Қп-аəиу-09-2016 Сапа менеджменті жүйесі Құжатталған процедура Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы 217 беттің 1-беті 1



жүктеу 9.9 Kb.
Pdf просмотр
бет28/32
Дата28.04.2017
өлшемі9.9 Kb.
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32

 
ҚП-АƏИУ-09-2016 
Сапа менеджменті жүйесі 
Құжатталған процедура 
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы  
 217
 беттің 184-беті 
 
184 
 
- Кеңес отырысын өткізуді ұйымдастырады;  
- Кеңес отырысы мен оның шешімін хаттамалайды;  
- Кеңес шешімін мүдделі тұлғаларға жеткізеді.  
 3.8 Кеңес мүшесінің құқықтары: 
- Кеңестің басшы органдарын сайлау жəне сайлану;  
- Кеңес  отырыстарына  қатысу,  бастама  көтеру,  өз  көзқарасын  білдіру,  Кеңес  қарарына 
ұсыныс енгізу жəне белгіленген регламентке сай қарастырылып отырған барлық мəселелерді 
ашық талқылауға қатысу.  
3.9 Кеңес мүшесінің міндеттері: 
- Осы Ережені ұстану жəне Кеңес шешімін орындау;  
- Өзіне  жүктелген  міндеттерді  орындау,  өз  қызметінде  Кеңестің  мақсаты,  міндеті  мен 
принциптерін басшылыққа алу;  
- Кеңестен  оның  қызметіне  қатысты  тапсырмаларды  орындау  туралы  жазбаша  не 
ауызша хабар алғанда, өз жауабын белгіленген тəртіпте, көрсетілген мерзімде беру;  
- Кеңес құзырлығындағы өзінің қандай да бір қызметінде Кеңес шешімін ұстану.  
 
 
 
 
3.3  ФАКУЛЬТЕТТЕРДІҢ  ОҚУ-ƏДІСТЕМЕЛІК  КЕҢЕСІН  ҰЙЫМДАСТЫРУ 
ЖƏНЕ ҚЫЗМЕТІ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕСІ 
 
1 Жалпы ережелер 
1.1 ФОƏК  басқарудың  факультеттегі  алқалық  кеңес-ұсыныс  беру  органы,  университет 
қызметінің  факультеттегі  оқу-əдiстемелiк  жəне  оқу  мəселелерін  талқылау,  оқу-əдістемелік 
ұсынымдарды ұйымдастыру орталығы болып табылады.  
1.2  ФОƏК  жоғары  жəне  кəсiби  бiлiм  беру  сапасын  басқару  бағыттары  мен 
механизмдерін,  сапа  менеджмент  принциптерін  енгiзу  бойынша  факультеттің  құрылымдық 
бөлімдердің  əрекетін  анықтау  мақсатында  жұмыс  жасайды,  факультеттегі  мамандық 
ерекшеліктеріне  сəйкес  білім  беру  үдерісін  ұйымдастыру  мен  басқарудың  жаңа 
технологиясын оқу үдерісіне ендіруге ұсыныс береді. 
1.3  ФОƏК  ұсыныстары  дербес  жағдайларда  университеттің  ОƏК  мəжілісінде  қарауға 
жəне бекiтуге шығарылады.   
1.4  Ереже  ФОƏК  факультеттегі  оқу  жəне  əдістемелік  жұмыстарды  жүзеге  асырудағы 
жалпы ұйымдастыру-əдістемелік талаптарды анықтаушы негізгі құжат болып табылады. 
 
2 Негізгі ережелер 
2.1  ФОƏК  факультеттің  жұмысшы  органы  болып  табылады  жəне  бакалавриатта, 
магистратура  оқу-əдістемелік  жұмыстарды  үйлестіру  мен  жетілдіру,  факультеттің  оқу 
жоспарларын жəне бағдарламаларын əзірлеу, оқу үдерісіне инновациялық жəне компьютерлік 
технологияларды  ендіру,  жеке  даралау  жəне  қашықтықтан оқыту  формаларын  дамыту,  ПОҚ 
біліктілігін көтеру жүйесін ұйымдастыру жəне жоғары білікті, бəсекеге қабілетті мамандарды 
дайындау,  қосымша  білім  беру  қызметтерінің  түрлері  мен  формаларын  кеңейту,  басқа  да 
жұмыстарды орындау мақсатымен ұйымдастырылады. 
2.2  ФОƏК  өзінің  жұмысында  ҚР  БҒМ  жəне  университеттің  нормативтiк  құжаттарын 
басшылыққа алады. 

Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті 
 
ҚП-АƏИУ-09-2016 
Сапа менеджменті жүйесі 
Құжатталған процедура 
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы  
 217
 беттің 185-беті 
 
185 
 
2.3 ФОƏК мүшелерi нарықтық экономиканы дамытуға қабiлеттi, жауапты, iскер, бiлiктi 
мамандардың  отандық  жаңа  буынын  даярлауды  ұйымдастыруды  жетілдіру  бойынша 
жұмыстарға белсенді қатысуға міндетті. 
2.4  ФОƏК  басшылық  органы  оның  мүшелерінен  сайланатын  төрағадан,  орынбасары 
жəне хатшыдан тұрады. 
2.5 ОƏК төрағасына: 
- ФОƏК жұмысын ұйымдастыру; 

университеттің 
ОƏК 
шешімдерін, 
ғылыми-əдістемелік 
конференциялардың, 
университетте  ұйымдастырылған  дөңгелек  үстелдер  мен  факультеттің  кеңесі  ұсыныстарын 
жүзеге асыру; 
- ФОƏК жұмыс туралы жылдық есеп дайындау жүктеледі. 
2.6  ФОƏК  төраға  орынбасары  құжаттардың  жүргiзілуiне,  хатшы  –  құжаттардың 
техникалық рəсімделуіне жауап береді. 
2.7 ФОƏК басқа мүшелеріне төмендегідей функциональдық міндеттер жүктеледі: 
-  факультет  деңгейінде  оқу-əдістемелік  семинарлар  ұйымдастыру  мен  өткізу  жəне 
университеттің ПОҚ ғылыми-əдістемелік конференцияларына факультеттің ПОҚ қатысуына 
ықпал ету; 
-  кафедралардың  əдістемелік  секция  мүшелеріне  кеңес  беру  көмегін  көрсету,  ФОƏК 
алдын  қабылдаған  шешімдерінің  орындалуын  жүйелі  бақылау  жəне  ФОƏК  мəжілісінде 
тексеру, жұмыс нəтижелері жөнінде мерзімді есеп беру; 
-  оқу-əдiстемелiк  əдебиеттерді,  ғылыми-əдістемелік  конференция  материалдарын 
жариялауға  талқылау  жəне  ұсыныс  беруді  ұйымдастыру,  оқу,  оқу-əдiстемелiк  əдебиеттерді, 
үлгілік 
бағдарламаларды 
шығарудың 
тақырыптық 
жоспарын 
қалыптастыру 
жəне 
орындалуын бақылау, оқу үдерісін қазақ жəне орыс тілдеріндегі заманауи оқу жəне ғылыми 
əдебиеттермен, оның ішінде электрондық тасымалдағыштармен қамтамасыз етілуін бақылау; 
-  оқу  пəндерін  оқыту,  қазақ,  орыс  тiлдерінде  оқыту  əдістемесі  бойынша  бақылау, 
оқытудың  барлық  формалары  мен  мерзімі  бойынша  оқу  жоспарларын,  жұмыс 
бағдарламаларын, емтиханға дайындық үшін тесттік тапсырмалардың, сұрақтардың мазмұны 
мен сапасын жетілдіру; 
-  оқу  үдерісіне  оқытудың  жаңа  технологияларын  жəне  белсендi  формаларын, 
оқытушылардың ғылыми ұсынымдары/əзірлемелері нəтижелерін ендiру; 
-  бакалавриат  пен  магистратурада  практикалық  жəне  бейіндік  даярлау,  күндiзгi, 
сырттай,  қысқартылған  жəне  қашықтықтан  оқыту  формаларының  əдiстемелiк  базаларын 
жасау бойынша жұмыстар ұйымдастыру; 
-  ағымдағы,  аралық  жəне  мемлекеттiк  аттестаттаудағы  емтихан  билеттерi  мазмұнын 
бақылау. 
2.8 ФОƏК жұмысы бір оқу жылына жасалатын жоспар бойынша жүзеге асырылады 
2.10 ФОƏК мəжілісі қажеттілік бойынша өткізіледі, бірақ айына бір реттен артық емес. 
ФОƏК мəжiлiсiнде талқыланатын сұрақтар бойынша шешім ашық дауыс берумен жəне кеңес 
мүшелерінің көпшiлiк дауысымен қабылданады. 
2.11  ФОƏК  тұрақты  (мерзімді)  түрде  жасалған  жұмысы  жөнінде  университеттің  ОƏК 
есеп береді. 
2.12  Оқытудың  барлық  формалары  бойынша  оқу  үдерісін  жетілдіруге  бағытталған 
кафедралардың тəжірибелерін талдап қорыту нəтижесі болып табылады. 
2.13 ФОƏК қызметінің тиімділігін қамтамасыз ету үшін факультет: 
- ОƏК мəжілісін өткізу жəне ағымдағы жұмыстарды жүзеге асыру үшін бөлме; 
- ОƏК құжаттарын сақтау үшін сейф; 
- оқу-əдiстемелiк құжаттарды техникалық рəсімдеу үшін компьютер бөледі. 
  
3 ФОƏК жұмыстарының негізгі бағыттары 

Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті 
 
ҚП-АƏИУ-09-2016 
Сапа менеджменті жүйесі 
Құжатталған процедура 
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы  
 217
 беттің 186-беті 
 
186 
 
ФОƏК жұмыс мазмұны университет алдында тұрған нақты міндеттер мен факультеттің 
ерекшелік есебімен анықталады. 
ФОƏК жұмыстарының негізгі міндеттері: 
3.1 Оқу үдерісін жоспарлау мен ұйымдастыру жүйесін жетілдіру. 
3.1.1  Мамандарды  көпдеңгейлі  даярлаудың  негізгі  ережелері  мен  тұжырымдамасын 
одан əрі жетілдіру. 
3.1.2 Оқыту үдерісін ақпараттандыру. 
3.1.3 Мамандықтың жұмыс оқу жоспарын жүзеге асыру бойынша кафедралардың оқу-
əдістемелік жұмыстарын үйлестіру. 
3.1.4 Пəндер, емтихан билеттерінің сұрақтары бойынша тесттік тапсырмалар мазмұны 
сапасына бақылау. 
3.2 Оқу пəндерін оқыту сапасын жетілдіру. 
3.2.1  ЖБКМЖМС,  ЖБМЖМС,  үлгілік  жоспарға,  құзыреттерге  негізделген  білім  беру 
бағдарламаларына 
мамандық 
дайындау 
бейіні 
бойынша 
пəннің 
оқу/жұмыс 
бағдарламаларының тізімі мен мазмұнының сəйкестілігін бақылау. 
3.2.2  Бакалавриат  пен  магистратурадағы  оқытылатын  пəндердің  бағдарламаларының 
үйлесімділігі мен сабақтастығын бақылау. 
3.2.3  Кафедрада  ашық  лекциялар  мен  өзара  сабаққа  енуді  жоспарлап  өткізуді  бақылау. 
ФОƏК  төрағасының  (төрайымының) оқытушылардың  ашық сабақтарына  қатысуы.  Кафедра 
жоспары  бойынша  факультет  оқытушыларының  лекция,  семинар  жəне  басқа  да  сабақ 
түрлеріне  қатысу  жəне  талдау.  Жалпы  білімдік  пəндер  бойынша  сабақтарға  қатысу  жəне 
талдау. 
3.2.4  Жас  оқытушылармен  жұмыс  жасау,  олар  үшін  факультеттің  тəжірибелі 
оқытушыларымен арнайы ашық лекциялар мен семинарлар ұйымдастыру жəне өткізу. 
3.2.5 
Оқу 
жоспары 
пəндері 
бойынша 
оқу-əдiстемелiк 
кешендердің 
жəне 
силлабустардың жағдайын ағымдық тексеру жүргізу жəне талдау жасау. 
3.3. Қазақ, орыс тілдерінде оқыту əдістемесін жетілдіру. 
3.4 Оқу-əдістемелік əдебиеттерді шығаруды жоспарлау. 
Оқу жəне оқу-əдістемелік əдебиеттер, үлгілік  оқу бағдарламаларын шығару жоспарын 
құрастыру  жəне  орындалуын  бақылау,  факультеттің  профессор-оқытушы  құрамын  хабардар 
ету  жəне  олардың  жыл  сайынғы  университеттің  ғылыми-əдістемелік  конференциясы 
жұмысына қатысуын ұйымдастыру. 
3.5  Мамандарды  бейіндік  даярлау  үдерісін  оқу-əдiстемелiк  құжаттармен  қамтамасыз 
ету (практика бағдарламаларын қарастыру жəне бекіту). 
3.6  Оқытудың  жаңа  технологияларын,  белсенді  формаларын  ендіру,  жаңашыл 
педагогтардың тəжірибелерін талдап қорыту жəне тарату. 
3.7 Оқытудың сырттай, кешкі жəне қысқартылған формаларын əдістемелік қамтамасыз 
ету бойынша оқытушылардың жұмыстарын ұйымдастыру. 
3.8  Оқу  үдерісіне  факультеттің  оқытушылары  мен  қызметкерлерінің  ғылыми 
əдістемелері нəтижелерін ендіруді ұйымдастыру жəне бақылау, ендіру актін рəсімдеу. 
3.9  Оқу  үдерісінің  заманауи  оқу  жəне  ғылыми  əдебиеттермен,  оның  ішінде 
электрондық тасымалдағыштармен қамтамасыз етілуін бақылау. 
 
4. ФОƏК ұйымдастыру-тарату құжаттары жəне оларды қалыптастыру тəртібі 
ФОƏК келесі құжаттары болуы қажет: 
4.1 ФОƏК жұмысының бекітілген жоспары. 
4.2 ФОƏК мəжілістерінің хаттамасы. 
4.3 ФОƏК соңғы үш оқу жылындағы есебі. 
4.4 Факультет ерекшелігіне сəйкес басқа да оқу-əдістемелік құжаттар. 

Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті 
 
ҚП-АƏИУ-09-2016 
Сапа менеджменті жүйесі 
Құжатталған процедура 
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы  
 217
 беттің 187-беті 
 
187 
 
ФОƏК төрағасын/төрайымын қайта сайлау кезінде кеңес құжаттары жаңадан сайланған 
төрағаға/төрайымға қабылдау-тапсыру акті бойынша беріледі. 
 
 
                                 
 
 
 
 
 
 
 
3.4 СТУДЕНТТЕРДІ ОҚУЛЫҚТАР, ОҚУ-ƏДІСТЕМЕЛІК ЖƏНЕ  КӨМЕКШІ ОҚУ 
ҚҰРАЛДАРМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЕРЕЖЕСІ 
     
1 Негізгі ережелер 
1.1  Кітапхана 
жоғары 
оқу 
орнының 
құрылымдық 
бөлімі 
болып 
табылады  жəне  тікелей  университет  ректорына    бағынады.  Кітапхана  өз  қызметінде 
Қазақстан  Республикасы  Білім  жəне  ғылым  министрлігінің  нормативті  актілерін,  Қазақстан 
Республикасының «Кітапхана туралы» заңын, Кітапхана жəне баспа ісі мен ақпараттандыру 
стандарттарын (СИБИД), Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің жоғары 
кəсіптік білім беру ұйымдары кітапханасы туралы типтік ережесін, Университет Жарғысын, 
ректорат жəне ғылыми кеңестің өкімдерін жəне осы ережені басшылыққа алады. 
1.2  Кітапхана қызметінің мақсаты - университеттің оқыту-тəрбиелеу үрдісін, ғылыми-
педагогикалық  қызметін,  библиографиялық-ақпараттық  оқулықтар,  оқу-əдістемелік  жəне 
тағы  да  басқа  қағаз  жəне  электронды  тасымалдағыш  түріндегі  көмекші  оқу  құралдармен 
қамтамасыз ету. 
1.3 Кітапхананың негізгі міндеттері: 
- университеттің  профилі  мен  пайдаланушылардың  ақпарат  қажеттіліктеріне  сəйкес 
құжаттар  қорын  түзіп  дəстүрлі  жəне  қазіргі  заманғы  ақпарат  көздерінде  мемлекеттік  жəне 
басқа тілдерде сақтау; 
- студенттерді  оқулықтар,  оқу-əдістемелік  жəне  тағы  да  басқа  қағаз  жəне  электронды   
тасымалдағыш түріндегі көмекші оқу құралдармен қамтамасыз етуді ұйымдастыру; 
- университет 
профессор-оқытушылар 
құрамына, 
студенттерге, 
магистранттарға, 
қызметкерлерге қажеттілігіне сəйкес ақпараттық қызмет көрсету; 
- пайдаланушылардың  білімін  жəне  кəсіби  қажеттіліктерін  керекті  əдебиетпен  қамтамасыз 
ету; 
-  кітапхананың  кафедралармен,  деканаттармен  ғылыми  жəне  қоғамдық  ұйымдармен 
қызметін үйлестіру. 
        1.4 Кітапхананы кітапхана меңгерушісі басқарады. Кітапхана меңгерушісін университет 
ректоры тағайындап жəне орнынан босата алады. 
        1.5  Кітапхана  өзінің  атқаратын  жұмысына  сəйкес  өз  қызметін  төмендегі  бағыттарда 
ұйымдастырады: 
Кафедралардың  профилі  бойынша  жəне  пайдаланушылар  қажеттіліктеріне  сəйкес 
кітапхана  қорын  ұйымдастыруды  жүзеге  асырады.  Ғылыми  жəне  оқу  қызметіне  көмек 
ретінде  электронды  каталог,  библиографиялық  картотекалар,  кітаппен  қамтамасыз  ету 
картотекасын  жүргізеді.  Уақтылы  есептен  шығарып,  қорды  тозығы  жеткен  əдебиеттерден 
тазартып  отырады.  Басылымдардың  негізгі,  қосалқы  қорларын  ұйымдастырады  жəне 
олардың  есепке  алынуын,  орналастыруын,  сақтау  режимін  қамтамасыз  етеді  мерзімді 
басылымдарға жазылу жұмысын жүргізеді. 
 
         Оқырмандар  сұранымын  жан-жақты  жəне  дер  кезінде  қанағаттандыру  мақсатымен 
университет  кітапханасы  Республикалық  ғылыми  техникалық  кітапханамен  бірге 
кітапханаралық  абонемент  (КАА)  арқылы  қызмет  көрсетеді.  Кітапхана  Республикалық 
ғылыми-техникалық  кітапхананың  ОҚО  филиалымен  жыл  сайын  келісім-шартқа  отырып, 
өзіміздің  кітапханада  кейбір  жоқ  басылымдармен  оқырмандарды  осы  КАА  арқылы 
қамтамасыз  етуді  ұйымдастырады.  Интернет  желісі  мен  электрондық  почта,  əр  түрлі  оқыту 

Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті 
 
ҚП-АƏИУ-09-2016 
Сапа менеджменті жүйесі 
Құжатталған процедура 
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы  
 217
 беттің 188-беті 
 
188 
 
бағдарламаларымен  жұмыс  істеу,  электрондық      оқулықтарды      пайдалану      мүмкіндіктері   
жасалған.  Кафедралармен  бірігіп  көрмелер,  конференциялар  мен  көпшілік  жүмыстың  басқа 
да  нысандарын  ұйымдастырып,  солардың  көмегімен  мазмұны  жағынан  маңызды  баспа 
туындыларын  насихаттаумен  шұғылданады.    Кітапхананың  электрондық  оқу  залдарында 
студенттерді  оқу,  оқу  əдістемелік  жəне  электрондық  тасымалдағыштардағы  оқу-əдістемелік 
құралдармен қамтамасыз етеді.  
     6. Кітапхана қорын толықтыру жəне оның құрамы 
    -  университет  кітапхана  қоры  дəстүрлі  жəне  заманауи  отандық  жəне  шетелдік 
құжаттардың  (ғылыми,  базалық  оқу,  көркем  əдебиет,  рефераттық  мерзімді  баспасөз  жəне 
т.б.),  жарияланбаған,  көру,  тыңдау  жəне  электронды  материалдардың,  техникалық 
əдебиеттер  мен  құжаттамалардың  арнаулы  түрлерінің,  ғылыми-техникалық  ақпарат 
орындары басылымдарының жəне тағы басқа сан алуан түрлерінен құрылады; 
-  қорды  жинақтаудың  негізгі  көздері:  кітап  саудасы  жəне  кітап  басушы  ұйымдар  мен 
фирмалар  (жоғары  оқу  орындарынын  баспа  орталықтарын  қоса  алғанда)  жеке  тұлғалар 
кітапханалардың айырбас қорлары жəне əр түрлі қоғамдық ұйымдар т.б. болып табылады. 
-  кітапхана  қорының  есебінде  қорға  түсетін  құжаттарды  есепке  алынады.  Кітапхана 
қорына  енгізілетін  құжаттар  таңбаланады.  Бұл  орайда  мөрлер,  кітаптық  белгілер 
пайдаланылады.  Жазбаларды  мүлік  кітаптарына,  қордың  жиынтық  есеп  кітаптарына, 
компьютерде басылған жеке парақтарда, кəртішке нысанында, сондай-ақ дискіде жəне басқа 
да электронды файлдарда жүргізіледі. 
7. Кітапхананың мыналарды дербес белгілеуіне құқығы бар: 
-  осы  ережеде  көрсетілген  мақсаттар  мен  міндеттерге  сəйкес  өз  қызметінің  мазмұны 
мен нақты нысандарын; 
8. Кітапхана мыналарға жауапты: 
       -  қордың  сақталуына  жəне  кітапхананың  күзет  жəне  өрт  дабылдамасымен,  бекіту 
құрылғыларымен,  темір  есіктермен  жəне  терезе  торларымен  жарақталған  үй-жайымен 
қамтамасыз  етілген  жағдайда  өзіне  бекітіліп  берілген  мүлікке,  өрт  қауіпсіздігі  мен  басқа  да 
апаттардан қорғауға; 
       - құжаттардың уақтылы есепке алынып, олардың анықтама-іздеу аппаратында, деректер 
базасында, бухгалтерия құжаттарында көрсетілуіне; 
       - пайдаланушыларға  үздіксіз  жəне  ұтымды  қызмет  көрсетуді  ұйымдастыру  үшін  жауап 
береді. 
9. Кітапхана белгіленген тəртіппен ақпар есебі мен есептілігін жүргізеді. 
10.  Кітапхана  университеттің  барлық  құрылымдық  бөлімдерімен  қызметтік  қатынас 
жүргізеді. 
 
 
 
3.5 ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫ ІШІЛІК СЕМИНАР  ЖҮРГІЗУ ЕРЕЖЕСІ 
  
1 Жалпы Ережелер 
1.1  Осы  семинарды  жүргізу  Ережесі  ҚР  «Білім  туралы»  Заңына  сəйкес,  ҚР  2011-2020 
жылдарға  арналған  білім  беруді  дамытудың  Мемлекеттік  бағдарламасына,    ҚР  жаңа 
форматтағы  педагогтің  үздіксіз  педагогикалық  білім  беру  Концепциясы  негізінде 
жасалынды. 
1.2 Осы Ереже білім беру ұйымдарында бастауыш, негізгі орта жəне жалпы орта жалпы 
білім  беретін  оқу  бағдарламаларын,  техникалық  жəне  кəсіптік  білім  беретін  оқу 
бағдарламаларын, орта білімнен кейінгі кəсіптік оқу бағдарламаларын, жоғары жəне жоғары 
оқу  орнынан  кейінгі  кəсіптік  оқу  бағдарламаларын  іске  асыратын  оқу-əдістемелік 
жұмыстарды реттейді. 

Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті 
 
ҚП-АƏИУ-09-2016 
Сапа менеджменті жүйесі 
Құжатталған процедура 
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы  
 217
 беттің 189-беті 
 
189 
 
1.3 Ережеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 
-  оқу-əдістемелік  жұмыс  -  білім  беру  үдерісін  оқытушылық,  тəрбиелік  жəне 
дамытушылық  мақсаттарға  жеткізу  үшін  психологиялық-педагогикалық,  дидактикалық-
əдістемелік  жəне  оқу-материалдық  объектілермен  қамтамасыз  ету  бойынша  білім  беру 
ұйымының қызметі; 
-  əдіскер  -  оқу-əдістемелік,  ғылыми-əдістемелік  жұмыстарды  орындаушы  білім  беру 
ұйымының педагогикалық қызметкері; 
- əдістемелік (оқу-əдістемелік, ғылыми-əдістемелік) кеңес – білім беру ұйымының оқу-
əдістемелік жұмысын алқалық басқару нысаны; 
- білім беру ұйымы оқу (оқу-əдістемелік) жұмысы жөніндегі басшысының орынбасары; 
-  білім  беру  ұйымының  оқу-əдістемелік  жұмысын  тікелей  басқаратын  басшының 
лауазымы; 
-  оқу-əдістемелік  басқарма  (орталық,  кафедра,  бөлім,  кабинет)  -  білім  беру  ұйымында 
оқу-əдістемелік жұмысты жүзеге асыратын құрылымдық бөлімше; 
-  əдістемелік  кабинет  -  техникалық  жəне  кəсіптік  білім  беру  ұйымдарында  ғылыми 
жəне оқу-əдістемелік  жұмысқа  басшылық  ететін  облыстық  (қалалық)  білім  департаментінің 
құрылымдық бөлімшесі; 
- оқу-əдістемелік бірлестіктер - əр түрлі деңгейдегі білім беру оқу бағдарламаларын іске 
асыру  жөніндегі  ұсыныстар  мен  ұсымдарды  енгізу  үшін  салалық  (мамандық  топтары, 
пəндер) белгісі бойынша білім беру үдерісі субъектілерінің бірігуі. 
 
         2 Семинардың мақсаты: 
2.1. Семинар мына мақсаттар бойынша жүргізіледі:  
- нақты бір мəселе бойынша тəжірибе алмасу; 
- ЖОО  оқытушы-профессорлар  құрамының,  басқа  ЖОО  оқытушылары,  педагогтар, 
жалпы жəне кəсіптік білім беру жүйесі мамандарының біліктілігін арттыру; 
- ҚР  ғылыми  жəне  білім  бері  мекемелерінің  арасындағы  интеграциялық  үдерістің 
нығаюы; 
- білім берудің сапасын көтеру; 
- жұмысты ұйымдастыруда мұғалімдерге əдістемелік көмек көрсету. 
 
 3 Семинардың міндеттері 
 3.1.  Интерактивті  технологияларды  ендіру,  білім  алушылардың  дамуы  бойынша 
жұмыстардың əдістері мен формаларының түрлендірілуі, дамуы. 
3.2. Оқытушы-профессорлар құрамының кəсіби құзіреттіліктерінің дамуы. 
3.3.  ОПҚ  ақпараттық-коммуникациялық  технологиялар  саласындағы  білім,  білік 
дағдыларының жандандыруы, дамуы. 
4 Семинардың түрлері 
4.1. Ұйымдастырылатын семинардың мақсаттарына қарай мынадай түрлері болады: 
-  оқу  семинары  –  оқу  семинарын  түрлі  оқу  орындарында  –  мектептер,  колледждер, 
институттар мен университеттерде ұйымдастырылады; 
-  ғылыми-практикалық  семинар  –  ғылыми  топтар  мен  ұжымдарда  жүргізіледі.  Олар 
қызметкерлердің  біліктілігін  арттыру,  əріптестерінің  түрлі  жаңа  жұмыстарын  таныстыру 
үшін өткізіледі. 
-  Бизнес-семинар  –  пікірлесу,  тəжірибе  алмасу,  оқыту,  бизнес  саласының  өкілдері 
арасында болатын ақпарат алмасу. 
 
5 Жұмыс органдары 
5.1. Семинарды ұйымдастыру, жүргізу үшін ұйымдастыру комитеті құрылады. 

Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті 
 
ҚП-АƏИУ-09-2016 
Сапа менеджменті жүйесі 
Құжатталған процедура 
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы  
 217
 беттің 190-беті 
 
190 
 
5.2. Ұйымдастыру комитеті: 
- семинардың концепциясын құру; 
- семинардың ұйымдастыруын, жүргізілуін басқарады; 
- семинар жұмысына қатысу үшін керекті материалдар мен өтініштерін қабылдайды; 
-  семинар  жұмысына  дайындығы,  семинардың  жүргізілуін,  қорытындысын  бұқаралық 
ақпарат құралдар бетіне жариялануын қамтамасыз етеді. 
 
6 Семинарға қатысушылар 
6.1. Семинар жұмысына оның мақсатына қарай білім беру қызметкерлері қатыса алады 
(шақыру бойынша): 
- білім беру мекемелерінің басшылары;  
- қалалық, аудандық білім беру бөлімінің əдіскерлері 
- жалпы білім беру мектептерінің мұғалімдері; 
- мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің, кəсіби жəне техникалық, жоғары, қосымша 
білім беру мекемелерінің мұғалімдері мен əдіскерлері.  
 
   7 Семинарға қатысушыларға қойылатын талаптар 
   7.1.  Семинар  жұмысына  қатысушылар  компьютермен  пайдаланушы  деңгейінде 
жұмыс істей алуы керек. 
  7.2. Microsoft Word, Microsoft Pover Point, Microsoft Excell бағдарламаларында жұмыс 
істей алуы керек. 
 
 8 Семинар жұмысын қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету 
8.1.  Семинарды  ұйымдастыру  барысында  қажетті  құрал  жабдықтармен  қамтамасыз 
етіледі; 
8.2. Семинар жұмысында арнайы құрал-жабдықтармен жұмысты арнайы бекітілген IT-
маманы басқарады; 
8.3.  IT-маманы  қажет  етілген  семинарлардың  жұмысын  ұйымдастыру  үшін 
ұйымдастырушы IT-маманын алдын-ала хабардар ету керек.  
8.4. 
IT-маманы 
ұйымдастырылатын 
семинардың 
мерзімін, 
өтетін 
орнын, 
ұйымдастырушы кафедраны, факультетті, семинар жүргізетін тұлғаны жазбаша түрде арнайы 
журналға жазып, кезекке қояды. 
8.5.  IT-маманы  ұйымдастырылатын  семинардың  толық  жəне  өз  деңгейінде  өтуіне 
жауапты. 
 
Каталог: files -> Docs
Docs -> Қазақстан республикасы білім жҽне ғылым министрлігі қ. ЖҦбанов атындағЫ
Docs -> Бағдарламасы бойынша шығарылды Редакция алқасы: Т. Кəкішев, Ө. Əбдіманұлы, А. Қыраубаев
Docs -> Сабақ беру қызмет ұйғарылады;мәдени-ағарту; лекциялар оқу, өнер жөнінде әңгіме өткізу, мұражай
Docs -> А. Нұрмағамбетовтың Жоғары білім беру көшбасшыларының 2014 Еуразиялық
Docs -> Образовательная программа основного общего образования
Docs -> Педагогтың ҥздіксіз білім беру жҥйесіндегі кәсіптік қалыптасуы мен дамуы
Docs -> Сборник содержит материалы избранных докладов участников международной
Docs -> Халықаралық электронды ғылыми конференция материалдары
Docs -> 5В011900Шетел тілі: екі шетел тілі Академиялық дәрежесі: 5В011900 Шетел тілі: екі шетел тілі мамандығы бойынша білім бакалавры Сипаттама
Docs -> Бағдарламасы бойынша шығарылып отыр Редакция алқасы

жүктеу 9.9 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет