Қп-аəиу-09-2016 Сапа менеджменті жүйесі Құжатталған процедура Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы 217 беттің 1-беті 1



жүктеу 9.9 Kb.
Pdf просмотр
бет24/32
Дата28.04.2017
өлшемі9.9 Kb.
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   32

 
 
 
2.13 МАГИСТРЛІК ДИССЕРТАЦИЯНЫ ПЛАГИАТҚА ТЕКСЕРУ ЕРЕЖЕСІ 
 
1  Жалпы ереже  
1.1  Осы  «Магистрлік  диссертацияны  плагиатқа  тексеру  ережесі»  Қазақстан 
Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген Жоғары 
оқу  орнынан  кейінгі  білім  берудің  мемлекеттік  жалпыға  міндетті  стандартының      86 
тармағының  талабына  сай,  университеттің  білім  беру  қызметінің  сапасын  басқаруын  ары 
қарай  дамыту  жəне  ілгерілендіру,  жауапкершілікті  жəне  магистранттардың  аналитикалық 
жұмыстарына  дайындық  дəрежесін  күшейту  мақсатында  əзірленді  жəне  магистрлік 
диссертация  үшін  міндетті  түрде  өткізілетін  плагиатқа  тексеру  жұмыстарының  қағидалары 
мен тəртібін анықтайды. 
1.2 Осында мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады: 
  магистрлік  диссертация  –  тиiстi  ғылым  саласының  нақты  мамандығының  өзекті 
проблемаларының  бірін  магистранттың  өз  бетінше  ғылыми  зерттеуінің  нəтижелерін 
жинақтау болып табылатын бітіру жұмысы. 
  плагиат – өзге адамның жазбаша мəтіндері пайдаланылған кезде автордың есімі мен 
қай деректен алынғаны көрсетілмеген жəне де пайдаланылған мəтін ауқымының көлемі мен 
пайдалану сипатына күмəн келтіретін мəтіндер. 
  Парафраза (плагиаттың  түрі)  –  өзге  адамның  ойлары  мен  сөздерін  өз  сөздерімен 
қайта айту. 
  Компиляция – қайнар көздерін өзіндік өндеместен өзгелердің зерттеулерін жинақтау 
жəне осы тəсілмен жасалған жұмыс. 
Осында берілмеген терминдер мен анықтамалар Қазақстан Республикасының ағымдағы 
заңнамасындағы терминдер мен анықтамалармен анықталады. 
 
2  Магистрлік  диссертацияларды  плагиатқа  тексеруді  жүргізетін  сараптама 
комиссиясы 
2.1  Ғылыми  жетекші    зерттеу  мəселелері  бойынша  кеңес  береді,  жеке  жоспардың 
орындалуын  қадағалайды  жəне  магистрлік  диссертацияда  зерттеу  жұмыстарының 

Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті 
 
ҚП-АƏИУ-09-2016 
Сапа менеджменті жүйесі 
Құжатталған процедура 
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы  
 217
 беттің 157-беті 
 
157 
 
жүргізілуіне,  сапасына  жəне  уақытылы  орындалуына  жəне  онда  плагиаттың  жоқтығына 
жауапты. 
2.2  Магистрлік  диссертацияларды  плагиатқа  тексеру  жұмыстарын  өткізу  үшін 
университетте сараптама комиссия құрылады. 
2.3 Сараптама комиссия төрағасының бітіруші магистранттың саласы бойынша ғылыми 
дəрежесі не ғылыми атағы болуы тиіс. 
2.4 Сараптама комиссия құрамы кем дегенде үш мүшеден құралады.   
2.5  Сараптама  комиссия  мақсаты  –  магистрлік  диссертацияда  плагиаттың  бар-жоғын, 
бұрын  жарық  көрген  ғылыми  еңбектердің  мəтіндерінің  дұрыс  пайдаланылуын  талдау 
анықтау. 
2.6.  6М11900-Шетел  тілі:  екі  шетел  тілі  мамандығының  магистрлік  диссертация 
жұмыстары    ғылыми  кеңес  шешімімен  құралған  шетел  тілі  мамандарының  сараптау 
комиссиясының тексеру қорытындысы бойынша анықталады. 
 
3 Магистрлік диссертацияларды плагиатқа тексеру тəртібі 
3.1  Магистрант  магистрлік  диссертацияда  пайдаланылып  отырған  өзге  адамның 
жазбаша  мəтіндері,  нысаналы  мақсатына  сай,  авторының  есiмiн  жəне  қай  деректен 
алынғаны  мiндеттi  түрде  көрсете  отырып,  диссертацияның  ғылыми,  зерттеу,  пiкiрталас, 
сыни жəне ақпараттық мақсатына қолданыла алынады. 
3.2  Барлық магистрлік диссертацияларға плагиатқа тексеру жүргізілуі тиіс. 
3.3  Егер  магистрлік  диссертацияда  пайдаланылып  отырған  өзге  адамның  жазбаша 
мəтіндері  осы  Ереженің  3.1  тармағында  берілген  талаптарға  жауап  бермесе  жəне  осы 
пайдаланылған  мəтін  ауқымының  көлемі  мен  осында  қарастырылып  отырған  өзекті 
проблемасын  ашу  мақсатынан  ауытқи  пайдаланылса,  ондай  магистрлік  диссертацияда 
плагиатты мəтіні бар деп танылады. 
3.4  Магистрант  бір  айдан  кешіктірмейтін  мерзімде  сараптама  комиссиясына  ғылыми 
жетекшісінің  плагиат  өткізуіне  қарсылығы  жоқ  екені  туралы  рəсімделген  қолы  бар 
магистрлік диссертациясын өткізеді. 
3.5  Магистрант диссертацияның тексеруге мерзімінде ұсынылуына жауапты. 
3.6  Плагиатқа тексеру жүргізу үшін университеттің мұрағатындағы ғылыми еңбектерді 
жəне  келісім  негізінде  өзге  мекемелердің  ғылыми мұрағаттарындағы,    ашық  қолданымдағы 
электронды нысандағы мұрағаттарды пайдаланылады. 
3.7  Тексеру  бойынша  магистрлік  диссертацияны  магистранттың  өзіндік  орындау 
дəрежесіне сай  қорытынды беріледі. 
3.8  Магистрлік  диссертацияда  плагиат  анықталған  жағдайда,  пайдаланылған  еңбектің 
қайнар  көзіне  сілтеме  жасай  отырып,  оның  плагиаттығы  туралы  сипаттама  беру  керек. 
Мұндай қорытынды магистрлік диссертацияны қорғауға жібермеуге негіз болып табылады. 
3.9   Егер  магистрлік  диссертацияда  плагиаттық  анықталмаса,  онда  осы  туралы 
қорытындыға  «плагиат  анықталмады,  барлық  пайдаланылған  өзге  адамдардың  жазбаша 
мəтіндері  нысаналы  мақсатына  сай,  авторды  есімі  жəне  қай  деректен  алынғаны  көрсетіле 
отыра пайдаланған»  деп жазылу тиіс. 
3.10  Магистрантқа  сараптама  комиссиясының  қорытындысы  бойынша  магистрантты 
диссертациясын қорғауға жіберу туралы анықтама дайындалады. 
3.11  Магистрлік диссертацияны плагиатқа тексеру жұмыстарын жүргізу кезінде ақылы 
қызметтер мен барлық өзге шығындар магистранттың есебінен жүргізіледі. 
3.12  Магистрант өткізілген тексеру қорытындысымен танысуға құқылы. 
 Магистрлік  диссертацияға  плагиатқа  тексеру  жүргізілгені  туралы  сараптама 
комиссияның қорытындысынсыз магистрлік диссертация қорғауға жіберілмейді. 
 
 

Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті 
 
ҚП-АƏИУ-09-2016 
Сапа менеджменті жүйесі 
Құжатталған процедура 
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы  
 217
 беттің 158-беті 
 
158 
 
2.14  МАМАНДЫҚТАР  МЕН  ПƏНДЕРДІҢ  ОҚУ-ƏДІСТЕМЕЛІК  КЕШЕН-
ДЕРІНІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ 
 
1 Жалпы ережелер 
1.1 Бұл ереже ҚР БҒМ жəне Үкіметінің жоғары кəсіби білім беруге қатысты бекітілген 
нормативтік  құжаттарына,  университеттің  оқу-əдістемелік  құжаттары  талаптарына  сəйкес 
əзірленген. 
   1.2  Ереже  нақты  мамандық  бойынша  жоғарғы  кəсіби  білімнің  негізгі  білім  беру 
бағдарламасын жүзеге асыру бойынша жалпы ережелерді белгілейтін негізгі құжат болып 
табылады. 
         1.3 Оқу-əдістелік кешен құжаттары ҚП АƏИУ-08-2014 сəйкес рəсімделеді.  
1.4  ПҮБ,  ПЖБ,  силлабустар;  күнтізбелік  тақырыптық  жоспарлар;  оқу  жұмыстарын 
ұйымдастыру  бойынша  (лекция,  практикалық  (семинар),  лабораториялық  сабақтар) 
əдістемелік  нұсқаулары;  курстық  жұмыстарға  (жобаларға)  əдістемелік  нұсқаулар;  СӨЖ 
(ОСӨЖ)  ұйымдастыру  бойынша  əдістемелік  нұсқаулар;  кəсіби  іс-тəжірибелерінің 
бағдарламалары,  тəжірибе  базасы  туралы  келісімдер;  мемлекеттік  жəне  ағымдық 
емтихандардың  бақылау  сұрақтары,  тесттік  тапсырмалар;    кітапханалық  қор  туралы 
мəліметтер,  дипломдық  жұмыстың  (жобалаудың)  əдістемелік  нұсқаулары  кафедралардың  іс-
құжаттары папкісінде сақталады.  
2 Талаптар 
2.1 МОƏК құрылымы: 
Мамандықтың ОƏК келесі құжаттарды қамтуы тиіс: 
- Мамандық пен оның бағыты бойынша МЖМБС; 
- мамандық бағыты бойынша білім беру бағдарламалары (МББББ; 
- оқу жоспары (ҮОЖ, НОЖ); 
-  элективті пəндер каталогі; 
- мамандық пəндерінің оқу-əдістемелік қамтамасыз етілу картасы; 
- тəжірибелерді ұйымдастыру мен  өткізуге əдістемелік нұсқаулар; 
- дипломдық жұмысты (жобаны) əзірлеу мен рəсімдеуге əдістемелік нұсқаулар; 
- білім алушыларды мемлекеттік қорытынды аттестаттау бағдарламалары. 
2.2 ПОƏК құрылымы 
Пəндердің ОƏК келесі құжаттарды қамтуы тиіс: 
- ПҮБ (егер пəн міндетті компоненттен болса); 
- білім алушы үшін пəн бойынша оқыту бағдарламасы (Syllabus); 
- пəннің оқу-əдістемелік қамтамасыз етілуі картасы; 
-  лекция  кешені  (лекция  тезисі,  иллюстративтік  жəне  таратылым  материалдар; 
қолданылған əдебиеттердің тізімі); 
- практикалық жəне семинар сабақтар бойынша əдістемелік нұсқаулар; 
- СӨЖ (ОСӨЖ) бойынша материалдар жəне оны ұйымдастыру бойынша нұсқаулықтар; 
- курстық жобалар (жұмыстар) бойынша əдістемелік нұсқаулар; 
-  білім  алушылардың  оқу  жетістіктерін  бақылау  жəне  бағалау  бойынша  материалдары 
(жазбаша  бақылау  тапсырмалары,  тестілеу  тапсырмалары,  өзіндік  даярлығы  үшін  сұрақтар 
тізбесі, емтихандық билеттер жəне т.б.); 
- мамандандырылған дəрісханалар мен зертханалардың тізбесі. 
2.3  МОƏК  құжаттарының  мазмұны  мен  оны  əзірлеу  жəне  бекіту  тəртібіне  қойылатын 
талаптар. 
2.3.1  Мамандық  пен  оның  бағыты  бойынша  МЖМБС  ҚР  БҒМ  тарапынан  бекітіледі 
жəне МОƏК құжаттары үшін негіз болып табылады. 
2.3.2  ПС  құзыреттерге  негізделген  білім  беру  бағдарламаларына  басымдық  беру  мен 
оларды оқыту нəтижелеріне бағдарлау мен конструкциялау мақсатында мамандықты бітіруші 

Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті 
 
ҚП-АƏИУ-09-2016 
Сапа менеджменті жүйесі 
Құжатталған процедура 
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы  
 217
 беттің 159-беті 
 
159 
 
кафедралар  дайындайды  жəне  кафедра  мəжілісінде,  факультеттің  оқу-əдістемелік  кеңесінде 
талқыланады, университет Ғылыми кеңесінде бекітіледі. 
2.3.3  Мамандықтар  бойынша  модульдер  (пəндер)  каталогін  мамандықты  даярлаушы 
кафедралар  əзірлейді.  Модульдер  (пəндер)  каталогін  əзірлеу  жəне  рəсімдеу  Ф-УК-01/065-ке 
сəйкес жүзеге асырылады. 
2.3.4  Мамандықтың  оқу  жоспарларына  сəйкес  пəндерді  оқытатын  кафедралар  (ПОҚ) 
пəндердің оқу-əдістемелік қамтамасыз етілуі  картасын əзірлейді. Мамандық пəндерінің оқу-
əдістемелік  қамтамасыз  етілу  картасын  Ф-УК-01/040-қа  сəйкес  кафедра  меңгерушісі 
толтырады. 
2.3.5  Мамандық  бойынша  тəжірибенің  түрлеріне  байланысты  бағдарламалар  мен  оны 
ұйымдастыру  жəне  өткізудің  əдістемелік  нұсқауларын  кафедралар  дайындайды.  Кəсіби  іс-
тəжірибенің құжаттарын əзірлеу жəне рəсімдеу Ф-УК-01/015-ке сəйкес жүзеге асырылады. 
2.3.6  Мамандық  бойынша  диплом  жұмысы  (жоба)  орындалуы  бойынша  əдістемелік 
нұсқауларды  бітіртуші  кафедра  əзірлейді.  Диплом  жұмысын  (жобаны)  жазуға  қатысты 
құжаттар əзірлеу жəне рəсімдеу Ф-УК-01/044-ке сəйкес жүзеге асырылады. 
2.3.7  Білім  беру  бағдарламаларын  толық  орындаған  білім  алушыларды  мемлекеттік 
қорытынды  аттестаттау  бойынша  əдістемелік  нұсқаулығын  кафедра  əзірлейді.  Білім 
алушыларды мемлекеттік қорытынды аттестаттау бойынша əдістемелік нұсқауларды əзірлеу 
жəне рəсімдеу Ф-УК-01/048-ге сəйкес жүзеге асырылады. 
2.4  ПОƏК  құжаттарының  мазмұны  мен  оны  əзірлеу  жəне  бекіту  тəртібіне  қойылатын 
талаптар. 
2.4.1    ПҮБ  мамандықтың  МЖМБС  əзірлеген  ЖОО  əзірлейді  жəне  бекітеді. 
Университетте дайындалатын мамандықтардың оқу жоспарына енгізілетін міндетті емес оқу 
пəні  үшін  (пəн  міндетті  компонент  болмаған  жағдайда)  оқу  бағдарламасын  пəнді  оқытатын 
кафедра əзірлейді. Оқу бағдарламасын рəсімдеу Ф-УК-01/017-ге сəйкес жүзеге асырылады. 
2.4.2  Оқу  жоспарына  сəйкес  МОЖБ  пəнді  оқытатын  кафедра  əзірлейді.  Күнтізбелік-
тақырыптық  жоспар  МОЖБ  өзгермелі  бөлігі  болып  табылады  жəне  оны  оқу  семестрінің 
басында пəнді оқытатын оқытушы дайындайды. ПЖБ əзірлеу жəне рəсімдеу Ф-УК-01/064-ке 
сəйкес  жүзеге  асырылады.  Күнтізбелік-тақырыптық  жоспар  жұмыс  оқу  бағдарламасының 
ауыспалы бөлігі болып табылады жəне оны лектор əзірлейді. 
2.4.3  Пəндерді  зерделеу  үшін  білім  алушыларға  оқыту  бағдарламасын (Syllabus)  пəнді 
оқытатын  оқытушы  əзірлейді.  Силлабусты  əзірлеу  жəне  рəсімдеу  Ф-УК-01/063-ке  сəйкес 
жүзеге асырылады. 
2.4.4  Оқу  жоспарына  сəйкес  əрбір  пəннің  оқу-əдістемелік  қамтамасыз  етілу  картасын 
пəнді  оқытатын  оқытушы  əзірлейді.  Пəннің  оқу-əдістемелік  қамтамасыз  етілу  картасын 
əзірлеу жəне рəсімдеу Ф-УК-01/040-қа сəйкес жүзеге асырылады. 
2.4.5 Пəндер бойынша лекция кешенін (лекция тезисі, иллюстративтік жəне таратылым 
материалдар; қолданылған əдебиеттердің тізімі) пəнді оқытатын лектор дайындайды. Лекция 
кешенін əзірлеу жəне рəсімдеу Ф-УК-01/042-ге сəйкес жүзеге асырылады. 
2.4.6  Пəндер  бойынша  практикалық  жəне  семинар  сабақтардың  жоспарын  пəнді 
оқытатын  оқытушы  лектормен  бірге  əзірлейді.  Практикалық  жəне  семинар  сабақтардың 
жоспарына  сəйкес оқу  жұмысын  ұйымдастыру  мен  өткізуге  қатысты  нұсқауды  əзірлеу  жəне 
рəсімдеу Ф-УК-01/041-ге сəйкес жүзеге асырылады. 
2.4.7  Мамандық  оқу  жоспарына  сəйкес  курстық  жобалар  (жұмыстар)  бойынша 
əдістемелік  нұсқауларды  пəн  ерекшеліктеріне  байланысты  кафедра  меңгерушісі  жəне 
жетекші  ПОҚ  дайындайды.  Курстық  жобаларды  (жұмыстарды)  орындау  бойынша 
əдістемелік нұсқауларды əзірлеу жəне рəсімдеу Ф-УК-01/047-ге сəйкес жүзеге асырылады. 
2.4.8  Мамандық  пəндері  бойынша  СӨЖ  (ОСӨЖ)  бойынша  материалдарды  кафедра 
оқытушылары құрастырады. СӨЖ, ОСӨЖ ұйымдастыру бойынша нұсқаулықтарды кафедра 
əзірлейді (Ф-УК-01/043). 

Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті 
 
ҚП-АƏИУ-09-2016 
Сапа менеджменті жүйесі 
Құжатталған процедура 
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы  
 217
 беттің 160-беті 
 
160 
 
2.4.10 Əрбір пəн бойынша білім алушылардың оқу жетістіктерін бақылау жəне бағалау 
бойынша  материалдарды  (жазбаша  бақылау  тапсырмалары,  тесттік  тапсырмалар,  өзіндік 
даярлығы  үшін  сұрақтар  тізбесі,  емтихан  билеттері  жəне  т.б.)  оқытушы  əзірлейді.  Емтихан 
билеттерінің сұрақтары қалыптастырылатын оқыту нəтижелерін айқындауға бағытталады. 
Жыл  сайын  барлық  пəндер  бойынша  оқу-əдістемелік  кешендер,  силлабустарды  қоса 
алғанда  толығымен  қайта  қаралып  элективті  пəндер  бойынша  жұмыс  берушілердің  пікірін 
ескере отырып жаңа пəннің оқу-əдістемелік кешендері құрастырылады. 
Осы  ережеге  сəйкес  пəннің  оқу-əдістемелік  кешені  міндетті  компоненттер  мазмұны 
пəннің  ерекшелігіне,  ғылым,  экономика  жəне  мəдени  өмірдегі  өзгерістерге  байланысты, 
сонымен  қатар  тарихи  оқиғаларға  сəйкес  5-10%    өзгеруі  мүмкін.  Ал  Қазақстан  тарихы 
бойынша  ПОƏК  20%  дейін  жаңартылады.  Осыған  байланысты,  2014-2015  оқу  жылынан 
бакалавриат мамандығы бойынша оқу жұмыс бағдарламалары оқытудың модульдік жүйесіне 
ауысуына байланысты ПОƏК формасы 40-50% жаңартылды. 
 
 
 
2.15 МАМАНДЫҚТЫҢ НЕГІЗГІ ОҚУ ЖОСПАРЫН ДАЙЫНДАУ 
 
1 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 
1.1  Бакалавриат  бойынша  білім  бағдарламасы  теориялық  оқытудың  жалпы  еңбек 
сыйымдылығы  оқытылатын  оқу  пəндерінің  тізбесімен  анықталады  -  129  кредиттің  (бір 
семестрде 18/19 кредит) есебінен əзірленеді. НОЖ мына бөлімдерден тұрады:  
1. теориялық оқу;  
2. тəжірибе; 
3. оқытудың қосымша түрі;  
4. қорытынды аттестаттау.   
 - Бакалаврларды даярлау  бойынша жекелеген мамандықтардың ерекшеліктеріне қарай 
(жоғары 
арнаулы 
білім 
беру 
бағдарламаларын 
қоса 
алғанда)  оқыту 
үдерісінің 
аяқталғандығының негізгі өлшемі ретінде  «өнер» тобы бойынша студент теориялық оқудың 
160-180 кредитіне (бір семестрде 22 кредит) дейін меңгеруі мүмкін. 
-  Сонымен  қатар,  ЖОО  іске  асырылатын    білім  беру  бағдарламаларының 
ерекшеліктеріне қарай игеруге қажетті кредиттер көлемін арттыра алады.  
Құзыреттерге  негізделген  білім  беру  бағдарламасын  құраушы  компонент  негізгі  оқу 
жоспарын    əзірлеуде  мамандық  бойынша  анықталған  құзыреттер  (Европалық  жоғары  білім 
беру  тəжірибилеріне,  жұмыс  берушілердің  ұсыныстарына,  бітірушілердің  тілегіне  сəйкес) 
назарға 
алынады. 
Болашақ 
маманның 
жалпымəдени 
жəне 
кəсіби 
құзыреттерін 
қалыптастыруға  бағытталған  модульдер  (пəндер)  «Жоғары  білім  берудің  мемлекеттік 
жалпыға міндетті стандарты. Жалпы ережелерге», мамандық бойынша  Республикалық оқу-
əдістемелік кеңес шешімдеріне сəйкес енгізілуі мүмкін.   
4.2  Теориялық  оқудың  129  кредиті  –  мемлекеттік  міндетті  модульден  (8  кредит:  
«Қазақстан  тарихы»  (3  кредит),  «Философия»  (3  кредит),  «Құқық  негіздері»    (2  кредит); 
Тілдік дайындық  модульден (16 кредит: «Шетел тілі» (6 кредит), «Қазақ (орыс)» (6 кредит), 
«Кəсіби  қазақ  (орыс)  тілі»  (2  кредит),  «Кəсіби  бағытталған  шетел  тілі»  (2  кредит); 
жаратылыстану-ғылыми жəне компьютерлік дайындық модулі  (7 кредит) «Информатика» (3 
кредит),  «Экология  жəне  тұрақты  даму»  (2  кредит),  «Тіршілік  қауіпсіздігі  негіздері»(2), 
Əлеуметтік  жəне  экономикалық  дайындық  модулі  6  кредит  «Əлеуметтану»  (2  кредит), 
«Саясаттану» (2 кредит), «Экономикалық теория негіздері» (2 кредит). 

Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті 
 
ҚП-АƏИУ-09-2016 
Сапа менеджменті жүйесі 
Құжатталған процедура 
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы  
 217
 беттің 161-беті 
 
161 
 
 -  Біліктілік  шеңберінен  шығатын  таңдау  бойынша  модульге  «Діни  сауаттылық  жəне 
жемқорлыққа  қарсы  күрес  негіздері»  модульі  5  кредит,  «Дінтану»  (2  кредит),  «Сыбайлас 
жемқорлыққа қарсы күрес негіздері» (3 кредит). 
4.3 ЖОО-да оқу процесі техникалық жəне кəсіптік орта білімнен кейінгі немесе жоғары 
білімі бар білімгерлер үшін жеделдетілген оқу мерзімімен қысқартылған оқу бағдарламалары 
бойынша  ұйымдастырылады.  Осыған  қатысты  көлемдерінің  жеткіліктігі    жəне  білім  беру 
бағдарламасының  сабақтастығы  шартымен  кредиттерді  қайта  есептеу  жəне  бұрын  игерген 
пəндерді есепке  алу жүзеге асырылады жəне (дипломға қосымшалар) негізінде айқындалып 
білім  алушылардың  пререквизиттері  ескеріле  отырып  Кəсіби  модульдер  блогы  мен  Жеке 
білім  траекториясының  модульдері  (ЖБТ)  пəндерінің  блогына  қарасты  дайындалып  
қойылады.  
4.4 НОЖ əзірлеуде мамандықтар бойынша жауапты кафедралар анықтаған құзыреттерге 
негізделген  білім  беру  бағдарламаларының  құраушы  бөліктеріне  (модульдерге,  пəндерге) 
сəйкес матрица басшылыққа алынады.  
Модульдерді  (пəндер  тізімін)  бітіруші  кафедра  өз  бетінше  факультеттің  əдістемелік 
кеңесімен  келісе  отырып  анықтайды.  Əрбір  модуль  қайталанбайтын  бір  атаумен  берілуі 
керек. 
Осы 
анықталған 
модульдерді 
(пəндерді) 
мамандық 
бойынша 
барлық 
бакалавриаттардың оқып үйренуі міндетті болып есептеледі.  
Бір  модульдік  уақыт  ішінде  өтілетін  пəндерді  таңдағанда,  олардың  мазмұндары  бір-
бірімен  тығыз  байланысты  болып  келетін  пəндерді  іріктеу  қажет.  (Студент    объективтік  бір 
құбылыстың өзін əр ғылымның пəндік жүйесіне сəйкес дербес объектілер есебінде аңғарып, 
түсініп,  талдап  үйрену  үшін).  Бір  модульде  өзара  іштей  байланысты  пəндерді  қатар  өту 
арқылы 
студент 
дүниетанымын 
түрлі 
ғылымдар 
арқылы 
концентрациялап, 
интенсификациялауға болады.  
Əр  модуль  ішінде  жəне  олардың  арасында  оқу  сабақтары  түрлерінің  əдістемелік 
тұрғыдан дұрыс үйлесуін қамтамасыз ететін, модульдік курс пен білім беру бағдарламалары 
құрылымының икемділігін,  білім  алушылардың білімін бақылаудың тиімділігі мен бақылау 
іс-шараларының  семестр  барысында  дұрыс  бөлінуін,  білім  алушылардың  шығармашылық 
қызметі  үшін  алғышарттар  құрылатын  дамыта  оқытудың  əдістемелік  принциптерін  іске 
асыру мүмкіндіктері қарастырылуы тиіс.   
Модульдердің  бірігуі  білім  алушылардың  белгілі  санаттарының  оқуы  (жəне  өздігінен 
оқуы)  үшін  жəне  арнайы  дидактикалық,  кəсіби  мақсаттарда  іске  асуы  үшін  талап  етілетін 
нақты  оқу  материалын  таңдау  жəне  құрастыру  еркіндігі  мен  икемділігінің  қажетті  деңгейін 
қамтамасыз етеді. 
Білім  беру  бағдарламасының  əрбір  модулі  оқытудың  белгілі  нəтижелеріне,  яғни 
құзыреттілікке қол жеткізуге бағытталған. Бұл ретте модульдер пəндердің мазмұндық бірлігі 
негізінде  «көлденең»  немесе  «тік»  сызба  бойынша  құрастырылуы  мүмкін.  «Көлденең» 
модульде барлық құрамдас пəндер параллель оқытылуы мүмкін білім беру нəтижелеріне тең 
дəрежеде  жəне  біршама  тəуелсіз  қызмет  етеді.  «Тік»  модуль  іргелі  жəне  жалпы  кəсіби 
деңгейден  арнайы  тар  қолданбалы  деңгейге  дейін  белгілі  бір  білім  беру  нəтижесіне  қол 
жеткізуге бағытталған бірінен кейін бірі (ретімен) оқытылатын пəндерді қамтиды.  
4.5  Негізгі  оқу  жоспарындағы  27  кредит    жеке    білім  траекториясына  (ЖБТ)  бөлінеді. 
Бір  білім  беру  траекториясы  (элективтік  кəсіби  пəндер  жиынтығы)  мамандық  шеңберіндегі 
бір білім беру бағдарламасына теңестірледі. Осыған сəйкес ЖБТ-ға атау беріледі. Жеке білім 
траекториясын  жасауда  əлемдік  практикалар  мен  жұмыс  берушілердің,  бітірген  түлектердің  
кеңесін  ескере  отырып,  мамандық  шығарушы  кафедраның  ғылыми-ізденушілік,  қазіргі 
таңдағы  ғылыми-техникалық  даму  бағыттарына  сəйкес  ұсынылатын  пəндерді  қарастыру 
қажет. 
Дене  шынықтыру,  тілдік  пəнді  қоспағанда,  басқа  əрбір  оқу  пəні  қайталанбайтын  бір 
атауға  ие  болуы  тиіс.  Оқыту  нəтижелерін  қамтамасыз  ететін  кəсіби  құзыреттерді 

Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті 
 
ҚП-АƏИУ-09-2016 
Сапа менеджменті жүйесі 
Құжатталған процедура 
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы  
 217
 беттің 162-беті 
 
162 
 
қалыптастыратын білім бағдарламаларында  өзара айырмашылық болу керек.  Таңдаған білім 
бағдарламасын  (траекторияны),  кəсіби  элективтік  пəндер  тізімін  бакалаврлардың  оқуы 
міндетті болып табылады. 
НОЖ  əзірлеушілер  өз  шешімімен  бір  модульдің  көлемін  5  жəне  одан  да  көп 
қазақстандық  кредитті  құрайды  жəне  екі  немесе  одан  да  көп  оқу  пəндерін,    модульдегі 
пəндерге  2-3  жəне одан  жоғары  кредиттерді  бөлуді  қарастыруы  мүмкін.  Көлемі  1  кредиттік 
пəн қарастырылмайды. 
НОЖ əзірлеушілер (зертханалық жұмыстарды жоспарлағанда, əсіресе жаратылыстану 
мамандықтары)  бірнеше  білім  траекториясын  ұсынып,  лекция  +  семинар/практикалық  + 
зертханалық  бойынша  кредиттерді  əр  пəнге  əр  түрлі  бөлуі  мүмкін.  Сондықтан  ұсынылған 
кредиттің  бөлінуі  өзінің  траекториясындағы  əр  пəннің  астына  бөлініп  көрсетілуі  керек,  ал 
негізгі бөлімде жалпы кредит мөлшері ғана көрсетіледі.  
4.6 Оқу жоспарында семестрлерге компоненттерді бөлгенде семестрдегі педагогикалық 
тəжірибенің  пререквизиті  болып  табылатын  «Педагогика»  жəне  «Психология»    модулінің 
міндетті  оқытылуын  жоспарлауды    қарастыру  керек,  сонда ғана педагогикалық  тəжірибеден 
өтуіне қатысты пререквизиті болып табылады. Мысалы: педагогикалық тəжірибе 2 семестрде 
болса, онда модуль «Педагогика» жəне «Психология» 1 семестрде оқытылуы қажет. 
4.7 Оқу жоспарындағы компоненттерді семестрлерге бөлуде қойылатын талаптар:  
- оқу жоспарын модульдік негізде жобалап құрастыру;  
- модульдердің жүйелік-логикалық сабақтастығы білім бағдарламасы шеңберінде  болу;  
- студенттің  апталық  жүктемесі  57  сағаттан  аспауы  тиіс  («Дене  шынықтыру»  пəнін 
қоспағанда),  осы  ретте  теориялық  оқудың  1  кредиті  45  сағатқа  тең  (15  сағаты  оқу  сабағы 
жəне  30  сағаты  өзіндік  жұмысы),  тəжірибенің  1  кредитінің  еңбек  сыйымдылығы  оқу 
тəжірибесі  үшін  15  сағатты  (50  минуттан),  педагогикалық  тəжірибе  үшін  30  сағатты  (50 
минуттан), өндірістік тəжірибе үшін 75 сағатты (50 минуттан) құрайды. 
4.8  Негізгі  оқу  жоспарындағы тəжірибе  модуліндегі  тəжірибе  түрі  əр  мамандықтың  өз 
ерекшілігіне сəйкес анықталады.  Барлық мамандықтарға қатысты Өндірістік тəжірибеге  4-
курста 6 кредит бөлінген. Онын ішінде  4 кредиті 4-курс, 8-семестр үшін – 10 апта (өндірістік 
тəжірибе), 2 кредиті 4-курс, 8-семестр үшін  – 5 апта (диплом алды тəжірибе). Диплом алды 
тəжірибеге ғылыми жетекшілікті дипломдық жұмыстың (жобаның) ғылыми жетекшісі жүзеге 
асырады.  (№499  қаулы,  61  тармақша).  Диплом  жұмысынан  босатылған  студенттер  диплом 
алды тəжірибенің орнына өндірістік тəжірибесін жалғастырады.  
4.9  Негізгі  оқу  жоспарын мамандық шығаратын  кафедраның  меңгерушісі  мен  жетекші 
оқытушысы  дайындайды  жəне  кафедра  меңгерушісі  тарапынан  қол  қойылып,  факультет 
деканына,  факультеттің  ғылыми  кеңесіне  талқылауға  ұсынылады.  Жұмыс  тобы  мүшелері 
негізгі  оқу  жоспарын  талқылап  болғаннан  кейін  жұмыс  тобы  отырысы  хаттамасының 
көшірмесі толтырылып, жоспарды келісім парағымен қоса академиялық мəселелер жөніндегі 
департаментіне келісілуге ұсынылады.  
4.10 Академиялық мəселелер жөніндегі департаментіне ұсынылған негізгі оқу жоспары 
қойылған  талаптарға  сай  екендігі  тексеріледі,  бөлім  мамандары  тарапынан  сəйкессіздік 
анықталса, жоспарды жасағандармен бірге отырып ескертулерді жою іске асырылады.  
4.11  Университеттің  оқу-əдістемелік  кеңесі  тарапынан  негізгі  оқу  жоспары 
мақұлданғаннан кейін университет Ғылыми Кеңесіне бекітуге ұсынылады.  
 
                                       
 
 
 
 
 

Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті 
Каталог: files -> Docs
Docs -> Қазақстан республикасы білім жҽне ғылым министрлігі қ. ЖҦбанов атындағЫ
Docs -> Бағдарламасы бойынша шығарылды Редакция алқасы: Т. Кəкішев, Ө. Əбдіманұлы, А. Қыраубаев
Docs -> Сабақ беру қызмет ұйғарылады;мәдени-ағарту; лекциялар оқу, өнер жөнінде әңгіме өткізу, мұражай
Docs -> А. Нұрмағамбетовтың Жоғары білім беру көшбасшыларының 2014 Еуразиялық
Docs -> Образовательная программа основного общего образования
Docs -> Педагогтың ҥздіксіз білім беру жҥйесіндегі кәсіптік қалыптасуы мен дамуы
Docs -> Сборник содержит материалы избранных докладов участников международной
Docs -> Халықаралық электронды ғылыми конференция материалдары
Docs -> 5В011900Шетел тілі: екі шетел тілі Академиялық дәрежесі: 5В011900 Шетел тілі: екі шетел тілі мамандығы бойынша білім бакалавры Сипаттама
Docs -> Бағдарламасы бойынша шығарылып отыр Редакция алқасы

жүктеу 9.9 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   32




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет