Қп-аəиу-09-2016 Сапа менеджменті жүйесі Құжатталған процедура Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы 217 беттің 1-беті 1



жүктеу 9.9 Kb.
Pdf просмотр
бет15/32
Дата28.04.2017
өлшемі9.9 Kb.
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   32

 
ҚП-АƏИУ-09-2016 
Сапа менеджменті жүйесі 
Құжатталған процедура 
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы  
 217
 беттің 100-беті 
 
100 
 
 
2  Аймақтық  əлеуметтік-инновациялық  университетте  білім  алушылардың 
үлгеріміне ағымдық бақылау жəне аралық аттестаттау өткізудің тəртібі 
 
2.1 Жалпы ережелер 
1.  Студенттердің  оқу  жетістіктерін  тексеруді  университет  өзі  дербес  анықтайтын 
бақылау мен аттестаттаудың түрлі нысандары арқылы жүзеге асырады.  
2.  Студенттердің  (білім  алушылардың) оқудағы  жетістіктері  əріптік  балдық-рейтингтік 
жүйе  бойынша  университетте  білімді  бақылау  жəне  бағалау  бойынша  мемлекеттік  жалпыға 
білім  беру  стандарттарына  сəйкес  бағаланады,  оны  дəстүрлі  бағалау  шкаласына  аудару  осы 
Ереженің 1-қосымшасына сəйкес жүргізіледі. 
3. Студенттер үлгеріміне ағымдық бақылау оқу пəнінің əр тақырыбы бойынша өткізіліп, 
аудиториялық  жəне  аудиториядан  тыс  сабақтардағы  бақылауды  қамтиды.  Ағымдық  бақылау 
бағасы  (жіберілу  рейтингінің  бағасы)  аудиториялық  сабақтардағы  ағымдық  бақылау  мен 
межелік бақылау (аудиториялардан тыс сабақтар) бағаларынан жинақталады. 
4. Үлгеріміне ағымдық бақылау кезінде студенттердің оқу жетістіктері, əрбір орындаған 
тапсырмалары  (күнделікті  сабақтардағы  жауап,  үй  тапсырмаларын  тапсыру,  студенттің 
дербес жұмысы (бұдан əрі - СДЖ), межелік бақылау) 100 балдық шкала бойынша бағаланып, 
үлгерімнің ағымдық бақылаудың соңғы қорытындысы академиялық кезеңде алынған барлық 
бағалардың орта арифметикалық қосындысы ескеріле отырып есептеледі. 
Осындай  əдіс  аралық  жəне  қорытынды  аттестаттау  кезеңінде  білім  алушылардың  оқу 
жетістіктерін бағалау кезінде де қолданылады.  
5.  Кешкі  бөлімде  оқитын  студенттер  үлгеріміне  ағымдық  бақылау  осы  Ереженің                     
6-тармағына ұқсас жүргізіледі.  
6.  Сырттай  бөлімде  оқитын  студенттер  үлгеріміне  ағымдық  бақылау  оқу-емтихан 
сессиялары  басталғанға  дейін  де,  сол  кезеңде  де  жүзеге  асырылады,  ол  академиялық 
күнтізбеге  сəйкес  жүргізіледі.  Бұл  ретте  сырттай  бөлімде  оқитын  студент  оқу-емтихан 
сессиялары  басталғанға  дейін  барлық  түрдегі  бақылау  жəне  есептеу-графикалық 
жұмыстарды, курстық жұмыстарды (жобаларды), сондай-ақ үй тапсырмаларының жекелеген 
түрлерін, СДЖ, пəндерді оқыту бағдарламасына сəйкес межелік бақылауды тапсырады. 
7.  Күндізгі,  кешкі  жəне  сырттай  бөлімдерде  оқитын  студенттер  бірыңғай  кəсіптік  оқу 
бағдарламасы  бойынша  пəндерді  бірдей  көлемде  оқиды.  Пəндерді  оқытудың  тақырыптық 
жоспарларында  өзгешеліктер  болады,  ол  оқудың  түрлі  нысандары  үшін  оқытушылардың 
студенттермен  байланысты  жұмыстарының  түрлі  көлемінде  көрініс  табады.  Бұл  ретте 
сырттай  оқитын  студенттерге  оқу  материалдарының  80  пайызға  дейінгі  көлемін  өз  бетінше 
игеруіне рұқсат етіледі. 
8.  Межелік  бақылау  бір  академиялық  кезең  аралығында,  бір  оқу  пəні  шеңберінде 
кемінде  екі  рет  өткізіледі.  Көлемі  бір  кредитті  құрайтын  оқу  пəндері  ерекшелік  ретінде 
алынады, олар бойынша межелік бақылау санын университет дербес айқындайды. 
9. Университетте студенттерді аралық аттестаттау оқу жұмыс жоспарына, академиялық 
күнтізбеге  жəне  мемлекеттік  жалпыға  міндетті  жоғары  білім  беру  стандарттары  негізінде 
əзірленген кəсіптік оқу бағдарламасына сəйкес жүзеге асырылады. 
10.  Студенттерді  аралық  аттестаттау  емтихан  тапсыру  жəне  сараланған  сынақ  түрінде 
өткізіледі. 
11.  Студенттердің  аралық  аттестаттауын  ұйымдастыру  мен  өткізу  офис  регистраторға 
жүктеледі. 
12.  Аралық  аттестаттау  нəтижесі  бойынша  офис  регистратор  студенттердің 
академиялық рейтингілерін құрастырады.  

Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті 
 
ҚП-АƏИУ-09-2016 
Сапа менеджменті жүйесі 
Құжатталған процедура 
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы  
 217
 беттің 101-беті 
 
101 
 
13.  Емтихандар  кестеге  сəйкес  тапсырылады  жəне  пəннің  барлық  кəсіптік  оқу 
бағдарламасы  бойынша  студенттердің  оқу  жетістіктерін  тексеру  түрі  болып  табылады  жəне 
академиялық кезеңдегі оқу жетістіктерін бағалауды көздейді. 
14.  Сараланған  сынақтар  студенттердің  зертханалық  жəне  есептеу-графикалық 
тапсырмаларды,  курстық  жұмыстарды  (жобаларды)  ойдағыдай  орындағандығын,  сондай-ақ 
олардың бекітілген кəсіби оқу бағдарламасына сəйкес кəсіби практикадан өткендігін тексеру 
нысаны болып табылады. 
Сараланған  сынақтар  балдық-рейтингтік  бағалау  жүйесіне  сəйкес  қойылады  жəне  сол 
жұмыстарға тиісінше кредиттер саны берілген жағдайда көшіру балына есептеуде ескеріледі. 
15.  Емтихан  сессиялары  қысқы  жəне  жазғы  болып  бөлінеді.  Университетте 
қабылданған академиялық кезең   семестр.  
16. Оқудың күндізгі нысаны үшін емтихан сессияларының кезеңділігі мен ұзақтылығы 
мамандықтың  оқу  жұмыс  жоспары  жəне  университеттің  ғылыми  кеңесінде  бекітілген 
академиялық күнтізбе бойынша анықталады. 
Оқудың сырттай нысаны бойынша емтихан сессиясы жəне олардың кезеңдері мен саны 
университеттің кеңесінде белгіленеді.  
17.  Офис  регистратор  оқудың  барлық  нысандары  үшін  емтихандар  кестесін  тиісті 
факультеттің деканатымен бірлесе отырып жасайды, оқу жəне инновациялық технологиялар 
жөніндегі  проректор  бекітеді  жəне  ол  студенттер  мен  оқытушылардың  назарына  емтихан 
басталмастан екі апта бұрын жеткізілуі тиіс.  
18.  Емтиханды  өткізу  үшін  біліктіліктері  сол  пəннің  бейініне  сəйкес  келетін  жəне 
əдеттегідей  сол  академиялық  топта  (толқында)  оқыту  сабақтарын  өткізбеген  алдыңғы 
қатарлы профессорлар мен доценттер арасынан емтихан қабылдаушылар тағайындалады. 
19. Офис регистраторының жазбаша рұқсатынсыз емтихан өткізу рəсіміне қатыспайтын 
тұлғалар жіберілмейді.  
20. Факультет деканының (институт директорының) емтихан сессиясына жіберу туралы 
өкімінде студенттің аты-жөні, курсы, мамандығы жəне академиялық тобы көрсетіледі. 
21. Емтихандық сессияға жіберуі екі кезеңнен тұрады: 
1)  бірінші  кезеңде  факультет  деканының  (институт  директоры)  жалпы  шешімімен  оқу 
ақысын  толық  төлеген,  пререквизиттер  бойынша  академиялық  қарызы  жоқ,  академиялық 
демалыста  немесе  ұзақ  мерзімді  емделуде  жоқ  студенттердің  сессияға  жіберілуі  жүзеге 
асырылады;  
2)  екінші  кезеңде  тиісті  пəн  бойынша  үлгерімнің  ағымдық  жəне  межелік  бақылау 
қорытындысымен  анықталатын  рейтинг  бағасы  негізінде  емтиханға  автоматты  түрде 
жіберілу  жүзеге  асырылады.  Аталған  рұқсат  беру  əрбір  студенттің  тегінің  қарсы  тұсына 
қойылған  офис  регистраторының  тиісті  белгісімен  емтихан  ведомосы  бойынша  жүзеге 
асырылады.  
22.  Аталған  пəн  бойынша  рұқсатнама  рейтингісінде  жағымды  бағасы  жоқ  студенттер 
қорытынды бақылауға (емтиханға) жіберілмейді.  
Курстық  жұмыстарын  (жобаларын)  тапсырмаған  студенттер  тиісті  пəн  бойынша 
емтиханға жіберілмейді.  
23. Факультет деканы (институт директоры) кейбір жағдайларда (денсаулығына, отбасы 
жағдайына,  қызметтік  себептерге  байланысты)  студентке  емтиханды  жеке  кесте  бойынша 
тапсыруға рұқсат бере алады.  
Факультет  деканына  (институт  директоры)  аурулығы,  сəбидің  дүниеге  келуі,  жақын 
туыстарының  қайтыс  болуы,  қызметтік  немесе  оқу  іссапарында  болуына  байланысты 
жағдайларды  растайтын  анықтамалар  тапсырылған  жағдайда  емтиханды  жеке  кесте 
бойынша тапсыруға рұқсат беріледі.  

Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті 
 
ҚП-АƏИУ-09-2016 
Сапа менеджменті жүйесі 
Құжатталған процедура 
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы  
 217
 беттің 102-беті 
 
102 
 
24.  Сырттай  бөлім  студенттерінің  пəн  бойынша  емтиханға  жіберілуі  күндізгі  бөлім 
студенттерінің емтиханға жіберілу тəртібі секілді жүзеге асырылады.  
25.  Емтихандар  ауызша,  жазбаша,  тест  немесе  аралас  түрде  өткізіледі.  Ауызша  түрде 
бір күнде екі немесе одан көп емтихан тапсыруға рұқсат етілмейді. Тест нысаны кезінде екі 
немесе одан  да  көп  пəндердің  бейіндік  жəне  жақындық  принципін  сақтай  отырып,  емтихан 
кешенді түрде өтуі де мүмкін.  
26.  Əрбір  оқу  пəні  бойынша  емтиханды  өткізудің  нысандары  мен  тəртібі 
университеттің  (факультет)  Ғылыми  кеңесімен  академиялық  кезең  басталғаннан  бастап  бір 
ай мерзімнен кешіктірілмей белгіленеді.  
27. Емтиханға келген студенттің (білім алушылардың) қолында сынақ кітапшасы болуы 
тиіс.  
28.  Емтихан  кезінде  студенттер  пəннің  оқу  бағдарламасын  жəне  емтихан 
қабылдаушының рұқсатымен анықтамалық əдебиетті пайдалана алады. 
29.  Қорытынды  бақылау  өткізу  үшін  офис  регистратор  тарапынан  емтихан 
қабылдаушыға  студенттердің  академиялық  кезеңде  жинаған  балдары  мен  жіберілу  рейтингі 
көрсетілген бағалары қойылған емтихан ведомосын береді. 
30.  Оқу  пəні  бойынша  аралық  аттестаттау  өткізу  кезінде  емтиханда  алған  бағасы  мен 
академиялық  кезең  ішіндегі  үлгерімнің  ағымдық  бақылаудағы  бағалануының  орташа  балы 
есептеледі.  
31.  Емтиханда  студенттің  білім  алушының  үлгерімі  білімді  бағалаудың  балдық-
рейтингтік əріптік жүйесі бойынша бағаланады.  
Оңды  баға  (А-,  А  «өте  жақсы»,  В-,  В,  В+  «жақсы»,  Д-  ,  Д+,  С-,  С,  С+ 
«қанағаттанарлық») оқу пəні бойынша емтихан ведомосы мен студенттің сынақ кітапшасына 
алынған кредиттер саны көрсетіліп жазылады. «Қанағаттанарлықсыз» F бағасы тек емтихан 
ведомосына ғана жазылады.  
32. Əр пəн бойынша емтихан аяқталған соң студентке оның оқу жетістіктерінің бағасы 
болып табылатын қорытынды баға қойылады.  
33.  Пəннің  қорытынды  бағасының  құрамына  жіберу  рейтингінің  бағасы  мен 
қорытынды бақылау бағалары кіреді.  
Үлгерімді  ағымдық  бақылаудың  бағасы  (жіберілу  рейтингі)  пəн  бойынша  қорытынды 
бағаның кемінде 60 %-ын құрайды жəне емтихан бағасы пəн бойынша қорытынды бағаның 
кемінде 30 %-ын құрайды.  
34.  Оң  қорытынды  баға  тиісті  пəн  бойынша  белгіленген  кредит  санымен  игерілген 
кредиттерді толықтыруға негіз болып, студенттің транскрипіне жазылады.  
35.  Студент  қорытынды  бақылаудан  (емтиханнан)  «қанағаттанарлықсыз»  деген  баға 
алған жағдайда пəн бойынша қорытынды баға есептелмейді. 
36.  Қорытынды  бақылауда  қанағаттанарлық  бағаны  көтеру  мақсатында  оны  аралық 
аттестаттау кезеңінде қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.  
Қорытынды  аттестаттаудың  оң  бағасын  қайта  тапсыру  осы  Ереженің  43-тармағымен 
белгіленеді. 
37. Емтихан ведомосы офис регистраторға тапсырылады, ол бүкіл оқу кезеңінде барлық 
білім алушылардың кредиттер санын есептеумен жəне жинақтаумен айналысады.  
Ары қарай емтихан ведомосын офис регистратор тиісті факультет деканатына жібереді. 
Деканатта əрбір оқу пəнінің емтихан ведомосы негізінде аралық аттестаттау бойынша жинақ 
ведомосы толтырылады.  
38.  Оқудың  барлық  нысандарына  бірдей  пəндердің  оқу  бағдарламасында  бекітілген 
жұмыс жəне жеке оқу жоспарына сəйкес студенттер барлық емтихандарын тапсырады. 
39.  Студенттер  пəндердің  қосымша  оқу  түрлері  бойынша  емтихан  тапсыра  алады, 
олардың  тапсыру  нəтижелері  емтихан  ведомосына,  сынақ  кітапшасына  жəне  транскриптке 
жазылады (əскери дайындықтан басқасы). 

Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті 
 
ҚП-АƏИУ-09-2016 
Сапа менеджменті жүйесі 
Құжатталған процедура 
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы  
 217
 беттің 103-беті 
 
103 
 
40.  «Қанағаттанарлықсыз»  бағасын  оң  бағаға  қайта  тапсыру  үшін  студент  келесі 
академиялық  кезеңдерінің  бірінде  немесе  жазғы  семестрде  сол  пəн  бойынша  оқу  жұмыс 
жоспарында  қарастылған  барлық  сабақ  түрлеріне  қайта  қатысып,  рұқсат  алады  жəне 
қорытынды бақылау тапсырады.  
Мұндай  жағдайда  студент  белгіленген  тəртіп  бойынша  оқу  пəніне  жазылу  рəсімінен 
қайта өтеді.  
41.  Егер  студент  оқу  бағдарламасын  толық  көлемде  орындай  отырып,  емтиханға 
келмесе,  емтихан  ведомосындағы  оның  фамилиясының  тұсына  «келген  жоқ»  деген  жазу 
жазылады.  Студенттің  дəлелді  себептері  болған  жағдайда  факультет  деканының  өкімімен 
оған  емтихан  тапсырудың  жеке  кестесі  бекітіледі.  Емтиханға  келмеуінің  дəлелді  себептері 
болмаған  жағдайда  «қанағаттанарлықсыз»  деген  бағаға  теңестіріліп,  қайта  тапсырылуы  осы 
Ереженің 40-тармағы бойынша жүзеге асырылады.  
42.  Қорытынды  бақылаудың  бағасымен  келіспейтін  студент  (магистрант)  емтихан 
өткізілген күннен кейінгі күннен кешіктірмей апелляция береді. 
43.  ЖОО  басшысының  бұйрығымен  емтихан  сессиясы  кезеңіне  (аралық  аттестаттау) 
апелляцияланатын  пəндерге  мамандығы  сəйкес  келетін  оқытушылардан  апелляциялық 
комиссия құрылады. 
44.  Апелляция  нəтижелері  хаттамамен  ресімделеді  жəне  оның  шешімі  негізінде 
студенттің  (магистранттың)  жеке  емтихан  ведомосы  жасалады,  ол  негізгі  емтихан 
ведомосына тіркеледі.  
45. Офис регистратор емтихан сессияларының қорытындысы бойынша жаздық семестр 
нəтижелерін  есепке  ала  отырып,  студенттің  оқу  жетістіктері  деңгейінің  ортасалмақ  бағасы 
болатын өту балын есептейді. 
46.  Оқу  жылы  аяқталғаннан  кейін  емтихандық  сессиялар  қорытындысының  негізінде 
студенттерді курстан курсқа көшіру жүзеге асырылады. 
47.  Курстан  курсқа  көшіру  үшін  өту  балының төменгі  деңгейінің  көлемін  университет 
өзі белгілейді.  
48. Ең төменгі өту балын алған студенттер факультет деканының (институт директоры, 
жоғары  оқу  орнынан  кейінгі  бөлім)  ұсынысы  негізінде  ЖОО  басшысының  бұйрығымен 
келесі курсқа көшіріледі.  
49. Ең төменгі өту балын ала алмаған студент оқу курсын қайта оқуға қалдырылады.  
50. Курс бағдарламасын толығымен өтіп, белгіленген өту балының ең төменгі деңгейіне 
жете  алмаған  студентке  өзінің  орташа  үлгерім  балын  (GPA)  жоғарылатуы  үшін  жазғы 
семестрде  белгілі  бір  пəндерді  (мемлекеттік  емтихан  тапсырылатын  «Қазақстан  тарихы» 
пəнінен  басқа)  белгіленген  тəртіп  бойынша,  ақылы  түрде  қайта оқуына  жəне  сол  пəндерден 
қайта емтихан тапсыруына мүмкіндік беріледі. 
51.  Қайта  тапсырылған  емтиханнан  қанағаттанарлық  нəтиже  алған  жағдайда 
қорытынды  баға  қайта  есептеліп,  ол  емтихандық  ведомосы  мен  сынақ  кітапшасына  жəне 
транскриптке жазылады. 
Орташа үлгерім балын есептеуде əр пəн бойынша соңғы бағалар есепке алынады.  
52.  Транскрипке  студенттің  қайта  тапсырған  емтихандарының  оң  нəтижелерімен  қоса 
барлық қорытынды бағалары жазылады.  
53.  Оқу  курсына  қайта  қалдырылған  студент  бұрын  қабылданған  жеке  оқу  жоспары 
немесе жаңа жеке оқу жоспары бойынша білім ала алады. 
54. Өту балы жетіп, келесі курсқа ауыстырылған академиялық берешегі бар студент сол 
пəнді ақылы негізде қайта оқып, академиялық қарыздарын жоюы тиіс.  
55.  Академиялық  қарызы  бар  пəндер  келесі  семестрде  өтілетін  пəндер  үшін 
пререквизит болып саналмайды.  

Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті 
 
ҚП-АƏИУ-09-2016 
Сапа менеджменті жүйесі 
Құжатталған процедура 
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы  
 217
 беттің 104-беті 
 
104 
 
56.  Емтихандар  сессиясының  қорытындысы  жəне  оқу  үрдісін  жақсарту  бойынша 
ұсыныстар  емтихандық  сессия  (аралық  аттестаттау)  аяқталғаннан  кейін  кафедра,  деканат 
(директорат) мəжілістерінде, университет кеңесінде талқылануға ұсынылады.  
57.  Университет  емтихандық  сессиялардың  (қысқы  жəне  жазғы)  қорытындысы 
бойынша білім саласындағы өкілетті органға осы Ереженің 2-қосымшасына сəйкес нысанда 
электронды жəне қағаз түрінде емтихандық сессия қорытындысын береді. 
58.  Университеттен  шығарылған  тұлғаға  білімі  аяқталмағандығы  туралы  Анықтама 
беріледі.  
59.  Емтихан  сессиясын  ойдағыдай  аяқтаған  сырттай  оқу  бөлімі  студенттеріне  келесі 
емтихан сессиясына шақыру-анықтамасы беріледі. 
Шақыру-анықтамаларын  беру  мен  сырттай  оқу  бөлімі  студенттерінің  емтихан 
сессиясына қатысуы университетте қатаң есепке алынады.  
60.  «Қазақстан  тарихы»  пəні  бойынша  мемлекеттік  емтихан  академиялық  күнтізбеге 
сəйкес аралық аттестаттау кезеңінде өткізіледі.  
61.  Барлық  бакалавр  мамандығындағы  университет  студенттері  «Қазақстан  тарихы» 
пəні  бойынша  оны  оқып  аяқтағаннан  кейін  сол  академиялық  кезеңде  мемлекеттік  емтихан 
тапсырады.  
62. Қысқартылған оқу бағдарламасы бойынша техникалық жəне кəсіптік (орта кəсіптік) 
білім  базасында  жеделдете  оқыту  мерзімінде  білім  алатын  студенттер  «Қазақстан  тарихы» 
пəнін оқуға жəне осы пəн бойынша мемлекеттік емтихан тапсыруға міндетті. 
63.  Қысқартылған  оқу  бағдарламасы  бойынша  жоғары  кəсіптік  білім  базасында 
жеделдете  оқыту  мерзімінде  білім  алатын  студенттер  «Қазақстан  тарихы»  пəнін  оқымайды 
жəне мемлекеттік емтихан тапсырмайды.  
64. 
Мемлекеттік 
емтиханға 
дайындықты 
факультет 
деканатымен 
(институт 
директоратымен)  жəне  оқу  бөлімімен  (оқу-əдістемелік  басқармасымен)  бірлесе  отырып, 
«Қазақстан тарихы» пəнін оқытатын кафедра (бұдан əрі – кафедра) өткізеді. 
65.  «Қазақстан  тарихы»  пəні  бойынша  мемлекеттік  емтиханды  өткізу  үшін  кафедра 
оқудың барлық нысаны мен мамандықтары үшін бірыңғай оқу жұмыс бағдарламасын аталған 
пəн бойынша үлгі оқу бағдарламасы негізінде əзірлейді. 
66.  «Қазақстан  тарихы»  пəні  бойынша  мемлекеттік  емтихан  тапсыру  оқу  жұмыс 
бағдарламасына сəйкес ауызша, жазбаша жəне тест түрінде жүзеге асырылады.  
67.  Мемлекеттік  емтиханды  өткізу  түрі  университеттің  ғылыми  кеңесінің  шешімімен 
анықталады.  
68.  «Қазақстан  тарихы»  пəні  бойынша  мемлекеттік  емтиханды  қабылдау  үшін 
факультет  деканының  ұсынысы  бойынша  құрамында  төрағасы  мен  мүшелері  бар 
Мемлекеттік емтихан комиссиясы (бұдан əрі – МЕК) күнтізбелік жылға құрылады.  
69.  МЕК  төрағасының  кандидатурасы  ағымдағы  оқу  жылының  1-қарашасынан 
кешіктірілмей білім беру саласындағы уəкілетті органға жіберіледі.  
70.  «Қазақстан  тарихы»  пəні  бойынша  МЕК  төрағасы  ағымдағы  оқу  жылының                
1-желтоқсанынан  кешіктірілмей  Қазақстан  Республикасы  Білім  жəне  ғылым  министрінің 
бұйрығымен бекітіледі.  
71. МЕК құрамы жоғары білікті оқытушылардан университет ректорының бұйрығымен 
бекітіледі.  
72.  МЕК  отырыстарының  кестесін  офис  регистратор  құрады  жəне  оны  университет 
ректоры мемлекеттік емтиханның басталуына дейін екі аптадан кешіктірмей бекітеді.  
73. МЕК отырысының ұзақтығы күніне 6 академиялық сағаттан аспауы тиіс.  
74.  МЕК  отырыстары  əр  студент  бойынша  жеке  хаттамамен  осы  Ереженің  3-
қосымшасындағы  нысанға  сəйкес  ресімделеді  жəне  оған  комиссия  төрағасы  мен  отырысқа 
қатысқан мүшелер қол қояды.  

Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті 
 
ҚП-АƏИУ-09-2016 
Сапа менеджменті жүйесі 
Құжатталған процедура 
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы  
 217
 беттің 105-беті 
 
105 
 
75. МЕК отырысының хаттамасын аталған пəн бойынша сабақ беретін кафедраның оқу-
көмекші қызметкерлерінің өкілі арасынан тағайындалған хатшы жүргізеді. 
76.  МЕК  отырысының  хаттамалары  мемлекеттік  емтихан  басталмастан  бұрын  А4 
форматында  түптеліп,  нөмірленіп,  бумаланады  жəне  оқу  бөлімінің  (оқу-əдістемелік 
басқарманың) мөрімен бекітіледі.  
77. Егер студент МЕК отырысына келмесе, хаттамасында оның фамилиясының тұсына 
«келген жоқ» деген жазу жазылады.  
78. Апелляция қанағаттанарлық болған жағдайда МЕК мəжілісінің хаттамасы қайтадан 
ресімделеді.  Мұндай  жағдайда  бірінші  хаттамадағы  қорытынды  «Баға__________ 
№__________  хаттамамен  кайта  қаралды,  ____бет»  деген  жазумен  өзгертіледі  жəне  оған 
қатысқан МЕК мүшелерінің бəрі қол қояды. 
79.  Мемлекеттік  емтихан  нəтижелері  студенттердің  білімін  балдық-рейтингтік  əріптік 
бағалау жүйесі бойынша бағаланады. 
80.  «Қазақстан  тарихы»  пəнінен  тапсырылған  мемлекеттік  емтихан  нəтижелері 
бойынша  білім  алушыларға  жіберілу  рейтингі  бағасы  мен  мемлекеттік  емтихан  бағасы 
ескеріле  отырып,  қорытынды  баға  қойылады.  Бұл  ретте  жіберілу  рейтингісінің  бағасы  пəн 
бойынша  білімнің  қорытынды  бағасының  кемінде  60  %-ын  құрайды  жəне  мемлекеттік 
емтихан бағасы кемінде 30%-ын құрайды.  
81. 
Студент 
«Қазақстан 
тарихы» 
пəні 
бойынша 
мемлекеттік 
емтиханнан 
«қанағаттанарлықсыз»  баға  алған  жағдайда,  ол  ақылы  түрде  келесі  академиялық  кезеңде 
немесе  жазғы семестрде  осы  пəнге жазылып оның  барлық оқу  сабақтарына  қайта  қатысып, 
ағымдық  бақылау  талаптарын  орындап,  мемлекеттік  емтиханға  жолдама  алады  жəне  оны 
тапсырады.  
82. «Қазақстан тарихы» пəні бойынша мемлекеттік емтиханнан алған оң бағаны көтеру 
үшін қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.  
83.  Студент  мемлекеттік  емтихан  қорытындысымен  келіспесе,  емтихан  өткізілген 
күннен  кейінгі  күннен  кешіктірмей  мемлекеттік  емтихан  комиссиясына  (МЕК)  апелляция 
беруіне болады.  
84. Апелляция өткізу үшін университет ректорының бұйрығымен аталған пəн бойынша 
тəжірибелі  оқытушылардан  «Қазақстан  тарихы»  пəні  бойынша  апелляциялық  комиссия 
құрылады.  
85. «Қазақстан тарихы» пəні бойынша мемлекеттік емтиханды тапсырудың нəтижелері 
оны  тапсыру  қаралған  сол  емтихандық  сессияның  қорытындысын  шығару  кезінде  есепке 
алынады.  
86.  МЕК-ның  жұмысы  аяқталғаннан  соң  Комиссия  төрағасы  есеп  жазады,  ол 
университет  ғылыми  кеңесінің  мəжілісінде  талқыланып,  бекітілгеннен  кейін  білім 
саласындағы өкілетті органға тапсырылады.  
«Қазақстан  тарихы»  пəні  бойынша  Мемлекеттік  емтихан  төрағасының  есептері  қысқы 
емтихан  тапсыру  бойынша  1  наурыздан,  ал  жазғы  емтихан  тапсыру  бойынша  1  тамыздан 
кешіктірілмей тапсырылуы тиіс. 
 
2.2 Білім алушылардың білімін ағымдық бағалау жүйесі 
Аймақтық  əлеуметтік-инновациялық  университетте  "Білім  алушылардың  білімін 
ағымдық  бағалау  жүйесі"  ҚРБҒМ-інің  2008  жылғы  18  наурыздағы  №125  бұйрығымен 
бекітіліп,  ҚР  БҒМ-інің  2011  жылғы  16  наурызда  №  94  бұйрығымен  өзгеріс  енізілген  жəне 
Қазақстан  Республикасы  Əділет  министрлігінде  2011  жылғы  25  сəуірде  №  6900  тіркелген 
«Жоғары  оқу  орындарында  білім  алушылардың  үлгеріміне  ағымдық  бақылау,  аралық  жəне 
қорытынды  аттестаттау  өткізудің  Үлгі  ережесінің»  3-бабының  5-тармағына,  6-9,11,36  жəне 
156 баптарына сай əзірленген.  

Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті 
Каталог: files -> Docs
Docs -> Қазақстан республикасы білім жҽне ғылым министрлігі қ. ЖҦбанов атындағЫ
Docs -> Бағдарламасы бойынша шығарылды Редакция алқасы: Т. Кəкішев, Ө. Əбдіманұлы, А. Қыраубаев
Docs -> Сабақ беру қызмет ұйғарылады;мәдени-ағарту; лекциялар оқу, өнер жөнінде әңгіме өткізу, мұражай
Docs -> А. Нұрмағамбетовтың Жоғары білім беру көшбасшыларының 2014 Еуразиялық
Docs -> Образовательная программа основного общего образования
Docs -> Педагогтың ҥздіксіз білім беру жҥйесіндегі кәсіптік қалыптасуы мен дамуы
Docs -> Сборник содержит материалы избранных докладов участников международной
Docs -> Халықаралық электронды ғылыми конференция материалдары
Docs -> 5В011900Шетел тілі: екі шетел тілі Академиялық дәрежесі: 5В011900 Шетел тілі: екі шетел тілі мамандығы бойынша білім бакалавры Сипаттама
Docs -> Бағдарламасы бойынша шығарылып отыр Редакция алқасы

жүктеу 9.9 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   32




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет