Қп-аəиу-09-2016 Сапа менеджменті жүйесі Құжатталған процедура Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы 217 беттің 1-беті 1



жүктеу 9.9 Kb.
Pdf просмотр
бет25/32
Дата28.04.2017
өлшемі9.9 Kb.
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   32

 
ҚП-АƏИУ-09-2016 
Сапа менеджменті жүйесі 
Құжатталған процедура 
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы  
 217
 беттің 163-беті 
 
163 
 
2.16 ЭЛЕКТИВТІ ПƏНДЕР КАТАЛОГЫНЫҢ ЕРЕЖЕСІ 
1 Қолдану аясы 
1.1  Бұл құжат мамандықтардағы барлық таңдау пəндерінің тізімін жүйелеу мақсатында 
таңдау  пəнінің  қысқаша  сипаттамасы,  оқыту  мақсаты,  қысқаша  мазмұнын  (негізгі  бөлімде) 
жəне  күтілетін  нəтижелері  (білімгердің  меңгеретін  білім,  білік,  дағдысы  мен  құзіреттілігі)  
университеттегі оқу сапасын жоғарылатуға септігін тигізеді. 
Кредиттік  оқыту  жүйесінде  мамандықтың  оқу-əдістемелік  кешенінің  міндетті 
элементтерінің  бірі  элективтік  пəндер  каталогы  (ЭПК)  болып  табылады.  ЭПК  дегеніміз 
таңдау  компонентінің  барлық  пəндерінің  аннотацияланған  тізімі.  Онда  пəннің  мақсаты  мен 
тараулардың  қысқаша  сипаттамасы  жəне  күтілетін  нəтижелері  (білім  алушының  алатын 
білімі,  дағдылары  жəне  құзіреттіліктері)  көрсетілген.  Сондай-ақ  онда  əр  пəннің 
пререквизиттері  мен  постреквизиттері  берілген,  бұл  элективтік  оқу  пəндерін  альтернативті 
жолмен таңдауға мүмкіндік жасайды. 
1.2  Бұл құжаттың талабы университеттің оқу – процесін ұйымдастыруда қолданылады. 
1.3  Осы ереже бойынша барлық жұмысты оқу – əдістемелік жəне қашықтықтан оқыту 
жұмыстары    жөніндегі  проректоры,  институт  директорлары,  кафедра  меңгерушілері 
бақылауға алады. 
1.4  Осы  ереже  университет  профессор  –  оқытушылар  құрамы  жəне  оқу  процесіне 
қатысты барлық мүшелері үшін міндетті. 
1.5  Бұл  ереже  университеттің  ішкі  нормативтік  құжаты  болып  табылады  жəне  өзге 
жақтардың көрсетілуіне берілмейді. 
 
2.  Нормативті қызмет негізі 
Бұл  ереже    Қазақстан  Республикасының  төмендегі  нормативтік  құжаттарына 
негізделген:  
2.1  ҚР Білім жəне ғылым министрлігінің 2011 жылдың 20 сəуірдегі №152 бұйрығымен 
бекітілген кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу үдерісін ұйымдастыру ережелері; 
2.2  Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  2013  жылы  23  тамызда  №1080  қаулысымен 
бекітілген Жалпыға білім беру мемлекеттік стандарты; 
2.3  ҚР  2007  жылы  27  шілдеде  шыққан    Білім  туралы  заңы    (2014.14.01.  берілген 
өзгерістер мен толықтыруларымен). 
 
3 Терминдер, мағынасы, қысқартулар, мазмұны  
3.1 Терминдер  
Бұл ережеде келесі терминдер мен анықтамалар қолданылған. 
Бакалавриат  –  кемінде  4  жыл  нормативті  оқу  мерзімімен  міндетті  түрде  теориялық 
оқудың кемінде 129 кредитін жəне кəсіби практиканың кемінде 6 кредитін меңгертіп, тиісті 
мамандық  бойынша  «бакалавр»  академиялық  дəрежесін  бере  отырып  мамандар  даярлауға 
бағытталған жоғары білім берудің кəсіптік оқу бағдарламасы; 
Магистратура    –  тиісті  мамандық  бойынша  «магистр»  академиялық  дəрежесін  бере 
отырып: 
 -  ғылыми  жəне  педагогикалық  бағыт  бойынша  кемінде  2  жыл  нормативті  оқу 
мерзімімен  теориялық  оқытудың  кемінде  42  кредитін,  кəсіптік  практиканының  кемінде  6 
кредитін жəне ғылыми-зерттеу жұмысының кемінде 7 кредитін міндетті түрде меңгерту; 
-  бейіндік  бағыт  бойынша  кемінде  1  жыл  нормативтік  оқу  мерзімімен  теориялық 
оқытудың  кемінде  18  кредитін,  кəсіптік  практиканың  кемінде  2  кредитін  жəне 
эксперименттік-зерттеу  жұмысының  кемінде  4  кредитін  міндетті  түрде  меңгерту  арқылы 
ғылыми, ғылыми-педагогикалық  жəне  басқарушы  кадрларды  даярлауға  бағытталған жоғары 
оқу орнынан кейінгі білім берудің кəсіптік оқу бағдарламасы. 

Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті 
 
ҚП-АƏИУ-09-2016 
Сапа менеджменті жүйесі 
Құжатталған процедура 
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы  
 217
 беттің 164-беті 
 
164 
 
Жеке  оқу  жоспары  (ЖОЖ)  –  үлгілік  оқу  жоспары  мен  элективті  пəндер  каталогы 
негізінде  эдвайзердің  көмегімен  студенттің  əр  оқу  жылына  арнап  өзі  құрастыратын  оқу 
жоспары; 
Элективті  пəндер  каталогы -    пəннің  зерттеу  мақсатын,  қысқаша  мазмұнын  (негізгі 
бөлімдер)  жəне  зерттеуден  күтілетін  нəтижелерді  (студенттердің  алатын  білімі,  шеберлігі, 
дағдысы мен құзыреттерін) көрсете отырып, пəннің қысқаша сипаттамасы берілетін таңдау 
компоненттері бойынша барлық пəндердің жүйеленген аннотацияланған тізбесі; 
Типтік оқу жоспары, МЖМБС негізінде жасалынатын, пəндер топтамаларының білім 
беру  бағдарламасындағы жүйелілігін жəне көлемін реттейтін, міндетті компонент пəндерінің 
тізімі  мен  аз  көлемді  кредиттерін  көрсететін,  білім  беру  ұйымдарының  уəкілетті 
органдарымен бекітілген құжат. 
Міндетті  компонент  –  үлгілік  оқу  жоспарында  белгіленген  жəне  білім  беру 
бағдарламасы  бойынша  студенттер  міндетті  түрде  оқитын  оқу  пəндерінің  жəне  тиісті 
кредиттердің ең аз көлемінің тізбесі; 
Таңдау  компоненті  –  жоғары  оқу  орны  ұсынатын,  пререквизиттері  мен 
постреквизиттерін есепке ала отырып кез келген академиялық кезеңде студенттердің өздері 
таңдай алатын оқу пəндерінің жəне тиісті кредиттердің (немесе академиялық сағаттардың) 
ең аз көлемінің тізбесі; 
Пререквизиттер  (Рrereguisite)  -  оқылатын  пəнді  игеру  үшін  қажетті  білім, 
икемділіктер мен дағдыларды қамтитын пəндер; 
Постреквизиттер  (Роstreguisite)  -  аталған  пəнді  оқыту  аяқталғанда  оларды  зерделеу 
үшін меңгерілген білім, икемділіктер мен дағдыларды қажет ететін пəндер; 
Эдвайзер  (Аdvisor)  -  тиісті  мамандық  бойынша  білім  алушының  академиялық 
тəлімгерінің  қызметін  атқаратын,  оқу  траекториясын  таңдауына  (жеке  оқу  жоспарының 
қалыптасуына)  жəне  оқу  кезеңінде  білім  беру  бағдарламаларын  игеруіне  ықпал  ететін 
оқытушы; 
 
3.2 Мағыналар мен қысқартулар 
Бұл ережеде келесі мағыналар мен қысқартулар қолданылған: 
ЭПК – элективті пəндер каталогы; 
ƏК – əдістемелік кеңес; 
ТОЖ – типтік оқу жоспары; 
ЖОЖ – жеке оқу жоспары; 
 
          4 Сипаттама 
4.1  Оқытудың  кредиттік  технологиясы    білім  алушылардың  жұмыс  оқу  жоспары 
енгізілген  (ЖОЖ)  жəне  оларды  тікелей  қамтамасыз  ететін  жеке  оқу  жоспарын  (ЖОЖ) 
қалыптастыруға таңдау еркіндігін көздейді. 
4.2 Элективті пəндер каталогын жасаудағы басты мақсат – білім алушылардың болашақ 
кəсіби  қызметінің    ерекшелігін  ескеріп,    элективті  пəндер  каталогының  қысқаша  мазмұнды 
бағдарламасымен таңдау мүмкіндігін қамтамасыз ету болып табылады. 
4.3  ЭПК  Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік  жалпыға  міндетті  білім  беру 
стандарты  негізінде,  Дублиндік  дескрипторлардың  жəне  біліктіліктің  Ұлттық  ауқымдарына 
сəйкес  жасалады.  Оған  модульдік  принциптер  бойынша  құрастырылған  мамандықтар 
бойынша  кəсіби  білім  беру  бағдарламалары,  элективті  пəндер:  жалпы  білім  беру  пəндері 
(ЖБП) базалық пəндер (БП), кəсіптік пəндер (КП) кіреді. 
4.4  Оқытудың  жеке  траекториясын  анықтау  үшін  кафердралар  еңбек  нарығы  талабын, 
атап  айтсақ,  аймақтағы  жұмыс  берушілердің  ұсыныстарын,  вакансия  өткізу  жəрмеңкесін 
ескере отырып элективті оқу пəндер тізімін құрастырады. Жоғары жəне жоғары оқу орнынан 

Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті 
 
ҚП-АƏИУ-09-2016 
Сапа менеджменті жүйесі 
Құжатталған процедура 
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы  
 217
 беттің 165-беті 
 
165 
 
кейінгі  білімнің  мемлекеттік  жалпыға  білім  беру  стандартына  сəйкес  элективті  пəндер 
кафедралар шығаратын мамандықтардың оқу жоспарына енгізіледі. 
4.5 Элективті пəндердің əрбір блогы таңдауда кем дегенде 2 элективті пəндерді қамтуы 
тиіс.  Элективті  пəндерді  толық  меңгеруі  үшін  2-3  кредит  болуы  қажет.  Элективті  пəндер 
каталогы  жасау  кезінде  ҚР  МЖМБС  оқыту  деңгейлеріне  (бакалавриат,  магистратура) 
қойылатын талаптары ескеріледі. 
Элективті  пəндер  каталогы    мамандықтардың  оқу  жоспарына  сəйкес  оқу  жылына 
жасалады.  
4.6  Оқу – əдістемелік бөлімі жəне кафедралар мамандықтың жұмыс оқу жоспары мен 
каталогтың құрылымының сəйкестігін тексереді. 
4.7  Жаңа  оқу  жылында  университет  əдістемелік  кеңесі  əзірленген  пəндердің  элективті 
каталогын қарап, бекітеді. 
4.8  Əдістемелік  кеңестің  шешімімен  бекітілгеннен  соң,  электронды  нұсқасы  баспа 
орталығына жіберіледі. Кафедраларға таратылады.  
4.9  Білім  алушыларға  құзіретті  көмек  көрсету  үшін  ойластырылған  тұтас  білім  беру 
траекториясын қалыптастыруда эдвайзерлер қызметі қарастырылған. 
4.10  Элективті  пəндерді    таңдауда  білім  алушыларға  оқу  жылына  оқу  траекториясы 
жəне ЖОЖ құруда кафедралар тағайындаған эдвайзерлер көмектеседі.   
4.11  Эдвайзердің жұмысын жүйелеу факультет декандарының тікелей міндетіне кіреді. 
Элективті  пəндер  каталогы  мамандықтарын  кафедралар  келесі  талаптарға  сəйкес 
əзірлеуі тиіс: 
1.  Элективті  пəндер  жалпыға  білім  берудің  мемлекеттік  стандартына  сай  білім 
алушылардың кəсіби құзыреттілік шеберліктің қажеттілігіне сəйкес анықталады. 
2.  Элективті  пəндерді  зерттеу  тəртібі  академиялық  қарым-қатынас  логикасына  жəне 
зерттеу  субъектілерінің  тізбегіне,  яғни  пререквизит  жəне  постреквизиттер  нұсқауымен 
жүзеге асырылады. 
3.  Элективті  пəндер  типтік  оқу  жоспары  циклымен,  пəндердің  қысқаша  мазмұнымен, 
кредиттер саны мен пəндер кодының нұсқауымен ұсынылған. Пəндер каталогының кодтауы 
ҚР  МЖБС  5.05.001-2005  «Жоғары  жəне  жоғары  оқу  орнынан  кейінгі  білім  берудің  оқу 
пəндерінің кодтау жүйесіне» сəйкес жүзеге асырылады. 
 
5  Элективті пəндер каталогының құрылымы 
5.1 Элективті пəндер каталогы келесі құрылымдарға ие: 
-  Мамандықтың типтік оқу жоспары; 
-  Əрбір курстың жеке элективті пəндер тізбесі; 
-  Элективті пəндер сипаттамасы 
5.2  Элективті  пəндер  тізбесі  модуль,  пəндер  коды,  атауы,  кредиттер  саны    мен  оқу 
семестрі нұсқауымен жасалады. (Қосымша В) 
5.3 Элективті пəндер сипаттамасы келесіден тұрады: (Қосымша В) 
-  пəнді оқыту мақсаты; 
-  қысқаша мазмұны; 
-  пəндерді оқытуды күтілетін нəтижелер (білім, біліктілігі, дағдысы мен құзіреттілігі); 
-  пəннің пререквизиті; 
-  пəннің постреквизиті. 
5.4 Элективті пəндер титулдық парақта келесі ақпаратты қамтуы тиіс. (Қосымша А) 
-  Министрлік жəне университет атауы; 
-  Университет  əдістемелік  кеңес  төрағасының  қолы  жəне  хаттама  номері  мен  күні, 
университет ресми мөрі қойылады. 
-  Элективті пəндер каталогы жасалынып жатқан мамандық атауы мен шифры; 
-  Оқыту деңгейі көрсетіледі (бакалавриат немесе магистратура); 

Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті 
 
ҚП-АƏИУ-09-2016 
Сапа менеджменті жүйесі 
Құжатталған процедура 
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы  
 217
 беттің 166-беті 
 
166 
 
-  Жасалып жатқан оқу жылы көрсетіледі. 
5.5. 
Элективті 
пəндер 
каталогын 
əзірлеуде 
Жалпыға 
міндетті 
білім 
беру 
стандарттарының    оқыту  деңгейлеріне  қойылатын  талаптары  ескеріледі.  (Бакалавриат, 
магистратура). 
5.6 Факультет əдістемелік кеңесінде талқыланып жəне ұсынылған күні, хаттама номері 
жəне факультет кеңес төрағасының қолы қойылады. 
5.7 Университеттің оқу-əдістемелік кеңесінде қаралып, бекітіледі. Хаттама номері, күні,  
5.8  Магистратура  бағыты  бойынша  жоғары  оқу  орнынан  кейінгі  білім  бөлімінің 
меңгерушісінің қолы қойылады.   
 
6  Бағалау, талдау жəне жақсарту 
1.1  Оқу  –  əдістемелік  бөлім  осы  ережеге  сəйкес  элективті  пəндер  каталогының 
жасалу дұрыстығын айқындайды. 
1.2  Кафедра  меңгерушілері  элективті  пəндер  каталогына  пəндерді  жаңа  таңдау 
пəндерін қосудың тиімділігін талдайды жəне оны əзірлеу үрдісін бақылайды: 
-  Пəндер мазмұнында оқу материалын көшірмелеуді жояды; 
-  Құзіреттіліктермен  теориялық  білімді,    сабақтас  теориялық  курстар  мен  оқу 
материалдары арасында байланыс орнату; 
-  Басқа  кафедралармен  бекітілген  элективті  пəндер  мамандығының  оқу  материалын 
əзірлеуді бақылайды; 
1.3  Оқу  жылының  аяғында  кафедралар  отырысында  келесі  оқу  жылына  элективті 
пəдерді  əзірлеуді  жақсарту  бағытында  алдыңғы  ЭПК  нəтижелерін  талдауда  түзету 
жұмыстары жүргізіледі. 
1.4  Каталогты  əзірлеуде  жұмыс  тобы  тұтастай  алғанда  ағымдағы  жылдың 
нəтижелерін  талдайды.  Кафедра  меңгерушісі  талдау  нəтижелерін  жылдық  есепке  тіркейді. 
Есеп  кафедра  отырысында  талқыланады жəне талданады.  Ағымдағы жылдың  ЭПК  талдауы 
бойыншаа жалпы есеп университеттің əдістемелік кеңесінде тыңдалады, келесі оқу жылына 
каталогты  жақсарту  қорытындысы  бойынша  шешім  қабылдайды.  Қабылданған  шешімді 
мамандықтарға сəйкес кафедра меңгерушілері жүзеге асырады.  
 
 
 
2.17 СИЛЛАБУСТАРДЫ ƏЗІРЛЕУ ЕРЕЖЕСІ 
1  Жалпы ережелер 
1.1 Силлабустың сəйкестiлігi. 
Силлабусты əзірлеу кезінде ескеріледі: 
- мамандықтың (бағыттың) негізгі/жұмыс оқу жоспары; 
- пəннің оқу/жұмыс бағдарламасы; 
- ҚР БҒМ ОƏБ ұсынған оқулықтар мен оқу құралдарының мазмұны; 
- университеттің материалдық жəне ақпараттық мүмкіндіктері; 
- тиісті пəндік саласындағы жаңаланған жетістіктер. 
1.2 Əзірлеу саласы. 
Силллабус пəннің жұмыс бағдарламалары бойынша əзірленеді. 
1.3 Бiрнеше мамандықтың бір пəні бойынша силлабусты əзірлеу. 
Əртүрлі мамандық білім алушылары үшін бір немесе бiрнеше пəн бойынша силлабусты 
мақсатты  түрде  əзірлеу  пəнді  оқытуды  қамтамасыз  ететін  кафедра  тарапынан  жүзеге 
асырылады.  Бұл  жағдайда  пəнді  зерделеуде  қалыптастырылуы  тиіс  оқыту  нəтижелері  мен 
құзыреттердің бірдей болуы ескеріледі. 

Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті 
 
ҚП-АƏИУ-09-2016 
Сапа менеджменті жүйесі 
Құжатталған процедура 
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы  
 217
 беттің 167-беті 
 
167 
 
1.4 Силлабустың компоненттерi. 
Силлабус  пəннің  жұмыс  бағдарламасының  негiзгi  мазмұнын  сақтаумен,  оның 
мазмұнына  енген  құраушылармен  сабақтастықта  болады.  Білім  алушы  үшін  керек  емес 
материалдар қамтылмайды. 
1.5 Оқыту түрлерi үшiн силлабус. 
Силлабус күндізгі, сыртқы оқу формалары үшiн бөлек жасалады. 
1.6 Мазмұндау реттілігі. 
Силлабусты  əзірлеу  кезінде  пəннің  жұмыс  бағдарламасындағы  (күнтізбелік-
тақырыптық жоспардағы) сұрақтардың мазмұндалу тiзбегi сабақтастығын сақтайды. 
 
2 Силлабустың құрылымы мен мазмұны 
2.1  Пəн  силлабусы  ПОƏК  құраушы  компоненті  жəне  дербес  оқу-əдістемелік  құжат 
болып табылады. Пəн силлабусының құрылымы келесi бөлiмдер мен құраушылардан тұрады: 
1. Кіріспе.  
2.Білім алушылардың пəнді игеру барысындағы пререквизиттер мен  постреквизиттер 
3.Модульдің сипаттамасы  
4.Қысқаша ұйымдастыру əдістемелік сипаттама 
5.Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүйесі 
6. Ұсынылған əдебиеттер тізімі  
Кіріспе де пəннің (курстың) мақсаты мен міндеттері,  білім бағдарламасындағы пəннің 
орны толтырады. 
Білім  алушылардың  пəнді  игеру  барысындағы  пререквизиттер мен   постреквизиттер – 
осы пəнді игеру кезінде қажет болатын алдыңғы пəндер жəне пəнді тəмамдау бойынша кейін 
өтілетін пəндермен барлық іс-тəжірибе түрлері кіреді.  
Модульдің  сипаттамада  қысқа  мазмұнды  тақырыптар,  семинар  жəне  зертханалық 
практикалық 
сабақтардың 
жоспары, 
курстық 
жұмыстар, 
студенттердің 
өзіндік 
жұмыстарының  тақырыптары  мен  сұрақтары, тапсырмаларды  орындау  жəне  өткізу  уақыты, 
сағаты толтырылады.  
Қысқаша  ұйымдастыру  əдістемелік  сипаттамада  оқытудың  негізгі  түрлері  мен  əдістері 
жəне оқу нəтижелерін бақылау, оқытушы талаптары, курс саясаты мен үрдістері көрсетіледі. 
Білім  алушылардың  оқу  жетістіктерін  бағалау  жүйесінде  əріптік  жүйе  бойынша, 
бағалау,  балдық,  сандық  көрсеткіш,  пайыздық  көрсеткіш,  дəстүрлі  жүйе  бойынша  бағалау 
түрлері жүргізіледі.  
Ұсынылған əдебиеттер тізімінде негізгі, қосымша оқу-əдістемелік, ғылыми əдебиеттер 
мен wев сайттар тізімі беріледі. 
 
3.Силлабусты əзірлеу жəне бекiту тəртібi 
3.1 Пəн бойынша силлабусты жетекші оқытушы əзірлейді жəне ол оқытуды қамтамасыз 
ететін кафедра мəжiлiсінде талқыланады. 
3.2  Силлабус  пəн  оқытылатын  факультеттің  оқу-əдістемелік  кеңесін  қарап, 
мақұлдағаннан кейін факультет деканымен бекітіледі. 
3.3  Силлабус  ПЖБ  жетілдіру  жағдайында  жəне  (немесе)  мамандықтың  негізгі  оқу 
жоспарын қайта өңдеу (өзгерту) кезінде қайта қарастырылады жəне əр оқу жылы үшін қайта 
əзірленеді. 
3.4  Пəн бойынша силлабустың бiрiншi данасы кафедрадағы ПОƏК сақталады. Екiншi 
данасы – оқытушының пəн бойынша оқу-əдістемелік материалдары құрамында болады жəне 
білім алушыларға көшірмелері мен электронды нұсқасы беріледі. 
3.5  Дайындалған  силлабустың  мазмұнына  жəне  талаптардың  орындалуына  оны 
дайындаған  пəн оқытушы жауапты. 

Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті 
 
ҚП-АƏИУ-09-2016 
Сапа менеджменті жүйесі 
Құжатталған процедура 
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы  
 217
 беттің 168-беті 
 
168 
 
 
2.18 
ЛЕКЦИЯ, 
ПРАКТИКАЛЫҚ 
(СЕМИНАР), 
ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ 
САБАҚТАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ МЕН ӨТКІЗУ ЕРЕЖЕСІ 
 
1  Жалпы ережелер 
1.1 Лекцияға қатысты жалпы ережелер 
1.1.1  Лекция  университетте  оқу  жұмыстарын  ұйымдастырудың  жəне  оқытудың  басты 
формаларының бірі болып табылады. 
1.1.2  Кез  келген  лекцияның  жалпы  құрылымдық  өзегі  -  тақырыпты  дұрыс  қою, 
мақсатын  анықтау,  мазмұнын  жоспарлау,  лекция  жоспарына  өз  бетінше  жұмыс  істеуге 
арналған əдебиеттерді ұсыну, берілген жоспарды лекция барысында қатаң сақтау. 
1.1.3  Университетте  лекция  (дəріс)  мен  практикалық  (семинар),  лабораториялық 
(зертханалық),  студиялық  сабақтар,  білім  алушының  өзіндік  жұмысы,  оқытушының 
басшылығымен  орындайтын  білім  алушының  өзіндік  жұмысы  арасындағы  кредиттер 
көлемінің арақатынасы мамандықтардың оқу жоспарына сəйкес айқындалады. 
1.1.4  Лекция  оқуға  жəне/немесе  басқа  оқу  сабақтарының  түрлерін  өткізуге  ғылыми 
қызметкерлер,  еңбегі  сіңген  мəдениет,  өнер,  спорт  қайраткерлері  немесе  мамандық  бейіні 
бойынша  кемінде  5  жыл  практикалық  тəжірибесі  бар  тəжірибелі  мамандар  да  тартылуы 
мүмкін. 
1.2 Практикалық жəне семинар сабақтарына қатысты жалпы ережелер 
1.2.1  Практикалық  жəне  семинар  сабақтары  пəн  бойынша  білім  алушының  оқу 
жұмысының басты түрі болып табылады жəне мамандықтың оқу жоспарында қарастырылған 
кредиттер (сағаттар) мөлшерінде орындалады. 
1.2.2  Практикалық  жəне  семинар  сабақтардың  мақсаттары  –  білім  алушылардың 
танымдық қабiлеттерін, дербес ойлауын жəне шығармашылық белсендiлiгiн дамыту. 
1.2.3 Практикалық жəне семинар сабақтардың міндеттері: 
- оқу пəнi бiлiмдерiн бекiту, тереңдету жəне кеңейту; 
-  оқу  пəнiнiң  теориялық  қағидалары  мен  тұжырымдарын  талдау/саралау  əдiстерiне 
баулу/үйрету; 
-  нақты  практикалық  тапсырмаларды  шешуде  заманауи  теориялық  жəне  ғылыми-
техникалық əдістер мен құрылғыларды пайдалану іскерліктері мен дағдыларын меңгерту;  
-  оқу  пəнiнiң  нақты  тақырыбы  бойынша  əдебиет  көздерін  зерделеу/оқып  үйрету  жəне 
талдау/талдату. 
1.3 Лабораториялық сабаққа қатысты ережелер 
1.3.1 Лабораториялық сабақ пəн бойынша білім алушының оқу жұмысының басты түрі 
болып  табылады  жəне  мамандық  оқу  жоспарында  қарастырылған  уақыт  мөлшерінде 
орындалады. 
1.3.2  Лабораториялық  сабақтардың  мақсаттары  –  нақты  практикалық  тапсырмаларды 
орындау  үдерісінде  білімдерді  тереңдету  жəне  кеңейту,  білім  алушылардың  белсенділігін 
жəне 
өзбетінше 
жұмыс 
жасауын 
дамыту, 
техникалық 
құралдарды 
пайдалану, 
қондырғыларды,  конструкцияларды  қолдану  дағдыларын  жəне  эксперимент  нəтижелерінде 
алғандарын талдау іскерліктерін меңгерту. 
1.3.3  Лабораториялық  жұмыстар  оқу  пəні  қалыптастыруы  тиіс  оқыту  нəтижелері  мен 
құзыреттерге бағдарланады. 
2  Лекция материалдарын дайындауға жəне оқуға қойылатын талаптар 
2.1  Лекция  мазмұны  Болон  үдерісіне  негізделген  білім  беру  нəтижелерін 
қалыптастыруға бағытталуы тиіс. 
Лекция  құзыреттерді  құраушы  -  білімдік  құраушыларды  (білу,  түсіну,  қолдану,  талдау, 
жинақтау, бағалау) білім алушыларда пəн бойынша қалыптастыруды, сондай-ақ  іс-əрекеттік 

Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті 
 
ҚП-АƏИУ-09-2016 
Сапа менеджменті жүйесі 
Құжатталған процедура 
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы  
 217
 беттің 169-беті 
 
169 
 
(орындай  алу),  құндылық  (сарапшылық)  құраушылардың  бағдарлы  даярлығын  қамтамасыз 
етуі тиіс. 
2.2 Лекция материалдарын дайындау жəне жүргізу барысында төмендегідей ережелерді 
басшылыққа алу қажет: 
- лекция баяндалатын/мазмұндалатын пəн бойынша негізгі ұғымдарды беруі жəне оны 
қандай бағытта терең зерделеуді көрсетуі қажет; 
-  лекция  аталған  курстың  негізгі  сұрақтарын,  негізгі  принциптерін  белгілі  ғылыми 
реттілікте қамтуы қажет, бұл оны артық, ұсақ мəселелерден ажыратады; 
-  лектор  ғылымның  теориялық  қағидаларын  практикамен  байланыстыруы,  теория  мен 
практиканың ажырамас, ғылымның өмірмен байланысын əдістемелік дұрыс көрсетуі қажет; 
-  лектор  білім  алушыларда  ғылыми ойлауды  қалыптастыруды  қабілетті  етумен,  өзімен 
тыңдаушыларды/білім алушыларды ілестіруі қажет. 
2.3  Əрбір  курс  бойынша  лекция  жоспары  немесе  конспектісі  əзірленуі  қажет  жəне  ол 
жыл  сайын  кафедраның  мəжілісінде  талқылануы  тиіс.  Сонымен  қатар,  пəннің  жұмыс 
бағдарламасында  көрсетілген,  сондай-ақ  практикалық  жəне  лабораториялық  сабақтардағы 
сұрақтарды қамтуы қажет. Лектордың жанды дауысы мен сөйлеуінің жоғары мəдениеті білім 
алушының  лекцияға  қызығушылығын  тудыруы  мүмкін,  ал  лекция  конспектісі  лекторға  тек 
анықтамалық материал қызметін атқаруы тиіс. 
2.4  Лектор  кіріспе  жəне  қорытынды  лекцияны  əзірлеуі  қажет.  Кіріспе  лекцияда  білім 
алушылардан  ойлау  ынтасын  талап  ететін,  тіптен  жаңа  білімдер  хабарланады.  Қорытынды 
лекцияда  аталған  пəн  бойынша  сабақтарда  алынған,  барлық  ғылыми  жəне  əдіснамалық 
дайындықтың  негізіндегі  түйінді  мəселелерді  қамтумен  курсты  ғылыми  талдап  қорыту 
берілуі қажет. 
2.5 Лекцияның негізгі сипаттамалары: 
-  ғылымилығы,  қатаң  дəлелділігі:  аталған  (оқытылатын)  ғылым  саласының 
проблемалық жəне пікір талас тудыратын сұрақтарын қамтуы; 
- мазмұнының əдістемелік дұрыс тұрғызылуы жəне тақырыптың ұтымды мазмұндалуы 
(мазмұндалатын  сұрақтарға  лектордың  білім  деңгейінің  сəйкестігі,  күрделі  дəлелдемелерді 
сəйкесінше  өз  сөзімен  айтуы,  күрделі  үдерістерді  жазу  кезінде  олардың  математикалық 
моделін  пайдалануы,  ілгеріде  мазмұндалған  материалдарды  қатыстыруы,  едəуір  басты  жəне 
қиын меңгерілетін  сəттерді  бөліп  алуы,  қорытынды шығару  кезінде  шектеу  мен  жіберілетін 
қателіктерді негіздеуі, сөйлемдегі ойды өз сөзімен айтуында бір мағыналы болуы); 
-  лекция  материалдарының  мамандық  саласымен  байланысы,  бейіндік  ғылымды 
дамытуды терең түсіну үшін лекцияда қарастырылатын қағидалардың дүниетанымдық жəне 
əдіснамалық мəнін негіздеуі; 
-  лекция  өзіндік  жұмыста  тереңдетуге  қызығушылықты  тудыруы  қажет,  тек  оқу  ғана 
емес, сонымен қатар, монографиялық жəне журналдарды оқуға білім алушыларды бағыттауы 
қажет; 
-  мазмұнның  мəселені  қамтуы  (лекция  мазмұны  негізгі  мəселені  айқындауды  қамтуы), 
лекция  жоспарына  сəйкестікте  оны  ашудың  логикасын  негіздеуі,  жоспардың  жекелеген 
тармақтары  нақты  проблемалық  жағдаяттарды  қамтуы,  оларды  шешу  мен  дəлелдеу 
тəсілдерін анықтауы. 
Проблемалық  əдістің  түсіндіру  əдісімен  оңтайлы  үйлесуі,  білім  алушылардың 
жұмылдырушылығын жəне олардың шығармашылық ойлауын белсенді етеді. 
Лекция мəтіні/тезисі білім алушылардың дайындығын қамтамасыз ету үшін алдын ала 
беріледі. 
Каталог: files -> Docs
Docs -> Қазақстан республикасы білім жҽне ғылым министрлігі қ. ЖҦбанов атындағЫ
Docs -> Бағдарламасы бойынша шығарылды Редакция алқасы: Т. Кəкішев, Ө. Əбдіманұлы, А. Қыраубаев
Docs -> Сабақ беру қызмет ұйғарылады;мәдени-ағарту; лекциялар оқу, өнер жөнінде әңгіме өткізу, мұражай
Docs -> А. Нұрмағамбетовтың Жоғары білім беру көшбасшыларының 2014 Еуразиялық
Docs -> Образовательная программа основного общего образования
Docs -> Педагогтың ҥздіксіз білім беру жҥйесіндегі кәсіптік қалыптасуы мен дамуы
Docs -> Сборник содержит материалы избранных докладов участников международной
Docs -> Халықаралық электронды ғылыми конференция материалдары
Docs -> 5В011900Шетел тілі: екі шетел тілі Академиялық дәрежесі: 5В011900 Шетел тілі: екі шетел тілі мамандығы бойынша білім бакалавры Сипаттама
Docs -> Бағдарламасы бойынша шығарылып отыр Редакция алқасы

жүктеу 9.9 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   32




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет