Қп-аəиу-09-2016 Сапа менеджменті жүйесі Құжатталған процедура Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы 217 беттің 1-беті 1


  Магистрлік  диссертацияның  бөлімдерін,  бөлімшелерін,  баптарын,  кіші



жүктеу 9.9 Kb.
Pdf просмотр
бет23/32
Дата28.04.2017
өлшемі9.9 Kb.
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   32

7.4  Магистрлік  диссертацияның  бөлімдерін,  бөлімшелерін,  баптарын,  кіші 
баптарын нөмірлеу 
7.4.1  Магистрлік  диссертация  бөлімдерінің  бүкіл  құжат  бойынша  қызыл  жолдан 
(абзацтан) басталып, нүктесіз араб цифрымен белгіленген реттік саны болуы керек.  
7.4.2  Егер  құжаттың  бөлімшелері  болмаса,  баптардың  нөмірленуі  əрбір  бөлім  аясында 
болып, баптың нөмірі бөлім мен баптың нөмірінен нүктемен ажыратылып берілуі керек. Егер 
құжаттың  бөлімшелері  болса,  онда  нөмірлеу  бөлімше  аясында  болып,  баптың  нөмірі 
нүктемен ажыратылатын бөлім, бөлімше жəне бап нөмірінен тұрады. 
7.4.3  Егер  мəтін  тек  баптарға  бөлінсе,  онда  бүкіл  магистрлік  диссертация  жұмысы 
бойынша реттік сандармен нөмірленеді. 
7.4.4  Қажеттілігіне  қарай  баптар  кіші  баптарға  бөлінеді.  Оның  əр  бап  бойынша  реттік 
саны болуы керек, мысалы: 4.2.1.1, 4.2.1.2  жəне т.с.с. 
7.4.5  Магистрлік  диссертацияның  əрбір  құрылымдық  элементі  жаңа  парақтан  (беттен) 
басталуы тиіс.  
7.4.6  Магистрлік  диссертация  құрамындағы  парақтар  мен  қосымшалардың  нөмірлері 
тұтас болуы керек.  
 
7.5 Иллюстрациялар 
7.5.1  Иллюстрациялар  (сызбалар,  кестелер,  графиктер,  схемалар,  диаграммалар, 
фотосуреттер)  міндетті  түрде  магистрлік  диссертацияның  мəтінінен  кейін  орналасып,  сол 
бетте,  не  кейінгі  бетте  алғашқы  мəліметтер  берілуі  керек.  Иллюстрациялар  түрлі-түсті  етіп 
компьютерде  дайындалуы  да  мүмкін.  Диссертацияда  барлық  иллюстрацияларға  сілтемелер 
берілуі керек.   
7.5.2  Иллюстрация  «Сурет»  сөзімен  белгіленеді.  Егер  сурет  біреу  болса,  ол  «1-сурет» 
деп  белгіленеді  де,  оның  аты  жолдың  ортасына  жазылады.  Иллюстрация  нөмірлері 
магистрлік  диссертация  аясында  (араб  цифрімен)  тұтас  беріледі.  Мəтінде  əрбір 
иллюстрацияға сілтеме жасалынуы тиіс. Иллюстрацияға сілтеме, мысалы, «2-суретке сай...»  
түрінде беріледі. 
 
7.6 Кестелер 
7.6.1 Сандық материал міндетті түрде кесте түрінде рəсімделеді. 
7.6.2  Кесте  диссертацияда  міндетті  түрде  мəтіннен  кейін  орналасады,  ол  туралы 
алғашқы мəлімет қоса беріледі, не кейінгі бетте беріледі. 
7.6.3  Кестені  ендіруде  графаның  тақырыбынан  кейін  графаның  нөмірі  көрсетілген  жол 
қосу  керек.  Кестенің  жалғасына  графаның  аты  ендірілмейді,  тек  графаның  нөмірі 
көрсетіледі. 
7.6.4  Диссертацияда  барлық  кестелер  үшін  сілтемелер  болуы  керек.  Сілтеме  кестенің 
нөмірінен кейін сызықша арқылы ендірілген «кесте» сөзінен тұрады. 
7.6.5  Көп  жолды  кестелерді  келесі  параққа  (бетке)  бөліп  орналастыруға  болады. 
Кестенің  бөлігін  келесі  параққа  (бетке)  енгізгенде,  оның  нөмірі  мен  «кесте»  сөзі  кестенің 
алғашқы бөлімінің оң жағында бір рет қана көрсетіледі, қалған бөліктерінің үстінде кестенің 
нөмірі мен  «жалғасы» сөзі жазылады, мысалы «1-кестенің жалғасы». Кестені  басқа параққа 
(бетке)  бөліп  орналастырғанда  тақырып оның тек  алғашқы  бөлігінің  жоғары  жағында   ғана 
жазылады. 
7.6.6  Кестені  екіге  бөлу  барысында  оның  алғашқы  бөлігінің  соңғы  жатық  жолынының 
астыңғы сызықтары сызылмауы тиіс. 

Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті 
 
ҚП-АƏИУ-09-2016 
Сапа менеджменті жүйесі 
Құжатталған процедура 
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы  
 217
 беттің 151-беті 
 
151 
 
7.6.7  Қосымшадағы  кестелерден  басқа  кестелерді  араб  цифрларымен  бірінен  соң  бірін 
нөмірлеу керек. 
7.6.8 Графалардың тақырыптары мен кестелердің жолдары үлкен əріппен жекеше түрде, 
ал  графалардың  кіші  тақырыптары,  егер  олар  тақырыппен  бір  сөйлем  құрса,кіші  əріппен 
жазылады.  Ал  егер  олар  өз  алдына  мағыналы  болса.  онда  үлкен  əріппен  жазылады. 
Кестелердің тақырыбынан жəне кіші тақырыптарынан кейін нүкте қойылады. 
7.6.9  Кестелер  сол,  оң  жағынан  міндетті  түрде  сызықтармен  шектеледі.  Кестеде  мəтін 
қарпіне қарағанда көлемі кіші қаріпті қолдануға жол беріледі. 
 
7.7 Формула мен теңдеулер 
7.7.1  Формула  мен  теңдеулерді  мəтіннен  бөлек  жолға  жазылады.  Əр  формуланың  не 
теңдеудің жоғары жəне төменгі жағынан кем дегенде бір жолдан қалдыру керек. Егер теңдеу 
бір  жолға  сыймаса,  ол  теңдік  (=),  қосу  (+),  алу  (-),  көбейту  (х),  бөлу  (:)  не  басқа 
математикалық  амалдар  белгісінен  кейін  ауыстырылады  жəне  белгі  келесі  жолда 
қайталанады. Формуланы тасымалдауда көбейтуді «х» белгісімен көрсетеді. 
7.7.2 Формулаларды  диссертациялық  жұмыстың  басынан  бастап  сандармен жолдың оң 
жақ шетінде, дөңгелек жақшада араб цифрларымен нөмірлеу керек: 
Мысалы: 
 



 














n
i
n
i
n
i
H
a
b
dt
n
a
b
i
t
!
i
n
!
i
t
A
0
1
1
(1) 
 
 



 









n
n
i
n
i
n
i
dt
i
t
i
n
i
t
n
H
0
1
,...,
1
,
0
,
!
!
1
1
 
 
(2) 
 
7.8 Пайдаланылған əдебиеттер тізімі 
7.8.1Диссертацияныдайындауда 
магистрантпайдаланылғанматериалдарыненəтижелерібойыншаавторларменəдебиеттергесілт
емеберуікерек. 
7.8.2 
Əдебиеттержайындағымəліметтердідиссертациядасілтеменіңкездесуінеқарайарабцифрларым
еннөмірлеп, қызыл жолсыз (абзацсыз)жазукерек. 
7.8.3  Пайдаланылғанəдебиеттердітікжақшағаалукерек:  [4].  Бір  əдебиетке  бірнеше 
сілтеме  берілген  жағдайда,  əдебиеттің  қатар  нөмірінен  басқа  оның  беттері  көрсетіледі:  [5, 
7б.]. БАҚ ақпараттары пайдаланылғанда тік жақшада тек əдебиеттің нөмірі ғана көрсетіледі.  
7.8.4  Стандарттар  мен  техникалық  құжаттарға  сілтеме  жасалғанда,  мəтінде 
олардыңбекітілген  жылынсыз  тек  белгіленуі  көрсетіледі.  Бірақ  пайдаланылған  əдебиеттер 
тізімінде олар туралы толық мəлімет берілуі тиіс. 
 
7.9 Қосымшалар 
7.9.1 Қосымшалар берілген магистрлік диссертацияның жалғасы ретінде келесі беттерге 
рəсімделеді.  
7.9.2  Диссертацияның  мəтінінде  барлық  қосымшаларға  сілтемелер  жасалуы  тиіс. 
Қосымшалар диссертация мəтінінде берілген сілтемелер тəртібімен орналасады. 
7.9.3  Əр  қосымша  жаңа  беттен  оң  жақ  жоғары  бұрышында  «Қосымша»  сөзін  көрсету 
арқылы басталады. 
7.9.4  Қосымшаның  тақырыбы  болады,  ол  мəтінге  симметриялық  түрде  үлкен  əріппен 
бөлек жолға жазылады. 

Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті 
 
ҚП-АƏИУ-09-2016 
Сапа менеджменті жүйесі 
Құжатталған процедура 
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы  
 217
 беттің 152-беті 
 
152 
 
7.9.5  Қосымша  алфавиттің  бас  əрпімен  А  əрпінен  басталып  (Ё,З,Й,Ң,  О,И,Ь,Ы,Ъ 
əріптерінен  басқа)  белгіленеді.  Қосымшаның  ретін  көрсететін  əріп  «қосымша»  сөзінің 
алдына  жазылады. 
7.9.6  Қосымша  құжаттың  өзге  бөлімдерімен  бірге  беттердің  жалпы  нөмірлеу  санына 
кіреді. 
 
8 Магистрлік диссертацияны қорғауға ұсыну 
8.1  Бекітілген  тəртіп  бойынша  рəсімделген  магистрлік  диссертация  «қорғауға 
ұсынылады»,  «қорғауға  ұсынылмайды»  деген  дəлелді  қорытындысы  жасалған  ғылыми 
жетекшісінің пікірімен университеттің мамандық шығарушы кафедрасына алдын-ала қорғау 
процедурасын өтуге ұсынылады. 
8.2  Магистрлік  диссертация  бойынша  басқа  ұйымнан  ғылым  докторы  не  кандидат 
дəрежесі бар, не болмаса мамандық бағыты бойынша PhD доктор атағы бар ресми рецензент 
тағайындалады. 
8.3  Магистрлік  диссертацияның  ресми  рецензенті  университет    Ғылыми  кеңесінің 
шешімі негізінде жұмыс істейтін орны, атқаратын қызметі, ғылыми дəрежесі, ғылыми атағы 
жəне  диссертацияның  қорғалатын  саласы  бойынша  негізгі  басылымдары  (кем  дегенде  3 
жұмыс) көрсетіліп, университет ректорының бұйрығымен бекітіледі. 
8.4 Ресми рецензент (оппонент) магистрлік диссертацияны зерттеу нəтижесінде дəлелді 
қорытынды  мен  «өте  жақсы»,  «жақсы»,  «қанағаттанарлық»,  «қанағаттанарлықсыз»  деген 
бағасы көрсетілген мамандығына сай академиялық магистрлік дəрежесі берілуі не берілмеуі 
мүмкін деген рецензия береді. 
8.5 Ресми рецензенттің (оппоненттің) рецензиясы компьютерде басылып, берілген күні 
көрсетіліп, қолы қойылуы керек. Рецензенттің қолы өзі қызмет атқаратын ұйымның кадрлар 
бөлімінің басшысымен расталып, ұйымның мөрімен куəландырылады.  
8.6 ҚР БҒМ 18.03.2008 жылғы №125 бұйрығымен бекітілген «Жоғары оқу орындарында 
білім алушылардың үлгілерімін ағымдық бақылау мен аралық жəне қорытынды аттестаттау 
жүргізудің үлгі ережелеріне» сай университеттің мамандық шығарушы кафедрасында алдын 
ала  қорғау  өткен  магистрлік  диссертация  кафедра  құрған  сараптама  комиссиясының 
сараптамасынан  өтеді.  
8.7  Сараптама  комиссиясы  құрамына  пəн  жəне  зерттеу  саласында  білімі  бар 
диссертацияда  қорғалатын  мəселелер  бойынша  екі  не  одан  да  көп  басылымдарымен 
дəлелденіп,  соңғы  5  жылда  отандық  жəне  шетелдік  ғылыми  зерттеулерде  жоғары  импакт-
факторы бар кем дегенде 3 маман енуі керек. 
8.8 Сараптама комиссиясына:  
– 
толық дайындалған магистрлік диссертация;  
– 
диссертацияның тақырыбы бекітілгені туралы құжат;  
– 
магистранттың ғылыми жетекшісінің пікірі; 
– 
магистрлік диссертацияның рефераты;  
– 
бекітілген  тəртіп  бойынша  расталған  ғылыми  басылымдар  тізімі  жəне  олардың 
көшірмесі (6-қосымша). 
– 
Бітіріп  шығарушы  кафедраның  қорғауға  ұсынымдамалары  туралы  шешімі  (кафедра 
отырысы хаттамасының көшірмесі). 
      8.9  Сараптама  комиссиясы  арнайы  формада  жазбаша  негізделген  келесі 
шешімдерден тұратын қорытынды береді (7-қосымша): 
1) диссертация көпшілік алдында қорғауға ұсынылады; 
2)белгіленген  мерзімде  кемшіліктері  жөнделген  жағдайда  диссертация  көпшілік 
алдында қорғауға ұсынылады; 
3) диссертация қорғауға ұсынылмайды. 

Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті 
 
ҚП-АƏИУ-09-2016 
Сапа менеджменті жүйесі 
Құжатталған процедура 
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы  
 217
 беттің 153-беті 
 
153 
 
8.10  Магистрлік  диссертация  міндетті  түрде  плагиатқа  (пайдаланылған  дереккөздерге 
жəне  авторға  сілтеме  жасамау  мəні  бойынша)  тексерілуден  өтуі  тиіс,  мұндай  тексерісті 
жүргізу қағидалары мен тəртібін жоғары оқу орнының өзі анықтайды. 
 
9 Магистрлік диссертацияны қорғау процедурасы 
9.1 Магистрлік диссертацияны қорғауды  университет тарапынан құрылған мамандыққа 
сай МАК іске асырады. 
9.2  МАК-тің  магистрлік  диссертацияны  қорғауға  байланысты  мəжілісі  оның 
төрағасының жетекшілігімен жүргізіледі. 
9.3  Магистрлік  диссертацияның  қорғалуы  төмендегі  жағдайда  жүзеге  асады: 
     1) ғылыми жетекшінің оң пікірі; 
2) ғылыми 
баспада 
диссертация 
тақырыбында 
кемінде 

мақала 
жарық 
көруі, халықаралық немесе республикалық ғылыми конференцияларда сөйлеген сөзі; 
3) сараптама комиссиясының диссертацияны ашық түрде қорғауға берген ұсынысының 
жазбаша қорытындысы; 
4)  бітіріп  шығарушы  кафедраның  қорғауға  ұсынымдамалары  туралы  шешімі  (кафедра 
отырыс хаттамасының көшірмесі); 
5)  қорғалатын  жұмыс  бейініне  сай  келетін  маманның  бір  рецензенттің  рецензиясы. 
Мұнда  диссертацияның  жан-жақты  сипаттамасы,  көрсетілген  дəлелді  қорытындысы  жəне 
сол мамандық бойынша «магистр» академиялық дəрежесін беру мүмкіндігі көрсетіледі. 
Ғылыми жетекші немесе /жəне бітіруші кафедрасы тарапынан «қорғауға жіберілмейді» 
немесе  «қорғауға  ұсынуға  болмайды»  деген  қанағаттанарлықсыз  қорытынды  берілген 
жағдайда, магистрант магистрлік диссертациясын қорғау мүмкіндігінен айырылады. 
9.4  МАК-қа,  сонымен  бірге,  магистрлік  диссертацияның  ғылыми  жəне  практикалық 
құндылығы жайында басқа да материалдар, ресми емес пікірлер магистрлік диссертацияның 
мамандыққа  сай  практикалық  қызметін  атқаратын  ұйыммен  жазбаша  келісімдер,  ғылыми 
зерттеудің  нəтижесін  ендіру  туралы  анықтамалар  мен  ендіру  актілері,  макеттер  т.б. 
ұсынылуы мүмкін. 
9.5 Магистрлік диссертацияны қорғау МАК-тің ашық мəжілісінде оның кем дегенде 2/3 
мүшесінің қатысуымен жүргізіледі. 
9.6  Магистрлік  диссертацияны  қорғаудың  МАК  мəжілісінде  ғылыми  жетекшісі  мен 
рецензенті міндетті түрде болуы керек.  
9.7  Бір  магистрлік  диссертацияны  қорғау  ұзақтығы  50  минуттан  аспауы  қажет. 
Магистрант 15 минут шеңберінде қысқа, əрі нақты баяндама жасап, зерттеудің мақсаты мен 
міндетін, негізгі мəселелерді дəлелдеп, қорытынды жасап, ұсыныстар береді:  
– 
орындалған жұмыстың көлемі;  
– 
зерттеудің өз бетінше орындалуы;   
– 
жұмыста жаңа технологияларды пайдалануы; 
– 
əдеби шолудың толықтылығы жəне пайдаланылған əдебиеттердің заманауилығы;  
– 
алынған  нəтижелерді  ғылыми  зерттеулерде,  практикалық  жұмыстарда  не  оқу 
процесінде қолдану мүмкіндігі;  
– 
материалдың сауатты жəне нақты баяндалуы;  
– 
талапқа сай безендірілуі;  
– 
диссертацияны  қорғаудағы  баяндау  сапасы  (нақтылығы,  сауаттылығы,  кəсіби 
терминдерді пайдалануы, көрнекілік материалдары т.б.); 
– 
қорғау  барысында  берілген  сұрақтар  жəне  рецензенттің  ескертулеріне  толық  жəне 
дұрыс жауап беруі;  
– 
жұмыс  бойынша  басылымдар  саны,  магистранттың  ғылыми  конференциялардағы 
баяндамалары;  

Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті 
 
ҚП-АƏИУ-09-2016 
Сапа менеджменті жүйесі 
Құжатталған процедура 
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы  
 217
 беттің 154-беті 
 
154 
 
– 
магистранттың  тапсырыс  беруші  ұйымның,  сондай-ақ    мамандық  шығаратын 
кафедраның тақырыптары бойынша талдамалар жасауға қатысуы. 
9.9  Əр  магистрантқа  МАК  хатшысы  мəжілістің  хаттамасын  арнайы  формада 
толтырады. 
9.10  МАК  мəжілістерінің  барлық  хаттама  бланкілері  нөмірленіп,  МАК  жұмысының 
басталуына  дейін  магистранттың  қорытынды  аттестаттауының  əр  формасы  (кешенді 
емтихан,  магистрлік  диссертация  қорғау)  бойынша  жеке  кітап  түрінде  тігіліп, 
ЖООКБбөлімінің мөрі басылады. 
9.11  Магистрлік  диссертация  жұмысын  қорғауды  бағалау,  академиялық  дəреже  мен 
мемлекеттік  үлгідегі  диплом  беру  туралы  шешім  МАК-тің  мəжілісінде  ашық  дауыспен 
мəжіліске қатысқан комиссия мүшелерінің көпшілік даусымен қабылданады. 
9.12 Хаттамаларға МАК төрағасы жəне мəжіліске қатысқан мүшелер қол қояды. 
9.13 Диссертациялық жұмыстың қорғау нəтижесі қорғау жүргізілген күні хабарланады. 
9.14Қорытынды 
аттестаттаудан 
өткен, 
магистратураның 
тиісті 
кəсіптік 
оқу 
бағдарламасын 
меңгергендігін 
растаған 
жəне 
МАК-тың 
шешімімен 
магистрлік 
диссертацияны  жариялы  түрде  қорғаған  магистрантқа  магистрлік  диссертациясын  қорғаған 
күннен  бастап  отыз  күндік  мерзімде  тиісті  мамандық  бойынша  «магистр»  академиялық 
дəрежесі беріледі жəне қосымшасымен бірге мемлекеттік үлгідегі диплом тегін беріледі. 
 
 
 
 
2.12  ДИПЛОМДЫҚ  ЖҰМЫСТЫҢ  (ЖОБАНЫҢ)  МАЗМҰНЫН  ПЛАГИАТҚА 
ТЕКСЕРУ ЕРЕЖЕСІ 
 
1 Жалпы ереже  
1.1  Осы  ЕрежеҚР  БжҒМ  2011  жылғы  16  наурызда  №  94  бұйрығымен  бекітілген 
(Қазақстан  Республикасы  Əділет  министрлігінде  2011  жылғы  25  сəуірде  №6900  тіркелген) 
«Жоғары  оқу  орындарында  білім  алушылардың  үлгеріміне  ағымдық  бақылау,  аралық  жəне 
қорытынды  аттестаттау  өткізудің  Үлгі  ережесі»негізіндеуниверситеттің  білім  беру 
қызметінің  сапасын  басқаруын  арықарай  дамыту  жəне  ілгерілендіру,  жауапкершілікті  жəне 
диплом жұмыстарына (жобаларына) дайындық дəрежесін күшейту мақсатындаəзірленді.  
1.2  Ереже  дипломдық  жұмыс  үшінміндетті  түрде  өткізілетін  плагиатқа  тексеру 
жұмыстарының қағидалары мен тəртібін анықтайды. 
1.3  Осында мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады: 
  плагиат – өзге адамның жазбаша мəтіндері пайдаланылған кезде автордың есімі мен 
қай деректен алынғаны көрсетілмеген жəне де пайдаланылған мəтін ауқымының көлемі мен 
пайдалану сипатына күмəн келтіретін мəтіндер. 
  Парафраза (плагиаттың  түрі)  –  өзге  адамның  ойлары  мен  сөздерін  өз  сөздерімен 
қайта айту. 
  Компиляция – қайнар көздерін өзіндік өндеместен өзгелердің зерттеулерін жинақтау 
жəне осы тəсілмен жасалған жұмыс. 
  Ақпараттық қауіпсіздік – қорғалатын үш негізгі ақпараттарды: конфиденциалдығын, 
бүтіндігін, əзірлігін сақтау мақсатында, ақпараттарға кіру мүмкіндігін жəне функционалдық 
өкілеттілігін жіктеуді қамтамасыз ететін жүйелі функция. 
  Ақпараттар  қоры–  қалыптастырылған  ой  мен  білім,  түрлі  мағлұматтар,  оларды 
жинақтау  құралы  мен  əдістері,  ақпараттар  көзі  мен  тұтынушылар  арасындағы  алмасу  мен 
сақтау. 
  Глоссарий – терминдер мен ұғымдарға қысқаша түсініктеме беру. 

Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті 
 
ҚП-АƏИУ-09-2016 
Сапа менеджменті жүйесі 
Құжатталған процедура 
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы  
 217
 беттің 155-беті 
 
155 
 
  Ереже  –  Аймақтық  əлеуметтік-инновациялықуниверситетінде  оқу-əдістемелік, 
ғылыми, ұйымдастырушылық, т.б. бағыттағы жұмыстарды ұйымдастыру талаптары. 
1.4  Осында  берілмеген  терминдер  мен  анықтамалар  Қазақстан  Республикасының 
ағымдағы заңнамасындағы терминдер мен анықтамалармен анықталады. 
 
2  Дипломдық  жұмысты  (жобаны)  плагиатқа  тексеруді  жүргізетін  сараптама 
комиссиясы 
2.1  Ғылыми  жетекші  зерттеу  мəселелері  бойынша  кеңес  береді,  жеке  жоспардың 
орындалуын  қадағалайды  жəне  дипломдық  жұмыста  (жобада)  зерттеу  жұмыстарының 
жүргізілуіне, сапасына жəне уақытылы орындалуына, онда плагиаттың жоқтығына жауапты. 
2.2  Дипломдық  жұмысты  (жобаны)плагиатқа  тексеру  жұмыстарын  өткізу  үшін 
университетте сараптама комиссиясы құрылады. 
2.3  Сараптама  комиссиясының  төрағасы  болыпсол  мамандықтың  кафедра  меңгерушісі 
сайланады.  
2.4  Кафедра  меңгерушісінің  мамандығы  бітіруші  студенттің  мамандығына  сəйкес 
келмеген  жағдайда  кафедра  меңгерушісінің  ұсыныс  хатымен(кафедра  мəжілісінде 
талқыланып,  хаттама  жасалынады)  сол  мамандық  бойынша  ғылыми  дəрежесі  не  ғылыми 
атағы бар сол кафедраның басқа мүшесі тағайындалады. 
2.5  Сараптама комиссиясы факультет деканының өкімімен бекітіледі. 
2.6  Сараптама  комиссия  құрамы  кем  дегенде  төрағадан,  екі  мүшеден  жəне  хатшыдан 
құралады.   
2.7  Сараптама  комиссия  мақсаты  –  дипломдық  жұмыста  (жобада)    плагиаттың  бар-
жоғын,  бұрын  жарық  көрген  ғылыми  еңбек  мəтіндерінің  дұрыс  пайдаланылуына  талдау 
жасау. 
 
 
3 Дипломдық жұмысты (жобаны)плагиатқа тексеруді жүргізу тəртібі 
3.1  Студент  дипломдық  жұмыста  (жобада)  пайдаланылып  отырған  өзге  адамның 
жазбаша  мəтіндері,  нысаналы  мақсатына  сай,  авторының  есiмiн  жəне  қай  деректен 
алынғаны мiндеттi түрде  көрсете отырып,дипломдық жұмысты (жобаны) ғылыми, зерттеу, 
пiкiрталас, сыни жəне ақпараттық мақсатына қолданыла алынады. 
3.2  Студент  дипломдық  жұмысты  (жобада)  орындау  барысында  парафразаны, 
компиляцияны, глоссарийлерді жəне ақпараттар қорын пайдаланып, ақпараттық қауіпсіздікті 
сақтай отырыпосы Ереже талаптарын сақтауға міндетті. 
3.3  Барлық дипломдық жұмыс (жоба) плагиатқа тексеру жүргізілуі тиіс. 
3.4  Студент дипломдық жұмысты (жобаны) тексеруге мерзімінде ұсынуға міндетті. 
3.5  Егер дипломдық жұмыста (жобада) пайдаланылып отырған өзге адамның жазбаша 
мəтіндері  осы  Ереженің  3.1  тармағында  берілген  талаптарға  жауап  бермесе  жəне  осы 
пайдаланылған  мəтін  ауқымының  көлемі  мен  осында  қарастырылып  отырған  өзекті 
проблемасын  ашу  мақсатынан  ауытқи 
пайдаланылса,  ондай  дипломдық  жұмыс 
(жоба)плагиатты мəтіні бар деп танылады. 
3.6  Студентдипломдық  жұмысты  (жобаны)  қорғаудан  бір  айдан  кешіктірмейтін 
мерзімде  сараптама  комиссиясына  ғылыми  жетекшісінің  плагиат  өткізуіне  қарсылығы  жоқ 
екені туралы рəсімделген қолы бар дипломдық жұмысын (жобаны) өткізеді. 
3.7  Плагиатқа 
тексеру 
жүргізу 
үшін 
университеттіңмұрағатындағылыми 
еңбектердіжəне  келісім  негізінде  өзге  мекемелердің  ғылыми  мұрағаттарындағы,    ашық 
қолданымдағы электронды нысандағы мұрағаттар пайдаланылады. 
3.8  Тексеру  бойынша  дипломдық  жұмысты  (жобаны)студенттің  өзіндік  орындау 
дəрежесіне сай  қорытынды беріледі. 
3.9  Дипломдық  жұмыста  (жобада)  плагиаттық  мəтіндер  бар  болған  жағдайда  студент 
бір  апта  көлемінде  қайта  қарап,  өңдеп,  түзетілген  жұмысты  сараптама  комиссиясына  қайта 

Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті 
 
ҚП-АƏИУ-09-2016 
Сапа менеджменті жүйесі 
Құжатталған процедура 
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы  
 217
 беттің 156-беті 
 
156 
 
өткізеді. 
3.10 
Дипломдық  жұмыста  (жобада)  плагиат  1  апталық  мерзімде  түзетілмеген 
жағдайда,  сараптама  комиссиясы  пайдаланылған  еңбектің  қайнар  көзіне  сілтеме  жасай 
отырып,  оның  плагиаттығы  туралы  сипаттама  беруі  керек.  Мұндай  қорытындыдипломдық 
жұмысты (жобаны) қорғауға жібермеуге негіз болып табылады. 
3.11  Егер  дипломдық  жұмыста  (жобада)  плагиаттық  анықталмаса,  онда  осы  туралы 
қорытындыға  «плагиат  анықталмады,  барлық  пайдаланылған  өзге  адамдардың  жазбаша 
мəтіндері  нысаналы  мақсатына  сай,  автордың  есімі  жəне  қай  деректен  алынғаны  көрсетіле 
отыра пайдаланған»  деп жазылу тиіс. 
3.12  Студентке  сараптама  комиссиясының  қорытындысы  бойынша  дипломдық 
жұмысты (жобаны) қорғауға жіберу туралы анықтама дайындалады (қосымша). 
3.13  Дипломдық  жұмысты  (жобаны)  плагиатқа  тексеру  жұмыстарын  жүргізу  кезінде 
ақылы  қызметтер  мен  барлық  өзге  шығындар  (болған  жағдайда)  студенттің  есебінен 
жүргізіледі. 
3.14  Студент өткізілген тексеру қорытындысымен танысуға құқылы. 
Дипломдық  жұмысқа  (жобаға)  плагиатқа  тексеру  жүргізілгені  туралы  сараптама 
комиссияның қорытындысынсыз дипломдық жұмыс (жоба)қорғауға жіберілмейді. 
 
Каталог: files -> Docs
Docs -> Қазақстан республикасы білім жҽне ғылым министрлігі қ. ЖҦбанов атындағЫ
Docs -> Бағдарламасы бойынша шығарылды Редакция алқасы: Т. Кəкішев, Ө. Əбдіманұлы, А. Қыраубаев
Docs -> Сабақ беру қызмет ұйғарылады;мәдени-ағарту; лекциялар оқу, өнер жөнінде әңгіме өткізу, мұражай
Docs -> А. Нұрмағамбетовтың Жоғары білім беру көшбасшыларының 2014 Еуразиялық
Docs -> Образовательная программа основного общего образования
Docs -> Педагогтың ҥздіксіз білім беру жҥйесіндегі кәсіптік қалыптасуы мен дамуы
Docs -> Сборник содержит материалы избранных докладов участников международной
Docs -> Халықаралық электронды ғылыми конференция материалдары
Docs -> 5В011900Шетел тілі: екі шетел тілі Академиялық дәрежесі: 5В011900 Шетел тілі: екі шетел тілі мамандығы бойынша білім бакалавры Сипаттама
Docs -> Бағдарламасы бойынша шығарылып отыр Редакция алқасы

жүктеу 9.9 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   32




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет