Қп-аəиу-09-2016 Сапа менеджменті жүйесі Құжатталған процедура Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы 217 беттің 1-беті 1



жүктеу 9.9 Kb.
Pdf просмотр
бет18/32
Дата28.04.2017
өлшемі9.9 Kb.
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   32

 
ҚП-АƏИУ-09-2016 
Сапа менеджменті жүйесі 
Құжатталған процедура 
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы  
 217
 беттің 118-беті 
 
118 
 
38.  Хаттаманы  бітіртуші  кафедра  оқытушылары  арасынан  комиссия  құрамына 
бекітілген МАК хатшысы толтырады. 
39.  Хаттамаға  мемлекеттік  емтихандарда  жəне  диплом  жұмысын  (жобасын)  қорғауда 
анықталған  білімдердің  бағалары  енгізіледі,  сондай-ақ  берілген  сұрақтар  мен  МАК 
мүшелерінің  пікірлері  жазылады.  Егер  МАК-тың  бір  мүшесінің  пікірі  комиссияның  қалған 
мүшелерінің пікірлерімен сəйкес келмеген жағдайда, ол өз пікірін хаттамаға жазады жəне өзі 
қол қояды. 
Хаттамада  «бакалавр»  академиялық  дəрежесін  жəне  немесе  біліктілік  беру,  сондай-ақ 
студентке қандай диплом (үздік немесе үздік емес) берілетіні көрсетіледі.  
40.  Дипломдық  жұмысты  (жобасын)  қорғау  мемлекеттік  емтихан  бағалары  туралы, 
сондай-ақ,  академиялық  дəреже  тағайындау  жəне  біліктілік  беру  немесе  жəне  мемлекеттік 
үлгідегі  (үздік  емес,  үздік)  диплом  беру  туралы  шешім  МАК  мүшелерінің  отырысына 
қатысушылардың  көпшілік  дауысымен  жабық  отырыста  ашық  дауыс  беру  арқылы 
қабылданады.  Дауыстар  саны  тең  болған  жағдайда  МАК  төрағасының  дауысы  шешуші 
болып табылады.  
41. Хаттамаға МАК-тың төрағасы мен отырысқа қатысушы мүшелері қол қояды.  
42.  Қазақстан  Республикасының  «Ұлттық  мұрағат  қоры  жəне  мұрағаттар  туралы» 
заңына сəйкес МАК-тың хаттамалары университет мұрағатында сақталады.  
43.  Қорытынды  аттестаттауға  бекітілген  кестеге  сəйкес  дəлелді  себеппен  келмеген 
студент  МАК  төрағасының  атына  өтініш  жазады,  дəлелді  себепті  растайтын  құжатты 
ұсынады жəне оның рұқсатымен емтихан тапсырады немесе дипломдық жұмысты (жобаны) 
МАК-тың басқа отырысы болған күні қорғайды.  
44.  Студент  қорытынды  аттестаттаудың  нəтижелерімен  келіспесе,  аттестаттау 
өткізілгеннен кейінгі жұмыс күннен кешіктірмей апелляция беруіне болады.  
45.  Апелляция  өткізу  үшін  университет  ректорының  бұйрығымен  біліктілігі  аталған 
мамандықтың  бейініне  сəйкес  келетін  тəжірибелі  оқытушылардан  апелляциялық  комиссия 
құрылады.  
46. Апелляция қанағаттанарлық болған жағдайда МАК мəжілісінің хаттамасы қайтадан 
ресімделеді. 
Мұндай 
жағдайда 
бірінші 
хаттамадағы 
қорытынды 
«Баға 
__________№_________хаттамамен  қайта  қаралды,  ___бет»  деген  жазумен  өзгертіледі  жəне 
оған МАК мүшелерінің бəрі қол қояды.  
47. Денсаулық жағдайы туралы МАК-ға ұсынылған құжаттар қанағаттанарлықсыз баға 
алғаннан кейін қарастырылмайды.  
48.  Бағаны  жоғарылату  мақсатында  мемлекеттік  емтиханды  қайта  тапсыруға  жəне 
дипломдық жұмысты (жобаны) қайта қорғауға рұқсат берілмейді.  
49.  «Қанағаттанарлықсыз»  деген  баға  алған  тұлғаларға  мемлекеттік  емтихандарды 
қайта  тапсыруға  жəне/немесе  диплом  жұмысын  (жобасын)  қайта  қорғауға,  қорытынды 
аттестаттаудың осы кезеңінде рұқсат берілмейді.  
50.  Дипломдық  жұмысты  (жобасын)  қорғау  «қанағаттанарлықсыз»  деп  есептелген 
жағдайда,  МАК  сол  жұмысты  комиссия  анықтаған  пысықтаулармен  қайтадан  қорғауға 
ұсынуға немесе жаңа тақырыпты əзірлеуге мүмкіндік береді. МАК-ның бүл шешімі мəжіліс 
хаттамасына жазылады.  
51.  Қорытынды  аттестаттаудан  өтпеген  тұлғалар  бір  жыл  өткеннен  кейін,  қорытынды 
аттестаттау  басталғанға  дейін  екі  аптадан  кешікпей,  университет  ректорының  атына  қайта 
қорытынды аттестаттауға жіберуге рұқсат беру туралы өтініш жазады.  
52.  Қорытынды  аттестаттауға  қайта  жіберу  университет  ректорының  бұйрығымен 
ресімделеді.  
53. 
Қайта 
қорытынды 
аттестаттау 
алдыңғы 
қорытынды 
аттестаттаудан 
қанағаттанарлықсыз баға алған нысандар бойынша ғана өткізіледі.  

Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті 
 
ҚП-АƏИУ-09-2016 
Сапа менеджменті жүйесі 
Құжатталған процедура 
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы  
 217
 беттің 119-беті 
 
119 
 
54.  Осы  емтихандарды  тапсырмаған  тұлғалар  үшін  мемлекеттік  емтихандар  қатарына 
енетін пəндер тізбесі білім алушы теориялық курсты аяқтаған жылы қолданыста болған оқу 
жоспарымен белгіленеді.  
55.  Қорытынды  аттестаттау  кезінде  қанағаттанарлықсыз  баға  алған  студенттер  білімі 
аяқталмағандығы  туралы  анықтама  беріле  отырып,  университет  ректорының  бұйрығымен 
университеттен шығарылады.  
56.  Қорытынды  аттестаттаудан  өткен  жəне  университет  кəсіптік  оқу  бағдарламасын 
меңгергендігін  дəлелдеген  студентке  МАК  шешімімен  «бакалавр»  академиялық  дəрежесі 
немесе  сəйкес  келетін  мамандығы  бойынша  біліктілік  тағайындалып,  мемлекеттік  үлгідегі 
диплом  дипломдық  жұмысты  (жобасын)  қорғау  күнінен  бастап  бір  ай  мерзімде 
қосымшасымен ақысыз беріледі. 
57.  Дипломға  қосымша  студенттің  жеке  оқу  жоспарын  орындағаны  туралы  анықтама 
негізінде,  мемлекеттік  жалпыға  міндетті  жоғары  білім  стандарттарымен  қарастырылған 
көлемде  оның  барлық  пəндер  бойынша  алған  бағаларына  сəйкес  тапсырылған  курстық 
жұмыстар  (жобалар),  практика  мен  қорытынды  аттестаттау  нəтижелерінің  түрлері  негізінде 
толтырылады.  
Диплом  қосымшасына  əр  оқу  пəні  бойынша  көлемі  кредит  жəне  академиялық  сағат 
түрінде көрсетілген балдық-рейтингтік əріптік білім бағалау жүйесі бойынша соңғы бағалар 
жазылады. 
58.  Емтихандар  мен  сараланған  сынақтарды  А,  А  -  «өте  жақсы»,  В-,  В,  В+  -  «жақсы» 
деген  бағаға  тапсырған  жəне  оқытудың  барлық  кезеңінде  үлгерімінің  орта  балы  3,5-ке  тең 
мемлекеттік  емтихан  мен  диплом  жұмысын  (жобасын)  «өте  жақсы»  деген  бағаға  тапсырған 
білім алушыға үздік диплом (əскери даярлығы бойынша бағасын ескермегенде) беріледі. 
59.  Оқу  кезеңінде  емтихандарды  қайта  немесе  қайталап  тапсыру  жағдайы  болған 
студент  осы  Ереженің  147-тармағында  көрсетілген  талаптарға  қарамастан  үздік  диплом  алу 
құқығынан айырылады.  
60.  МАК-тың  жұмысы  аяқталғаннан  кейін  оның  төрағасы  есеп  жазады  жəне  екі  апта 
мерзім ішінде оны университет ректорына тапсырады. МАК төрағасының есебі университет 
ғылыми кеңесінің (факультет) отырысында талқыланады жəне бекітіледі.  
61. Студенттерді қорытынды аттестаттау аяқталғаннан кейін университет бір ай мерзім 
ішінде  білім  беру  саласындағы  уəкілетті  органға  осы  Ереженің  7-қосымшасына  сəйкес 
мемлекеттік емтихан мен дипломдық жұмысты қорғау нəтижелерін ұсынады.  
62. МАК төрағасының есебіне кесте мен түсіндірме жазба кіреді.  
Кестеде  осы  Ереженің  7-қосымшасын  келтірілген  көрсеткіштер  көрініс  табады.  
МАК төрағасы есебінің түсіндірме жазбасында төмендегілер көрсетіледі:  
1) ЖОО-да осы мамандық бойынша мамандар даярлаудың деңгейі;  
2)  диплом  жұмысының  (жобаның)  саның  ішінде  кəсіпорындардың,  ұйымдардың 
тапсырысы бойынша орындалған диплом жұмыстарының (жобаларының) орындалу сапасы;  
3) диплом жұмысы (жобасы) тақырыптарының қазіргі заманғы ғылымның, техниканың, 
мəдениеттің жай-күйіне жəне өндірістің талабына сəйкестігі;  
4)  білім  алушылардың  мемлекеттік  емтихандарда  анықталған  білімдерінің  сипаты, 
жекелеген пəндер бойынша мамандар даярлаудағы кемшіліктер;  
5) осы мамандықтар бойынша кадрлар даярлаудың сапасына талдау;  
6) Университетте мамандар даярлауды одан əрі жетілдіру жөнінде нақты ұсынымдар.  
63.  МАК  төрағасының  есебіне  жоғары  білім  бағдарламасын  оқып  бітірген,  білім 
ұйымының  басшысы  қол  қойып,  берілген  дипломның  нөмірі,  тегі,  аты,  əкесінің  аты 
көрсетілген университетті бітірушілердің тізімі жалғанады.  
 
 

Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті 
 
ҚП-АƏИУ-09-2016 
Сапа менеджменті жүйесі 
Құжатталған процедура 
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы  
 217
 беттің 120-беті 
 
120 
 
4 Жоғары оқу орнынан кейінгі білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, 
аралық аттестаттау өткізудің тəртібі 
1.  Жоғары  оқу  орнынан  кейінгі  білім  алушылардың  магистратура  мен  докторантура 
оқудағы  жетістіктерін  тексеру  университет  өздері  белгілейтін  бақылаудың  түрлері  мен 
аттестаттаулар арқылы жүргізіледі.  
2.  Магистратура  мен  докторантурада  білім  алушылардың  үлгерімін  ағымдық  бақылау 
университет студенттеріндегі сияқты тəртіппен жүргізіледі.  
3.  Магистранттарды  университетте  аралық  аттестаттау  оқу  жұмыс  жоспарына, 
академиялық  күнтізбе  мен  кəсіптік  оқу  бағдарламаларына  сай  емтихан  тапсыру  жəне 
сараланған сынақтар түрлері бойынша жүргізіледі.  
4.  Аралық  аттестаттаудың  мерзімділігі  мен  ұзақтығы  университет  ғылыми  кеңесі 
бекіткен академиялық күнтізбе мен мамандықтың оқу жұмыс жоспарына сəйкес белгіленеді.  
5. Емтихандар бекітілген кестеге қатысты аралық аттестаттау кезінде тапсырылады.  
6. Емтихандардың кестесін жасау жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімдерімен 
немесе тиісті факультеттің деканатымен бірге офис регистраторына жүктеледі.  
7.  Емтихан  кестесін  оқу  жəне  инновациялық  технологиялар  жөніндегі  проректор 
бекітеді  жəне  емтихан  басталғанға  дейінгі  екі  аптадан  кешіктірілмей  білім  алушылар  мен 
оқытушылардың назарына жеткізіледі.  
8.  Емтиханға  жіберу  нақты  пəн  бойынша  жіберілу  рейтингі  бағасы  анықталатын 
үлгерімнің ағымдық бақылау бағасының негізінде жүзеге асады.  
9.  Жіберілу  рейтингінен  оң  баға  ала  алмаған  білім  алушылар  қорытынды  бақылауға 
(емтиханға) жіберілмейді.  
Курстық  жұмысты  (жоба)  тапсырмаған  білім  алушылар  сол  пəн  бойынша  емтиханға 
жіберілмейді.  
10. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім бөлімінің меңгерушісі кей жағдайда (сырқатына, 
отбасы  жағдайына  немесе  басқа  да  обьективті  себептерге  байланысты)  білім  алушыға  жеке 
кестесі бойынша емтихан тапсыруға рұқсат ете алады.  
Жоғары  оқу  орнынан  кейінгі  білім  бөлімінің  меңгерушісі  аурулығы,  сəбидің  дүниеге 
келуі,  жақын  туыстарының  қайтыс  болуы,  қызметтік  немесе  оқу  іссапарында  болуына 
байланысты  жағдайларды  растайтын  анықтамалар  тапсырылған  жағдайда  білім  алушыға 
жеке кесте бойынша емтихан тапсыруға рұқсат беріледі.  
11.  Емтихандық  сессия  (аралық  аттестаттау)  кезеңіне  университет  ректорының 
бұйрығымен  аппеляцияланатын  пəн  бейініне  сай  біліктілігі  бар  оқытушылардан  тұратын 
аппеляциялық комиссия құрылады. 
12. 
Емтихандар 
ауызша, 
жазбаша, 
тест 
немесе 
аралас 
түрде 
өткізіледі.  
Емтихан тест түрінде тапсырылғанда пəндердің бейінділігі мен ұқсастығына байланысты екі 
жəне одан да көп пəндерден кешенді емтихан белгілеуге рұқсат етіледі.  
13. Университет емтиханды өткізу тəртібі мен түрін əр оқу пəні бойынша академиялық 
кезеңнің басталуынан бір ай мерзімнен кешіктермей белгілейді.  
14.  Оқу  пəні  бойынша  аралық  аттестаттау  өткізу  кезінде  академиялық  кезеңдегі 
емтиханнан  алған  бағасы мен  ағымдық  бақылаудан  (жіберілу  рейтинг  бағасы)  алған орташа 
баллы ескеріледі.  
15.  Əр  пəн  бойынша  емтихан  аяқталғаннан  кейін  білім  алушыларға  қорытынды  баға 
университет студенттеріне қойылатындай тəртіппен қойылады.  
16.  Емтихандық  ведомосы  барлық  оқу  кезеңі  бойынша  білім  алушылар  жинаған 
кредиттер 
санын 
есептеумен 
айналысатын 
офис 
регистраторға 
тапсырылады.  
Əрі  қарай  офис  регистратор  емтихандық  ведомосты  Жоғары  оқу  орнынан  кейінгі  білім 
бөліміне тапсырады. Деканатта əр пəннің емтихандық ведомосын негізге ала отырып, аралық 
аттестаттау бойынша қорытынды ведомосы толтырылады.  

Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті 
 
ҚП-АƏИУ-09-2016 
Сапа менеджменті жүйесі 
Құжатталған процедура 
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы  
 217
 беттің 121-беті 
 
121 
 
17.  Білім  алушылар  барлық  емтихандарды  жұмыс  жоспарына,  жеке  оқу  жоспарына 
жəне оқу бағдарламаларына сəйкес тапсырады.  
18.  Білім  алушылар  қосымша  оқу  түрлерінің  пəндері  бойынша  да  емтихан  тапсыра 
алады, нəтижелері емтихан ведомосына жəне білім алушының жеке ведомосына жазылады.  
19.  «Қанағаттанарлықсыз»  бағаны  оң  бағаға  қайта  тапсыру  үшін  білім  алушы  пəн 
бойынша  оқу  жұмыс  жоспарында  көрсетілген  барлық  оқу  сабақ  түрлеріне  қайта  қатысып, 
емтиханға жіберілу рұқсатын алады жəне қорытынды бақылау тапсырады.  
20.  Қорытынды  бақылаудан  алынған  қанағаттанарлық  бағаны  жоғарылату  үшін  осы 
аралық 
аттестаттау 
кезеңінде 
емтиханды 
қайта 
тапсыруға 
рұқсат 
етілмейді.  
Қорытынды  бақылаудың  оң  бағасын  қайта  тапсыру  тəртібі  осы  Ереженің  19-тармағында 
айқындалған.  
21.  Қорытынды  бақылаудың  нəтижесімен  келіспеген  білім  алушы  емтиханнан  кейін 
(келесі күні) аппеляция беруге құқығы бар.  
22.  Пəн  бағдарламасын  толық  орындаған  білім  алушы  емтиханға  келмеген  жағдайда 
емтихандық  ведомостағы  фамилиясының  тұсына  «келген  жоқ»  белгісі  қойылады.  
Дəлелді  себептерге  байланысты  келмеген жағдайда  факультет  деканының  өкімімен  емтихан 
тапсырудың 
жеке 
кестесі 
белгіленеді. 
Дəлелді 
себептері 
болмаған 
жағдайда 
«қанағаттанарлықсыз» бағасы қойылып, осы Ереженің 21-тармағына сəйкес емтиханды қайта 
тапсырады.  
23.  Транскриптке магистранттың,  докторанттың  барлық  қорытынды  бағаларымен  қоса 
қайта тапсырылған емтихан нəтижелері де жазылады.  
24.  Оқу  жылы  аяқталғаннан  кейін  емтихандық  сессиялар  қорытындысының  негізінде 
университет  ректорының  бұйрығымен  жоғары  оқу  орнынан  кейінгі  білім  алушыларды 
курстан курсқа көшіру жүзеге асырылады. Осы мақсатқа сəйкес көшіру балы белгіленеді.  
25.  Курстың  бағдарламасын  толық  көлемде орындаған,  бірақ  ең  төменгі  көшіру  балын 
ала  алмаған  білім  алушыларға  өз  үлгерімінің  орташа  балын  көтеру  мақсатында  жазғы 
семестрде  ақылы  негізде  жекелеген  пəндерді  қайта  оқуға  жəне  сол  пəндер  бойынша  қайта 
емтихан тапсыруға мүмкіндік беріледі.  
26.  Емтихан  қорытындылары  жəне  емтихан  сесссиясы  (аралық  аттестаттау) 
аяқталғаннан  кейін  оқу  процесін  жақсарту  жөніндегі  ұсыныстары  кафедра,  деканат 
(директорат) жəне жоғары оқу орны отырысының талқылауына шығарылады.  
27.  Университеттен  шығарылған  тұлғаға  білімі  аяқталмағандығы  туралы  Анықтама 
беріледі.  
 
 
5  Жоғары  оқу  орнынан  кейінгі  білім  алушыларды  қорытынды  аттестаттаудан 
өткізудің тəртібі  
1.  Университетте  білім  алушыларды  қорытынды  аттестаттау  академиялық  күнтізбеде 
жəне  мамандықтардың  оқу  жұмыс  жоспарында  қарастырылған  мерзімде  кешенді  емтихан 
тапсыру жəне магистрлік (докторлық) диссертация қорғау түрінде өткізіледі.  
2.  Қорытынды  аттестаттауға  оқу  жұмыс  жоспары  мен  оқу  жұмыс  бағдарламалары 
талаптарына сай оқу үрдісін аяқтаған білім алушылар жіберіледі.  
3. Бітіруші курстың білім алушылары жұмыс жəне жеке оқу жоспары талаптарын жəне 
оқу  жұмыс  бағдарламасын  орындамаса  жазғы  семестрден  өткізілместен  оқу  курсын  қайта 
оқуға қалдырылады.  
4.  Магистранттар  мен  докторанттардан  кешенді  емтихан  алу  білім  алушыларға  үшін 
университет Мемлекеттік аттестациялық комиссия (МАК) құрады.  
5.  Университет  ректоры  МАК  төрағасына  кандидатураларды  1  қарашаға  дейін  білім 
беру  саласындағы  уəкілетті  органға  ұсынады:  магистратура  мамандықтары  бойынша  – 
шығаратын  мамандарының  бейініне  сəйкес  келетін  ғылыми  дəрежесі,  немесе  ғылыми 
атағының болуы жəне осы ұйымдарда жұмыс істемеуі. 

Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті 
 
ҚП-АƏИУ-09-2016 
Сапа менеджменті жүйесі 
Құжатталған процедура 
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы  
 217
 беттің 122-беті 
 
122 
 
6.  МАК  құрамына  оның  мүшелерінің  құқықтарымен  бірдей  мыналар  кіреді:  
магистратура  мамандықтары  бойынша  -  шығаратын  мамандарының  бейініне  сəйкес  келетін 
ғылыми дəрежесі, немесе ғылыми атағы немесе академиялық дəрежесі бар тұлғалар (бейіндік 
магистратура  үшін  құрылған  МАК-тың  құрамына,  сондай-ақшығаратын  мамандарының 
бейініне сəйкес келетін жоғары білікті мамандар). 
7. МАК-тың сандық құрамын университет дербес  белгілейді,  университет ректорының 
бұйрығымен 31-ші желтоқсаннан кешіктірілмей бекітіледі жəне ол бір күнтізбелік жыл бойы 
қолданыста болады.  
8.  Магистранттарды  қорытынды  аттестаттауға  жіберу  университет  ректорының 
бұйрығымен  тізім  бойынша  бекітіліп,  қорытынды  аттестаттау  басталуынан  2  апта  бұрын 
МАК-қа тапсырылады. 
9.  Мамандықтар  бойынша  кешенді  емтиханға  магистратураның  кəсіптік  оқу 
бағдарламасының міндетті базалық жəне бейіндік компоненттерінің пəндері кіреді. 
10.  Кешенді  емтихан  келесі  нысандардың  біреуі  бойынша  өткізіледі:  ауызша,  жазбаша 
бекітілген пəндерден тест.  
11. Кешенді емтиханның бағдарламасын өткізілу нысанын жəне тапсырмалар мазмұнын 
университет  осы  кешенді  емтиханға  енген  пəннің  оқу  бағдарламасы  негізінде  өздері 
əзірлейді.  
12.  Магистрлік  бағдарламаларды  іске  асыратын  университет  тесттік  тапсырманы, 
олардың  түрлерін  (ашық,  жабық,  аралас)  жəне  тестілеудің  өткізілу  технологиясын  өздері 
əзірлейді. 
13. Кешенді емтихан: магистрлік диссертацияны қорғаудан 1 ай бұрын қабылданады.  
14.  Кешенді  емтихан  нəтижелері  магистратурада  əрбір  білім  алушы  бойынша  осы 
Ереженің 
8-қосымшасына 
сай 
белгіленген 
нысандағы 
хаттамамен 
ресімделеді.  
МАК  отырысының  хаттамасын  бітіртіп  шығарушы  кафедраның  оқу-көмекші  қызметкерлері 
арасынан тағайындалған МАК-тың құрамында бекітілген хатшы жүргізеді.  
15. Кешенді емтихан тест түрінде өткен жағдайда жеке хаттама ресімдеуге емтихандық 
ведомосы негіз болады.  
16. Алынған оңды бағаны жоғарылату мақсатында кешенді емтиханды қайта тапсыруға 
рұқсат етілмейді.  
17.  Кешенді  емтиханның  нəтижесімен  келіспеген  білім  алушы  емтихан  өткізілгеннен 
кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей апелляция береді.  
18.  Апелляция  өткізу  үшін  университет  ректорының  бұйрығымен  біліктілігі  аталған 
мамандықтың  бейініне  сəйкес  келетін  тəжірибелі  оқытушылардан  апелляциялық  комиссия 
құрылады.  
19.  Апелляция  қанағаттанарлық  болған  жағдайда  МАК  мəжілісі  хаттамамен 
ресімделеді. 
Мұндай 
жағдайда 
бірінші 
хаттамадағы 
қорытынды 
«Баға 
__________№_______хаттамамен  қайта  қаралды,  _____бет»  деген  жазумен  өзгертіледі  жəне 
оған қатысқан МАК мүшелерінің бəрі қол қояды. 
20.  Кешенді  емтиханда  қанағаттанарлықсыз  баға  алған  магистрант  университет 
ректорының  бұйрығымен  оқудан  шығарылып,  тұлғаға  білімі  аяқталмағандығы  туралы 
Анықтама беріледі. 
21.  «Қанағаттанарлықсыз»  баға  алған  тұлғаларға  магистратурада  қорытынды 
аттестаттау кезінде кешенді емтиханды қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.  
22.  Кешенді  емтихан  тапсырған  магистрант  диссертациялық  жұмысты  қорғауға 
жіберіледі.  Диссертация  қорғауға  жіберу  университет  МАК  төрағасының  ұсынуы  негізінде 
университет ректорының бұйрығымен ресімделеді.  
23.  Пайдаланылған  дереккөздерге  жəне  авторға  сілтеме  жасамау  мəні  бойынша 
диссертациялық 
жұмыстарды 
тексеру 
жоғары 
оқу 
орнынан 
кейінгі 
білімнің 

Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті 
 
ҚП-АƏИУ-09-2016 
Сапа менеджменті жүйесі 
Құжатталған процедура 
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы  
 217
 беттің 123-беті 
 
123 
 
магистратурасының  мемлекеттік  жалпыға  міндетті  білім  стандарттарына  сəйкес  жүзеге 
асырылады.  
24.  Магистрлік  диссертацияларды  қорғау  кестесі  академиялық  күнтізбеге  сəйкес 
бекітіледі.  Осыған  сəйкес,  қорғауға  күніне  кемінде  6-8  магистрант  жіберіледі.  
Магистрлік  диссертацияларды  қорғау  МАК-тың  ашық  кеңесінде  оның  2/3  кем  емес 
мүшелерінің қатысуымен өткізіледі.  
Бір  магистрлік  диссертацияны  қорғау  ұзақытығы  50  минуттан  аспауы  қажет. 
Магистрант  магистрлік  диссертациясын  қорғау  үшін  МАК-тың  алдында  15  минуттық 
баяндамамен сөз сөйлейді.  
25.  Магистранттардың  диссертациялық  жұмыстарын  қорғауы  МАК-тың  кеңесінде 
жүзеге асырылады. 
Диссертациялық кеңестер əрбір магистратура мамандықтары бойынша құрылады.  
26.  Магистрлік  диссертацияның  қорғалуы  төмендегі  жағдайда  жүзеге  асады:  
ғылыми жетекшінің  оң  пікірі;  ғылыми  баспада  диссертация тақырыбында  кемінде  1  мақала 
жарық көруі,  халықаралық немесе республикалық ғылыми конференцияларда сөйлеген сөзі; 
сараптама  комиссиясының  диссертацияны  ашық  түрде  қорғауға  берген  ұсынысының 
жазбаша  қорытындысы;  бітіріп  шығарушы  кафедраның  қорғауға  ұсынымдамалары  туралы 
шешімі (кафедра отырыс хаттамасының көшірмесі); қорғалатын жұмыс бейініне сай келетін 
маманның  бір  рецензенттің  рецензиясы.  Мұнда  диссертацияның  жан-жақты  сипаттамасы 
көрсетілген  дəлелді  қорытындысы  жəне  сол  мамандық  бойынша  «магистр»  академиялық 
дəрежесін  беру  мүмкіндігі  көрсетіледі.  Ғылыми  жетекші  немесе/жəне  бітіруші  кафедрасы 
тарапынан  «қорғауға  жіберілмейді»  немесе  «қорғауға  ұсынуға  болмайды»  деген 
қанағаттанарлықсыз  қорытынды  берілген  жағдайда,  магистрант  магистрлік  диссертациясын 
қорғау мүмкіндігінен айырылады.  
27. Магистрлік диссертацияның қорғалу нəтижесі осы Ереженің 9-қосымшасына сəйкес 
бекітілген түрдегі əрбір магистрант үшін жеке хаттамамен ресімделеді.  
28.  Қорытынды  аттестаттаудан  өткен,  магистратураның  тиісті  кəсіптік  оқу 
бағдарламаларын  меңгергендігін  растаған  жəне  МАК  кеңестің  шешімімен  магистрлық 
диссертацияны  ашық  қорғаған  білім  алушыға  тиісті  мамандық  бойынша  «магистр» 
академиялық  дəрежесі  беріледі  жəне  қосымшасымен  бірге  магистрлік  диссертация  қорғау 
күнінен 
бастап 
бір 
ай 
мерзімде 
мемлекеттік 
үлгідегі 
диплом 
табыс 
етіледі.  
МАК шешімі осы Ереженің 10-қосымшасына сəйкес хаттамамен ресімделеді. 
29.  Магистранттардың  қорытынды  аттестаттауы  аяқталғаннан  кейін  МАК  төрағасы 
магистранттардың қорытынды аттестаттауының нəтижелері туралы есеп жасайды жəне оны 
екі апталық мерзімде университет ректорына ұсынады.  
30.  Магистранттардың  қорытынды  аттестаттауының  нəтижесі  туралы  бірыңғай  есепке 
кестелер  мен  түсіндірме  жазба  енеді.  Кестеге  осы  Ереженің  11-қосымшасында  келтірілген 
көрсеткіштер көрініс табады. Түсіндірме жазбада:  
1) аталған мамандық бойынша университеттегі магистрлардың дайындық деңгейлері;  
2) кешенді емтиханда анықталған білім алушының біліміне мінездеме;  
3) аталған мамандық бойынша магистрларды даярлау сапасына талдау;  
4) магистрларды даярлаудағы кемшіліктер;  
5)  магистрлік  диссертациялардың  ғылымның,  техниканың,  мəдениеттің  қазіргі  жай-
күйіне жəне өндірістің сұранысына сəйкестігі;  
6) магистрлік диссертацияларды орындаудың сапасы;  
7)  магистрлік  диссертацияларды  қорғаудың  деңгейі  ғылыми  жетекшісінің  пікіріне, 
ресми оппоненттің рецензиясына сəйкестігі;  
8)  магистрларды  даярлауды  одан  əрі  жетілдіру  жөніндегі  нақты  ұсынымдамалар 
жөнінде мəліметтер болады.  

Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті 
Каталог: files -> Docs
Docs -> Қазақстан республикасы білім жҽне ғылым министрлігі қ. ЖҦбанов атындағЫ
Docs -> Бағдарламасы бойынша шығарылды Редакция алқасы: Т. Кəкішев, Ө. Əбдіманұлы, А. Қыраубаев
Docs -> Сабақ беру қызмет ұйғарылады;мәдени-ағарту; лекциялар оқу, өнер жөнінде әңгіме өткізу, мұражай
Docs -> А. Нұрмағамбетовтың Жоғары білім беру көшбасшыларының 2014 Еуразиялық
Docs -> Образовательная программа основного общего образования
Docs -> Педагогтың ҥздіксіз білім беру жҥйесіндегі кәсіптік қалыптасуы мен дамуы
Docs -> Сборник содержит материалы избранных докладов участников международной
Docs -> Халықаралық электронды ғылыми конференция материалдары
Docs -> 5В011900Шетел тілі: екі шетел тілі Академиялық дәрежесі: 5В011900 Шетел тілі: екі шетел тілі мамандығы бойынша білім бакалавры Сипаттама
Docs -> Бағдарламасы бойынша шығарылып отыр Редакция алқасы

жүктеу 9.9 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   32




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет