Қп-аəиу-09-2016 Сапа менеджменті жүйесі Құжатталған процедура Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы 217 беттің 1-беті 1


 Дипломдық жұмысты (жобаны) қорғауға ұсыну тəртібі



жүктеу 9.9 Kb.
Pdf просмотр
бет22/32
Дата28.04.2017
өлшемі9.9 Kb.
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   32

 
Дипломдық жұмысты (жобаны) қорғауға ұсыну тəртібі 
6.1Дипломдық  жұмыс  (жоба)  алдын  ала  қорғаудан  өту  үшін  маман  даярлаушы 
кафедраға тапсырылады. 
6.2  Дипломдық  жұмысты  (жобаны)  алдын  ала  қорғау    кафедраның  ашық  отырысында 
білім  алушылардың  жəне  ғылыми  жетекшілердің  міндетті  түрде  қатысуымен  жəне  қажет 
болған жағдайда, ғылыми кеңесшілердің қатысуымен өткізіледі. 
Алдын ала қорғау кафедра отырысының хаттамасымен рəсімделеді. 

Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті 
 
ҚП-АƏИУ-09-2016 
Сапа менеджменті жүйесі 
Құжатталған процедура 
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы  
 217
 беттің 144-беті 
 
144 
 
6.3  Алдын  ала  қорғаудан  ойдағыдай  өткен,  қойылған  талаптарға  сəйкес  ресімделген, 
аяқталған  дипломдық  жұмыс  (жоба)  ғылыми  кеңесші  мен  білім  алушының  қолы  қойылып, 
ғылыми жетекшіге ұсынылады. 
6.4 Ғылыми жетекші дипломдық жұмысқа (жобаға) жазбаша сын-пікір жазады. 
Дипломдық  жұмыс  (жоба)  қабылданған  жағдайда  ғылыми  жетекші  оған  қол  қойып 
жəне  қорғауға  жіберілгендігі  туралы  жазбаша-пікірмен  бірге  кафедра  меңгерушісіне 
ұсынады. 
Дипломдық  жұмыс  (жоба)  қабылданбаған  жағдайда  ғылыми  жетекші  оған  қол 
қоймайды,  бірақ  дипломдық  жұмыстың  (жобаның)  қорғауға  жіберілмегендігі  жөніндегі 
өзінің жазбаша сын-пікірін жазады. 
6.5  Осы  материалдардың  негізінде  кафедра  меңгерушісі  дипломдық  жұмысқа  (жобаға) 
нақты соңғы тұжырымын шығарады да, оны титул бетіне жазады. 
Егер  кафедра  меңгерушісі  білім  алушының  дипломдық  жұмысын  қорғауға  жіберуге 
болмайды  деп шешсе,  бұл  сұрақ  білім  алушы  пен ғылыми  жетекшінің  қатысуымен  кафедра 
отырысында  қаралады.  Ғылыми  жетекші  теріс  пікір  берген  дипломдық  жұмыс  қорғауға 
жіберілмейді жəне факультет кеңесіне бекітуге ұсынылады. 
6.6  Маман  даярлаушы  кафедраның  қорғауға  ұсынған  дипломдық  жұмысын  (жобасын) 
пікір жазу үшін алдын ала бекітілген пікір берушіге жіберіледі. 
6.7  Маман  даярлаушы  кафедра  меңгерушісінің  өндіріс  жəне  ғылыми  ұйымдардың 
мамандары арасынан ұсынған пікір жазушылардың тізімі ректордың бұйрығымен бекітіледі. 
Пікір  жазушылар  ретінде  басқа  жоғары  оқу  орындарының  профессорлар,  доценттер, 
оқытушылар қатыстырылады.  
6.8  Пікір  жазушылардың  базалық  жоғары  білімі  болуы  тиіс  жəне/немесе  қорғалатын 
дипломдық  жұмыстың  (жобаның)  саласына  сəйкес  ғылыми  атағы,  ғылыми  немесе 
академиялық дəрежесі болуы тиіс. 
6.9  Пікір  жазушы  дипломдық  жұмысқа  (жобаға)  жазбаша  пікірін  ұсынуы  қажет,  онда 
тақырыптың  өзектілігі,  жаңашылдығы  жəне  практикалық  маңыздылығы,  тақырыптың 
маманның  кəсіби  даярлығына,  берілген  ғылыми  академиялық  дəрежесі  мен  берілген 
біліктілігіне  сəйкестігі,  жүргізілген  зерттеудің  дербестігі,  қорытынды  мен  ұсыныстарының 
барлығы, мəселелердің шешілу жəне зерттеудің аяқталуы дəрежесі көрсетіледі.   
Пікірде баллдық-рейтингтік əріптік жүйе бойынша бағасы жəне академиялық дəрежесі 
мен біліктілік берілу мүмкіндігі көрсетілген дəлелді қорытынды беріледі. 
6.10  Ғылыми  жетекшінің  қорғауға  жіберген,  бірақ  пікір  жазушының  F  - 
«қанағаттанарлықсыз» деп бағалаған, диплом жұмысы жалпы жағдаймен қорғалады. 
6.11  Маман  даярлаушы  кафедраның  меңгерушісі  дипломдық  жұмысты  дайындаушы  
білім  алушыға  жазылған  пікірмен  қорғауға  бір  күн  қалғанда  таныстырады.  Дипломдық 
жұмыстыа  берілген  пікір  мен  сын-пікірді  қоса  Мемлекеттік  аттестаттау  комиссиясына 
қорғауға жібереді. 
6.12  Дипломдық  жұмысты  (жобаны)  қорғау  білім  алушының  қалауы  бойынша  қазақ 
жəне  орыс  тілдерінде  жүргізіледі.  Білім  алушы  кафедраның  ұсынысымен  дипломдық 
жұмысты  (жобаны)  қорғауда  (қажеттілік  болған  жағдайда  шетел  тілінде  сұрақтар  қоюға 
болатындай) қысқаша мазмұнын тапсырады. 
6.13  Дипломдық  жұмысты  (жобаны)  қорғауды  техникалық-материалдық  базада 
ақпараттық-коммуникация  саласындағы  жетістіктерді,  электрондық  қорларды  пайдаланып, 
презентация жасап жүзеге асыруға болады. 
 
7 Дипломдық жұмысты (жобаны) қорғау тəртібі 
7.1  Дипломдық  жұмысты  (жобаны)  қорғау  тəртібі  білім  беру  саласындағы  орталық 
атқарушы  органдары  жəне  университет  бекіткен  білім  алушылардың  үлгеріміне  ағымдық, 
аралық жəне мемлекеттік қорытынды аттестация жүргізу Ережесімен анықталады. 

Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті 
 
ҚП-АƏИУ-09-2016 
Сапа менеджменті жүйесі 
Құжатталған процедура 
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы  
 217
 беттің 145-беті 
 
145 
 
7.2  Дипломдық  жұмысты  (жобаны)  қорғау  мемлекеттік  аттестациялық  комиссия 
мүшелерінің жартысынан кем емес мүшелерінің қатысуымен ашық отырысында өткізіледі. 
Дипломдық жұмысты (жобаны) қорғау білім алушылардың, маман даярлаушы кафедра 
оқытушыларының  қатысуымен  көпшілік  түрде  ұйымдастырылады.  Қорғауға  ғылыми 
жетекшілері  шақырылады,  сонымен  қатар  дипломдық  зерттеулер  жүргізілген  ұйымдардың 
өкілдері жəне басқа да ынталы тұлғалар қатыстырылады. 
7.3  Бір  дипломдық  жұмысты  қорғаудың  ұзақтығы,  ереже  бойынша,  бір  білім  алушыға 
30 минуттан аспауы қажет. 
Дипломдық  жұмысқа  қатысты  мөлшерлеу  университет  басшысының  бекіткен 
мөлшерлеу кестесіне сəйкес жүзеге асырылады. 
7.4  Дипломдық  жұмысты  қорғау  барысында  білім  алушы  мемлекеттік  аттестаттау 
комиссиясының  жəне  қатысушылардың  алдында  15  минуттан  кем  емес  уақыт  аралығында 
баяндама жасап  қорғайды. 
7.5  Дипломдық  жұмысты  (жобаны)  талқылауға  барлық  қатысушылар  сұрақ  қоюшы 
немесе сөз сөйлеуші түрінде қатысады. 
7.6  Талқылаудан  кейін  комиссия  хатшысы  сын  пікір  жəне  пікірді  оқып  таныстырады 
(ғылыми  жетекші  қатысып  отырған  жағдайда  өзі  сөз  сөйлейді).  Сын  пікір  жəне/немесе 
пікірдегі ескертпелердің барлығына білім алушы дəлелді түсіндірмелер береді. 
7.7 Дипломдық жұмысты (жобаны) қорғау қорытындысы бойынша баллдық-рейтингтік 
əріптік жүйемен баға қойылады. Бағалауда білім алушының теориялық деңгейі, ғылыми жəне 
практикалық дайындығы, ғылыми жетекшінің пікірі жəне сын пікір берушінің бағасы назарға 
алынады. 
7.8 Дипломдық жұмысты (жобаны) қорғаудың қорытындысы əр білім алушы бойынша 
мемлекеттік  аттестациялау  комиссиясының  отырысының  хаттамасымен  ресімделеді  жəне 
өткізілу күнінде хабарланады. 
 
 
 
 
2.11 МАГИСТРЛІК ДИССЕРТАЦИЯ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ 
 
1 Қолданылу саласы  
Бұл  “Магистрлік  диссертация  туралы  ереже”  магистрлік  диссертация  құрылымын, 
рəсімдеу  тəртібін  жəне  қорғау  процедурасын  ұйымдастырудың  жалпы  талаптарын 
анықтайды.  Ереже  магистранттарға,  магистранттардың  ғылыми  жетекшілеріне,  кафедра 
меңгерушілеріне, жоғары оқу орнынан кейінгі білім бөлімі қызметкерлеріне арналған.  
 
2 Нормативтік сілтемелер 
Бұл ережеде келесі нормативтік құжаттарға сілтеме жасалынды:  
 
2.1  Қазақстан  Республикасының  2007  жылдың  27  шілдесіндегі  N319  “Білім  туралы 
Заңы”. 
2.2  Қазақстан 
РеспубликасыҮкіметінің 2012 
жылдың 
 
23тамызындағы 
№1080қаулысымен бекітілген “Жоғары  оқу  орнынан  кейінгі  білім  берудің 
мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты”. 
2.3  Қазақстан  Республикасы  Білім  жəне  ғылым  министрлігі  Жоғары  аттестациялық 
комитетінің  2004  жылдың  28  қыркүйегіндегі          №377-3ж  бұйрығымен  бекітілген 
“Диссертация жəне авторефератты рəсімдеуге арналған нұсқаулық”.  
2.4  Қазақстан  Республикасы  Білім  жəне  ғылым  министрінің  2008  жылдың 
18наурызындағы  №125  бұйрығымен  бекітілген  “Жоғары  оқу  орындарында  білім 

Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті 
 
ҚП-АƏИУ-09-2016 
Сапа менеджменті жүйесі 
Құжатталған процедура 
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы  
 217
 беттің 146-беті 
 
146 
 
алушылардың  үлгеріміне  ағымдық  бақылау,  аралық  жəне  қорытынды  аттестаттау 
өткізудің Үлгі ережесі”. 
2.5  ҚазақстанРеспубликасы Білімжəнеғылымминистрінің 
 
2011 
жылдың 
20 
сəуіріндегі №152 
бұйрығыменбекітілген 
“Кредиттікоқытутехнологиясыбойыншаоқуүдерісінұйымдастырудыңережесі”. 
 
3 Терминдер, анықтамалар мен қысқартулар 
Қазақстан  Республикасының  2007  жылғы  27  шілдедегі  N319  “Білім  туралы  Заңына”, 
Қазақстан 
Республикасы 
Үкіметінің 2012 
жылдың 
23 
тамызындағы 
№1080 
қаулысымен бекітілген “Жоғары  оқу  орнынан  кейінгі  білім  берудің  мемлекеттік  жалпыға 
міндетті стандартына” сəйкес терминдер мен анықтамалар қолданылған. 
 
3.1 Терминдер мен анықтамалар  
Магистр 
 магистратураның білім беру бағдарламасын игерген тұлғаларға берілетін 
академиялық дəреже. 
Магистрлік 
диссертация  
 магистранттың өз бетінше ғылыми жəне зерттеу жұмыстарының белгілі 
пəнді біліктілік саласындағы нəтижесінің қорытындысы. 
 
Қысқартулар 
АƏИУ 
Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті 
МАК 
 Мемлекеттік аттестаттау комиссиясы  
ҚР МЖМБС   Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру 
стандарты 
ҚР БҒМ 
 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі 
ЖООКББ 
 Жоғары оқу орнынан кейінгі білім бөлімі  
 
4 Жауапкершілігі 
Бұл  Ережені  орындауға  жəне  оның  қолданылуына  магистрлік  диссертациялардың 
жетекшілері, кафедра меңгерушілері жауапты. 
 
5 Жалпы ережелер 
5.1  Магистр  академиялық  дəрежесін  алу  үшін  жазылған  диссертация  нақты  бағытта 
орындалған,  бітірушіні  білімнің  белгілі  бір  саласында  ғылыми  мəселелерді  шешіп, 
тұжырымдама  жасай  алатын  ғылыми  қызметкер  ретінде  көрсететін  білікті  ғылыми  еңбек 
болуы керек. 
5.2  Магистрлік  диссертация  магистранттың  доктор  не  ғылым  кандидаты  дəрежесі, 
академиялық  доктор  РҺD/мамандығына  сай  дəрежесі  бар,  бұл  салада  іс-тəжірибесі  мол 
ғылыми жетекшісінің жетекшілігімен өз бетінше орындалуы керек.  
5.3 Магистрлік диссертацияның ғылыми жетекшісі:  
– 
магистрлік диссертацияны орындау үшін тапсырмалар береді;  
– 
магистрлік  диссертацияны  орындау  үшін  магистрантқа  магистрлік  диссертацияның 
барлық кезеңін қамтитын жұмыстың күнтізбелік кестесін жасауға жəрдем береді;  
– 
магистрантқа 
қажетті 
негізгі 
əдебиетті, 
анықтамалық 
жəне 
мұрағаттық 
материалдарды,  типтік  жобаларды  жəне  басқа  тақырыпқа  байланысты  материалдарды 
ұсынады;  
– 
Магистранттың  магистрлік  диссертациясының  күнтізбелік  кестесінің  орындалуына 
ағымдық бақылау жүргізетін кеңес беру кестесін түзеді;  
– 
Магистрлік диссертацияның барлық бөлімдерінің көлемін нақтылап, магистранттың 
жұмысын үйлестіреді. 

Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті 
 
ҚП-АƏИУ-09-2016 
Сапа менеджменті жүйесі 
Құжатталған процедура 
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы  
 217
 беттің 147-беті 
 
147 
 
5.4  Магистрлік  диссертация  бүгінгі  күнгі  ғылым  мен  практиканың  теориялық, 
əдістемелік  жəне  технологиялық  жетістіктеріне  негізделуі  тиіс.  Сонымен  бірге,  ғылыми 
зерттеудің  заманауи  əдістері  пайдаланылып,  қорғауға  ұсынылатын  негізгі  мəселелері 
бойынша  ғылыми-зерттеу  (əдістемелік,  практикалық)  бөлімдері,  нақты  практикалық 
ұсыныстары  болуы  қажет.  Диссертация  білім  саласының  алдыңғы  қатарлы  халықаралық 
тəжірибесіне негізделуі керек.  
5.5  Магистрлік  диссертацияның  тақырыбы  университет  Ғылыми  кеңестің  шешімімен 
магистрантқа  нақтыланып,  ректордың  бұйрығымен  бекітіледі.  Ол  ғылым  үшін  өзекті,  бұл 
бағыттағы  ғылым  мен  техниканың  бүгінгі  жағдайына  сай  жəне  міндетті  түрде  кафедраның 
ғылыми-зерттеу жұмыстарының жоспарларымен байланысты болуы керек.  
 5.6  Магистрлік  диссертацияның  авторы  алған  негізгі  ғылыми  нəтижелері  ғылыми  
басылымдарда жарық көруі арқылы міндетті түрде апробациядан өтуі керек. Жарық көретін 
еңбектің  ең  аз  саны    2  ғылыми  мақала.  Аймақтық,  республикалық,  халықаралық 
конференциялардың,  симпозиумдардың,  мəжілістердің  тезистері,  шолу  ақпараттары, 
аналититикалық  талдаулар,  кем  дегенде  0,3  б.т.  ақпараттық  парақтар  жəне  патенталды 
құжаттар (патенттер) басылымға жатады.     
 
6 Магистрлік диссертацияның құрылымдық элементтеріне қойылатын талаптар  
6.1 Магистрлік диссертацияның құрылымдық элементтеріне  
– 
сыртқы беті;  
– 
титуль парағы;  
– 
мазмұны;  
– 
нормативтік сілтемелер;  
– 
анықтамалар;  
– 
кіріспе;  
– 
негізгі бөлім;  
– 
нəтиже не қорытынды;  
– 
пайдаланылған əдебиеттер тізімі (міндетті түрде түпнұсқа бойынша);  
– 
қосымшалар;  
– 
мемлекеттік, орыс жəне ағылшын тілдеріндегі диссертацияның рефераты жатады. 
6.2  Титул  парағы  магистрлік  диссертацияның  бірінші  беті  болып  саналады  жəне 
құжатты рəсімдеу мен іздеуге қатысты ақпарат тетігі қызметін атқарады. 
Титул  парағы  диссертацияның  жалпы  нөмірлеуіне  кіреді.  Титул  парағына  нөмір 
қойылмайды.. 
6.3  Магистрлік  диссертацияның  мазмұны  кіріспеден,  рет  сандары  көрсетілген 
бөлімдердің аттарынан, бөлімшелерден, баптардан (егер оның аты бар болса), нəтижеден не 
қорытындыдан,  пайдаланылған  əдебиеттер  тізімінен  жəне  бет  нөмірі  міндетті  түрде 
диссертацияда  көрсетілетін  қосымшалардан  тұрады.  6.4  Магистрлік  диссертацияның  мəтіні 
келесі талаптарға сай болуы керек:  
– 
зерттеу тақырыбының мамандықтың пəндік-біліктілік саласына сай өзектілігі;  
– 
мамандыққа сай нəтиженің ғылым мен педагогика саласындағы жаңашылдығы, 
– 
қорғалатын мəселелердің ғылыми маңыздылығы;  
– 
инновациялық  қызметтегі  практикалық  маңыздылығы  мен  негізгі  мəселелердің 
шешілу жолдары;  
Диссертацияны рəсімдеуде көрсетілген баптар «Кіріспе» бөлімінде нақты мазмұндалуы 
керек.  
6.5  «Нормативтік  сілтемелер»  атты  құрылымдық  элемент  диссертация  мəтінінде  бұл 
туралы  сілтемелер  берілген  стандарттар  тізімінен  тұрады.  Сілтемелер  жасалған 
стандарттардың  тізімі  келесі  сөздерден  басталады:  «Бұл  магистрлік  диссертацияда  келесі 

Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті 
 
ҚП-АƏИУ-09-2016 
Сапа менеджменті жүйесі 
Құжатталған процедура 
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы  
 217
 беттің 148-беті 
 
148 
 
стандарттарға  сілтеме  жасалған...».  Тізімге  стандарттардың  аттары  мен    белгілеулері 
белгілердің тіркеу нөмірлерінің өсуіне қарай тəртіппен орналастырылады.  
6.6 
«Анықтамалар» 
атты 
құрылымдық 
элемент 
магистрлік 
диссертациядағы 
терминдерді  нақтылауға  не  бекітуге  қатысты  анықтамалардан  тұрады.  Анықтамалар  тізімі 
келесі  сөздерден  басталады:  «Бұл  магистрлік  диссертацияда  келесі  терминдер  сəйкес 
анықтамаларымен пайдаланылған...». 
6.7 
«Белгілеулер 
мен  қысқартулар» 
атты  құрылымдық 
элемент 
магистрлік 
диссертацияда  қолданылған  белгілеулер  мен  қысқартулардан  тұрады.  Олар  диссертация 
мəтінінде  кездесуіне  қарай  берілген  қажетті  талдау  мен  түсініктемеден  тұрады. 
Анықтамалар,  белгілеулер  жəне  қысқартуларды    «Анықтамалар,  белгілеулер  жəне 
қысқартулар» деген құрылымдық элемент ретінде де беруге болады.  
6.8  Кіріспеде  тақырыптың  өзектілігі  мен  жаңашылдығы,  басқа  ғылыми-зерттеу 
бағдарламаларымен  байланыстылығы,  сонымен  бірге  зерттеудің  мақсаты  мен  міндеттері, 
оның жалпы ғылыми-зерттеу жұмысында алатын орны көрсетілуі керек. 
6.9  Диссертацияның  негізгі  бөлімінде  орындалған  жұмыстың  негізгі  əдістемесі  жəне 
негізгі нəтижелік көрсеткіші берілуі тиіс. 
6.10  Негізгі бөлімге:  
– 
зерттеу бағытын таңдау жəне оның негіздемесі, мəселені шешу əдістері мен олардың 
салыстырмалы бағасы, жұмысты орындауда таңдалынған əдістемені мазмұндау;  
– 
теориялық  жəне  (не  болмаса)  эксперименттік  зерттеу  процесі,  сонымен  бірге 
теориялық  зерттеулердің  ерекшелігі  мен  мазмұнын,  зерттеу  əдістерін,  есептеу  əдістерін, 
эксперименттік жұмыстың қажеттігін негіздеу; 
– 
зерттеу  жұмыстарының  нəтижелерінқорытындылау  жəне  жұмыстың  келешектегі 
бағыттары бойынша ұсыныстар, алынған нəтиженің дұрыстығын бағалау жəне оны отандық, 
шетелдік жұмыс нəтижелерімен салыстыру; 
– 
əрбір тарау, бөлім бойынша қысқаша қорытындылар енеді. 
6.11 Қорытынды:  
– 
диссертациялық зерттеу нəтижесі бойынша қысқаша қорытындыларды;  
– 
қойылған міндеттердің толық орындалуының бағалауын;  
– 
жұмыс  нəтижесін  білім  берудің  инновациялық  қызметінде,  ғылым  мен  өндірісте 
нақты пайдаланудың ұсыныстары мен деректер талдамасын; 
– 
орындалған  жұмыстың  техникалық-экономикалық  деңгейін  осы  саладағы  жақсы 
жетістіктерімен салыстыруды не бизнес-жоспарды қамтуы тиіс. 
6.12  Əдебиеттер  тізімі  магистрлік  диссертацияны  дайындауда  пайдаланылған  əдістер 
жайындағы мəліметтерден тұруы керек. Тізім 4-қосымшаға сай рəсімделінеді.  
6.13  Қосымшаға  диссертациялық  жұмысты  орындауға  байланысты  қандай  да  бір 
себептермен  негізгі  бөлімге  ендірілмеген  материалдарды:      эксперименттік  зерттеу  мен 
сауалнама нəтижелерін, статистикалық көрсеткіштерді ендіру ұсынылады. 
6.14 Магистрлік диссертацияның рефератына келесі мəліметтер кіреді:  
– 
диссертацияның көлемі мен құрылымы ;  
– 
 иллюстрациялар, кестелер (бар болса), пайдаланылған əдебиеттер тізімінің саны;  
– 
кілттік сөздердің тізімі (15-16 сөз);  
– 
зерттеудің өзектілігі;  
– 
зерттеу мақсаты;  
– 
зерттеу объектісі;  
– 
алынған нəтижелер, оның жаңашылдығы, ғылыми жəне практикалық маңыздылығы;  
– 
Басылымдар бойынша мəліметтер. 
Рефераттың көлемі 1 интервалмен жазылған 8-16 бетті құрайды. 
6.15  Рефератқа  орыс  жəне  ағылшын  тілдеріндегі  резюмелер  (əрқайсысы  1  беттен) 
енгізіліп, магистрдің қолы қойылады. 

Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті 
 
ҚП-АƏИУ-09-2016 
Сапа менеджменті жүйесі 
Құжатталған процедура 
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы  
 217
 беттің 149-беті 
 
149 
 
 
7 Магистрлік диссерттацияны рəсімдеу ережелері  
7.1 Жалпы ережелері  
7.1.1  Магистрлік  диссертацияның  мəтінін  дайындау  осы  Ереженің  талаптарына  сай 
орындалады.  Магистрлік  диссертацияның  мəтінінің  парақтары  мен  оларға  енген  суреттер 
мен кестелер А4 форматына сай болуы керек.  
7.1.2  Магистрлік  диссертация  баспа  құрылғысы  не    графикалық  құрылғылар  арқылы 
компьютерде  А4  форматты  ақ  парақтың  бір  жағына  бір  интервалмен  басылуы  тиіс.  Қаріп 
түрі    қалыпты,  кегль    14.  Магистрлік  диссертацияның  мəтіні  келесі  шектік  өлшемдерді 
сақтау арқылы параққа басып шығарылуы тиіс: оң жағы  10мм, жоғарғы жағы   20мм, сол 
жағы  30мм, жəне төменгі жағы 20 мм. 
7.1.3 Магистрлік диссертацияның көлемі гуманитарлық мамандықтар үшін кем дегенде 
 70-100 бет, жаратылыстану жəне техникалық бағыттары мамандықтары үшін  70-90 бет. 
7.1.4 Белгілі бір терминдерге, формулаларға жəне теоремаларға назар аудару үшін түрлі 
гарнитуралы компьютерлік қаріптерді қолдануға рұқсат етіледі.  
7.1.5  Диссертацияның  орындалу  тəсіліне  қатыссыз  мəтіннің  басылу  сапасы  мен 
иллюстрациялары, кестелері талапқа сай анық болуы керек. 
7.1.6  Магистрлік  диссертацияны  орындауда  кескіндердің  бейнеленуі,  тығыздығы  бүкіл 
диссертация  көлемінде  бірдей,  анық  болуы  керек.  Магистрлік  диссертацияда  əріптер, 
цифрлар мен белгілер нақты бейнеленуі керек. 
7.1.7  Мəтінді  құжаттар  парағының  бүлінуіне,  бұрынғы  мəтіннің  (графиканың)  толық 
тазартылмай кір іздерінің сақталуына жол берілмейді. 
 7.1.8  Диссертацияда  кісінің  аты-жөндері,  мекеменің,  ұйымдардың,  фирмалардың, 
өнімдердің аттары жəне де басқа жалқы есімдер түпнұсқа тілінде келтіріледі. 
7.1.9  Жалқы  есімдер  мен  ұйымдар  атауларын  диссертация  тіліне  аударуда  түпнұсқа 
атауы (алғашқы берілуінде) қосып келтіруге жол беріледі. 
 
7.2  Магистрлік диссертацияның құралуы  
7.2.1 Магистрлік  диссертацияның құрылымдық элементтерінің атаулары –  «Мазмұны», 
«Нормативтік  сілтемелер»,  «Анықтамалар»,  «Белгілеулер  мен  қысқартулар»,  «Кіріспе», 
«Қорытынды»,  «Пайдаланылған  əдебиеттер  тізімі»    диссертацияның  құрылымдық 
элементтері тақырыбының қызметін атқарады. 
7.2.2  Құрылымдық  элементтердің  тақырыптары  үлкен  əріппен  жол  ортасына  нүктесіз 
енгізіледі. 
7.2.3  Бөлімдердің,  бөлімшелердің  жəне  баптардың  тақырыптары  қызыл  жол  (абзац) 
арқылы  (міндетті  түрде  4  əріптік  орынға  не  1  см-ге  тең)  үлкен  əріппен  соңына  нүкте 
қойылмай  енгізіледі.  Егер  тақырып  екі  сөйлемнен  тұрса,  олар  нүкте  арқылы  ажыратылады. 
Тақырыпта сөздерді тасымалдауға болмайды. 
7.2.4  Магистрлік  диссертация  мəтінін  компьютер  арқылы  ендіруде  бөлімшелердің 
тақырыптары қою түсті қаріппен ерекшеленуі тиіс.  
7.2.5  Мəтін  мен  құрылымдық  элементтердің  тақырыптары  аралығында  «бос  жол»  
(0,7мм)  қалдырылады. 
 
7.3 Магистрлік диссертацияның беттерін нөмірлеу 
7.3.1  Магистрлік  диссертацияның  беттері  араб  цифрларымен  диссертацияның  бүкіл 
мəтінін  қамту  арқылы  нөмірленеді  Бет  нөмірі  беттің  төменгі  жағының  ортасына  нүктесіз 
қойылады.  
7.3.2 Титул парағы беттердің жалпы нөмірленуі құрамына енеді. Титул парағында беттің 
нөмірі қойылмайды. 

Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті 
 
ҚП-АƏИУ-09-2016 
Сапа менеджменті жүйесі 
Құжатталған процедура 
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы  
 217
 беттің 150-беті 
 
150 
 
7.3.4  Жеке  парақта  орналасқан  иллюстрациялар  мен  кестелер  диссертацияның 
беттерінің жалпы нөмірленуіне кіреді. 
7.3.5  А3  формат  парағына  енгізілген  иллюстрациялар  мен  кестелер  бір  бет  болып 
есептеледі. 
Каталог: files -> Docs
Docs -> Қазақстан республикасы білім жҽне ғылым министрлігі қ. ЖҦбанов атындағЫ
Docs -> Бағдарламасы бойынша шығарылды Редакция алқасы: Т. Кəкішев, Ө. Əбдіманұлы, А. Қыраубаев
Docs -> Сабақ беру қызмет ұйғарылады;мәдени-ағарту; лекциялар оқу, өнер жөнінде әңгіме өткізу, мұражай
Docs -> А. Нұрмағамбетовтың Жоғары білім беру көшбасшыларының 2014 Еуразиялық
Docs -> Образовательная программа основного общего образования
Docs -> Педагогтың ҥздіксіз білім беру жҥйесіндегі кәсіптік қалыптасуы мен дамуы
Docs -> Сборник содержит материалы избранных докладов участников международной
Docs -> Халықаралық электронды ғылыми конференция материалдары
Docs -> 5В011900Шетел тілі: екі шетел тілі Академиялық дәрежесі: 5В011900 Шетел тілі: екі шетел тілі мамандығы бойынша білім бакалавры Сипаттама
Docs -> Бағдарламасы бойынша шығарылып отыр Редакция алқасы

жүктеу 9.9 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   32




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет