Қп-аəиу-09-2016 Сапа менеджменті жүйесі Құжатталған процедура Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы 217 беттің 1-беті 1



жүктеу 9.9 Kb.
Pdf просмотр
бет21/32
Дата28.04.2017
өлшемі9.9 Kb.
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   32

 
 
 
2.10  ДИПЛОМДЫҚ  ЖҰМЫСТЫ  (ЖОБАНЫ)  ƏЗІРЛЕУ  МЕН  РƏСІМДЕУ 
ЕРЕЖЕСІ 
 
1 Жалпы ережелер 
1.1  Осы  ереженің  мақсаты,  дипломдық  жұмысты  (жобаны)  орындаудың  жалпы 
талаптарын анықтау болып табылады. 
1.2 Дипломдық жұмыс (жоба) құзыреттерге негізделген білім беру бағдарламаларында 
(ҚР  МЖМБС)  жəне  мамандықтардың  оқу  жоспарында  қарастырылған  болса,  университетті 
бітірушілердің жазбаша бітіру жұмысы болып табылады. 
1.3 Дипломдық жұмысты (жобаны) əзірлеу мақсаттары: 
1.3.1 Мамандық бойынша теориялық білімі мен практикалық дағдысын жүйелеу, бекіту 
мен  кеңейту  жəне  нақты  ғылыми,  техникалық,  экономикалық,  өндірістік,  сонымен  қатар 
мəдени мəселелерді шешу; 
1.3.2  Ғылыми  зерттеу  əдісін  меңгеру  жəне  өз  бетінше  жұмыс  жүргізе  алу  мен 
мəселелерді шешу кезіндегі эксперимент жүргізу дағдыларын дамыту; 
1.3.3  Білім  алушының  қазіргі  заманғы  өндіріс,  ғылым,  техника,  мəдениет  жəне  кəсіби 
құзырлылық жағдайындағы дербес жұмысқа дайындығын анықтау. 
1.4  Дипломдық  жұмыс  (жоба)  құзыреттерге  негізделген  білім  беру  бағдарламаларына 
сəйкес білім алушыларда: əр түрлі ақпарат көздерінен мəліметтерді табу, өңдеу, талдау жəне 
пайдалану;  дербес  жұмыс  жасау;  алған  білімді  іс-тəжірибеде  қолдану;  мəселені  анықтау, 
қалыптастыру/тұжырымдау жəне шешу қабілеттілігін қалыптастыруы қажет. 
1.5  Дипломдық  жұмыс  (жоба)  белгілі  бір  мамандық  пен  ғылым  саласының  бір  өзекті 
мəселелесін зерттейді жəне өзбетінше ізденіс нəтижелерін қорытындылайды. 
1.6  Дипломдық  жұмыс  ғылыми  жетекшінің  жетекшілігімен  орындалады  жəне  келесі 
талаптарға жауап беруі тиіс: 
–  ғалымдармен,  аналитиктермен,  практиктермен,  менеджерлермен,  экономистермен 
бірге өткізілген зерттеулер мен жобалар шешімдерінің қорытындылануы;  
–  зерттелген  объектілер  бойынша  ғылыми  негізделген  теориялық  тұжырымдардың 
болуы; 

Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті 
 
ҚП-АƏИУ-09-2016 
Сапа менеджменті жүйесі 
Құжатталған процедура 
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы  
 217
 беттің 138-беті 
 
138 
 
–  нақты  мəселелерді  шешуді  қамтамасыз  ететін  ғылыми  негізделген  нəтижелердің 
болуы. 
 
2 Дипломдық жұмыстың (жобаның) тақырыптарына қойылатын талаптар 
2.1 Дипломдық жұмыстың (жобаның) тақырыптары заманауи жағдай мен болашақтағы 
ғылымның,  техника  мен  мəдениеттің  дамуына  сай  болып,  мазмұны  жағынан  талаптарға 
жауап беруі қажет. 
Дипломдық  жұмыстардың  (жобалардың)  тақырыптарын  анықтағанда,  өндіріс,  ғылым 
жəне мəдениет мəселелері мен шынайы міндеттерін есепке алу ұсынылады. 
2.2  Дипломдық  жұмыстың  (жобаның)  тақырыптары  мамандықтарға  жəне  мамандарды 
даярлау бағытына сəйкес болуы қажет . 
2.3 
Білім 
алушы 
дипломдық 
жұмыстың 
(жобаның) 
тақырыбын 
бекітілген 
тақырыптардан  таңдайды.  Білім  алушыға  бекітілген  тақырыптардан  да  тыс,  кафедраның 
зерттеу,  дайындық  бағытына  сəйкес  тақырыпқа  диплом  жұмысын  (жоба)  орындау  құқығы 
кафедра  меңгерушісінің  келісімімен  беріледі.  Мұндай  жағдайда  білім  алушы  таңдаған 
тақырыбының  негіздері  дəлелденген  тұжырымдамасын  немесе  осы  тақырыпқа  тапсырыс 
берген мекеменің хатын кафедраға тапсыруы керек. Сырттай бөлімде білім алушыға кафедра 
меңгерушісінің  келісімімен  диплом  жұмысын  (жоба)  өндірістік  қажеттілікке  сəйкес  таңдап 
алуына  рұқсат беріледі. 
2.4  Дипломдық  жұмыс  (жоба)  тақырыптарының  30%-ы  жыл  сайын  жаңартылып 
отырылуы тиіс. 
2.5  Дипломдық  жұмыс  (жоба)  тақырыптары  университеттің  маман  даярлаушы 
кафедрасында əзірленеді, факультет кеңесінде қаралып бекітіледі. 
 
3 Дипломдық жұмыстың (жобаның) жазылу ережелеріне қойылатын талаптар 
3.1  Дипломдық  жұмысты  (жобаны)  жазу  үшін  кафедраның  ұсынуымен  əр  білім 
алушыға ғылыми жетекші тағайындалады. 
3.2  Дипломдық  жұмыстың  (жобаның)  ғылыми  жетекшілері  болып  профессорлар, 
доценттер,  тəжірибелі  оқытушылар  мен  университеттің  ғылыми  қызметкерлері  жəне  басқа 
ұйымдардың  ғылыми  зерттеу,  дайындық  бағыттары  білім  алушының  мамандығына  сəйкес 
келетін жоғары білікті мамандары тағайындалады. 
3.3 Дипломдық жұмыстың (жобаның) жетекшісі: 
–  дипломдық жұмысына (жобаға) тапсырма береді;  
–  білім  алушыға  диплом  жұмысының  (жоба)  орындалуының  барлық  кезеңіне 
күнтізбелік кесте құруға көмектеседі; 
–  білім  алушыға  негізгі  қажетті  əдебиеттерді,  анықтамалық  жəне  архивтік 
материалдарды, тақырыпқа қажетті типтік жобалар жəне басқа да дерек көздерін ұсынады; 
–  білім алушының күнтізбелік кестесінің орындалуын қадағалайтын ағымдық бақылау 
жүзеге асырылатын кеңес кестесін құрады;  
–  диплом  жұмысының  (жоба)  барлық  тарауының  көлемін  белгілейді  жəне  диплом 
жазушы мен кеңесшінің жұмысын үйлестіреді. 
3.4  Дипломдық  жұмыстың  (жобаның)  тапсырмасы  білім  алушылардың  дайындаған 
бастапқы  материалдар  мен  дерек  көздерінің  сипаттамаларынан,  сұрақтар  тізімінен, 
ұсынылатын  əдебиеттер  тізімінен,  кестелік  материалдардың  тізімінен  (кесте,  диаграмма, 
үлгі), диплом жұмысының (жоба) күнтізібелік кестесінен тұрады. 
Дипломдық жұмыстың (жобаның) тапсырмасын кафедра меңгерушісі аяқталу мерзімін 
көрсете отырып бекітеді. Дипломдық жұмыстың (жобаның) тапсырмасы диплом жұмысына 
(жобаға) тігіледі. 
3.5  Жекелеген  тараулардың  кезекпен  орындалуы  көрсетілген  жұмыстың  күнтізбелік 
кестесі барлық кезеңдерге құрылады жəне ғылыми жетекшімен келісіледі. 

Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті 
 
ҚП-АƏИУ-09-2016 
Сапа менеджменті жүйесі 
Құжатталған процедура 
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы  
 217
 беттің 139-беті 
 
139 
 
3.6  Қажет  болған  жағдайда  дипломдық  жұмыстың  (жобаның)  ғылыми  жетекшісінің 
ұсынуымен  кафедра  дипломдық  жұмыстың  (жобаның)  жекелеген  тараулары  бойынша 
ғылыми жетекшіге бөлінген  уақыты есебінен кеңесшілер шақырады. 
3.7 Кеңесші ретінде профессорлар, доценттер, тəжірибелі оқытушылар, университеттің 
ғылыми  қызметкерлері,  басқа  да  ұйымдардың  жоғары  білікті  мамандары  мен  ғылыми 
қызметкерлерін  де  тағайындауға  болады.  Кеңесшілер  өздеріне  белгіленген  тарауларын 
тексеріп, қолын қояды. 
3.8 Маман даярлаушы кафедра диплом жұмысы (жоба) орындалмас бұрын əдістемелік 
нұсқау  əзірлеп,  білім  алушыларды  қамтамасыз  етулері  қажет,  дипломдық  жұмыстың 
(жобаның) орындалуына  ұсынылған  талаптар  мамандықтың  құзыреттерге  негізделген  білім 
беру бағдарламасына (ҚР МЖМБС) сəйкес болуы тиіс. 
3.9 Кафедра меңгерушісі дипломдық жұмыстың (жобаның) орындалуы бойынша  білім 
алушының есеп беру мерзімін белгілейді. Бұл мерзімдерде білім алушы ғылыми жетекшінің 
алдында жəне кафедра меңгерушісіне есеп береді, осы есеп бойынша дипломдық жұмыстың 
(жобаның)  дайындық  дəрежесі  назарға  алынып,  факультет  деканына  мəлімет  ретінде 
беріледі. 
3.10  Дипломдық  жұмыс (жоба)  мамандық  бойынша негізгі  əдебиеттерді  терең  зерттеу 
арқылы  орындалады  (оқулықтар,  көмекші  оқулықтар,  монографиялар,  басылымдық 
əдебиеттер,  лекциялық  курстар,  шет  тілдеріне  арналған  журналдар,  нормативтік  əдебиеттер 
жəне т.б.). 
3.11 Əрбір дипломдық жұмыстың (жобаның) тапсырмалары жеке жəне перспективалық 
теориялық,  практикалық  сұрақтарды  дайындау  тапсырмаларымен  сəйкес  болуы  қажет. 
Педагогикалық  мамандықтарда  міндетті  түрде  дипломдық  жұмыста  психологиялық-
педагогикалық,  əдістемелік  жəне  мамандандыру  (академиялық)  дайындық  бағыттары 
қамтылуы тиіс. 
3.12 Дипломдық жұмыстың (жобаның) ең негізгі мəтіні шығармашылық ойды, зерттеу 
əдістерін  пайдаланудың  негіздемесін  компьютерлік  технологияны  қолданумен  қабылданған 
есептеу  əдістері  мен  есебін,  жүргізілген  тəжірибенің  сипаттауын,  оларды  талдау  жəне 
олардың тұжырымдары, техникалық-экономикалық нұсқаларын салыстыруды ашып көрсетуі 
жəне қажет болған жағдайда кестелермен, эскиздермен, диаграммалармен, сызбалармен жəне 
т.б көрсетіліп сүйемелденуі қажет. 
3.13  Дипломдық  жұмысты  (жобаны)  білім  алушы  университетте,  сонымен  бірге 
өндірісте, ұйымдарда, ғылыми, конструкторлық-жоба жəне басқа да ұйымдарда орындайды. 
 
4 Дипломдық жұмыстың (жобаның) мазмұны мен құрылымы 
4.1  Дипломдық  жұмыс  өзінің  мазмұны  жағынан  университетті  бітіруші  курс  білім 
алушысының  нақты  мамандық  бойынша  өздігінен  дайындайтын,  қолжазба  түріндегі 
ғылыми-зерттеу жұмысы. 
4.2  Дипломдық  жұмыстың  (жобаның)  көлемі,  негізінен  60-90  бет  болуы  қажет: 
мамандық  ерекшелігіне  қарай  оның  көлемі  артуы  немесе  кемуі  мүмкін.  Маман  даярлаушы 
кафедра өзінің шешімімен диплом жұмысының көлемі мен басқа да ерекшеліктерін белгілей 
алады.    
Қосымшалар дипломдық жұмыстың (жобаның) көрсетілген көлеміне енгізілмейді.  
4.3 Дипломдық жұмыстың (жобаның) құрылымдық элементтеріне мыналар жатады: 
–  мұқабасы; 
–  титулдық беті; 
–  дипломдық жұмысты орындауға тапсырма; 
–  мазмұны; 
–  кіріспе; 
–  негізгі бөлім (теориялық, сараптамалық жəне ұсынымдық бөлімдер); 

Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті 
 
ҚП-АƏИУ-09-2016 
Сапа менеджменті жүйесі 
Құжатталған процедура 
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы  
 217
 беттің 140-беті 
 
140 
 
–  қорытынды (қорытындылар мен ұсыныстар); 
–  пайдаланылған əдебиеттер тізімі; 
–  қосымша(лар). 
4.4 Мұқабада «Дипломдық жұмыс» (дипломдық жоба) деген жазу көрсетіледі. 
Сыртқы бетінде келесі мағлұматтар келтіріледі: 
- дипломдық жұмыс (жоба) орындалған, ұйымның атауы,  
- білім алушының тегі жəне аты-жөні,  
- дипломдық жұмыстың (жобаның) тақырыбы,  
- жұмыстың түрі-диплом жұмысы (жоба), 
- мамандықтың атауы жəне коды, 
- қала жəне жұмыс (жоба) қорғалатын жыл. 
4.5  Титул  беті  дипломдық  жұмыстың  бірінші  беті  құжатты  қажетті  жағдайда  өңдеу 
жəне іздестіру үшін қажет болып табылатын ақпарат дерек көзі ретінде қызмет етеді. 
Титул бетіне келесі мағлұматтар келтіріледі: 
- дипломдық жұмыс (жоба) орындалған, ұйымның атауы,  
- дипломдық жұмыс (жоба) орындалған кафедра атауы, 
- шектеуіш гриф (қажет болғанда), 
- кафедра меңгерушісінің қолымен бекітілуі, 
- жұмыстың түрі - диплом жұмысы (жоба),  
-  «тақырыбына»  деген  сөздің  көрсетілуімен,  дипломдық  жұмыстың  (жобаның) 
тақырыбының, атауы, 
- мамандықтың коды жəне атауы,  
- сол жағында «орындаған», қарама-қарсы оң жағынан білім алушының тегі жəне аты- 
жөні, 
- бір жол төмен «ғылыми жетекшінің ғылыми дəрежесі, ғылыми атағы» жəне тегі мен   
аты-жөні,  
- қала жəне жыл көрсетіледі, 
Мұқабаны,  сыртқы  жəне  титул  бетін  рəсімдеу  үлгісі  А,  Б  жəне  В  қосымшаларына 
сəйкес келтіріледі. 
4.6  Дипломдық  жұмыстың  (жобаның)  мазмұны  кіріспе  бөлімін,  реттік  нөмірлер  жəне 
барлық  бөлім  (тарау)  атауларын,  тақырыпшаларды,  қорытындыны,  пайдаланылған 
əдебиеттер тізімін, беттердің нөмірлері көрсетілген қосымшаларын қамтиды.  
4.7 Кіріспе бөлім дипломдық жұмыстың (жобаның) өзекті мəселелерін, қазіргі ғылыми  
мəселелерді  шешу,  ахуалын  бағалаудан,  сонымен  қатар,  дипломның  мақсаты,  міндеттерін, 
зерттелу  обьектісін,  теориялық  мəнділігі  мен  ғылыми  жаңашылдығын  жəне  практикалық 
маңыздылығын, теориялық жəне əдіснамалық негіздерін құрайды. 
4.8  Дипломдық  жұмыстың  (жобаның)  негізгі  бөлігінде,  орындалған  дипломдық 
зерттеулердің мəнін, мазмұнын, əдістемесі мен диплом жұмысының негізгі қорытындыларын 
білдіретін мəліметтер келтіріледі.  
Дипломдық жұмыстың (жобаның) негізгі бөлігі ережеге сай, бөлім жəне тақырыптарға 
бөлінеді (бөлім жəне параграфтар). 
4.9 Қорытынды бөлім (тұжырым) дипломдық зерттеулер қорытындыларының қысқаша 
тұжырымынан,  қойылған  міндеттердің  толық  шешілуін  бағалаудан,  зерттелінген  объекті 
бойынша нақты ұсыныстардан тұруы қажет. 
4.10 Пайдаланылған əдебиеттер тізімі ғылыми жұмыстарға қойылған талаптарға сəйкес 
рəсімделеді. 
4.11  Қосымшаға  дипломның  зерттелуі  мен  орындалуына  байланысты,  негізгі  бөлімде 
қамтылмаған материалдар енгізіледі. 
 
 

Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті 
 
ҚП-АƏИУ-09-2016 
Сапа менеджменті жүйесі 
Құжатталған процедура 
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы  
 217
 беттің 141-беті 
 
141 
 
5 Дипломдық жұмысты (жобаны) рəсімдеу тəртібі 
5.1  Дипломдық  жұмыс  (жоба)  компьютер,  принтер  арқылы  А4  форматты  ақ  қағаздың 
бір жақ бетіне бір интервал (аралық) сақтай отырып орындалады. Шрифт-қалыпты, кегль 14. 
Дипломдық  жұмыстың  (жобаның)  мəтіні  жан-жағынан  қалдырылатын  ашық 
орындардың  (поля)  мына  мөлшерлерін  сақтай  отырып  басылуы  тиіс:  сол  жағынан  -  30  мм, 
жоғары жағынан - 20 мм, оң жағынан - 10 мм жəне төменгі жағынан - 25 мм. 
Айқындалып 
назар 
аударылатын 
терминдерге, 
формулаларға, 
теоремаларға, 
компьютерлік жағдайлардағы түрлі гарнитурлы шрифтарды пайдалануға рұқсат беріледі.  
5.2  Дипломдық  жұмыстың  (жобаның) орындау  тəсіліне  қарамастан  басылған  мəтіннің 
сапасы  мен  иллюстрациялардың,  кестелердің  ресімделу  ЭЕМБ  -  дан  басып  шығарылған 
кездегі айқындығы талапты қанағаттандыруы тиіс. 
5.3 Дипломдық жұмысты (жобаны) əзірлеу барысында көрінген қателер (парақ бетінде 
3  қатеден  артық  болмаған,  3  беттен  аспаған  жағдайда)  жəне  графикалық  дəлсіздіктерді, 
тазартқышпен немесе ақ бояумен бояу арқылы түзетуге жəне сол жерге машинамен басылған 
əдіспен немесе қара сиямен не қара тушпен - қолжазба түрінде түзетуге рұқсат беріледі.  
5.4  Дипломдық  жұмыстағы  (жобадағы)  мекеменің,  ұйымның,  фирманың  аттары, 
өнімнің аталуы жəне басқа жалқы есімдер атаулары түпнұсқа тіліне келтіріледі. 
5.5  Дипломдық  жұмыстың  (жобаның)  құрылымдық  элементтерінің  атаулары 
«Мазмұны»,  «Кіріспе»,  «Бөлімдер  атауы»  «Қорытынды»,  «Пайдаланылған  əдебиеттер 
тізімі», құрылымдық элементтерінің басында жазылуы тиіс. 
5.6  Дипломдық  жұмысты  (жобаны)  бөлімге  жəне  тақырыптарға  бөлу  қажет.  Əрбір 
бөлім жəне оны құрайтын тақырып аяқталған ақпараттан тұруы қажет. 
Бөлімдердің  атаулары  диплом  жұмысының  (жобаның)  тақырыбын  ашып  көрсетуі,  ал 
тақырыптардың атаулары өзі сəйкес бөлімнің тақырыбын ашып көрсетуі тиіс. 
5.7  Бөлімдер  мен  оны  құрайтын  тақырып  атаулары  олардың  мазмұнын  нақты  жəне 
қысқаша дəріптеуі тиіс. 
5.8  Бөлімдер  мен  оларды  құрайтын  тақырыптар  азатжолдан  (абзацтан)  кейін  бас 
əріппен, аяғында нүкте қоймай, астын сызбай жазу қажет. 
Егер де атаулар екі сөйлемнен тұрса, оларды нүктемен бөледі. 
5.9 Дипломдық жұмыстың (жобаның) беттерін араб сандарымен нөмірлеу қажет. Беттің 
нөмері қағаздың төменгі жағының ортасына нүктесіз қойылады. 
5.10  Титул  беті  жалпы  беттердің  нөмірленуіне  қосылады.  Титул  бетіне  нөмір 
қойылмайды. 
5.11  Жекелеген  беттерге  орналастырылған  иллюстрациялар  жəне  кестелер  дипломдық 
жұмыс (жоба) беттерінің жалпы нөмірлеріне қосылады. 
А3 формат парағындағы иллюстрациялар, кестелер бір бет ретінде есептелінеді. 
5.12  Дипломдық  жұмыстың  (жобаның)  бөлімдерінің  барлық  құжаттың  өн  бойында 
абзацтан кейін араб сандарымен белгіленіп нүктесіз қойылған реттік нөмірлері болуы қажет. 
Тақырыптар бөлімдер аясында нөмірленуі  қажет. Тақырып нөмірі, нүктемен бөлінген бөлім 
мен  оны  құраушы  тақырып  нөмірлерінен  тұрады.  Тақырып  нөмірінен  кейін  нүкте 
қойылмайды.  Бөлімдер  екі  немесе  бірнеше  тақырыптардан  тұрады.  Мамандықтың 
ерекшеліктеріне қарай дипломдық жұмыс (жоба) екі бөлімнен тұруы мүмкін. 
5.13  Дипломдық  жұмыстың  (жобаның)  əр  бөлімі  жаңа  парақтан  (беттен)  басталуы 
қажет.  Бір  бөлімнің  ішіндегі  тақырыптар  бір-бірінен  мəтіннен  екі  жол  төмен  түсіріліп 
бөлінеді. 
5.14  Дипломдық  жұмыстың  (жобаның)  беттері  жəне  қосымшасы,  диплом  жұмысының 
(жоба) құрамына кіретін барлық беттерінде нөмірлері болуы қажет. 
5.15  Дипломдық  жұмыстағы  (жобадағы)  иллюстрациялар  (сызбалар,  карталар, 
кестелер,  схемалар,  диаграммалар,  түсірілген  суреттер)  бірінші  немесе  келесі  беттерде 
екендігі ескертілген мəтіннен кейін орналасуы керек.   

Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті 
 
ҚП-АƏИУ-09-2016 
Сапа менеджменті жүйесі 
Құжатталған процедура 
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы  
 217
 беттің 142-беті 
 
142 
 
Иллюстрациялар  компьютермен  де  түрлі-түсті  жолмен  де  орындалуы  мүмкін.  Барлық 
иллюстрацияларға сілтемелер болуы қажет. 
5.16  Дипломдық  жұмыста  (жобада)  орналасқан  сызбалар,  кестелер,  диаграммалар, 
схемалар,  иллюстрациялар  конструкторлық  құжаттардың  бірыңғай  жүйесі  (БЖКҚ) 
мемлекеттік стандарттың талаптарына сай болуы тиіс. 
5.17  Қосымшадағы  иллюстрациялардан  басқа  иллюстрациялар  араб  сандарымен 
басынан аяғына дейін нөмірленуі тиіс. 
Егер  сурет  біреу  болса,  онда  ол  «1  сурет»,  «Сурет»  сөзі  жəне  оның  аталуы  жолдың 
ортасынан жазылуы тиіс. 
5.18  Иллюстрацияларды  бөлімдер  шеңберінде  (ішінде)  нөмірлеуге  болады.  Мұндай 
жағдайда  иллюстрациялар  нөмірі  нүктемен  бөлінген  бөлімнің  нөмірі  мен  иллюстрацияның 
реттік нөмірінен тұрады.  
5.19  Иллюстрациялардың  қажет  болған  жағдайда,  атаулары  мен  қоса  түсіндіретін 
мəліметтері болуы мүмкін сурет астындағы мəтін.  
5.20 Иллюстрацияға сілтеме жасау барысында нөмірлеуде «2-суретке сəйкес» деп жазу 
қажет, басынан аяғына дейін ал бөлім бойынша нөмірлеуде «1.2-суретке сəйкес» болуы тиіс. 
5.21  Кестелер  көрнекілік  ретінде  жəне  көрсеткіштерді  салыстыру  мақсатында 
қолданылады.  Кестелердің  атаулары  оның  мазмұнын  ашу  керек.  Дəл,  қысқаша  болуы  тиіс. 
Кестелердің  атауын  кестеден  жоғары,  жолдың  енінен  абзацтан  кейінгі  «1-кесте»  сөзінен 
бастап «» таңбасынан кейін орналастыру керек. 
5.22 Кестені өзі ескертілген мəтіннен кейін орналастыру қарастырылады. 
5.23  Барлық  кестелерге  дипломдық  жұмыста  (жобада)  сілтемелер  болуы  тиіс.  Сілтеме 
қоюда «кесте» деп нөмірлері көрсетіліп жазылуы қажет. 
5.24 Көп жол мөлшердегі кестені келесі параққа (бетке) көшіруге болады. Кесте бөлігін 
келесі параққа (бетке) көшіру  барысында  «Кесте» сөзі жəне нөмірі  бір рет кестенің  бірінші 
бөлігінің  сол  жағына,  ал  келесі  бөлігінде  «Жалғасы»  сөзі  жазылады  жəне  кесте  нөмірі 
көрсетіледі,  мысалы:  «1-кестенің  жалғасы».  Кестелерді  келесі  параққа  (бетке)  көшіру 
барысында  тақырыбы  тек  қана  бірінші  бөлігінің  үстіне  орналастырады.  Кестенің  бөлігін 
көшіруде кестені шектейтін төменгі көлбеу сызық сызылмайды.  
5.25  Егер  де  кестенің  əр  түрлі  жолдарындағы  қайталанатын  (графаларда)  мəтін  бір 
сөзден  тұрса,  онда  ол  бірінші  жазылғаннан  соң,  тырнақшамен  ауыстырылады;  егер  екі 
немесе  көп  сөзден  тұрса,  онда  бірінші  қайталанғаннан  соң,  оны  «ол  да  солай»  сөзімен 
ауыстырады,  əрі  қарай  -  тырнақшалармен.  Қайталанып  тұрған  сандардың,  маркалардың, 
белгілердің,  математикалық  жəне  химиялық  символдардың  орнына  тырнақшалар  қоюға 
болмайды. Егер əріптік жəне былайғы мəліметтер қандай да кесте жолдарында келтірілмесе, 
онда оған сызықша қойылады. 
5.26  Қосымшаға  шығарылған  кестелерден  басқа,  кестелер  арап  сандарымен  басынан 
аяғына дейін нөмірленуі тиіс. 
5.27 Бөлімдер ішіндегі кестелерді нөмірлеуге рұқсат беріледі. Мұндай жағдайда кесте-
лер нөмірі нүктемен бөлінген бөлімнің нөмірінен жəне кестенің реттік нөмірінен тұрады.  
5.28  Кесте  жолдары  жəне  графа  атаулары  жекеше  түрде  бас  əріппен  жазылады,  ал 
графаның  тақырыпшалары,  егер  тақырыпша  бір  сөйлемнен  тұрса,  тармақша  əріптермен 
немесе егер олар дербес мағынаға ие болса, бас əріппен  жазылады. Кестенің тақырыбы мен 
тақырыпшасынан кейін нүкте қойылмайды. 
5.29  Кестелердің  сол  жағынан,  оң  жəне  төменгі  жағынан,  ережедегідей,  сызықпен 
шектелуі тиіс. Кестелердің шрифт мөлшерін, мəтіндегіден кем алуға рұқсат беріледі. 
Графалардың  аты,  ережедегідей,  кесте  жолына  қатарлас  жазылады.  Қажет  болған 
жағдайда  графалардың  атын  перпендикуляр  орналастыруға  рұқсат  етіледі.  Кестенің  басы 
кестенің қалған бөлігінен жеке сызықпен бөлінуі тиіс. 

Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті 
 
ҚП-АƏИУ-09-2016 
Сапа менеджменті жүйесі 
Құжатталған процедура 
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы  
 217
 беттің 143-беті 
 
143 
 
5.30 «Ескерту» сөзі қызыл жолдан бас əріппен жазылуы жəне сызылмауы тиіс. 
5.31  Егер  мəтін  мазмұнына,  кесте  немесе  графикалық  материалдарға  түсінік  не 
анықтамалық мəліметтер қажет болса, дипломдық жұмысқа ескерту енгізіледі.   
5.32  Ескертуді  ескерту  қатысты  мəтіннен,  графикалық  материалдан  кейін  немесе 
кестеге  орналастырады.  Егер  ескерту  біреу  болса,  онда  «Ескерту»  сөзінен  кейін  сызықша 
қойылып,  ескерту  бас  əріппен  жазылады.  Бір  ескерту  нөмірленбейді.  Бірнеше  ескертулер 
арап  сандарымен  рет-ретімен  нүктесіз  нөмірленеді.  Кестелер  бойынша  ескерту  кестенің 
аяқталуын білдіретін соңғы сызықтың үстінен жазылады.  
5.33  Формулалар  жəне  теңдеулер  мəтіннен  басқа  жеке  жолға  бөліп  көрсетіледі.  Əрбір 
формулалар жəне теңдеулердің жоғары жəне төменгі жағынан бос, бір жолдан кем емес орын 
қалдыру  қажет.  Егер  теңдеу  бір  жолға  сыймаса,  онда  ол  теңдеу  теңдік  таңбаларынан  кейін 
(=)  немесе  қосу  белгісінен  кейін  (+),  алу  (-),  көбейту  (Х),  бөлу  (:),  немесе  математикалық 
белгілерден кейін көшірілуі тиіс жəне  келесі жолдардың басында таңба тағы қайталанады. 
5.34  Символдар  мен  сандық  коэффиценттердің  мағыналарын  түсіндіру  формулаға 
сəйкес келтіріліп, формулада берілген бірізділікпен жүргізілу керек. 
5.35  Дипломдық  жұмыстағы  (жобадағы)  формулаларды  реттік  нөмірлермен  нөмірлеу 
барлық  жұмыс  шегінде  дөңес  жақшаға  алынып,  арап  сандарымен  оң  жақ  шетте  бір  жолда 
қарастырылады. 
5.36  Мəтіндегі  өрнектердің  реттік  нөміріне  сілтеме  жақшаға  алынып  жасалады. 
Мысалы – (1) формулада.  
5.37  Бөлімді  құрайтын  тақырып  шегінде  (ішіндегі)  формулаларды  нөмірлеуге  рұқсат 
беріледі.  Мұндай  жағдайда  формула  нөмірлері  нүктемен  бөлінген  бөлімнің  нөмірлері  мен 
формулалардың реттік нөмірінен тұрады. 
5.38 Пайдаланған дерек көздеріне сілтемелер квадратты (тік) жақшаға алынады: [5, 7]. 
Пайдаланған  дерек  көздеріндегі  сілтемелер  нақты,  өзгеріссіз  берілсе,  онда  беттері 
көрсетіледі. Əдебиеттерге сілтемелер былайша жазылады: казақ тіліндегі: [100, 5-10 б.; 150, 
90 б.], орыс тіліндегі: [10, с. 200; 11, с. 55], [90, с. 29-38]; ағылшын тіліндегі: [10, р. 200; 11, р. 
55], [25, р. 30-35]. 
5.39  Дерек  көздері  туралы  мəлімет  диплом  жұмысының  (жобаның)  мəтініндегі  дерек 
көздерінің  сілтемелерінің  жасалу  реті  бойынша  орналасу  керек  жəне  абзацтан  кейін  арап 
сандарымен нүктесіз нөмірленеді. 
5.40  Қосымшалар  осы  диплом  жұмысының  (жобаның)  жалғасы  ретінде  келесі  
парақтарына рəсімделеді. 
5.41 Дипломдық жұмыстың (жобаның) мəтінінде барлық қосымшаларға сілтеме болуы 
тиіс. Қосымшалар мəтіндегі сілтемелердің ретіне қарай орналасады. 
5.42 Əрбір қосымша жаңа беттен басталып «Қосымша» сөзі мен атауы беттің жоғарғы 
жағының ортасында көрсетілуі тиіс. 
Қосымшаның аты болуы қажет, ол жеке жолға, мəтінге симметриялы түрде бас əріппен 
жазылады. 
Егер дипломдық жұмыс (жоба) бір қосымшадан тұрса, онда белгілемей жіберіледі. 
5.43  Қосымшалардың  дипломдық  жұмыстың  (жобаның)  қалған  бөлімдерімен  басынан 
басталатын ортақ нөмірлері болуы тиіс. 
Каталог: files -> Docs
Docs -> Қазақстан республикасы білім жҽне ғылым министрлігі қ. ЖҦбанов атындағЫ
Docs -> Бағдарламасы бойынша шығарылды Редакция алқасы: Т. Кəкішев, Ө. Əбдіманұлы, А. Қыраубаев
Docs -> Сабақ беру қызмет ұйғарылады;мәдени-ағарту; лекциялар оқу, өнер жөнінде әңгіме өткізу, мұражай
Docs -> А. Нұрмағамбетовтың Жоғары білім беру көшбасшыларының 2014 Еуразиялық
Docs -> Образовательная программа основного общего образования
Docs -> Педагогтың ҥздіксіз білім беру жҥйесіндегі кәсіптік қалыптасуы мен дамуы
Docs -> Сборник содержит материалы избранных докладов участников международной
Docs -> Халықаралық электронды ғылыми конференция материалдары
Docs -> 5В011900Шетел тілі: екі шетел тілі Академиялық дәрежесі: 5В011900 Шетел тілі: екі шетел тілі мамандығы бойынша білім бакалавры Сипаттама
Docs -> Бағдарламасы бойынша шығарылып отыр Редакция алқасы

жүктеу 9.9 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   32




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет