Қп-аəиу-09-2016 Сапа менеджменті жүйесі Құжатталған процедура Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы 217 беттің 1-беті 1


Жалпы балл саны – 2-блок бойынша - 1050



жүктеу 9.9 Kb.
Pdf просмотр
бет30/32
Дата28.04.2017
өлшемі9.9 Kb.
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32

Жалпы балл саны – 2-блок бойынша - 1050 
 
3-блок бойынша Ғылыми –зерттеу жұмыстары бағаланады:  
3.1. Жетекшілік жасап, қорғалған диссертациялар:  
PhD - 50 
Магистрлік - 20 
3.2. «Thomson Reiter» тізіміндегі (Импакт-фактор) журналдардағы жарияланымдар  
( əр мақала үшін) - 70 
 
3.3. Диссертацияларға кеңесші: 
PhD - 20 
Магистрлік - 15 
3.4 Авторефераттарға пікір: 
PhD - 15 
Магистрлік - 10 
3.5. Диссертация қорғауы:  
PhD - 100 

Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті 
 
ҚП-АƏИУ-09-2016 
Сапа менеджменті жүйесі 
Құжатталған процедура 
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы  
 217
 беттің 198-беті 
 
198 
 
Магистрлік - 60 
3.6. Грант, жоба жетекшісі:  
Халықаралық - 100 
Мемлекеттік - 70 
3.7. Грант, жобаға қатысушы:  
Халықаралық – 50 
 Мемлекеттік - 30 
3.8. ЖАК тізіміндегі журналдарға мақала жариялау ( əр мақала үшін) - 30 
Шетелдердегі журналдарға мақала жариялау ( əр мақала) – 50 
Халықаралық ғылыми еңбектер жинақтарына жариялау - 50 
Республикалық ғылыми еңбектер жинақтарына жариялау - 35 
Монография шығару (1 баспа табаққа) - 10 
3.9. Ғылыми баяндамалар жасау:  
Шетелдерде – 80 
Қазақстанда  - 50 
Патент алу - 60 
3.10.Конкурстарға,  көрмелерге,  байқауларға,  пəндік  (спорттық)  олимпиадаларға  
қатысу:  
шетелдерде - 50 
республикалық - 25 
3.11.  Студенттердің  ғылыми,  шығармашылық  жұмыстарына  жетекшілік    жасау,  
спортшы студенттерге  жаттықтырушы болу:  
халықаралық  - 25 
республикалық – 15 
облыстық  - 10 
университетішілік - 5   
3.12.    Ғылыми  зертхана, орталықтарда жетекшілік ету - 15 
3.13.  Студенттік олимпиада, конкурс, көрме, жарыстардың  ұйымдастырушысы - 30 
Жалпы балл саны - 3 блок бойынша -  650 
     
4-блок бойынша тəрбие жəне қоғамдық жұмыстар бағаланады :  
4.1. Эдвайзер - академиялық студенттік топ тəлімгері - 50 
4. 2. Кездесу, дөңгелек үстелдер, т.б. іс-шараларды ұйымдастыру:  
университет көлемінде - 15 
факультет көлемінде – 10 
қалалық - 20 
облыстық - 30 
Жалпы балл саны - 4 блок бойынша - 75  
    
 
5-блок бойынша бағалауға оң əсер ететін көрсеткіштер бағаланады:  
Марапаттаулар мен алғыстар:  
Президент əкімшілігі, Үкімет, министрлік тарапынан - 100 
университет əкімшілігі мен ректорат тарапынан - 50 
деканат, кафедра тарапынан - 40 
қалалық ресми орындардан, мекемелерден - 50 
облыстық ресми орындар, мекемелерден -  60 
Жалпы балл саны - 5 блок бойынша - 240 
      
6-блок бойынша бағалауға кері əсер ететін көрсеткіштер бағаланады:  

Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті 
 
ҚП-АƏИУ-09-2016 
Сапа менеджменті жүйесі 
Құжатталған процедура 
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы  
 217
 беттің 199-беті 
 
199 
 
Əкімшілік, ректорат тарапынан берілген:  
ескерту - 30 
сөгіс – 50 
қатаң сөгіс - 80 
Жалпы балл саны - 6 блок бойынша         - 160 
 
БАРЛЫҒЫ 1-6 блок бойынша  -  2330 
II. ПОҚ рейтингілік  көрсеткіштері   анықталғаннан кейін осы 6 блок бойынша жинаған 
балдары    негізінде  кафедралардың  жəне  факультеттердің  рейтингілік    көрсеткіштері   
анықталады. 
III.  Рейтингілік    көрсеткіштері      бойынша  жоғары  балға  қол  жеткізген  ПОҚ  -ына 
əкімшілік тарапынан қаржылай қолдауға ие болады, яғни айлығына үстеме ақша қосылады. 
 
         
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
4  ТƏРБИЕ  ЖƏНЕ  БІЛІМ  АЛУШЫЛАР  МЕН  ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ    ТƏРТІБІ 
ЕРЕЖЕЛЕРІ    
 
4.1  ПРОФЕССОР-ОҚЫТУШЫЛАР  ҚҰРАМЫНЫҢ  АР-НАМЫС  КОДЕКСІНІҢ   
ЕРЕЖЕСІ 
1 Жалпы ережелер 
   Бұл  типтік  ереже  Қазақстан  Республикасының  27.07.2007ж.  №319-III  ҚР  «Білім 
туралы»  Заңына  09.01.2012  жылы  берілген  өзгерістер  мен  толықтыруларға,  білімді 
ұйымдастыру əрекеттерінің типтік ережелеріне негізделіп жасалынған. (2005ж,  2 наурыз, № 
195). 

Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті 
 
ҚП-АƏИУ-09-2016 
Сапа менеджменті жүйесі 
Құжатталған процедура 
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы  
 217
 беттің 200-беті 
 
200 
 
2 Негізгі ережелер 
   Университет  -  оқытушысы  қызметінің  басты  бағыты  -  студенттермен  жұмыс,  олардың 
білімі мен мəдениеті туралы қамқорлық көрсету, өз Отанының шынайы патриоттары ретінде 
тəрбиелеу.  Оқытушы  өзінің  теориялық  білімі  мен  педагогикалық  шеберлігін  арттыру  үшін 
тұрақты еңбек етуі қажет, ол зерттеушілік жəне ғылыми қызметті белсенді жүргізеді. 
    Оқытушы  -  əдептілік  пен  зиялылықтың,  мораль  мен  адамгершіліктің  үлгісі,  Қазақстан 
мемлекеттілігінің 
белсенді 
насихатшысы, 
кез 
келген 
сыбайлас 
жемқорлықтың, 
тəртіпсіздіктің,  жауапсыздықтың  пайда          болуына          принципті          тұрғыда          қарсылық     
көрсетуші. 
     Оқытушы  жеке  басының  үлгісімен  студенттерге  еңбек  жəне  оқу  тəртібінің  ережесін 
сақтау,  əріптестеріне  құрметпен  қарау,  өзіне,  айтқан  сөздері  мен  жасаған  əрекеттеріне 
жауапты болу қажеттілігін көрсетеді, өзінің қателіктерін ашық мойындайды жəне оларды дер 
кезінде түзейді. 
  Оқытушы  өзінің  əріптестері  мен  студенттерін  кəсіптік  бағалауда  əділ  болуы  тиіс, оның 
айтқан сөзі жасаған ісімен сəйкес келуі тиіс, қызмет бабында принципті мəселелер бойынша 
өз ұстанымын ашық білдіреді, өз көзқарастарын дəлелді түрде жеткізе біледі. 
 Оқытушы төменде көрсетілген ұстанымдарды міндетті түрде орындауы тиіс: 
-жоғары  оқу  орнындағы  студенттердің,  əріптес  оқытушылардың,  қызметкерлердің  ар-
намысына құрметпен қарау жəне олардың пікірлеріне төзімділік көрсету; 
-  жалған  ақпараттар  тарату  арқылы  жəне  əдейі  зиянды  əрекеттермен  айналасындағы 
адамдарға моральдық жəне материалдық нұқсан келтірмеу; 
-  əріптестерінің  немесе  студенттердің  іс-əрекетіне  баға  бергенде  немесе  кемшіліктерін 
айтқанда нақты дəлелдерге сүйену; 
- оқу орнының мүліктерін сақтау жəне ішкі тəртіп ережелерін мүлтіксіз орындау; 
- ұжымның арасындағы өзара сыйластық, жариялылық жəне сенім ахуалын қолдау; 
-  еңбек  ұжымының  мүшесі  ретінде  жоғары  оқу  орнының  маңызды  мəселелерін 
шешуде,талқылауда ( ректорат, Ғылыми кеңес арқылы) қатысуға құқығы бар; 

жоғары 
оқу 
орнының 
профессор-оқытушылар 
құрамындағы 
лауазымдық 
қызметтердің байқауына (конкурс) қатысу; 
-  жоғары  оқу  орнындағы  басшы  қызметтерге  тағайындалуға  (факультет  деканы, 
кафедра меңгерушісі, құрылымдық бөлім басшысы, т.б;). 
-  жоғары  оқу  орнының  Кеңестерінде,  ректоратта,  кафедра  мəжілістерінде  университет 
басшылығының жұмыс əдісі жəне сапасы туралы пікір айтуға жəне оны дамытуға ұсыныстар 
енгізуге; 
-  жоғары  оқу  орнының  басшылық  жəне  қоғамдық  ұйымдарының  атынан  облыстағы 
жоғары  мемлекеттік  қызметтерге,  ҚР  білім  жəне  ғылым  министрлігіндегі  қызметтерге, 
мемлекеттік марапаттауларға ұсынылуға; 

оқытушы 
өзінің 
кəсіптік 
даярлық 
деңгейін 
білім 
жетілдіру 
жүйесі 
арқылы тұрақты көтеруге; 
-  ғылыми  кітапханалардың  қорларын  пайдалануға,  оқу-əдістемелік  жəне  техникалық 
кабинеттер  мен  лабораториялардың  техникалық  құрал-жабдықтарын  пайдаланып,  ғылыми-
зерттеу  тəжірибелерін  жүргізуге,  ғылыми-тəжірибелік  жəне  əдістемелік  конференцияларға, 
байқауларға қатысуға; 
-  ҚР  білім  жəне  ғылым  министрлігінің    «Жоғары  оқу  орнының  үздік  оқытушысы»  
байқауына қатысуға; 
- егер қажет болған жағдайда құқық қорғау жəне сот органдарының алдында өзінің ар-
ожданын, кəсіби біліктілігін дəлелдеуге. 
 
 
 

Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті 
 
ҚП-АƏИУ-09-2016 
Сапа менеджменті жүйесі 
Құжатталған процедура 
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы  
 217
 беттің 201-беті 
 
201 
 
 
4.2 СТУДЕНТТЕРДІҢ АР-НАМЫС (ОЖДАН) КОДЕКСІ  
1  Жалпы ереже 
Бұл  типтік  ереже  ҚР-ның  2007  жылдың  №319-III  «Білім  туралы»  Заңына  09.01.2012 
жылы  берілген  өзгерістер  мен  толықтырулар,  кəсіптік  білім  беру  бағдарламаларын  жүзеге 
асыратын білім беру ұйымдарының қызметінің типтік ережелеріне (2005 жылдың 2 наурызы, 
№195) сай жасалған. 
Ереже  кредиттік  технология  негізінде  жоғарғы  жəне  жоғарғы  оқу  орнынан  кейінгі 
кəсіби  білім  беру  бағдарламалары  бойынша  оқытылатын  студенттерге  бірыңғай  талапты 
бекітеді. 
 
 2 Негізгі терминдер мен олардың анықтамалары 
 
Студент 
жоғары оқу орнының білім алушысы (оқушысы).  
Ар-намыс (ождан) 
жеке  адамның  абыройы,  ізгілік,  шыншылдық,  əділдік,   
адалдық  сияқты  қасиеттерімен  байланысты  моральдық-
этикалық жиынтық жəне əлеуметтік ұғым 
Интеллектуал 
ой өрісі жоғары дамыған адам 
Миссия (міндет) 
негізгі арнау. 
 
3Негізгі ережелер 
1.Жоғары  кəсіби  білім  алатын  оқу  орнына  құрмет  көрсете  отырып,  университеттің, 
ережесін  қатаң  сақтайды.  Университет  студенті  болу  -  бұл  біздің  Отанымыздың  болашақ 
зиялылар  өкілі  екенімізді  жəне  ҚР  Президенті  Нұрсұлтан  Əбішұлы  Назарбаевтың 
жетекшілігімен  жасалған  бағдарламаларды  жүзеге  асыруға  қатысатынымызды  ескере 
отырып,  біз  кəсіпқой,  жалпы  білімді,  мəдениетті,  парасатты  жастарға  арналған  миссияны 
орындауды өзімізге міндеттейміз. Студенттік ортада жүре отырып, əрқайсымыз бүгінгі таңда 
біздің негізгі міндеттеріміз мыналар екенін білеміз: 
-  біздің басты еңбегіміз білім алуға, оқуға жауапкершілікпен қарау; 
-  сапалы білім алуға талпыну, кəсіби қызметке бейімделу, дағдылану сапаларын 
меңгеру; 
-  -ата-бабаларымыздың  рухани,  мəдени  мұраларымен  танысу,  себебі  өткенді  білмеу 
болашаққа балта шабу; 
-  өз Отанымызды сүюді үйрену, сенімді жəне шынайы патриоттық сезімге толы, адал 
азамат болуға тырысу; 
-  біздің  əрқайсымыздың  тəн  жəне  жан  саулығымыздың  келешек  ұрпаққа  əсер 
ететіндігін ескере отырып, денсаулықты сақтау жəне күту. 
2.Біз студенттерге қатысты төменде келтірілетін кұқықтар жəне міндеттер мазмұнымен 
келісетіндігімізді мəлімдейміз: 
-  Мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарға   сай білім алуға; 
-  келісім бойынша қосымша ақылы қызметтерді алуға; 
-  өзінің  адами  құқықтарын  сыйлауға,  ар  бостандығына,  өз  ойы  мен  пікірін  еркін 
жеткізуге; 
-  оқу орны қызметінің маңызды сұрақтарын шешуге жəне талқылауға қатысуға (соның 
ішінде студенттердің қоғамдық ұйымдары мен оқу орнын басқару органдары арқылы); 
-  оқу  орнының  кітапханаларының  акпараттық  қорларын,  оқулық,  ғылыми, 
медициналық жəне т.б. бөлімдердін қызметін тегін  пайдалануға; 
-  барлық 
ғылыми-зерттеу 
жұмыстарына 
конференцияларға, 
симпозиумдарға, 
жиналыс, байқауларға қатысуға мүмкіндік алуға; 

Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті 
 
ҚП-АƏИУ-09-2016 
Сапа менеджменті жүйесі 
Құжатталған процедура 
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы  
 217
 беттің 202-беті 
 
202 
 
-  оқытушылардың оқыту əдістері мен дəріс беру сапасына өз ойын айтуға жəне оларды 
жүзеге асуына өзінің ұсынысын айтуға; 
-   студенттік  коғамдық  ұйымдар  мен  студенттердің  өзін-өзі  басқару  ұйымдарын 
құруға; 
-  факультативті жəне элективті (міндетті түрде тандалатын) курстарды тандауға; 
-  факультеттің,  университетгің  жəне  басқа  бөлімшелерің  студенттік  басқару 
ұйымдарында сайлануға жəне сайлауға; 
-  тəрбие  жұмыстары  бойынша  студенттердің  демалуы  үшін  жоғары  оқу  орнында 
ұйымдастырылған іс-шараларға қатысуға; 
-  оқу  процесі  кестесінде,  оқу  жоспарларында  қарастырылған  барлық  міндетті 
тапсырмаларды дер кезінде арындауға; 
-  оқу орнының беделін ойлауға, мəдени жəне кəсіби деңгейін өсіруге; 
-  оқытушылардың,  студенттердің  жəне  оқу  орнының  қызметкерлерінің  адами 
кұндылықтарын, пікірін сыйлауға жəне басқалардың пікірін сабырлықпен тындауға; 
-  оқу  орны  мүліктерін  сақтауға,  ішкі  тəртіп  ережелерін  жəне  жатақхана  ережелерін 
сақтауға; 
-  өзімен  бірге  оқитын  студенттердің  ар-ожданына,  намысына  тимеу  немесе  басқаға 
күш көрсету, бір-бірін даттау жəне дөрекі сөйлеу, біреудің затын ұрлау,біреудің немесе оқу 
орны мүлігін əдейілеп бұзу, жарамсыз ету сияқты тəртіпсіздіктерден аулақ болуға. 
 
3. Студенттің ар-намысына қаяу салмай отырып, мыналарға жол бермеуге: 
–  аралық  немесе  қорытынды  аттестациялау  кезінде,  академиялық  жұмыстарды 
орындау  кезінде  өзіне  немесе  басқа  біреуге  көмек  көрсету  мақсатында  даяр  материалдарды 
көшіру жəне т.б. заңсыз əдістерді қолдануға; 
–  плагиат,  яғни  біреудің  пікірін  немесе  тұжырымдамасын  ұрлауға,  еңбектерін  өзінің 
ойымен идеясының нəтижесі ретінде көрсетуге; 
–  құжаттарды немесе басқа белгілерді қолдан жасауға, өтірік айту, сақталған мəліметті 
рұқсатсыз көшіру, өзгерту сияқты бұрыс қылық жасауға; 
4. Өз міндеттерін талапқа сай толық орындаған студенттер оқу орнында бекітілген түрлі 
моральдық жəне материалдық марапаттауларға ие болу мүмкін. 
          5.  Оқу  орнының  жарғысын  жəне  т.б.  ережелерін  бұзғаны  үшін  білім  алушыға 
«Жазалау»  бөлімінде  қарастырылған  түрлі  тəртіптік  шаралары  қолданылады,  тіпті  шектен 
шыққан жағдайда студент қатарынан шығарылуы мүмкін. 
 
 
 
 
4.3 АКАДЕМИЯЛЫҚ ТАЗАЛЫҚ КОДЕКСІ  
 
1 Жалпы ережелер 
Аймақтық  əлеуметтік-инновациялық  университетінің  осы  Академиялық  тазалық  
кодексі  Қазақстан  Республикасының  «Білім  туралы»,  «Ғылым  туралы»,  «Жемқорлықпен 
күрес туралы» Заңдарына, «Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті» Жарғысына, 
университеттің Ішкі тəртіп ережелеріне жəне жалпы моральдік-этикалық нормаларға сəйкес 
əзірленген. 
Аймақтық 
əлеуметтік-инновациялық 
университетінің 
Академиялық 
тазалық  
кодексінде университеттің білім алушылары мен қызметкерлері: 
  əкімшілік-басқарушылық қызметкерлер; 
  профессорлық-оқытушылар құрамы; 
  оқу-қосалқы қызметкерлер; 

Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті 
 
ҚП-АƏИУ-09-2016 
Сапа менеджменті жүйесі 
Құжатталған процедура 
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы  
 217
 беттің 203-беті 
 
203 
 
  студенттер, магистранттар; 
Кодекс  жалпыға  танылған  адамгершілік  құндылықтарға,  адам  құқықтарының 
басымдықтарына,  азаматтық  қоғамның  демократиялық  идеяларына  негізделе  отырып, 
қатынастарды реттейді. 
Аймақтық  əлеуметтік-инновациялық  университетінің  осы  Академиялық  тазалық  
кодексі: 
-  ұжымдылық; 
-  академиялық адалдық; 
-  бірлескен ынтымақтастық қағидаларына негізделген. 
-  Аймақтық  əлеуметтік-инновациялық  университетінің  осы  Академиялық  тазалық  
кодексінің мақсаты университетте 
өзара 
сыйластық, 
тілектестік, 
ғылыми 
жəне 
шығармашылық ынтымақтастық жағдайын жасау болып табылады. 
-  Аймақтық  əлеуметтік-инновациялық  университетінің  осы  Академиялық  тазалық  
кодексінің  міндеттері: 
-  тұлғаның интеллектуалды, мəдени жəне рухани дамуын қамтамасыз зету; 
-  ұжымның əр мүшесінің құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау; 
-  университет ұжымында қолайлы моральды-психологиялық жағдайды сақтау; 
-  қазақстандық патриотизм сезімін қалыптастыру. 
 
2 Университет қызметкерлерінің міндеттері 

университет мүдделері мен имиджіне зиян келтіретін əрекеттерге қарсы тұру; 

жемқорлықтың  кез  келген  құбылыстарына  жəне  жемқорлық  үшін  жағдай  жасайтын 
əрекеттерге қарсы тұру; 

мемлекеттік меншікке ұқыппен қарап, оны тиімді жəне орынды пайдалану; 

жалпыға танылған моральдік-этикалық нормаларды сақтау; 

ұлтаралық  келісімнің  нығаюына  себептесу,  мемлекеттік  жəне  басқа  тілдерге, 
Қазақстан халқының дəстүрлері мен салтына құрметпен қарау; 

еңбек  тəртібін  бұлжытпай  сақтау,  өзінің  қызметтік  міндеттерін  тиімді  жəне  адал 
атқару; 

бір  біріне  қатысты  негізделмеген  айып  тағуға,  дөрекілік  фактілеріне,  адамдық 
намысын аяққа таптауға, əдепсіздіктерге жол бермеу; 

қол  астындағы  қызметкерлерді  құқыққа  қарсы  əрекеттер  немесе  жалпыға  танылған 
моральдік-этикалық нормаларға қайшы əрекеттер жасауға мəжбүрлемеу; 

қызметтік міндеттерін орындау барысында белгілі болған мəліметтерді жария етпеу; 

сыртқы  түр-келбетінің  өзінің  университеттегі  қызметі  түріне  сəйкестік  қағидасын 
сақтау; 

жұмыстан  тыс  уақытта  жалпы  этикалық  нормаларды  сақтау,  қоғамға  қарсы 
əрекеттерге жол бермеу. 
 
3 Əкімшіліктің міндеттері 
– 
кəсіби міндеттерін сапалы орындауға жəне денсаулығын сақтауға себептесетін еңбек 
жағдайларын жасау; 
– 
жеке  жəне  заңды  тұлғалардың  өтініштерін  қарастыру  кезінде  бюрократизм 
құбылыстарына жол бермеу, белгіленген мерзімдерде өтініштер бойынша қажетті шараларды 
қабылдау; 
– 
қызметкерлерге  олардың  кəсіби  қызметіне  байланысты  ақпаратқа  қол  жеткізуді 
қамтамасыз ету; 
– 
жемқорлық  құқық  бұзушылықтарды  жасауға  себептесетін  алғышарттарды  анықтау 
жəне жою; 
– 
іскерлік қарым-қатынас этикасын сақтау. 
 

Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті 
 
ҚП-АƏИУ-09-2016 
Сапа менеджменті жүйесі 
Құжатталған процедура 
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы  
 217
 беттің 204-беті 
 
204 
 
4 Профессорлық-оқытушылар құрамының міндеттері 
– 
ұжымдағы іскерлік қарым-қатынас мəдениетін қалыптастыру жəне қолдау; 
– 
жемқорлық  құқық  бұзушылықтарды  жасауға  себептесетін  алғышарттарды  анықтау 
жəне жою; 
– 
қолайлы моральдік-психологиялық атмосфераны қалыптастыру; 
– 
даулы жағдайларды шешуде əдептілік сақтау; 
– 
университеттің жоғарғы мəртебесін қолдау жəне нығайту; 
– 
кəсіби шеберлігін арттыру; 
– 
ғылыми жəне кəсіби этика нормаларын ұстану; 
– 
негізделмеген  айып  тағуға,  адамгершілікке  жат  сипаттағы  əрекеттерге,  дөрекілік 
фактілеріне, балағаттауға, адамдық намысты аяққа таптауға, əдепсіздіктерге жол бермеу. 
 
5 Студенттер мен магистранттардың міндеттері 
– 
университеттің барлық қызметкерлеріне жəне білім алушыларына қатысты əдептілік 
сақтау; 
– 
университеттің беделін қолдау жəне нығайту; 
– 
оқу тəртібін сақтау; 
– 
салауатты өмір салтын ұстану; 
– 
университеттің дəстүрлерін құрметтеу; 
– 
мүлікті қорғау, университетте тазалық пен тəртіп сақтау; 
– 
даулы жағдайларды шешуде принципті болу; 
– 
негізделмеген  айып  тағуға,  адамгершілікке  жат  сипаттағы  əрекеттерге,  дөрекілік 
фактілеріне, балағаттауға, адамдық намысты аяққа таптауға, əдепсіздіктерге жол бермеу; 
бір біріне қатысты толеранттылық қағидасын ұстану. 
 
 
 
 
4.4  СТУДЕНТТІК    ОҚУ  ТОПТАРДЫҢ    ТƏЛІМГЕРЛІК    ЖҰМЫСЫНЫҢ 
ЕРЕЖЕСІ 
 
1 Жалпы ережелер 
Бұл 
ереже 
ҚР 
«Білім 
туралы» 
заңы, 
ҚР 
білім 
ұйымдарындағы 
тəрбиенің 
кешенді 
 
Бағдарламасы, 
ҚР 
азаматтарын 
патриоттық 
тəрбиелеудегі        
мемлекеттік  Бағдарламасы,  Аймақтық  əлеуметтік-инновациялық  университеттің  Жарғысы 
негізінде  студенттер  (білімгерлер)  арасында  тəрбиелік  жұмыстарды  ұйымдастыру 
мақсатында  əзірленіп,  профессор-оқытушылардың  оқу,  ғылыми  -  шығармашылық  жəне 
əдістемелік  еңбектерімен  қатар  оқу  топтарының  тəлімгерлерінің  мақсатын,  міндетін, 
құқығын анықтайды. 
 
2 Негізгі ережелер 
Жоғары  оқу  орнында  оқу-тəрбие  жұмыстарының  табысты  болуы-тəлімгерлерге,  оның 
тұлғалық сапасына, қызметінің мақсаттылығы мен нəтижелілігіне байланысты болады. 
Тəлімгер  қызметінің  мақсаты  -  оқу  сапасын  арттырып,  жан-жақты  білікті  маман 
дайындауға  бағыттау,  оқу-тəрбие  процесін  жоғары  дəрежеде  ұйымдастыру.  Студенттердің 
қоғамдық-саяси  белсенділіктерін,  олардың  сапалы  білімге,  еңбекке,  ізгілікке  жəне 
талғампаздық  дүниетанымға  деген  кұлшынысын  жетілдіру.  Студент  жастардың  ізденіс 
рухын,  білімділігін,  тəрбиелілігін  оқу-ағарту  жүйесі  арқылы  ұлттық  тəрбиеге  ұластырып, 
жан-жақты жетілген мамандарды қалыптастыру. 

Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті 
 
ҚП-АƏИУ-09-2016 
Сапа менеджменті жүйесі 
Құжатталған процедура 
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы  
 217
 беттің 205-беті 
 
205 
 
Тəлімгерлерді  факультеттің  педагогикалық  жəне  практикалық  тəжірибесі  бар 
оқытушылар  арасынан  кафедра  меңгерушілерінің  келісімімен  жəне  деканның  өкімімен 
тағайындайды. 
 Студенттерді  оқудың  жаңа  жүйесімен  (кредиттік  жүйенің  механизмі),  оқу  процесінің 
ұйымдастырылуымен  таныстырады,  кұқығы  мен  міндетіне  қарай  бағдар  ұстауына,  мəдени 
жəне  физикалық  жетілуіне,  студенттер  мен  оқытушылар  арасында  ізгі  қарым-қатынас 
орнатуға ықпал етеді; 
Студенттерді  университет  жарғысымен,  ішкі  тəртіп  Ережелерімен,  аудитория, 
зертханалардың  орналасуымен,  университет  пен  факультеттердегі  оқу  ерекшеліктерімен, 
жатақханада тұру Ережелерімен таныстырады. 
Тəлімгерлік  жасайтын  топқа  дəріс  беретін  оқытушылар  мен  сондай-ақ  деканның 
орынбасарларымен оқу процесі барысына жедел бақылау жасау мақсатында ұдайы байланыс 
ұстайды. 
Студенттердің  дербес  жұмыстарына,  емтихандарының  нəтижелеріне  талдау  жасап, 
үлгерімді жоғарылату туралы ұсыныс дайындайды. 
Ұйымдастыру  жұмысында  студенттік  топтың  белсенділеріне  көмек  көрсетеді, 
студенттерді  ғылыми  -  зерттеу  жұмыстарына  тартуға,  ғылыми  үйірмелерге  қатысуға  ықпал 
етеді. 
Студенттік  өзін-өзі  басқаруда  жəне  басқа  да  студенттік  қоғамдық  ұйымдардың 
жетекшілерін сайлауға көмектеседі. 
Оқу  тобында  ай  сайын  ҚР  ішкі  жэне  сыртқы  саясатына,  əлемнің  халықаралык 
жағдайына байланысты хабарлама ұйымдастырады. 
Студенттердің  өмірі  жəне  тұрмыс  жағдайымен  танысады,  алынған  ақпаратқа  талдау 
жасаудың  нəтижесі  бойынша  қажетті  шаралар  қабылдайды.  Қажет  еткен  студенттерге 
жатақханадан орын алып беруге, əлеуметтік жəрдем алуларына көмектеседі. 
Топқа  бекітілген  аудиторияның  санитарлық  күйін  қадағалауға,  сақтауға,  безендіруге 
тəрбиелейді, көмектеседі. 
Оқу  тобының  жиналыстарына  барып  жəне  студенттермен  жеке  əңгімелесе  отырып, 
топтың қоғамдық өмірінің ұйымдасуына, белсенділігіне ықпал етеді. 
 Студенттердің сабаққа қатысуын қатаң бақылайды. Тəлімгер əрбір білімгердің себепсіз 
қалдырған  əр  сабағын  анықтап,  деканатқа  уақытында  хабарлайды.  Ата-аналарына  хат 
жазады. 
 Университет  ауқымында  өтетін  іс-шараларға  жəне  басқа  да  қоғамдық  жұмыстарға 
қатысудың белсенділігін арттырады. Жүз пайыз қатыстыруға ықпал етеді. 
 Топтағы  жағдай  туралы  деканат  жəне  кафедра  меңгерушісіне  жүйелі  түрде  хабардар 
етіп отырады, байқалған кемшіліктерді түзету үшін қажетті шаралар қабылдайды. 
  Топбасшы  жəне  студенттік  өзін-өзі  басқару  органдарымен  бірлесе  отырып 
студенттердің байқауларға, салтанатты мерекелерге, көрмелерге т.б. мəдени-бұқаралық жəне 
салауаттылық шараларға қатысуын, еңбек ардагерлерімен кездесуін ұйымдастырады. 
 Студенттердің оқу ақысын төлеудің динамикасын қадағалап уақытылы төлемегендерге 
шара  қолдану  (ата-анасына  хат  жазу,  студент  қатарынан  шығару  жөнінде  деканатқа 
уақытында қызмет хат жазады). 
 Діни-экстремистік көзқарастың студент-жастар арасына кіріп кетпеуіне қарсы қорғану 
механизнің  ұйымдастырады  (лекция,  диспуттар,  дөңгелек  столдар),  кұқық  қорғау 
органдарының  жəне  діни  ұйымдардың  өкілдерімен  кездесулер  ұйымдастырады.  Оқу 
тобының  студенттері  соңғы  курсты  бітіргенде,  олардың  жас  маман  ретінде  жұмысқа 
орналасуын қадағалайды. 
 Тəлімгер құқылы: 
–  университет  басшылығына  оқу  жəне  тəрбие  жұмысының  формалары  мен  əдістерін 
жетілдіру бойынша ұсыныс жасауға; 

Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті 
Каталог: files -> Docs
Docs -> Қазақстан республикасы білім жҽне ғылым министрлігі қ. ЖҦбанов атындағЫ
Docs -> Бағдарламасы бойынша шығарылды Редакция алқасы: Т. Кəкішев, Ө. Əбдіманұлы, А. Қыраубаев
Docs -> Сабақ беру қызмет ұйғарылады;мәдени-ағарту; лекциялар оқу, өнер жөнінде әңгіме өткізу, мұражай
Docs -> А. Нұрмағамбетовтың Жоғары білім беру көшбасшыларының 2014 Еуразиялық
Docs -> Образовательная программа основного общего образования
Docs -> Педагогтың ҥздіксіз білім беру жҥйесіндегі кәсіптік қалыптасуы мен дамуы
Docs -> Сборник содержит материалы избранных докладов участников международной
Docs -> Халықаралық электронды ғылыми конференция материалдары
Docs -> 5В011900Шетел тілі: екі шетел тілі Академиялық дәрежесі: 5В011900 Шетел тілі: екі шетел тілі мамандығы бойынша білім бакалавры Сипаттама
Docs -> Бағдарламасы бойынша шығарылып отыр Редакция алқасы

жүктеу 9.9 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет