Қп-аəиу-09-2016 Сапа менеджменті жүйесі Құжатталған процедура Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы 217 беттің 1-беті 1



жүктеу 9.9 Kb.
Pdf просмотр
бет29/32
Дата28.04.2017
өлшемі9.9 Kb.
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32

Семинар жұмысын қаржыландыру 
9.1. Семинар жұмысын ұйымдастыру қажетті жағдайда қаржыландырылады. 
9.2. Семинарға қажетті қаржы Университет қорынан бөлінеді. 
9.3.  Семинар жұмысына жұмсалған  қаржыға  семинарды  ұйымдастырушы  университет 
бухгалтериясына есеп береді. 
9.4. Қаржыландыруға: 
-  университет  көлемінде  ұйымдастырылған  семинар  жұмысының  қортындысы  ретінде 
шығатын  оқулықтар,  оқу-əдістемелік  кешендер,  оқу-əдістемелік,  оның  ішінде  электрондық 
тасымалдағыш құралдарын жəне дидактикалық материалдарды əзірлеу; 
-  университет  көлемінде  алдыңғы  қатарлы  педагогикалық  тəжірибе  мен  білім  беруді 
ақпараттандыруды қорыту жəне тарату жөніндегі іс-шараларды өткізу (қажеттілігіне қарай); 
-  университет  көлемінде  жасалған  дидактикалық-əдістемелік,  оқу  материалдық  оқыту 
құралдарын əзірлеу; 
- үлгі ретінде дайындалатын оқытудың жаңа технологиялары бойынша оқу-əдістемелік 
құжаттарды əзірлеу; 

Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті 
 
ҚП-АƏИУ-09-2016 
Сапа менеджменті жүйесі 
Құжатталған процедура 
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы  
 217
 беттің 191-беті 
 
191 
 
-  семинар  жұмысына  басқа  қалалардан  арнайы  шақырылған  ірі  мамандардың  жүріп-
тұруы, келіп-кетуі, оның материалдарын дайындауы; 
-  университет  мүддесіне  қажетті  басқа  оқу-əдістемелік  басқарма,  білім  беру  ұйымы, 
əдістемелік  кабинет,  оқу-əдістемелік  бірлестіктері  əдіскерінің  əдістемелік  кеңес  беру 
жұмыстары; 
- семинар жұмысын ұйымдастыруға кететін шығындар; 
- семинар жұмысын ұйымдастыруға қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету; 
-  университеттің  ішкі  Ережесіне  қайшы  келмейтін  басқа  да  шығындар  жатады. 
 
 
 
3.5  СТУДЕНТТЕРДІҢ  ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ  ЖҰМЫСТАРЫН  ҰЙЫМДАСТЫРУ 
ЕРЕЖЕСІ 
 
1 Жалпы ережелер 
1.1 Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті  студенттердің ғылыми, ғылыми-
техникалық  жəне  инновациялық  саясатын  жүзеге  асыру  жəне  қалыптастыру  аясындағы 
бағыт беріп, мақсаттарына қол жеткізуге ықпал жасау болып табылады.  
1.2  Ғылыми  бөлім  Студенттердің  ғылыми  зерттеу  жұмыстармен  айналысуына 
көзқарастары 
мен 
қызығушылықтарын 
қолдайтын 
ғылыми 
іс-шаралар 
жүргізуді 
ұйымдастырушы болып табылады.  
1.3  Жыл  сайынғы  Қазақстан  Республикасының  ЖОО  арасында    болатын  СҒЗЖ-ның 
Республикалық  байқауы  жоғары  оқу  орындарының  базасында  Қазақстан  Республикасының 
Бiлiм жəне ғылым министрлiгiмен жыл сайын жүргiзiледi. 
 

Студенттердің 
ғылыми-зерттеу 
жұмыстарының 
негізгі 
мақсаттарымен 
міндеттері 
Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізгі мақсаттары: 
2.1Университеттің ғылыми-зерттеу қызметінің көп деңгейлі жүйесін қалыптастыру. 
2.2  Инновациялық  дамыған  қоғам  үшін  креативті  ойлай  білетін  жəне  тез  өзгеретін 
сыртқы  орта  жағдайында  негізделген  жəне  тұжырымды  шешімді  қабылдай  білетін  жоғары 
білікті маман дайындау. 
2.3  АƏИУ-дің  ғылыми құндылықтарын сақтау жəне көбейту. 
2.4  Студенттердің  ғылыми-зерттеу  жұмысын  (СҒЗЖ)  оқытушы-профессорлар  құрамы 
мен студенттердің шығармашылық өзара қарым-қатынасы арқылы дамыту. 
2.5  Студенттердің  ғылыми  зерттеулері  арқылы  білім  беру  процесінің  сапасын 
жоғарылату,  білім  беру,  ғылым  жəне  тəжірибелік  процестердің  бірыңғайлығын  қамтамасыз 
ету. 
2.6  Зерттеудің  ғылыми  əдістерін  меңгеру  жолымен  кəсіби  шығармашылық  ойлау 
дағдыларын қалыптастыру. 
2.7  Əрбір  студенттің  шығармашылық  дамуға  деген  өз  құқығын  жүзеге  асыруға, 
ғылыми  зерттеулерге  жəне  ғылыми-техникалық  жобаларға  қатысуға  мүмкіндіктерін 
қамтамасыз  ететін  -  əрқайсысының  қажеттіліктеріне,  мақсаттарына  жəне  мүмкіндіктеріне 
сəйкес толық бағалы, тең жəне жетімді жағдайды жасау жəне дамыту. 
2.8  Кəсіби білімдері мен тəжірибелік дағдыларын, этикалық талаптар туралы хабардар 
болуын  жəне  ғылыми  зерттеулердің  этикалық  сараптамасының  студенттер  үшін 
маңыздылығын жетілдіру. 
2.9  Студенттер  үшін  ғылыми  зерттеулердің  кəсіби  білімдері  мен  тəжірибелік 
дағдыларын жетілдіру. 

Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті 
 
ҚП-АƏИУ-09-2016 
Сапа менеджменті жүйесі 
Құжатталған процедура 
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы  
 217
 беттің 192-беті 
 
192 
 
2.10  Студенттерді  заманауи  зерттеу  жұмыстарының  принциптері  мен  əдістеріне,  оның 
ішінде  зерттеуді  дайындау  жəне  жүргізуге,  ғылыми  жұмыстарды  жазуға  жəне  жариялауға 
дайындауға үйрету.   
2.11  Зерттеу  нəтижелерін  презентациялау  жəне  ғылыми  пікірталастың  ұтымды 
əдістерін қолдану дағдыларын қалыптастыру.  
2.12  Ғылымның  соңғы  жетістіктерімен,  жарияланымдармен  жұмыс  істеу  дағдыларын 
дамыту. 
2.13  Ақпаратты іздеу жəне негізгі ғылыми құжатты құрастыру дағдыларын дамыту. 
Қойылған  мақсаттарға  қол  жеткізу  келесі  міндеттерді  шешу  жолымен  жүзеге 
асырылады: 
2.14  Студентке  ғылыми-зерттеу  жұмысына  қатысу  формасын  таңдау  құқығын  беру 
жəне анықтау. 
2.15  Кафедраның ғылыми-білім беру бағытымен студенттің қызығушылығының тығыз 
байланысын орнату. 
2.16  Ғылымның  соңғы  жетістіктерінің  ақпараттарын  іздеу,  ғылыми  зерттеуді 
жоспарлау,  ғылыми  мақаламен  жұмыс  істеу,  ғылыми  ұсыныстарды  (жобаларды)  дайындау 
жəне  рəсімдеу,    мəліметтерді  статистикалық  өңдеудің  негізгі  əдістерін  қолдану,  негізгі 
ғылыми құжаттарды құрастыру дағдыларына үйрету. 
2.17  Библиографиялық  жұмыс 
дағдыларын, 
ғылыми 
əдебиетпен, 
электронды 
базалармен  жəне  басқа  да  ақпарат  көздерімен  өздігінен  жұмыс  істеу  дағдыларын 
қалыптастыру. 
2.18  Этикалық норма дағдыларын дамыту, зерттеудің ғылыми толықтығына жəне оның  
шынайылығына,  мазмұнды  жəне  тəжірибелік  пайдалылығына  жауапкершілік  сезімін 
тəрбиелеу. 
 
3  Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының түрлері 
3.1  Студенттердің  ғылыми-зерттеу  жұмыстарының  негізгі  формаларына  факультеттік, 
кафедралық  жəне  кафедрааралық  студенттердің  ғылыми  үйірмелерінде  жүргізілетін 
студенттердің 
ғылыми-зерттеу 
жұмысы 
жатады. 
Негізгі 
міндеті 
– 
білім 
беру 
бағдарламасынан  тысқары  жоғары  білікті  оқытушылар  мен  ғылыми  қызметкерлердің 
жетекшілігімен  студенттерді  ғылымға  кəсіби  бағыттау,  ғылыми  қызметтің  нақты  саласына 
дайындау, ғылыми жетекшіні таңдау. 
3.2  Өз  қалаулары  бойынша  барлық  студенттер  таңдаған  бағыттары  бойынша  ғылыми-
зерттеу жұмыстарымен айналыса алады жəне ғылыми жобаларға қатыса алады. 
 
4 Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру 
4.1 Студенттердің зерттеу жұмыстары тікелей кафедраларда, зертханаларда жүргізіледі. 
4.2  Əрбір  кафедра  осы  Ережеде  тұжырымдалған  студенттердің  ғылыми-зерттеу 
жұмыстарының  мақсаттары  мен  міндеттерін,  студенттің  жеке  қалауы  мен  бейімін  ескере 
отырып  əрбір  студенттің  ғылыми-зерттеу  жұмысына  қатысу  формасын  анықтайды  жəне 
нақтылайды. 
Төменгі  курс  студенттері  таңдаған  бағыттары  бойынша  ғылыми-зерттеу  жұмыстарын 
жоғары курсқа өткенде жалғастыруларына құқы бар. 
4.3  Студенттердің  ғылыми  жұмыстарының  жетекшілерін  кафедра  мəжілісінде 
анықтайды, факультет деканымен бекітеді. 
4.4  Əр  семестрде  кафедраларда  студенттердің  ғылыми  жұмыстарының  нəтижелері 
туралы  хабарламаларды  тыңдайтын  жоспарлы  ғылыми  семинарлар  өткізілуі  тиіс,  мұндай 
семинарлар студенттерде ғылыми хабарламаларды дайындау,  өздерінің зерттеу нəтижелерін 
қорғау жəне баяндау дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік береді. 

Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті 
 
ҚП-АƏИУ-09-2016 
Сапа менеджменті жүйесі 
Құжатталған процедура 
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы  
 217
 беттің 193-беті 
 
193 
 
4.5 Студенттің орындаған зерттеу жұмысы туралы есеп ретінде келесілер ескеріледі: 
  зерттеу бағыттары бойынша модель, макет, бағдарламалық өнім жəне т.б.; 
  университет  деңгейіндегі  студенттік  ғылыми  конкурстарда,  конференцияларда 
баяндама жасау; 
  қалалық 
деңгейдегі 
студенттік 
ғылыми 
конкурстарда, 
конференцияларда, 
олимпиадаларда баяндама жасау;  
  республикалық,  халықаралық  деңгейдегі  конференцияларға  ғылыми  жұмысының 
нəтижелері бойынша баяндамамен, постерлік баяндамамен қатысу; 
4.6 Кезекті студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының конкурсы. 
СҒЗЖ республикалық конкурсы 3 кезең бойынша өтеді: 
1) бірінші кезең – ЖОО ішілік (Университеттің ұйымдастырылуымен өткізіледі); 
2) екінші кезең – базалық ЖОО-лар (ОƏК); 
3) үшінші кезең – (қорытынды) республикалық. 
4.7 Бірінші кезеңнің өткізілу мерзімі (Жооішілік) ЖОО ректорының бұйрығымен қазан 
мен 1 қаңтар аралығында белгіленеді, екінші кезең (базалық ЖОО-ларда) қаңтар мен 1 сəуір 
аралығында  өтеді,  ал  үшінші  кезеңнің  (республикалық)  өткізілетін  мерзімі  –  сəуір  мен 
маусым айының аралығы.  
4.8  Конкурсқа  жаратылыстану,  техникалық,  əлеуметтік-гуманитарлық,  экономикалық 
ғылымдар бойынша өзекті проблемалар мен басым бағыттар бойынша студенттің өз бетінше 
орындаған ғылыми-зерттеу жұмыстары қатысады. 
4.9 Конкурсқа СҒЗЖ конкурсын ұйымдастыру мен өткізу бойынша құрылған комиссия 
жетекшілік жасайды. 
4.10  Ғылыми мақала,  тезис (ғылыми  басылымдарда  жариялау),  сондай-ақ  Университет 
деңгейінде  өткізілген  студенттердің  кезекті  ғылыми-теориялық  конференциясында  жүлделі 
орындармен  марапатталған  студенттердің  жұмыстарын  Университеттің  «Жас  ғалым» 
журналына  жариялау,  басқа  оқу  орындарында  ұйымдастырылатын  конференцияларға 
қатыстыру. 
 
IIII  кезеңдерде  конкурстық  комиссияға  жұмыстарды  ұсыну  жəне  оны  қарау 
тəртібі 
4.11  СҒЗЖ  конкурсының  1  кезеңі  (ЖООішілік)    қорытындысы  бойынша  ректордың 
бұйрығымен  бекітілген  конкурстық  комиссия  конкурстық  негізде  студенттердің  ғылыми-
зерттеу жұмыстарын іріктеп, үздік жұмыстарды II кезеңге қатыстыру үшін жолдайды. 
4.12 Жұмысты екінші кезеңге қатыстыруға ұсыну барысында жоғары оқу орны базалық 
ЖОО-ға конкурстың бөлімдеріне сəйкес төмендегі құжаттарды ұсынады:  
1) ғылыми жұмысты; 
2) ғылыми жұмыс аннотациясын;
 
3) орындалған жұмыстың дербестік дəрежесі  жайлы ғылыми жетекшінің пікірін (еркін 
формада); 
4) автор (авторлар) жəне ғылыми жетекші жайлы мəліметтер;  
5)  бірінші  кезең  қорытындысы  жайлы  ректордың  (проректордың)  қолы  қойылған  хат 
немесе ЖОО Ғылыми кеңесінің жұмысты конкурсқа ұсынғаны жайлы протокол толтырылған 
шешімі; 
4.13  СҒЗЖ  конкурсына  студенттердің  ғылыми  жұмыстарының  біржарым  интервалмен 
терілген  бірінші  данасы  ұсынылады.  Жұмыс  көлемі  20-40  беттен  аспауы  тиіс.  Жұмысқа 
қойылған  шекті  ұлғайтылу  жағына  қарай  конкурс  бөліміне  сəйкес  базалық  ЖОО  өзгертуі 
мүмкін.  Макеттер  мен  натуральды  экспонаттар  конкурсқа  жіберілмейді.  Жұмысқа  қосымша 
сызбалар  мен  иллюстрациялар  стандартты  көлемде  парақтарда  жинақы  сызылуы  қажет. 
Ғылыми  жұмысқа  оның  енгізген  жаңалығы  жайлы  акт  (актілер  көшірмесі),  патенттер  жəне 

Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті 
 
ҚП-АƏИУ-09-2016 
Сапа менеджменті жүйесі 
Құжатталған процедура 
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы  
 217
 беттің 194-беті 
 
194 
 
ғылыми мақалалар көшірмесі қосымша ретінде ұсынылуы мүмкін. Сонымен қатар конкурсқа 
ғылыми  жаңалығы  бар  немесе  қорытындысы  өндіріс  пен  оқу  үдерісіне  енгізуге 
қарастырылған диплом, курстық жұмыстар мен жобалар ұсынылуы мүмкін.  
4.14 Арнайы жабық пакетте автор (авторлар) мен ғылыми жетекші (жетекшілер) жайлы 
мəліметтер,  сонымен  қатар  ашық  конкурстың  бірінші  туры  жайлы  ректор  (проректор)  қол 
қойған  хат  немесе  ЖОО  Ғылыми  кеңесінің  жұмысты  СҒЗЖ  конкурсына  ұсыну  туралы 
шешімі  ұсынылады.  Егер,  жұмысты  авторлық  ұжым  орындаса,  авторлар  тізімі  оның 
əрқайсысының жеке үлесіне сəйкес беріледі.  
4.15  Жұмысты ұсыну барысында осы Нұсқама талаптары бұзылған жағдайда базалық 
ЖОО  комиссиясы  жұмысты  конкурсқа  қатыстырмауға  құқылы  (міндетті  түрде  себебі 
көрсетілуі керек). 
4.16  Базалық  ЖОО-ның  конкурстық  комиссиясы  ОƏК  комиссия  құрамының  2/3 
қатысқан отырыста ашық дауыс беру арқылы шешім қабылдайды. Дауыс тең жағдайда төраға 
даусы шешуші саналады.  
4.17 Базалық ЖОО ОƏК-і министрліктің республикалық комиссиясына    студенттердің 
үздік  ғылыми  жұмыстарын  III  кезеңге  қатыстыру  үшін,  2  сəуірге  дейін  конкурс  бөлімінің 
талаптарына  сəйкес,   барлық  мүшелерінің  қолы  қойылған  ОƏК отырысының  протоколымен 
(№ 4 қосымша) ұсынады.   
4.18  Базалық  ЖОО  ОƏК  конкурстық  комиссиясы  протоколмен  қатар  министрліктің 
республикалық комиссиясына: 
1) конкурс қорытындысы бойынша мəліметтер базасы жинақталған дискет; 
2) базалық ЖОО студенттерінің жұмысына сырт мекемелер берген рецензия. 
3)  ғылыми  бөлімдегі  конкурстық  жұмыстың  мазмұны  мен  тематикасы  жайлы  қысқа 
сараптамалық материал. 
4.19  Базалық  ЖОО  ОƏК-і  СҒЗЖ  əр  бөлімі  бойынша  мынадай  ретте  жүлдегерлерді 
марапаттауға ұсыну құқығына ие: 
1 орын үшін – ҚР Білім жəне ғылым министрлігінің I дəрежелі дипломы (1 жұмыстан 
артық емес); 
2 орын үшін – ҚР Білім жəне ғылым министрлігінің II дəрежелі дипломы (2 жұмыстан 
артық емес); 
3 орын үшін – ҚР Білім жəне ғылым министрлігінің III дəрежелі дипломы (3 жұмыстан 
артық емес). 
4.20  Республикалық  комиссияның  протоколды  шешімінің  негізінде  студенттердің 
ғылыми-зерттеу  жұмыстары  республикалық  конкурсының  қорытындысы  ҚР  Білім  жəне 
ғылым министрлігінің бұйрығымен бекітіледі.  
4.21 Студенттердің конкурсқа ұсынылған ғылыми жұмыстары кері қайтарылмайды.  
4.22 Республикалық СҒЗЖ конкурсының жеңімпаздарын марапаттау тəртібі  
4.23  1,2,3  орын  иеленген  республикалық  конкурс  жеңімпаздары  үздік  ғылыми-зерттеу 
жұмысы  үшін  ҚР  Білім  жəне  ғылым  министрлігі  бұйрығы  негізінде  министрліктің  I,  II,  III 
дəрежелі дипломдарымен марапатталады.  
4.24  Жоғары  оқу  орны  басшылығы  ЖОО-ның  өз  есебінен  студенттерді  –  конкурстың 
бірінші, екінші, үшінші кезеңдері лауреаттарын марапаттау шаралары қолға алынуы мүмкін. 
Ақшалай  сыйақы  көлемі  берілу  жылына,  қаржылай  мүмкіндікке  қарай  беріледі.  Бірақ 
шəкіртақы  көлемінен  кем  болмайды.  Ақшалай  сыйақы  ұжымдық  жұмыстың  бірлескен 
авторларына тең көлемде бөлінеді.     
4.25  Кем  дегенде  марапатқа  ие  болған  үш  ғылыми  жұмысқа  жетекшілік  жасаған 
ғылыми жетекші ҚР Білім жəне ғылым министрлігінің дипломдарымен марапатталады. 
 
 
 

Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті 
 
ҚП-АƏИУ-09-2016 
Сапа менеджменті жүйесі 
Құжатталған процедура 
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы  
 217
 беттің 195-беті 
 
195 
 
 
3.6 
ПРОФЕССОР-ОҚЫТУШЫЛАР 
ҚҰРАМЫНЫҢ 
ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ 
ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗУ ЕРЕЖЕСІ 
 
1.Жалпы ережелер  
1.1 Профессор- оқытушылар құрамының ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу ережесі 
профессор-оқытушылар  кұрамының  ғылыми-жұмыстарының  нəтижелерін  бағалау  ғылыми 
потенциалдың эффективтілігін анықтайды.  
1.2  Профессор-оқытушылар  құрамының  ғылыми-зерттеу  жұмыстарын  жүргізу 
ережесінің  мақсаты  материалды-техникалық  базаны,  ғылыми-зерттеудің  деңгейін  жəне 
динамикасын, құрылымның маңыздылығын, бəсекеге қабілеттілігін анықтайды. 
 
2.Ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізудің мінддеттері: 
-    Аймақтық  əлеуметтік-инновациялық  университеттің  Ғылыми    кеңесі    бекіткен, 
университеттің  негізгі  ғылыми  бағыттары  аясындағы  ғылыми-зерттеушілік   жұмыстарды 
жүргізу үшін университеттің ғылыми əлеуетін тиімді пайдалану;  
-    Білімді  кеңейту  жəне  жаңа  білім  алу,  ғылыми  гипотезаларды  тексеру,  табиғат  пен 
қоғам  дамуының  заңдылықтарын  анықтау,  жобаларды  ғылыми  жинақтау,  ғылыми  негіздеу 
мақсатында ғылыми ізденіспен, зерттеулер, эксперименттер жүргізу; 
-  Ғылым  мен  өндірістік  ықпалдастық  үдерісті  күшейту  мақсатында  ғылыми 
ұйымдармен,ассоцациалармен,  қазақстандық  жəне  шетелдік  ЖОО-лармен    ғылыми 
байланысты дамыту; 
-  ҒЗЖ  нəтижелерінің  бəсекеге  қабілеттілігі  мен  коммерциялық  тартымдылығының 
маңызды  көрсеткіші  болып  табылатын  патенттік-өнертабыстық  қызметті  жолға  қою 
мақсаттарын түсіндіру; 
-  Республикалық  жəне  халықаралық  байқау,  жарыстардың  жеңімпаздарын  арттыру 
мақсатында  студенттердің ғылыми жұмыстарға белсенді қатысуын қамтамасыз ету; 
- ПОҚ-тың,  ҒЗЖ нəтижелерін оқу үдерісіне ендіруге ықпал ету; 

Импакт-факторлы 
ғылыми 
журналдарда 
жарияланымы 
бар 
профессор-
оқытушылардың  пайыздық  үлесін  жоғарылату  мақсатында  құрылтайшылар  тарапынан 
қаржылай ынталандыру жұмыстарын ұйымдастыру. 
 
3.Ғылыми-зерттеу  жұмыстарының ұйымдастырылуы  
-  университеттің   ғылыми-зерттеу  жұмыстарының  стратегиялық    жоспарын  жасауға 
материалдар дайындау, олардың орындалуын бақылау, кеңес  беру; 
-  ҚР  Білім  жəне  ғылым  министрлігіне,  ҚР-ның   статистикалық  мемлекеттік 
ұйымдарына университеттің ғылыми жұмыстарының нəтижелері туралы есеп беру; 
-  республикалық  жəне  халықаралық  конференциялар,  олимпиадалар,  ғылыми 
жұмыстардың байқауларын жоспарлау жəне өткізу; 
- университеттің Жас ғалымдар кеңесінің  іс-əрекетін үйлестіру; 
- студенттер мен  жас ғалымдардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру, түрлі 
деңгейдегі  ғылыми   іс-шараларға,  байқауларға,  олимпиадаларға  қатысуларын  қадағалау, 
үйлестіру; 
 
4. Ғылыми-зерттеу жұмыстардың есебі 
Университеттің    ғылыми-зерттеу  жұмыстардың  есебі  жарты  жылға  жəне  бір  жылға 
арналып жасалады. Есептің негізіне төмендегідей бөлімдер қамтылады: 
Университеттің ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізгі көрсеткіштері 
1.1. Негізгі ғылыми бағыттары. 
1.2. Бюджет қорымен қаржыландыратын ҒЗЖ (Жобаға қатысу) 

Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті 
 
ҚП-АƏИУ-09-2016 
Сапа менеджменті жүйесі 
Құжатталған процедура 
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы  
 217
 беттің 196-беті 
 
196 
 
1.3. Келісім шартпен қаржыландырылатын ҒЗЖ  
1.4. ҚР  БҒМ тарапынан алынатын құжаттар. Ашылған жаңалықтар  
1.5. Ғылыми конкурстарға, конференцияларға,көрмелерге қатысу 
1.6. Жарияланған ғылыми жұмыстар  
1.7. Ғылыми-зерттеу жұмыс бабымен  Қазақстан Республикасы бойынша іс-шаралар  
2.Студенттердің ғылыми-зерттеу, үйірме жұмыстары 
2.1.  Студенттердің  ғылыми-зерттеу  жұмыстарына  жетекшілік  жасау,  студенттердің 
ғылыми-зерттеу жұмыстарының көрсеткіштері  
3.Халықаралық қызмет 
3.1.Халықаралық келісім шарттар мен  келісімдер  
3.2.Шетелдерге іс-сапарлар  
3.3. Шетелдерге жарияланған ғылыми зерттеу жұмыстары 
4. Біліктілігін жетілдіру  туралы 
4.1. Ғылыми семинарлардың жоспарлануы 
5. Магистратура  
5.1. Келісім шарттар 
5.2. Магистратура бойынша атқарылған іс-шаралар 
6. Жоспардан тыс орындалған ҒЗЖ бойынша іс-шаралар  
Университеттің  ғылыми-зерттеу  жұмыстардың  есебі  күнтізбелік  жылға  арналып 
жасалады жəне жылдың соңында ғылыми кеңестің күн тəртібінде қаралады.  
Перспективалық  жоспар  бойынша  орындалған  жұмыстар,  ғылыми  жобалардың 
орындалуы жөнінде кафедра меңгерушілері жыл соңында есеп беріп отырады.  
 Жас ғалымдар кеңесі жылына бір рет есеп беріп отырады. 
 
 
 
3.7  ПРОФЕССОР-ОҚЫТУШЫЛАР    ҚҰРАМЫНЫҢ  РЕЙТИНГІЛІК  КӨРСЕТ-
КІШТЕРІН   АНЫҚТАУ  ЕРЕЖЕСІ 
 
АƏИУ    профессор-оқытушылар    құрамының  рейтингілік  көрсеткіштерін   
анықтау  критерийлері 
І.Профессор-оқытушылар 
құрамының 
рейтингілік 
көрсеткіштерін 
анықтау  
критерийлері  кəсіби    біліктілік  көрсеткіштерінің  балдық  жүйесімен  бағаланады.  Біліктілік 
көрсеткіштерінің балл саны 6 блок бойынша анықталады. 
1- блок академиялық ғылыми атақтар бойынша анықталады:    
 1. Ұлттық ғылым академиясының академигі: 100 
 2. Ұлттық ғылым академиясының  корреспондент-мүшесі: 70 
 3. Ғылым докторы: 70 
 4. Ғылым кандидаты: 50 
 5. Профессор ғылыми атағы: 70 
 6. Доцент ғылыми атағы: 50 
 7. Аға оқытушы: 30 
 8. Магистр-оқытушы: 20 
 9. Оқытушы: 15 
Жалпы балл саны - 1 блок бойынша: 475 
  
2-блок бойынша оқу- əдістемелік жұмыстар бағаланады: 
2.1 Оқу жетістіктерін сырттай бағалау нəтижесінің сапалық деңгейі:  
95-100 % - 80 
80-90 %  - 70 

Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті 
 
ҚП-АƏИУ-09-2016 
Сапа менеджменті жүйесі 
Құжатталған процедура 
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы  
 217
 беттің 197-беті 
 
197 
 
70-80 % - 60 
60-70 % - 50 
50-60 % - 40 
2.2. «Оқытушы - студенттер көзімен» сауалнама көрсеткіштері: 
95-100 %  - 80 
80-90 %  - 75 
2.3. ҚР Білім жəне ғылым министрлігінің РОƏК-нің грифімен шығарылған: 
Оқулық – 100 
Оқу құралдары  - 6 
2.4.Университет оку -əдістемелік кеңесінің шешімімен шығарылған: 
оқу құралдары – 5 
əдістемелік нұсқаулар - 25 
2.5. Арнайы тіркеуден( реестр) өтіп, куəлік берілген электрондық: (əр құрал үшін) 
оқулық – 100 
оқу құралы - 60 
2.6.Университет  кітапханасының  қорына  электрондық  нұсқада  енгізілген:  (əр  құрал 
үшін)  
оқулық – 50 
оқу құралы - 25 
леқция жинағы – 10 
шебер-сынып(мастер-класс) - 15 
видео лекциялар (əр лекция бойынша) - 30 
2.7. Университет порталына енгізілген: (əр құрал үшін)  
оқулық – 50 
оқу құралы  - 25 
əдістемелік нұсқаулар -    10 
2.8. Қолданысқа енгізілген :  
Типтік оқу бағдарламаларын  дайындауға қатысу - 50 
Модульдік білім беру бағдарламарын дайындау - 30 
Арнайы авторлық курстар дайындау - 50 
Мультимедиалық қондырғылар арқылы оқылатын лекцияға презентациялық  
материалдарды дайындау( əр лекция үшін) - 5 
СМЖ  процедураларын   дайындау (əр процедура үшін) - 10 
Каталог: files -> Docs
Docs -> Қазақстан республикасы білім жҽне ғылым министрлігі қ. ЖҦбанов атындағЫ
Docs -> Бағдарламасы бойынша шығарылды Редакция алқасы: Т. Кəкішев, Ө. Əбдіманұлы, А. Қыраубаев
Docs -> Сабақ беру қызмет ұйғарылады;мәдени-ағарту; лекциялар оқу, өнер жөнінде әңгіме өткізу, мұражай
Docs -> А. Нұрмағамбетовтың Жоғары білім беру көшбасшыларының 2014 Еуразиялық
Docs -> Образовательная программа основного общего образования
Docs -> Педагогтың ҥздіксіз білім беру жҥйесіндегі кәсіптік қалыптасуы мен дамуы
Docs -> Сборник содержит материалы избранных докладов участников международной
Docs -> Халықаралық электронды ғылыми конференция материалдары
Docs -> 5В011900Шетел тілі: екі шетел тілі Академиялық дәрежесі: 5В011900 Шетел тілі: екі шетел тілі мамандығы бойынша білім бакалавры Сипаттама
Docs -> Бағдарламасы бойынша шығарылып отыр Редакция алқасы

жүктеу 9.9 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет