Қп-аəиу-09-2016 Сапа менеджменті жүйесі Құжатталған процедура Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы 217 беттің 1-беті 1


 Конкурстық комиссияны қалыптастыру



жүктеу 9.9 Kb.
Pdf просмотр
бет7/32
Дата28.04.2017
өлшемі9.9 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   32

Конкурстық комиссияны қалыптастыру 
3.1 Профессор-оқытушылар құрамының жəне ғылыми қызметкерлердің лауазымдарына 
тағайындау жөніндегі конкурстық комиссияның (бұдан əрі - конкурстық комиссия) саны мен 
дербес  құрамын  жəне  оның  өкілеттігінің  мерзімін  жоғары  оқу  орнының ғылым  кеңесі 
айқындап, басшының бұйрығымен бекітіледі. 
3.2  Конкурстық  комиссия  конкурсты  өткізудің  нысандарын,  рəсімдерін,  мерзімдерін 
айқындайды,  конкурстық  құжаттамаларға  талдау  жүргізеді,  конкурстың  қорытындысы 
бойынша шешім шығарады. 
3.3 Конкурстық комиссия жүмысының негізгі міндеттері: 
1)  барлығына конкурсқа қатысу үшін бірдей мүмкіндік беру; 

Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті 
 
ҚП-АƏИУ-09-2016 
Сапа менеджменті жүйесі 
Құжатталған процедура 
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы  
 217
 беттің 43-беті 
 
43 
 
2)  конкурсқа қатысушылардың арасында əділ бəсекелестікті қамтамасыз ету; 
3)  объективтіліктің  сақталуына  жəне  конкурстың  жариялы  түрде  өткізілуіне 
бақылауды жүзеге асыру болып табылады. 
3.4Конкурстық 
комиссия 
мынадай 
құрамда 
құрылады: 
конкурстық 
комиссияның 
төрағасы 

жоғары 
оқу 
орны 
басшысының 
орынбасары, 
төрағаның орынбасары, хатшы жəне комиссия мүшелері кемінде үш адам. 
4 Конкурска қатысушылардың құжаттарын қабылдау жəне қарау 
4.1  Конкурсқа  қатысуға  ниет  білдірген  тұлғалар  кейіннен  еңбек  шартын  жасасумен 
жоғары оқу орны басшысының атына жазылған өтінішті ұсынады. 
4.2  Өтінішке қоса мынадай құжаттарды қоса береді: 
-кадрларды есепке алу бойынша жеке парағы; 
-өмірбаян; 

жоғары 
білімі 
мен 
академиялық 
жəне 
ғылыми 
дəрежесі 
туралы 
дипломдардың, 
ғылыми 
атағы 
туралы 
құжаттың 
нотариалды 
расталған 
көшірмелері; 
- қайта даярлау жəне біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмесі (болған 
жағдайда); 
- ғылыми жұмыстар мен өнертабыстарының тізімі (болған жағдайда); 
- № 086 нысанындағы медициналық анықтама. 
4.3 Осы жоғары оқу орнында жұмыс істейтін тұлғалар конкурсқа қатысу немесе еңбек 
шарты  бойынша  лауазымды  атқару  үшін  жоғары  оқу  орны  басшысының  атына  өтініш, 
мінездемесін,  егер  болған  жағдайда  ғылыми  жұмыстары  мен  өнертабыстарының  тізімін 
береді. 
4.4  Профессор,  доцент,  аға  оқытушы,  оқытушы  лауазымын  атқару  конкурсына 
қатысуға  ниет  білдірген  тұлғалардың  қүжаттары  жоғары  оқу  орны  басшысының  қолы 
қойылып, алдын ала қорытынды үшін кафедраға жіберіледі. 
4.5  Кафедра  меңгерушісі  лауазымын  атқару  конкурсына  қатысуға  ниет  білдірген 
тұлғалардың 
құжаттары 
жоғары 
оқу 
орны 
басшысының 
қолы 
қойылып, 
алдын 
ала 
қорытынды 
үшін 
кафедраға 
жəне 
тиісті 
факультетке 
жіберіледі.  Мұндай  жағдайда  кафедра  отырысына  жоғары  оқу  орны  басшысының  тиісті 
қорытындыға қол қоятын орынбасары төрағалық етеді. 
4.6 
Конкурстық 
материалдар 
ұсынымдық 
сипатында 
қорытынды 
шығаратын тиісті кафедра отырысында алдын ала қаралады. 
4.7  Конкурсқа  қатысатын  жəне  ғылыми-педагогикалық  өтілі  бар  тұлғалар  конкурс 
алдындағы  кезеңдегі  ғылыми-педагогикалық  қызметі  туралы  кафедра  отырысында  есеп 
береді. 
4.8 Кафедраның қорытындысы əр кандидат бойынша көпшілік дауыспен ашық немесе 
жасырын дауыс беру арқылы қабылданады, ол конкурстық комиссияға жіберіледі. 
4.9  Кафедраның  қорытындысы  егер  оның  отырысында  кафедраның  штаттағы 
оқытушыларының кемінде 2/3-і қатысқан жағдайда жарамды деп саналады. 
4.10  Кафедра  меңгерушісі  лауазымына  кандидат  туралы  кафедра  қорытындысына 
кафедра отырысын өткізген жоғары оқу орны басшысының орынбасары қол қояды. 
4.11  Конкурсқа  қатысушылар  кафедра  отырысына  қатысуға  жəне  өз  қалауы  бойынша 
қорытындылармен танысуға құқығы бар. 
5.Конкурс бойынша тағайындау тəртібі 
5.1  Профессор-оқытушылар 
құрамының 
жəне 
ғылыми 
қызметкерлердің 
лауазымдарына тағайындау конкурсы сауалнама жүргізу, сараптамалық  баға беру, тестілеу, 
əңгімелесу,  шығармашылық  есеп  беру,  авторлық  əзірлемелерді  қорғау,  практикалық 
тапсырмалар  нысанында  кандидаттар  қызметінің  қорытындыларын  талдамалық  қорыту 
негізінде  жүргізіледі,  бұл  ретте  үлгілік  біліктілік  сипаттамаларына  сəйкес  кəсіби  деңгейді 

Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті 
 
ҚП-АƏИУ-09-2016 
Сапа менеджменті жүйесі 
Құжатталған процедура 
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы  
 217
 беттің 44-беті 
 
44 
 
анықтау  үшін  əр  лауазым  бойынша  білімдері  тексеріледі.  Тестілер  мен  сауалнамалар 
қорытындыларының  мазмұнымен,  сондай-ақ  тексеру  материалдарымен  үміткер  конкурс 
комиссиясының отырысына дейін бір апта бұрын жазбаша түрде танысуы тиіс. 
5.2  Əңгімелесудің мақсаты үлгілік біліктілік сипаттамаларын, бос лауазымға конкурс 
жариялаған  нақты  жоғары  оқу  орнының  ерекшеліктерін  ескере  отырып,  кандидаттардың 
кəсіби жəне жеке қасиеттеріне баға беру болып табылады. 
5.3  Конкурстық  комиссия  отырысында  əр  кандидатура  бойынша  жасалған  кафедра 
қорытындылары жарияланады. 
5.4  Бұдан  кейін  конкурстық  комиссия  осы  Қағидаларға  қосымшаға  сəйкес  ашық 
дауыс  беру  арқылы  аталған  лауазымға  кандидатты  жасырын  дауыс  беру  үшін  бірыңғай 
бюллетеньге енгізу туралы шешім қабылдайды. 
5.5  Кандидатпен  келісу  немесе  келіспеу  əр  кандидаттың  тегіне  қарсы  тұсқа 
«келісемін» немесе «келіспеймін» деген сөздерді белгілеу арқылы білдіріледі. Бір лауазымға 
екі  жəне  одан  да  көп  кандидат  конкурстық  іріктеуге  қатысқан  жағдайда  бірде-бір  тегі 
сызылмаған бюллетень жарамсыз деп танылады. 
5.6  Дауыстарды  санау  үшін  конкурстық  комиссия  жасырын  дауыс  берудің  алдында 
құрамы  комиссияның  кемінде  үш  адамынан  тұратын  есептеу  комиссиясын  сайлайды. 
Есептеу  комиссиясы  əр  кандидат  бойынша  дауыс  беру  нəтижесін  жариялайды.  Есептеу 
комиссиясының  хаттамасын  конкурстық  комиссия  бекітеді  жəне  конкурс  материалдарына 
қосады. 
5.7  Конкурс  өткізу  кезінде  конкурстық  комиссия  мүшелерінің  кемінде  2/3  мүшесі 
дауыс  беруге  қатысқан  жағдайда  конкурстық  комиссияның  шешімі  жарамды  болып 
табылады.  Қатысқан  конкурстық  комиссия  мүшелерінің  ең  көп  дауысын  алған  үміткер 
сайланды  деп  есептеледі.  Жасырын  дауыс  беру  арқылы  қабылданған  конкурстық 
комиссияның шешімі, егер ол осы Қағидалар сақтала отырып қабылданса, түпкілікті  болып 
табылады. 
5.8  Жасырын  дауыс  берудің  нəтижелері  бойынша  конкурстық  комиссия  əр  бос 
лауазымға  əрбір  кандидат  бойынша  еңбек  шартын  жасасу  үшін  «жоғары  оқу  орнының 
ректорына  ұсынылады»  немесе  «жоғары  оқу  орнының  ректорына  ұсынылмайды»  деген 
жазумен ұсынымдар дайындайды. Комиссия хатшысы конкурсқа қатысқан тұлғаларды оның 
нəтижелерімен жəне конкурстық комиссияның ұсынымдарымен таныстырады. 
5.9  Конкурс  бойынша  іріктеу  жəне  еңбек  шартын  жасасу  өтініш  берген  мерзім 
аяқталғаннан кейін екі айдан кешіктірілмей жүргізіледі. 
5.10  Белгіленген  мерзім  сақталмаған  жағдайда  бос  лауазымдар  туралы  конкурс  жəне 
ақпарат қайта жарияланады. 
 
6  Шағымдану тəртібі 
6.1  Конкурсқа  қатысушылар  конкурстық  комиссияның  шешіміне  жоғары  оқу  орны 
ректорының атына немесе сот тəртібімен шағымдануға құқылы. 
6.2  Жоғары  оқу  орнының  басшысы  конкурстық  комиссияның  шешіміне  түскен 
шағымды  қарайды  жəне  осы  Қағидалар  талаптарының  бұзылғаны  анықталған  жағдайда 
конкурстық комиссияға қабылданған шешімді жоюды ұсынысады. 
6.3  Жоғары  оқу  орны  басшысының  ұсынысын  конкурстық  комиссия  өзінің 
отырысында  жаңа  құраммен  қарайды.  Конкурстық  комиссия  бұл  отырыста  алдыңғы 
шешімнің күшін жояды немесе оны өзгеріссіз қалдырады. 
6.4  Конкурсқа  қатысушылар,  сондай-ақ  жоғары  оқу  орнының  басшысы  конкурс 
құжаттарымен жəне оның нəтижелерімен танысады. 
 
 
 

Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті 
 
ҚП-АƏИУ-09-2016 
Сапа менеджменті жүйесі 
Құжатталған процедура 
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы  
 217
 беттің 45-беті 
 
45 
 
2 БІЛІМ БЕРУ ҮДЕРІСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЕРЕЖЕЛЕРІ  
 
2.1  БІЛІМ  АЛУШЫЛАРДЫ  БАКАЛАВР  БАҒЫТЫ  БОЙЫНША  ОҚУҒА 
ҚАБЫЛДАУ ЕРЕЖЕЛЕРІ 
 
1 Жалпы ережелер 
1. 
Осы 
«Білім 
алушыларды 
бакалавр 
бағыты 
бойынша 
оқуға 
қабылдау 
ережелері»(бұдан  əрі  –  Ережелер)  «Жоғары  білімнің  білім  беру  бағдарламаларын  іске 
асыратын  білім  беру  ұйымдарына оқуға  қабылдаудың  үлгілік  қағидаларына»,  Қазақстан 
Республикасы  «Білім  туралы»  Заңының  4-бабының 25)  тармақшасына  сəйкес  əзірленген 
жəне  азаматтарды  Аймақтық  əлеуметтік-инновациялық  университеті  (бұдан  əрі  - 
Университет) бакалавр бағыты бойынша оқуға қабылдаудың тəртібін айқындайды.       
2. Бакалавр бағыты бойынша оқуға  жалпы орта, техникалық жəне кəсіптік (бастауыш 
жəне  орта  кəсіптік,  орта  білімнен  кейінгі)  жəне  жоғары  (жоғары  кəсіптік)  білімі  бар 
адамдар қабылданады. 
3.  Университеткеоқуға  түсуші  тұлғаларды  қабылдау  мемлекеттік  білім  беру 
тапсырысын  (білім  беру  грантын)  орналастыру,  сондай-ақ  азаматтардың  өз  қаражаты  мен 
басқа да көздер есебінен оқуға ақы төлеуі арқылы жүзеге асырылады. 
4. Университетке оқу түсуші тұлғаларды қабылдау ұлттық бірыңғай тестілеудің (бұдан 
əрі  -  ҰБТ)  немесе кешенді  тестілеудің  нəтижелері  бойынша берілген сертификаттағы 
балдарға сəйкес конкурстық негізде олардың өтініштері бойынша жүзеге асырылады. 
5.  Кешенді  тестілеу  өткен  жылдардағы  жалпы  орта  (орта  жалпы)  білім  беру 
ұйымдарының  бітірушілері,  техникалық  жəне  кəсіптік  (бастауыш  жəне  орта  кəсіптік,  орта 
білімнен  кейінгі)  білім  беру  ұйымдарының  бітірушілері,  халықаралық  оқушылар  алмасу 
желісі  бойынша  шетелде  оқыған  жалпы  білім  беретін  мектеп  бітірушілері,  ҰБТ-ға 
қатыспаған  жалпы  білім  беретін  мектептердің  бітірушілері,  қазақ  жəне  орыс  тілдерінде 
оқытпайтын жалпы білім беретін мектептердің бітірушілері, республикалық музыка мектеп-
интернаттарының  бітірушілері,  сондай-ақ  оқу  орнын  шетелде  бітірген  тұлғалар  үшін 
өткізіледі. 
5.1 Қайта кешенді тестілеу университетке ақылы негізде қабылдау мақсатында тестілеу 
нəтижесі  бойынша  50  балдан  кем,  оның  ішінде  бейінді  пəннен  7  балдан  кем  жəне  қалған 
пəндерден  4  балдан  кем  сертификаты  бар  ҰБТ  жəне  кешенді  тестілеу  қатысушылары  үшін, 
сондай-ақ ҰБТ мен кешенді тестілеуге қатыспаған тұлғалар үшін өткізіледі. 
5.2  Қосымша  кешенді  тестілеу  университетке  ақылы  негізде  қабылдау  мақсатында 
қайта  кешенді  тестілеу  нəтижесі  бойынша  50  балдан  кем,  оның  ішінде  бейінді  пəннен  7 
балдан кем жəне қалған пəндер бойынша 4 балдан кем сертификаты бар шартты қабылданған 
тыңдаушылар үшін өткізіледі. 
6.  Қазақстан  Республикасының  жоғары  оқу  орындарына  түсуші  тұлғаларды  ақылы 
негізде оқуға қабылдауды жоғары оқу орындары жүзеге асырады. 
Техникалық  жəне  кəсіптік,  орта  білімнен  кейінгі  білімі  бар  (колледж)  тұлғаларды 
жоғары оқу орындарына ақылы негізде қысқартылған мерзім бойынша ұқсас мамандықтарға 
оқуға қабылдау кешенді тестілеу нəтижелері бойынша жүзеге асырылады. 
Ұқсас мамандықтар тізбесін білім беру саласындағы уəкілетті орган бекітеді. 
Жоғары  білімі  бар  тұлғаларды  жоғары  оқу  орындарына  ақылы  негізде  қысқартылған 
мерзімге  оқуға  қабылдауды  жоғары  оқу  орындарының  қабылдау  комиссиялары  жүзеге 
асырады. 
7.Шетел  азаматтарын  ақылы  негізде  оқуға  қабылдау  Университеттіңқабылдау 
комиссиясы өткізетін əңгімелесу түрінде жүзеге асырылады. 

Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті 
 
ҚП-АƏИУ-09-2016 
Сапа менеджменті жүйесі 
Құжатталған процедура 
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы  
 217
 беттің 46-беті 
 
46 
 
8.Университетке  оқуға  қабылдау  кезінде  Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің 
шешімімен бекітілген мөлшерде қабылдау квотасы белгіленеді. 
Ауылдық  білім  беру  ұйымдарын  бітірген  адамдар  үшін  Қазақстан  Республикасының 
жоғары 
оқу 
орындарына 
қабылдау 
квотасы 
белгіленген 
жоғары 
білім 
мамандықтарының тізбесін білім беру саласындағы уəкілетті орган бекітеді. 
9.Педагогикалық  мамандықтарға,  арнайы  немесе  шығармашылық  даярлауды  талап 
ететін  мамандықтарға  қабылдау  арнайы  немесе  шығармашылық  емтихандар  нəтижесін 
есепке  ала  отырып  жүзеге  асырылады.  Мамандықтар  тізбесі  жəне  арнайы  немесе 
шығармашылық емтихандарды өткізу тəртібі осы Ережелердің 1.1 бөлімімен белгіленеді. 
10.Шығармашылық  даярлықты  талап  ететін  мамандықтарға  түсушілер  университет 
қабылдау комиссиялары өткізетін шығармашылық емтихандар тапсырады. 
Педагогикалық  мамандықтарға 
түсушілер  Университеттіңқабылдау  комиссиясы 
өткізетін арнайы емтихан тапсырады. 
11.Мамандықтар  тізбесі  жəне  арнайы  немесе  шығармашылық  емтихандарды  өткізу 
тəртібі 
11.1.  Шығармашылық  мамандықтар  бойынша  университетке  оқуға  түсу  кезінде 
өтініштерді қабылдау университетте жүзеге асырылады. 
11.2.  Педагогикалық  мамандықтарға  түсу  кезіндегі  арнайы  емтихан  талапкерлердің 
педагогикалық қызметке бейімділігін анықтауға бағытталған. 
11.3. Шығармашылық емтихандар талапкерлердің шығармашылық қабілеттерінің жəне 
шығармашылық  бағыттағы  кəсіптерді  меңгерудегі  тұлғалық  алғышарттарының  болуын 
анықтауға бағытталған. 
11.4. Педагогикалық мамандықтарға түсушілер үшін арнайы емтиханның саны – біреу. 
11.5. Шығармашылық мамандықтарға түсушілер үшін шығармашылық емтихандардың 
саны – екеу. 
11.6.Талапкерлерден  педагогикалық  мамандықтарға  арнайы  емтихан  тапсыру  үшін 
өтініштер қабылдау университетте 20 маусым мен 4 шілде аралығында жүзеге асырылады. 
Арнайы емтихан 5-14 шілде аралығында өткізіледі. 
11.7.  Талапкерлерден  шығармашылық  емтихандар  тапсыру  үшін  өтініштер  қабылдау 
университет  орналасқан  мекенжай  бойынша  20  маусым  мен  1  шілде  аралығында  жүзеге 
асырылады. 
Шығармашылық емтихан 2-7 шілде аралығында өткізіледі. 
11.8. Арнайы немесе шығармашылық емтихандарды өткізу нысаны «Жоғары білімнің 
білім  беру  бағдарламаларын  іске  асыратын  білім  беру  ұйымдарына оқуға  қабылдаудың 
үлгілік қағидаларының» талаптарына сəйкес бекітіледі. 
11.9.  Арнайы  немесе  шығармашылық  емтихандарды  ұйымдастыру  жəне  өткізу  үшін 
құрамы ректордың бұйрығымен бекітілетін пəндік комиссиялар құрылады. 
11.10.  Арнайы  немесе  шығармашылық  емтихандардың  кестесін  (пəннің  атауы,  күні, 
уақыты  жəне  өткізілетін  орны,  консультациялар,  нəтижелерді  жариялау  күні)  қабылдау 
комиссиясының  төрағасы  бекітеді  жəне  құжаттарды  қабылдау  басталғаннан  кешіктірілмей 
талапкерлердің назарына жеткізіледі. 
11.11.  Шығармашылық  емтихандар  25  балдық  жүйе  бойынша  бағаланады,  арнайы 
емтихан – «өтті» / «өтпеді». 
11.12.  Шығармашылық  емтихан  бойынша  10  балдан  төмен  алған  немесе  емтиханға 
келмеген  тұлғалар  осы  мамандыққа  түсу  үшін  кешенді  тестілеуге  ағымдағы  жылы 
жіберілмейді. 
11.13.  Арнайы  жəне  шығармашылық  емтихандар  өткізу  кезінде  осы  Ережелерді 
сақтауды  қабылдау  комиссиясының  жауапты  хатшысы  жəне  оның  орынбасары, 
емтихандарды  өткізуге  тартылған  арнайы  кезекшілер,  техникалық  хатшылар  қамтамасыз 

Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті 
 
ҚП-АƏИУ-09-2016 
Сапа менеджменті жүйесі 
Құжатталған процедура 
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы  
 217
 беттің 47-беті 
 
47 
 
етеді.  Арнайы  жəне  шығармашылық  емтихандарды  ұйымдастыруды  жəне  өткізуді 
университет жүзеге асырады. 
11.14.Шығармашылық  емтихандарды  өткізу  қорытындылары  бағалау  ведомостары-
мен,  арнайы  емтихан  –  жіберу  ведомостымен,  пəндік  комиссияның  еркін  нысандағы 
хаттамасымен  ресімделеді  жəне  жауапты  хатшыға  (оның  орынбасарына)  нəтижелерді 
жариялау  үшін  беріледі.  Пəндік  комиссияның  хаттамасына  төраға  жəне  комиссияның 
барлық мүшелері қол қояды. 
11.15.  Арнайы  немесе  шығармашылық  емтихандардың  нəтижелері  емтихан  өткеннен 
кейін келесі күні ілінеді. 
11.16. Талаптарды сақтауды жəне арнайы немесе шығармашылық емтихандарды бағалау 
кезіндегі даулы мəселелерді шешуді, емтихан өткізу кезеңінде арнайы немесе шығармашылық 
емтихандарды  тапсырушы  тұлғалардың  құқығын  қорғауды  қамтамасыз  ету  мақсатында 
университетте апелляциялық комиссия құрылады. 
Апелляциялық 
комиссиялар 
арнайы 
немесе 
шығармашылық 
емтихандардың 
нəтижелерімен 
келіспейтін 
тұлғалардың 
өтінімдерін 
қарастыру 
үшін 
құрылады. 
Апелляциялық  комиссияның  төрағасы  мен  құрамы  университет    ректорының  бұйрығымен 
бекітіледі. 
11.17. Апелляцияға өтінішті аппеляциялық комиссия төрағасының атына арнайы немесе 
шығармашылық  емтихандар  тапсырушы  тұлға  жеке  береді.  Өтініш  арнайы  немесе 
шығармашылық  емтихандар  нəтижесі  жарияланғаннан  кейін  келесі  күні  сағат 13.00-ге  дейін 
қабылданады жəне оны апелляциялық комиссия бір күн ішінде қарастырады. 
11.18.  Арнайы  немесе  шығармашылық  емтихандар  нəтижелерімен  келіспеу  туралы 
апелляция  бойынша  шешім  комиссия  мүшелерінің  жалпы  санынан  көпшілік  дауыспен 
қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда, комиссия төрағасының дауысы шешуші болып 
табылады.  Апелляциялық  комиссияның  жұмысы  төрағаның  жəне  комиссия  мүшелерінің 
барлығының қолы қойылған хаттамамен ресімделеді. 
11.19. Университет күнтізбелік бес күн ішінде білім беру саласындағы уəкілетті органға 
арнайы  немесе  шығармашылық  емтихандарды  ұйымдастыру  жəне  өткізу  жөніндегі 
қорытынды  есепті,  сондай-ақ  арнайы  немесе  шығармашылық  емтихандар  тапсыру  туралы 
бұйрықтардың көшірмелерін ұсынады. 
 
2 Университетке оқуға қабылдау тəртібі 
Кешенді тестілеу өткізу 
12. Кешенді  тестілеу  тізбесі  білім  беру  саласындағы  уəкілетті  органның  бұйрығымен 
бекітілетін  тестілеу  өткізу  пункттерінің  базасында  (базалық  жоғары  оқу  орындары) 
өткізіледі. 
Шығармашылық  мамандықтарға  түсетін  тұлғаларды  кешенді  тестілеу  тұлғаның 
таңдаған жоғары оқу орны бекітілген базалық жоғары оқу орнында өткізіледі. 
13.  Жергілікті  жерде  ұйымдастыру  жəне  ақпараттық-түсіндіру  жұмыстарын  жүргізу 
жəне  тəртіпті  сақтау  үшін  білім  беру  саласындағы  уəкілетті  органның  шешімі  бойынша 
жоғары  оқу  орындарынына  түсетін  тұлғаларға  кешенді  тестілеуді  ұйымдастыру  мен  өткізу 
жөніндегі мемлекеттік комиссиялар (бұдан əрі - мемлекеттік комиссия) құрылады. 
14.  Кешенді  тестілеуді  өткізу  технологиясының  сақталуын  бақылауды  жүзеге  асыру 
үшін  базалық  жоғары оқу  орындарына  білім  беру  саласындағы  уəкілетті  органның  өкілдері 
жіберіледі. 
15.  Кешенді  тестілеуге  қатысу  үшін  университет  қабылдау  комиссиясына  белгіленген 
үлгідегі  бланкіде өтініш,  жалпы  орта  (орта  жалпы)  оқу  орнын  бітіргені  туралы аттестат 
немесе техникалық жəне кəсіптік (бастауыш немесе орта кəсіптік, орта білімнен кейінгі) оқу 
орнын  бітіргені  туралы диплом  (түпнұсқа),  тестілеуді  өткізу  үшін  ақы  төлегені  туралы 

Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті 
 
ҚП-АƏИУ-09-2016 
Сапа менеджменті жүйесі 
Құжатталған процедура 
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы  
 217
 беттің 48-беті 
 
48 
 
түбіртек,  3x4  көлеміндегі  екі  фотосурет,  086-У  нысанындағы медициналық  анықтама, 
сондай-ақ жеке басын куəландыратын құжаттың көшірмесін тапсырады. 
16.1.  Қайта  кешенді  тестілеуге  қатысу  үшін  университет  қабылдау  комиссиясына 
белгіленген  үлгідегі  бланкіде өтініш,  жалпы  орта  (орта  жалпы)  оқу  орнын  бітіргені 
туралы аттестат  немесе  техникалық  жəне  кəсіптік  (бастауыш  немесе  орта  кəсіптік,  орта 
білімнен  кейінгі)  оқу  орнын  бітіргені  туралы диплом (түпнұсқа),  тестілеуді  өткізу  үшін  ақы 
төлегені  туралы  түбіртек,  3x4  көлеміндегі  екі  фотосурет,  086-У  нысанындағы медициналық 
анықтама, жеке басын куəландыратын құжаттың көшірмесін, сондай-ақ ҰБТ немесе кешенді 
тестілеу тапсырғаны туралы сертификатын тапсырады. 
16.2.  Қосымша  кешенді  тестілеуге  қатысу  үшін  шартты  қабылданған  тыңдаушы 
университет қабылдау комиссиясына белгіленген үлгідегі бланкіде өтініш, тестілеуді өткізу 
үшін  ақы  төлегені  туралы  түбіртек,  3x4  көлеміндегі  екі  фотосурет,  жеке  басын 
куəландыратын құжаттың көшірмесін тапсырады. 
17.  Кешенді  тестілеуге  қатысу  үшін  өтініштерді  қабылдауды  20  маусым  мен  9  шілде 
аралығында,  қайта  кешенді  тестілеуге  қатысу  үшін  -  1-8  тамыз,  шартты  қабылданған 
тыңдаушылардың  қосымша  кешенді  тестілеуге  қатысуы  үшін  -  5-12  қаңтар  аралығында 
университет қабылдау комиссиясы жүргізеді. 
18. Кешенді тестілеу 17-23 шілде  аралығында, қайта кешенді тестілеу  – 19-24 тамыз, 
шартты  қабылданған  тыңдаушылар  үшін  қосымша  кешенді  тестілеу  –  20-24  қаңтар 
аралығында өткізіледі. 
19. Кешенді тестілеу түсушілердің қалауы бойынша қазақ немесе орыс тілдерінде орта 
білім  берудің  оқу  бағдарламалары  көлемінде  төрт  пəн:  мемлекеттік  немесе  орыс  тілі  (оқу 
тілі), Қазақстан тарихы, математика жəне таңдау пəні бойынша өткізіледі. 
Таңдау  пəндері  жəне  ҰБТ  мен  кешенді  тестілеудің  бейінді  пəндері  көрсетілген 
мамандықтар тізбесін білім беру саласындағы уəкілетті орган бекітеді. 
20. Кешенді тестілеуге 2 сағат 30 минут бөлінеді.  
21.  Кешенді  тестілеу  өткізу  кезінде  бір  орыннан  екінші  орынға  ауысып  отыруға, 
емтихан  материалдарын  алмастыруға,  көшіріп  жазуға,  оқулықтар  мен  басқа  да  əдістемелік 
əдебиеттерді,  байланыс  құралдарын  (пейджер,  ұялы  телефон)  аудиторияға  кіргізуге  жол 
берілмейді. 
22.Түсуші  осы  Ережелердің  21-тармағын  бұзған  жағдайда  білім  беру  саласындағы 
уəкілетті органның өкілі «Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім 
беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына» сəйкес нысан бойынша тыйым 
салынған затты тəркілеу жəне үміткерді шығару актісін жасайды жəне тестілеу нəтижелерін 
жою туралы шешім қабылдайды. 
23.Кешенді 
тестілеуге 
берілген 
уақыт 
аяқталғаннан 
кейін 
түсуші 
емтихан 
материалдарын тапсырудан бас тартқан жағдайда білім беру саласындағы уəкілетті органның 
өкілі  «Жоғары  білімнің  білім  беру  бағдарламаларын  іске  асыратын  білім  беру 
ұйымдарына оқуға  қабылдаудың  үлгілік  қағидаларына»  сəйкес  нысан  бойынша  акт 
жасайды. Бұл ретте аталған тұлғаның емтихан материалдарының нəтижелері өңделмейді. 
24.Əрбір  пəн  бойынша  тест  тапсырмаларының  саны  –  25.  Əрбір  тест  тапсырмасының 
дұрыс жауабы бір балмен бағаланады. 
25.Кешенді тестілеу нəтижелерін өңдеу кешенді тестілеу жүзеге асырылған жоғары оқу 
орнында өткізіледі. 
26.Дұрыс жауаптар коды тестілеу нəтижелерін өңдеу аяқталғаннан кейін ілінеді. 
27.Кешенді  тестілеу  нəтижелерін  мемлекеттік  комиссия  тестілеу  өткізілген  күні 
жариялайды. 
28.Кешенді  тестілеу  нəтижелері  бойынша  əрбір  тестілеуге  қатысушыға  белгіленген 
үлгідегі  сертификат  толтырылады,  оны  мемлекеттік  комиссия  тестілеу  өткеннен  кейінгі 
күнтізбелік үш күн ішінде береді. 

Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті 
Каталог: files -> Docs
Docs -> Қазақстан республикасы білім жҽне ғылым министрлігі қ. ЖҦбанов атындағЫ
Docs -> Бағдарламасы бойынша шығарылды Редакция алқасы: Т. Кəкішев, Ө. Əбдіманұлы, А. Қыраубаев
Docs -> Сабақ беру қызмет ұйғарылады;мәдени-ағарту; лекциялар оқу, өнер жөнінде әңгіме өткізу, мұражай
Docs -> А. Нұрмағамбетовтың Жоғары білім беру көшбасшыларының 2014 Еуразиялық
Docs -> Образовательная программа основного общего образования
Docs -> Педагогтың ҥздіксіз білім беру жҥйесіндегі кәсіптік қалыптасуы мен дамуы
Docs -> Сборник содержит материалы избранных докладов участников международной
Docs -> Халықаралық электронды ғылыми конференция материалдары
Docs -> 5В011900Шетел тілі: екі шетел тілі Академиялық дәрежесі: 5В011900 Шетел тілі: екі шетел тілі мамандығы бойынша білім бакалавры Сипаттама
Docs -> Бағдарламасы бойынша шығарылып отыр Редакция алқасы

жүктеу 9.9 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   32




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет