл-ой – азаттығымыздың 

алдаспаны, – деген Елбасы, - Ға-

сырларға созылған тарихында 

тұңғыш рет байырғы қазақ же-

рінде абсолютті халықаралық ле-

гитимділікке ие мемлекет орнады. 

(Жалғасы 3-бетте)

Қазірде Қыздар университетін-

де академиялық ұтқырлық мәселесі 

бәсекеге қабілеттілік тұрғысынан басты 

назарда қаралып отыр. Қасиетті қара 

шаңырақта кейінгі кезде дұрыс жолға 

қойылған осы академиялық ұтқырлық 

студенттерге заманауи бағыттарда білім 

беруге жол ашып, олардың заман тала-

бына жауап беруіне басты қағидат ретінде 

белгіленді. Білім ордасының басшылығы 

да бұл әлемдік талап үдесінен табылуға 

ерекше ден қоюда.

Білім берудің қажеттілігі мен маңызы 

күн өткен сайын еселеп артып келеді. 

Қоғамның барлық салаларын, әлеуметтік 

арналардың басым бағыттарын, адам 

мұраты мен еңбегін, тұрмыстың алуан 

түрлі қырларын оқу-білім, ғылымсыз 

елестету қиынның қиыны.

Білім берудегі жаһандану, интегра-

ция және интернационализация соңғы 

онжылдықтың құнды әлемдік тенден-

цияларына айналып отыр. Білім берудің 

негізгі құраушысы болып табылатын ин-

тернационализация көптеген алдыңғы 

қатарлы елдерде білім беру саясатының 

бас ты  бағдары. 

Білім берудің мақсаты, қызметі 

мен ұйымдастырылу барысы ха-

лықаралық өлшеуіштермен есептелген-

де ғана интернационализация үдерісі 

уақытпен өлшеніп, білім беру сала-

сын жандандырудағы негізгі қажеттілік 

екендігі анықталды. 

Интернационализация білім алу-

шылардың әлемдік білім кеңістігінде 

еркін шарлауы үшін өте тиімді. Ізде-

нушілердің отандық жоғары оқу ор-

нында және шетелдің кез келген білім 

беру ұйымдарында терең теориялық 

білім мен тәжірибелік дағдыларды қа-

лыптастыруға, ғылыми ізденіс аясын 

кеңітуге мүмкіндік береді. Оқытушылар 

болса білімін толықтырып, шетелдік 

жоғары оқу орындарда іс-тәжірибеден 

өтіп, біріккен ғылыми-зерттеу жобала-

рын және оқу бағдарламаларын жүзеге 

асыруға мүмкіндік алып, сондай-ақ зерт-

теу тақырыптарының қайталануы мен 

көшірілуіне тосқауыл қойылады.

(Жалғасы 6-бетте)

Майя Манезаны Қазақ мемлекеттік қыздар 

педаго ги калық университеті ғана емес, барша 

Қазақстан мақ тан тұтады. Бұл жазда  ткен әлемдік 

додада Майя қоржы ны мызға үшінші алтын салған 

кезде-ақ к рінген болатын. 



(Жалғасы 6-бетте)

Елбасының Назарбаев 

Университетінде 

еліміздің студент 

жастарына оқыған 

«Қазақстан білім қоғамы 

жолында» атты дәрісі 

көптің көңілінен шығып, 

Қазақстанның білім 

және ғылымына жаңа 

міндеттер жүктей түсті. 

Ең бастысы, мұны ертеңгі 

ел болашағы саналатын 

жастарға арналған 

аға буынның қамқор 

нақылы, берген бай 

тәжірибесі деуге болады. 

Өйткені, интерактивті 

дәріс барша Қазақстан 

жастарының келер шаққа 

деген құлшынысын 

арттырып, ғылым-білімге 

деген құштарлықтарын 

шыңдай түсті. Олардың 

арасында республикамыз 

үшін ұлт тәрбиешілерін 

сомдап шығаруда 

көшбасшы қасиетті 

қара шаңырақ Қазақ 

мемлекеттік қыздар 

педагогикалық 

университетінің 

жалынды да жігерлі 

студенттері бар. Қыздар 

университетінің 

шәкірттері Елбасы 

дәрісін жоғары бағалап, 

оның өз өмірлеріне 

бағдарламалық құжат 

ретінде әсер еткенін 

айтады.

ЕЛБАСЫ ДӘРІСІ ЕЛ ЕРТЕҢІ –



ЖАСТАР ҮШІН АЙҚЫН БАҒДАР

Университет тарихындағы тың серпіліс

ҰЛЫҚТ

АУ

Майя – біздің 



мақтанышымызсың!

Бүгінгі таңда ҚазМемҚызПУ білім алушылары мен профес сор-оқытушылары 

академиялық ұтқырлық бойынша шетелдік жоғары оқу орындарымен бір лескен оқу 

бағдарламаларын жү зеге асыруды бастады. Осыған бай ланысты биылғы оқу жылында 

университетімізден 5 магистрант және 5 бакалавр Ұлыбританиядағы Лондон басқару 

және ғылым академиясына бір академиялық кезеңге білім алу мүмкіндігіне ие болды. 

Бұл арғы-бергі Қыздар университетінің тарихында болмаған тарихи жаңалық.

Қыркүйектің 11 жұлдызында 

университеттің жазғы алаңына 

мыңдаған студент жиналды. 

Салтанатты жиын мақсаты - Қазақ 

мемлекеттік қыздар педагогикалық 

университетінің 3курс студенті, ХХХ 

Лондон Олимпиадасының чемпионы 

Майя Манезаны жазғы олимпиадалық 

ойындар кезінде ауыр атлетикадан 

Қазақстан қоржынына салған үшінші 

алтын медалімен қошеметтеп, оны 

ұлықтау.

Д.Ж.НӨКЕТАЕВА,

ҚазМемҚызПУ ректоры:

2

2

ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ



№6 (95)

28 қыркүйек,

2012 жыл

М Ә С Е Л Е

Е

лімізде 2006 жылдан бері жүргізіліп 



келе жатқан бұл институционал-

ды рейтингтің басты мақсаты – 

жоғары оқу орындарының бәсекеге қабілеттігі 

мен қызметінің сапасын арттырып, ұлттық 

жоғары білім беру жүйесін дамыту екенін 

ескерсек, бұл к рсеткіштің университетімізге 

қатысты к птеген жағымды шешімдердің 

қабылдануына негіз болары с зсіз. Оның ішін-

де университетіміздің іргелі оқу орны ретінде 

танылуына  з үлесін 40 жылдан аса қосып 

келе жатқан «Мектепке дейінгі оқыту және 

тәрбиелеу» мамандығы мен 20 жылдық тә жіри-

бесі бар «Бастауыш оқытудың педагогикасы 

мен әдістемесі» мамандықтары республика 

к ле міндегі жоғары оқу орны рейтингілерінің 

арасында ғылым мен инновациялық білім беру 

технологиялары, ғылыми-зерттеу және оқу-

әдістемелік жұмыстары бойынша бірінші орын 

иеленгенін айта кету керек. Бұл кафедра лар 

мектепке дейінгі білім беру, бас тауыш мектеп 

стандарты, оқу-әдістемелік ке шендерін және 

Динар НӨКЕТАЕВА, ҚазМемҚызПУ ректоры

Өткен оқу жылы біздің университетіміз 

үшін табысты, жемісті жыл болғанын 

атап өткім келеді. Бұл жеңістер мен 

жетістіктерде ұжымымыздың әр мүшесінің 

қосқан үлесі бар. Мемлекетіміздегі білім 

беру сапасын қамтамасыз ету турасындағы 

тәуелсіз Қазақстан Агенттігінің жан-

жақты зерттеу нәтижесіне сәйкес, 2012 

жылғы көрсеткіші бойынша жоғары оқу 

орындарының бас рейтингінде сапалы 

педагог мамандар дайындайтын жоғары 

оқу орындары арасынан Қазақ мемлекеттік 

қыздар педагогикалық университеті 

екінші орынды иеленді. Бұл ұжым еңбегіне 

берілген үлкен баға. 

ұжым ның тынымсыз еңбегінің арқасы екені 

ақиқат.

ткен жылдан бастап аз жұмыс жасалған 



жоқ, бірақ әлі де атқарылатын жұмыстар к п. 

Жаңа оқу жылынан «Универ» жүйесін енгізуді 

бастадық. Бұл жүйені үстіміздегі жылдың 

желтоқсан айының алғашқы онкүндігіне дейін 

толыққанды игеріп, бітіруіміз қажет. Біріккен 

халыкаралық білім беру бағдарламаларын ашу 

да жоспарланып отыр. МВА бағдарламаларын 

ашу бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде, 

магистрлерді дайындау бағдарламалары бо-

йынша магистрлік диссертацияларды орын-

дауда баллдарды жинақтау жүйесі енгізілуде. 

Қазір 22 мамандық бойынша 1-курста 251, 

2-курста 139 магистрант, 2 мамандық бойынша 

1-курста 5 докторант білім алуда. Биылғы оқу 

жылында 8437 студент бакалаврда білім алуда, 

оның 4844-і күндізгі б лімде, 3593-і сырттайғы 

б лімде. Бұлардың ішінде күндізгі б лімде 2320 

грант, сыртқы б лімде 287 грант иегері оқиды. 

Былтырғы оқу жылымен салыстырғанда сту-

денттер саны 720 студентке сырттайғы б лім 

есебінен кемігенімен, күндізгі б лімде грант-

тар саны артып, 2320-ға, ректорлық грант 

иегер лері 42-ге жетіп отыр. Биыл универси-

тет қабырғасынан 2131 түлек ұшып шықса, 

1-курсқа 1920 талапкер қабылданды.  здеріңіз 

к ріп отырғандай, биылғы жылы бакалавриат, 

ма гистратура гранттар саны  сіп, алғашқы рет 

докторантураға орын берілді. Оқытушы-про-

фессорлар құрамының сапасы да артып келеді.

ҚР Президенті Н. . Назарбаев жақында 

Назарбаев университетінде оқыған дәрісінде 

«Табысты университеттер дегеніміз, бірінші 

кезекте автономдық мәртебесі, академиялық 

еркіндігі бар және ғылыми-зерттеу қызметіне 

бағдар ұстанған ЖОО-лар» - деп әділ айтты. Бұл 

міндеттің орындалуы әрбір оқытушы, әрбір ка-

федра меңгерушісі және факультет деканы  з 

жұмыстарына қаншалықты жауапкершілікпен 

қарайтындарына байланысты болады.

Ағымдағы оқу жылында біз ғылыми-

педагогикалық кұрамның ғылыми-зерттеу 

жұмыстарына б летін уақыттарын ұлғайтуды 

мақсат етіп отырмыз.  йткені, білім беру және 

ғылыми үдерістердің интеграциясы болуы 

тиіс. ІІедагогикалық және ғылыми-зерттеу іс-

әрекеттерінің арасындағы диспропорциялар 

жойылу қажет. Ғылыми-зерттеу жұмысының 

жоғары деңгейін қамтамасыз ете алатын 

жоғары оқу орындарының ғана даму болашағы 

бар екендігі баршаңызға мәлім. Бұл ретте 

оқытушыларды ғылыми жұмыспен ынталан-

дыру – біріншіден кафедра меңгерушілерінің 

тікелей міндеті болып табылады. Ал сту-

денттерді, жастарды ғылымға тарту – әрбір 

оқытушының міндетті жұмысы болу керек.

Университетіміздің ғылыми деңгейін 

к теру бүгінде басты назарда қаралады. 2012 

оқу жылында университет ғалымдары грант тық 

қаржыландыру және жастар саясаты ж ніндегі 

басқарманың конкурстары бойынша ғылыми-

зерттеу жобаларын ұсынып, оның үшеуі грант 

жеңіп алды, ал ҚР Тұңғыш Президенті қорының 

ұйымдастыруымен  ткен 40 жасқа дейінгі жас 

ғалымдардың қатысуымен  ткен іргелі және 

қолданбалы зерттеу жұмыстарына арналған 

«Ғылыми-зерттеулер гранты» конкурсы бой-

ынша  леуметтік және гендерлік зерттеулер 

институтының қызметкері грант иегері атан-

ды. Осы қор ұйымдастырған жаратылыстану, 

техника және гуманитарлық ғылыми бағыттар 

бойынша республикалық студенттердің 

ғылыми-зерттеу жұмыстарына арналған конкур-

сында физика-математика факультетінің 3 курс 

студенті Арайлым Бижанова үздік атанып, грант 

жеңіп алды. Білім және ғылым министрлігіне 

университетімізден 2012 жылдың мамыр айын-

да бірнеше ғылыми жоба ұсынылған. Олардың 

ішінде белгілі ғалымымыз, профессор Ажмұқан 

Жамаловтың ғылыми жетекшілігіндегі бір жоба 

техника саласы бойынша мемлекеттік грантты 

жеңіп алды. Біз мұндай жетістіктерді алдағы 

уақытта к бейтуіміз керек.

Сонымен қатар, оқытушыларымыздың 

кәсіби біліктілігін к теру мәселесі де ойдағыдай 

тті деуге болады. 2011-2012 оқу жылында 

университет оқытушыларының 8-і – шет мем-

лекетте, 265-і – Қазақстан бойынша, 180-і 

университетімізде біліктілігін арттырды.

Дегенмен, біз мұнымен тоқталып қалмауы-

мыз керек. Бүгінгі күні Қыздар университеті 

әлемдік академиялық рейтингтерге кіруге 

ұмтылады. Бұл мәселе біздің барлық жина-

лыстарымызда, кездесулерімізде кеңінен 

талқыланады. Біз әлемдік рейтингтерге кіру 

бойынша нақты және шынай орындалатын 

жоспарды құрастырып, оқу үрдісіне иннова-

цияларды үнемі енгізуді жалғастырамыз. PhD 

бағдарламасы бойынша шақырылған про-

фессорларды тарта отырып, семинарлар, тре-

нингтер, шеберлік сыныптарын  ткізу арқылы   

оқытушылардың, эдвайзерлердің дайындық 

деңгейін үнемі жоғарылатпақпыз. Нақты 

еңбек нарығының қажеттіліктеріне бағыт ұстай 

отырып,  зекті қоғамдық қажеттіліктерге жа-

уап ретінде барлық деңгейдегі жаңа білім беру 

бағдарламаларын дамытамыз. Белсенді және 

интербелсенді оқыту формаларын дамыту, ше-

тел тілдерін оқытуға инновацияларды енгізу 

керек. 

Жаңа оқу жылында факультеттерде бака-



лавриат пен магистратурада ағылшын тілінде 

оқитын топтар мен үрдістер қалыптастырылды. 

Жаңа оқу жылынан Елбасының жастарға 

к птілді білім беру туралы тапсырмасын орын-

дау мақсатында әртүрлі 15 мамандықта 38 ар-

найы ағылшын тобы құрылды. Мемлекеттік ті-

ліміз қазақ тілі мен ағылшын тіліне басымдық 

бере отырып, Тілдер орталығын ашуды жоспар-

лаудамыз. Филология мамандықтары топтасты-

рылып, «Қазақ филологиясы және әлем тілдері» 

факультеті болып оңтайландырылды.

Ағылшын тілінде оқитын топтардың санын 

ұлғайту бойынша жұмысты жалғастыруымыз 

қажет, магистратураның кейбір мамандықтары 

бойынша толығымен ағылшын тілінде оқыту-

ға  туге де к ңіл б летін боламыз, әсіресе 

бұл біздің информатика мамандықтарына 

қатысты. Элективті пәндер катологы жүйесін 

қалыптастырып, келесі жылы батыстың озат 

жоғары оқу орындарының деңгейінде жасал ған 

з катологымыз болуы тиіс. Сонымен қатар, 

ғылыми-педагогикалық құрамның ғылыми-

зерттеу жұмысы республикалық деңгейдегі 

журналдарда жекелей мақалаларды жария-

лаумен шектелмеуі тиіс.  рбір кафедрада жа-

рияланатын мақалаларға қойылатын талаптар 

сипатталған шетелдік ғылыми басылымдардың 

тізімі болуы керек. 

Ақпараттық ресурстарды ортақ қолдану 

және ІТ-технологияларын дамыту аясын-

да шетелдік ұйымдармен, әріптес жоғары оқу 

орындарымен  зара әрекеттесуді кеңейту 

үшін Томсон Рейтерс, Шпрингер Линк және 

Елсивэр мәліметтер базасын тегін қолдану 

туралы келісімшарт жасалынып, базалар-

ды пайдалану тәсілдерін үйретуге арналған 

семинар-тренингтер  тті. Нәтижесінде 2012 

жылы 6 мақала жарық к ріп, университет 

ғалымдары еңбектерінің жариялануы жолға 

қойыла бастады. Алда бұл к рсеткішке назар 

молынан аударылады.

2012 жылдан бастап ҚазМемҚызПУ біті-

рушілермен  зекті және еңбек нарығында 

талап етілетін бірқатар мамандықтар бо-

йынша екі диплом алу үшін нормативті және 

тұжырымдамалық (концептуалды) базаларды 

дайындауды жүргізіп жатыр. Дәріс оқу және 

сабақ  ткізу үшін шетел профессорларын ша-

қыру ҚазМемҚызПУ үшін норма болды. 

Ағымдағы жылы университетте алыс шет елдер-

ден келетін 12 профессордың дәріс оқуы жоспар-

ланып отыр. Күні бүгін Нигде университетінен 

келген қос ғалым дәрістерін аяқтап, Эстония-

дан келген әріптесіміз жұмысын бастап та кетті. 

Университетіміздің әртүрлі мамандықтарынан 

Ұлыбритания университеттерінен білім алуға 

бір семестрге 10 білімгеріміз 1 қыркүйек-

тен жіберілді. Біздің сұрауымыз бойынша, 

министрлік шет елден профессорлар алмасып 

оқытуға, ал студенттеріміздің академиялық 

ұтқырлық бойынша шетелдік ЖОО-ларда 

білім алуы үшін арнайы қаржы б ліп отыр. 

Студенттердің академиялық мобильдігі бойын-

ша  ткен оқу жылында алыс және жақын шет 

елдердің, АҚШ, Түркия, Қытай, Корея, Ресей 

мемлекеттерінің басты университеттерімен 

келісім-шарттарға қол қойылып, үстіміздегі 

жылдың ақпан айынан 50-ден аса студентіміз бен 

магистрантымыз шет елдерде білім алуда.  ткен 

оқу жылында екі оқытушымыз «Үздік оқытушы» 

республикалық грантын иеленіп, 7 ғалымымыз 

«Болашақ» халықаралық бағдарламасы бойын-

ша шет елдерде тағылымнамадан  тіп келді. 

Сонымен бірге, қашықтықтан (дистанциялық) 

оқытуды енгізу үрдісін де әрі қарай дамытып, 

білім беру бағдарламарын шетелдік аккредиттеу 

агенттіктерінде аккредиттеу бойынша жұмысты 

белсендіру қажет.

Жасыратыны жоқ,  ткен оқу жылы табыс-

ты болды, бірақ алда атқарылатын қыруар жұ-

мыстар күтіп тұр. Оны Қазақстанның білім беру 

жүйесінде 68 жылдық тарихы мен тәжірибесі 

бар, ұлт тәрбиешілерін дайындауда халықара-

лық деңгейдегі бәсекеге қабілетті маман дар 

даяр лайтын жоғары оқу орындарының бірі – 

Қыздар университеті ұжымының еңсеретініне 

сенім мол. Ол үшін тынбай ізденіп, ынтымақтаса 

жұмыс істеуіміз керек.

Қыздар университеті әлемдік

академиялық рейтингтерге 

кіруге ұмтылады

табыстардың оңды жемістерін рейтингтің білім 

мен ғылымға қатысты 11 к рсеткіші бойынша 

бірнеше позицияда  скендігінен к руге болады. 

Мемлекетіміздің әлемдік деңгейде беделінің 

суіне біздің қара шаңырақ – оқу ордамыздың 

да  з үлесін қосатынына мен сенімдімін.

Бұл бағытта  ткен оқу жылында үздіксіз 

іс-шаралар атқарылғанын білесіздер. Бүгінгі 

күні біз дамудың оңтайлы қарқынына жетіп, 

ең бастысы, университетіміздің к шбасшылық 

бағытын қамтамасыз ету үшін алға ұмт ы лу-

дамыз. Оқу орнымыз қазіргі кезеңде әлемдік 

білім кеңістігіне интеграциялануда бас-

қару функцияларын децентризациялап, 

факультеттердің, кафедралардың, басқа да 

б лімшелердің дербестігін жоғарылатуды талап 

етудеміз. Ғылыми-педагогикалық кұрамның 

еңбекақысы рейтинг бойынша ғана емес, соны-

мен бірге кафедра, факультет жұмыстарының 

жетістігімен де дифференциалданатынын 

ескеруіміз керек.

ткен жылы университетімізге респуб ли-

калық бюджеттен түсетін қаржының к лемі 

2010 жылмен салыстырғанда 46,6%-ға, 2011 

жыл мен салыстырғанда 26,5%-ға артты. Кіріс 

жағы да 2010 жылмен салыстырғанда 53,8%-ға, 

2011 жылмен салыстырғанда 20,9%-ға  сті. Бұл 

«Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу», «Бас-

тауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» 

мамандықтарының жоғары білім беру стандарт-

тарын - бакалавр, магистратура бойынша 2001 

жылдан бастап дайындауға атсалысып келеді. 

Елбасының кешегі инновациялық дәрісінде 

мектепке дейінгі балаларды балабақшамен 

қамтамасыз ету және баланы 3 жастан ағылшын 

тіліне үйрету туралы тапсырмасына сәйкес «Мек-

тепке дейінгі балаларды ағылшын тіліне үйрету 

теориясы мен әдістемесі», «Орыс тілді балаларға 

қазақ тілін үйрету әдістемесі» пәндерін енгізіп, 

2008 оқу жылдарынан бері мектепке дейінгі 

оқыту және тәрбиелеу мамандығы бо йынша 

республикалық пәндік олимпиадалардың бас-

таушысы, ғылыми жұмыстар байқауларының 

тұрақты жеңімпаздары мен жүлдегерлері ата-

нып келеді.

Биылғы оқу жылын тарихи оқиғамен 

бастап отырмыз. Жақында ғана Қазақстан 

жаһандық рейтингте 72-орыннан 51-інші 

орынға к терілді. Еліміздің Бүкіләлемдік 

Эко номикалық Форумның дүние жүзі мем-

лекеттерінің жаһандық бәсекеге қабілеттілік 

к рсеткішінің қорытынды Есебі бойынша 21 

позицияға бірден секіріс жасауы, с з жоқ, мем-

лекет басшысының саяси курсының табысты 

іске асуының, еліміз таңдаған дана жолдың 

жасампаздық пен даму динамикасының заңды 

к рсеткіші болып табылады. 

Аз ғана уақытта ұланғайыр жетістіктерге қол 

жеткізіп, әлемнің алпауыт елдерімен терезесі 

тең дипломатиялық қатынас орнатсақ, мұның 

баршасында Елбасы бастамаларына қуатты 

қолдау к рсетіп,  тпелі кезеңде бір жағадан 

бас, бір жеңнен қол шығарған отандастары-

мыз дың да ерен еңбегі мен үлесі бар. Бұған 

дәлел – ел тарихында алтын әріппен жазыла-

тын егемендіктің екі ондығындағы жүріп  ткен 

жүз жылға татитын дара жол.  лбетте, еліміздің 

экономикасы инновациялық даму деңгейі 

бойынша үшінші даму сатысында бірінші 

рет рейтингке қатысуы, 111 индикатордың 

82-сінде  су к рсеткішінің жоғары болуы, 

әсіресе рейтингтің «Технологиялық дайындық» 

факторы бойынша 32 позицияға к терілуі – 

Қазақстан экономикасындағы үлкен прогрестің 

дәлелі болса керек. Бұл прогресс пен дина-

микада ҚР Білім және ғылым министрлігінің 

басшылығымен іске асырылып жатқан оң 

згерістердің, еліміздің білім беру жүйесі 

мен ғылымын модернизациялаудағы мол 



3

3

ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ



№6 (95)

28 қыркүйек,

2012 жыл

Қ А Б І Л Е Т Т І Л І К



Заманымыздың заңғар жазушысы Мұхтар 

Әуезов «Халық пен халықты, адам мен адамды 

теңестіретін – білім» деген. Біз өрлеуді өмірінің 

өзегі еткен халықпыз. Мына заманда «Өнердің 

кілтін тапқан ғана өрге шабады». Сендер, 

тәуелсіз Қазақстанның келешегі үшін тарихи 

жауапкершілік арқалайтын азаматсыңдар. Осы 

жауапкершілікті сезіне біліңдер. 


жүктеу 6.91 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет