Қп-аəиу-09-2016 Сапа менеджменті жүйесі Құжатталған процедура Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы 217 беттің 1-беті 1



жүктеу 9.9 Kb.
Pdf просмотр
бет2/32
Дата28.04.2017
өлшемі9.9 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32

 
5 Жұмыс уақыты жəне оны пайдалану 
1.Жұмыс  уақытының  басталуы,  жəне  аяқталуы  жəне  түскі  үзіліс  уақыттары  келесі 
тəртіппен белгіленеді жəне жұмыс уақыты аптасына 40 сағаттан аспауы тиіс. 
2. Оқу процесіне қатысты қызметкерлер үшін: 
- оқу   процесін үздіксіз жүргізу мақсатында, оқытушы-профессорлар құрамы жəне оқу-
көмекші  құрамы  қызметкерлері  үшін  аптасына  5  күндік  жұмыс  күні.  Демалыс  күні  сенбі, 
жексенбі. Жұмыс  кұрылымдық бөлім басшыларының ұсынысымен АƏИУ ректоры бекітеді 
жəне жұмыс графигі катаң сақталуы тиіс. 
-  жұмыс  күнінде  оқытушы  профессорлар  құрамы  оқу  жүктемесін  орындаумен  қатар, 
оқу-əдістемелік,  ғылыми-шығармашылық,  тəрбиелік  жұмыстарды  жəне  кафедраның 
қоғамдық жұмыстарын жүргізуге тиіс. 
-  оқытушы-профессорлар  құрамы  университеттен  тыс  қосымша  жұмыстарға  кафедра 
меңгерушісі,  факультет  деканының  жəне  оқу    жəне  инновациялық  технологиялар  жөніндегі  
проректорының келісімімен жіберілуі тиіс 
3. Əкімшілік басқару, ғылыми құрам жəне бөлімдер үшін: 
- аптасына 5 күндік жұмыс күні, демалыс күндері -сенбі, жексенбі; 
- жұмыстың басталуы                         -9.00 
- жұмыстың аякталуы                        -18.00  
- түскі үзіліс                              -13.00-14.00 
4.Тиісті  реттерде  жұмыс  күнінің  ұзақтығы,  университет  басшылығы  бекіткен  тиісті 
жұмыс  уақытының  апталық  жəне  есепке  алатын  уақыгтағы  ұзақгылығы  сақталған  ауысу 
(смена) кестесімен белгіленеді. 
5.Қызметкер  өзінің  кызметіне  залал  келмейтін  немесе  жағдайлар  болғанда  жұмыстан 
сұрануға төмендегі тəртіппен рұқсат алуға мүмкіншілігі бар: 
- 3 сағатқа дейін тікелей басшысынан; 
- жұмыс күніне дейін жетекшілік жасайтын университет проректорынан; 
-  1  жұмыс  күнінен  артық  мерзімге  тек  ақысыз  демалыс  немесе  еңбек  демалысы 
есебінен сұрай отырып, жазбаша өтініш беруі тиіс. 

Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті 
 
ҚП-АƏИУ-09-2016 
Сапа менеджменті жүйесі 
Құжатталған процедура 
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы  
 217
 беттің 9-беті 
 

 
6.Қызметкер  үйленген  (тұрмысқа  шыққан)  реттерде  немесе  жақын  туысы  қайтыс 
болған реттерде бес күндік ақысыз демалыс алуға құқы бар. 
7.Қызметкер  ауырып  калған  реттерде  міндетті  түрде  тікелей  басшысы  жазбаша  түрде 
құқықтық қамтамасыз ету жəне кадрлармен жұмыс бөліміне хабарлама жасауға міндетті. 
8.Қызметкер  жұмыс  күнінде  алкогольдік,  нашақорлық  масаңдық  немесе  өзге  де 
жағынан  улану  жағдайын  туғызатын  заттарды  пайдалану  болған  реттерде,  дəлелді 
себептерсіз жұмыс орнында болмаған деп саналып, ҚР Еңбек кодексіне сəйкес тəртіптік шара 
колданылуы тиіс. 
 
6 Демалысқа шығару тəртібі 
1.Қызметкерлерге  жыл  сайынғы  еңбек  демалыстарын  берудің  кезектілігі  еңбек, 
ұжымдык шарттарда белгіленген талаптарға сай белгіленеді. 
2.Еңбек демалысына дəл келетін мереке күндерін есептемегенде, жыл сайынғы кезекті 
еңбек  демалыстарының  ұзақтығы  күнтізбелік  күндермен  есептелініп,  кезекті  еңбек  демалыс 
кестесі  бекітіліп  сəуір  айынан  кешіктірілмей    құқықтық  қамтамасыз  ету  жəне  кадрлармен 
жұмыс бөліміне өткізіледі. 
3.Құрылымдық бөлім басшылары бекітілген кезекті еңбек демалыстарының, кестесімен 
қызметкерлерді  таныстырып,  дəлелді  себептермен  еңбек  демалыс  кестесі  өзгертілетін 
жағдайда  құқықтық  қамтамасыз  ету  жəне  кадрлармен  жұмыс  бөліміне  жазбаша  түрде 
ескертуі тиіс. 
4.Бекітілтен  кезекті  еңбек  демалыс  кестесіне  сəйкес  АƏИУ  ректорының  бұйрығы 
шығарылады. 
5.Еңбек  демалысына  ақы  төлеу  ол  басталғанға  дейін  күнтізбелік  үш  күннен 
кешіктірілмей жүргізілуі тиіс, 
6.Қатарынан екі жыл бойы еңбек демалысын бермеуге тыйым салынады. 
7.Тараптардың  келісімі  бойынша  қызметкерге  оның  өтініші  негізінде  жалақысы 
сакталмайтын ақысыз демалыс берілуі мүмкін. 
8.Білім  беру  ұйымында  оқитын  кызметкерлерге  емтихандар  тапсыру,  диплом  жобасын 
(жұмысын) дайындау жəне қорғау, бітірушілер емтихандарын тапсыру кезінде ақы төленетін 
немесе акы төленбейтін қосымша демалыс беріледі. 
 
7 Қызметкерлерді марапаттау тəртібі 
1.Қызметтік  міндеттерін  үлгілі  орындағаны,  білімнің  жəне  ғылымның  даму  сапасын 
көтеруде  атқарған  адал  қызметі  жəне  басқа  да  жетістіктері  үшін  АƏИУ  ректорының 
төмендегідей марапаттау шаралары қолданылады: 
- бұйрықпен алғыс жариялау; 
- құрмет грамотасымен марапаттау; 
- ережеге сəйкес ақшалай сый ақымен марапаттау. 
2.Марапаттаулар  АƏИУ  ректорының  бұйрығымен  жарияланып,  қызметкердің  еңбек 
кітапшасына жазылады. 
3.Қызметтегі  ерекше  жетістіктері  жəне  көп  жылдық  еңбектері  үшін  университет 
қызметкерлері  АƏИУ  Ғылыми  Кеңестің  шешіміне  сай  ректордың  бұйрығымен  бекітілген 
арнайы  комиссияның  шешімімен  Білім    жəне  Ғылым  Министрлігінің    марапаттауына,      ҚР   
мемлекеттік наградаларымен марапаттауға жəне құрметті атақтар алуға ұсынылады. 
 
8 Қызметкерлерге тəртіптік жаза қолдану шаралары 
1.Еңбек  тəртібін  бұзғаны  үшін,  яғни  қызметкердің  кінəсін  оған  жүктелген  еңбек 
міндеттерінің  орындалмағаны  немесе  тиісінше  орындалмағаны  үшін  жұмыс  беруші 
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 72 бабына сəйкес тəртіптік жазалар қолдануға 
құқы бар: 

Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті 
 
ҚП-АƏИУ-09-2016 
Сапа менеджменті жүйесі 
Құжатталған процедура 
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы  
 217
 беттің 10-беті 
 
10 
 
- ескерту жасауға; 
- сөгіс беруге; 
- қатаң сөгіс беруге; 
- осы заңның 54-бабына сəйкес еңбек шартын бұзуға құқылы. 
2.Заңда көзделмеген тəртіптік жазалау шараларын қолдануға жол берілмейді. 
3.Тəртіптік  жаза  қолданылатын  қызметкерден  жазбаша  түрде  түсініктемесі  талап 
етіледі, тəртіптік жаза АƏИУ ректорының бұйрығымен беріледі жəне қызметкер бұйрықпен 
таныстырылады. 
4.Тəртіптік  жазаның  қолданылу  мерзімі  оны  қолданған  күннен  бастап  алты  айдан 
аспауы тиіс. 
 
9 Іссапарға жіберу тəртібі 
1.Қызметтік  іс-сапарлар  ҚР  БжҒМ  келген  хатгар,  ЖОО-нан  жəне  басқа  да 
ұжымдардан  келген  шақыру  хаттарына  сəйкес  құрылымдық  бөлім  басшысының  жазған 
қызмет хаты жəне қызметкердің өтініші негізінде жіберіледі. 
2.Іс-сапарға  жіберу  туралы  кызмет  хатта  міндетті  түрде  керсетілуі  тиіс:  іс-сапардың 
мақсаты; 
- іс-сапарға баратын жері, мекеменің толық аталуы; 
- іс-сапар мерзімі; 
- іс-сапар шығыны кімнің есебінен төленетіні; 
- іс-сапар мерзімінде уакытша міндетін жүктеу туралы. 
3.Іс-сапарға  жіберу  туралы  қызмет  хатқа  негіз  болатын  хаттар  жəне  қажет  болған 
жағдайда іс-сапар шығынын бекітілген сметасы қосымша тіркелуі қажет. 
4.Қызмет  хатта  жетекші  бөлім  басшылары  жəне  жетекші  орынбасарларының 
келісімдері  алынып,  жалпы  бөлімге  тіркеледі.  АƏИУ  ректорының  бұрыштамасынан 
(рұқсатынан) кейін іс-сапарға жіберу туралы бұйрығы шығарылады. 
5.Бұйрықтың көшірмесі есеп-қисап бөліміне беріледі. 
6.Құқықтық қамтамасыз ету жəне кадрлармен жұмыс бөлімі іс-сапарға жіберу куəлігін 
журналға тіркеп қызметкерге қол койдырып береді. 
7.Іс-сапардан  келген  қызметкер  келу-кету  белгісі  қойылған  іс-сапар  куəлігін  жəне 
бекітілген  формаға  сəйкес  іс-сапардың  нəтижесі  бойынша  есебін  жазып,  жетекші 
орынбасарлар бекітеді. 
8.Бес күннен кешіктірмей есеп-қисап бөлімінен толық есептесуі керек. 
 
 
 
1.2 ҒЫЛЫМИ КЕҢЕС ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ  
 
1 Жалпы ережелер 
1.1  Аймақтық  əлеуметтік-инновациялық  университетінің  Ғылыми  кеңесі  "Білім 
туралы"  Қазақстан  Республикасының  2007  жылғы  27  шілдедегі  Заңының  44-бабының  9-
тармағына,  Қазақстан  Республикасы  Білім  жəне  ғылым  министрі  міндетін  атқарушының 
2007 жылғы 22 қарашадағы № 574 бұйрығымен бекітілген «Жоғары оқу орнының Ғылыми 
кеңесі қызметінің үлгі ережесі жəне оны сайлау тəртібіне» сəйкес əзірленді. 
1.2  АƏИУ  Ғылыми  кеңесі  университетті  алқалық  басқарудың  бір  нысаны  болып 
табылады. 
1.3  Ғылыми  кеңес  өз  қызметінде  Қазақстан  Республикасының  Заңнамаларын,  осы 
Ережені,  сондай-ақ  АƏИУ  жарғысын  басшылыққа  алады.  Ғылыми  кеңестің  қызметі  оның 
құзырына кіретін мəселелерді ұжымдық талқылаудың ашықтығына негізделеді. 

Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті 
 
ҚП-АƏИУ-09-2016 
Сапа менеджменті жүйесі 
Құжатталған процедура 
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы  
 217
 беттің 11-беті 
 
11 
 
 
2 Ғылыми кеңестің құрамы, құрылымы жəне оны сайлау тəртібі 
2.1 Ғылыми кеңес АƏИУ ректорының бұйрығымен құрылады. 
2.2  Ғылыми  кеңесінің  құрамына  университет  ректоры,  проректорлар,  құрылымдық 
бөлім  басшылары,  профессор-оқытушы  құрамы,  университет  жастар  комитеті  өкілдері 
кіреді. 
2.3 Ғылыми кеңестің құрамы 3 жыл мерзімге сайланады жəне тақ санды мүшелерден 
тұрады.Қажетіне 
қарай 
жалпы 
жиналыстың 
шешімімен 
оның 
құрамына 
жеке 
өзгерістеренгізілуімүмкін. 
2.4  Ғылыми  кеңес  төрағасы  АƏИУ  ректоры  болып  табылады.  Төраға  төрағаның 
орынбасарын  тағайындайды.  Төраға  болмаған  жағдайда,  оның  міндетін  орынбасары 
атқарады. 
2.5 
Төраға 
Ғылыми 
кеңестің 
жұмысын 
ұйымдастырады 
жəне 
Қазақстан 
Республикасының заңнамаларына, осы Ережеге сəйкес оның жұмысын қамтамасыз етеді. 
2.6  Ғылыми  кеңестің  басқа  мүшелері  АƏИУ  ұжымының  жалпы  жиналысында 
жасырын дауыспен сайланады. 
2.7 Хатшыны Ғылыми кеңес сайлайды жəне ол Ғылыми кеңестің іс қағазын жүргізуге 
жауапты болады. 
2.8  Ғылыми  Кеңес  өз  жұмысын  оқу  жылына  бекіткен  жұмыс  жоспары  негізінде 
ұйымдастырады.  Ғылыми  кеңестің  отырысы  оқу  жылына  жасалған  бекітілген  жұмыс 
жоспарына сəйкес айына кемінде бір рет өтеді. 
2.9  Ғылыми  кеңестің  отырысы,  егер  оған  Ғылыми  кеңес  мүшелерінің  кемінде  үштен 
екісі  қатысса,  заңды  күші  бар  болып  табылады.  Дəлелді  себептер  бойынша  Ғылыми 
кеңестің  мүшесі  отырысқа  қатыса  алмайтын  болса,  ол  туралы  алдын  ала  төрағаға 
хабарлауы керек. Ғылыми кеңестің шешімі, егер оған Ғылыми кеңес мүшелерінің көпшілігі 
дауыс берсе, қабылданған болып есептеледі. 
 
3 Ғылыми кеңес қызметінің мақсаты  
3.1  Кəсіби  оқу  бағдарламаларын  табысты  іске  асыру  мақсатында  профессорлық-
оқытушылық құрам жəне АƏИУ-дің білім алушылары үшін қажетті жағдайларды жасайды. 
3.2  АƏИУ-дің  қаржы  саласын  реттейді  жəне  материалдық-техникалық  базасын 
нығайтады. 
3.3 АƏИУ-дің одан əрі дамуына ықпал ету болып табылады. 
 
4 Ғылыми кеңестің құзырына мыналар жатады:  
- университет құрылымын бекіту; 
- университет Жарғысына толықтырулар мен өзгертулер енгізу; 
-  университет оқу жəне ғылыми  бөлімшелерін құру,  қайта  ұйымдастыру жəне тарату 
(зертханалар, кафедралар, факультеттер жəне тағы басқалар); 
- университет даму тұжырымдамасын айқындау; 
-  университеттің  оқу-тəрбиелік,  ғылыми-зерттеу  жəне  шаруашылық  қызметтерін 
ұйымдастырудағы барлық негізгі болып келетін мəселелерді шешу; 
-  ректордың,  проректорлардың,  құрылымдық  бөлім  басшыларының  жəне  оқу, 
ғылыми-зерттеу, тəрбие, қаржы, шаруашылық, ақпарат, халықаралық жəне басқа да қызмет 
түрлерін  жүргізудегі  бағыттары,  нысандары  жəне  əдістері  туралы  жыл  сайынғы  есебін 
тыңдау;  
- оқу-əдістемелік əзірлемелерді жəне оқу құралдарын, оқулықтарды шығаруды ұсыну 
жəне қарастыру; 
-  ақылы  негізде  оқитын  студенттерді  білім  беру  гранттарына  жəне  оқытудың 
экстернат нысанына ауыстыру туралы шешім қабылдау; 

Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті 
 
ҚП-АƏИУ-09-2016 
Сапа менеджменті жүйесі 
Құжатталған процедура 
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы  
 217
 беттің 12-беті 
 
12 
 
-  диссертациялық  зерттеулер  жүргізу  мақсатында  магистранттардың  ғылыми 
жетекшілерін, тақырыптарын бекіту;  
- университеттің қаржы-шаруашылық қызметін бақылауды ұйымдастыру; 
-  бюджеттен  тыс  қаражаттарды  пайдалану  тəртібін,  сондай-ақ  университетте  ақылы 
білім  беру  жəне  өндірілген  өнімдерді  тарату  жолымен  алынған  реинвестициялық 
кірістердің бағыттарын анықтау; 
-  атаулы  степендиялар  мен  сыйақыларды,  ғылыми  жəне  құрметті  атақтарды 
тағайындау жəне бекіту; 
- университет қызметкерлерін, шығармашылық ұжымды үкіметтік наградаларға жəне 
құрметті атақтарға ұсыну туралы мəселелерді қарау; 
-  алқалық  шешімді  талап  ететін  университеттің  ағымдық  қызметінің  өзге  де 
мəселелерін қарау.  
Ғылыми кеңес шешімі Ғылыми кеңес төрағасының жəне Ғылыми кеңес хатшысының 
қолдары қойылатын хаттамалармен ресімделеді. 
 
 
 
1.3 ОФИС РЕГИСТРАТОР ЕРЕЖЕСІ 
 
1 Жалпы ережелер 
1.1  Офис  регистратор  –  аймақтық  əлеуметтік-инновациялық  университетінің  
құрылымдық бөлімі болып табылады. 
1.2  Офис  регистратор  бөлімі  өз  қызметіне  Қазақстан  Республикасының  күші  бар 
заңдарын,  ҚР  БЖҒМ-нің  нормативтік-құқықтық  құжаттарын,  университет  ректорының 
бұйрықтары мен өкімдерін, университет Жарғысын басшылыққа алады. 
1.3  Офис  регистратор  бөлімінің  меңгерушісі  университет  ректорының  бұйрығымен 
қызметке қабылданады жəне босатылады. 
1.4  Офис  регистратор  бөлімі  білім  алушының  оқу  пəндерін  тіркейтіні  жайында  жəне 
академиялық күнтізбеге, оқу жоспарына сəйкес ұйымдастыратын, жоспарлайтын іс-шаралар 
туралы сұрақтарды шешеді. 
 
2  Офис регистратор бөлімінің қызметтері 
2.1  Білім  алушының  оқу  пəндерін  тіркейді  жəне  академиялық  күнтізбеге,  оқу 
жоспарына сəйкес ұйымдастырады; 
2.2  Іс-шаралар кестесімен білім алушының оқу жетістіктерін қадағалайды; 
2.3  Білім  алушыны  орталықтандырылған  он-лайнға  тіркеу,  пəндердің  пəнаралық 
таңдалынуымен қамтамасыз етеді;  
2.4  «Platonus» жүйесіне оқу жоспарларын ендіреді жəне бақылайды; 
2.5  Академиялық  күнтізбеге  сəйкес  білім  алушыларды  тұтастай  оқу  жылына 
белгіленген мерзімге тіркеуді, жазғы семестрге қайта тіркеу мен тіркеуді қамтамасыз етеді; 
2.6  Білім алушыларды университетке тіркеу, кредиттік технологиялар бойынша блімді 
бағалау жүйесінің негізгі принциптері мəселелері бойынша кеңес береді;  
2.7  Тіркеу бойынша мəліметтерді жинақтайды  жəне мəліметтер дайындайды;  
 
3 Офис регистратор бөлімінің міндеттері:  
3.1 Аттестаттау  жəне емтихан тізімдемелерін құрастыруға  жəне дайындауға:    
3.2 Аттестаттау барысында арнайы рұқсатсыз араласуды тоқтатуға;  
3.3  Пəндерді  тіркеу  жəне  қайта  тіркеу  мəселесі  бойынша  білім  алушылар  мен 
оқытушыларға кеңес беруге;  

Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті 
 
ҚП-АƏИУ-09-2016 
Сапа менеджменті жүйесі 
Құжатталған процедура 
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы  
 217
 беттің 13-беті 
 
13 
 
3.4 «Platonus» жүйесінде пəндерге ПОҚ байланыстыруға жəне тіркеуге;  
3.5 Қайта тіркеу өтініштерін реттеу, білім алушыларды қайта тіркеуге;  
3.6  Білім  алушыларды  ағымдық  жəне  жазғы  семестрлердегі  пəндерді  қайта  оқуға 
тіркеуге;  
3.7 Аралық бақылау тіркемелерін қалыптастыруға;  
3.8 Емтихан тіркемелерін қалыптастыруға;  
3.9  Бағаның  дұрыс  ендірілуін  бақылау,  аралық  жəне  қорытынды  бақылау  нəтижелерін 
сақтауға;  
3.10 Транскрипті түзетуге жəне беруге;  
3.11  Қосымшаға  (транскрипт)  мəлімет  дайындауға,  пəндерді,  кредиттерді  GPA 
тексеруге. 
 
 
 
 
1.4 ОҚУ БӨЛІМІНІҢ ЕРЕЖЕСІ 
 
1 Жалпы ережелер 
1.1  Оқу  бөлімі  –  аймақтық  əлеуметтік-инновациялық  университетінің  оқу  процесінің 
нормативті  ұйымдастырылуын  қамтамасыз  ететін,  профессорлық-оқытушылар  құрамының 
оқу    үдерісінің  жұмыстарын  үйлестіретін,  университеттің  оқу  кестесінің  ұйымдастырылуы 
мен басқарылуын жүзеге асыратын бөлім болып табылады. 
1.2  Оқу  бөлімі  өз  қызметіне  Қазақстан  Республикасының  күші  бар  заңдарын,  ҚР 
БЖҒМ-нің  нормативтік-құқықтық  құжаттарын,  университет  ректорының  бұйрықтары  мен 
өкімдерін, университет Жарғысын басшылыққа алады. 
1.3  Оқу  бөлімінің  меңгерушісі  университет  ректорының  бұйрығымен  қызметке 
қабылданады жəне босатылады.   
 
2 Оқу бөлімінің қызметтері:  
2.1 Университеттегі оқу процесін жоспарлайды, ұйымдастырады, бақылайды; 
2.2  Оқу  процесіне  қатысты  дайындалатын  барлық  есептерді  жасау  жұмыстарын 
ұйымдастыруға жетекшілік етеді.  
2.3  Университет  кафедраларын  Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік  білім 
стандарттармен жұмыс оқу жоспарларымен қамтамасыз етеді; 
2.4  Мамандықтар  бойынша  оқу  жоспарларының  стандартқа  сай  құрылып,  бекітілуін 
қадағалайды; 
2.5  Күндізгі  жəне  сырттай,  кешкі,  қашықтықтан  оқу  түрлері  бойынша  оқу  процесінің 
кестесін құрайды; 
2.6 Оқудың сабақ, емтихан кестелерін құрып, бекітіп, олардың орындалуын бақылайды; 
2.7 Оқытушылардың педагогикалық жүктемесінің орындалуын бақылайды; 
2.8 Оқу процесінің барысын қадағалайды; 
2.9 Практиканың барлық түрлерінің жүргізілуін, ұйымдастырылуын бақылайды; 
 
3 Оқу бөлімінің міндеттері: 
3.1 Оқудың барлық түрлері бойынша барлық мамандықтардың негізгі жəне жұмыс оқу 
жоспарларын ұйымдастыруға, келісімге əзірлеуге;  
3.2  Барлық  мамандықтар  бойынша  оқу  жоспарларының  орындалуын  бақылауға, 
кафедралардың оқу жұмысын тексеруге; 
3.3 Қорытынды мемлекеттік аттестациясын өткізуді үйлестіруге жəне бақылауға; 

Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті 
 
ҚП-АƏИУ-09-2016 
Сапа менеджменті жүйесі 
Құжатталған процедура 
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы  
 217
 беттің 14-беті 
 
14 
 
3.4 Университеттің профессорлық-оқытушылар құрамының қозғалысы жəне сан есебін 
бақылауға; 
3.5  Бұйрықтардың,  өкімдердің,  жоғарыдағы  ұйымдардың  көрсеткіштері  мен  нұсқау-
лардың, оқу процесінің өткізуін жəне ұйымдастыру сұрақтары бойынша бақылауға; 
3.6  Оқу  жүктемесін  есептеу,  кафедралар  жəне  университет  бойынша  ПОҚ-тың  штат-
тық кестесінің жобасын жасауға;  
3.7  ПОҚ-ның  жеке  жоспарларының  орындалуын  бақылауға  (жарты  жылдық  жəне  оқу 
жылы бойынша); 
3.8  Университет  базасында  жəне  басқа  базаларда  барлық  мамандықтар  бойынша  іс-
тəжірибелердің өтілуі мен ұйымдастырылуын бақылауға жəне сараптауға; 
3.9 Оқу үдерісін ұйымдастыру жұмыстарымен айналысуға; 
3.10  Сабақ  кестесін  дайындап,  сабақтардың  бекiтiлген  кестеге  сəйкес  жүргізілуін 
қадағалауға; 
3.11  Мамандықтар  бойынша  дайындалатын  жұмыс  оқу  жоспарларының  ҚР  БҒМ 
мемлекеттiк жалпыға мiндеттi бiлiм беру стандарттарына сəйкестігін қадағалауға; 
3.12  Іс-тəжірибелердің  барлық  түрлері  бойынша  ұйымдастырылуы  мен  өткізілуін 
бақылауға; 
3.13  Оқу  жұмысы  бойынша  университеттің  барлық  мəліметтерін  жинақтап,  талдаулар 
жасауға; 
3.14 Оқу процесінің барысы мен емтихан сессиясының нəтижелерін талдауға;  
3.15  Университет  студенттері  іс-құжаттарының  сақталуын  қамтамасыз  етуге,  қажетті 
мəліметтер мен анықтамалар дайындауға;  
3.16  Бөлімнің  барлық  жұмыстарын  университеттің  Жарғысына,  ішкі  еңбек  тəртібі 
ережесіне жəне осы құрылым ережесіне негіздеп жүргізуге.   
 
 
 
 
1.5 ФАКУЛЬТЕТ ЕРЕЖЕСІ  
 
1 Жалпы ережелер 
1.1  Факультет  -  аймақтық  əлеуметтік-инновациялық  университетінің  оқу-ғылыми 
құрылымы  болып  табылады.  Кафедралардың  оқу-əдістемелік  жəне  ғылыми-зерттеу 
жұмыстарына басшылық жасайды. 
1.2  Факультетті  факультет  деканы  басқарады,  университет  ректорының  бұйрығымен 
тағайындалады жəне  тікелей бағынады.  
1.3  Факультет  деканы  университет  ректорымен  жəне  проректорлармен  келісілген 
шешімі мен өкімдері факультеттің барлық қызметкерлері мен студенттеріне жеткізіледі.  
1.4  Факультетте  оқу-тəрбие  жұмыстарының  мазмұнын,  оларды  ұйымдастыру  мен 
өткізудің  əдістемесін  көрсететін  құжаттары  жоғары  оқу  орнында  іс  жүргізу  нұсқаулығымен 
жəне осы Ережемен жүргізіледі. 
1.5 Факультет деканының басшылығымен оқу, ғылыми-əдістемелік жəне тəрбие жұмыс-
тарының барлық түрі жүзеге асырылады.  
1.6  Факультет өзінің қызметінде ҚР «Білім туралы», «Еңбек туралы», «Ғылым туралы» 
заңдарын,  ҚР  БҒМ  нормативтік-құқықтық  актілерін,  университет  Жарғысын,  осы  Ережені, 
университет ректорының бұйрықтары  мен өкімдерін басшылыққа алады. 
 
2 Факультет қызметі: 
2.1  Бизнес  жəне  техника  факультеттің  басты  қызметі  –  бір  немесе  сəйкес  бірнеше 
мамандықтар  бойынша  оқу  жəне  ғылыми  əдістемелік  жұмыстарды,  студенттер  арасында 

Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті 
 
ҚП-АƏИУ-09-2016 
Сапа менеджменті жүйесі 
Құжатталған процедура 
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы  
 217
 беттің 15-беті 
 
15 
 
тəрбие  жұмыстарын,  факультет  мамандығына  сəйкес  ғылыми  зерттеулерді,  ғылыми-педагог 
кадрларды даярлап, олардың біліктіліктерін ұйымдастырып, жүзеге асыру болып табылады. 
2.2  Факультет  құжаттарында  оқу-əдістемелік,  ғылыми  жəне  тəрбие  жұмыстарды 
ұйымдастыру  бойынша  келесі  негізгі  теориялық  жəне  практикалық  аспектілер  көрсетіледі: 
жоспарлау,  ұйымдастыру,  оқу  үрдісін  басқару  жəне  оны  бақылау;  білім  беру  үрдісін  оқу-
əдістемелік  қамтамасыз  ету;  оқытушылар  мен  студенттердің  ғылыми-зерттеу  жұмыстарын 
жоспарлау,  ұйымдастыру  жəне  бақылау;  білім  беру  үрдісінің  іске  асырылуы  жоғары  сапада 
болуын  қамтамасыз  ету;  студенттер  контингентін  қалыптастыру;  факультеттің  профессор-
оқытушы  құрамының  педагогикалық  жəне  ғылыми  біліктілігін  жоғарылату;  сыртқы  қарым-
қатынасты орнату жəне дамыту. 
2.3  Факультетте  оқу  процесін  оқу-əдістемелік  қамтамасыз  ету  бойынша  кафедра 
жұмыстарын  үйлестіреді  (жұмыс  оқу  жоспарын,  оқу  пəндерінің  бағдарламаларын,  жұмыс 
бағдарламаларын,  курстық  жəне  дипломдық  жұмыстардың  тақырыптарын  дайындау  жəне 
т.б.) 
2.4  Факультет  кафедраларындағы  ғылыми  жұмыстарды  үйлестіреді,  жүргізілген 
ғылыми-зерттеу  жəне  əдістемелік  жұмыстардың  нəтижелері  бойынша  факультеттік  ғылыми 
жəне əдістемелік семинарлар, конференциялар өткізеді. 
2.5 Факультет  кафедраларының  білім  мекемелерімен,  ғылыми  ұйымдармен  жəне  басқа 
оқу орындарымен байланыстарын кеңейтуге қатысады. 
2.6  Профессор-оқытушылар  құрамын  жəне  оқу-көмекші  қызметкерлерді  таңдауға 
қатысады. 
2.7  Факультет  кафедралармен  бірлесіп  студенттік  олимпиадалар,  теориялық  жəне 
ғылыми-практикалық 
конференциялар 
ұйымдастырады, 
жақсартуға 
ықпал 
етеді, 
студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын ынталандырады. 
2.8  Факультеттің  қызметі  оқу-əдістемелік  жəне  ұйымдастырушылық  жұмыстарда 
оқытушылардың  шығармашылық  белсенділігін  ынталандыруға,  білім  сапасын  көтеруіне, 
жоғары  оқу  орындағы  дидактика  саласында  жетекші  ғылыми-педагогикалық  жетістіктерге 
қол  жеткізуге  бағытталған.  Факультет  қызметкерлері  студенттер  мен  білім  беру  мекемесінің 
тыңдаушыларын топтауға қатысады, оқушылар арасында жəне қала мен облыс тұрғындарына 
үгіт-насихат жұмыстарын белсене жүргізеді, студенттермен өзара байланысты ұстайды жəне 
дамытады, олардың ұсыныстары мен мəселелеріне уақытылы əрекет етеді. 
 
Каталог: files -> Docs
Docs -> Қазақстан республикасы білім жҽне ғылым министрлігі қ. ЖҦбанов атындағЫ
Docs -> Бағдарламасы бойынша шығарылды Редакция алқасы: Т. Кəкішев, Ө. Əбдіманұлы, А. Қыраубаев
Docs -> Сабақ беру қызмет ұйғарылады;мәдени-ағарту; лекциялар оқу, өнер жөнінде әңгіме өткізу, мұражай
Docs -> А. Нұрмағамбетовтың Жоғары білім беру көшбасшыларының 2014 Еуразиялық
Docs -> Образовательная программа основного общего образования
Docs -> Педагогтың ҥздіксіз білім беру жҥйесіндегі кәсіптік қалыптасуы мен дамуы
Docs -> Сборник содержит материалы избранных докладов участников международной
Docs -> Халықаралық электронды ғылыми конференция материалдары
Docs -> 5В011900Шетел тілі: екі шетел тілі Академиялық дәрежесі: 5В011900 Шетел тілі: екі шетел тілі мамандығы бойынша білім бакалавры Сипаттама
Docs -> Бағдарламасы бойынша шығарылып отыр Редакция алқасы

жүктеу 9.9 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет